Ұлытауда бүкіл бір ауыл бие сүтін сатып кәсіптерін дөңелетіп отыр

Ұлытау облысындағы Ералиева ауылы қымыз өндірудің нағыз орталығына айналды.
Мұнда екі мыңнан сәл ғана асатын халық тұрады, бірақ жұмыссыздар жоқ.
Әрбір үй қымыз өндірумен айналысып, дәстүрлі кәсіпті тұрақты отбасылық бизнеске айналдырған, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
📷 Фото: 24.kz
Жаңаарқа ауданына қарасты бұл ауылда жүз мыңға жуық жылқы бар.
Соның бестен бірі — Ералиевада. Мұнда әр үйде жылқы ұсталады. Көктемде ауыл «қымыз астанасына» айналады: ұлттық сусын дайындалып, шайқалып, салқындатылып, Астана, Қарағанды, Жезқазған секілді қалаларға партиямен жөнелтіледі.
«Бұрын көшемізде бір-ақ айғыр болатын. Қазір көпшіліктің үш-төрт табыны бар. Қымызды бәрі дерлік жасайды», — дейді ауыл тұрғыны Шубай Нұржанбаев.
Берден Жұмабаев күн сайын шамамен 100 литр қымыз сатады.
Көктемде сұраныс айтарлықтай артады — сатып алушылар кезекке тұрады.
«Көктемдегі түрлі шөппен қоректенген кезде сүт өте нәрлі болады. Бізде алдын ала тапсырыс беретін тұрақты клиенттер бар», — дейді ол.
Әр отбасының өз рецепті бар. Бірі хош иіс беру үшін таволга қосса, енді бірі сары май қосады. Ең бастысы — сапа. Шолпан Сабырбаева қымызды жарнамасыз-ақ сатады — тек ауыздан-ауызға тарап кеткен жақсы пікірлердің арқасында.
«Сүтті таңертең және кешке мың рет шайқаймыз. Содан кейін салқындатамыз. Дәмі керемет, қанық сусын шығады», — дейді ол.
Ауылда жүмыссыздық жоқ
Төрт жыл бұрын Ералиева Қазақстанның үздік отыз ауылына енген.
Бүгінде бұл елді мекен — дәстүр мен шағын бизнестің өңірлік экономиканы қалай дамыта алатынына нақты мысал.
Ауылдағы барлық ересек тұрғындар —жылқышы , қымыз өңдеуші немесе логистика саласында еңбек етеді.
Қымыз — тек ұлттық сусын емес, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатының негізігі көзі

Соңғы жаңалықтар
-
Ұлытауда бүкіл бір ауыл бие ...
15.07.2025, 11:22 -
Қазақстанда қайтарылған активтер есебінен 400-ден астам нысан салынуда
15.07.2025, 10:47 -
Трамп мұнайдың бағасын $70-тан төменге түсірді
15.07.2025, 10:37 -
Мұрат Есжан: Қазақша субтитрлер тек көзбояушылық үшін жасалады
14.07.2025, 17:43 -
Алмагүл Батталиева «Славян базарында» Гран-при иегері атанды.
14.07.2025, 17:29
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru