АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Картоп тауы»: Қарағанды облысында тау боп үйілген тегін картоп жұртты таңғалдырды[:]

[:kz]

Қарағанды облысында Теміртауға жақын маңдағы далада картоп тау болып үйіліп жатыр. Жергілікті тұрғындар тегін көкөніске қуанып, тасып әкетіп жатыр.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Самарқан аулына барар жолда көлік қоятын жер жоқ. Мұнда ондаған көлік тұр. Ауыл шетіндегі «картоп тауы» көлемімен таңғалдырады. Тұрғындар қараусыз қалған көкөністі қапқа салып, тасып жатыр.

«Картоп қоймаға сыймай қалған. Сондықтан халық жинап алуы үшін, осы жерге төккен», — дейді желіде тараған видео авторы.

Ал Самарқан аулындағы шаруа қожалығындағылар «картоп тауының» қайдан пайда болғанын және тұрғындардың оны тасып әкетуіне неліктен кедергі келтірілмегенін түсіндірді. Анықталғандай, олар картоптың сатуға жарамайтын қалдықтарын төккен.

«Картоп топырақпен араласып кеткен. Ол сұрыпталып алынады. Қалғаны жыл сайын осылай төгіледі. Адамдарға келіп, жинап әкетуіне кедергі жасамаймыз. Кейбірі малға жем ретінде жинаса, енді бірі тағамдық мақсатта жинап алады. Өзге шаруашылықтар бұлай жасамайды. Салдарынан картоп босқа бұзылып, шіріп кетеді», — дейді көкөністерді сақтау бойыншатехнолог Сергей Мельников.

Тұрғындардың сөзінше, үйілген картоптың арасынан жеуге жарамдыларын табуға болады. Нәтижесінде көбі тегін картопты жинап алып, қысқа сақтауда.

Айта кетсек, бұған дейін осындай жағдай Алматы облысында да болған еді. Балпық би – Қарабұлақ тасжолында үйіліп жатқан картопты тұрғындар үйіне тасып, риза болған еді.

Stan.kz

 

[:]