Жазатайым оқиға: Түркістан облысында ер адам құстарды атам деп , жасөспірімді өлтіріп алды

Бала оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға Түркістан облысында құстарды ату кезінде болды. Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды атуға жалданған ер адам абайсызда жасөспірімді басынан атып жіберген , бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

«Оқиға 8 шілде күні кешкі уақытта болған. Іс жүзінде ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға орнына облыстық полиция департаменті, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы аттанды. тәркіленді. Сараптама тағайындалды», — делінген хабарламада.
Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.

 

informburo.kz