Мәсімов, Бишімбаев және Перизат Қайрат амнистияға ілікпейді – Вице министр Санжар Әділов

Қазақстан Ішкі істер министрлігі бұрынғы ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовке, Қуандық Бишімбаевқа және қоғам белсендісі Перизат Қайратқа амнистия қолдану мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Вице-министр Санжар Әділовтің айтуынша, қолданыстағы заңнама кейбір ауыр қылмыс түрлері бойынша сотталғандарға амнистия қолдануға жүзінде тиым салынға.
Оның сөзінше, Қылмыстық кодекстің 78-бабында терроризм, экстремизм, мемлекетке опасыздық жасау, сыбайлас жемқорлық қылмыстары, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар үшін сотталған адамдарға амнистия қолдануға тыйым салынған екендігін атап өтті .
«Сондықтан аталған адамдарға қатысты амнистия қолдану мәселесі қаралып жатқан жоқ және қаралмайды да», — деді Санжар Әділов.
Бұған дейін Мәжіліс амнистия туралы заң жобасын мақұлдаған болатын. Құжатта сотталғандардың жекелеген санаттарын жазадан босату немесе жаза мерзімін қысқарту қарастырылған.
Алайда амнистия барлық адамға бірдей қолданылмайды. Заң жобасында сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, мемлекетке опасыздық жасау және басқа да ауыр қылмыстар бойынша сотталғандар бұл жеңілдікке ілікпейтіні көрсетілген.










