Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында төрт алтын жеңіп алды

Солтүстік Македонияда өткен жасөспірімдерге арналған Балқан математикалық олимпиадасында (JBMO) Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке жетті. Біздің оқушылар төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алып, ел тарихындағы ең үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Командалық есепте Қазақстан 24 елдің ішінде екінші орын алды.
Алтын медаль иегерлері:
-
Ануар Ағыбаев
-
Александр Олейников
-
Жәңгір Булат
-
Батырхан Бейғанов
Күміс медальді Нұртай Мәлік, қола медальді Мирас Кеңесбек иеленді.
Команда жаттықтырушылары — Сергей Полянских пен Перизат Сәутбекова.
JBMO (Junior Balkan Mathematical Olympiad) — 16 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған беделді халықаралық олимпиада. Қазақстан бұл жарысқа 2004 жылдан бері қатысып, дәстүрлі түрде көшбасшы елдер қатарында келеді.
Жеңімпаздарды, жаттықтырушыларды және осы жетістікке үлес қосқан барша азаматтарды құттықтаймыз! Халықаралық аренада бұдан да биік белестерді бағындыруды тілейміз.
Altyn-orda.kz
