2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді: автокөлік салығына өзгерістер енгізілді

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіледі. Құжатта автокөлік салығына қатысты бірқатар өзгерістер бар деп хабардайды Altyn-orda.kz

Жеңілдіктер қалай жұмыс істейді?

  • Жасы 10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктер үшін – 0,7 коэффициенті қолданылады (30% жеңілдік).

  • Жасы 20 жылдан асқан көліктер үшін – 0,5 коэффициенті (50% жеңілдік).

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, еліміздегі 5,7 миллион жеңіл автокөліктің шамамен 4 миллионы осы жеңілдікке ілігеді.

Қосымша өзгеріс

2013 жылдан кейін әкелінген, қозғалтқыш көлемі 4 литрден жоғары көліктерге салынатын қосымша салық жойылады.

Фото titus.kz алынды