АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Кәріз құбырында тұрып жатқан келіншекті күйеуі итке «кет» дегендей үйінен қуып шыққан (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Қыстың суығында далада қалған келіншекті жұбайы үйінен қуып жіберген. Әзірге оны күйеуінің үйінен неліктен қуып жібергені белгісіз. Өз сөзінде «Итті де кет деп қуып жібереді ғой» деп айтып қалған Айнұр далада күнелтуге мәжбүр.

«Культурный 14 Регион» YouTube-арнасына жүктелген видеода Ақсу қаласындағы кәріз жүйелерінің бірінде тұрып жатқан келіншектің  жанайқайы көрсетіледі. Онда күйеуі үйінен тықырта қуған әйелдің қазіргі аяғышты жағдайы жайлы көруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осы видеоның авторы әуелгіде азық-түліктерді сөмкеге салып, Айнұр секілді  көмекке мұқтаж адамдарға үлестіріп берді.

Содан кейін барып, жігіт келіншекке тікелей сұрақтар қойып, басындағы жағдай туралы сұрады.

 Екеу ара диалог орнату кезінде Айнұрдың Ақтау қаласының тұрғыны екендігі, бірақ, Ақсу қаласына қоныс аударып, сонда тұрмысқа шыққандығы мәліметтер белгілі болды.

Қыстың суығында далада қалған келіншекті жұбайы үйінен қуып жіберген. Әзірге оны күйеуінің үйінен неліктен қуып жібергені белгісіз. Өз сөзінде «Итті де кет деп қуып жібереді ғой» деп айтып қалған Айнұр далада күнелтуге мәжбүр.

«Күйеуім үйден кетуімді сұрады. Мен осыған дейін талай рет кешірдім», — деді ол көз-жасына ие бола алмаған қалпы.
 Айнұр есімді видеодағы кейіпкер соңы жылдары отбасылық өмірінде біршама қиындықтарды басынан өткізіпті. Барар жері, басар тауы қалмай, енді міне көшеде тентіреп қалып отыр.

Видео авторы,  әйелдің  қазіргі жағдайын көрсету арқылы  оның ата-анасымен байланысып, қыздарының қандай және қалай өмір сүріп жатқанын  жіпке тізгендей баяндап берді.

«Мама, маған 20 мың теңге жіберіңіздерші, маған көмектесші, далада қалдым», — деп  деп көзіне жас алған Айнұрдың әрекетіне  видеоны тамашалағандар мұңайып қалды.

Әзірге  қиын жағдайда далада қаңғырып қалған келіншектің әрі қарайғы таңдыры қалай жалғасары беймәлім. Видео арқылы көпшіліктен келіншекке көмектесуді сұраған автордың үндеуіне көпшілік лайықты жауап береді деген үміт ғана бар. Айтпақшы, әлгі кәріз құбырын келіншекпен бірге бірнеше еркек паналап жүрген көрінеді.

[:]