«33 жыл үйінен шықпаған»: Атырауда адам төзгісіз жағдайда күнелткен қария мен қарындасының өмірі күрт өзгерді
Атыраудың қақ ортасында тұрып, жарығы, суы, жылуы жоқ үйде көмір жағып, күл шығарып келген ағайынды Мұқашевтар халықтың көмегімен баспаналы болды. Майра апай үйінен шықпағанына 33 жыл болған, ал Салтанат ағай шаштаразға соңғы рет 23 жыл бұрын барған, деп хабарлайды Altyn-orda.kz KAZ.NUR.KZ тілшісіне ілтеме жасай отырып
Атыраулық Салтанат Мұқашев психологиялық күйзеліске ұшыраған науқас қарындасымен 1953 жылы салынған ағаш үйде өмір сүріп келді. Апатты үйдің әбден тозығы жетіп, ауласын түгел су басқан.
Жерасты суы болғандықтан оны тазалағанмен су қайтадан жиналады. Үйдің іші тура мағынада айтқанда адам көргісіз. Көрпені қаққанда шаң бұрқырайды.
Үйінің іші. Фото: KAZ.NUR.KZ
Қабырғалары жарылған, ішін тарақан басқан, санитарлық талапқа мүлдем сай келмейтін үйдің бір бөлмесінде екі төсек салулы тұр. Осы жерде қос қария отырады, ұйықтайды. Бұл шаңырақ олардың ата-анасынан қалған.
«Қарындасым сөйлемейді, тек өзімен өзі айқайлайды. Екеуімізде үкіметтен ешқандай төлемақы алаймыз. Оған жүретін қасымызға адам жоқ. Өзім де жұмыссызбын, үйде қарындасымды бағып отырмын. Тамақты көршіміз пісіріп әкеліп береді»,- дейді Салтанат Мұқашев. Бүгінде басқа бауырлары өмірден өткен. Айтуынша, бұрын ата-анасы жақсы қызметте болған. Ал өзі Атыраудың бұрынғы әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың резиденцияының аула сыпырушысы болып қызмет атқарған. Сол кезде отбасына жаңа үй ұсынған, алайда олар қарашаңырақтан көшпейміз деп қарсы болған.
Қос қария тұрған үй. Фото: KAZ.NUR.KZ
Қалалық әкімдіктің ақпараты бойынша Атырау қаласының орталығында орналасқан ескі қалада сүру жұмыстары бюджеттің бөлінуіне байланысты кезең-кезеңмен жүзеге асып жатыр. «Аталған аумақта тұрған үйлердің нақты қай уақытта сүрілетіні белгісіз. Үй мемлекет қажеттілігіне алынған жағдайда үй иелеріне үйдің қаржысы берілетін болады», — деп жауап берді қалалық әкімдіктегілер. Жақында әлеуметтік желіде осындай күйде күн кешіп отырған қариялар туралы видео тарап, қайырымдылық қоры және оның мүшесі, актер Мадияр Серікбаев бастаған бір топ ерікті отбсының жағдайын сұрап Атырауға келді.
Олар аз уақыттың ішінде халықтан ақша жинап, Атырау ықшам ауданынан мұқтаж отбасыға жиһазбен жаабдықталған 3 бөлмелі жер үй сатып алып берді. Онымен қоса еріктілер ағасы мен қарындасын моншаға апарып, кейін сұлулық салонына кіргізіп, жаңа киім алып берді.
Майра апай үйінен шықпағанына 33 жыл болған, ал Салтанат ағай шаштаразға соңғы рет 23 жыл бұрын барған екен. Қайырымдылық қорының мүшелері қарияларды жаңа үйіне кірігізіп, дастархан жайып, бірге қоныс тойын атап өтті.