3 баласы бар 35 жасар әйел «қызбын» деп алдап тұрмысқа шықпақшы болды (ВИДЕО)
1987 жылы туған, 3 баласы бар әйел 1992 жылы туғанмын пәк қызбын деп тұрмысқа шықпақшы болды. |
Бұл туралы видеоны Tiktok желісінде жарияланды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
35 жасар әйел ешқашан тұрмысқа шықпадым, балаларым жоқ деп алдап ешқашан үйленбеген 30-дағы жігітке тұрмысқа шықпақшы болды. Оның өтірігін әшкерелеп ата-анасы, қайтыс болған күйеуінің туыстары келіп барлық жайтты жайып салды.
Мейрамхана жалдап, тойға дайындалып отырған ұлдың анасы мұндай жағдай болатынын білмей, таң қалып мұндай келінді қабылдамайтынын айтты.
Видеодағы адамдардың диалектісіне қарасақ жағдай Маңғыстау облысында болған сыңайлы.