АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Картоп, нан бағасы өседі»: Мамандар азық-түліктің қымбаттауы 2022 жылы да жалғасатынын болжап отыр[:]

[:kz]

Қазақстандағы азық-түлік бағасының қымбаттауы 2022 жылы да жалғасады. Алайда, былтырғымен салыстырғанда мамандар бағаның аса қатты көтерілмейтінін болжап отыр. Ал ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың желтоқсанындағы азық-түлік бағасы жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда 10,8 пайызға өскен. Бұл қарапайым халықтың қалтасына ауыр тиген жайттардың бірі, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2021 жылдың желтоқсанындағы мәлімет бойынша, азық-түлік бағасы айтарлықтай қымбаттаған. Мәселен, күнбағыс майының бағасы 30,1 пайызға, картоп құны 20,2 пайызға, құс еті 17,9, балғын көкөністер 17,1 пайызға өскен.

Халық күнделікті тұтынатын қант бағасы жыл басымен салыстырғанда 15,3 пайызға көтерілді. Ал макарон өнімдері 11,2 пайызға қымбаттаған. Мамандардың айтуынша, азық-түлік құны 2022 жылы да көтеріледі. Ал бағаның қымбаттауына бірнеше фактор әсер етуде.

Нақтылай түсетін болсақ, пандемия, шектеу шаралары, шекаралардың жабылуы мен азық-түлікке деген ұсыныстың төмендеп, кейін бірден өсіп кетуі себеп болған. Сондай-ақ, ел ішіндегі астықтың азаюы, климаттық мәселелер мен 2020 жылғы карантин шараларының нәтижесі де отандық азық-түлік өндірісінің әлдеқайда төмендеуіне алып келді. «Қазіргі кезде бірнәрсе нақты өзгереді деп айтуға себеп жоқ. Өйткені, халық инфляцияны қатты сезінуде.

Егер біздегі инфляция 8 пайыз, экономикалық өсім 10 пайыз болса, халық бағаның дәл бұлай қымбаттауын сезбеуші еді. Алайда, елдегі инфляция мен экономикалық өсімнің даму қарқыны сәйкес емес. Сондықтан, бағаның өсуі халыққа қатты әсер етіп отыр», — дейді қаржы сарапшысы Арман Бейсембаев. Сарапшының пікірінше, 2022 жылы да бағаның өсуі жалғасады. «Әрине, логистикалық дағдарыс әлі де бар.

Проблемалалар толықтай шешілген жоқ. Сондықтан, 2022 жылы да баға өседі. Бірақ былтырғыдай дереу өсіп кетеді демеймін. Шамамен, 10-15 пайыз деңгейінде бағаның өсуі күтіледі», — дейді маман. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа жылда картоп бағасы 240-250 теңгеге дейін қымбаттайтынын мәлімдеді. «2021 жылы картоп бағасы 200 теңгенің маңында болды. 2022 жылы бағаның өсетіні анық. Картоп бағасы 240-250 теңгеге жетуі мүмкін. Ал сәбіз бағасы 30-40 теңгеге қымбаттайды», — дейді ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Азат Сұлтанов БАҚ өкілдеріне қыркүйекте берген сұхбатында.

Айта кетелік, өткен жылдың қазанында еліміздегі дәнді-дақылдар одағының ресми өкілі Евгений Карабанов 2022 жылы нан бағасы 5-10 теңгеге қымбаттайтынын болжаған еді.

kaz.nur.kz

 

[:]