83 жастағы студент Ақтөбе университетінде ағылшын және IT-технологияларды оқиды

Зауза Молдабаева «Күміс университет» жобасы бойынша оқиды. Бұл бағдарламада 50 және одан жоғары жастағы аймақ тұрғындары курстардан өте алады деп хабарлайды altyn-orda.kz
Жоба 2021 жылдан бастап жүзеге асырылуда, осы уақыт ішінде 300-ден астам адам оқудан өтті. Бүгінде 50 адам оқиды, екі айда олар жаңа білім алады, содан кейін оларға сертификаттар беріледі.
Жасына қарамастан Зауза Молдабаева оқуға ешқашан кеш емес деп санайды.
