АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қарағандылық отбасы қыздарына «Игра престолов» сериалының кейіпкерінің есімін қойған[:]

[:kz]

Қарағандылық отбасы өздерінің өмірге келген кішкентай сәбилеріне Дейнерис деп атқойды. Бұл есім «Игра престолв» сериалының кейіпкеріне ұқсатып қойылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Кішкентай Дейнерис 26-сәуір күні көмірлі астанада дүниеге келген. Оған осындай ерекше есім беруді ата-анасы бірнеше жыл бұрын шешіп қойған.

«Күйеуім «Игра престолов» сериалын көре бастады. Бірақ ол маған ұнамайтын. Мен тек осы есімді кездейсоқ естіп қалып, бірден ұнаттым. Кейіннен мен де бұл сериалды тұрақты түрде көре бастадым», — дейді Дейнеристің анасы Римма.

Күйеуі болашақ сәбилеріне сериал кейіпкерінің атын беру ұсынысын қуана-қуана қабыл алған. Ал жұбайлапрдың ата-аналары бұған қарсы болыпты.

 

«Бәрі бізге қарсы болды. Менің анам қызыма осындай есім берсем, перзентханаға келмейтінін айтты. Ол дәстүрлі есімдерді құп көрген. Бірақ бұл менің балам ғой. Оған қандай есім берсем де құқығым бар. Қазір бәрі қалпына келді. Ең бастысы – қызымыздың денінің сау болғаны. Дәрігерлерге үлкен алғыс білдіремін. Барлығы сәтті өтті. Үлкен ұлымыздың есімі де ерекше – Адриан. Бұл есімді табу үшін де ғаламторды түгел қарап шыққанмын», — деп түйді сөзін Дейнеристің анасы.

Қазір Дейнерис үйінде. Жағдайы жақсы. Үлкен ағасымен ойнағанды, серуендегенді жақсы көреді. Анасы оның сериал кейіпкеріне тек аты ұқсайтынын, өмірінің ондай болғанын қаламайтынын айтады. Қызының дені сау, ақылды, сұлу әрі білімді болып жетілгенін қалайтынын жеткізді. 

«Қамшы» сілтейді

[:]