Степногорск қаласында жаңа жылдық шара кезінде Аяз ата мен Ақшақардың бейнесі көпшіліктің көңілінен шықпады.

Фото: halyqstan.kz
Степногорск қаласында жаңа жылдық шара кезінде Аяз ата мен Ақшақардың бейнесі көпшіліктің көңілінен шықпады.
Мерекеге келген тұрғындар олардың сырт келбеті дәстүрлі образға ұқсамайтынын айтып, әлеуметтік желілерде сын пікірлер қалдырды.
Әсіресе ата-аналар костюмдер мен бет әрлеу балаларға арналған мерекеге сай емес деп есептейді. Кейбіреулер мұндай бейне балаларға қуаныштың орнына қорқыныш силауы мүмкін екенін жазды. Осыдан кейін бұл жағдай қала тұрғындары арасында қызу талқылана бастады.
Сонымен қатар, бұл мәселеге сабырмен қарау керек деген пікірлер де бар. Кей адамдар мұны ұйымдастырудағы олқылық деп қабылдап, бастысы – мерекелік көңіл күй мен ниет екенін алға тартты.
Оқиға Степногорскідегі жаңа жылдық шаралардың қалай ұйымдастырылатынына назар аудартты және болашақта мұндай мерекелерге мұқият дайындалу керектігін көрсетті.
Соңғы жаңалықтар
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru










