Биыл Астанада жаңа жылдық мерекелер «Ертегі Fest» стилінде өтеді. Қала ертегі әлеміндей безендіріліп, жарық шамдар, мұзды ойындар мен түрлі мерекелік алаңдар ұйымдастырылады.
19 желтоқсан күні сағат 18:00-де елорданың алты ауданында бір уақытта 40-тан аса шырша жағылады. Ал сағат 17:30-дан бастап негізгі орындарда концерттер басталады.
Ең биік шыршалар «Қазақ Елі» монументі маңында, Ботаникалық бақта, «Астана Арена» жанында және Орталық саябақта орнатылады. Шыршалар сондай-ақ Ақбұлақ жағалауында және ЭКСПО аумағында болады.

