АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қатты жылағаны үшін пышақтаған»: Атыраулық әйел төрт айлық сәбиін аяусыз өлтірген[:]

[:kz]

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының тұрғыны өзінің төрт айлық сәбиін өлтірді деп айыпталуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы АқЖайық басылымына сілтеме жасап 

АқЖайық басылымының мәліметінше, күдікті әйел бірнеше рет нәрестені қатты жылағаны үшін ас үй пышағымен жарақаттаған. 

Нәрестенің өлімін облыстық полиция растады.

«Аталған факті бойынша 99-баптың 2-бөлігінің 3-тармағы «Дәрменсіз күйде екенін біле отыра, тұлғаны өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп хабарлады полициядан.

Осы бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру қауіпі бар.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, тергеу жалғасуда.

[:]