АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Кәрі түйе ойнақтаса, жұт болады»: Нұрмағамбетова мен Кәрімовтің әрекеті жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Оқырмандардың көбі бұл қылықтың көрер көзге ерсі екенін айтса, кейбіреуі қос әншінің бір үйде киім ауыстыратындай қандай байланысы барын білгісі келген

Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасына әншілер Айжан Нұрмағамбетова мен Әлішер Кәрімовтің үй ішінде бір-бірінің киімдерін ауыстырып киіп, кезек-кезек бұраңдап билегендері жарияланды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жалпы, коронавирусқа байланысты енгізілген карантин кезінде әншілердің онлайн концерт қоюы сәнге айналды. Тіпті, олардың кейбіреуі тұрмысы нашар отбасыларға азық-түлік себетін таратып көзге түсіп қалып жүр.

Ал бұл жолы «Жарасып тұр ма? Ойларыңыз қандай?» деген тақырыппен жарияланған екі әншінің видеосы жұртқа жақпай қалды. Оқырмандардың көбі бұл қылықтың көрер көзге ерсі екенін айтса, кейбіреуі қос әншінің бір үйде киім ауыстыратындай қандай байланысы барын білгісі келген.

«Алла Пугачева и Максим Галкин по казахский», «Кәрі түйе ойнақтаса, жұт болады», «Үп-үлкен кісі, жасына лайық болса қайтеді екен?», «Не сұмдық? Не болып бара жатыр қазақтар?», «Күлсең, кәріге күл деген бар ғой, осыларға арналған», «Әдемі, ұрпаққа өнеге, тәрбие, еркектің ісі мынау. Әжеге де өте жарасымды. Жалғастыра беріңдер! Келесіде ішкиімдеріңді ауыстырып билеңдер, уапше тема болады», «Қусақ, осылай қуу керек екен», «Ұят емес пе, ерсі қылық жасап! Ұлындай адамның алдында» десті көпшілік.

 

[:]