19 желтоқсанда Астанада бір мезетте 40-тан астам жаңа жылдық шырша жағылады

Биыл Астанада жаңа жылдық мерекелер «Ертегі Fest» стилінде өтеді. Қала ертегі әлеміндей безендіріліп, жарық шамдар, мұзды ойындар мен түрлі мерекелік алаңдар ұйымдастырылады.

19 желтоқсан күні сағат 18:00-де елорданың алты ауданында бір уақытта 40-тан аса шырша жағылады. Ал сағат 17:30-дан бастап негізгі орындарда концерттер басталады.

Ең биік шыршалар «Қазақ Елі» монументі маңында, Ботаникалық бақта, «Астана Арена» жанында және Орталық саябақта орнатылады. Шыршалар сондай-ақ Ақбұлақ жағалауында және ЭКСПО аумағында болады.