АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қасым-Жомарт Тоқаев: Көп балалы және мүгедек балалары бар 10 мың отбасы баспаналы болады[:]

[:kz]

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде көп балалы және мүгедек балалары бар 10 мың отбасы баспаналы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Елді алаңдататын өзекті мәселенің бірі баспана екені белгілі. Осы бағытта да ауқымды жұмыстар атқарылды. Үкімет алдына Елбасы ұсынған «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясын кеңейтіп, тұрғын үй құрылысын жандандыру міндеті қойылды. Соған сәйкес, биылдан бастап жыл сайын көп балалы және мүгедек балалары бар 10 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі», — деді «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында мемлекет басшысы.

 

Сонымен қатар, оның сөзінше, 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

«Осындай күрделі кезеңде халыққа көмек көрсетілмесе мемлекеттілігімізге сын емес пе?! Әрине, ақша таратып берумен ахуал түзелмейді. Дағдарыс жағдайында кешенді әрі жүйелі шаралар ұйымдастырған абзал. Ең алдымен, жастарды жұмысқа орналастыру керек. Сондықтан 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Әр өңірде инфрақұрылымдық және инженерлік жобалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары бар. Міне, жұмыссыз қалғандарды солардың құрылысына, жөндеу жұмыстарына жұмылдырудамыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан басқа, президент іскер азаматтарды қолдау мақсатында несиені қайтару мерзімі кейінге шегерілгенін атап өтті. 

«Уақытша қиындыққа тап болған 1,6 миллион кәсіпкердің несиесін қайтару мерзімі кейінге шегерілді. Мұндай шара іскер азаматтарды қолдау үшін қажет. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының қаржысы 1 триллион теңгеге дейін көбейтілді. Бұл қаражат жаңа жобаларды қайта қаржыландыруға, жеңілдік шарттарымен несие беруге жұмсалады. Кәсіпкерлер үшін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер мерзімі ұзартылды. Зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдері еңбекақы төлеу қорының міндетті төлемінен алты айға босатылды», — деді ол.

 

[:]