2026 жылдан бастап Қазақстанда паспорт пен жеке куәлік алу құны қымбаттайды.

2026 жылдан бастап Қазақстанда паспорт пен жеке куәлік алу құны қымбаттайды. Себебі, жыл сайынғы есептік көрсеткіш (АЕК) өседі, ал мемлекеттік қызметтер төлемі осы көрсеткішке байланысты есептеледі деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Мысалы, бұрын төлқұжат алу 30 мың теңге шамасында болса, енді 2026 жылдан бастап 36 мыңға дейін жетуі мүмкін. Жеке куәліктің құны да қымбаттап, бір АЕК көлемінде есептеледі, яғни шамамен 4 300 теңге болады. Егер куәлікті жыл ішінде бірнеше рет жоғалтсаңыз, қайта рәсімдеу тағы да қымбатқа түседі.
Сондықтан құжатының мерзімі таяп қалған адамдарға 2026 жылға дейін жаңартуды жоспарлаған дұрыс. Әлеуметтік жеңілдіктері бар адамдар үшін кейбір жеңілдіктер сақталады, бірақ бәрін алдын ала тексеру қажет.










