[:kz]
Сайысқа кәмелеттік жасқа толғандар ғана қатыса алады
Қазақстанда тұңғыш рет шапалақпен ұру турнирі өткізіледі. Мұндай ерекше идеяны Петропавл тұрғындары ұсынған. Турнир сайлау қарсаңында, 8 маусым күні өтеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Петропавловск.news.
«Біз турнирдің нақты ережесін ойластырдық. Бұл үшін әлеуметтік желілерде бірнеше топ құрдық. Егер бәрі ойдағыдай болса, мұндай шараны дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта қаржылай табыс түседі деп ойлаймын»,- деді Әділхан Шұқанов.
Сайыстың нақты ережесі айқындалған. Оған 18 жасқа толғандар ғана қатыса алады. Шапалақ алақанмен емес, саусақпен ұрылуы шарт.
«Жекпе-жек» бес раундтан тұрады. Оның қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтайтын боламыз», — деді ұйымдастырушылардың бірі Сергей Швец.
Турнирде медициналық қызметкер болады.
Шапалақпен ұру турнирі бірқатар елде ұйымдастырылады. Осы жылдың наурыз айында мұндай сайыс Ресейдің Красноярск қаласында өткен болатын. Қатты соққы алған қатысушы нокаутқа түсті.
[:]