Қазақстан прокуратурасы өз-өзіне қол жұмсаған әскери қызметкерге қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық нұсқасын растамады
Қазақстанның прокуратурасы өз-өзіне қол жұмсаған әскери қызметші Бекбол Мирашқа қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық туралы нұсқаны растаған жоқ деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқалары, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық мүмкіндігі тексерілді. Алайда, бұл дерек расталмаған. Адвокаттың өтінішхаттары белгіленген мерзімде қаралды және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы тәртібімен қанағаттандырылды. Адвокат С. Пралиевтің (Сержан Пірәлиев – ред.) қылмыстық істің мән-жайларын жариялау жөніндегі әрекеттерінің заңдылығын уәкілетті орган, адвокаттардың тәртіптік комиссиясы қарайды», — деп мәлімдеді бас әскери прокуратура сейсенбіде.
Оқиға 2022 жылдың тамыз айында «Шөлдала» шекара заставасында болған.
«Бүгінгі күні билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі өтеді. Қылмыстық Іс материалдарына сәйкес ол Б.Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан. Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған», — деп қосты ведомство өкілдері.
Өткен жылдың 19 тамызында 18 жастағы қатардағы жауынгер Бекбол Мираш өз-өзіне қол жұмсады. Аталған факті бойынша тергеу басталып, істі ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр. Қыркүйек айында күдікті «Ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті және өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабы бойынша ұсталған, қазір ол қамауда отыр.
Бастапқыда жігіт қызбен жанжалдасып, өз-өзіне қол жұмсады деген болжам айтылған. Содан кейін журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында марқұмның қызы бұл нұсқаны жоққа шығарып, жігіттің адамдардан қорқатынын айтқан хабарламаларын оқыған видеосын жариялады.
Одан кейін күдіктінің адвокаты Сержан Пралиев БАҚ өкілдерімен кездесуде сараптама қорытындысына сәйкес, сарбазға зорлық-зомбылық пен бопсалау жасалуы мүмкін екенін айтқан.