[:kz]
Қарағанды қаласындағы гимназиялардың бірінде мұғалім сабақ кезінде баланы дәретханаға жібермей қойған. Бала ұзақ шыдап, содан соң орнында дәрет сындырған. Оқиғаға қатысты Қарағандының білім бөлімі қызметтік тексеруді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 27 қыркүйекте Қарағанды қаласының №1 гимназиясында болған. Әлеуметтік желіде болған оқиға туралы ақпаратты баланың анасы таратқан. Әйел мұғалім сабақ кезінде ұлын дәретханаға жібермегенін айтқан. Бала мүмкіндігінше шыдаған, содан соң орнында дәрет сындырған. Сондай-ақ педагог анасына болған жайтты айтпай, өзімен бірге таза киімдерін алып келуін сұраған.
Қарағанды қаласының білім бөлімі шағымға жауап беріп, мұғалімнің мұндай мінез-құлқына жол берілмейді деп мәлімдеді.
“Біз бұл оқиғаны балаларға адамгершілік көзқарастың болмауы және педагогикалық этиканы сақтамау деп санаймыз. Гимназияда қызметтік тергеу жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылады”, – деп хабарлады Қарағанды қаласының білім бөлімі.
[:]