АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қару ұстап суретке түскен елорда тұрғыны қамауға алынды[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі астаналық жігіт әскери киіммен қару асынып суретке түсіп, оны «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде жариялағанын жазады.

Полиция «Вконакте» әлеуметтік желісіне қару ұстап түскен суретін салған елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі астаналық жігіт әскери киіммен қару асынып суретке түсіп, оны «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде жариялағанын жазады.

Ал қала тұрғындарының бірі «102» арнасына хабарласып, әлеуметтік желіде ұлына қару ұстап суретке түскен белгісіз адамнан ертең елордада «көңілді болатыны» туралы хабарлама келгенін айтқан.

«Посттың авторы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол 23 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Airsoft-ке әуестігі бар жігіт бұл посты «ВКонтакте» парақшасында жазылушылар санын көбейту үшін жариялағанын айтып отыр. Аталған фактбойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Соның аясында атыс қаруының кімге тиесілі екенін анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалды. Полиция департаменті қаруды заңсыз иемденгені, бергені, өткізгені және сақтағаны үшін заң бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», — делінген департаменттің мәліметінде.

[:]