“Менімен күрескенше, әлімжеттікпен күресіңдер“. Журналистке әскерилер “шабуыл жасады“

“Көреміз” бағдарламасының журналисі Руслан Есмағамбетовке әлеуметтік желідегі әскерилер “шабуыл жасады”, – деп хабарлайды          Altyn-orda.kz      Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып .

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Әскерилердің әлеуметтік желідегі шабуылына себеп болған – журналистің “Әскерге бару – міндет, алайда қазір індетке айналып бара жатыр” деп басталатын әскер туралы видеосы. 

“Менің парақшама “әскерилер шабуыл” жасап жатыр! Менімен күрескенше, әлімжеттікпен күрессеңіздерші”, – деп жазды журналист желідегі парақшасында әскерилердің жазған қарсы пікірлерін жариялап. 

Әскерилерге ұнамай қалған Руслан Есмағамбетовтің видеосының мазмұны мынадай:

“Соңғы үш жылда 270 әскери қызметкер қаза тапқан. Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Қазақстан жауынгерлерінің кейінгі жылдардағы өлім-жітімі туралы статистиканы жариялады. Мәселен, 2020 жылдан бастап 270 әскери қызметші қайтыс болған. Оның ішінде 2020 жылы – 78, 2021 жылы – 96, 2022 жылы – 85, 2023 жылы 11 әскери адам көз жұмған.
– Өлім жағдайларының ең көп тараған себебінің бірі ауырып қайтыс болу – 36%, жол-көлік оқиғалары салдарынан көз жұматындар – 24% және өз-өзіне қол жұмсау бойынша 20%-ды құрап отыр. Соның ішінде суицид жағдайы бүгінгі күні бәрімізді алаңдатады, – дейді әскери прокурордың орынбасары. Әскердегі әлімжеттікті түп тамырымен жоймасақ, әлімжеттік жас балаларды тамырымен жою мүмкін…”