5 немере тауып берген келініне ел алдында бриллиант таққан енеге желідегілер сүйсінді (видео)
Әлеуметтік желіде ел алдында келініне бриллиант сыйлаған ененің видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Видео Instagram желісіндегі shyndykz тобында жарияланды. Кадрдан той кезінде әйел адамның келініне бриллиант таққанын аңғару қиын емес. «5 немере тауып берген келініне бриллиант сыйлады. Ене деген осындай болу керек?» — делінген видео мәтінінде.
Бұны көрген желі оқырмандары ене мен келін арасындағы сыйластықтың жоғарғы деңгейде екенін сөз етіп, тілектерін жазып қалдырды.
«Келіннің еңбегін бағалайтын ене екен. Мың жасасын», «Осындай енелер көп болсын», «Келініне көпшілік алдында алғыс айтудың өзі ерлік. Парасатты әйел екені көрініп тұр», «Мәселе бриллиантта емес, мәселе келінін бағалап, сыйлап отырған енеде. Бәрін түсінетін әйел екен», «Келін де, ене де ақылды. Сыйластықтарына сызат түспесін», «Бұл әрекеті көпшілікке өнеге», «Келінін қызындай көріп отыр. Осындай енелер жасасын», «Барлық келіндерге жұғысты болсын», — деді олар. Пікір қалдырғандардың арасында жұрт алдында сыйлық беруді дұрыс емес деп санағандар да кездесті. Олардың сөзінше, әйелдің бұл әрекеті мақтанудың белгісі болып саналады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram