АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қашанға Ресей, Батыстың арналарына телміріп отырамыз[:]

[:kz]

Уа, мухтарам телеарналар!

Осы неге біздің аты дардай арналарымыз қақтығыс ошақтарынан сюжет, тікелей эфир көрсетпейді, барып неге түсірмейді?

Кеше Бішкектегі болған жағдайды кіл ресейлік арналардың ютюб каналдарынан тікелей қарап отырдық.

Бізде әскери корреспондент деген бар ма, жоқ па? Таулы Қарабақ қырқысып жатыр. Қайда сюжет, қайда әскеpи корреспонденттер?

Сирия соғысы бітуге таяу, 9 жылда бір тұшымды сюжет, қарсыластар күшін салыстырған, қаруы мен себебін саралаған шығарылым көрмедім. «Жусан» операциясын ары-бері көрсете бересіңдер. Мемлекеттік медиалар жан-жақты болмай ма?!

Беларусь елінде күнде шеру, қайда сюжет? Барыңдар, наразы халықтан сұхбат ал, оларға қарсы тұрған әскерилердің пікірін біл.

Қашанға Ресей, Батыстың арналарына телміріп отырамыз.

Болмайтын, ешкімге пайдасы жоқ бір ток шоуларға қаржы шашып әлексіңдер. Әншісымақ, вайнер дегендерді әкеп, сағаттап сөйлетіп қоясыңдар. Соған кеткен қаржыны осындай дүниеге құйсаңдаршы.

Әлемдік саясатқа орыстың, батыстың көзімен емес, қазақтың көзқарасымен қарайық!

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

[:]