Скифтердің материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                                                                                     

                                                                                     

ӘЛ‑ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

ДИПЛОМ  ЖҰМЫСЫ

 

Скифтердің материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері

 

 

 

Алматы 2009

М А З М Ұ Н Ы

 

 

беті

КІРІСПЕ

4

 

1.   Скиф ескерткіштерінің зерттелу тарихы мен мәселелері және орналасу жағдайы

 

7

 

1.1 Скиф тайпаларының ескерткіштерінің зерттелу тарихы мен мәселелері

7

1.2 Скиф тайпаларының географиялық орналасу жағдайы

12

2.    Скиф тайпаларының қалалары мен

қорғандарының материалдық және рухани мәдениеттері

14

 

2.1 скиф тайпаларының қала ескерткіштерінің мәдениеттері

14

2.1.1 Неаполь Скифский қалашығы

14

2.1.2 Каменское қалашығы

15

2.1.3 Елизаветовское қалашығы

16

2.2 Скиф тайпаларының қорған ескерткіштерінің                                       мәдениеттері

17

2.2.1 Александропольский қорғаны (Луговая Могила)

17

2.2.2 Чертомлыц қорғаны

17

2.2.3 Мелитополь қорғаны

19

2.2.4 Күл-Оба қорғаны

20

2.2.5 Семибратние қорғандары

21

2.2.6 Аржан қорғаны

23

2.2.7 Келермесс қорғандары

24

2.2.8 Пять братьев қорғандары

25

2.2.9 Толстая Могила қорғаны

27

2.2.10  Солоха қорғаны

28

2.2.11 Посулье қорғандары

30

2.3 Қарапайым скифтердің қорғандары

32

2.3.1 Қаруымен жерленген скифтік әйелдер қорғаны

32

2.3.2 Скиф әйелдерінің сиқыршыларының қорғандары

33

2.3.3 Скифтердің бойжеткендерінің қабірі

34

2.3.4 Скифтердің жанұялық жерлеу орындары

34

2.3.5 Коллективтік жерлеу қорғандары

35

2.3.6 Жауынгер скифтердің жеке дара жерлеу қорғандары

36

2.3.7 Скифтік әйелдердің жеке-дара жерлеу қорғандары

36

2.3.8 Балаларымен жерленген әйелдердің қорғандары

37

2.4 Скифтердің рухани мәдениеті

37

 

ҚОРЫТЫНДЫ

40

 

 

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

43

 

ҚОСЫМША

44

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

        Тақырыптың өзектілігі: Скифтер тайпаларының мәдениеттері осы күнге дейін өзінің толық шешімін тапқан жоқ. Әлі де болса скифтердің қалыптасуы мен пайда болуы жөнінде біркелкі ортақ пікір айтылмады. Зерттеушілердің бір бөлігі скифтердің отанын кіндік Азиядан іздеу керектігін айтады.

        Солтүстік Қара теңіз жағалауына Скифтер кейін келіп сол жерде мемлекетін орнатқан. Олардың таралу аймағы осы өңірден бастап Орталық Азияға дейінгі аралықты алып жатса керек. Ерте заманнан бастап ақ скифтер өздерін Сколоттар деп атаса, ежелгі гректер оларға Скифтер деген атау берсе, ежелгі парсылар скифтерді Сақтар деп атаған. Скиф тайпаларының бірнеше ғасыр бойы өмір сүруі өзімен көршілес елдерге қауіп төндіріп отырды және салық салды. Скифтер жауынгер халық ретінде белгілі болды. 

       Дүние жүзіне олардың өшпес із қалдырған мәдениеті скифтік аң стилі мен Акинак қаруының өмірге келуі болды. Скиф қоғамы өз арасында көшпелілер, егіншілер, жер жыртушылар болып бөлінді. Сондықтан да зерттеушілердің назарында олардың қоғамдық өмірі мен тұрмыс тіршілігіндегі орын алған бірталай мәселелер ой толғандырып жүр.

      Скифтердің қалалары мен басқа көшпелі скифтердің арасындағы байланыс мәселелері және әр өңірлерде мекен етуші тайпалардың бір-бірімен байланысы мен алшақтығы төңірегінде бірқатар сұрақтар жауабын ала алмай отыр. Бұл жағдай болашақ зерттеулердің арқасында шешімін табады.  

        Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың мақсаты Скифия жеріндегі скиф тайпаларының ескерткіштерінің ерекшеліктерін көрсету, және скифтердің Еуразия материгінде мекен еткен тайпалар арасында алатын орны мен маңызын көрсету. Сол скифтік ескерткіштердің пайда болу және қалыптасу туралы зерттеушілердің ой-пікірлерін саралап өту.

Ал міндеттері болып:

  • Бұрынғы және жаңа материалдарды жинақтап, зерттелу деңгейін анықтау.
  • Скифтік қала материалдары бойынша тұрғын үй, жер кепелердің, сарай-ғимараттардың формасына, түріне, архитектурасына, құрылымына назар аудару.
  • Қазба барысында табылған материалдарды сипаттап, оларды қалар мен қорғандарға бөліп көрсету.
  • Материалдық және рухани мәдениеті бойынша мәліметтер беру.
  • Скифтердің орналасу территориясын, хронологиялық өмір сүрген уақыт аралығын көрсетіп беру.

 

         Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бұл скиф тайпаларының ескертіштерін зерттеу және қазу жұмыстары XVIII ғ. аяқ жағынан бастау алады. Осы ғасырдан бастап Ресей мемлекетінде патшалық тарапының ескерткіштер есепке алынып оларда зерттеу жұмыстары жүргізіле бастаған.

XIX ғ. орта шеніне дейін зерттеу объектісі болған скифтік ескерткіштер немқұрайлы, жүйесіз, есепсіз тонаушылық жағдайда қазба жүргізу нәтижесінде іске асты. Тек Ресейдің озық ойлы ғалымдарының өз уақытында осындай жағдайларға жол бермей өздері тарапынан зерттеуге құлшыныс білдіруі қазіргі ұрпақтарға сол тайпалардың мәдениет үлгілерінің бізге жетуіне өз үлестерін қосты.

XVIII-XIX  ғғ. скиф мәселесімен айналысқан және қазу жұмыстарын жргізген ғалымдар арасында А.П.Мельгуновтың, П.С.Палластың, В.Ф.Зуевтың, П.М.Леонтьевтің, Н.И.Забелиннің, Н.И.Веселовскийдің атқарған рөлдері зор. XX ғ. бастап Кавказ, Украина, Ресей жеріндегі скиф дәуірінің ескерткіштерін жүйеге келтіріп, көлемді қазбалар жүргізу нәтижесінде еңбек сіңрген ғалымдар М.И.Артамонов, Н.И.Веселовский, Б.Н.Граков П.И.Хицунов, А.И.Тереношкин, М.П.Грязновтар болды. Нәтижесінде белгілі Чертомлық, Күл-Оба, Солоха, Келермесс, Пять братьев, Мелитополь, Тли, Толстая могила қорғандары және скифтік қалалар ашылды.

        Зерттеудің географиялық ауқымы: Солтүстік Қара теңіз жағалауынан бастап Ресейлік Тува Республикасына дейінгі алып жатқан территориялардағы белгілі скифтік ескерткіштер кірген.

        Деректік негізі: Жұмыстың деректік негізіне көшпенді отырықшы, егінші, жер жыртушы скиф тайпаларының Солтүстік Қара теңіз жағалауы бойы, Кавказ, Украина, Азов бойы, Шығыс Еуропаның далалық және орманды алқаптары, Сібір бойы ескерткіштері енді. Солардың ішінде Елизоветовское, Неаполь Скифский, Каменское қалашықтары, Келермес, Күл-Оба, Солоха, Чертомлық, Мелитополь және т.б. қорған ескерткіштерінің материалдары қамтылды.    

         Зерттеу жұмысының нысаны: Жұмыстың нысаны болып табылатын ескерткіштер қатарына тек қоныстар ғана емес, сонымен қатар жерлеу орындары, қорғандар және сол ескерткіштерден табылған археологиялық материалдар саналады.

          Зерттеудің теориялық-методологиялық негізі: Скиф мәдениетінің үлгілері болып табылатын қорғандар, қоныстар, қала орындары, өнері мен рухани ескерткіштері ғылыми теориялық мәселелерді шешуде негізгі қызмет атқарады. Скифтер мәселесі төңірегінде туындап отыратын келелі сұрақтарға ауқымды, толыққанды жауап алуға осындай тайпалық мемлекеттің қоғамдық саяси өміріне назар аудару өзінің жемісін береді.

Олардың шаруашылығы мен әскери ісіне, жерлеу дәстүріне көңіл бөлу арқылы біз бұл мәдениет үлгілерін басқа мәдениеттермен салыстырғанда теориялық ойлар қалыптастыруға және мұндай ескерткіштерді зерттеудің методологиялық негізін қалауға көмектеседі.

 

Зерттеудің хронологиялық ауқымы: Жұмысқа қамтылған ескерткіштер б.з.д. VIII-VII ғасырдан бастап б.з. II-III ғасыр аралығын алып жатыр.

         Ғылыми практикалық құндылығы: Еуразия континентіндегі скиф мәдениетінің ескерткіштерін зерттеу және олардың этникалық құрамы мен пайда болу және шығу тегі мәселесі ерте темір дәуірі тайпаларын зерттеуде өзінің көлемді үлесін қосады.

Скифтік аң стилі мәдениетінің осындай алқапқа таралуы үлкен бір процесс болып табылады. Тек бір ғана тайпалық бірлестіктің тарихи отаны мен орналасу және таралу региондарын анықтау арқылы солармен көршілес отырған тайпалармен арақатынасы және қаншалықты байланысқа түскендігін аңғаруға болады.

Скифтердің материалдық және рухани мәдениеттерін зерттеу арқылы біз өзіміздің арғы тарихымызға көз салып сол халықтармен қандас болғандығымызға дәлелге көзіміз жетеді. Ерте темір дәуірінің скиф кезеңінің материалдары Қазақстан тарихын, археологиясын жоғарғы оқу орындарында дәріс оқытуда практикалық маңызы зор. Сондай ақ археология мамандығымен дайындалып жүрген мамандарға осы кезеңін ерекшеліктерімен сипаты жөнінде тереңдетілген білім беріледі. Ғылыми тұжырым жасауда, ойлы пікір айтуда өз үлесін қосары сөзсіз.

          Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысының құрылымы 2 тараудан және тараушалардан, кіріспеден, қорытындыдан, қысқартылған сөздерден, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. САҚ ескерткіштерінің зерттелу тарихы мен мәселелері және орналасу жағдайы

 

   1.1 Скиф тайпаларының ескерткіштерінің зерттелу тарихы мен мәселелері

 

Скифтер – жазба деректеріне сүйенсек Солтүстік Қара теңіз бойында б. з. д. VIII-VII ғ. ғ. пайда болған. Бұл тайпалық бірлестік Оңтүстік Сібір жерлерінен келген шығыстағы көршілес тайпалары ығыстырған ирантілдес халықтар болып саналады.

Геродоттың сипаттамасында Скифия мен скифтік тайпалар және олардың көршілері туралы деректер кездеседі.

Осыған сүйене отырып тарих атасы Геродот Европалық Скифия жән Азиаттық Скифия деп бөліп, салар жайында мәлімет береді.

Геродот скифтерге скифтер-көшпенділерді, патша скифтерін, скифтер-егіншілерді және скифтер-жер қазушыларды жатқызады.

Скифтердің орналасқан жері Солтүстік Қара теңіз жағалауы бойынан бастау алып Монғолия мен Солтүстік Қытай территорияларына дейін созылған.

Скифтер ежелгі гректермен тығыз байланыста болған. Өздерінің негізгі мекен еткен жеріне киммерийліктерді талқандағаннан кейін ғана орналасқан.

Сонымен қатар Скифтерге Кавказ, Украина, Қырым жерлері де енген еді. Осындай үлкен конференциялық бірлестігі өздерінің мәдениеттері жөніндегі деректі қорғандар, қалалар ескерткіштері ретінде қалдырған.

Жерлеу ғұрыптарында олардың алып жатқан территорияларынан табылған дүние жүзіне әйгілі болған қорғандар, қалалар, қоныстар табылған

Солтүстік Қара теңіз жағалауының скифтері мемлекет құрып, бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, тарихта жеңілмейтін халық ретінде енген. Скифтер мен Киммериийліктер Шығыс Европадағы болып алдыңғы Азия халықтарымен байланыста түскен халықтар.

Скифтану ғылымындағы ең алғаш рет ашылған және белгілі болған 1763 жылы Новороссийскі губерниясының губернаторы А.П.Мельгуновтың бұйрығымен Литой қорғанын (Мельгунов қорғаны) қазудан бастау алады. Қорғанды зерттеу барысында оның скиф патшасына тиесілі болғандығы анықталды. Ескерткіш б.з.д.VII ғ. аяғы мен VI ғ. бас кезеңіне жатады.

П.С.Паллас Екатерина II патшайымның тапсырмасымен Ресейдің көптеген облыстарын аралып, материялдар жинаған еді. Ол 1794 ж. Буг өзені бойында болып Ольвия қаласының орнын нақты анықтап берді.

Кейін бұл қалаға сапармен П.И.Сумароков барып, ол да Ольвия қаласының орнын дәл табады. әсірсе оның Керчтің көне дүниелері жайындағы материялдары. Ол мынадай қорытындыға келеді зерттеу барысында-Керчь бұл ежелгі Пантикапей Боспор мемлекетінің мың жылдық астанасы. Бұдан басқа зерттеуші Керчьтен 4 шақырым жердегі Алтын-Оба қорғаны туралы да мәлімет берген.

1771-1772 жж. В.Ф.Зуев Санкт-Петербор ғылым академиясының бұйрығымен Буг және Днепр бойындағы жерлерді зерттеуге бұйрық алған еді. Сол саяхатында ол ең алғаш рет Чертомлыц қорғанын ерекше атап өткен еді.

1830 жж. Керчь қаласының маңындағы жерден Д.Карейша мен А.Б.Ашик археологтар Алтын-Оба қорғанын ашып, зерттеген.

1832ж. Д.Карейша осы қорғандағы жұмысты бастап, оның астынан мазар тәріздес тас қабір тапқан. Бірақ ескерткіш тоналған болып шықты. 1853 ж. А.Е.Люценко қорғанды қайта зерттеп қосымша ештеңе анықтай алмаған.

1831 ж. П.Дюбрюкс, И.А.Стемпковский атты зерттеушілер ғалымдар Керчь қаласынан шығысқа қарай орналасқан Күл-Оба қорғанының қабірін ашып зерттеген және қазба жұмыстарды жүргізген.

Сонымен қатар 1852-1854 жж. В.Г.Терещенко 1855-1856 жж. аяқ қазба жұмыстарын  ескерткіште А.Е.Люценко жүргізді. Ол Никополь қаласынан батыс жаққа қарайғы жерден орын алған.

1846 ж. Киевтің жанынан перепиятиха қорғаны қазылды.

Төменгі Дон өзенінің Азов теңізіне құяр жерінде Елизаветовское қалашығы орналасқан. Ескерткішті 1854 ж. П.М.Льеонтьев ашып алғашқы қазба жұмыстарын жүргізген кейін бұл қалада зерттеу жұмыстарын А.А.Миллер, Т.Н.Книпович, В.П.Шилов, И.Б.Брашинский,Я.Б.Даманский, К.К.Марченкалар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеушілердің пікірінше Елизаветовское қалашығының негізін алғаш рет жергілікті скифтерге дейінгі халытар қалаған, ал б.з.д. V-IV ғғ. Боспорлық гректермен отарланған дегенді айтады. Қалашық орны б.з.д. VI ғ. ортасында пайда болған.

1862-1863 жж.Никополь қаласының маңынан Н.И.Забелин Чертомлыц (Чертомлык) қорғанын ашып, онда қазба жұмыстарын жүргізген еді кейін бұл ескерткіште қайта қазба жалғастыру жұмыстарын Н.И.Лиселовский, А.И.Тереножкин есімді археологтар жүргізді.

XIX ғ. А.З.Уваров скифтердің астанасы болған Неаполь Скифский қала орнын ашып, қазба жұмыстарына басшылық етті. Қалашық Симферополь қаласының маңайында орналасқан.

1859 ж. Ресейде Археологиялық комиссия құрылып оған бірталай есекрткіштерді қазу мен қорғау жинау туралы міндеттемелер жүктелген. 1862 ж. комиссия Чертомлыц қорғанын қазуға оның иесінен рұқсат алып кіріскен еді.

1862 ж. Чертомлыц қорғанын қазу басталып оған, И.Е.Забелин /1/ атты археолог басшылық еткен. Қорған қабірі тоналған болса да біраз белгілі көптеген алтын,құнды заттар шықты.

1870 ж. Лубна мен Ромни қаласының арасында ағып өтетін Сула өзенінің орта ағысында орналасқан Посулье қорғандары қазылған. Ескерткішті зерттеуге үлес қосқан ғалымдар арасында Д.Я.Самоквасов, Н.Е.Бранденбург, В.В.Хвойка, И.А.Линниченко, Н.Е.Макаренко, С.А.Мазаракий, Ф.И.Каменский,Н.Авеннариус,И.Я.Плискач бар. Барлығы Посулье некропольдерінен 400-ден аса қорған қазылған. Қорғандардың басым көпшілігі тоналған және қиратылған екен. Ескерткіштердегі бір ерекшелік жерлеу орнының еденіне әк, қызыл бояу және күл шашқан. Қорғандар б.з.д. VI-IV ғғ. жатады.

1898 ж. Кубань жерінде Уль ауылының жанынан Уль қорғандары ашылып, онда қазба жұмыстарын Н.И.Веселовский жүргізген. Бұл ескерткіштің ерекшелігі жерленген адамға 400-ден аса жылқы құбандыққа шалынып бірге жерленген. 1908-1909 жж. қорғанда қазба жұмыстарын М.И.Артамонов жалғастырған /2/. Уль ауылының қорғандары б.з.д. VI ғ. мерзім делінеді.

         1903 ж. тау технигі Д.Г.Шульц археологиялық комиссияның ашық қағазын алып Закавказьедегі (Адыгей жерінде) Келермес қорғанын ашып қазба жұмыстарын жүргізді. Ал 1904 жылы ол жерде қазба және зерттеу жұмыстарын Н.И.Веселовский жүргізді. Қорған ертескиф кезеңіне жатқызылған. 

          1912 ж. Н.И.Веселовскийдің жүргізген археологиялық жұмыстары нәтижесінде Салоха скиф дәуірі қорғаны ашылды. Н.И.Веселовскийдің ашқан жаңалықтарының ішінде атақты Майкоп, Келермесс, Елезаветинский және т.б.Қорған 2 жыл қатарымен қазылды. Қорғанның бірінші қабірі тоналған болып шыққан. 1913 ж. қазылған 2-ші қабірден скиф патшасының тоналмаған мәйіті шықты. Қабір байлыққа тола ашылған. Солардың ішінде әйгілі болған алтыннан жасалған скифтер бейнесі бар тарақты айтуға болады.Қорған б.з.д. IV ғ.орта кензеңімен мерзімделген.

        Украина жерінде 1871 ж.скиф тайпаларының  “Пять братьев” қорымының 2 үлкен және 4 кішкентай қорғандарын П.И.Хицунов қазып, зерттеген еді.Үлкен қорғанның астыннан тастан жасалған қабірді зерттеуші ашпай, тоналған екен деп қалдырған.

        1954 ж. осы ескерткіште Елизаветенский жанында (Р-на-Дону) орналасқан жерінде В.П.Шилов /3/ басқарған археологиялық экспедициясы жұмыс жүргізіп қорғанда жалғастыру жұмыстары жүргізілді.

         1959 ж. П.И Хицунов қазған үлкен қорғанда қазба жұмыстары жанданып, қабірдіңтоналғандығы анықталды. Қабірде беделді жауынгер жерленген екен  2- қабір  . Қорған б.з.д.  IV ғ. соңғы ширегіне жатады.

         1954 ж.Мелитопаль қаласының төңірегінен Мелитопаль қорғанында А.И.Тереножкин қазба және зерттеу жұмыстарын жүргізген. Скифтік қорған болып шықса да бірқатар әшекей заттар шыққан.

         1950жж. Б.Н.Граков /4/ Скифиялық төменгі Днепр өзені бойында орналасқан Каменское қалашығында орналасқан қазба жұмыстарын жүргізді. Қаладан метталургия өндірісінің орындары, қолөнер кәсібі орындары ашылды. Қалашық б.з.д.  IV  ғ. жатады.

 1940-1950 жж. М.П.Грязнов /5/ скиф дәуіріне жататын Пазырық қорғанын ашып, қазған еді. Ескерткіштердің бір ерекшелігі олардың үлкен тау бөктеріне мұздық қорған деген атау алған қабірлерде жерленуі.Қорғандар Таулы Алтай жерінде орналасқан.  

1960 жж. Грузия жеріндегі ( Оңтүстік Осетия) Тли селосының маңынан Тли қорған қорымы ашылып зерттелді. Ескерткіште қазба жұмыстарын археолог Б.В.Техов /6/ жүргізді. Қорым қала дәуірінен бастап ерте темір аралығын алып жатыр. Қорғандардағы қабірлерде скиф адамдары көп жағдайда бүгілген қалпында жерленген болып келген. Зерттеуші Тли қорымын б.з.д. VII-VI ғғ. жатқызады.

1924 ж. Ставрополь қорғаны ашылып қазылған. 1953 ж. Т.М.Минаева /7/   қорғандарының бірін қазған. Қорған тоналған. Ескерткіш б.з.д. VII ғ. жатқызылған.

1973-1974 жж. Үлкен Ставрополь қорғанында қазба жұмыстарын В.Г.Ветренко бастады. Қорғаннан тоналған скиф патшасының қабірі шықты, ол тас жәшікте жатқызылған (табытта).

Херсона жеріндегі Толстая могила қорғанын 1971 ж. Б.Н.Мозолевский /8/қазып, аяқтаған. Ескерткіш скиф патшасына жақын беделді адамның қабірі болып шыққан. Қорғанның басқа қорғандардан ерекшелігі осы жерде жанұйялық адамдар бірге жерленген. Қорған б.з.д. IV ғ. үшінші ширегіне сәйкес келеді.

1969-1970 жж. Балка селосының маңындағы Гайманова Могила қорғанында В.И.Бидзиль  басқарған экспедиция қазба жұмыстарын жүргізді экспедиция құрамында А.И.Тереножкин, Б.Н.Мозалевский, Э.В.Яковенко болған. Қорғанда 50-ден астам скифтік жерлеу орындары табылған.

1961 ж. М.П.Грязнов /9/ Тува жерінде алғаш рет өзі барып Аржан қорғанын өз көзімен көріп, анықтаған. Қорған тастардың үйіндісінен қаланып, үстінен бұлақ ағып тұрған.

1971-1974 жж. Аржан қорғанында қазба жұмыстарының экспедициясының басшысы М.Х.Маннай- оол, ал ғылыми кеңесшісі және қазбаның басшысы етіп М.П.Грязнов тағайындалған. Қорған астында 70-камера орны болған. Соның 13-де ғана жерлеу орындары табылған. 1-ші камерада патша, патшайым және оның алты көмекшісі мен алты жылқы жерленген. Қорған б.з.д. VIII-VII ғғ. жатады. Патша қорғаны тоналған болып шықты.

1974 ж. А.И.Кубышев басқарған Херсон экспедициясы Каховка қаласының жанындағы Красный  Подол селосынан №2 скиф қорғанын қазуға қатысты. Қорған қатарындағы скифтердің қабірі болып табылған.

1973 ж. Орджоникидзе қаласының маңынан Страшная могила тобынан А.И.Тереножкин үш скиф жерлеу орнын қазған. Ол жерлеу орындары №4 қорғанда орналасқан.  Қабір коллективті жерлеу орны болып табылған. Жерлеу орны шамамен б.з.д. IV ғ. жатады.

Тувадағы Аржан патша қорғанының ашылуы скиф мәдениетінің шығуы өнерінің және скифтердің өздерінің пайда болуының жалпы мәселесі шешілген деген пікір айтады бірқатар зерттеушілер. Олардың отанын Солтүстік Қара теңізден, алдыңғы Азиядан емес Азияның орталығынан іздеу керек.

Алдыңғы Азия мен Кавказдағы скиф мәдениеті менскифтер скифтануда ерекше орынға ие. Ауқымды жұмыстарды осы сала бойынша Е.И.Крупнова, В.П.Виноградов, В.И.Марковин, Р.М.Мончаевтың Солтүсттік Кавказ бойынша зерттеу жұмыстарын атап өткен жөн. Қымбат мәліметтер Б.В.Теховтың Оңтүстік Осетия мен М.М.Трапшаның Абхазиядағы жұмыстарынан алынды. Олар Кавказда скиф мәдениеті ғана емес, скифтердің осы өңірлерде болғандығын көрсете білген.

Скифтердің материялдық мәдениеттерін зерттеу бойынша П.Д.Раудың садақ ұштары туралы, Б.З.Рабиновичтің жебелер туралы, В.Гинтерстің қылыштар, А.П.Манцевичтің әскери белбеулер туралы қажырлы еңбектерін атап өту керек. К.Ф.Смернов пен А.И.Малюкова савроматтар мен сарматтардың қару-жарақтары мәселесі бойынша еңбектері жарық көрді.

В.Г.Петронконың Скифияның әшекей заттардың зерттеуге арналған шығармасы бар.

П.Д.Либеров пен В.И.Цалкин Скифия халқының мал және жер шаруашылығы төңірегіндегі ауқымды еңбектері жарыққа шықты.

Б.А.Шрамко скифтердің металл өңдеу кәсібіне және құрал- жабдықтарына  арнаған туындылары жарық көрді.

Н.А.Онайко скиф халқының грек метрополияларымен сауда қатынастары туралы шығармалары ғылыми айналымға енді.

В.И.Равдоникас пен М.И.Артамонов б.з.д.VI-III ғғ. скифтерді жоғарғы дамыған патриархалдық рулық қатынастарының ыдырау сатысында тұрғандығы туралы болжам пікір айтқан.

В.Д.Блаватский Қауымдық құлдық деген концепцияны алып тастап, Атей патша келгеннен кейін скифтерді мемлекеттілік пайда болғандығы туралы болжам айтқан еді.

Д.П.Калистов скифтерде алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыс б.з.д. III ғ. аяғына дейін сақталып, Қырымда скиф патшалығының құрылғанына дейін созылған.

А.П.Тереножкин скифтердің Солтүстік Қара теңіз жағалауына келгеннен кейін олардың таптық қатынастар мен мемлекет пайда болғандығы идеясын алға тартқан.

Скифиядағы таптық қатынастар негізін әскери-саяси билік құраған. Соның арқасында қалған скифтер мен халықтарды бодандыққа кіргізіп ақы төлеп тұруға мәжбүр етуге көмектескен.

А.И.Тереножкин скифтердің жергілікті шығу тегін гепотезасына қарсы шыққан. Оның пайымдауынша скиф мәдениеті көшпенді толқыны барысында Евразиялық далалық кіндік жерінен келген тұжырым айтады. Соның жаңа элементі скифтік аң стилі негізі болып табылады.

1979 жылы Б.А.Рыбаковтың Скифияның географиясы мен этнографиясына арналған монографиясы шықты. Бұл еңбекте Б.А.Рыбаков соңғы кездегі жинақталған материалдар негізінде ал скифияның өзі жасаған картасын ұсынған.    

 

1.2 Скиф тайпаларының географиялық орналасу жағдайы

 

Географиялық Скифия мен этнографиялық Скифия көп жағдайда сәйкес келмейді. Этнографиялық жағынан алғанда скифтер деген атау географиялық Скифиядан тыс жерлерде орналасқан және мекендеуші халықтарға да тағылады.

Бастапқыдан-ақ Скифияның геогрифиялық орналасуы Украинаның Дунай мен Дон далалық алқаптарын алып жатса керек.

Ассиро-вавилондық деректер мен Грек авторларының б. з. д. VII-VI ғғ. деректері Скифияны кейде Кавказбен байланыстырады, ал аз да болса тарихи шындылыққа сәйкес келеді.

Бір ғасырдан аса Скифтер осы территорияларға ұмтылып Ассирия, Урарту, Мидия мемлекеттеріне шабуыл жасап отырған.

Б. з. д. V-IV ғғ. грек авторлары Скифияның шекарасын қысқартады. Геродот бастаған топ Скифияны Дунай мен Дон аралығына орналастырып, Кавказды Скифия деп атамаған.

Б. з. III ғ. Скифия термині өзінің тәуелсіздік атын жоғалта бастап, олар далалық Қырым және Днепр мен Буг өзендерінің төменгі ағысы жерлерін мекен еткен.

Скифия туралы және оның орналасуы жөнінде негізгі дерек болып саналатыны б. з. д. V ғ. өмір сүрген Геродот еңбектері. Оның пайымдауынша Скифия жері төрт-бұрыш сияқты: оңтүстігі – Қара теңіз жағалауының Дунай өзенінен бастау алып, киммерийлік Боспорға (Керченск бұғазы) дейін, шығысы – Азов теңізі мен Дон аралығын алып жатыр, солтүстігі – Доннан Дунайға дейін, батысы – Истр жерлеріне дейін жеткен. Скифияда сегіз үлкен өзен ағып өтеді: Истр (Дунай), Тирас (Днестр), Гипанис (Буг), Борисфен (Днепр), Пантикап, Гипарикс, Геррос және Танаис (Дон).

Скифия жерінде сегіз ай бойы суық болып тұрған. Ресей ғалымдарының пайымдауынша Дунайдан Днепрге дейінгі жағалауда скифтер отырған. Олардың солтүстік шекарасы неврлермен шектеседі.

Скиф-егіншілер Борисфен өзенінің екі жағында мекендеген. Скиф-көшпенділер Днепр өзенінің бойында отырып, далалық жерлерде өмір сүрген. Днепрдің жоғарғы жағында андрофаг тайпалары өмір сүрген. Олар скифтердің ішіндегі адам етін жегіштері. Бірақ олар скиф киімін кигенімен, өздерінің тілі ерекшелігі болған.

Скифтердің территорияларының қысқаруы сармат шапқыншылығы әсерінен болды. Б. з. д. IX-VIII ғғ. Солтүстік Қара теңіз жағалауы бойындағы далаларда көшпенді скифтер мекен етсе керек.

Скифтер туралы нақты мәлімет б. з. д. VII ғ. аяғындағы грек жазушыларының еңбектерінен табады. Б. з. д. VI ғ скифтер біраз киммерийліктермен бірге көрші отырған.

Геродоттың пікірінше скифтер б. з. д. VI ғ. аяғында Аракс (Волга) өзенінен өтіп, қара теңіз даласынан киммерийліктерді қуып шыққан.

Киммерийліктер қара теңіз бойымен Закавказьеден өтіп Кіші Азияда орын тепкен. Скифтер өздерінің шабуылдарын жалғастырып Каспий теңізін бойлай Мидияға аттанды. Сөйтіп Сирия жеріне жетіп, скифтер 28 жыл бойы Азияда билік еткен. Оларды Кіші Азиядан ығыстырып шығарған Мидия патшасы Киаксар еді.

Скифтер өздерін сколоттармыз деп атаса, гректер оларға скифтер деген атау берген.

Геродоттың тағы да берген анықтамаларында скиф халқы туралы мәлімдейді. Олар аз халықты тайпалар екендігі жөнінде мәлімет беріп, Ольвимның төңірегінің жері Скифтердің атам заманғы жерлері болғандығын айтады. Скифтердің пайда болуымен савромат тайпалары жөнінде де сұрақтар туады. Геродот бойынша савроматтар мен сарматтар бір халық, олар б. з. д. V-IV ғғ. Дон өзені арқылы өтіп Скифия жеріне шабуыл жасап, оның тегістей барлық жерін жаулап алып, бір бөлігін қырса, қалғаны сіңіп кеткендігін айта кетеді.

Б. з. д. III ғ. сарматтардың шабуылымен скиф дәуірі өзінің өмір сүру уақытын тоқтатты.

Скиф тілдерінен олардың иран тілдестік тіл семьясынан шыққанын аңғаруға болады.Геродоттың хабарлауынша халықтың жалпы аты сколоттар; Гректер оларды-скифтер, ал парсылар – сақтар деп атаған.

Б. з. д. VII ғ. аяғынан бастап Солтүстік Қара Теңіз жағалауының далаларында көшпенді скифтер мықты мемлекет құрған.

Скифияда мемлекетті игеру өте баяу жүрді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Скиф тайпаларының қалалары мен

қорғандарының материалдық және рухани

мәдениеттері

 

2.1 скиф тайпаларының қала ескерткіштерінің мәдениеттері

 

2.1.1 Неаполь Скифский қалашығы

 

Қала орнын анықтап, зерттеу жұмысын алғаш рет ХІХ ғасырда А. С. Уваров жүргізген. Қалашық Симферополь қаласының маңындағы Салгир өзенінің жағалауында орналасқан. Сол заманның құрылысшылары қаланың нашарлау деген жерінің қабырғасының қалыңдығын 8 м қып қалаған.

Неаполь Скифский қаласы б. з. д. ІІІ ғ. жатады. Қала скифтердің астанасы болған /10/. Астанасының негізінің қалану себебі оңтүстік орыс даласында мекендеген скифтер жеріне б. з. д. ІІІ ғ. оның шығысында отырған көршісі сарматтар соққы беріп, олардың (скифтердің) жартысы жаңа басқыншылардың құрамына енсе, ал басым бөлігі Қырымға аттанып сол жерде осы қаланы тұрғызған.

Қала орнынан үй мен шаруашылық орындары мен мавзолей ашылды. Әсіресе подвалы бар ғимарат ерекше көзге түседі. Ол ғимарат жартаста ойып жасалған. Бұдан басқа скифтердің ең алғашқы астанасы Каменское қалашығы болған. Оның қорғаныс қабырғаларының қалыңдығы 3,5 м болған екен. Қазылған ғимараттың жанынан қоймалар алаңы орналасқан. Алаңнан бидай мен тары дәндері сақталған шұңқырлар орны ашылған.

Ескерткіштегі ең құнды құрылыс орны болып рубасылардың жерленген мавзолей (ғибадат ханасы) болып есептеледі. Мавзолей төрт-бұрыш тәріздес болып келген, сақталған биіктігі 3 м, ал көлемі 8,65х8,10 м. Оның қабырғалары үлкен блоктардан тұрғызылған.

Әсіресе оның фасады ерекшеленеді. Ғимараттың шығыс бөлігінде қабырғада бір есік орналасқан. Есікке қарама-қарсы баспалдақтардың ізі анықталған. Ғимараттың ішкі бөлігі көптеген саз балшықты кірпішпен толтырылған, ол тонаушылықтан сақтау мақсатымен жасалған.

Мавзолейді ашу барысында көптеген әркезеңдік жерлеу орындары табылған. Оның ішіндегі ең көнесі болып солтүстік-батыс бұрышында орналасқан жерлеу орны саналады. Қабір плиталардан қаланған тас жәшікте орналасып, жардағы ойылған жерге қойылған.

Жәшікте басы батысқа қаратып, етпетінен жатқызылған ер адамның сүйегі жерлеу заттарымен бірге табылды. Оның аяқ жағына екі қылыш, үш найза, темір шлем, горит, алтын қаптырмалы белдемшелер және темір садақтар қойылған. Бір қылыш оның белі жағында жатқан. Қабірді аршу барысында көптеген алтын қаптырмалар табылған. Қабір б. з. д. ІІ-І ғғ. жатады. Мавзолейдің ортасынан еденнен табылған төрт жылқы сүйегі мен ит сүйегі осы қабірге тиесілі. Ал бесінші жылқы сүйегі баспалдақтарда жатқан. Оның төңірегінде қара және қызыл түспен лакталған ыдыстардың қалдықтары мен тризнаның ізі анықталды.

Жылқылар сүйегі табылған жерден тік төртбұрышты болып келген ағаш гроб табылып, оның ішіндегі ер адам басымен шығысқа қарап жерленген, Келесі жерлеулер алғашқы қабірдің үстінде қатар-қатар түрған ағаш гробтарда жасалған. Мұндай қабірлер саны 72. Үстіңгі ағаш табыттар шіріп кетіп, сүйектер араласып кеткен. Қабірлер тоналған болып шықты.

Зерттеушілер қабірлерді алты топқа бөліп қарастырған, оның ішінде шығыс тобы ерекше көзге түседі. Әсіресе бай әйел қабірі ерекше көзге түседі. Ол безендірілген ағаш саркофагқа жерленіп, оның сырты көк және қызыл түсті бояумен боялған. Жерленген әйел адаммен бірге көптеген алтын заттар табылған. Бұл қабір орны б. з. д. І ғ. жатқызылған.

 

2.1.2 Каменское қалашығы

 

Орталық далалық Скифияда б. з. д. IV ғ. төменгі Днепрде жақсы бкінісі бар Каменское қалашығы пайда болған. Ескерткішті ашқан және зерттеу жұмыстарын жүргізген Б. Н. Граков басқарған археологиялық экспедиция.

Қалашық Днепр өзенінің солтүстік жағалауында орналасқан (сурет-1). Оның жалпы алып жатқан жер көлемі 600 гектар. Қаланың акрополі болған.

Каменское қалашығын қазу барысында бұл қала қолөнершілер мен металлургтердің қонысы болғаны екендігі анықталған. Қала Скифияда ірі металлургия орталығы болса керек. Құмды жағалаудағы жерлерді қазі үстінде бірқатар жер үйлер мен жеркепелердің, шаруашылық орындарының ағаш бөренелерден жасалған қабырғалары табылған.

Ашылған тұрғын жайлардың бірнеше бөлмеден тұратын үйлері де бар. Олардың ошақтары шұңқырда орналасып, іші көмір мен күлге толған. Тұрғын үйлердің жанынан ұстаханалар мен шеберханалар орындары орналасқан. Шеберханалардан шлактардың қалдықтары, пробойниктер, зубилалар, молоттар және т. б. заттар шыққан.

1950 жылы төрт тұрғын үйден тұратын көптеген металлургия өндірісінің қалдықтары сақталған комплекс ашылды. Шеберханалар тұрғын үй мен шаруашылық жайлардың төңірегінде орналасқан.

Металл өңдеу кәсібінің осы қалашықта дамуы пайда болып келе жатқан тауар өндірісі кәсібінің дәлелі болып табылады.

Сондай-ақ қолөнершілер әшекей бұйымдар жасау өндірісінің кәсібін де жақсы меңгерген. Оның дәлелі ретінде адамның беті бейнесі бар бляшкілерді жасауда пайдаланылатын қола штамп болады.

Табылған заттардың ішінде қыш амфораның ұстайтын жерінің бөліндісі бар. Сол ұстайтын жерде амфора жасап отырған скифқолөнершінің бейнесі медальон түрінде ойып салынған. Бұл бейнені воскіге немесе саз балшыққа салу үшін жасалған штампы болуы мүмкін деген болжам бар.

Қолдан жасалған қыш ыдыстардың ішінде бүйірі шығыңқы, мойыны сопақтау келген горшоктар көп. Біраз аз да болса кувшин тәріздес ыдыстар да кездеседі. Бұдан басқа қыш ыдыстар қатарында тостағандар, қақпақтар баршылық.

Осы қала халықтарының негізгі шаруашылығы болып жер шаруашылығы саналады.

Каменское қалашығында ақсүйектер немесе рубасылар мекенін дәлелдейтін орындар анықталмаған. Негізгі бекінісі мықты жоғарғы бөлігі қаланың, б. з. д. IV ғасырына жатады. Ал көптеген археологиялық табылған материалдар б. з. д. III-II ғғ. жатады.

Өзеннің құмды жағалауындағы қоныстар өмір сүрулерін б. з. д. III ғ. тоқтатса, акрополь бөлігіндегі қоныстар б. з. д. II-III ғғ. дейін жеткен.

Қалашықтың пайда болып қалыптасуы скиф халқының бірте-бірте отырықшылыққа көшуінің бастауы болып саналады.

Қаладан бірнеше типті үй орны ашылды, олар: сопақтау немесе дұрыс емес төртбұрыш тәріздес тұрғын үйлер; төртбұрыш тәріздес бұрыштары доғалда болған тұрғын үйлер. Үйлерге кіру есігі көбіне оңтүстік жағына орналасқан. Үй шатыры екі қырлы (жақты) болып, қабырғалары тас известняктардың бөлінділерінен қаланған. Мұндай үйлер көлемі 40-150 м2 болып келген.

 

2.1.3 Елизаветовское қалашығы

 

Қала орны ХІХ ғасырдың екінші жартысында П. М. Леонтьевтің басшылығымен ашылып, қазылды. Кейініректе бұл жерде зерттеу жұмыстарын А. А. Миллер, Т. Н. Книповичтер жалғастырған.

В. Ф. Гайдукевич дейтін зерттеуші бұл жерден қала емес қоныс орны екенін баса айтқан.

В. П. Шилов, И. Б. Брашинский, Я. В. Доманский, К. К. Марченколар Емцаветовское қалашығын зерттей келе, оның пайда болуын б. з. д. VI ғ. жатқызады. Қала өмірінің шарықтау шегі б. з. д. IV-III ғғ. орын алған.

Қалашықтан тастан қаланған жер үйлер, қабырғалары сары балшықтан сыланған, едендері сары топырақтан төселіп, ошақ орындары болған жерлер, жарты кепелі тұрғын үйлер орны ашылған. Жартыкепелердің қабырғалары бөренелерден және қамыстан тұрғызылып, шатырды қамыстан екі жақты қылып жапқан.

Қала орнының мәдени қабатынан дән үккіштер, қайрақтар, саз балшықты ұршықтар, пращалар, сүйектен жасалған бұйымдар, темір пышақтар, металлдық және керамикалық шлактар табылған.

Қала халқының өмірінде балық шаруашылығы маңызды қызмет атқарған, Оған дәлел болатыны торларға арналған қыш грузилалар, балықтың сүйектері мен қабыршықтары.

Үлкен көлемде қалашықтан амфоралық керамика табылған.

1972 ж. қазба барысында Елизаветовское қалашығынан біршама мөлшерде нан қоймалары, металлургиялық өндіріс орындары және сүйектен жасайтын ритон шығаратын шеберхана орны ашылған. Қалашықтың маңайынан бірнеше қоныстар мен қалашықтар пайда болған. Бұл қала халқында сауда да негізгі қызметін атқарған.

 

 

2.2 Скиф тайпаларының қорған ескерткіштерінің мәдениеттері

 

2.2.1 Александропольский қорғаны (Луговая Могила)

 

Бұл ескерткішті 1852-1854 жж. В. Г. Терещенко қазса, 1855-1856 жж. А. Е. Лющенко қазған. Қорған қара теңіз жағалауы бойындағы ең үлкен және атақты ескерткіштердің бірі болып саналады. Қорған Днепр бойында орналасқан. Оның биіктігі 21 м. Қорғанның етек бойына тас төселген және үлкен шұңқырлар қазылып қоршалған. Топырақ үйінділерінен тризнаның қалдықтары, арба көлігінің заттары, темір дқңгелектер, алтын жалатылған бляшкілер қазып алынды.

Қазылған топырақ үйіндісінің астынан орталық қабір орны екі кіру орнымен шықты. Екінші кіру үңгірінен камераға үлкен жерасты дәлізі орналасқан. Орталық қабірдің жанында жылқы жерленген.

Орталық қабір орнынан екі адамның тоналған сүйек қаңқалары шықты. Жандарынан 700 дана шашылған алтын әшекей заттар табылған.

Александропольский қорғаның ең көріктісі жылқылардың жерлеу орны. Жылқылардың ауыздығы, ер-тұрмандары бай алтын және күміс әшекейлермен безендірілген.

Екінші кіру шұңқыры арқылы 14 жылқы жерленген.

Орталық қабірде ер және әйел адамы жерленген. Ер адамның үстін темір қабыршықты панцирьдің қалдықтары табылған. Қорғанның осы бөлігі қатты тоналғандықтан жерленген адам санын анықтау мүмкін болмаған.

Екінші жерлеу қабірінен әйел адамының сүйектері табылған. Ол қорғанның солтүстікшығыс бөлігінде орналасқан. Қабір кіру шұңқырынан, дәлізден және дөңгелектеу камерадан тұрған. Кіре беріс шұңқырдан жүк тасу көлігі қалдықтары, көптеген алтын бляхалар, түймелер, моншақтар табылған. Әйел сүйегі камерада арқасына жатқызылып, басы солтүстікбатысқа қаратылған. Әйел адамның жанынан алтын бляшкілер, көк фаянсты көзі бар моншақтар, пронизкілер табылған. Бас жақ бөлігінен күміс әшекейлермен жасалған өртенген мата қалдығы шықты. Оң жағында екі амфора тұрған. Қабір жартылай тоналған. Ескерткіш б. з. д. ІІІ ғ. бас кезеңімен мерзімделеді.

 

2.2.2 Чертомлыц қорғаны

 

1862-1863 жж. Никополь қаласының маңындағы Чкалов селосының бұрынғы (Чертомлыц хуторы) жанынан И. Е. Забелин Чертомлыц қорғанын ашып, онда қазба жұмыстарын қорғанын ашып, онда қазда жұмыстарын жүргізген еді. Кейін бұл ескерткіште қазба жұмыстарын Н. И. Веселовский, А. И. Тереножкин атты ғалымдар жүргізді.

Қазылған қорғанның биіктігі 21 м, диаметрі 130 м. Қорғанның төменгі етек бойында оны бойлай тастардан үйілген негізгі өкше бар. Қорған кемінде 2 рет үйілген. Қорғанның алып көлемі қола дәуірінің қорғанын көмін қалған не болмаса соның үстіне салынған. Қорғанның 10 м тереңдігінде тризнаның қалдықтары сақталған.

Оған шарап құатын ыдыстардың, сүйектердің, қыш ыдыстардың қалдықтарынан басқа 220 пар темірден жасалған үзеңгілер, қола бляшкілер, дөңгелектің қалдықтары және т. б. заттар сиған. Ортасында үлкен терең шұңқыр орналасып, оның төрт бұрышында қисық крест тәріздес ұзынша келген катакомбалар орналасқан.

Оңтүстік-шығыс бөлігінде бірнеше шарап амфоралары, қарапайым қола қазан және алтынмен көмкерілген бірнеше киімдер ілініп тұрған. Ал солтүстікшығыс бөлігінде – тағы да алты амфора мен сүйек жатқан. Оның маңында 67 қарапайым садақ ұшы бар колчан мен көптеген алтын бляшкалы фигуркалар жатқан жерінде табылған.

Оңтүстік-батыс катакомбада бастары батысқа қаратылған екі адам сүйегі шыққан. Екеуі де алтын және күміспен әшекейлермен көмкерілген, қастарына алтын қынапты темір қылыштар, садағы толы калчандар қойылған. Қылыштардың сыртында еліктер мен барстардың фигураларының бейнелерімен безендірілген. Бұлар әрине құл-азаматтар, патшаның күзетшілері.

Солтүстік-батыс бөліктегі төртінші катакомбада ерекше орында басы батысқа қаратып, тігінен арқасына жатқызылған әйел сүйегі шыққан. Оның жанына бұрын киіміне тігілген алтын бляшкілер және бас киіміне тігілген өсімдік орнаменті мен жануарлар күресі бейнелері бар алтын ленталы заттар қойылған.

Бляшкілердің арасында Гераклдың бейнесі бар. Әйел сүйегінің жанынан күң ер мен әйел адамы сүйектері қаңқалары табылған. Олардың бастары әйелге қаратылған, ал қарама-қарсы қабырғасында 14 шарап амфоралары қойылған жер орны ашылды. Әрине осы жерден күмістен жасалған амфора табылған. Оның мойнында шарапты сүзетін торша орналасқан. Амфораның шықтарында елікті талап жатқан екі грифонның бейнесі жасалған. Төменгі бөлік суретінде жас скифтер аттар табының арасында жүрген көріністер бар. Олар арқанмен жылқы ұстап, жатуға үйрету және т. б. көріністері бейнеленген.

Бұл камера негізгі камераға өтетін дәліз қызметін атқарған. Осы жерде көптеген аңдар сүреті (бейнелері) бар бляшкілер шашылып жатқан күйінде табылған. Бұдан басқа осы жерден алтын горит, қарапайым мыс ұшы бар садақтар жатқан.

Ерекше бір шұңқыр орнынан алтын сапты екі қылым қазылып алынған. Олардың сырты аңдар және т. б. бейнелермен безендірілген. Солтүстік қабырғасында қоладан жасалған ешкілер мүсінді алты ұстайтын құлақтары бар қазан қойылған. Оның ішінде бұзау сүйектері жатқан. Ал тағы бір қарапайым қазанда құлынның толық сүйегі шыққан. Адам сүйегі шашылып жатқан. Ұрлық үңгірі солтүстік бөлігіндеорналасса да қорған тоналмаған болып шықты.

Басты немесе негізгі катакомбадан батысқа қарайғы жерде үш шұңқырда 11 жылқы алтын және күміс ауыздықтары мен үзеңгіле мен және ертоқымдарымен жатқан жерінен табылды. Ертоқымдардың шет жақтары алтын ленталармен қағылған. Жылқылармен қатар қарапайым алтыннан киімді екі жылқышы жерленген орны ашылған.

 

 

2.2.3 Мелитополь қорғаны

 

1954 ж. А. И. Тереножкин Мелитополь қаласының жанынан қорған орнын тауып, оны қазып, зерттеу жұмыстарын жүргізген /11/. Оның биіктігі 6 м, диаметрі 40 м (сурет-2).

Дөңбешік екі рет көмілген. Төменгі бөлігіне сары топырақ пен қамыстан салынса, жоғарғы бөлігіне топырақ төселген. Қабірдің ортаңғы бөлігі катакомбалы тереңдігі 12 м.

Қабірге кіре беріс жерде жетіжасарлық құл бала ешқандай затсыз көлденеңінен жатқызылған сүйегі табылған. Катакомба тоналған болып шықты. Оның едені бойында панцырьдың темір қабыршақтары, темір үшжақты кигізбелі садақ ұштары шашылып жатқан.

Қабірдің шұңқыр-тайнигінде қола садақтар бар алтын горит табылған екен. Кіре беріс жерде қабірге, кирка тәріздес сирек кездесетін клевец табылған. Катакомбаның батыс бөлігіндегі шұңқырдан қарапайым үзеңгілері мен қола ауыздығы бар екі жылқының жатқан сүйек қаңқалары аршылып алынған.

Қорғанның еденінің солтүстік жағынан екінші қатакомба орны қазылған. Кіре беріс шұңқырдың едені 6 м, ал ұзын катакомбаның коридоры 7 м тереңдікте болып келген. Осы коридордың бір қабырғасында (еденінде) ағаш тақтайлардың үстінде қарапайым моншақ таққан әйел күңнің жатқан сүйегі қалдықтары шыққан. Келесі қабырғасында он бір шарап құятын амфора ыдыстары қойылған. Коридордың аяқ жағында өзінше бөлек тұрған камерада шашылып тасталған кәрі әйелдің сүйектері мен заттары жатқан. Оның шашылған заттарының ішінде үш жарым мыңдай бляшка заты бар, олар әйелдің киімін безендіріп тұрса керек.

Табылған бляшкілерде батырып салынған сақал мұртты ер адамдардың бастарының бейнелері, әйел бастары бейнелері, жатқан арыстандар бейнелері, пантералар, аралар мен қоңыздар, үшбұрыштар, арыстан терісінен шлем киген Африканың бас бейнесі және т. б. салынған. Гректің моншақтары ағаш қобдишада жатқан. Сонымен қатар қақпағы бар жуынатын сосуд-лекана мен қара лакті пелика табылған болатын.

Жылқылардың безендірілуі де өзіндік қоладан жасалған заттарымен ерекшеленеді. Бұл қорған б. з. д. V ғ. екінші жартысына жатады. Ескерткіште тоналмаған болып үлкен жерлеу орны саналады. Ол жер саз балшықты кірпіштермен қаланып, төбесі ағаштармен жабылған. Жерлеу орны 3 бөліктен тұрған. Үлкен бөлігінде ағаш саркофаг қойылған, келесі бөліктерде жерлеу заттары мен жеті жылқы қалдықтары қойылған.

Жерленген адамның жанынан жүн бас киім мен жүн етіктің қалдықтары, темір қабыршықты панцирь, 5 алтын ворварка, дротиктің ұшы, садақтар ұшы, тау хрусталінен жасалған мөр және үш күміс сосудтың қалдықтары шыққан.

Киіміне алтын бляшкілер тігілген. Сонымен бірге алтын моншақ табылды. Келесі көрші бөлікте 3 амфора, қызылмүсінді ваза, қола айна жатқан.

Оңтүстік-шығыс бөлігінде бірнеше шарап амфоралары, қарапайым қола қазан және алтынмен көмкерілген бірнеше киімдер ілініп тұрған. Ал солтүстікшығыс бөлігінде – тағы да алты амфора мен сүйек жатқан. Оның маңында 80 қарапайым садақ ұшы бар колчан мен көптеген алтын бляшкалы фигуркалар жатқан жерінде табылған.

Екінші жерлеу қабірінен әйел адамының сүйектері табылған. Ол қорғанның солтүстікшығыс бөлігінде орналасқан. Қабір кіру шұңқырынан, дәлізден және дөңгелектеу камерадан тұрған. Кіре беріс шұңқырдан жүк тасу көлігі қалдықтары, көптеген алтын бляхалар, түймелер, моншақтар табылған. Әйел сүйегі камерада арқасына жатқызылып, басы солтүстікбатысқа қаратылған. Әйел адамның жанынан алтын бляшкілер, көк фаянсты көзі бар моншақтар, пронизкілер табылған. Бас жақ бөлігінен күміс әшекейлермен жасалған өртенген мата қалдығы шықты.

Қорғанның кіре беріс шұңқырында ағаш арбаның қалдықтары сақталған. Ол қабірге жерленген ханзаданың жерлеу заттарының бір элементі болып саналады. Ескерткіш шамамен б. з. д. IV ғ. жатады.

 

2.2.4 Күл-Оба қорғаны

 

Қорған 1820 ж. Керч қаласының тұрғынының кездейсоқ анықтау барысында ашылған.

Ескерткішті қазу 1830 ж. П. Дюбрюкстің басшылығымен жүргізілді.

Қорған известняк плиталардан қаланған, үсті таспен жабылып, биіктігі 10 м құраған.

Жерлеу қабірі 4,3х4 м, биіктігі 5 м болып келген. Онда патша, ханзада және күңінің сүйектері жерленген.

Ең басты жерленген патша қорған қабірінің шығыс бөлігінде орналасып, ағаш саркофагқа жерленген. Оның басы оңтүстікке қаратылып, жасы 30-40 жасындағы ірі және ұзын денелі болып келген ер адам. Басында үшкірлі киіз бас киім кигізілген, ал оның сыртына алтын бляшкілер тігілген, Мойнында ірі алтын гривна тағылған, оның салмағы 461 г. Қолы мен аяқтарында алтын білезіктер өте зергерлік әдіспен мұқият жасалған. Жерленген адамның барлық киіміне алтын бляшкілер тігілген. Онымен бірге қылым, жебе мен садақ және қылым салатын қына табылған. Қылыштың сабы мен қынасының сыртқы жағы, садақ пен жебе салатын заттың сырттары алысып жатқан аңдар мен фантастикалық жануарлар бейнесіндегі алтын пластинкалармен қапталған. Қарулардың жанына егейтін тас алтын оправадағы және алтын ыдыс сырты бай өрнектелген табылды. Алтын ыдыстың салмағы 698 г. құраған.

Патша табытының жанында кипаристі саркофаг орын алған. Ол саркофагқа патшайым жерленген. Сырты өрнектелген және піл сүйегінің пластиналарымен безендірілген. Пластиналардың сыртында ежелгі грек мифтерінің, скифтердің аң аулау сценалары көрсетілген. Әйел адамның киімі бірнеше жүздеген алтын бляшкілермен тігіліп, көркемделген. Оның басын электрлік диадема әрлендіріп тұрған. Осы жерден сондай-ақ екі ілгіш әшекей алтын заттар (подвескілер) табылды.

Патшайымның мойнына ауыр алтын гривна, салмағы 473 г. және ілмек әшекей заттар ілінген (сурет-3). Қолдарына кең алтын білезіктер тағылған. Басынан ары таманғы жерде алты пышақ пен алтынмен көмкерілген ұстайтын жері бар қола айна жатқан жерінен табылған екен. Ал аяқ жағы бөлігінде белгілі скифтердің өмірінің сценалары салынған алтын кубок жатқан.

Кубоктағы немесе вазадағы скифтер өмірінің сценаларының берілуі олар жөнінде, түрі, киімі, қарулары және т. б. бойынша көзалдымызға скифтерді елестетіп, олардың қоғамы жөнінде ой түюге мүмкіндік береді (сурет-4).

Патшаның саркофагының арғы жағында қабірдің оң жақ қабырғасында басы батысқа қаратылған күңнің сүйек қаңқасы табылған. Оның бас жағындағы тереңдеу жерде жылқылардың сүйектері орналасқан. Сонымен қатар ол жерден қола пышақ қаптамасы және шлем табылды.

Қабірдің (склептің) қабырғаларында екі күміс алтындатылған тегештер мен үлкен күміс ыдыс тостаған қойылған.

Склепке кіретін есіктің екі жағында үлкен екі мыс қазан тұрған, ал қабырға бойында төрт қыш амфоралар орын алған.

Склептің тас еденінде бірнеше жүздеген қола садақ және найза ұштары шашылып жатқан.

Осы еденде құпия тайник орналасқан екен. Бірақ та онда ұрылар түсіп, тонап кеткен. Содан аман қалғаны алтыннан жасалған еліктің мүсіні.

Күл-Оба қорғаны б. з. д. IV ғасырдың соңғы ширегіне жатады.

 

2.2.5 Семибратние қорғандары

 

Қорғандар Семибратнее қалашығының маңында орналасқан. Қаланың пайда болу мерзімі б. з. д. VI ғ. аяқ жағы. Оның гүлдену уақыты болып б. з. д. V-IV ғғ. болып есептеледі /12/.

Ал Семибратное қорғандары қалашықтың жанында орналасқан. Қорғандардың қабірлері көбінесе топырақ үйіндісінің асты мен топырақты шұңқырлар болып келеді.

Қабірлер саз балшықты кірпіштен қалап, төбесі ағаштармен жабылған.

Қорғандардың ішіндегі ең ертерегіне жататын ескерткіштері б. з. д. V ғасырдың ортасына жатады (№ 2, 4, 5 қорғандар). Ал № 6, 7 қорғандар б. з. д. V ғасырдың аяғы – IV ғ. бас кезеңіне жатады.

№ 2 қорған осы өзінің құрылысымен ерекшеленеді. Оның биіктігі 18 м құрайды. Бұл жердегі жерлеу қабірі саз балшықтан қаланып, оның солтүстік-шығыс бұрышы адам жерлеу үшін қабырғамен бөлінген. Қалған бөлігінде 13 жылқы сүйегі жерленген. Жерленген адамға теріден жасалған панцирь киігізілген, оның сырты темір, қола және алтын қабыршықтармен безендірілген. Панцирьдың кеуде жағында үлкен мыс пластина безендіріп тұрған. Сыртында баласын емізіп жатқан елік пен қанатын жайған құстың бейнелері болған. Өліктің мойнында алтын гривна мен алтыннан жасалған 2 жиекей тағылған, және ілмектермен қатарласып келетін сопақша келген моншақтар тағылған. Жерленушінің жанынан алтын бляшкілер табылған. Жанында найза, садақ ұштары, қылыштар, көп қыш ыдыстар, күміс ритон, күміс фиала, қола кубок, екі ожау, торшық, қола сосуд, алебастровый кубок, қара лакты вазалар және т. б. заттар қойылған.

Жылқылардың безендіру немесе әшекейленлендіру заттары өздерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Топырақ үйіндісінен бес үлкен қола қоңырау табылған.

Тоналған № 4 қорғанның биіктігі 13 м. Қабір саз балшықты кірпіштен қаланып, төбесі ағашпен жабылған. Адам жерленген жерден бөлек шұңқырда ер-тұрманы бар жылқылардың сүйектері жерленген.

Марқұмның бас жағына 3 ритон қойылған. Осы жерде бес үшбұрышты алтын пластиналар да кездескен. Сонымен қатар қабірден алтын бішезік, алтын оправадағы тіс, бірнеше тұмарлар, кішкентайлау күміс ыдыс және килик табылған. Өзіндік бөлінген жерден қаружарақтар мен әртүрлі бұйымдар шыққан. Солардың ішінде тері панцирьдің қалдығы, грекиялық көркемдік және керамикалық сосудтары кездескен.

Жылқылардың безендірілуі де өзіндік қоладан жасалған заттарымен ерекшеленеді. Бұл қорған б. з. д. V ғ. екінші жартысына жатады. Ескерткіште тоналмаған болып үлкен жерлеу орны саналады. Ол жер саз балшықты кірпіштермен қаланып, төбесі ағаштармен жабылған. Жерлеу орны 3 бөліктен тұрған. Үлкен бөлігінде ағаш саркофаг қойылған, келесі бөліктерде жерлеу заттары мен жеті жылқы қалдықтары қойылған.

Жерленген адамның жанынан жүн бас киім мен жүн етіктің қалдықтары, темір қабыршықты панцирь, 3 алтын ворварка, дротиктің ұшы, садақтар ұшы, тау хрусталінен жасалған мөр және үш күміс сосудтың қалдықтары шыққан.

Киіміне алтын бляшкілер тігілген. Сонымен бірге алтын моншақ табылды. Келесі көрші бөлікте 2 амфора, қызылмүсінді ваза, қола айна жатқан.

Оңтүстік-шығыс бөлігінде бірнеше шарап амфоралары, қарапайым қола қазан және алтынмен көмкерілген бірнеше киімдер ілініп тұрған. Ал солтүстікшығыс бөлігінде – тағы да алты амфора мен сүйек жатқан. Оның маңында 67 қарапайым садақ ұшы бар колчан мен көптеген алтын бляшкалы фигуркалар жатқан жерінде табылған.

Оңтүстік-батыс катакомбада бастары батысқа қаратылған екі адам сүйегі шыққан. Екеуі де алтын және күміспен әшекейлермен көмкерілген, қастарына алтын қынапты темір қылыштар, садағы толы калчандар қойылған. Қылыштардың сыртында еліктер мен барстардың фигураларының бейнелерімен безендірілген. Бұлар әрине құл-азаматтар, патшаның күзетшілері.

Солтүстік-батыс бөліктегі төртінші катакомбада ерекше орында басы батысқа қаратып, тігінен арқасына жатқызылған әйел сүйегі шыққан. Оның жанына бұрын киіміне тігілген алтын бляшкілер және бас киіміне тігілген өсімдік орнаменті мен жануарлар күресі бейнелері бар алтын ленталы заттар қойылған.

Үшінші бөліктен піл сүйегінен жасалған жәшік тұрған. Оның сыртында Афродитаның бейнесі салынған.

Жәшіктен басқа қоладан және қыштан жасалған сосудтер, темір инелері бар сүйектен жасалған ине салғыш, тоқылған корзина шықты. Тас жерлеу орнында ер адам жерленген. Жылқы сүйектері барлық атрибуттерімен жерленген.

№ 3 қорған кейінгі дәуірге, атап айтсақ б. з. д. IV ғ. бас кезеңімен мерзімделеді. Бұл қорғаннан табылған заттардың ішінде ерекше көзге түсетіні махайра типтес гректер қылышының күміс қолсабы болып саналады.

Ол грифонның басы сияқты жасалған. Жылқылардың заттары қоладан жасалып, жерлеу дәстүрімен жерленген.

 

2.2.6 Аржан қорғаны

 

Аржан қорғаны Тува республикасындағы ең үлкен диаметрі жағынан ескерткіш болып есептеледі. Оның биіктігі 3-4 м, диаметрі 120 м. Қорған толығымен таспен жабылған, ортасында бұлақ орналасқан. Аржан қорғаны өзі аттас поселкенің жанында орналасқан (сурет-5).

Бұл қорғанда қазба жұмыстары 1971 жылы қазыла бастап, 1974 жылы аяқталған.

Экспедицияның басшысы болып М. Х. Маннайол сайланып, оның ғылыми кеңесшісі етіп М. П. Грязнов тағайындалған.

Қорғанның тастары аршылғаннан кейін оның астынан ағаш бөренелер қиындыларынан жасалған камералар шықты. Негізгі патша қабірі болып табылды.

Патша қабірі 1-ші камерада орналасқан. Орталық қима өзінің дұрыс квадрат формалы болуымен, оның үсті тас плиталармен жабылғандығымен ерекше көзге түседі. Бұл камера тек тонаушылықтан ғана емес, бұлақ көзін кеңейту жұмыстарын жүргізу және сыйынатын жер жасау барысында жапа шеккен. Камераның ішкі көлемі 8х8 м, сақталған жердегі биіктігі 2,6 м.

Орталық қиманың ортасында кіші қима орналасқан, ол 4 есе аз көлемі жағынан, небәрі 16 м2 (4,4х3,7 м). Оның төбесі тегіс, қабырғалары жұқалау бөренелерден жасалған. Сақталған биіктігі 1 м. Осы кіші қиманың ішіндегі екі бөрене ағаштың үстіне 17 жұқа бөренелерден, еден жасалған. Олардың бетінің үштен бірінің беті шабылған (тегістелген).

Қабір патшаның жерлеу орны болып табылады. Оны бойлай қиманың үш қабырғасында 6 ағаш колода (табыт) және 2 кішкентай қима орын тапқан. Шығыс қабырғасының өн бойында қиманың патшаның аттары жерленген. Қабірдегі 1-ші молада патша жерленген сүйегі шықты. Мола екі қабырғадан және ағаш еденнен тұрған.

Оның жалпы көлемі 8 м2 (2,9х2,7 м). Жоғарғы беті сақталмағандықтан оның биіктігін анықтау мүмкін емес. Мола толығымен қиратылған және тоналған. Екі табыттың қалдықтары сақталған. Қалған сүйектер бойынша бұл жерде қарт ер адам мен ересек әйелдің жерленгендігін аңғаруға болады.

Қиманың еденінде әр жерде ретсіз собольдың терісінің қалдықтары, жүннен тоқылған киім қалдықтары, жүннен тоқылған киім қалдықтары, жалпақ белбеудің біршама бөлігі, жұқа парақ тәріздес алтыннан жасалған дөңгелек бляшка, екі үлкен бирюзалық алқалар, екі бисер, 37 дана қоладан құйылған сосудтердің кішігірім қалдықтары жатқан (сурет-6). Еденнің астындағы қуыста 15-20 см тереңдіктен 188 дана жылқының құйрығының амыртқасы, спираль тәріздес иілген мыс полоска, үш орташа алтын жапырақ (лист) табылған. Патша қабірінде (камерасында) алты жылқы жерленген.

Аржан қорғанынан қазылған 70 камераның тек 13-де ғана адам аңқалары табылған. Камера 1 патша мен ханзаданың қабірі. Олармен бірге сегіз вельможа мен алты мінетін ат жерленген. Камера 2, 2-3, 3, 5, 10, 17, 20, 26, 34а. 37-де мінетін аттардың қабірлері. Камера 13 және 31 вельможалар мен мінетін аттар жерленген қабірлер. Камера 9 вельможаның қабірі. Қалған камералар бос, жерлеу орны болып табылмайды.

Қорғанд бойлай 2-3 қатар тас қршаулар қоршаған. Бұл оградкілерде жерлеу орындары кездеспеген. Жерленген адамдар жасы 18-20-дан 60-тан асып жығылады.

Осы Аржан қорғанының бір ерекшелігі скиф қорғандарында осыншама адам мен оның құрбандығына арналған және ғимараттағы камералардың көптігі болып көрген емес. Аржан қорғаны б. з. д.

VIII-VII ғғ. жатып, ең ертескиф кезеңінің ескерткіші болып табылады.

 

2.2.7 Келермесс қорғандары

 

Келермесс қорғандары Майкоп қаласының маңында Келермесс селосының жанында орналасқан.

1903 ж. таз технигі Д. Г. Шульц ұқыпсыз қазған еді. 1904 ж. Н. И. Веселовский зерттеу жұмыстарын жүргізген. Барлығы 4 қорған қазылған.

№ 1 қорған 1904 ж. қазылған. Ол толығымен қиратылған және тоналған. Қабірден қола қазанның қалдықтары, қола сосудтың қалдығы, бисер, пастадан, сердоликтен, алтыннан жасалған алқалар, үш алтын бляшкі, 4 жапырақтәріздес розетка, 22 дана қола садақ ұшы, қыш сосудтердің қалдығы сақталған.

Қабірде сонымен қатар 12 жылқы жерленген. Олардың әшекей заттары алтыннан, қоладан, күмістен, сүйектен жасалған.

Бұл заттардан басқа қалқанды безендіріп тұрған белгілі алтын пантера, қынабы мен қолсабы алтынмен әшекейленген акинак, гүлдермен, розеткалармен, құстар мен дискілермен безендірілген алтын диадема лента сияқты, қолсабы алтынмен қапталған темір аң пышағы, екі алтын ыдыс және басын көтеріп тұрған елік бейнелі, стерженді кресті тәріздес алтын екі садақ ұшы, қола садақ ұштары табылған (сурет-7,8). Сондай-ақ қабыршықты панцирь, екі найза ұшы болған.

№ 2 қорғанда 2 ертескифтік қола шлемдер, қола садақ ұштары мен қазан, майысқан қола сосуд екі ұстағышы бар, аң бейнесі бар қола айна, толық және 4 бөлікше түріндегі қола кресті тәріздес жылқы бляхалары, толық цилиндрлі күміс садақ ұшы, ақ паста алқалар, сосудтердің қалдықтары табылған.

№ 2 қорған осы өзінің құрылысымен ерекшеленеді. Оның биіктігі 18 м құрайды. Бұл жердегі жерлеу қабірі саз балшықтан қаланып, оның солтүстік-шығыс бұрышы адам жерлеу үшін қабырғамен бөлінген. Қалған бөлігінде 13 жылқы сүйегі жерленген. Жерленген адамға теріден жасалған панцирь киігізілген, оның сырты темір, қола және алтын қабыршықтармен безендірілген. Панцирьдың кеуде жағында үлкен мыс пластина безендіріп тұрған. Сыртында баласын емізіп жатқан елік пен қанатын жайған құстың бейнелері болған. Өліктің мойнында алтын гривна мен алтыннан жасалған 2 жиекей тағылған, және ілмектермен қатарласып келетін сопақша келген моншақтар тағылған. Жерленушінің жанынан алтын бляшкілер табылған. Жанында найза, садақ ұштары, қылыштар, көп қыш ыдыстар, күміс ритон, күміс фиала, қола кубок, екі ожау, торшық, қола сосуд, алебастровый кубок, қара лакты вазалар және т. б. заттар қойылған.

Жерленген жылқылармен бірге олардың ер-тұрмандары, ауыздықтары және әшекейленіп безендірілген темірден, қоладан, алтыннан жасалған заттары қойылған.

№ 4 қорғанның қабірінің 10,65х10,65 м болған. Өлген адам 4,25х4,25 м камерада жерленген. Оның батыс жағында бастары оңтүстікке қаратылған жылқылар жерленген. Қабірден күміс айна, алтын таяқша-ілмек, алтын пластина бетіне жатқан елік бейнесі бар, қола қазан, екі темір найза ұшы, олардың біреуінің ұзындығы 70 см болып келген, қола және сүйектен жасалған садақ ұшы, пасталы ақ алқалар табылған.

Қабірдегі адм жер шұңқырға жерленген. Келермесс қорғандары б. з. д. VII-VI ғғ. жатады.

 

2.2.8 Пять братьев қорғандары

 

Ескерткіш Дон өзенінің сағасында Емцаветинский станицасының жанында орналасқан. Биіктігі 7-12 м, ал диаметрі 60-70 м болып келген.

Алғаш рет бұл қорғандарда қазба жұмыстарын 1871 ж. П. И. Хицунов жүргізген еді. Ол Пять братьев қорғанының 2 үлкенін және 4 кішкентайын қазған болатын. Оның қазбалары ешқандай мардымсыз мәліметтер бермеді.

1954 ж. станицада Кеңестер Одағының ғылым академиясының археология институтының Ленинград (Санкт-Петербург қазіргі) бөлімі мен Ростов облыстық өлкетану мұражайының біріккен экспедициясы жұмыстарын жүргізді. Оған басшылық еткен В. П. Шилов. Сол жылы бұл экспедиция осы қорғандардың 7 кішігірімін қазды.

Сөйтіп 1959 ж. В. П. Шилов басқарған экспедиция бұрынғы П. И. Хицунов ашқан бірақ аяқтамаған қорғандарды толығымен аршуға кірісті.

№ 8 қорған 1959 ж. қазылды. Оның биіктігі 9 м. Қорғанның топырақ үйіндісінің астында тас қабір орны ашылды. Склеп камера мен дромостан тұрған, үсті мықты бөренелермен жабылған. Қабырғалары құм плиталардан раствор арқылы қаланған. Камерада 2 адамның скелеті бар болған. Олардың бас бөліктері батысқа қаратылып, солтүстік және оңтүстік камера қабырғасының бойымен жатқызылып жерленген.

Оңтүстік қабір тоналған.

Солтүстік қабір тоналмаған күйінде сақталған. Бұл жерде жас патшайым (жауынгер) жерленген. Оның бас киімі штамптаған алтын бляшкілермен безендірілген, олардың саны 78 дана. Өліктің мойнына аяқ жағында жатқан барстың мүсіні бар алтын гривна мен үш алтын шеңберден тұратын әшекей зат, янтарьдан, сердоликтен, ақ пастыдан, алтыннан жасалған алқа және медальондар таққан. Саусақтарында алтын жүзіктер тағылған. Оның белінде сыртқы қынасы алтынмен көмкерілген қылыш пен алтын жалатылған горит орналасқан. Гориттің ішінде 108 дана қола садақ ұштары болған. Қылыштың қынабында гректер мен скифтер шайқасының 5 сценасы көрсетілген.

Қиманың еденінде әр жерде ретсіз собольдың терісінің қалдықтары, жүннен тоқылған киім қалдықтары, жүннен тоқылған киім қалдықтары, жалпақ белбеудің біршама бөлігі, жұқа парақ тәріздес алтыннан жасалған дөңгелек бляшка, екі үлкен бирюзалық алқалар, екі бисер, 37 дана қоладан құйылған сосудтердің кішігірім қалдықтары жатқан. Еденнің астындағы қуыста 15-20 см тереңдіктен 188 дана жылқының құйрығының амыртқасы, спираль тәріздес иілген мыс полоска, үш орташа алтын жапырақ (лист) табылған. Патша қабірінде (камерасында) алты жылқы жерленген.

Камераның еденінің әр жерінен жинап алынған қола садақ ұштарының саны 753 дана. Бұдан басқа үш темір найза, темір дротиктердің қалдықтары, қанжар қалдықтары және т. б. заттар табылған.

Қабірден сандықтың табылды. Оның ішінде алтын әшекей заттар тігілген киімдер, күміс килик, бүйірі дөңгелектеу кубок, жарты сфера тәріздес қола ыдыс, қола қазан, үш қыш шамшырақ, алтын спиральды лента, үш әскери белбеу, қанжар қалдығы (сынығы), темірден жасалған найзалар мен дротиктердің ұштары болған. Барлығы осы сандықтан 1273 дана зат салынған.

В. П. Шилов осы қорған қабірінен 16 садақ салатын зат пен 1064 дана садақ ұштары табылғандығын мәлімдейді.

Амфоралар дромостың екі жағынан орын алған.

Жерленген жылқылар да дәстүрге сай ер тұрмандарымен бірге жерленген.

Жылқылар жерленген қабір талқандалған немесе қираған.

Бұл қорғанға жерленген адам б. з. д. IV ғасырдың соңғы ширегінде жерленсе керек.

 

2.2.9 Толстая Могила қорғаны

 

Ескерткіштің биіктігі 8,6 м. Қорғанды 1971 ж. Б. Н. Мозолевский қазған. Бұл қорғанның бір ерекшелігі скифтік жанұяның ақсүйектерінің соңғы этапының көрінісі болып табылады. Қорғанда ру басы (ақсүйек), әйелі және баласы жерленген. Қорған өне бойы орлармен қоршалған. Топырақ үйіндісінің астында орталық қабір орны орналасқан.

Оңтүстік-батыс бөлігінде бүйірінен жерленген қабір екі кіру орнымен орналасып, онда жас әйел, ал содан соң екі жасарлық бала жерленген. Өлгендермен бірге бірнеше құлкүңдер жерленілген. Орлардан тризна қалдықтары: амфора сынықтары, жылқы, қабан, бұғы сүйектерінің қалдықтары анықталған.

Орталық қабір кіру шұңқыры мен жерлеу қабірінде екі шаруашылық қуысы болған. Қабір тоналған. Сақталған сүйектер бойынша бұл жерде 40-50 жастағы ер адам жерленгендігі анықталып берілді. Ол ағаш төсеніште ұзынынан арқасына жатқызылып, басы оңтүстікке қаратылған. Оның үстіне темір панцирь кигізіліп, қола белбеу тағылған, ал шалбарына алтын бляшкілер тігілген. Онымен бірге қола булава, ритонның алтын қаптамасы, күміс ыдыстың қалдықтары, гориттен алтын бляхалар мен басқа да заттар жерленген.

Дромостан қола шамшырақ, лутерий, үш ұстайтын қолы бар амфора, үш садақ салатын зат, қамшының алтын әшекейлері, қынабы мен сабы алтынмен көмкерілген қылыш, алтын пектораль табылды. Драмосқа кіре беріс жерде көлденеңінен жатқан күңнің сүйегі жатқан.

Орталық қабірге кіретін жерден шығысқа қарай алты жылқы жерленген екі қабір орны орналасқан. Жылқылардың ер-тұрмандары, алтын, күміс, қола заттарымен әшекейленген. Осы қабірлердің маңынан үш жылқышының қабірі табылған.

Солардың біреуінің жанынан алтын гривна, темір білезік, екі пышақ және колчан табылды.

Бүйірінде (жанында) орналасқан.

Толстай Могила қорғанындағы қабір оңтүстік – батыс бөлігінде орналасып, екі кіру орнынан тұрады. Бірінші кіру орнының топырақ үйіндісінен қола заттарының үйінділері ашылып жиналған.

Кең қабір бөлігінде (камерада) төсеніште жасы 20-30 аралығындағы жас әйелдің сүйегі орналасып, шалқасынан жайқызылып, басы батысқа қаратылған. Оның киілі өте бай алтын бляшкілермен тігіліп, басында алтын ленталармен безендірілген калаф жатқан. Мойнына елікті қуып келе жатқан арыстан бейнелі фигуркалары бар алтын ірі гривна тағылған.

Бас жағында тақта отырған әйел құдайы бейнелі подвескілер, қолында үш пластиналық білезік, моншақтар және 11 сақина жатқан жерінде табылды.

Сонымен қатар бас жақ бөлігінде күміс кубок, қаралакты тостаған мен шыны сосудтер қойылған. Әйелдің сол жақ шығында қола айна қойылған.

Әйелдің оң жағына екі жасарлық бала жерленген. Баланы жерлеу саркофагте орын алған. Баламен бірге гривналар, сырғалар, киімнің бляшкілері, сақина, қолына пластиналық білезік тағылған.

Саркофагқа кішігірім күміс сосудтер: килик, ритон, кубоктер қойылған.

Кішігірім шаруашылық қуыстан қола қазан, сковородка, құрбандық малының сүйектері табылды.

Әйел мен баланы жерлеуде төрт күңнің өлімімен шығарылады. Олардың қабірлері де сол жер төңірегінде орналасқан.

Скиф тайпаларында жерленушінің иелігіндегі меншік адамдар мен малдар және заттарын жерлеу дәстүр салты болған. Зертеушінің қорған материалдарын зерттеу үстінде бұл жерлеу орны мен заттары б. з. д. IV ғ. үшінші ширегімен мерзімделеді.

 

2.2.10  Солоха қорғаны

 

1912 жылдан бастап қазған бұл ескерткішті Н. И. Веселовский болатын.

Қорған Никополь қаласының маңындағы Большая Знаменка селосының жанында Днепр өзенінің солтүстік жағалауында орналасқан. Қорған б. з. д. V ғасырдың аяғы мен IV ғасырдың екінші жартысына жатады.

Солоха қорғанының биіктігі 18 м болып, оның үстіне екі рет топырақ үйіндісі төселген. Оның негізгі орталық қабірі тоналған болып шыққан. Қорғанның жарты үйіндісі материкке дейін жеткенде үлкен қабірдің шұңқырының бедері көрінді, оның көлемі 27 м2 құраған. Қорған екі қабірден тұрған: орталық және жанындағы орналасқан қабір (бүйір жағы).

Орталық қабір вертикальды құдық тәрізді болып солтүстік және оңтүстік камералардан тұрған. Солтүстік камерада жерленген адам сүйегі бар жер тоналған болып шықты. Бірақ қалған мынадай заттар: алтын бляшкілер, үлкен амфора шарапқа арналған және т. б. табылған. Бұл қабірде кім жерленгені белгісіз. Бұдан басқа алтын ине, қола садақ ұштары да табылған.

Екінші камерадан қой және өгіз сүйектері бар қола қазан, дөңгелегі бар тор, ағаш ожау, темір шанышқы, үш амфора, алтынмен жалатылған қола сосуд және кішкентай ағаш үстел табылған екен.

Жанында немесе бүйірінде орналасқан қабірде скиф патшасы жерленген. Ол қорғанның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Кіру шұңқырының тереңдігі 5,4 м болып, үңгіртәріздес камерамен ұзын жерасты дәлізімен байланысқан. Камерада үш қуыс орналасқан. Соның ең үлкенінде негізгі патшаның сүйегі ұзыннан арқасына жатқызылып, басы батысқа қаратылып жерленген.

Бас жағынан ешкі мен бұғының бейнелі бляшкілер және әшекей заттар қойылған. Мойнына алып аяқ жағында арыстандар бейнелері бар алтын гривна тағылған. Оның оң қолына үш, ал сол қолына 2 пластиналық білезік тағылған. Аяқ жағынан көптеген (әртүрлі аңдар бейнелі) алтын бляшкілер табылған.

Патшаның оң жағында алтынмен көмкерілген қылыш қынасымен бірге қойылған. Оң жақ қолының бойында алтықанат жатқан. Басында грек шлемі мен атақты алтын күресіп жатқан скифтер бейнесі бар гребень қойған. Скелеттің жанынан қола садақ ұштары, екінші қылыш, белбеудің қалдығы және темір қабыршықты панцирь табылған (сурет-9).

Жерленген патшаның оң жағына алты күміс амфора, сфинкстер бейнесі бар кубок, алтындатылған ыдыс, кружка тәріздес сосуд сыртында әйел адам гүлдері мен музыкалық аспаптарымен бейнеленген суреті бар.

Қабірдің солтүстік қабырғасында кішкене тереңдету жасалып, ол жерден арыстандар талап жатқан тұяқтылардың суреттері (бейнелері) бар фиала және атақты ұрыс көрінісі бар горит табылған.

Патша жерленген қуыстың оңтүстігінде екінші қуыс орналасқан. Онда аспаздық заттар қойылған. Солардың ішінде жылқы және сиыр сүйектері бар үш қазан, темір шанышқы, мыс ожау бар. Бұл жерде тағы қола тегеш, қола тор ұстайтын жері бар және ритонның күміс ободогы бар.

Камераның солтүстік қабырғасының бойымен патшаға бас жағымен қаратылып қарушықұлдың сүйегі үстіне панцирь киген күйінде жатқан жерінен табылды. Оның қасында қылыш, садақ ұштары, найзаның үш ұшы жатқан.

Дәлізден (коридордан) камераға шыға беріс жерде жас бала күңнің сүйегі қойылған, ал қасына екі темір найза ұшы, садақтары бар зат табылған. Батыс қуыста он амфора қойылған.

Бүйірлі қабірдің қасында бес жылқыға арналған ерекше қабір орны орналасқан. Ал оның шетінде жылқышының жерлеу орны бар. Жылқылар барлық әшекей бұйымдары мен ер-тұрмандарымен жерленген. Жылқышының жанына 11 қола садақ ұшы қойылған.

Дромостан қола шамшырақ, лутерий, үш ұстайтын қолы бар амфора, үш садақ салатын зат, қамшының алтын әшекейлері, қынабы мен сабы алтынмен көмкерілген қылыш, алтын пектораль табылды. Драмосқа кіре беріс жерде көлденеңінен жатқан күңнің сүйегі жатқан.

Орталық қабірге кіретін жерден шығысқа қарай алты жылқы жерленген екі қабір орны орналасқан. Жылқылардың ер-тұрмандары, алтын, күміс, қола заттарымен әшекейленген. Осы қабірлердің маңынан үш жылқышының қабірі табылған.

Солардың біреуінің жанынан алтын гривна, темір білезік, екі пышақ және колчан табылды.

Бүйірінде (жанында) орналасқан.

 

2.2.11 Посулье қорғандары

 

Қорғандар тобы Лубна қаласынан Ромна қаласы аралығына дейінгі жерді алып жатыр. Негізінен Сула өзенінің жағалауында орналасқан.

Сула бойындағы қазба жұмыстары ХІХ ғ. 70 жылдары басталған болатын. Зерттеу жұмыстарына ат салысқан археологтардың қатарында Д. Я. Самоквасов /13/, Н. Е. Бранденбург, В. В. Хвойка, И. А. Линниченко /14/, Н. Е. Макаренколар /15/ бар. Әсіресе үлкен қазба жұмыстарын жүргізген С. А. Мазараки, Ф. И. Каминский, Н. А. Авенариустар болды. Барлығы Посулье некропольдерінен 400-ден аса қорған қазылған.

Посулье ескерткіші Қара теңіз жағалауы бойы ескерткіштерімен салыстырғандағы тең келері жоқ ескерткіштердің бірі.

Солардың ішіндегі белгілі болған қорғандары ескерткіштерін сипаттап көрсетуге болады.

Аксютинцы селосындағы Стайкин Верх шатқалындағы Старшая Могила № 1 қорғанын атап кеткен жөн. Бұл қорған Посулье бойынша ең үлкен қорған. Оның биіктігі 20 м жеткен.

Қорғанның төменгі жағында орлары мен үйінділері бар. Орталық бөлігіндегі үйінді астынан қыш ыдыстың қалдықтары, өгіз бен қой сүйектері шыққан. Қабір шұңқырының көлемі 8,5х5,7х4,25 м. Қабірдің үстіңгі бөлігінен екі қола бір жүзді құрбандық пышақтары шықты.

Шұңқырда төртбұрышты ағаштан (бөренелерден) жасалған қабір орналасқан. Оң жағында бойлай материктік баспалдақ жасалған. Қабірдің ортасында ер адамның сүйегінен қалған аяқ жағы табылған. Скелетті тонаушылар талқандаған. Мәйіт ұзынынан, басы оңтүстікке қаратылып жатқызылған. Онымен бірге, қоладан жасалған қынабы бар акинак, аңшы пышағы болған. Склептің солтүстік қабырғасы жағында ұзындығы 75 см болып келген қылыш, 149 дана қола садақ ұштары, 40 дана темір, 20 дана сүйек садақ ұштары бар горит жатқан.

Оңтүстік-шығыс бұрышында жылқылардың үзеңгілері, ер тұрман жабдықтары табылды. Солтүстік-шығыс бұрышында амфора тұрған. Шығыс қабырғада бұзаудың қабырғалары, доңыздың басы және пышақ жатқан.

Тонаушылардың қазған жерінде жалпақ тесло, темір шеге табылған. Қабір б. з. д. VI екінші ширегіне жатады.

Шумейко хуторы бойындағы қорғанды 1889 ж. С. А. Мазараки қазған. Оның биіктігі 19 м болып келген. Қорған үйіндісі төменгі жағынан өне бойлай орлар мен валдармен қоршалған. Қорған үйінділерінің астынан көмірлер, жануарлар сүйектері, сосудтьердің қалдықтары шықты.

Үлкен жерлеу орнынан (6,4х5х3,5 м) ағаш склеп табылды. Шұңқырдың үсті бөренелермен жабылып, еденіне известь пен қызыл краска себілген. Қабір тоналған. Скелеттен жамбас және аяқ сүйектері қалған.

Жамбас сүйегінің оң жағында алтын оправадағы қынабы мен сабы бар қылыш табылды. Сыртқы бөлігі аң бейнелерінің фигуркаларымен әшекейленген. Қылыштың жанында жылқының бейнесі бар үлкен ірі алтын бляха жатқан.

Қабірдің оңтүстік бөлігінен екі найза ұшы, үш балта табылған. Бұдан басқа осы жерден темір қабыршықты панцирь, құйылған қола өгіз мүсіні (сырты алтынмен қапталған) бар. Қабірдің шығыс қабырғасында жылқылардың үзеңгілері, ауыздықтары және т. б. заттары табылған. Қара түсті сосуд сыртында өрнегі бар және киликтің қалдығы да жерлеу орнынан ашылған. Ескерткіш б. з. д. VI ғ. аяқ кезеңіне жатады.

№ 4 қорған Волковцы селосының маңында орналасып, ескерткіш б. з. д. V ғ. жатады.

Қорғанның биіктігі 7,8 м болып, онда бірнеше қабір орналасқан. Қорғандағы ерекше көзге түсетіні № 4 жерлеу орны. Бұл жерден беделді екі әйелдің сүйегі шықты. Склеп жартылай үйінді астында жартылай жерге кіріп тұрған. Көлемі 5х3,5 м. Жерлеу орнының астына өзен шөгінділері төселген.

Ағаштан жабылған жерден ошақ іздері анықталған. Мәйіттер ұзынынан бастары оңтүстікке қаратылып жерленген.

Шығыс жақтағы скелеттен: бас жағынан сердоликтіден жасалған моншақ әшекей, қол жағынан алтын жалатылған темір білезіктер, аяқ бөлігінен құлақты жануарлардың мүсіні бар құйылған ірі қола білезіктер табылған.

Жамбас сүйегінің сол жағында Афродитаның суреті бар үстағышы бар қола айна жатқан. Оң аяғының жанында екі ұстағышы бар қыш сосудтер қойылған.

Батыс жақтағы скелеттен жұпсыз алтын сырғалар, мойны жағынан моншақ әшекей, ілмектер, көкірегінде бірнеше бляшкілер табылған. Аяғында қола білезіктер жатқан. Көкірегінің сол жағында терракотовый сосуд орын алған.

Скелеттердің бас жағының арасынан тағы бір конустәріздес сырға, ал жамбас жағынан бірнеше шеге тәріздес қола түйрегіштер мен пышақ шыққан.

Шығыс қабырғасынан құйылған 26 тесігі бар қола конус пен 26 дана қола қоңыраулар, жылқылардың әшекей-бұйымдары және т. б. заттар қазу барысында анықталды.

Б. з. д. V ғ. I жартысына жататын керемет ескерткіштердің бірі Аксютинцы селосының маңайындағы Стайкин Верх шатқалында орналасқан № 3 қорғандағы жерлеу орны болып табылады. Қорғанның биіктігі 5,7 м. Қабір үңгімелі. Жерлеу орнында ағаш склеп жасалған (4,4х2,8 м, биіктігі 2,5 м), онда екі адамның сүйегі жерленген. Ер адам шығыс жағында, әйел денесі батыс жағында орналасып, бастары оңтүстікке қаратылған.

Ерге панцирлік жейде кигізілген және бұтында темір қабыршықты шалбар болған.

Басының сол жағында өрнегі бар алтын колчан немесе горит (ішінде 100 дана садақ ұшы болған) орын алған. Аяғының оң жағында безендірілген қылыш, әскери балта, төртқырлы күректәріздес садақ ұшы және пышақ жатқан.

Жылқылардың ер-тұрмандары көбінесе темірден жасалған.

Әйел сүйегінің басына үлкен алып шеге ұрылған. Бас сүйегінің оң жағынан алтын конустәріздес сырға табылған. Басының төңірегінде жатқан жануар бейнесіндегі алтын бляшкілер шашылған күйде кездескен. Омырауында алтын моншақты әшекейлер, алқалар, екі қола алып түйрегіштер болған. Қолдарында алтын білезіктер, аяқтарында алып қола білезіктер кигізілген. Аяғында ұстайтын қол жағында Медуза Горгонаның басының бейнесі бар қола айна жатқан. Осы жерде әктің, қызыл красканың, үш қыш  ұршық, тау хрусталінен жасалған әшекей заттар, сердоликтіден, янтардан, тастан және пастадан жасалған заттар да табылған.

Бұдан басқа қабірден құлағы бар кішкентай қыш сосуд, амфора, жылқының бір бөлігі және пышақ шыққан.

 

 

2.3.Қарапайым скифтердің қорғандары

 

2.3.1 Қаруымен жерленген скифтік әйелдер қорғаны

 

Херсон жеріндегі Берислав ауданының Львово селосынан табылған қорғандардың № 11 қорғанында бес скифтік қабір орналасқан. Қорғанның биіктігі 2,3 м. Солардың ішіндегі негізгі және бір түсірмелі қабір тоналмаған болып шыққан.

Орталық қабір катакомбадағы камерада кіру жеріне параллель орналақсан, тереңдігі 3,6 м. Камераның орталық бөлігінде ағаш носилка (көтермелер) тұрған. Оның үстінде ұзынынан арқасына жатқызылған, басы батысқа қаратылған жас әйелдің мәйіті жатқан. Көтерменің оңтүстік-батыс бұрышында тері қабы бар қола айна шыққан.

Әйел заттарының ішінде қорғасын ұршық алты спицасымен және ағаштан жасалған ине салғыш темір инелері мен бізі бар күйінде табылған.

Әйелдің оң жағында қару-жарақтары: дротик, қола садақ ұшы, сүйек сабы бар пышақ, тас бар. Оң қолының білек жағынан бастап оң аяғының бойымен қойылған екі жасыл бояумен боялған, ұзындығы 1 м болып келген белдіктердің іздері анықталған. Қабірден сонымен қатар канфар, амфора, күміс сосуд, үгітілген қола пластина және жылқының алдыңғы жағының сүйегі мен пышақ табылған еді.

Екінші түсірмелі немесе үңгімелі қабір орталық жерлеу орнынан оңтүстікке қарай каткомбада, тереңдігі 3,5 м болатын көлденең камерада орналасқан. Жас әйелдің мәйіті жатақ-көтермеде, ұзынынан жатқызылып, бас жағы шығысқа қаратылып жерленген. Мойнына қатарлы сақиналы алтын бес ілмек әшекей, екі сердоликті моншақ тағылған. Сол қол жағында үлкен білезік тағылған. Сол қолының саусағында күміс жүзік кигізілген, оның көзі пастадан жасалған. Қабырғалары төңірегінде малта тас жатқан, шамасы ол тұмар болса керек.

Оң қолында рамакасы бар темір білезік, алтын жүзік және сердоликті көзі бар электрлі жүзік кигізілген күйінде табылған. Оң қолының бармақтарына қола айнаның ағаш тұтқасы ұстатылған, оның сырты үшбұрышты сүйектермен безендірілген, Табыт бойынан тері қобдишаға салынған екі жақты гребень (тарақ), сүйек сапты пышақ, сүйектен жасалған заттар, гректік қара лакті ыдыс шыққан. Аяғының сол жағынан ошақтық пружиналы қысқыш жатқан жерінде алынған. Иығының оң жағынан қола садақ ұшы, ал сол жақ қабырғадан екі дротик және тоғыз қола пластиналармен қапталған тері зат жатқан жерінен табылды. Камераға кіре беріс жерден астиномдық дақ салынған амфора жатқан.

Ер адамның аяқ жағында көлденеңінен басы батысқа қаратылып, арқасына жатқызылып жерленген жас әйелдің сүйегі табылған. Онымен бірге алтын ілмектері бар сақина сияқты күміс сырғалар болған. Көкірек жағында немесе омырауында кішкентай алтын бляшкілер мен пасталық моншақтардың шашындысы шыққан.

Екі қолының бас жақтары алтын және күміс бляшкілермен, электрлік ілмектермен және пасталық моншақтармен қапталған. Сол қолының саусағында бір, оң қолының саусағында жалпақ екі сақина болған.

Бас сүйегінің оң жағында қола айна мен тас тұмар жатқан. Ал сол жақ иығы жанынан үш қыш ұршық шыққан.

Сол жақ қол жағында қызыл лакты тостаған қойылған екен. Найзалар мен дротиктердің ұштары әйел аяғына көлденең жатыр.

Жерлеу камерасына кіре беріс жерден құрбандыққа шалынған жылқының сүйегі, пышақ, қой сүйектері бар қола қазан және темір ожау табылған. Жерленген әйел ер адамның соңғы жас әйелі болса керек. Қорғандағы үшінші қабір қорғанның солтүстік бөлігінде онша тереңдеу емес шұңқырда орналасқан. Қабірде ұзынынан созылып арқасына жатқызылып, басы батысқа қаратылған ер адамның сүйегі орналасқан. Онымен бірге пасталық моншақ пен екі садақ ұшы табылған. Үш қабір де бір тізбектің бойында жерленген екен.

Камераның оңтүстік қабырғасында өрнегі бар гректік қола ыдыс тұрған. Осы жерде ағаш табақта жылқының жауырыны, қабырғалары және алдыңғы аяқтың бір бөлігінің сүйектері мен сүйек сабы бар пышақ қойылған.

 

  • Скиф әйелдерінің сиқыршыларының қорғандары

 

Малая өзені бойындағы Троицкое селосы жанында осындай бір қорғандар тобынан табылған № 2 қорған осындай әйелдердің жерлеу орны болып табылады. Қабір қола дәуірі қорғанының үстіне салынған. Жерленген әйел шұңқыр қабірде жерленген. Жиырма бес жасарлық әйел кішігірім бүгілген аяқтарымен және денесі бүгіліп, сол жағына жатқызылып, басы оңтүстік-батыс жаққа қаратылып жерленген екен.

Қарапайым заттармен қатар (моншақтар, айналар, қой сүйегі, сосуд) аяқ жағынан шамамен дорбаға салынған заттар үйінділерінің жиынтығы табылған. Олардың ішінде: темір шлактың бір бөлшегі, тесігі бар грек сосудының сынығы, садақ ұшы, кремнийлік жаңқа, грузило, тасшық бар. Бұл заттар жобасы сиқырлық мақсаттарда пайдаланылса керек.

Әйел адамның аяқ жағында көлденеңінен басы батысқа қаратылып, арқасына жатқызылып жерленген жас әйелдің сүйегі табылған. Онымен бірге алтын ілмектері бар сақина сияқты күміс сырғалар болған. Көкірек жағында немесе омырауында кішкентай алтын бляшкілер мен пасталық моншақтардың шашындысы шыққан.

Екі қолының бас жақтары алтын және күміс бляшкілермен, электрлік ілмектермен және пасталық моншақтармен қапталған. Сол қолының саусағында бір, оң қолының саусағында жалпақ екі сақина болған.

Бас сүйегінің оң жағында қола айна мен тас тұмар жатқан. Ал сол жақ иығы жанынан үш қыш ұршық шыққан.

Сол жақ қол жағында қызыл лакты тостаған қойылған екен. Найзалар мен дротиктердің ұштары әйел аяғына көлденең жатыр.

Жерлеу камерасына кіре беріс жерден құрбандыққа шалынған жылқының сүйегі, пышақ, қой сүйектері бар қола қазан және темір ожау табылған. Жерленген әйел әйел адамның соңғы жас әйелі болса керек. Қорғандағы үшінші қабір қорғанның солтүстік бөлігінде онша тереңдеу емес шұңқырда орналасқан. Қабірде ұзынынан созылып арқасына жатқызылып, басы батысқа қаратылған ер адамның сүйегі орналасқан. Онымен бірге пасталық моншақ пен екі садақ ұшы табылған. Үш қабір де бір тізбектің бойында жерленген екен.

 

2.3.3 Скифтердің бойжеткендерінің қабірі

 

Херсонадағы Балтазарвока селосының маңындағы № 4 қорғандағы № 2 үңгімелі қабірден бойжеткеннің жерлеу орны шыққан. Ол дромос пен камерасы бар катакомбада кіре беріс жерге параллель, ұзынынан басы батысқа қаратылып жатқан. Қабір тереңдігі 2,45 м. Басының сол жағында иілген моншағы бар сырға, сол жақ аяғы жанынан сүйек варварка мен 14 дана садақ ұшы бар қолчан, оң қолының шынтағы сойынан екі бөлік смола, ал басының ар жағында пышақ пен өгіздің сүйегі жатқан.

 

 

 

  • Скифтердің жанұялық жерлеу орындары

 

Красный Подол селосының жанындағы № 2 қорғанды 1974 ж. А. И. Куйбышев басқарған Херсон экспедициясы қазған. Оның биіктігі 1,25 м. Орталық катакомбаның тереңдігі 5,2 м болып, кіру жерге параллель орналасқан камерасы болған. Кіре беріс шұңқырға скифтіс тас стелла тасталған. Камераның ортаңғы бөлігінде ағаш жатақ-көтергіште 19-21 жастағы ер адамның скелеті жатқан. Оның басы клевец деген құралмен тесілген.

Жерленген адам қабыршықты панцирь мен темір қабыршықтардан жасалған шалбарда жатқан. Оң жағында қабыршықты темір қақпаны жатса, қақпанның үстінде найза мен дротиктің ұштары орналасып астында әскери балта болған.

Сол аяғының тізесінің жанында свинцовая булава жатқан. Камераның толтырмаларының ішінен акинактың фрагменті, 18 дана қола садақ ұшы, қола ворварка, шіріген ағаш ыдыс. Бұдан басқа солтүстік-батыс бөлігінде бес тас орын алған.

Әшекей бұйымдардан өліктің жанынан 15 дана алтын бляшкі табылған. Шығыс қабырғасында қола қазан қой сүйектерімен тұрған. Камераның түбінен дөңгелек шұңқыр болып келген тайник ашылды. Одан сырты тегіс күміс кубок шықты.

Кіргізілетін молада ол орталықтан солтүстікке таман орналасқан. Конструкциясы ер адамның қабірі сияқты, бірақ камера оңтүстікке қаратылған. Камераның ортасында ағаш табытта басы батысқа қаратылған жасы келген әйелдің скелеті табылған. Тереңдігі камераның тереңдігі 5,4 м. Басынан арыақ жерден қола айна, қара канфардың төменгі бөлігі, ал сол жақ иығынан темір білезік және қыш ұршық табылған.

Камерада бұдан басқа ағаш тостағанға салынға жылқы сүйектері мен пышақ та табылған.

Қабірдегі жас әскери жауынгер шайқаста қайтыс болып толық әскери киімімен жерленген. Біраз жыл өткеннен кейін осы қорғанға оның әйелі жерленсе керек.

 

  • Коллективтік жерлеу қорғандары

 

Орджоникидзе (Грузия) қаласының бұрынғы экскаватор паркі жанындағы Страшная Могила қорған тобының үш скифтік жерлеу орны қазылған. Қорғанның биіктігі 2,5 м. Орталық катакомба тоналған болып шықты. Екіншісі қорғанның оңтүстік бөлігінде орналасып тоналмаған күйінде сақталған.

Кіру шұңқырының тереңдігі 6 м. Камераға 2,3 м болатын драмос апарады. Камерада жауынгер және оның шығарып салатын ол дүниеге әйел сүйегі табылды.

Ер адам арқасында ұзынынан сазылып, ірі денелі болып келіп, камераның шығыс қабырғасы бойында басы солтүстікке қаратылған күйінде ашылған. Жасы 40-тан асқан.

Мойын омыртқасында садақ ұшы қадалып қалған. Өліктің беліне алтын жалатылған 115 күміс пластинкалардан тігілген белбеу кигізілген. Белбеудің сол жағында горит ілуге арналған төртбұрышты және кесіндісі бар пластинка жатқан. Осы жерден гориттің шірігеннен қалған жері мен оған салынған ұзындығы 50 см болатын 185 дана садақ шыққан. Қару-жарақ қатарынан клин тәріздес балта, екі дротик, ұзындығы 3 м болып келген найза бар.

Ер адамның аяқ жағында көлденеңінен басы батысқа қаратылып, арқасына жатқызылып жерленген жас әйелдің сүйегі табылған. Онымен бірге алтын ілмектері бар сақина сияқты күміс сырғалар болған. Көкірек жағында немесе омырауында кішкентай алтын бляшкілер мен пасталық моншақтардың шашындысы шыққан.

Екі қолының бас жақтары алтын және күміс бляшкілермен, электрлік ілмектермен және пасталық моншақтармен қапталған. Сол қолының саусағында бір, оң қолының саусағында жалпақ екі сақина болған.

Бас сүйегінің оң жағында қола айна мен тас тұмар жатқан. Ал сол жақ иығы жанынан үш қыш ұршық шыққан.

Сол жақ қол жағында қызыл лакты тостаған қойылған екен. Найзалар мен дротиктердің ұштары әйел аяғына көлденең жатыр.

Жерлеу камерасына кіре беріс жерден құрбандыққа шалынған жылқының сүйегі, пышақ, қой сүйектері бар қола қазан және темір ожау табылған. Жерленген әйел ер адамның соңғы жас әйелі болса керек. Қорғандағы үшінші қабір қорғанның солтүстік бөлігінде онша тереңдеу емес шұңқырда орналасқан. Қабірде ұзынынан созылып арқасына жатқызылып, басы батысқа қаратылған ер адамның сүйегі орналасқан. Онымен бірге пасталық моншақ пен екі садақ ұшы табылған. Үш қабір де бір тізбектің бойында жерленген екен.

Үшінші қабірдегі адам осылардың күңі болса керек. Бірақ та б. з. д. IV ғғ. әлі де болса күйеуімен бірге міндетті түрде әйелін де күшпен өлтіріп жерлеу дәстүрі сақталып қалса керек.

 

 

  • Жауынгер скифтердің жеке дара жерлеу қорғандары

 

Классикалық жерлеу орны скиф жауынгерінің ол Гайманова поля қорғандарындағы № 1 қорғандағы жерлеу қабірі болып саналады. Қорғанның биіктігі 1 м. Камерада параллель жатқан кіру шұңқырында жасы 30-дар шамасындағы, ұзынынан жатқызылған, басы оңтүстік- шығысқа қаратылған ер адамның сүйегі табылған. Оның сол жағынан темір қылым, ал оның үстінен 110 дана қола садақ ұштары, бір темір және бір сүйек садақ ұштары салынған горит шықты. Оң жағында қабырға бойында екі найза ұшы, ал бас жағынан құрбандық малының сүйегі мен пышақ салынған ағаш тостаған табылды.

 

  • Скифтік әйелдердің жеке-дара жерлеу қорғандары

 

№ 3 қорғанның № 7 жерлеу қабірінде скифтік әйел қола дәуірі қорғанында жерленген болатын. Ескерткіш Кут селосының маңында орналасқан. Жерлеу камералы катакомбада басы оңтүстік батысқа қаратылып жерленген. Бас жағының екі жағында үйкелген қалач тәріздес екі алтын сырға, мойнында 41 дана шар тәріздес моншақтар болған.

Оң қолының бойында қола проволкалы білезік, ал сол қолында осындай бірақ темір білезік тағылған. Жерлеу қабірінен бұдан басқа қыш ұршық, ағаш ыдыстың қалдығы.

Ыдыстың ішінде темір білезік пен қызыл красканың бір түйіршігі жатқан. Басынан ары таман жерде құрбандық малының сүйектері салынған поднос табылған.

Жылқылардың ер-тұрмандары көбінесе темірден жасалған.

Әйел сүйегінің басына үлкен алып шеге ұрылған. Бас сүйегінің оң жағынан алтын конустәріздес сырға табылған. Басының төңірегінде жатқан жануар бейнесіндегі алтын бляшкілер шашылған күйде кездескен. Омырауында алтын моншақты әшекейлер, алқалар, екі қола алып түйрегіштер болған. Қолдарында алтын білезіктер, аяқтарында алып қола білезіктер кигізілген. Аяғында ұстайтын қол жағында Медуза Горгонаның басының бейнесі бар қола айна жатқан. Осы жерде әктің, қызыл красканың, үш қыш  ұршық, тау хрусталінен жасалған әшекей заттар, сердоликтіден, янтардан, тастан және пастадан жасалған заттар да табылған.

 

  • Балаларымен жерленген әйелдердің қорғандары

 

Орджоникидзе қаласындағы орналасқан № 12 қорғандағы (биіктігі 0,8 м) көлденеңді катакомбада оның ортаңғы жағында тонаушылар мазалаған басы оңтүстік-батысқа қаратылған, ұзынынан жатқызылған әйел адамының қабірі табылған. Оның жанына қойылған қола айнаның темір сабы бар қалдықтары, екі темір білезік қойылған. Оң аяқ жағында қатарымен бастары оңтүстік-батысқа қаратылған 5-7 жас аралығындағы екі баланың сүйектері жерленген. Шамамен олар егіз болса керек. Сол жақтағы балада проволкалы қоладан жасалған сырға трапеция тәріздес ілгелі бар, ал оң жақтағы баланың қолынан ірі моншақтар, оң қол жағының басында кішкентай моншақтардан тұратын білезік табылған. Камерадан сонымен қатар қыш ұршық, амфораның қабырғасының бөліндісінен жасалған кішігірім трапециялық бұйым заты, қола сақина, пышақ, өгіз сүйектері шықты.

 

 

  • Скифтердің рухани мәдениеті

 

Скифтердің пайда болуы жөнінд әртүрлі мифтер бар. Солардың бірі олардың негізін қалаушы үш ағайынды туралы аңыз. Бізге скифтердің түп тамырының негізін қалаушы Тарғытай да белгілі болса да оны гректер аңыздарының бір вариантында өздерінің Гераклына айналдырып жіберген.

Атей патша скиф тайпаларын біріктірген кезде өздерінің генеалогиялық жолдарын мисін, бейне, суреттегі эпизодтар бойынша өздерінің әшекей-бұйымдары мен заттарының сыртында көрсетуге тырысқан.

Эпостардан басқа скифтер туралы ертегілер де орын алған. Солардың арасында сауда жолы соңында мекен еткен алтын қорғайтын грифондар, оларды ұрлайтын аримаспілер, әйел аурулары және т. б. бар.

Скифтердің жаугершілік өмірі олардың аң стилінде бейнеленген. Аң стилі туралы сөз Ольвия қаласындағы Скил патшасының сарайы туралы айтылады. Бұл ғимарат сфинкстер мен грифондардың бейнелерімен безендірілген.

Скифтердің құдайлары туралы грек жазушыларында өте аз мәлімет бар. Соның бірі Геродот. Ол скиф құдайларына атау беріп, грек құдайларының анықтамасымен береді. Бәрінен де бұрын көп сиынатыны скифтердің Табити, Грек құдайшасы Гестиядай ошақ патшасы деп атайды. Папая құдайын Зевске теңейді. Оның жұбайы Гея (Жер) скифтерде Апи деп атау алған. Скифтік Гойтосир гректік Аполлонға сәйкестендіріледі.

Аргимпаса – көк аспан құдайы Афродитаға теңестіріледі. Скифтік Тарғытай гректің Геракліне сәйкестендіріліп, тұқым құдайы деген мағынада қолданылған. Арей деген атау (құдай) – қылыш акинакпен байланыстырылады.

Үш ағайынды рубасылардың скифтердің негізін қалаушы дейтін аңыздан басқа олардың жылан аяқты аналары туралы аңыз да бар.

Скифтер қару-жарақтары мен мініп жүрген аттарын аң бейнелерімен безендіруді жақсы көрген. Сондай-ақ алар аң стилін өздерінің киім-кешектеріне тігілген салынған сурет-бейнелерде де пайдаланған.

Гойтосирмен жылқы, бүркіт, грифон байланыстырылған. Ол соларға қолғабыс жасайтын, қолқанатының астына алатын құдай саналған.

Апи қой, елік және т. б. жабайы аңдар осы құдаймен бйланыстырылады. Апи жануарлардың құдайы, жанашыры ретінде көріне керек.

Скифтер құдайларға арнап мал құрбандық шалған (сурет-10). Алдымен малдың алдыңғы екі аяғын байлап, оны жіппен арт жағынан тартып тұрады. Содан соң жіпті тарты малды жерге құлатады. Мал жерге құлағанда ол құрабандық құдайға арнап сөз айтып, содан кейін малдың басына арқан салып құрықтап, оның арасына таяқ салып малды тұңшықтырады. Тұншықтырған адам кейін малды сойып, терісін сыдырған соң құрбандық шалу етін асуға кіріседі.

Құрбандық шалуда соғыс құдайы Ареске арналған құрбандық дәстүрі ерекшеленеді.

Тал шыбықтарынан үйінділер жасап, үсті төрт-бұрышты сияқты тегістеледі. Қорғанның үш жағы еңістеу жасалып, ал бір жағынан жақындап келу үшін жасалған. Жыл сайын 100-ден аса арба шыбық әкелініп үйіледі.

Әр осындай қорғанда ескі қылыш қадалған. Ол сол Арестің алға (бетке) ұстары болған (сурет-11). Осы қылышқа жыл сайын ірі қара және жылқыларды құрбандық шалады. Осы құдайға арнап ең көп мал құрбандыққа шалынады. Сонымен қатар тұтқынға түскен әр жүзінші тұтқын құрбандыққа шалынған. Тұтқынның басына вино құйылып, олардың басы сосудтың үстінде шабылып, сол аққан қанды қылыштың үстіне құйып ағызады. Басы шабылған адамдардың оң қолы иығымен шабылып, олар аспанға лақтырылып тасталады. Шабылған қол түскен жерде, денесі шабылған жерде қалады. Бұл дәстүр жылдан жылға қайталанып отырған. Сонымен қатар скифтер отқа, аспанға, өздерінің аңыздық құдайларына табынып құлшылық еткен.Құлдар қатарына көп жағдайда өздерінің скифтерінің соғыста түскен жауынгерлерін айналдырған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

       Скифтер ескерткішінің материалдық және рухани мәдениеттеріне зер сала отырып олардың скиф-мәдени типіне біріктірілетін тарихи-мәдени қауымдастықтықтың бір бөлігі болғандығын байқауға болады. Соңғы жылдарғы Алтай, Тува, Қазақстан жеріндегі ашылып жатқан ескерткіштер бұл мәселе төңірегінде туындайтын сақтарға біршама толыққанды жауап беруде.

       Скифия  материалында Кавказ, Тува, Қырым, Украйна, Кавказ бойы, Далалық Азов бойы, Қара теңіз бойы жерлері ескерткіштері қамтылды. Скифтік мәдениеттің таралу аймағы Қара теңіздіңсолтүстік бойынан Монғолияға дейінгі жерлерге жеткен.

       Қазіргі кезде скифтердің алғашқы қоныстану немесе пайда болу отанын көрсетіп беру әлі де болса қиындық тудыруда.

       Скиф тайпалық бірлестігінің жерлеу қабірлерінде патша қорғандары, ақсүйектер, қолбасшылар, әйелдер, жасөспірімдер қабірлері болған.

Көшпенді скифтердің қорғандарын зерттеу олардың скиф қоғамының құрылымын, қоғамдық қатынастарын, тұрмыс-тіршілігі жөнінде мәліметтер береді.

Жерлеу дәстүрі мен құрбандық шалу жағдайы жерленушінің сол тайпа арасында алатын орны мен жағдайына байланысты болған. Көп жағдайда ауқатты скифтердің қабірлерінде өздерімен бірге әйелдері, жылқышылары, құлдары мен күңдері және жылқылары жерленген.

Қорғандар топырақ пен тас үйінділерімен, тастармен үйіліп, ішінде бөренелерден камералар жасалып, шұңқырда табытта жерленген.

Қабірге жерленген скифтер барлық заттарымен жерленіп, олардың қасына қойылған қымбат әшекейлермен көзге түскен. Әйелдердің скиф қоғамындағы алатын орны жәйлі әлі де болса толыққанды тұжырым жоқ. Скифтердің негізгі баю көзі соғыс,жаугершілік сыртқы саясат болса керек.

Скиф қоғамында әлеуметтік-мүліктік теңсіздік архаикалық заманнан бастау алған. Бұл жағдай олардың қорғандарынан байқалады.

Скифтер ежелгі гректермен тығыз байланыста болған. Өздерінің негізгі мекен еткен жеріне киммерийліктерді талқандағаннан кейін ғана орналасқан.

Сонымен қатар Скифтерге Кавказ, Украина, Қырым жерлері де енген еді. Осындай үлкен конференциялық бірлестігі өздерінің мәдениеттері жөніндегі деректі қорғандар, қалалар ескерткіштері ретінде қалдырған.

Жерлеу ғұрыптарында олардың алып жатқан территорияларынан табылған дүние жүзіне әйгілі болған қорғандар, қалалар, қоныстар табылған

Солтүстік Қара теңіз жағалауының скифтері мемлекет құрып, бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, тарихта жеңілмейтін халық ретінде енген. Скифтер мен Киммериийліктер Шығыс Европадағы болып алдыңғы Азия халықтарымен байланыста түскен халықтар.

Көшпенді скифтермен қатар скифтер-егіншілер мен скифтер жер-жыртушы еңбекшілер де болған. Бұл тайпалар көбінесе құрбандық шалуда құрбандыққа заттар, қыш ыдыстар, арнаған.олардың мекен еткен қоныстары мен қалалары болған. Бірақ та бәрін біріктіретін өздерінің ортақ патшасы болған. Ежелгі герктер сияқты скифтердің сиынатын құдайлары, өзіндік мәдениет өнері қалыптасқан. Сол жағдайлардың бәрін скифтер өздерінің тұрмысындағы тіршілікте, заттарды көрсетуге тырысқан. Ол әшекей мен қару-жарақтардағы, күміс,алтын,қыш тостағандардағы жануарлар, аңдар, құдайлар бейнелері, шайқас көрінісі, тұрмыс сәті және т.б. жағдайларды жақсы көрсете білген. Әсіресе скифтердің нақты адам түрі мен скифтік-сібірлік аң стилін ерекше айтқан жөн. Осы екі тақырыптағы сурет-мүсін бейнелері көптеген скиф тайпалары мәдениетінің ортақ белгісі болып табылады.

Олардың қалаларының өзі бір архитектуралық ескерткіштер болып саналады. Тек бір ғана қабырғаларының қалыңдығының өзі 3,5 м. асқан. Ғимарат-сарайы болған екен. Б.з.д. IV ғ. Скифтер патшасы Атей басшылық еткен әскерлер батыста жатқан Фракиялықтармен соғыста, әсіресе Филип Македонскиймен соғыс жағдайларында жеңіліске ұшырап, б.з.д. III ғ. Соғыс пен ішкі тартыс нәтижесінде скифтер тарихи аренадан түсіп қалды. Сөйтіп Қырымда және төменгі Днепрде қалған скифтер кіші скифияны құрды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

 

 

ОАК-Отчет археологический комиссии

ВДИ- Вестник древней истории

КСИА-Краткие сообщение института археологии

МИА-Материалы и исследования по археологии

СА-Советская археология

ЗООИД-Записки Одесского общества истории и древностеи

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Забелин И.Е. Древности Геродотовой Скифий.-СПб., 1868.
  2. Артамонов М.И. Скифское царство в Крыму.//ВДИ,-№ 8,1948.
  3. Шилов В.П. Раскопки Елизаветского могильника в1959 г. //-СА.,-№1.1961.
  4. Граков Б.Н. Каменское городище на Днепре. //-МИА.,-№36,1954.
  5. Грязнов М.П. Первый Пазырыкский курган. –Л.,1950.-245с.
  6. Техов Б.В. Раскопкий Тлийского могильника в 1960 г.//-СА.,-№10,1963.
  7. Минаева Т.М. Археологические материалы скифского времени в Ставропольском краевом музее.//Материалы по изучению Ставропольского края. –Ставрополь.-вып.8.1956.
  8. Мозолевский Б.М. Товства Могила. –Киев.1979.-248с.
  9. М.П.Грязнов Аржан царский курган раннескифского времени.-Л.,1980.-61с.
  • Шульц П. Мавзолей Неаполя Скифского.-М.,1953.
  • Тереножкин А.И. Скифский курган в г. Мелитополе.//-КСИА АН УССР,-вып.5.1955.
  • Ростовцев М.И. Скифия и Боспор. –Л.,1925.-621с.
  • Самоквасов Д.Я. Могилы русской земли.-М.,1908.-103с.
  • Линниченко И.А. О новейших раскопках В.В.Хвойка.//-ЗООИД,1901.-22 т.
  • Макаренко Н.Е. Отчет об археологических исследованиях в Полтавской губерний.//-ИАК,1907.-вып. 22.