“26 сөзден тұратын антты жаттай алмаған депутаттарға қалай сенеміз” — актер

Актер, әзіл-сықақшы Дәнекер Оразбай депутаттардың ант қабылдауын, мектеп оқушыларының сабақ айтуына теңеді, деп жазады «Адырна» тілшісі. Бұл туралы ол өзінің әлеуметік желідегі парақшасындағы видеосында бөлісті. 

«Депутаттардың ант қабылдағанын көріп, 4-сынып оқитын ұлымның сабақ айтқаны есіме түсіп кетті. Кезінде әке-шешем бекер оқы деген екен. Мүлдем оқымағанымда қазір білдей депутат болып отырар едім» деп жазды ол.

«Құрметті қазақ елі! Психологияда арты қуыс, бірнәрсені бүлдіріп қойған адам не айтып тұрғанын өзі білмейді. Небәрі 26 сөзден тұратын депутаттық антты жаттай алмаған депутаттарға, Жаңа Қазақстанның болашағын, елімізді қалай сеніп тапсырамыз» деді ол видеода.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Публикация от Данекер Оразбай (@daneker_orazbay_official)