АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]«Қателеспейтін адам жоқ»: Шадаева Димаштан кешірім сұрады (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Продюсер Бақыт Шадаева Qazaqstan телеарнасының «1001 түн» бағдарламасында  «Димаштың дауысы қойылмаған» деген сөзі үшін халықтан және әнші Димаш Құдайбергеннен кешірім сұрады деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші Шадаева тікелей эфирде Димаш Құдайбергеннің ұстазы Майра Дәулетбақ пен тыңдарманның сұрақтарына жауап берді.

Ол көпшіліктің Димаш туралы сөзін бұрмалап жібергенін, әншіні бала күнінен білетінін, оның әкесімен бірге «Жас қанат» конкурсына қатысқанын айтып, Димаш Құдайбергеннің талантты, өте дарынды әнші екенін атап өтті.

Одан әрі ол  өз сөзі үшін халықтан және Димаштан кешірім сұрайтынын айтты.

«Жанкүйерлерден сөзім үшін кешірім сұраймын», – деді ол.

Студияда Димаштың ұстазы Майра Дәулетбақтың: «Осы сөзді не үшін айттыңыз?», деген сұрағына Шадаева «Бастапқы кезде дайындықпен келсін деген оймен айттым», деп ақталуға тырысты.

«Біз өнер адамдары, бір-біріміздің сынымызға дайын болуымыз керек. Димаш туралы айтқан сөзімді аузыма Құдай салып тұрса не деймін?! Біз отбасымызбен Димашты жақсы көреміз.

Бұл дүниеде қателеспейтін адам бар ма?! Бәріміз қателесеміз, сыннан өтеміз. Кешірімді болу керек. Мен тағы да жанкүйерлерден кешірім сұраймын», – деді Бақыт Шадаева.

 

 

 

[:]