1991 жылдан бері бір миллионнан астам қазақ тарихи отанына оралды: олардың қай өңірлерге қоныстанғаны белгілі болды

1991 жылдан бері бір миллионнан астам қазақ тарихи отанына оралды: олар кімдер, қайдан келді және қай өңірлерге қоныстанады ?

1990 жылдардың басынан бастап Қазақстан әртүрлі елдерден тарихи отанына оралған 1 миллион 151 мыңнан астам этникалық қазақты қабылдады. Тек 2025 жылдың өзінде қандас мәртебесін 3 203 адам алды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

📸 Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қандастар қайдан оралуда? Мәліметтерге сәйкес, репатрианттардың негізгі бөлігі келесі елдерден:

  • Қытайдан – 48,1%,

  • Өзбекстаннан – 39,5%,

  • Түрікменстаннан – 5,8%,

  • Моңғолиядан – 2,5%,

  • Ресейден – 1,9%,

  • Басқа елдерден – 2,2%.

Қазіргі қандастар кімдер? 2025 жылғы 1 сәуірдегі деректер бойынша оралғандардың құрамы:

  • 60,7% — еңбекке қабілетті жастағылар,

  • 31,1% — кәмелетке толмағандар,

  • 8,2% — зейнеткерлер.

Қандастардың білімі:

  • 17,9% — жоғары білімді,

  • 27,8% — арнаулы орта білімді,

  • 52,9% — жалпы орта білімді,

  • 1,4% — білімі жоқ.

Қайда қоныстануда: қоныстану өңірлері Қандастар үшін басымдық берілетін еңбек күші жетіспейтін өңірлер:

  • Ақмола,

  • Абай,

  • Қостанай,

  • Павлодар,

  • Атырау,

  • Батыс Қазақстан,

  • Шығыс Қазақстан,

  • Солтүстік Қазақстан.

2025 жылға осы өңірлерге 2 309 адамға квота қарастырылған.

Мемлекет не ұсынады? Басым өңірлерге қоныс аударатындар үшін қолдау шаралары бар:

  • Көшуге арналған субсидия: әр отбасы мүшесіне 70 АЕК (шамамен 275 200 теңге);

  • Тұрғын үй жалдау және коммуналдық қызметтер үшін өтемақы: айына 15-тен 30 АЕК-ке дейін (шамамен 59 000 – 118 000 теңге), бір жыл мерзімге.

Жаңа шектеулер Министрлік қандастар мен ішкі көшіп келушілерге олар қоныстандырылған өңірлерден тыс жерде жұмыс істеуге тыйым салынғанын еске салды.