«5,7 балл»: Тәжікстанда тағы жер сілкінді
Тәжікстан аумағында 9 наурызда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 7:36-да жер сілкінді. Оны ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірбие-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,7;
- MPV магнитудасы 5,7;
- Эпицентр координаттары 38,79°с.е., 72,84° ш.б.;
- Тереңдігі 25 км;
- Сезілгені жөнінде ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.
28 ақпанда алматылық сейсмологтар Тәжікстандағы жер сілкінісін тіркеді. Сондай-ақ 23 ақпанда Тәжікстанда магнитудасы 7-ге тең жер сілкінісі болды, жерасты дүмпуі Алматыда да сезілді.