АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қарақалпақ жігіттің жанайқайы: Шыдамның да шегі бар, Шавкат! Бізге тәуелсіздік керек [:]

[:kz]

 

Күнкөрістің қамымен Қазақстанда жүріп, сосын Қырғызстан асқан қарақалпақ азаматы Бағдатбай Исмаилов Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзеевке әлеуметтік желі арқылы үндеу жариялады.

–Мен Өзбекстандағы Қарақалпақ автономиялық Республикасының Қараөзек ауданындағы Қараөзек совхозының азаматымын. Ұлтым — қарақалпақ. Аты-жөнім –Бағдатбай Исмаилов. Мен Қарақалпақстанда жұмыстың жоқтығынан 2010 жылы Қазақстанға бала-шағамды алып кетуге мәжбүр болдым.  Өйткені біздің елде жұмыс жоқ. Күн көру қиын. 2017 жылға дейін Қазақстанның қоқыс полигонында  жұмыс істедім. 2017 жылы ол елде жүру мүмкін болмағаннан кейін Қырғызстан астым. Қазір осы елдемін. Қырғызстанда қашып жүрмін,  бала-шағам Қазақстанда қалды.

Шавкат Мирзиеев, мына өмірге біз қашу үшін келгеніміз жоқ қой. Қарақалпақстанда жұмыс жоқ. Ал сен ауылға барып «мынаны істеп жатырмын» деп, өтірік айтып, сайрайсың.Түк істеп жатқан жоқсың! Сен халықты кедей етіп, Қарақалпақстаннан қаңғыртып жібердің. Мен енді туып өскен Отаныма бара алмай отырмын. Барсам, іс қозғайды. Мен еркін азаматпын! Еркін өмір сүруім керек, Шавкат! Мынау не деген сұмдық, не деген жағдай Шавкат! Ұрдыңыз, өлтірдіңіз, бәрін… Енді намысымызға тиіп жатырсыз! Еттен өтіп, сүйекке тірелді… Жетер! Біз қай заманда өмір сүріп жатырмыз?! Сен болсаң, өтірік айтып былшылдайсың. Болды тоқтат, шыдамның да шегі бар Шавкат! Шаршаттың, тоздық біз. Менің түріме қара, 37 жастамын. 50 жастағы адам сияқтымын. Болды, Шавкат! Қашанға дейін халықты қорлайсың! Сені аға деуге болатын еді, бірақ оған да тұрмайсың. Шешем 55 жасында пенсияға шықты. Пенсиясы – 200 мың сом (9100 теңге-ред). Бұл неге жетеді, Шавкат! Өзің шамалы ойланшы, ол неге жетуі мүмкін?! Сенің ресторанға барып, бір обед ішуіңе де жетпейді. Шыдамның да шегі бар, Шавкат. Біз де адамбыз! Туып өскен елімізге бара алмай қалдық.  Диуана болдық қой, Шавкат! Өзбекстан бізді диуанаға айналдырды. Өтірік емес, ақиқат бұл! Бізге Қарақалпақстанның азаттығы, тәуелсіздігі керек. Сөз бостандығы керек!».

Қарақалпақ азаматының президент Шавкат Мирзеевке арнаған үндеуін  жан тебіренбей тыңдау мүмкін емес. Расында да бұл Өзбекстандағы қазіргі қоғамның шынайы көрінісі. Басқа бермесін. Жаның, жүрегің ауырады.

 

…Мүмкін оның жанайқайын сіз де тыңдап көрерсіз!

«Қамшы» сілтейді

[:]