«Сен қазақ емессің, өзбек қызсың»: Астана автобусында жас қыз бен қарт адамдар арасында жанжал шықты (ВИДЕО

Интернетте автобус ішіндегі қарт адамдар мен жас қыз арасындағы жанжалдың видеосы жарияланды. Кадрдан қарт ер адамның қызға: «Сен қазақ емессің, өзбек қызсың» деген сөзі естіледі. Қыз болса: «Мен қазақпын» деп жауап береді.

Осы сәтте жанжалға араласқан қарт әйел дау шығарып, қолын көтере бастайды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сүйенсек, жанжалға себеп – екі қарияның жүргізушіден аялдамада емес жерде тоқтауды сұрауы болған. Жүргізуші бұл өтініштен бас тартқан.

Соған қарамастан, қарттар өз дегенінен қайтпаған. Осы сәтте жас қыз жүргізушіні жақтап, қариялармен сөз таластыра бастайды.