100 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Путинге Украинадағы соғысқа жіберуді сұрады

Мәскеудегі Кремльдің Екатерина залында Ресей президенті Владимир Путин 100 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Ибрагим-Паша Садықовпен кездесті.
Садықов өзінің жасы 100 жас 5 айға толғанын айтып, өзін әлі де жас санайтынын жеткізді. Ол Ресей Қорғаныс министрлігіне хат жазып, Украинадағы соғысқа қатысып, елін қорғауға дайын екенін білдірген. Алайда жасы 60-тан асқандықтан, оның өтініші қабылданбаған.
Кездесу кезінде ардагерге соғыс жылдарындағы ерлігі және жастарға патриоттық тәрбие беруге қосқан үлесі үшін Ресей Батырының «Алтын жұлдызы» табысталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
дереккөз adyrna.kz










