АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қасиетті айды қорлап, не көрінді?»: Бүркіттің қарындасы Оразадағы әйелді ішкиіммен кейіптеді (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Әлеуметтік желі арқылы қалың көпшілікке танылған Әсел Асқар ғаламтор кеңістігін тағы да шулатты. Әнші Бүркіттің қарындасы бұл жолы іш киіммен түскен видеосын жариялап, елдің ашуын тудырған. Желідегілер Instagram жұлдызының жартылай жалаңаш бейнежазбасында ораза тақырыбын көтергеніне шүйліккен деп жазады nur.kz.

Желіде қызу талқыға түскен видеода Әсел Асқар Рамазан айы кезіндегі және одан кейінгі уақыттағы келіншектердің образын көрсетуге тырысқан. Алайда, оразадағы әйелдің кейпін сомдау үшін ол тек іш киім ғана киіп шыққан.

Желі қолданушылары тұрмыстағы әйелдің бұл қылығын аса ерсі санап, оны аяусыз сөгіп тастады. Олар Бүркіттің қарындасына қасиетті Рамазан айын жартылай жалаңаш образбен байланыстырғаны үшін ашуланған.

«Масқара, мүлдем сөзім жоқ», «Қасиетті айды қорлап, не көрінді?», «Ораза аяқталғаны кеше ғана», «Ұят қайда? Ата-енесінен ұялмай ма?», «Сұмдық, баласы мен жолдасы бар келіншектің ісі осы болғаны ма? Тұрмыстағы аруларға мұндай қылық жат болуы тиіс» деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әсел Асқар өзінен әлдеқайда үлкен қалталы азаматы бар аруларды жақтап шыққан болатын. Ол «бастысы, отбасы бұзылмаса болды» деген пікір білдірген.

Skifnews.kz ақпарат порталы

 

[:]