1414 нөмірінен SMS келеді: Қазақстанда азаматтар әскерге жаңа әдіспен шақырылатын болады
Бүгін, 6 қарашада мәжіліс отырысында әскери-патриоттық тәрбие туралы заң жобасы мақұлданды. Енді Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушыларға SMS хабарлама жіберуі мүмкін, деп хабарлайды Altyn-orda.kz KAZ.NUR.KZ. ке сілтеме жасай отырып
Мәжілістің ресми Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, бүгін, 6 қарашада Мәжіліс парламент депутаттары бастамашылық еткен әскери-патриоттық тәрбие туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Ол азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің бірыңғай жүйесін құруға және осы жұмысқа барлық мемлекеттік органды, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерді тартуға бағытталған. Осы мақсатта республикалық деңгейде Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар жанынан әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңестерін құру ұсынылады. Еске салсақ, мәжіліс отырысында депутат Нартай Сәрсенғалиев әскердегі әлімжеттік туралы мәселе көтерген еді.
Депутат соңғы үш жылда 270 әскери қызметкер қайтыс болғанын айтып, қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа депутаттық сауал жолдады.