[:kz]Кәсіби түрде бокстасқан ауыл балаларының видеосы көпшіліктің көңілін көтерді[:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде кішкентай балалардың үйдің ауласында бокстасқан видеосы тарады. Олардың жекпе-жекке дайындығы кәсіби былғары қолғап шеберлерінен кем емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 

Видеодан кадр

Видеодан кадр

 

Видео Іnstagram желісіндегі v.shymkente парақшасында жарияланған.

Кадрларда 6-7 жастағы балалардың жекпе-жекке кәсіби дайындалғаны көрініп тұр. Олар қолдарына былғары қолғап киіп, шаршы алаңдағыдай бір-бірімен амандасады.

Жекпе-жек бокс ережелеріне сай, әділ әрі кәсіби өткен. Оларға қапталдағы төрешілер мен ринг қана жетіспей тұр.

Бұл видео біздің кішкентай балақайларымыздың үлкен спортты қалай жақсы көретіндерінің бір дәлелі болды.

Сондай-ақ, роликті көрген желі қолданушылары да түрлі пікірлерімен бөлісті.

«Жарайсыңдар», «Ауылға көңіл бөлу керек», «Бала көргенін істейді», «Ауылды көркейту керек, бәрі ауылдан шығады», — деп жазды олар.

 
 
 

 

 
 
 
 
 

[:]