АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қарғыс па, әлде сәйкестік пе? Танымал телешоу қатысушыларының өліміндегі жұмбақтық

[:kz]

Осыдан 10 жыл бұрын «Последний герой» реалити-шоуын тамашалаған кезде, тағдыр бұл бағдарлама кейіпкерлеріне дәл солай жасайды деп ешкім ойлаған жоқ. Юлия Началованың қайғылы және мезетсіз өлімінен кейін, көпшілігі оның жобаның төртінші маусымының қатысушысы екенін еске алды, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.

Онда атақты адамдармен бірге шоу-бизнеске қатысы жоқтар қарапайым адамдар да қатысқан болатын. Жақында ғана көз жұмған Юлиямен бірге Жанна Фриске мен рэпер Децл де Панама аралында 34 күн бойы өмір cүрген болатын. Қазір олардың бәрі өлілер қатарында және барлығы бұл дүниеден мезгізсіз, ерте кетті. 

Сондай-ақ, шоудың сол маусымыныңң жеңімпазы болған оққағар Яна Волкованың да 55 жасында ұзаққа созылған аурудан қайтыс болғаны кез-келген адамды ойландырмай қоймайды. Яна «Последний герой» жобасын 40 жасында жеңіп, жүлдесін  баспанасыз жануарларға көмектесуге және өз қорын құруға жұмсады. Сонымен қатар, телеграм арналар хабарлағандай, Волкова Донбасс балаларына көмек көрсету үшін көп күш жұмсаған. Ал оның бұл дүниеден өткені туралы суық хабарды қызы 2018 жылдың қаңтарында хабарлады.

Қазір қарасақ, осы жобаның төртінші маусымның бір емес,  төрт қатысушы қайтыс болып  кетті және олардың бәрі мерзімінен бұрын өмірден озды. Бұл фактілер желі қолданушыларын «Последний геройдың қарғысы» туралы айтуға мәжбүр етті. Сонымен қатар, үшінші маусымға қатысқан Крис Кельме  де жақында қайтыс болды. Бұдан бөлек, жобаның алғашқы жүргізушісі Сергей Бодров та 30 жасында фильм түсірілімі кезінде, тауда қайғылы жағдайда қаза тапты. Сол секілді бұл жобаға қатысқан танымал әнші Жанна Фриске де қатерлі ісіктен көз жұмып, мезгілсіз дүниеден өтті.

Президент әкімшілігінің басшысы қызметін енді Бақытжан Сағынтаев атқаратын болады

Бірінші маусымның қатысушысы болған жазушы Сергей Сакин де 2018 жылы Ярославльден Мәскеуге жол тартқан кезде із-түссіз жоғалып кетті. Кейін оның өлі денесі табылды. Шоудың үшінші маусымына 2017 жылы қатерлі ісік ауруларынан қайтыс болған Вера Глаголева да қатысқан болатын. Бұған қоса, Ресейдегі жобаның авторы, сондай-ақ, «Последний герой» деп аталатын альтернативті атауды ойлап тапқан Сергей Супонев те қарда жүретін автомобильден құлап көз жұмды.

Ал бес маусымда да «Последний герой» жобасының продюсері болған медиаменеджер Александр Любимов шоуға қатысушылардың өлімінен мистикалық сәйкестік іздеп жүргендерге осы жобаға екі рет қатысқан 81 жастағы тележүргізуші Николай Дроздовқа қарауға кеңес берді. Ол 81 жасқа келсе де, әлі де күш-жігерін жоғалтпаған және өмірге құштарлығымен тәнті қылады.

«Түсірілім кезінде мен негізінен өзін керемет жас жігіт ретінде көрсете білген Николай Николаевич Дроздовқа қатты алаңдаған болатынмын. Құдайға шүкір, оның жағдайы сол кезде де, қазір де жақсы», — деді Любимов.

Stan.kz

 

 

[:]