ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС : Өнеркәсіптік кәсіпорын шығындарының есебі мен аудиті (“МЭБК” ААҚ мысалында)

 

Д И П Л О М Д Ы Қ    Ж Ұ М Ы С

 

 

Өнеркәсіптік кәсіпорын шығындарының есебі мен аудиті (“МЭБК” ААҚ мысалында)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

       бет

 

Кіріспе                                                                                                                  3

 

1-тарау. Кәсіпорынның техникалық — экономикалық сипаттамасы      

1.1 Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы                                               6

1.2 Кәсіпорынның есеп саясаты                                                                          10

1.3 Аудиторлық тексеру және ақпарат көздері                                                  25

 

2-тарау. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру                                                                   

  • Өндірістік шығындардың жіктелінуі және бағалануы                      47
  • Өндірістік шоттар жүйесі және олардың сипаттамасы                      51
  • Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындардың есебі       56

 

3-тарау. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік

 құнын калькуляциялаудың әдістері

  • Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

     мақсаты және әдістері                                                                                     63

  • Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың

    (қарапайым) процесстік әдісі                                                                           68  

  • Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың

    тапсырыстық әдісі                                                                                             69

  • Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың

     бөлістік әдісі                                                                                                     73

  • Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың

     нормативтік әдісі                                                                                              76

  • Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке

       алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістері                         84

 

Қорытынды                                                                                                             71

Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                                             73

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлiк есеп стандартының енгiзiлуi ел экономикасының дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның шетел инвесторларымен қарым — қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып саналады. Сондай-ақ 1995 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентi «Бухгалтерлiк есеп туралы» жарлыққа қол қойып, 2002-жылы 24-маусымда ол қайта өзгертулер мен түзетулер енгізіліп заң болып қабылданған болатын. Ал үстіміздегі жылдың 28-ақпанында жаңа №234-III «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік» -деп аталатын заң жарық көрді.

Бүгiнгi таңдағы ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан — жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық — әлеуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызда нарықтық қатынастарға бет бұрды. Осы негiзде әлеуметтiк, күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талаптарының бiрi болып саналады. Әсiресе, соңғы жылдары экономика iлiмiнде түбiрлi өзгерiстер орын алуда. Мұның өзi қоғамдық және өндiрiстiк қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тiкелей байланысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өтуі барысында нарықтық қатынас заңдарына сәйкес өнiмдi өндiруге кеткен шығындарды анықтау өте маңызды орын алады. Себебi, қандай болмасын өнеркәсiп өзi шығарған өнiмдерiнiң өзiндiк құнын анықтап, яғни кеткен шығындарын бiле отырып, оны нарыққа шығаруға тырысады. Ол өнiмнiң сапалы және бағасы жағынан арзан, яғни сұранысқа деген талабына сай келетiндей қылып жасауға ұмтылады. Сондықтан мұндай шығындардың есебiн жүргiзу маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есебiнiң теориясы мен тәжiрибесi үшiн баса қызықтырарлық мәселе болып өндiрiстiк шығындар жатады. Бухгалтерлiк есептiң «Тауарлы материалдық қорлар» бөлiмiнiң өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құнына кiретiн шығындардың құрамын қалыптастыру және жiктеу БЕС — 7 стандартының әдiстемелiк ұсынымдары:

  1. Осы әдiстемелiк ұсынымдар өнiмнiң өзiндiк құнын құрайтын шығындардың оңтайлы және бiркелкi құрамын анықтауды (жұмыстарды, қызметтердi) бұл шығындарды жоспарлаудың және есепке алудың тәсiлдерiн анықтауды, сондай ақ кәсіпорындар өнiмдерiнiң арасындағы өзiндiк құнды үйлестiру мақсатын көздейдi.

Осы әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес кәсіпорындар өзiнiң қызметiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, өнiмнiң өзiндiк құнының есебi және бағалау жөнiнiдегi саясатты белгiлейдi. Бұл орайда кәсіпорындар әзiрленген өнiмнiң өзiндiк құнын жоспарлаудың, есептеудiң және құнын анықтаудың ерекшелiгiне байланысты оның барлық өндiрiстiк бөлiмшелерi үшiн, егер мұндай бар болатын болса, мiндеттi болып табылады.

  1. Бұл әдiстемелiк ұсынымдар өнеркәсiптiк, сондай ақ сауда, қызмет көрсету ұйымдарының субъектiлерiнде де жоспарлау, есепке алу, меншiктi реттеу ережелерiнде қолданылады.

Осы дипломдық жұмысты жазудағы мақсатым – зерттеу объектiсi ретiнде алынған өндiрiс шығындары есебi, аудиті және өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерiн жан — жақты қарастырып, талдап, оны жетiлдiру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады. Қандай кәсіпорын болмасын, бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруда ең қажеттiлiктердiң бiрi болып өндiрiстiк шығындар есебi және өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi саналады.

Менiң дипломдық жұмысқа «Өнеркәсіптік кәсіпорын шығындарының есебі және аудиті» сондай ақ өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерiн таңдап алу себебiм, өйткенi өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау кез-келген кәсiпорынның түпкiлiктi қаржы нәтижесiн анықтаудағы басты буын болып табылады. Өнiмнiң өзiндiк құны туралы ақпарат тек бухгалтерлiк есеп үшiн ғана емес, сондай ақ жоспарлау, басқарушылық шешiм қабылдау және жалпы бизнестi ұйымдастыру үшiн маңызды болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыстың басты мақсаты Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» акционерлiк қоғамы материалдары негiзiнде, ондағы өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi бойынша өндiрiстiк шығындар есебiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және ұйымдастырылуының сондай ақ аудиторлық тексеру жүргiзудi теориялық тұрғыдан зерттеу болып табылады.

 

 

 

 

1-тарау. Кәсіпорынның техникалық — экономикалық сипаттамасы

 

1.1 Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы

 

«Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамы (АҚ) 1965-жылы “Қазақмұнай” бірлестігінің құрамында “Манғышлақ электр желілер” кәсіпорны болып құрылды.

1968-жылы “МЭЖК” “Манғышлакмұнай” өндірістік бірлестік құрамында құрылып, соның салдарында “МЭЖК” “Гурьевэнерго” мекемесі құрамына тапсырылады.

Алғашқы қосалқы станция (ҚС) 1965-жылы құрылып Өзен кентінде, екінші қосалқы станция 1966-жылы Жетібай кентінде құрылды.

1995-жылы нарық қатынастарына өтуге байланысты “МЭЖК” өндірістік басқармасында қайта құрылу болады. Кәсіпорын штатында мынандай мамандықтар пайда болады, яғни экономика және комерция жағынан директор орынбасары, экономикалық жоспарлау бөлімі, кәсіпорынның экономика және қаржылық көрсеткіштерін жоспарлауды жетілдіру бойынша энергияны өткізу бөлімі.

1996-жылы 20-шы қыркүйекте кәсіпорын мен мемлекеттік мүлікті басқару бойынша ҚР Мемлекеттік комитеті арасындағы келісім негізінде “Манғышлақ электр желілер кәсіпорны” (МЭЖК), «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамы (АҚ) болып қайта құрылды.

«Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамы (АҚ) 1996-жылы 4-ші қазанда Маңғыстау облысының Әділет басқармасында №507-1943- куәлікпен тіркелген. Сондай ақ «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамы (АҚ) заңды тұлға болып табылады және өзiнiң аталымының көрсетiлуiмен қазақша және орыс тiлiнде елтаңбалық мөрi бар, өз алдына жиынтық балансы бар, есеп айырысу, валюталық және банктегi басқадай шоттары бар. Қоғам қызметiнiң мақсаты барлық қызметтiң түрiнен таза табысты шығару. Қоғам келесiдей қызметтiң түрлерiн iске асырды:

  • Сатып алынған және өндірілген электр қуатын тұтынушыларға сату;
  • Электрқұрылғыларының, қондырғылардың, құрылыстардың сенімді, тұрақты жұмыс атқаруын ұйымдастыру.

«Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамы (АҚ) өнеркәсіп обьектісі ретіне елді мекендерге, халық шаруашылық обьектілері мен Маңғыстау облысының қалаларына (Ақтау қаласынан басқа), жалпы көлемі 166,6 мың шаршы км, электр энергиясын тасымалдау және бөлуді жүзеге асырады.

“МЭБК” АҚ-ның  құрылтайшылары және қатысушылары болып: Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Аймақтық комитеті саналынады. «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамының (АҚ) жарғылық капиталы — 909501165 теңге тең. Оның 849582045 теңге немесе 93,8% тең акциясы «Энергосервис» ЖШС басқару фирмасына сенімді басқаруға берілген. Ал «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамының (АҚ) ұжымының қарамағында 56319120 теңгенің немесе 6,2% акциялары бар.

 “МЭБК” АҚ келесідей кәсіпорын топтарына кіреді:

1)Жұмысшылардың орташа жылдық саны 500 адам бойынша орташа кластық мекеме.

2)активтердің құны бойынша 2347564 мың теңге

“МЭБК” екі шотқа ие:

а) есеп айырысу шоты №1467107 Халықтық банктің Облыстық филиалында;

б) ағымдағы шот №200503 Жаңа Өзен Қаласында Туран Алем банкінде.

Қаржылық есеп берудiң маңызды нысаны болып қаржы шаруашылық қызметi туралы есеп беру жатады. Ол негiзiнен табыспен шығындар жайлы мәлiметтi құрайды. Табыс — бұл активтiң өсуiн немесе мiндеттемелердiң азаюын бiлдiредi. Ал шығындар активтiң азаюын немесе мiндеттемелердiң көбеюiн анықтайды. Бұл есеп беру табыс пен шығындар сомасының салыстырғандағы нәтижесiн көрсетедi. Қаржылық — шаруашылық қызмет туралы есеп беру Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп стандартының №30 стандартында қарастырылған. Ал ендi «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамының (АҚ) қаржы шаруашылық қызметiне қысқаша талдау жүргізетін болсақ мына төмендегідей, яғни 1-кестедегідей нәтижелерді біле аламыз.

 

                                                  Өнiмдi өткiзуден түскен табыс

Актив айналымдылығы  =                                                                             ,

                                                   Активтердiң орташа шамасы

 

                                         Негiгi құралдардың орташа жылдық құны

Қор сыйымдылығы  =                                                                                           ,

                                                           Өнiмдi өткiзуден түскен табыс

                                                          Өнiмдi өткiзуден түскен табыс

Қор қайталымдылығы =                                                                                     ,

                                            Негiгi құралдардың орташа жылдық құны

 

                                                    Таза табыс

Сату рентабелдiлiгi =                                                                  х 100%,

                                             Өнiмдi өткiзуден түскен табыс

 

Активтердiң                                         Таза табыс

рентабельдiлiгi   =                                                                         х 100%.

                                        Активтердiң жалпы орташа құны   

 

 1-кесте. «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамының (АҚ) қаржылық-шаруашылық қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi.

 

Көрсеткiштер

Өткен 2005 жыл

Есептi 2006 жыл

Ауытқу     сомалары

1

2

3

4

5

1

1. Өткiзуден (сатудан) түскен табыс, мың тг.

921649

665696

— 74047

2

2. Өнiмнiң өзiндiк құнын, мың тг.

791040

492790

— 298250

3

3. жалпы табыс, мың тг.

130609

172906

+42297

4

4. Кезеңдiк шығындар, мың тг.

92247

144306

+52059

5

5. Салық алынғанға дейiнгi табыс

29444

37893

+8449

6

6. Таза табыс

23334

11524

-11810

7

7. Негiзгi құралдардың орташа жылдық құны, мың тг.

1753763

1799220,5

+45457,5

8

8. Еңбек өнiмдiлiгi тг.

0

0

0

9

9. Қор қайтарымдылығы, мың тг.

0,52

0,37

-0,15

10

10. Қор сыйымдылығы, тг.

1,92

2,7

+0,78

11

11. Активтердiң айналымдылығы (рет)

0,64

0,5

-0,14

12

12. Сату табыстылығы (рентабельдiлiгi), %

2,5

1,7

-0,8%

13

13. Активтердiң пайдалылығы (рентабельдiлiк), %

1,6

0,8

-0,8%

 

Мұндағы көрсеткiштер қаржылық — шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы есеп беруден және баланстан алынды. Есептеулерге келсек онда олар келесi жоғарыда көрсетiлген формулалар арқылы есептелiнедi.

 

2005 жылы    активтердiң

айналымдылығы = ӨӨТТ/ А орт ш = 921649/1448882,5 = 0,64.

 2006 жылы АА=  665696/1401354,5 = 0,5

Қор сыйымдылығы= НҚ орт.ж.құны/ӨӨТТ

2005ж    ҚС=(1733939+1773587)/2/921649 = 1,92

2006ж    ҚС=(1773587+1824854)/2/665696 = 2,7

Қор қайтарымдылығы=ӨӨТТ/НҚ орт.ж. құны.

2005ж   ҚҚ=921649/(1733939+1773587)/2 = 0,52

2006ж   ҚҚ=665696/(1773587+1824854)/2 = 0,37

Сату рентабелдiгi= (Таза табыс/ӨӨТТ) х 100%

2005ж   Ср=(23334/921649)х100% = 2,5

2006ж   Ср=(11524/665696)х100% = 1,7

Активтердiң рентабелдiлiгi=(Таза табыс/ Активтердiң жалпы орташа құны) х 100%

2005ж   Ар=(23334/1448882,5) х 100%=1,6%

2006ж   Ар=(11524/1401354,5) х 100%=0,8%

 

Кестеден көрiп отырғанымыздай 2007 жылы ААҚ «МЭБК» қызмет көрсету, сату көлемi бiршама азайған соған байланысты өнiмнiң өзiндiк құны — 298250 мың теңгеге төмендеді. Сатудан түскен табыстың азаюы сату рентабелдiлiгiнiң — 0,8%-ке кемуіне әкелдi. Бұл субъектiнiң өнімнің өзінідік құнының азаюына негізгі құралдардың тозу сомасының көбеюіне және НҚ сатып алынғанына байланысты. Осының негізінде субъектінің  активтер деңгейi де төмендеді. Сонымен бірег активтердiң айналымдылығы -0,14 ретке азайды. Жалпы 2003 жылы ААҚ «МЭБК» өндiрiс рентабелдiлiгi жоғарылаған. Бұл көрсеткiштiң көбеюiне жыл iшiнде жалпы табыстың көбеюi әсер еткен. Сонымен қатар бұл көрсеткiшке негiзгi құралдардың орташа құны мен ағымдағы активтердiң орташа құнының өсуi әсерiн тигiздi. Жалпы табыс +42291 мың теңгеге өстi.

 

1.2 Кәсіпорынның есеп саясаты

 

I бөлім. Жалпы жағдайы.

Есеп саясаты “МЭБК” ААҚ-ң жалпы жиналысымен қабылданады және негізгі қағидалар, тәсілдер және тәжірибелік құрылғылар есеп саясатында көрсетіледі.

Бұл құжаттың құқықтық негізін бұйрықтар, нұсқаулар, жағдайлар және т.б. ұйымдық — басқармашылық құжаттар, яғни “МЭБК” ААҚ-ң кәсіптік қызмет жағдайына бейімделген ҚР-ң заңдық және нормативтік актілер негізінде құрылған құжаттар көрсетіледі.

Бұл құжаттар бухгалтерлік және салық есебіндегі қаржылық-шаруашылық операциялардың тіркелуінің негізі болып табылады.

Есеп саясаты және оның ашылуы.

“МЭБК” ААҚ-ы есеп беруді және қазіргі есеп саясатын келесі адресаттарға ұсынады:

а) Жалпы жиналысқа, кез-келген талап еткен жағдайда және кез-келген көлемде;

ә) Тіркелген орнына байланысты салық инспекциясына, бекітілген көлемде және бекітілген мерзімде;

б) Аймақтық мекенжайға байланысты Ұлттық статистика агентігіне, бекітілген көлемде және бекітілген мерзімде.       

II бөлім. Ұйымдастырылу құрылымы және заңды статусы.

«МЭБК» ААҚ-ң  құрылтайшылары және қатысушылары:

— Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Аймақтық комитет                              

     Жарғылық капиталдың 849 582 045 теңге немесе 93,8%       

     акцияға ие, және де олар ЖШС  «Энергосервис»

     басқарушы фирмасына сенімді басқаруға берілді;

 — «МЭБК» АҚ-ның қызметкерлерінің қолында 56319120 теңге немесе 6,2% акция (жазулы).

Жарғылық капиталдың жалпы сомасы – 905 901 165 теңге.

“МЭБК” ААҚ ҚР-ң заңына байланысты заңды тұлға болып табылады және келесідей қызмет түрімен айналысады:

  • тұтынушыларға өндірілген немесе сатып алынған электроэнергияларын сатумен және тасымалдаумен;
  • Құрылғылар мен беріліс қондырғыларды, электр кұралдарының үздіксіз жұмысын ұйымдастыру.

МЭБК» ААҚ келесідей кәсіпорын топтарына кіреді:

а)Жұмысшылардың орташа жылдық саны 500 адам       

бойынша орташа кластық мекеме

б)активтердің құны бойынша 2347564 мың теңге

«МЭБК» екі шотқа ие:

  • — есеп айырысу шоты №1467107 Халықтық банктің Облыстық филиалында;
  • ағымдағы шот №200503 Жаңа Өзен Қаласында Туран Алем банкында.

 

III Бөлім. Басқару органдары және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі.

“МЭБК” ААҚ-ң басқару органдары болып:

  • Акционерлердің жалпы жиналысы
  • Қоғамның директорлар кеңесі
  • Қоғамның басқармасы

Басқару функциясын орындайтын тұлғалар болып:

  • Президент
  • Президенттің бірінші орынбасары
  • Президент орынбасары

Бухгалтерлік есепті жүргізуге тағайындалған тұлға болып Бас бухгалтер табылады.

“Бухгалтерлік есеп заңына” және БЕС-1 байланысты президент келесілерге жауапты:

  • бас бухгалтер қызметіне маман таңдау ;
  • есеп беру және салық есебі, бухгалтерлік есебі жүйелерін ұйымдастыру, сонымен қатар Есеп саясатын қабылдау;
  • ішкі және сыртқы бақылау тәртібін белгілеу;
  • Есеп саясаты талаптарының және оның орындалуына бағытталған жағдайлардың орындалуын қамтамасыз ету.

Бас бухгалтер келесілерге жауапты:

  • бухгалтерияға мамандарды қабылдауға;
  • жалпы бухгалтерлік есепті жүргізуге және салық есебіне;
  • ҚР “Бухгалтерлік есеп” заңы, ҚР БЕС және басқадай нормативтік актілер, сонымен бірге Есеп саясатының талптарының орындалуына.

Президент пен бас бухгалтер жауапкершілігі ҚР органдары немесе меншік иесі ықыласы бойынша, есеп беру мерзімінің кез-келген кезеңінде ААҚ-ң нәтижесі бойынша туындайды.

ААҚ-ң жұмысшыларының кәсіптік дайндығының деңгейін анықтау үшін, 3 жыл сайын бір рет, жылдық баланс тапсырғаннан кейін аттестация өткізеді.           

 

IV Бөлім. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Есеп саясатының негізгі мақсаты-қоғамның кез-келген қызмет мерзіміне шығындарды, табыстарды, міндеттемелерді, активтерді, қаржыларды бағалауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйені ұйымдастыру, яғни:

  • тиімді басқару үщін;
  • дұрыс және уақытында салық аударымдар үшін.

ААҚ-ң қызмет есебінің барлық жүйесі келесідей түрлерге бөлінеді:

а) Қаржылық есеп — Бас шот жоспарының  10-80 бас шоттарының синтетикалық шоттарында жүргізіледі және онда қаржылық-шаруашылық қызмет процесіндегі барлық шығындар мен табыстар қалыптасады.

Қаржылық есеп сыртқы қолданушыларға ашық, ол хабардарлық шегінде мемлекет органдарымен және меншік иесі талабы бойынша бақыланады.

б) Өндірістік есеп-Бас шоттар жоспарының 90-93 шоттарының синтетикалық шоттарында көрсетіледі және де жұмыс пен қызмет көрсетулерді, өнімнің калькуляциялық өзіндік құнын қалыптастырады,  ААҚ-ң тікелей және жанама шығындарын есепке алады.

Бұл есептің мәліметтері коммерциялық құпия болып табылады және де шектеулі ортаға арналған, сонымен қатар табысты, шығынды, бағаны жоспарлау үшін, фирманың қаржылық жағдайын бағалау үшін, қызметтің ағымдағы және келешектегі жағдайын болжау үшін қоданылады. 

Есепті кезеңнің аяғындағы Бас шоттар жоспарының бөліміндегі қалдық есебі қаржылық есеп шотына аударылады.

в) Синтетикалық шот-қаржылық есеп мәліметтерінде негізделеді де, 01.07.97 ж  тізімі жағдайы бойынша ҚР Ұлттық статистикалық агенттігі органдарымен бекітіледі.

г) Салық есебі- салық заңдарына сәйкес бухгалтерлік есептің соңғы нәтижелерінде қалыптасады, және де есептің альтернативтік әдістерін қарастырмайды.

Есеп беру кезеңі ішінде стандарттардан тыс ведомосттарда, кестелерде есеп мәліметтері белгіленеді және салық салынатын табыспен есеп айырысу кезінде қолданылады.

д) Басқару есебі-ААҚ-ң жоғарғы басқармасының тапсырысымен қаржы, шаруашылық, статистикалық және салық есебі мәліметтері бойынша құралатын құрамам ақпарат. Бұл ағымдағы және келешектегі жағдайларды талдау мен тиімді басқарушылық шешім  қабылдау үшін қажетті,

Қаржылық-шаруашылық операцияларды белгілеуге байланысты бастапқы құжаттарға келесілер жатады:

  • ҚР-ң азаматтық кодексінің талабына сәйкес тіркелетін келісім шарттар, ресми хаттар, бұйрықтар және т.б.
  • Бастапқы есеп құжаттарының ведомствааралық формаларына сәйкес бастапқы құжаттар құрылады. Олар ҚР мемлекеттік комитетімен бекітілген. Олардың негізінде бухгалтерлік екі жақты жазу операцияларының фактілері белгіленеді.
  • Бастапқы құжаттардың мәліметтері өткізу көлеміне, қызметке, операцияларға байланысты Бухгалтерлік есеп Департаментімен және қаржы министрлігімен бекітілген журнал-ордерлерінде, ведомостарында, регистрларда сонымен қатар субьектінің есеп саясатында қабылданған, стандартқа сай келмейтін есеп журналдарында жинақталады.
  • Барлық бухгалтерлік есеп жүйесіндегі жазбалар, жұмыс шоттар жоспарына сәйкес келіп,Бас кітапта көрсетілуі тиіс.

Әртүрлі қолданушылар үшін мәліметтер негізінде қаржылық, статистика-

лық және салықтық есеп беру құралады.

Есеп формасы–журнал-ордерлік.                 

Егер де өкілетті тұлға қызмет орнынан ауысқан жағдайда президент басқарушылық-бөлу және қаржылық есептік құжаттарға жыл сайын қол қоятын тұлғалар тізімін анықтайды.

Есептік-бухгалтерлік ақпараттарды сақтау және жою “іс жүргізу туралы жағдайға” байланысты өндіріледі.

ААҚ-ң қызметінің сәйкестігіне жасалатын сыртқы және ішкі бақылау    ҚР-ң заңына байланысты меншік иесімен анықталатын тәуелсіз аудиторлар жүргізеді.

Шаруашылық операциялар мен материялдық құндылықтарға жүргізілетін аналитикалық есеп форма тізімі президентпен бекітіледі және есеп беру кезінде өзгеруі мүмкін.

V Бөлім. Бухгалтерлік есептің айырмашылықтары

Қаржылық-шаруашылық операциялар фактілерін тіркеу және сұрыптау үшін АҚ жұмыс шоттар жоспарын қолданады, олар типтік жоспар негізінде және де Жарғылық қызметінің өзгешелігі есебімен ұйымдастырылады.

Жұмыс шоттар жоспарында пайда болған көрсетілмеген операциялар пайда болған кезде, ұйымдастыру қағидаларын  қолдану арқылы  АҚ жоспарды толықтырады.

    а) Төтенше жағдайларда шығын және зиян ретінде келесілер қарастырылады:

  • Қайтарылған нәрсенің құнын шегергендегі, табиғи апаттардан туындаған орны толмаған зияндар;
  • НҚ мен уақытша тоқтаған өндірісті қамтуға кеткен шығындар;
  • Егер де күмәнді қарыздар бойынша резервтер құрылып, пайдалану уақыты өтіп кеткен дебеторлық борыштарды есептен шығаруға байланысты зияндар;
  • Себепті құжаттар болған жағдайлардағы, қарыздарды есептен шығарғаннан шеккен зияндар;
  • Ұрланған және жеткіліксіздікке байланысты қарыздардан шеккен зияндар.

 б) Мәнді қате болып, өткен жылдағы негізгі қызметтен түскен табыстың 5% көлеміндегі сома табылады. Ол таза табысты немесе есепті кезеңдегі зияндарды анықтау тәсілімен түзетіледі.

БЕС-4 “Ақша-қаражаттарының қозғалыс есебі”

Операциялық қызметтен ақша-қаражат қозғалысы тікелей әдіспен жасалады.

БЕС-5 “Табыс”

Жиынтық табысты анықтаған кезде “МЭБК” ААҚ-ы бухгалтерлік есептің басты концепцияларын қолданады.

Сәйкестік принципі, яғни қызмет көрсетілетін, электроэнергия өткізілетін есепті кезеңде табыс көрсетіледі, ал шығын табыс алуға кеткен есепті кезеңде көрсетіледі.

БЕС-6 “Негізгі құралдар”

а) «МЭБҚ» АҚ-ның НҚ-ы болып қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын материалдық активтер танылады.

б) НҚ-ң нормативтік қызмет ету мерзімі келесі мәліметтер негізінде анықталады: техникалық жағдайы, қарқынды пайдаланылуы, моральдық тозу дәрежесінің болжамы, техникалық құжаттама мәліметтері.

в) Амортизацияны есептеуде келесі әдістер қолданылады.

  • Бірқалыпты қарқынды пайдалануға арналған НҚ-ға бірқалыпты есептен шығару әдісі;
  • Кумулятивтік әдіс- моральдік тозуы және пайдалануы жоғарғы қарқынды НҚ-ға;

г)  НҚ-ға амортизация келесі жағдайларда есептелмейді:

  • Амортизацияланатын НҚ бойынша (жер, кітапхана қоры);
  • НҚ-ны қайта құру және техникалық қайта қаруландыру;
  • Кәсіпорынның тоқтап қалған жағдайында;
  • Ағымдағы жал жағдайындағы НҚ бойынша;
  • Монтаждауға арналған құрылмаған құрылғы бойынша;
  • Нормативтік қызметтен пайдалы қызметтің асып түсуі кезінде;
  • Ұрланған кезде баланстан шығарып тастағанда.

д) НҚ-ң бастапқы құны, күрделі жөндеу кезінде, нормативтік қызмет көрсету мерзімін немесе өндірісті артырған кезде арттырылады.

е) НҚ-ң бастапқы құнын арттыру келесі жағдайда жүргізіледі.

  • жартылай жою кезінде (техникалық-экономикалық көрсеткіштерін елеулі түрде өзгертпегенде;
  • НҚ-ң ағымдағы құны бойынша есепті кезең соңына тікелей қайта бағалау әдісі кезінде.

    ж) НҚ-н, ТМҚ-н және МЕА-ны түгендеу, есептен шығару, арзандату ААҚ тұрақты түгендеу комиссиясымен іске асырылады.

    з) НҚ құрлысына алынған несие проценттері бастапқы құнға қосылады.

БЕС-7 “Тауарлы-материалдық қорлар”.

Тауарлы-материалдық қорлар дегеніміз — бұл қызмет көрсету немесе өндіріс процессі кезінде тұтынатын, материал түріндегі немесе күнделікті қызмет кезінде сатылуға арналған активтер. Тауарлы-материалдық қорлар есебі айналым ведомостарында материалды жауапты адамдар бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияда есеп сандық- қалдық принципі бойынша жүргізіледі.

   а) Шығындарды өзіндік құнға — тікелей апару әдісі арқылы іске асырылады.

б) Кезең шығындарына барлық қалған шығындар жатады, яғни тауарлы-материалдық құндылықтарға жатпайтын және негізгі қызмет көлемінен тәуелсіз шығындар жатады.

Олар өндірілген есепті кезеңде есептен шығарылады.

в) Тауарлы-материалдық құндылықтардың өзіндік құнын бағалау үшін арнайы идентификациялау(бірыңғайлау) әдісі қолданылады. Бұл әдіс қалдықтардың партиялық есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады.

г) Өнімнің өзіндік құнын калькациялау кезең шығындарына және өндірістік өзіндік құнға дифференциалдау арқылы жүргізіледі.

д) Кеңсе тауарларды, шаруашылық құралдарды, қосалқы бөлшектерді және т.б. базардан сатып алуға кеткен есептегі сомалар, қызмет хаттама және комиссия актісі болған жағдайда шығындарға жатқызылады.

е) ТМҚ-ң өзіндік құнына келесілер жатады:

  • сатып алу шығындары, тасымалдау шығындары, жеткізу шығындары.

Тауарлы- материалдық құндылықтарды, соның ішінде қайта сатуға арналған тауарларды сатып алумен байланысты шығындарға: сатып алу құны, баж салығы, жабдықтаушы және делдалдық мекемелерге  комиссиондық сый ақылар, тасымалдау шығындары мен қорларды сатып алумен тікелей байланысты басқадай шығындар жатады.

ж) Барлық тауарлы-материалдық қорлардың есебінде типтік алғашқы құжаттар қолданылады.

з) ТМҚ түгендеу жылына бір рет (жылдың 1-ші қазанына) бекітілген тәртіп бойынша жүргізіледі. 

БЕС-8 “Қаржылық инвестициялар есебі”.

а) Қысқа мерзімді инвестициялар ағымдағы құнымен есепке алынады.

б) Ұзақ мерзімді инвестициялар 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша қайта бағалану есебі құнымен бағаланады.

в) Инвестиция шығып қалған кезде, қайта бағалаудың бұрын өндірілген сомасы табыс ретінде көрсетіледі.

г) Ұзақ мерзімді инвестициялар құны төмендеген жағдайда кезең шығыны ретінде табылады.

д) Ұзақ мерзімді инвестицияларды қысқа мерзімді инвестицияларға аудару баланстық құн бойынша  жүзеге асырылады.

е) Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау негізі болып, АҚ-ң ортақ жиналыс шешімі табылады.

БЕС-9 “Шетлдік валюталармен операция есебі”.

а) Операция есебі кезіндегі ұлттық валюта және есеп айырысу валютасындағы жазбалар бөлшек санмен көрсетіледі.

б) Курстық айырма жыл бойы жиналады да, есеп беру кезеңі аяқталған соң есептен шығарылады.

в) Шетелдік валюталар қозғалысының аналитикалық есебі БЕ Департаменті және Қаржы министрлігімен бекітілген регистрлерде, сонымен қатар есеп карточкаларында жүргізіледі.

БЕС-10 “Жан-жақтық байланыс жөніндегі ақпараттардың ашылуы”.

а) Стандартты ашып көрсету үшін келесі түсініктер қолданылады:

  • есеп беретін заңды тұлға – “МЭБК” АҚ
  • Басқарушы фирма — ЖШС “Энергосервис”

б) Байланыс тараптары болып табылатындар:

  • “МЭБК” АҚ
  • ЖШС “Энергосервис”

БЕС-12 “Күрделі құрлыс жүргізу үшін мердігерлік келісім-шарт”.

а) Мердігерлік шарт негізінде немесе күрделі құрлыс жұмыстарын жүргізу барысында есеп толық көлемде қабылданады.

б) Жылжымайтын мүлікке күрделі немесе ағымдағы жөндеу жүргізген кезде бухгалтерлік есеп берілген стандартқа және нақты жағдайларға байланысты қалыптасады.

БЕС-16 “Зейнетақымен қамтамасыз ету шығындарының есебі”.

Бұл стандарт бойынша есеп ерекшеліктері Есеп саясатына қалыптасқан заңдылық базасының қалыптасқан шамасымен және кризистік жағдайдың пайда болуы бойынша енгізіледі.

БЕС-17 “Жал есебі”.

Жал келісім шарттарынң мазмұны нақты келісім шарттарды рәсімдеудегі ҚР-ң Аймақтық комиттерінің талаптарына жауап беруі тиіс, себебі олардың коммуналдық келісім шарттардан айырмашылығы келесідей:

Келісім шарт бойынша алынатын ақша мен мүлікке құқық, сондай-ақ бұл мүлікпен байланысты жауапкершілкпен кездейсоқөлім тәуекелділігі сол құқықты атқарғаннан кейін пайда болады, сондықтан да жал мерзімінің басталуы және күшіне ену уақыты, барлық жал мерзімі ішінде ай сайын бір қалыпты болып табылады.

БЕС-18 “Инвестициялық қорлардағы есеп”.

Материалдық емес активтер есебінің ерекшелігі:

Физикалық мазмұны жоқ немесе келесі қасиеттерге ие болатын айналымнан тыс активтер тобы:

  • белгіленген тәртіпте тіркелген, құжаттармен расталған, мемлекетпен мойындалған.
  • құнға ие.
  • табыс әкелетін немесе оны алдын-ала алуға жолдар ашатын.
  • иелігінен айыруға мүмкіндігі бар.
  • ұзақ мерзімді пайдалану мүмкіндігі бар.

Жоғарда айтылған қасиеттердің және оларды сатып алудың келісім шарт жағдайларының болуы, бұл активтерді МЕА құрамында есептелініп, белгіленген тәртіп бойынша амортизациялауға болады.

б) Пайдалы қызмет ету мерзімі келісім шарт жағдайлары бойынша анықталады, бірақ 10 жылдан артық емес;

в) МЕА-ң құны сатып алуына байланысты анықталады:

  • сатып алғанда нақты шығындар бойынша;
  • жарғылқ қорға жарналар аударғанда тараптардың келісімімен, лицезияланған мамандардың келісімімен құнды растау бойынша;

г) іс-әрекет түрі бойынша лицензияны сатып алу шығындары МЕА-ге жатқызылмайды.

д) МЕА қозғалысының есебі ҚР-ң Қаржы Министрлігінің БЕ және Аудит методологиясының департаментімен бекітілген ведомостарында, есеп регистрларында жүргізіледі.

 

VI бөлім . Салық салынатын табысты анықтау есебін ұйымдастыру.

6.1 БЕС – 11 «Табыс салығының есебі»

а) Бухгалтерлік және салық салынатын табыс туралы түсініктің қалыптасуы үшін №5 қосымшаның мәліметттері қабылданады.

б) жиынтық жылдық табыс құрамына кіретін негізгі табыс түрлерінің тізімі, №6 қосымшада келтірілген.

в) Бухгалтерлік есеп бойынша жиынтық жылдық табысты бухгалтерлік табысты есептегенде баптар мен шығындардың бір бөлігін пайдалану нәтижесінде, пайда болатын айырмашылықтар есебінен жөнделеді. Бірақ салық салынатын табысты есептегенде есептелмейді, олар:

  • жағымды бағамдық айырма;
  • өнімді, тауар мен қызметті сату шығындары;
  • табысты түскен уақыттан бастап 2 жыл ішінде қайтарылмаған күмәнді қарыздар сомасы;
  • 20 баптың талаптарына сәйкес, материалдық емес активтермен негізгі құралдар бойынша тозу төлемдері;
  • 40 АЕК-тен төмен әрбір инвентарлық бірлік бойынша ғимараттармен үйлердің құны;
  • 3 жылдан астам пайдаланылатын жылжымайтын мүлікті сатудан пайда болатын зиян;
  • өндірістік іс — әрекет үшін өзіндік құрылысы бойынша шығындар шығындар;
  • 100 АЕК-тен азаюы жағдайындағы топтың құндық балансының сомасы;
  • 3 жылдан артық пайдаланылатын, Жарғылық әрекеті бойынша технологиялық жабдықтардың құны;
  • баланс тобының құнының 10% шегіндегі НҚ-дың әрбір тобы бойынша жөндеуге кеткен шығындар сомасы;
  • ағымдағы жал кезіндегі жалданған құралдардың жөндеуіне кеткен барлық нақты шығындар;
  • қайтарылатын сомалардан басқа, міндетті сақтандыру төлемдері сомасы;
  • салықтар мен жиналымдар;
  • бюджетке аударатын сомалардан басқа айып пұлдар, өсім пұлдар;
  • белгіленген тәртіптегі, табыстан 2%-ға дейінгі қайырымдылық мақсатқа берілген сомалар;
  • дәлелдейтін құжаттардың болғандағы, өнім, қызмет, жұмыс бермеген әрекетінің шығындары;
  • қызмет ету әрекетін уақытша тоқтатылған(законсервировнный) құралдарды күтіп ұстау шығындары;
  • инфляция индексін есепке алғандағы ТМҚ-дың бағалануына дейінгі сома;
  • норма шегіндегі дайын өнімдердің және өндірістік қорлардың бағасын түсіруден пайда болатын зиян;
  • сот шығындары;
  • ақпараттық, кеңес берушілік, аудиторлық қызметтерді төлеу;
  • есепті кезеңдң табылған алдыңғы жылдар операцияларынан болған зияндар;
  • нақты күмәнді тұлғалардың болмауы соттың ақтау құжаттарын бермеуінен, құндылықтардың бүлінуінен болатын жетіспеушіліктер;
  • табыс және шығыс баптарының бухгалтерлік есепті бір есепті кезеңде, ал салық салынатын табысты есептегенде екінші есепті кезеңде есептелуі нәтижесінде болатын уақыт айырмашылығы, олар:
  • есептелген, бірақ түспеген табыстар сомасы;
  • есептелген, бірақ төленбеген шығыстар сомасы;
  • өткен жылдары есептелген, табыс сомалары;
  • өткен жылдары есептелген, бірақ есепті жылы төленген шығыстар сомасы;
  • басқа құнды қағаздарды сатудан түскен табыс есебінен, құнды қағаздар сатудан шеккен зиян 5 жыл ішінде есесіне қайтарылады;
  • бухгалтерлік есепте НҚ-ды есептен шығару кезіндегі айырмашылықтар және салық есебіндегі құн табысынан шығару;
  • жөндеу сомаларының есебінен топтың баланстық құнының 10%-дан артық көбеюі;
  • пайда болу мезетінен бастап 2 жыл бойы есептен шығарылатын күмәнді қарыздар сомалары;
  • ТМҚ-ды төмен бағамен сатып алу кезінде, құнның төмендеуі(көбеюі);

Тұрақты айырмашылықтар арнайы ведомостарда және салық есебінің журналдарында есептеледі. Ол журналдағы жазулар, есепті кезеңді табыс салығы туралы декларациясын есептегенде негіз болып табылады.

д) Уақытша айырмашылықтардың есепті кезеңде пайда болатын әрбір түрі бойынша, оның жойылу мерзімі анықталып және сол операцияның заңды екенін дәлелдейтін құжаттарды уақытында рәсімдеу жүргізіледі.

6.2 Бухгалтерлік есептегі шығындардың сыныптау ерекшелігі және салық салынатын табысқа әсері.

а) Өнімнің, қызметтің, жұмыстың өзіндік құнына және алымдарға толық жатқызылатын шығындар №7 БЕС-қа жатады.

б) Өзіндік құнға парылатын, құжатпен дәлелденген және нормативтік актілермен белгіленген нормалар шегіндегі алымдарға жатқызылатын шығындар:

  • өкілетті шығындар;
  • іс сапар шығындары;
  • жарнама және қызмет көліктерін күтіп ұстау шығындары;
  • өнімді өндіруге кеткен ТМҚ-тар шығындары;
  • сақтау, тасымалдау, тиеп- түсіру процесінде және өндіріс ақауы кезіндегі ТМҚ-дың жоғалыу;
  • ынталандыру сипатындағы төлемдер;
  • несие бойынша пайыздар, ұлшттық валютада нормадан 50%-дан жоғары және шетел валютасында 100%;
  • 2 жылға дейінгі күмәнді қарыздар сомалары;
  • қайырымдылыққа берілген сомалар (табыстың 2%-дан артық)

в) Таза табыс есебінен жабылатын және алымдарға жатпайтын шығындар:

  • өндірістік шығындардың барлық түрлері;
  • өндірістік емес сипаттағы НҚ бойынша есептелген тозу сомасы;
  • өндірістік емес сипаттағы, жұмыс пен қызмет шығындары;
  • НҚ-ды сатып алу және жаңарту, қайта құру;
  • Құнды қағаздарды сатып алу шығындар;
  • 15% ставка бойынша төлем көздеріне салынатын, жұмысшылардың тікелей және жанама шығындары.
  • кәсіпкерлік қызметпен байланыссыз шығындар.
  • Бюджетке төленуге тиіс, айыппұлдар.
  • Есеп саясатының 6.2 бабы бойынша нормадан асатын барлық шығындар.
  • Жинақтаушы және қайтармалы сипаттағы келісі шарт бойынша сақтандыру төлемдері.
  • Заңды тұлғаны жинақтау кезінде Жарғылық қорға салымдардың қайтарылмауы және құнды қағаздарды сату салдарынан пайда болатын зияндар.
  • теріс бағамдық айырма.

Жоғарда айтылған шығындар мен шығыстар тізімі есепті жылы ішінде жүйелі түрде реттелуі тиіс.

 

VII Бөлім. “Сыртқы және ішкі бақылауды қамтамасыз ету саласындағы есеп саясаты”.

Ішкі бақылау бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде есеп саясатында шаруашылық операцияларды жүргізу тәртібінің  дұрыс сақталуына арналған.

Ішкі бақылауды ұйымдастыру және оның мүшелерінің қызмет етуін ААҚ Президенті қамтамасыз етеді.

Сыртқы бақылау жал сайынғы келісім шарт негізінде, бухгалтерлік және салық есебінің жүргізілуін және бухгалтерлік есеп стандарттарының  және заңдылықтардың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін тәуелсіз аудитор шақырылады.

Бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға құқығы бар адамдардыААҚ Президенті анықтайды. ААҚ-ң бухгалтерлік жазулары, Есеп саясатымен процедуралары бойынша құжаттар, есеп мәліметтерінің компьютерлік өңдеулері ҚР-ң заңымен белгіленген мерзімі ішінде сақталынады.     

 

1.3 Аудиторлық тексеру және ақпарат көздері

 

Аудит — ведомостан тәуелсіз, қаржылық бақылау, мемлекеттік қаржылық басқаруды ауыстыра алмайтын тәсіл болып табылады. Аудиттің мемлекеттік бақылаудан айырмашылығы ол бухгалтерлік ақпаратты пайдаланып, талдаумен айналысатын мамандарға кеңесші, консультант, көмекші ретуінде болады. Аудитор кәсіпорын қаржылық есептілігінің нақтылығын, жасалынған шаруашылық операциялардың заңдылығын бағалап қана қоймай, сонымен қатар жіберілген қателерді табуға көмектесіп, оларды дұрыстауға және, болашақта қате жібермес үшін жаңа, оңай есептеу жүйесін ұсынады.

1998 ж. 20-қарашаның Қазақстан Республикасының  “Аудиторлық қызмет туралы заңының 4-бапының бірінші тармағына сәйкес “Аудит дегеніміз” — жүргізілген қаржы және шаруашылық операцияларының дұрыстығын және олардың Қазақстан Республскасы заңдарына сәйкестігін бағалау мақсатында заңды және жеке тұлғалардың (бұдан әрі аудитттелетін ұйымдардың) қаржылық есептілігін және өзге де құжаттарын аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тәуелсіз тексеруі болып табылады.

Шет елдік мемандардың пікірі  бойынша аудит ол – жетік әрі тәуелсіз тұлғамен орындалатын эконмикалық ұйымның қызметіне әсері бар фактілерді жинау мен бағалауды қорытындылайтын қызмет түрі. Ол ақпартта тәуекелділігін төмендетеді яғни, қаржылық есептілікте пайдаланушы үшін нақты емес мәліметтердің болуы. Аудитті бақылйтын негізгі қағидат белгілі бір этикалық және мамандық нормалардың жиынтығы болып табылады: тәуелсіздік, шындылық, аудитордың объективтілігі, оның мамандық жетіктігі, адамгершілігі, ақпарттың құпиялылығы, т.б.

Аудит мақсаты – заңдар мен аудиторлық қызметті басқаратын нормативтік жүйелер және клиент пен аудитордың келісім шарт міндеттемелері арқылы нақты мәселені шешу. Аудит мақсатына мыналар жатады: бухгалтерлік есеп жағдайын бағалау, бухгалтерлік (қаржылық) есептілігінің шындылығын тексеру, құнды қағаздар эмиссиясын нақтылау, қаржылық – шаруашылық қызметіне талдау жүргізу, клиенттің қаржылық жағдайын тұрақтандыруға ұсыныстар дайындау, шығындарды оптиималдау, бухгалтерлік есеп, салық салу шаруашылық құқық бойынша кеңес беру. Егер аудитті топтастырсақ оның келесідей түрлері бар:

Сыртқы аудит – тәуелсіз аудиторлық фирма және экономикалық ұйымдар арасында келісім-шарт арқылы жүргізіледі. Басты мақсаты – бухгалтерлік  және қаржылық есептіліктің нақтылығын тексеру, сонымен қатар әкімшілікке кеңес беру қызметімен айналысады.

Ішкі аудит – кәсіпорынның басқару, бақылау жүйесінің бөлігі болып табылады. Оның мақсаты: кәсіпорынның басқару жүйесінің жұмысының тиімділігін бағалау, ол кәсіпорында құрылған арнайы (Ішкі Аудиторлық Қызмет) органында бухгалтерлік есептілігінің нақтылығына шығындар сметасының орындалуына, мүліктің сақталуына, өндірісті ұйымдастыру тәсілдерін дамытуда орындалады.

Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты әр түрлі ұйымдық-құқықтық формадағы кәсіпорындар қызметін бақылау жүйесінде өзгерістер туды. 90-жылдардың басында туған аудиттің кезеңі ревизиондық бақылау қызметіне теңестіріліп, кейіннен ақырындап «кәсіпорынның қаржылық есептілігінің аудиті мен талдауына көштің. Бұған шаруашылық қызметтің динамизмі, қаржылық тәуекелділіктің жоғарғы деңгейі, салық заңдылықтарының тұрақсыздығы, ірі кәсіпорынның құрылымының бөлімшелерге филиалдарға ыдырауы нақты бақылауды және т.б. талап етті.

Аудиттің қазіргі кездегі кәсіпкерлік қызметтің жеке түрі болып, Қазақстаг Республикасының 1998 жылғы 20 қарашада қабылданған «аудиторлық қызмет туралы» заңына өзгерістер мен толықтыруарға байланысты аудитор мен аудиторлық ұйымдардың беделі мен деңгейі одан да жоғарлады. Бұл заңда аудиттік ұйым ұсынатын қызметтің барлық түрі , сонымен қатар, бухгалтерлік есепті құру мен жүргізу, салықтық жоспарлау, қаржылық-шаруашылық қызметті талдау қарастырылған.

Бірақ аудит түрлерінің ішіндегі маңызды орын алатыны – Ішкі аудит.

Өкінішке орай Ішкі аудит проблемалары республика бойынша теория жүзінде де тәжірбие жүзіндед де нашар дамыған. Шет елдерге қарасақ, кәсіпорынның кез-келген меншік формаларында ішкі бақылау жүйесі яғни ішкі аудит жақсы ұйымдасқан. Ерекше қызығушылықты білдіретін АҚШ тәжірбиесі: онда ішкі аудиторлар институты құрылған (ІNSTІTUTE OF ІNTERNAL AUDІTORS). Ішкі аудитор институты 1978 жылы Ішкі аудитор стандартын шығарды. (SІAS) 25 стандарт және 5 негізгі топқа бөлінген: тәуелсізік мамандылық, жұмыс көлемі, аудиторлық тексерісті жүргізу ішкі аудиттің басқару бөлімі.

Жалпы шетел әдебиеттеріне “Ішкі бақылау құрылымының тиімділігін анықтау үшін қажет басқарудың ең жоғарғы органы” Ішкі бақылау ортасын құрайтын маңыздыларының бірі яғни «Ішкі бақылау жүйесін құру мен ұстауға бағыттанған ұйым меншіктері мен нақты басшылар қызметі және хабардарлықң Кәсіпорынның ең жоғарғы басшысымен орындалатын бірнеше басқару мәселелерін шешеді. Олардың негізгілеріне мыналар жатады: активтердің бақылау жүйесімен танысу, кәсіпорынның құрылған саясатына сәйкестігін тексеру, ұсынылған өндірістік есептілікке талдау жасау, сыртқы ауди\ке шығарылған шығындарды азайту. Ішкі аудит бақылауының ең маңыздысы болып, жауапкершілік орталықтары бойынша шығындарды есептеуді ұйымдастыру. Ішкі аудит жоғарғы мамандық деңгейде өтіп нақты және болашақтағы мәселелердің шешілуіне ұсыныстардың болуы. Ішкі аудиттің негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады: Толықтық, тиімділік және шығындар. Соңғы екеуі ішкі аудит қызметі шығындарының оның құрылуы мен қызмет етуінің тиімділігіне қатынасы.

  Ішкі аудит мәні мен қызметі

  Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға кезеңінде Қазақстанда кәсіпкерлік қызметі ақпараттың елггісіздік және экономикалық ортаның құбылмаушылығында Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге аырудың жоспарланған соңғы нәтижені алуда түсініспелік пен сенімсіздік сонымен қатар алдын ала жоспарланбаған жоғалтулар ұлғайды.

  Нарық дегеніміз – ең бастысы экономикалық бостандық. Болашақтағы  белгісіздік пен жоғалту тәукелділігін экономикалық бостандыта алдын-ала анықтайтын тәуекелділік. Бұнда кәсіпкердің басты қызметі болып: тәуекелділіктен қашу емес, оны алдын-ала көріп, ең төменгі деңгейге дейін төмендету. Бұл үшін кәсіпорын қызметіне бухгалтерлік есеп пен есеп беруіне экономикалық-құқықтық жұмысына қойылған т.б. тұрақты әрі уақытылы бақылау керек.

Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымындағы орнына байланысты. Кәсіпорынның ұйымдастыругшылық құжаттарына сәйкес ревизор, ревизиондық комиссия, немесе ішкі аудитор қызметі құрылуы мүмкін. Егер ішкі шаруашылық бақылау ішкі аудиторлық қызмет немесе ревизиондық комисиясымен орындалса, онда тәжірбиеде көрсетілгендей, басшылар бақылау жүйесін елемей, қаржылық есептілік мәліметерін искажать. Егер ішкі шаруашылық бақылау ішкі аудиторлық қызметіне немесе ішкі аудит депортаментіне салынса жұмыс басқаша болар еді.

Халықарлық 50000-нан астам мүшелері бар. Ішкі аудиторлар институты ішкі аудитке келесідей анықтама береді: Ішкі аудит- кәсіпорынның өз мүдделері үшін өз жұмыстарын бағаайтын және тексеретін ұйымдағы тәуелсіз қызмет. Ішкі аудиттің мақсаты – ұйым мүшелерінің өз функцияларын тиімді орындау үшін көмектесу. Ішкі аудиторлар өз ұйымына тексерістің қорытындысынан пайда болған маңызды ақпараттарға бағалау мен талдау ұсыну. Ішкі аудиттің мәнділігін көрсететін көптеген басқа да анықтамалар бар:

“Ішкі аудит тәуелсіз объективті бағалау және кеңес беру қызметін ұсына отырып, ұйым операциясының сенімділігі мен тиімділігін көтереді, оның көмегімен ұйым өз мақсатына, бағалаудың жүйелігі мен салдарын, тәуекелділікті басқару, бақылау процесінің тииімділігін арттыру арқылы жетеді” Жоғарыда берілген анықтамаға негізделе отырып, ішкі аудиторлық қызметтің мақсатын, кәсіпорын қызметінің қаржылық бағытын объективті бағалау мен тәуелсіз жүргізу. Ішкі аудиторлардың жұмысы тәуелсіздік, объективтілік, мамандық жетіктілік принциптері негізінде жүргізілуі қажет

Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелері

Бухгалтерлік есеп жүйесіне қатысты ішкі бақылау төмендегідей міндеттерді шешумен тығыз байланысты:

  • Операцияларды ұйым басшылығының жалпы немесе арнайы рұқсатына сәйкеc атқару.
  • Барлық операциялар мен басқа да оқиғаларды, қаржылық есепті қаржылық есеп ұсынудың тағайындалған концептуалдық негізіне сәйкес әзірлеуге мүмкіндік жасау үшін дәлме-дәл сомаларда, тиісті есеп-шоттарда және тиісті есеп беру мерзімдеріне сай, дер кезінде есептеу.
  • Активтер мен жазбаларға тек ұйым басшылығының рұқсаты бойынша ғана қол жеткізу.
  • Есепке алынған активтерді қонымды уақыт аралықтарында қолдағы накты активтермен салыстыру және жекелеген ауытқушылықтар бойынша тиісті шаралар қолдану.

Ішкі бақылауға қатысты шектеулер

Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелері ұйым басшылығына олардың өзіне тән шектеулер нәтижесінде мақсатқа қол жеткені туралы қорытынды айғақтар беруді қамтамасыз ете алмайды. Бұл шектеулер төмендегілерді қамтиды:

  • Ұйым басшылығының ішкі бақылауды іске асыруға байланысты алынуға тиісті тосылатын пайдадан асып кетпеуі үшін қоятын әдеттегі талабы.
  • Ішкі бақылаудың сирек операциялардан гөрі көбінесе күнделікті операцияларға бағытталуы.
  • Ебедейсіздік, алаң ғасарлық, пікір түюдегі қателік және нұсқауларды дұрыс түсінбеуден болатын субъективтік фактор салдарынан қате жіберудің ықтимал мүмкіндігі.
  • Басшылық мүшелерінің немесе қызметкердің ұйымның ішкі немесе сыртқы тараптарымен сөз байланасуы ішкі бақылауды айналып өту мүмкіндігі.
  • Ішкі бақылауды іске асыруға жауапты тұлғаның өз жауапкершілігін теріс пайдалану мүмкіндігі, мысалы ұйым басшылығы мүшесінің ішкі бақылауға елемеуі.
  • Жағдайлардың өзгеруіне байланысты      процедуралардың   сәйкеспей қалу мүмкіндігі, соның салдарынан процедураларды сақтау нашарлауы ықтимал.

Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерін түсіну

Аудитті жоспарлау үшін қажет болатын бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерін түсіну процесінде аудитор осы жүйелердің құрылымдары және олардың жұмысы жағдайында білім алады.   Аудит жүргізу үшін маңызды болып табылатын бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерін аудитор тарапынан түсіну ұйыммен соның алдындағы жұмыс тәжірибесі негізінде іске асырылады және төмендегілермен толықтырылады:

(а)        Клиентгің жұмыстық міндеттер және блок-сызбаларды сипаттайтын процедуралар бойынша нұсқаулық тәрізді қүжаттамасына сілтеме жасаумен қатар ұйым басшылығының, басшылықтың орта деңгейінің тиісті мүшелеріне және ұйымның ұйымдық құрылымының әртүрлі деңгейіндегі басқа да қызметкерлерге сауалдама жүргізу;

(ә)        Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелері шегінде жасалатын құжаттар мен жазбаларды тексеру;

(б) Ұйымның әрекеті мен жұмысына, оның ішінде компьютерлік операцияларды ұйымдастыруға, ұйымның басшылық құрамына және операцияларды өңдеу сипатына байқау жасау.

Бухгалтерлік есеп жүйесі

Аудитор төмендегілерді салыстыра тексеріп, түсіну үшін жеткілікті мөлшерде бухгалтерлік есеп жүйесін түсінуді біліп алуы керек:

(а)        Ұйым тарапынан іске асырылатын операциялардың негізгі санаттары;

 (ә)       Осындай операцияларды бастауға ұйтқы болу тәсілдері;

(б)        Қаржылық есептегі әдепкі құжаттар мен есеп-шоттарды бекітетін есептік жазбалар;

(в)        Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есепті жасау процесі: маңызды операциялар мен басқа да оқиғаларды бастауға ұйтқы болудан оларды қаржылық есепке енгізуге дейін.

 Аудиторлық тәуекелділік

Аудитор бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерін түсінуді аудитті жоспарлау және аудит жүргізуге тиімді түрде әзірлену үшін жеткілікті мөдшерде біліп алуы керек. Аудиторлық тәуекелді бағалау және осы тәуекелді қолданымды төмен деңгейге төмендетуге қажетті аудиторлық процедураларды әзірлеу үшін аудитор кәсіби пікір түюді пайдалануы керек.

 “Аудиторлық тәуекелділік” қаржылық есеп елеулі түрде, бұрмаланған жағдайда аудитордың шындыққа сәйкес  емес аудиторлық ұйғарым қабылдауды білдіреді. Аудиторлық тәуекелдік үш құрамдас бөлігі бар: олар – ажырамас тәуекел бақылау тәуекелі және таба алмау тәуекелі.                   Ажырамас тәуекелділік – тиісті ішкі бақылаудың болуын жорамалдаған жағдайда есеп-шоттар сальдосының немесе операциялар санаттарының бұрмалануы жеке түрде немесе қосылған түрде елеулі мәнге ие болуға бейімділігі. Бақылау тәуекелділігі – есеп шоттар сальдосында немесе операциялар санаттарында орын алуы мүмкін бұрмалаушылық (ол басқа есеп- шоттар сальдоларында немесе операциялар санаттарында жеке түрде немесе қосылған түрде елеулі болуы ықтимал) дер кезінде жойылмауы немесе әйгіленбеуі және бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелері тарапынан түзетілмеу тәуекелі. Таба алмау тәуекелділігі — мәнді аудиторлық процедуралар есеп-шоттар сальдоларындағы немесе операциялар санаттарындағы басқа есеп-шоттар сальдоларында немесе операциялар санаттарында жеке түрде немесе қосылған түрде елеулі болуы ықтимал бұрмалаушылықтың табылмауын білдіреді.      «Бухгалтерлік есеп жүйесің ұйымның операцияларды қаржылық жазбаларды жүргізу тәсілі ретінде өңдейтін міндеттері мен есептік жазбаларының сериясынан тұрады. Мұндай жүйелер операциялар және басқа да оқиғалар бойынша берілетін сәйкестіре тексеру, жинау, талдау, есеп жасау. Саралау, тіркеу, қорытындылау және ұсыну мақсатында қолданылады.

Ішкі бақылау жүйесі ұйым басшылығы тарапынан оның әрекетін, іс жүзінде орындалуының қандайлығына қарай, тәртіпті түрде және тиімді жүргізуге, оның ішінде ұйым басшылығының саясатын, активтерді сактауды, алаяқтық пен қателердің алдын алуды және әйгілеуді, бухгалтерлік жазбалардың дәлдігін және толықтығын, сонымен бірге сенімді қаржылық ақпаратты дер кезінде әзірлеуді қамтамасыз етуге бағытталған бүкіл процедуралар мен саясаттың (ішкі бақылау) қабылдануын білдіреді. Ішкі бақылау  жүйесі тікелей бухгалтерлік есеп жұмысына қатысты мәселелердің шегінен асады және ол төмендегілерден тұрады:

  • Бақылау ортасы, бұл директорлар мен ұйым басшылығының ішкі бақылау жүйесіне және оның ұйым үшін маңыздылығына қатысты жалпы көзқарасын, хабардарлығын және әрекетін білдіреді. Бақылау ортасы нақты бақылау процедураларының тиімділігіне әсер етеді. Күшейтілген бюджеттік бақылаумен және әсерлі ішкі аудит жұмысымен ұштастырылған қатаң бақылау ортасы, мысалы, нақты бақылау процедураларын елеулі түрде толықтыра алады. Солай бола тұра, қатаң бақылау ортасы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін өз бетінше қамтамасыз ете алмайды. Бақылау ортасында бейнеленетін факторлар мыналарды қамтиды:
  • Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің жұмысын;
  • Ұйым басшылығының философиясын және жұмыс стилін;
  • Ұйымның ұйымдық құрылымын, сонымен   бірге   өкілеттік   және  жауапкершілік ұйым басшылығы тарапынан бақылау аудит жүйесін, оның ішінде ішкі аудит жұмысын, кадр саясаты мен процедураларды, сонымен бірге қызметтік міндеттер бөлуді.бақылау процедураларын, яғни, ұйым нақты міндеттерін шешу үшін ұйым басшылығы тарапынан бақылау ортасына қосымша ретінде тағайындалған процедуралар мен саясатты. Бақылаудың нақгы процедураларына мыналар жатады:
  • Есеп беру, тексеру және бекіту бойынша процедураларды салысттыру.
  • Жазбалардың арифметикалық дәлдігін тексеру.
  • Қолданымдық бағдармаларға және компьютерлік ақпараттық жүйелерге бақылау жасау, мысалы мыналарға бақылау орнату арқылы:

— компьютерлік бағдарламалардың өзгертілуіне,

— мәліметтер файлдарына қол жеткізуге.

  • Бақылау есептерін және байқау баланстарын жүргізу және тексеру.
  • Құжаттарды бақылауды бекіту және іске асыру.
  • Ішкі бұлақ көздерінен алынған мәліметтерді сыртқы бұлақ көздерінен алынған ақпараттармен салыстыру.
  • Ақшадай қаражат, бағалы қағаздар және тауарлық-материалдық қорлардың есебі қорытындыларын бухгалтерлік жазбалармен салыстыру.
  • Активтер мен жазбаларға тікелей нақты қол тигізуді шектеу.
  • Қаржылық нәтижелерді бюджетте көзделген сомалармен салыстыру және талдау.

Қаржылық есеп аудиті кезінде аудитор бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесінің тек қаржылық есептің бекітпелеріне қатысты саясаты мен процедураларына ғана назар аударады. Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелеріне қатысты аспектілерді түсіну, ажырамас тәуекел мен бақылау тәуекелін бағалауды қоса алғанда, сонымен қатар басқа аспектілерді қараумен бірге аудитор үшін төмендегілерге мүмкіндік береді:

(а)        қаржылық есепте орын алуы мүмкін елеулі ықтимал бұрмалаушылықтардың түрлерін сәйкестендіре талдауға;

(ә)        елеулі бұрмалаушылықтар тәуекеліне әсер ететін факторларды ескеруге;

(б)        тиісті аудиторлық процедураларды әзірлеуге.

Аудитті жүргізуге дайындықты әзірлеу кезінде аудитор (ажырамас тәуекелге баға берумен қатар) бақылау тәуекеліне алдын-ала баға беруді қарайды. Бұл бекітілген қаржылық есепке қатысты қабылдануы мүмкін тиісті таба алмау тәуекелін, сонымен қатар осындай бекітпелерді тексеруге бағытталған процедуралардьщ сипатын, мерзімін және көлемін анықтау үшін жасалады.

Ажырама тәуекелділік

Аудиттің жалпы жоспарын әзірлеу кезінде аудитор қаржылық есеп деңгейінде ажырамас тәуеклге баға беруі тиіс. Аудит бағдарламасын әзірлеу кезінде аудитор жасалған бағалауды бекітпелер деңгейінде елеулі есеп-шот сальдолары және операциялар санаттарымен қоса саралауы керек немесе бекітпелерге қатысты ажырамас тәуекелділік жоғары деген жорамалға келуі керек. Ажырамас тәуекелділікке баға беру үшін аудитор көптеген факторларды, мысалы төмендегілерді бағалау мақсатында кәсіби пікір түюді пайдаланады:

Қаржылық есеп деңгейінде

  • Ұйым басшылығының адалдығы.
  • Ұйым басшылығының тәжірибесі мен білімі, сонымен қатар оның құрамындағы тексеру мерзіміндегі өзгерістер. Мысалы, басшьлықтың тәжірибесіздігі ұйымның қаржылық есепті әзірлеуіне әсер етуі мүмкін.
  • Ұйым басшылығына көрсетілген әдеттегіден өзгеше қысым, мысалы ұйым басшылығын қаржылық есепті бұрмалауға күні бұрын икемдеген жағдайлар. Осындай жағдайлардың мысалына салада банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындар санының көптігін, немесе ұйымның әрі қарайғы жұмысы үшін қажетті капиталдың жетіспеушілігін жатқызуға болады.
  • Ұйым бизнесінің сипаты, мысалы оның өнімі мен қызметінің технологиялық жағынан ескіру ықтималы, капитал құрылымының күрделілігі, байланысты тараптардың маңыздылығы, сонымен қатар ұйымның өндірістік алаңдарының орналасу саны және географиялық жағынан таратылу жағдайы.
  • Ұйым әрекет жүргізетін салаға әсер ететін факторлар, бәсекелестіктің қаржьшық тенденциялар мен коэффициенттер арқылы белгіленетін шарттарының жағдайы, сонымен қатар технология, тұтыну сұранысы және осы салада кең таралған бухгалтерлік есеп ісі салаларындағы өзгерістер.

Есеп-шоттар сальдосы және операциялар санаты деңгейінде қаржылық есептің бұрмалануға бейім шоттары , мысалы осының алдындағы мерзімдерде түзетуді талап еткен және субъективтік тұрғыдан жоғары дәрежеде бағаланды делінетін есеп-шоттар.

  • Операциялар және басқа да оқиғалар негізінде жатқан және сарапшылар тартуды қажет ететін күрделі жағдай.
  • Есеп-шоттар сальдосын анықтауға байланысты пікір түю дәрежесі.
  • Активтердің шығындарға және заңсыз пайдалануға бейімділігі, мысалы, ақшадай қаражат секілді неғұрлым қажетті және неғұрлым жылжымалы активтерге қатысты бейімділік.
  • Әдеттегіден өзгеше және кешенді операциялардың әсіресе мерзімнің соңында немесе соған таяу кезде аяқталуы.
  • Өңдеудің әдеттегі процедураларына ұшырамайтын операциялар.

Бақылау тәуекелі

Бақылау тәуекеліне алдын-ала баға беру

Бақылау тәуекеліне алдын-ала баға беру ұйымның бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің елеулі бұрмалаушылықтарды болдырмауға немесе әйгілеуге және түзетуге қатысты тиімділігіне баға беру процесі болып табылады. Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылаудың кез-келген жүйесіне тән шектеулерге байланысты, бірқанша бақылау тәуекелі әр уақытта тұрақты орын алады. Кейбір немесе барлык бекітпелер бойынша бақылау тәуекелі әдетте аудитор тарапынан мынадай жағдайларда жоғары бағаланады:

а)         бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелері әсерлі емес; немесе

(ә) бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің әсерлілігін бағалау оңтайлы деуге келмейді.

Бақылау тәуекелін тусінуді және бағалауды бейнелейтін құжаттама

Өзінің жұмыс құжаттарында аудитор мыналарды құжаттауы керек:

(а)        ұйымның бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерін түсінуден алынған деректерді;

(ә)        бақылау тәуекелін бағалауды. Егер бақылау тәуекелі жоғарыдан төменірек деп бағаланса, осындай баға беру қорытындыларының негізі де жұмыс құжаттарында бейнеленуі тиіс.

Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелеріне қатысты ақпараттарды құжаттаудың әртүрлі тәсілдері бар. Белгілі бір әдісті таңдап алу адитор пікірінің еншісінде. Жеке-жеке немесе бір-бірімен жалғасқан түрде қолданылатын әдеттегі әдістер баяндау түріндегі сипаттаманы, сүраунамаларды, бақылау тізімдерін және блок-сызбаларды қамтиды. Ұйымның үлкен-кішілігі, құрылымының күрделілігі, сонымен қатар субъектінің бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің сипаты құжаттаманьщ формалары мен көлеміне ықпал жасайды. Жалпы алғанда, бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелері неғұрлым күрделі және аудиторлық процедуралар неғұрлым көлемді болған сайын, аудитор құжаттамаларының да көлемі солғұрлым үлкен болады.

Бақылау сынақтары

Бақылау сынақтары төмендегілердің тиімділігі жөнінде аудиторлық айғақтар алу үшін орындалады:

(а)        бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің ұйымдастырылуы, яғни олардың елеулі бұрмалаушылықтарды болдырмайтын немесе әйгілейтін және түзетететін жағдайда жақсы ұйымдастырылуы туралы;

(ә)        ішкі бақылаудың мерзімнің соңына дейін жұмыс істеуі туралы.

 Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерін түсіну мақсатында атқарылатын кейбір процедуралар арнайы түрде бақылау сынағы ретінде жоспарланбауы мүмкін, алайда ішкі  бақылаудың құрылымы мен жұмысының белгілі бір бекітпелерге қатысты тиімділігі жайында аудиторлық айғақтар беруі мүмкін; осылайша, бақылау сынақтары сапасында қызмет етуі ықтимал. Мысалы, бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерін ақшадай қаражатқа қатысты түсіну барысында аудитор сауалдама және байқау жүргізу арқылы банкілік салыстыру процесінің тиімділігіне қатысты дәлелдер ала алады. Егер аудитор бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерін түсінуді біліп алу мақсатында атқарылып жатқан процедуралар сонымен қатар қаржылық есептегі белгілі бір бекітпеге қатысты саясат пен процедуралар әрекетінің құрылымы мен тиімділігінің сәйкестігі жайында аудиторлық айғақтар береді деген қорытындыға келсе, онда аудитордың осы аудиторлық айғақтарды, егер олар жеткілікті деп саналса, бақылау тәуекелін жоғарыдан төменірек деңгейде бағалауды бекіту үшін пайдалануына болады. Бақылау сынақтары өзіне мыналарды қамтуы мүмкін:

  • Ішкі бақылаудың тиісті дәрежеде жұмыс істеуіне қатысты аудиторлық айғақтар алу мақсатында операциялар мен басқа да оқиғаларды бекітетін құжаттарды, мысалы операцияны жүргізу үшін берілген рұқсаттың барлығы жөніндегі анықтаманы тексеру.
  • Аудиторлық із қалдырмайтын ішкі бақылауға қатысты сауалдамалар және оларды байқау, мысалы әрбір функцияның ықтимал атқарушысын емес, нақты атқарушысын анықтау.
  • Ішкі бақылаудың субъект тарапынан дұрыс орындалуына көз жеткізу мақсатында оны қайтадан іске асыру, мысалы банк шоттарын салыстыра тексеру.

 Аудитор бақылау тәуекелінің жоғарыдан төмен деңгейдегі кез-келгенң бағалауын бекіту үшін бақылау сынақтарын жүргізу арқылы аудиторлық айғақтар алуы керек. Бақылау тәуекелі неғұрлым төмен бағаланған сайын, аудитор бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерінің ұйымдастырылуы мен тиімді жұмыс істеуінің сәйкестігі жөніндегі бекітпелерді солғұрлым көбірек алуы тиіс. Ішкі бақылаудың тиімді жұмыс істеуіне қатысты аудиторлық айғақтар алу процесінде аудитор оның қалай қолданьмғаны, оның мерзім бойында қолданылу реті, сонымен қатар кім тарапынан қолданылғаны жайында қарайды. Тиімді жұмыс істеу концепциясы кейбір ауытқушылықтардын орын алатынын жоққа шығармайды. Алдын-ала белгіленген бақылаудан ауытқушылықтар шешуші қызметкерлердің құрамьшдағы өзгерістер, операциялар көлеміндегі маусымдық мәндегі едәуір ауытқулар және субъективтік қателер тәрізді факторлар нәтижесінде орьш алуы мүмкін. Ауытқушылықтар анықталған жағдайда аудитор нақты, оның ішінде ішкі бақылаудың шешуші жұмыстарын атқаратын қызметкерлер құрамындағы өзгерістердің уақытына байланысты сауалдамалар жүргізеді. Саясатты маңызды елеул арқылы. Бұдан соң аудиторға бақылау сынактарының тиісті түрде өзгерістер немесе ауытқулар болып өткен мерзімді қамтуына көз жеткізу қажет. Аудитор бақылау сынақтары аяқталғанға дейінгі аралық мерзімде субъектіге келген кезде кейбір сынақтарды орындау жөнінде шешім қабылдауы мүмкін. Алайда аудитор мерзімнің басқа бөлігіне қатысты қосымша аудиторлық айғактар алу қажеттігін қарамайынша мұндай сынақтардың қорытындыларына сүйене алмайды. Назарға төмендегідей факторлар алынады:

  • Аралық сынақтар қорытындылары.
  • Қалған мерзімнің ұзактығы.
  • Қалған мерзім ағымында бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерінде қандай бір өзгерістердің орын алғаны немесе орын алмағаны.
  • Сынаққа қамтылған операциялардың,   басқа   оқиғалардың   және   есеп-шот сальдоларының сипаты мен сомасы.
  • Бақылау ортасы, әсіресе орта деңгейдегі басшылық қызметіндегілер тарапынан қолданылатын бақылау.
  • Аудитордың жүргізу үшін жоспарлаған мәнді процедуралары.

Бақылау тәуекелінің түпкілікті бағалануы

Аудит аяқталғанға дейін, мәнді процедуралардың қорытындылары мен алынған басқа да аудиторлық айғақтарды негізге ала отырып, аудитор бақылау тәуекелінің бағалануының бекітілгенін қарауы тиіс.

Ажырамас тәуекелділік пен бақылау тәуекелділігі бағаларының арасындағы өзара байланыс

Ұйым басшылығы бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылаудың бұрмалаушылықтарды болдырмауға немесе әйгілеуге және түзетуге бағытталған жүйелерін әзірлеу жолымен ажырамас тәуекелділікке байланысты ахуалдарға жиі жауап береді, сондықтан да ажырамас тәуекелділік пен бақылау тәуекелділігі көп жағдайларда өзара тығыз байланысты болады. Мұндай жағдайларда, егер аудитор ажырамас тәуекелділік пен бақылау тәуекелділігін бір-бірінен бөлек бағалауға тырысатын болса, онда тәуекелділікке баға берудің сәйкессіздігі орын алуы мүмкін. Демек, аудиторлық тәуекелділікке неғұрлым тиісті баға беру үшін, мұндай жағдайларда қисындастырылған ортақ баға берілуі қажет.

Таба алмау тәуекелділігі

Таба алмау тәуеклдігінің деңгейі аудиторлық мәнді процедуралармен тікелей байланысты. Бақылау тәуекелінің ажырамас тәуекелмен бірге бағалануы таба алмау тәуекелін төмендету мақсатында жүргізілетін, демек, аудиторлық тәуекелділікті қонымды саналатын төмен деңгейге түсіру үшін жүргізілетін аудиторлық мәнді процедуралардың сипатына, мерзіміне және көлеміне әсер етеді. Алайда аудитор есеп-шот сальдолары мен операция санаттарын 100 пайыз көлемінде тексергеннің өзінде алмау тәуекелділігі біршама қала береді, өйткені аудиторлық айғақтардың басым бөлігі түпкілікті сипаттан гөрі иланымды сипатқа бейім. Аудиторлық тәуекелділікті қонымды саналатын төмен деңгейге түсіру үшін жүргізілетін аудиторлық мәнді процедуралардың сипатын, мерзімін және көлемін анықтау кезінде аудитор ажырамас тәуекелділік пен бақылау тәуекелдігінің бағаланған деңгейін қарауы тиіс. Аудитор осыған қатысты мыналарды қарайтын болады:

 (а)       мәнді процедуралардың сипаты, мысалы, ұймның өз ішіндегі тараптарға немесе қүжаттамаларға қаратылмай, ұйым шегінен тысқары тәуелсіз тараптарға бағытталған сынақтарды пайдалану, немесе талдау процедураларына қосымша ретінде аудиттің белгілі бір міндетін шешуге бағытталған егжей-тегжейлі сынақтарды пайдалану;

(ә)        мәнді процералардың мерзімі, мысалы осы процедураларды неғұрлым ертерек күнге емес, мерзімнің соңында орындау;

(б)        мәнді процедуралардың көлемі, мысалы іріктеудің үлкен көлемін пайдалану.

Таба алмау тәуекелділігі мен ажырамас тәуекелділік және бақылау тәуекелдігінің қисындастырылған деңгейі арасында өзара кері байланыс бар. Мысалы, егер тәуекелділік пен бақылау тәуекелділігі жоғары деңгейде болса, онда аудиторлық тәуекелділікті қонымды саналатын төменгі деңгейге түсіру үшін таба алмау тәуекелділігі қонымды төмен деңгейде болуы қажет. Екінші жағынан, ажырамас тәуекелділік пен бақылау тәуекелділігі төмен деңгейде болған жағдайда аудитор таба алмау тәуекелділігінің неғұрлым жоғары деңгейін қабылдауы және аудиторлық тәуекелділікті бұрынғыша қонымды саналатын деңгейге төмендету мүмкін. Ажырамас тәуекелділігі мен бақылау тәуекелдігінің бағаланған аудитор деңгейі аудитор тарапынан кез-келген мәнді процедуралар атқару қажетілігін жоққа шығаратындай төмен деңгейде бола алмайды. Ажырамас тәуекелділік пен бақылау тәуекелдігінің бағаланған деңгейінің қандайлығына қарамастан, аудитор есеп-шоттардың елеулі сальдолары мен операция санаттарына қатысты кейбір мәнді процераларды орындауға тиіс. Аудиторлық тәуекелділіктің құрамдас бөліктерінің бағалануы аудит өткізу барысында өзгеруі мүмкін, мысалы, мәнді процедураларды орыңдау үстінде аудитордың назарына ажырамас тәуекелділікгін бақылау тәуекелділігін бастапқы бағалауға негіз болған ақпараттан едәуір дәрежеде өзгеше басқа ақпарат ілінуі мүмкін. Мұндай жағдайларда аудитор ажырамас тәекелділік пен бақылау тәуекелдігінің қайта қаралған бағалануына сүйене отырып, жоспарланган мәнді процедураларды жетілдіруі қажет.

Аудиторлық тәуекелділіктің құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланысты безендіру.

Таба алмау тәуекелділігі мен алынбайтын тәуекелділік және бақылау тәуекелділігінің қиыстырылған деңгейінің арасында өзара кері бар. Мысалы, егер ажырамас тәуекелділік және бақылау тәуекелділігі жоғарғы денгейде болса, онда таба алмау тәуекелділігінің қолданымды деңгейі төмен болуы керек, ал бұл өз кезегінде аудиторлық тәуекелділікті қолданымды төмен деңгейге,төмендетуді талап етеді. Екінші жағынан, егер ажырымас тәуекелділік және бақылау тәуекелділігі төменгі деңгейде болса, аудитор таба алмау тәуекелділігінің неғұрлым жоғарғы деңгейін қабылдай алады және аудиторльқ  тәуекелділікті бәрі бір қолданымды төмен деңгейге төмендетеді.

Мәнділік

Аудиторлық жоспарды әзірлеу барысында аудитор елеулі бұрмалаушылықгардың сандық көлемін әйгілеу мақсатында мәнділіктің қонымды денгейін тағайындайды. Алайда бұрмалаушылықтың көлемімен (саны) қатар оның сипатын (сапасын) да ескеру қажет болады. Сапалы түрдегі бұрмалаушылық мысалына есеп саясатының сәйкессіз немесе теріс жазылуы, соның салдарынан осы қаржылық есепті пайдаланушыны жаңылыстыру мүмкіндігінің пайда болуы, сонымен катар реттеуші органдар тарапынан әрі қарайғы салынған шектеулер ұйым әрекетін іскеі асыру қабілетін елеулі түрде төмендетуіне әкеліп соғатын заң жүзіндегі талаптардың бұзылу жағдайларының ашылмауы жатады. Аудиторға қосыла келе қаржылық есепке елеулі мәнде әсер ететін салыстырмалы түрдегі шамалы сомаларға қатысты бұрмалаушылықтар мүмкіншілігін қарау қажет. Мысалы, айдын аяғында жүргізілген процедура кезінде жіберілген қате, егер осындай қате ай сайын қайталанатын болса, келешекте елеулі бұрмалаушылыққа айналу ықтималына мезгейді.  Аудитор мәнділікті қаржылық есептің жалпы деңгейі мен қатар есеп-шоттардың жекелеген сальдоларына, операциялар санатына және ашып көрсетілетін ақпараттарға қатысты қарастырады. Мәнділікке құқыктық және нормативтік талаптармен қатар қаржылық есептің жекелеген сальдолары және олардың арасындағы өзара қатынастар да әсер етуі мүмкін. Соның нәтижесінде мәнділік деңгейлері қаржылық есептің қаралып отырған аспектіне байланысты елеулі түрдегі айырмашылықтарға ие болуы ыктимал.

Аудитор мәнділікті мыналардың барысында қарауы тиіс:

аудиторлық процедуралардың сипатын, мерзімін және көлемін анықтау барысында;

бұрмалаушылықтар әсеріне баға беру барысында

Мәнділік пен аудиторлық тәуекел арасындағы өзара байланыс.

Аудитті жоспарлау барысында аудитор қаржылық  есептің бұрмалауына не нәрсенің әкеліп соғатынын қарастырады. Мәнділікке есеп-шоттардың нақты сальдолары мен операциялар санатына байланысты аудиторлық баға беру аудитор тарапынан мынадай мәселелер туралы, мысалы, қандай сатьяны тексеру керектігін, сонымен бірге ішінара сұрыптауды және талдау процедураларын қолдану мүмкіндігін шешім қабылдауға ықпал жасайды. Мұның өзі аудиторға бір-бірімен ұштаса келе аудиторлық тәуекел деңгейін қонымды түрдегі төмен деңгейге түсіретіндей аудиторлық процедураларды таңдап алуға мүмкіңдік береді. Мәнділік пен аудиторлық тәуекелділік арасында екіжақты өзара байланыс бар, яғни, мәнділік денгейі неғұрлым жоғары болған сайын, аудиторлық тәуекелділік деңгейі солғұрлым төмен және керісінше. Мәнділік пен аудиторлық тәуекел арасында өзара кері байланыс аудитор тарапынан аудиторлық процедуралардың сипатын, мерзімін көлемін анықтау барысында назарға алынады. Мысалы, егер нақты аудиторлық процедураларды жоспарлауды аяқтағаннан кейін аудитор мәнділіктің қонымды деңгейі тағайындалған деңгейден төмен екеңдігін анықтайтын болса, онда аудиторлық тәуекелділік деңгейі жоғарылайды. Пайда болған жағдайдың орнын толтыру үшін аудитор төмендегі тәсілдердің бірін қолдануы керек:

(а)        Мүмкін болған тұстарда бақылаудың баға берілген деңгейін төмендету керек және бақылаудың кеңейтілген немесе қосымша сынақтары арқылы бақылау деңгейінің төмендетілгенін бекіту керек; немесе

(ә)        Жоспарланған мәнді процедуралардың сипатын, мерзімін және көлемін өзгерту арқылы таба алмау тәуекелін төмендету керек..

Мәнділік және аудиторлық айғаққа баға беру барысындағы аудиторлық тәуекелділік:

Мәнділікке және аудиторлық тәуекелділікке берілетін аудиторлық баға аудиторлық процедуралардың қорытындыларын бағалау кезінде келісімді жоспарлаудың әдепкі кезіндегіден өзгеше болуы ықтимал. Бұл жағдайлардағы өзгерістерге немесе аудитордың аудит жүргізу нәтижесі бойынша ұйым әрекетіне қатысты хабардарлығына байланысты туындау мүмкін. Мысалы, егер аудит есеп беру мерзімінің соңына дейін жоспарланатын болса, аудитор қаржылық-шаруашылық әрекет қорытындысына және қаржылық жағдайға болжам жасайды. Егер іс-әрекеттің нақты қорытындысы және қаржылық жағдай болжамдағыдан маңызды дәрежеде алшақтайтын болса, онда мәнділікке және аудиторлық тәуекелділікке берілетін бағаның өзгеруі ықтимал. Мұның үстіне, аудитті жоспарлау барысында аудитор мәнділіктің қонымды деңгейін саналы түрде аудит қорытындаларын бағалау үшін қолданылатын деңгейден неғұрлым төмен деңгейде тағайындауы мүмкін. Бұл табылмаған бұрмалаушылықтар ықтималын азайту, сонымен қатар аудит барысында  әйгіленген бұрмалаушылықтарға баға беру кезінде аудиторға қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында жасалуы мүмкін.

Бұрмалаушылықтар әсеріне баға беру

Қаржылық есептің шынайы түрде ұсылғанына баға беру кезінде аудитор аудит барысында табылған түзетілмеген бұрмалаушылықтардың  қосыла келе елеулі дәрежеге айналу мүмкіндігіне баға беру тиіс.

Жиынтығын мыналар қамтиды:

аудитор тарапынан табылған нақты бұрмалаушылықтар, оның ішінде өткен мерзімдердегі аудиттерде әйгіленген түзетілмеген бұрмалаушылықтардың  таза әсерін қоса алғанда;

аудитор тарапынан нақты түрде анықталуы мүмкін болмайтын басқа да бұрмалаушылықтарға (яғни, болжамды қателерге) неғүрлым дәлірек баға беру.

Аудитор қоса алғандағы түзетілмеген бұрмалаушылықтардың елеулі екендігін немесе елеулі еместігін қарауы тиіс

Стратегия сандық жоспарлау және аудит бағдарламасы

“Жоспарлау” жалпы стратегияны әзірлеу және аудиттің тосылатын сипатына, мерзімі мен көлеміне егжей — тегжейлі даярлықта келуді білдіреді. Аудитор аудиттің жүргізілуін оның әсерлі және дер кезінде өтетіндей жағдайда жоспарлайды.

Аудиторлық жүмысты нақты жоспарлау аудиттің маңызды салаларына тиісті назар аударуды, ықтимал мәселелерді тағайындауды және жүмысты қысқа мерзімде орындалуын қамтамасыз етуге көмектеседі. Жоспарлау сонымен қатар жұмысты көмекшілер арасында тиісті түрде бөлуге, сондай-ақ басқа аудиторлар және эксперт-мамандар тарапынан атқарылатын жұптарды үйлестіруге көмек береді. Жоспарлау көлемі ұйымның үлкен-кішілігіне, аудитордың осы ұйымның бойынша жұмыс тәжірибесіне, сонымен қатар бизнесті білуіне байланысты өзгеріп отырады. Бизнес туралы білім алу аудитордың жұмысты жоспарлауының маңызды бөлігі болып табылады. Бизнесті білу аудиторға қаржылық есепке елеулі түрде әсер етуі мүмкін оқиғаларды, операцияларды және іс жүзіндегі әрекетті белгілеуге көмек жасайды. Аудитор өз тілегі бойынша аудиттің оңтайлығы мен әсерлілігін арттыру және аудиторлық процедураларды ұйым қызметкерлерінің жұмысымен үйлестіру мақсатында аудиттің жалпы жоспарының элементтерін және белгілі бір аудиторлық процедураларды ұйымның аудиторлық комитетімен, оның басшылығымен және қызметкерлерімен талқылуына болады. Алайда аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын жасау аудитордың төл міндеті болып қала береді..

Аудттің жалпы жоспары

Аудитор аудитті жүргізудіц мөлшерленген маштабы мен тәртібін сипаттай отырып аудиттің жалпы жоспарын әзірлеуі және оны құжаттап ресімдеуі тиіс. Аудиттің жалпы жоспарының құжат түрінде бейнеленуі аудит бағдармасын әзірлеу басшылыққа алынатындай, жеткілікті мөлшерде егжей-тегжейлі болуы шарт, соның өзіде оның дәлме-дәл формасы мен мазмұны ұйымның үлкен-кішілігіне, аудиттің күрделілігіне, сондай-ақ аудитор қолданатын нақты әдісіне мен технологияға байланысты өзгерістерге ұшырайтын болады. Аудиттің жалпы жоспарын әзірлеу барысында аудитордың қарауында арналған мәселелер төмендегілерді қамтиды:

Бизнесті білу

Ұйым бизнесіне әсер тигізетін жалпы экономикалық факторлар және салалық ерешіліктер.

Ұйымның, оның бизнесінің, қаржьшық-шаруашылық әрекетінің және есеп беру ісіне қойылатын талаптарының, оның ішінде осының алдында өткізілген аудит сәтінен бергі мерзімде орын алған өзгерістерді қоса алғандағы маңызды сипаттамалары.

Ұйым басшылығы құзыретінің жалпы деңгейі.

Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерін тусіну

Ұйым тарапынан қабылданған есеп саясаты және осы есеп саясатындағы өзгерістер

            Бухгалтерлік есеп пен аудитгің жаңа стандарттарының әсері.

Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерінің аудитор тарапынан жинақталған білімі, сонымен қатар бақылау сынақтары мен мәнді процедураларға тиісті түрде назар аудару мәселесі.

Тәуекелділік және мәнділік

  • Ажырамас тәуекелділік және бақылау тәуекелділігінің күткендегідей мөлшерде бағалануы, сонымен бірге аудиттің маңызды учаскелерінің сәйкестігін салыстыра тексеру.
  • Аудит мақсаттары үшін мәнділік денгейлерін тағайьшдау.
  • Өткен мерзімдер тәжірибесін қоса алғандағы елеулі бұрмалаушылықтар немесе алаяқтық ықтималы.
  • Бухгалтерлік есептің оның үстіне бухгалтерлік бағалау аспектілерін қоса алғандағы күрделі аспектілерінің сәйкестігін салыстыра тексеру.

Процедуралардың сипаты, мерзімі және көлемі

  • Аудиттің нақты учаскелеріне екпін ауыстыру мүмкіншілігі.
  • Аудитке ақпараттық технологиялар әсері.
  • Ішкі аудит қызметінің жұмысы және оның сыртқы аудит процедураларына тигізуі ықтимал әсері.

Үйлестіру, бағыт беру, басшылың жасау және жұмысқа шолу жүргізу

  • Ұйымның құрамдық бөліктеріне, мысалы, еншілес кәсіпорындарға, филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге жүргізілетін аудитке басқа аудиторларды тарту.
  • Сарапшы-мамандарды тарту.
  • Жүмыс объектілерінің саны.
  • Қызметкерлерге деген сүраныс.

Басқа аспектілер

  • Ұйым әрекетінің үздіксіз жүргізілу жорамалының екіталай мәселеге ұшырау мүмкіндігі.
  • Ерекше назар аударуды қажет ететін жағдайлар, мысалы, байланысқан тараптардың болуы.
  • Келісімнің шарттары және заң жүзінде тағайындалған кез-келген міндеттер.
  • Есеп жасаудың сипаты мен мерзімдері немесе ұйыммен өзара әрекеттестіктің келісім шегінде тосылатын басқа да формалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру

 

2.1 Өндірістік шығындардың жіктелінуі және бағалануы

 

Өндiрiс шығындарын дұрыс ұйымдастыру үшiн олардың ғылыми негiзделген жiктемесi үлкен роль атқарады. Өндiрiске кеткен шығындар олар пайда болуына, орнына байлаысты, өнiм түрлерiне (жұмыс, көрсетiлген қызмет) және шығындар түрлерiне бөлiнедi (жiктеледi).

Пайда болу орнына байланысты – шығындар өндiрiс бойынша, цехтарға, кәсiпорынның телiмi (участок) және басқа да құрылымдық бөлiмшелерге бөлiнедi. Мұндай топтау зауытiшiлiк шаруашылық есеп беруiн ұйымдастыру үшiн және өндiрiстiк өнiмнiң өзiндiк құнын анықтау үшiн қажет.

Өнiмнiң түрiне байланысты — (жұмыс, көрсетiлген қызмет) шығындарының өзiндiк құнын анықтау үшiн шығындарды топтайды.

Шығындар түрлерiне байланысты – шығындар элементтерi және калькуляциялық баптар бойынша топтастырылады.

Кәсiпорынның өндiрiстiк өнiмдерi (шығындары) келесi элементтерге жiктеледi:

  • Материалдық шығындар;
  • Еңбек ақы шығындары;
  • Әлеуметтiк қажеттiлiктерге аударымдар;
  • Негiзгi қор амортизациясы;
  • Басқа да шығындар (телефондық, iс-сапар бойынша және т.б.)

Бұл топтастыру элементтерi халық шаруашылығындаға барлық салаларға мiндеттi және бiрыңғай болып табылады. Шығындарды топтастру экономикалық элементтер бойынша келесi нәтиженi көрсетiп тұр — өндiрiске қанша жұмсалғаны, жалпы шығындар сомасындағы әр элементтiң үлесiн. Материалдық шығындар элементтерiне сатып алынған материалдар, бұйымдар және энергия, өнiмнiң өзiндiк құнының әр түрiне байланысты шығындар топтастырылуы ұйымдастырылады және калькуляциялаудың баптарына кiргiзiледi. Жоспарлаудың негiзгi ережелерiнде өндiрiстiк кәсiпорындарда өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау және есеп беруiне байланысты калькуляциялық баптары бойынша шығындар тұрпатына топтастырылады. Олар келесiдей түрде берiледi:

  1. «Шикiзаттар және материалдар»;
  2. «Аяқталмаған өндiрiс»;
  3. «Аяқталмаған өндiрiс және сатып алынған бұйымдар»;
  4. «Технологиялық мақсаттарға отын және энергия»;
  5. «Өндiрiс жұмысшыларының еңбек ақысы»;
  6. «Әлеуметтiк қажеттiлiктерге аударымдар»;
  7. «Өндiрiске дайындау және үйренуге кеткен шығындар»;
  8. «Жалпы шаруашылық шығындар»;
  9. «Жалпы өндiрiстiк шығындар»;
  10. «Ақаудан кеткен шығындар»;
  11. «Басқа да өндiрiстiк шығындар»;
  12. «Коммерциялық шығындар»;

Бастапқы 11 баптың жиыны өндiрiстiк өнiмнiң бағасын құрайды, ал барлық 12 баптың жиыны өнiмнiң толық өзiндiк құнын құрайды.

 

Өндiрiстiк шығыстардың жiктелуi

Жiктелу түрi

Шығындар бөлiмшесi

1

2

Экономикалық ролi бойынша өндiрiс үрдiсiнде

Құрамы бойынша (бiртектес)

өнiмнiң өзiндiк құнына қосу әдiсi бойынша

Өндiрiс көлемiне байланысты

Кезеңдi пайда болуына байланысты

 Өндiрiстi үрдiске қатысуына байланысты

Тиiмдiлiгiне байланысты

Негiзгi және жөнелтпе құжат

 

Бiр элементтi және кешендi

 

 

Тiкелей және жанама

Өзгермелi және бiрыңғай уақытылы

Өндiрiстiк және коммерциялық

Өндiргiш және өндiргiш емес

 

Негiзгi шығындар — өндiрiстiк технологиялық өндiрiспен тiкелей байланысты; шикiзат және негiзгi материалдар, көмекшi материалдар және басқа да шығындар, жалпы өндiрiстiк және жалпы шаруашылық шығындардан басқа.

Жөнелтпе шығындары — өндiрiсте қызмет көрсетумен және басқаруды ұйымдастырумен пайда болады. Олар жалпы өндiрiстiк және жалпы шаруашылық шығындардан тұрады.

Бiр элементтi шығындар – бiр элементтен тұратын – еңбек ақы, амортизация т.б.

Кешендi шығындар – бiрнеше элементтерден тұратын, мысалы: цехтiк және жалпы зауыттық шығындар құрамына еңбек ақы, ғимараттардың амортизациялық шығындары және басқа да бiр элементтi шығындар.

Тiкелей шығындар — өндiрiстiң анықталған өнiм түрiмен байланысты және де тiкелей өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызылуы мүмкiн: шикiзат және негiзгi материалдар, ақаудан шеккен шығындар және т.б.

Жанама шығындарға — өнiмнiң бөлек түрлерi бойынша тiкелей өнiмнiң өзiндiк құнына тiкелей жатқызуға болмайды және жанама түрде анықталады (шартты түрде): жалпы шаруашылық, жалпы өндiрiстi, өндiрiстiк емес шығындар және т.б.

Шығындарды тiкелей және жанама түрлерiне бөлу себебi – салалардың ерекшелiгiне, өндiрiстiң ұйымдастырылуына, өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiсiне байланысты.

Шартты тұрақты шығындар мөлшерi — өндiрiстiк өнiм көлемiнiң өзгеруiне қатысы жоқ: жалпы өндiрiстiк және ж„не жалпы шаруашылық шығындар және т.б.

Кезеңдiк шығындарға байланысты шығындар ағымдағы және бiркелкi (уақытты) болып бөлiнедi: ағымдағы шығындарға – кезеңдiк белгi бойынша, мысалы: шикiзат және материалдар шығындары. Бiркелкi шығындарға – жаңа өнiм түрлерiн дайындауға кеткен және олардың өндiрiстiк өзiндiк құнын құрайтын шығындар.

Өндiрiстiк шығындарға – тауарды дайындауға кеткен және олардың өндiрiстiк өзiндiк құнын құрайтын шығындар.

Өндiрiстiк емес (коммерциялық) – тұтынушыларға өнiмдi сатумен (өткiзумен) байланысты. Өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындар тауарлық өнiмнiң толық өзiндiк құнын құрайды.

Өндiргiш шығындары — өндiрiстiң ұйымдастырылуының және өндiрiс өнiмнiң құруына кеткен рационалды технологиялардың сапалылығы.

Өндiргiш емес шығындар — өндiрiстi ұйымдастыру жетiспеушiлiк және технологияның жеткiлiктi дамымағандығынан (өнiмнiң ақаулары, жұмысшыларға қосымша еңбек ақы төлеуден, өндiрiстiң тоқтап қалуынан) және т.б. Өндiрiстiк шығындар жоспарланады, сондақтан да олар жоспарлы деп аталады. Өндiрiстiк емес шығындар сiздер бiлетiндей жоспарланбайды.

Материалдың дұрыс бағасын анықтау үшін 7 – БЕС қарастырылған төрт әдістің бірін қолданамыз: арнайы идентификациялау әдісі; орташа өлшемді әдіс; қорларды бастапқы сатып алу бағалары бойынша бағалану әдісі (ФИФО); қорларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалану әдісіЛИФО; 

Орташа өлшенген құндық әдісі.

Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың құны – ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелінген  орташа бағасы түсіндіріледі.Бұл әдісті есептеудің математикалық әдісі мынандай:

Орташа құны = (∑м.қ + ∑алын. ) / (Км.қ + Калын.)

Мұндағы:

м.қ  — есепті кезеңнің басында қалған материалдық қалдық құны;

алын. — есепті кезеңнің басында қалған материалдық қалдық саны;

Км.қ  — алынған материалдар құны;

Калын. — алынған материалдар саны;

ФИФО әдісі — босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептелінеді, яғни бінші келген — бірінші кетеді. Сонымен соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алынғанның құнына енгізіледі.

ЛИФО әдісі – қорларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Соңғы алынған алынған өзіндік құны бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ал ай соңындағы қорлардың өзіндік құнымен есептеледі теген тұжырымға негізделген әдіс.

Арнайы идентификациялау әдісі. Бұл әдіс қорлардың партияларының дұрыс ұйымдастырылуына мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады.

 

2.2 Өндірістік шоттар  жүйесі және олардың сипаттамасы

 

Типтік шоттар жоспарының IX бөлімінде өндірістік есептің шоттары топтастырылған. Бұл бөлім келесі бөлімшелерді құрайды:

90 – «Негізгі өндіріс»

91 – «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар»

92 – «Қосымша өндіріс»

93 – «Үстеме шығындар»

Бұл бөлімнің шоттары субьектінің қызметтерді өндіруге кеткен шығындар, сондай-ақ қызмет көрсетуші өндірістермен және шаруашылықтармен көрсетілген қызметттерге, өнім шығаруға және жұмыс атқаруға шыққан шығындар туралы қорытынды ақпарат беру үшін арналған. Бұл бөлімнің шоттарында шығындардың пайда болу жеріне және басқа да нышандарына байланысты топтастыру, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүргізіледі.

Жоғарыда айтылған алғашқы үш бөлімшелердің әрқайсысы келесідей шоттардан құралады:

  • материалдық шығындар есебі үшін (901,911,921)
  • еңбек ақы үшін (902,912,922)
  • еңбек ақыдан аударым сомалары үшін (903,913,923)
  • үстеме шығындары (904,914,924)

Көрсетілген шоттардағы есептелген шығындар барлық шығындарды қорытындылауға арналған шоттардың тиістісіне апарылып, топтастырылады: 900 «Негізгі өндіріс», 910 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар», 920 «Қосымша өндіріс».

93 бөлімшеге кіретін шоттар нақтылап талданып көрсетілген. Бұл бөлімшеде тиісті бөлімшелердің барлық шығындарын топтастыруға және материалдардың, жұмысшылардың еңбек ақы сомасы, еңбек ақыдан аударымдар сомасы шығындары есебіне арналған шоттар бар.

90 «Негізгі өндіріс» бөлімшесінде келесі шоттардан тұрады: 900 «Негізгі өндіріс», 901 «Материалдар», 902 «Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы», 903 «Еңбек ақыдан аударымдар», 904 «Үстеме шығындары». Бұл бөлімшенің шоттары негізгі өндіріс шығындары туралы ақпараттарды топтастыруға арналған.

90 «Негізгі өндіріс» атты бөлімше шоттарында есептелетін шығындар, алдымен 901, 902, 903, 904шоттарда жинақталады.

Негізгі өндіріске жіберілген материалдардың құнын есептеу үшін: 901 «Материалдар» шоты дебеттелінеді және 20 «Материалдар» бөлімшесінің шоттары және 920 «Қосымша өндіріс» шоты кредиттелінеді.

Негізгі өндірістің шығындарының құрамында есепке алынуға тиісті еңбек ақы шығындарының сомасына, 902 «Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы» шоты дебеттелінеді және 681 «Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шоты кредитттелінеді.

Негізгі өндірістің шығындарының құрамында есепке алынуға тиісті еңбек ақыдан аударымдар сомасына 903 «Еңбек ақыдан аударымдар» шоты дебеттелінеді және 635 «Әлеуметтік салық», 686 «Жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша есеп айырысу».

Негізгі өндіріске қатысты үстеме шығындары сомасына 904 «Үстеме шығындары» шоты дебеттелінеді және 93 «Үстеме шығындары» бөлімшесінің 930 «Үстеме шығындары» шоты кредиттелінеді.

Айдың басында 211, 212, 213, 214 шоттардың дебетіндегі аяқталмаған өндіріс қалдықтары, сол шоттардың кредитінен 900, 910, 920 шоттардың дебетіне апарылады. Ал айдың аяғында аяқталмаған өндірістің нақты өзіндік құнына сәйкес сомалар 900, 910, 920 шоттардың  дебетінен, 211, 212, 213, 214  шоттардың кредитіне сәйкесінше апарылады. 900, 910, 920 шоттардың кредитінен есептен шығарылатын шығындар сомасы, тауарлы-материалдық қорлардың есебі және дайын өнімнің, жартылай фабрикаттардың, материалдардың, қоймаға жіберілген қалдықтар мен ақаулардың аяқталмаған өндіріс қалдықтарының сомасын қоса алғандағы нақты өзіндік құнын сәйкес шоттарына есептен шығарылады. Олар айдың аяғында 900, 910, 920 шоттары кредитінен 211, 212, 213, 214 шоттары дебетіне апарылғанда олардың ай басындағы сомасы 900, 910, 920 шоттар дебетіне көрсетілген аяқталмаған өндіріс қалдықтары және есепті кезеңде өндірілген шығындар сомасына тең болуы керек. Басқаша айтқанда айдың аяғында 900, 910, 920 шотарында қалдық қалмауы керек. Есепті кезеңнің басында аяқталмаған негізгі өндіріс қалдықтары 21 «Аяқталмаған өндіріс» бөлімшесінің 211 «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне апарылады.

Айдың аяғында негізгі өндірістің барлық шығындарының сомасы, келешектегі қайта өндіруге берілген өз өндірісінің жартылай фабрикаттардың нақты өзіндік құны 901 «Материалдар», 902 «Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы», 903 «Еңбек ақыдан аударымдар», 904 «Үстеме шығындары» шотының кредитінен 900 «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне апарылады.

Дайын өнімнің, жасалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құны 900 «Негізгі өндіріс»шоттарының кредитінен есептен шығарылап келесідей  шоттардың дебетіне апарылады:

  • 221 «Дайын өнім»;
  • 801 «Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды ,қызметтерді) сату шығындары».

Аяқталмаған негізгі өндіріс құны 900 шоттың кредитінен 211 шоттың дебетіне есептен шығарылады.

Жартылай фабрикаттар өндірісінің шығындарының сомасы 911 «Материалдар», 912 «Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы», 913 «Еңбек ақыдан аударымдар», 914 «Үстеме шығындар» шоттарының дебеті бойынша, айдың аяғында осы шоттардың кредитінен 910 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар»шоты дебетіне апарылады. Осы 910 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар»шоты дебеттелгенде айдың басындағы аяқталмаған жартылай фабрикаттар құны 212 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар» шоттың кредитіне ауыстырылады. Барлық осы шығындар 910 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар» шоттың дебетінде сол есепті кезеңдегі жартылай фабрикаттардың өзіндік құнын калькуляциялау үшін жинақталады.

910 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар» шоттың кредитінен аяқталмаған өндіріс  құны және дайын жартылай фабрикаттардың нақты өзіндік құны келесі шоттар дебетіне есептен шығарылады:

  • 900 «Негізгі өндіріс» шотының – негізгі өндіріске одан әрі қайта өңдеуге берілген жартылай фабрикаттар бөлігі;
  • 221 «Дайын өнім» — сатылуға тиісті жартылай фабрикаттар бөлігі;
  • 212 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар» — жартылай фабрикаттардың аяқталмаған өндіріс бөлігі;

Қосымша өндірістің барлық шығындарының сомасы 921 «Материалдар», 922 «Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы», 923 «Еңбек ақыдан аударымдар», 924 «Үстеме шығындар» шоттарының дебеті бойынша есептелінеді, ал айдың аяғында осы шоттардың кредитінен 920 «Қосымша өндіріс» шотының дебетіне. Осы 920 «Қосымша өндіріс» шотының дебетіне айдың басында аяқталмаған қосымша өндіріс құны 213 «Қосымша өндіріс» шотының кредитінен апарылады. Осы есепті кезеңде қосымша өндіріспен шығарылған дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін барлық бұл шығындар 920 шоттың дебетінде жинақталады.

920 «Қосымша өндіріс» шоттың кредитінен аяқталмаған өндіріс  құны және дайын жартылай фабрикаттардың нақты өзіндік құны келесі шоттар дебетіне есептен шығарылады. Сондай-ақ нақты өзіндік құнға сәйкес келетін сомаларға:

  • сатуға арналған дайын өнім бойынша, 221 «Дайын өнім» шоты дебеттелінеді;
  • негізгі өндірісте қолданылатын дайын өнім бойынша, 901 «Негізгі өндіріс»шоты, 93 «Үстеме шығындары» бөлімшесінің тиісті 934 «Негізгі құралдарды жөндеу», 936 «Коммуналдық қызметтер», 938 «Басқалары» шоттары дебеттелінеді;
  • пайдаланылуға арналған дайын өнім: 801 «Сатуға арналған дайын өнім(тауарлар, жұмыстар, қызметтер)»шоты дебеттелінеді;
  • сату процессінде пайдаланылатын дайын өнім бойынша 811 «Тауарлар(жұмытар,қызметтер) сату шығындары» шоты   дебеттелінеді;
  • жалпы және әкімшілік шығындарға пайдаланылатын дайын өнім 821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шоты дебеттелінеді;
  • аяқталмаған өндіріс бойынша, 21 «Аяқталмаған өндіріс» бөлімшесінің 213 «Қосымша өндіріс» шоты дебетттелінеді.

Негізгі және қосымша өндіріс бойынша үстеме шығындар туралы ақпаратты топтастыруға арналған 930 шоттан 938 шотқа дейінгі шоттарды 93 «Үстеме шығындар» бөлімшесі біріктіреді. Бұл шоттарда келесі шығын түрлері көрсетіледі: қондырғыларды және машиналарды пайдалану және күтіп ұстау шығындары; өндірістік негізгі құралдарды жөндеу шығындары және өндірістік айналымнан тыс активтердің амортизациясы және тозуы; өндірісте пайдалынатын жалға алынған негізгі құралдар үшін жал төлемі; өндірісті басқарумен және оған қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің еңбек ақысы; өндірістік ғимараттарды күтіп ұстау шығындары және басқа да жалпы өндірістік шығындар.

Үстеме шығындар есебі инструкциясына сәйкес бірінші 931шоттан 938 шотына дейінгі шоттар дебеттеледі, ал 11, 13, 20, 33, 34, 63, 65, 67, 68 бөлімшелердің тиісті шоттары кредиттеледі, кейін үстеме шығындардың жалпы сомасын табады және 930 «Үстеме шығындар» шотының дебеті және 931-938 шоттар кредиті бойынша жазулар жасалады. Үстеме шығындар есебі бойынша жазулар жазудың келесі этапы 904, 924 шоттары дебеттеледі және 930 шоты кредиттеледі, кейін калькуляциялау объектілері бойынша өндірістік үстеме шығындарды бөлуді 900, 920 шоттар дебеті және 904, 924 шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі. Бұл өте күрделі және тиімсіз жұмыс. Біздің айтуымызша өндірістік үстеме шығындарды 904, 924 шоттарына жинақтауға болады.

 

2.3 Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындардың есебі

 

Шығындар элементiнiң тiзiмi және олардың есебi шығындар құылымы ережсiнде көрсетiлген. Осы нормативтiк құжаттарға сәйкес жоғарыда айтқандай шығындар өнiмнiң өзiндiк құны қатарына кiргiзiп және келесi элементтерге жiктеледi: материалдық шығындар (шығын құнын шегергенде), еңбек ақы төлеу шығындары, әлеуметтiк қажеттiлiктерге аударымдар, негiзгi қорлардың амортизациясы және т.б. шығындар. 

«Материалдық шығындар» элементi құрамында келесілердің құндары көрсетіледі:

  • шеттен алынған шикізаттар мен материалдар, өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіріп, оның негізін құрайтын немесе өнімді өндірудегі қажетті компонент болып табылады;
  • құрылғыларды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер, негізгі қорға апарылмайтын тетіктердің, әдістемелердің, қондырғылардың шығыстары;
  • технологиялық процесстердің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету үшін, өнім өндірісінде, өнімді орап буу үшін, немесе басқа да өндірістік және шаруашылық қааажеттіліктерге шығындалатын сатып алынған материалдар;
  • келешектегі монтаждауға немесе қосымша өңдеуге түсетін сатып алынған жартылай фабрикаттар мен босалқы құралдары;
  • негізгі іс-әрекетке жатпайтын, басқадай кәсіпорындармен немесе сол кәсіпорынның шаруашылығымен және өндірісімен жасалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтер: өнімді өндіру, шикізаттар мен материалдарды өңдеу және белгіленген технологиялық процесстерді дұрыс іске асыруды бақылау бойынша жеке операцияларды іске асыру; орталық қоймаға қорларды жеткізугі бөтен көлікті жалдау шығындары. Кәсіпорынның өзінің көлігімен және қызметкерлерімен шикізатты, материалдарды, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен өнімдерді тасымалдау шығындары;
  • табиғи шикізаттар құны, су шаруашылық жүйесінен субьектінің жинайтын су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға, қорғауға, оларды пайдалану мен жаңартуды ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері, арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетінжер құнарлығын арттырудың шаралары;
  • көліктік дайындау шығындары. Көліктік дайындау шығындарына келесі шығындар түрлері жатады: жабдықтау сату ұйымдарына төленетін үстемелер, жүкті тасығаны қосымша кіріске ақысы; субьектің қоймасына материалдарды жеткізіп беру мен түсіру шығыстары; дайындау орындарында ұйымдастырылған агентікті және қоймаларды , қеңселерді ұстау шығымтары ; материалдарды тікелей дайындаумен байланысты іс-сапар шығыстары;
  • технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындар. Өндіріс процессінде тікелей жұмсалатын энергиялар мен отындардың шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс табады.Технологиялық мақсаттағы отындар шығындарына кәсіпорынның өзі өндірген отындардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да енгізіледі: мартен, домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін, металл — прокаттық, ұсталық — штампылау, престеу және басқа цехтарда қыздыру үшін, бұйымдарға технологиялық процесспен белгіленген байқау жұмыстарын жүргізу үшін; сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық, двигательдік және басқа да өндірістік және шаруашылық мұқтаждықтарына жұмсалатын. Сатып алынған энергияның барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның электрлік және басқа да түрлерін өндіруге, сондай-ақ сатып алынған энергияны оны тұтынатын жерге дейін трансформациялау мен беруге жұмсалатын шығындар тиісіті шығын элементіне енгізіледі; табиғи кему нормалары шегінде материалдық игіліктердің кем шығуы мен бүлінуінен болатын шығындар;

Кәсіпорын көлігімен материалдық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты шығындар өндіріс шығындарының тиісті элементтеріне, сондай-ақ материалдық ресурстар құнына жеткізіп берушіден материалдық ресурстармен бірге алынған ыдыстың құны оның бағасына енгізілген жағдайда жеткізіп берушіденалынған материалдық ресурстардың ыдстары мен бумаларын сатып алуға жұмсаған кәсіпорынның шығындарыда енгізіледі.

Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық шығындардан қайтымды қалдықтар құны алынып тасталынады. Өндірістің қайтымды қалдықтары деп өнім өндіру процессінде пайда болған, бастапқы ресуртың тұтыну сапысын толық немесе ішінара жоғалтқан және соның салдарынан көтеріңкі шығындармен пайдаланылатын немесе негізгі мақсатқа мүлдем пайдаланбайтын шикізаттар, материалдар , жартылай фабрикаттар, жылутаратқыштар және басқа да материалдық ресурстар түрлерінің қалдықтарын айтамыз. Өнімнің басқа түрлерін өндіру үшін толыққанды материал ретінде белгіленген технологияға сәйкес басқа цехтарға, бөлімшелерге берілетін материалдық ресурстар қалдықтары қайтарымды қалдықтарға жатпайды. Сондай-ақ жолай алынатын өнім де қалдықтарға жатпайды, олардың тізбесі өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау мәселелері жөніндегі салалалық әдістемелік ұсыныстар белгіленеді.

«Еңбек ақы» бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметшілердің сыйақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және өтемділік төлемдері, сондай-ақ кәсіпорын штатында тұратын, негізгі қызметке қызметкерлердің жалақақысына жұмсалатын шығындардың құрамына мыналар енгізіледі:

  • кәсіпорында қабылданған еңбек ақы төлеу жүйесімен және нысанымен, сондай-ақ жеке еңбек келісім шартына сәйкес лауазымды айлық ақысы және тарифтік мөлшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы арқылы нақты орындалған жұмысқа есептелінген жалақысы;
  • ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйақылар, кәсіптік шеберлігі, еңбектегі жоғары табыстары және тағы басқа көрсеткіштері үшін төленілетін тарифтік ставкалары мен айлықақыларға қосылатын үстемақылар;
  • жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен байланысты өтемдік сипаттағы төлемдер, оның ішінде: түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімнен тыс жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін, көп ауысымды режімдегі жұмыс, мамандықты қосып атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені үшін, ауыр зиянды, ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы және т.б. жұмыстары үшін заңдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік ставкалар мен айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымша ақылар;
  • қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекелеген салалардағы қызметкерлеріне тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтердің, тамақтың, азық-түлік құны, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерге берілетін тегін тұрғын үйге ақы төлеу жөніндегі шығындар;
  • қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегін берілетін, тұрақты әрі жеке пайдалануында қалатын заттардың құны немесе олардың арзан бағаға сатылуына байланысты жеңілдіктер сомасы;
  • қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кезекті және қосымша демалыстарғаақы төлеу, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындаумен, медициналық тексерулерден өтумен байланысты уақыттар;
  • эаңдарда белгіленген жағдайларда кәсіпорындар мен ұйымдардың қайта құрылуына, қызметкерлер мен штаттардың қысқаруына байланысты жұмыстан босаған қызметкерлерге төлемдер төлеу;
  • қолданлып жүрген заңдарға сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін бір мезгілдік сыйақылар төлеу;
  • қолданлып жүрген заңдарға сәйкес аудандық, экологиялық коэфиценттері бойынша шөлейтті, сусуыз және биік таулы жерлердегі жұмысы үшін белгіленген коэфиценттер бойынша төлем төлеу; экологиялық қолайсыз жағдайлары бар аудандардағы үздіксіз жұмыс стажы үшін жалақыға заңдарда көзделген үстемақыларды төлеу;
  • кәсіптік-техникалық училищені бітірген түлектерге және жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарын бітіріп шыққан жас мамандарға жұмыс басталар алдында демалысқа ақы төлеу;
  • кешкі және сырттай жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сырттай аспирантура, кешкі оқу орындарында, кешкі кәсіптік-техникалық және сырттай жалпы білім беретін мектептерде ойдағыдай білім алып жүрген, сондай-ақ аспирантураға түскен жұмысшылар мен қызметшілерге берілетін оқу демалыстарына қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ақы төлеу;
  • заңдарда көзделген жағдайларға сәйкес еңбек ақысы төмен жұмыстарды атқарғаны үшін ақы төлеу; уақытша еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда іс жүзіндегі жалақа мөлшеріне дейін заңдарда белгіленген қосымша ақылар төлеу;
  • бұрынғы жұмыс орындағы қызметтік айлықақысының мөлшерін белгілі бір мерзім ішінде сақтай отырып басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан келіп орналасқан, сондай-ақ уақытша басқа жұмысын атқарған қызметкерлерге төленетін айлықақылардағы айырмашылық;
  • вахталық жұмыс кестесіне сәйкес кәсіпорынның орналасқан жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жолда жүрген күндеріүшін, сондай-ақ ауа райы жағдайына қарай және көлік ұйымдарының кінәсінен жолда кідіріп қалған күндері үшін айлықақының тарифтік ставка мөлшерінде төленетін сомасы;
  • жұмысшы донорға тексеруден өткен, қан тапсырған және әрбір қан тапсырған кейін демалыс алған күндеріт үшін ақы төлеу;
  • егер атқарылған жұмыс үшін есеп айырысуды тікелей кәсіпорынның өзі жүргізетін болса, кәсіпорынның штатында тұрмайтын қызметкерлерге олардың азаматтық- құқықтық сипатта жасасқан шарттары бойынша атқарған жұмыстарына ақы төлеу. Бұл орайда мердігерлік шарт бойынша жұмыс атқарғаны үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын қаржының мөлшері осы жұмыстардың және төлем құжаттарының сметалары негізге ала отырып белгіленеді.

 «Әлеуметтiк қажеттiлiктерге аударымдар» элементi – белгiленген заңдылықтарға сәйкес мемлекеттiк сақтандыру органдарының нормаларына сәйкес мiндеттi төлемдердi аудару, зейнетақы қорына, жұмысшылардың еңбек ақысына, медициналық және жұмыспен қамту қорына аударылған шығындар.

«Негiзгi қорлардың тозуы» элементінде негізгі өндірістік қорлардың баланстық және алғашқы құнынан және белгіленген нормалары бойынша соның ішінде олардың активті бөлімінің жеделдетілген амортизациядан есептелген амортизациялық аударымдар сомасы. Бірақ негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу тек қана нормативті қызмет ету мерзімі аяқталғанда , яғни негізгі құралдар өздерінің құнын өндірістік шығындарға толық ауыстырғанда ғана тоқтатылады. Сондай-ақ бұл шығындар элементінде еңбек ұжымдарына қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, тегін берілетін негізгі қорлардың құнынан, сонымен қатар кәсіпорындардың территориясында дәрігерлік пункт ұйымдастыру үшін, сол кәсіпорынмен медициналық ұйымдарға мүлік және үй құнынан.

«Басқа да шығындар» элементi – бұл элементте салықтар, алымдар, төлемдер (сақтандырудың мiндеттi түрлерiе байланысты) сақтандыру қорларына аударымдар және т.б. мiндеттi төлемдерге аударымдар, қоршаған ортаны ластағыш заттарды тастағаны үшiн алымдар, алған несие үшiн проценттер төлеу шығындарын, iс-сапар шығындарын, кадрларды дайындауға (оқытуға) қайта оқытуға кеткен шығындарды, қызмет көрсету үшiн төлемдер шығындарын, банктерге шығындалуын, жалгерлiк төлемдерге шығындарды, материалдық емес активтерге амортизациялық төлеу шығындарын, жөндеуге кеткен шығындарын, яғни өнiмнiң өзiндiк құнына кiретiн шығындарды сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тарау. Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау әдістері

 

3.1 Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын

калькуляциялау мақсаты және әдістері

 

Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылатын жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір өлшемге есептелінетін өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.

Өнімді ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдістері қолданылады. Халық шаруашылығының түрлі салаларындағы кәсіпорындарда қандай да бір әдісті қолдану өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау жөніндегі негізгі ережелеріне сәйкес белгіленеді.

Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын ала және кейінгі болып екіге бөлінеді.

Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындарды мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлық, сметалық және нормативтік калькуляция жатады.

Жоспарлы калькуляция — өнімге және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, материалдың нормасы, өндірістің технологиясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.

Сметалық калькуляция — бұл жоспарлы калькуляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.

Нормативтік калькуляция — ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады. Бұл аталған әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін және кәсіпорынның өзінде пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын қолданады. Оның негізінде қол жеткен шығындар деңгейін сипаттайтын ағымдағы және әрекет етіп тұрған нормаларды пайдаланады.

Нормативті калькуляцияның жоспарлы калькуляцияға қарғанда дәлдігі анағұрлым жоғарылау болып келеді.

Кейінгі калькуляция өнім шығарылғаннан соң бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалады.

Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты және шамаланған калькуляция жатады.

Өнімнің өзіндік құнының нақты калькуляциясы нақты шығындармен сипатталады, ал ол жоспарлыдан кәсіпорынға байланысты себептері бойынша да(өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланнысыз себептері бойынша да(материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістар енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін.

Калькуляциялаудың бұл түрі нақты шығындар туралы есептік меліметтің негізінде дайындалады.

Шамаланған калькуляция нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады.

Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін алдын ал бағалау үшін пайдаланылады.

Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын және шығындарда есептеу объектісін дұрыс белгілеу өте үлкен роль атқарады.

Шығындардың есеп обьектісі болып сол шығындардың өндірістегі аналитикалық есебі саналады. Калькуляцияның объектісі болып өнім түрлері, жұмыстар, қызметтер саналады. Өнеркәсіпте есеп объектісі өте жиі калькуляциялау объектісімен сәйкес келеді.

Есеп объектісі мен калькуляциялаудан басқа калькуляциялық бірлік тізімін белгілеу қажет. Калькуляциялық бірлік, әдетте, тиісті өнім түрінің техникалық жағдайына немесе қабылданған стандарттық өлшем бірлігіне және өндірілген өнімнің натуралды көрінісіне сәйкес келуі тиіс. Егер де жоспарлау өлшем бірлігі ретінде екі көрсеткішті пайдаланса, онда калькуляциялық бірлік осы екі бірліктің бірін ғана пайдаланады.

Сонымен, іс жүзінде пайдаланылатын калькуляциялық өлшем бірлігін келесі топқа біріктіруге болады:

  • натуралды бірліктері — дана, метр, километр, тонна, литр және т.б.;
  • ірілендірілген бірлігі – тігін бұйымдарының прейскуранттық нөмірі, белгілі бір артикулдағы жүз жұп аяқкиімі және т.б.;
  • өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін пайдаланылатын шартты-натуралды бірлік, ондағы пайдалы заттың құрамы әртүрлі тербелісте болуы мүмкін;
  • құндық бірлік;
  • еңбек бірлігі;
  • орындалған жұмыс бірлігі;
  • пайдалы нәтиженің бірлігі;

Кешендік өндірісте бір шикізаттан бір технологиялық процессте екі немесе бірнеше түрлі өнімді алса, онда оларды шығару үшін жұмсалған жалпы шығынды өнімдердің арасында таратуға болмайды, сондықтан ондай өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеуге төменде келтірілген әдістердің бірін пайдаланады. Егер де технологиялық процессте шикізатты өңдеу кешені бірнеше қайта жасаудан тұратын болса және өндірістің бұл кезеңдері бойынша шығын деңгейін анықтау мүмкіндігі бар болса, онда соңғы өнімге немесе шалафабрикатқа бөлістік калькуляциясын пайдалану мүмкін. Егер де жалпы шығыннан белгілі бір өнім түріне қатыстысын бөлу мүмкіндігі бар болса, онда оны тікелей сол өнімнің өзіндік құнына қосуға болады.

Кешендік өндіріс шығындарын тарату кезінде келесі әдістер қолданады:

— шығындарды шегеру. Бұл әдіс кезінде өндірісте алынатын өнімдердің бірі негізгі өнім болып саналады, ал қалғандары ілеспе ретінде қарастырылады. Өндіріске кеткен барлық шығыннан ілеспе өнім жоспарлы өзіндік құны бойынша шегеріледі және осыдан кейін алынған деңгейін негізгі өнімнің өзіндік құны деп санауға болады. Бұл әдісті негізгі өнімнің деңгейі айқын белгілі болған кезде ғана және ілеспе өнімнің үлес салмағы көп болмаса ғана пайдаланады.

Өнімнің өзіндік құнын есептеген кезде ондағы шығындарды тарату коэффициенттік әдіспен жүзеге асады.

— аралас(қиыстыру) әдісі. Бұл әдәсті кешендік өндірісте бірнеше негізгі және ілеспе өнімдерді өндірген кезде пайдаланылады. Бұл әдісте шегеріп тастау да, шығындарды тарату да қатар әрі үйлесімді тұрғыда пайдаланылады. Бұл кезде шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің құны шегеріліп, қалған бөлігі негізгі өнімдердің арасына белгіленген коэффициенттер бойынша таратылады.

Олар келесі жұмыс кезеңінен тұрады: жалпы кешендік шығыннан ілеспе өнімнің өзіндік құны шегеріледі; шығынның қалған қалдығы негізгі өнімдердің арасына белгіленген коэффициенттерге сәйкес таратылады; ең соңында, тікелей өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын және таратылатын соманың мөлшері анықталады.

Өндірістің технологиялық және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және өндіріс шығындарын есептеудің бірнеше әдістері пайдаланылады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріске кеткен шығындарын есептеудің әдісі деп, кәсіпорынның шығынын бақылау үшін өнімнің нақты өзіндік құнын есептеу және өндіріс шығындары туралы ақпараттарды есепте топтастыру, жинау бойынша әдістерінің жиынтығын айтады.

Өнімнің өзіндік құнының әдісіне әсер ететін негізгі факторлар ретінде мыналарды атауға болады:

  • өндіріс типі;
  • өндірістің күрделілігі;
  • шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты;
  • өндіріс циклының ұзақтығы;
  • аяқталмаған өндірістің қолда бары, құрамы және көлемі.

Өнеркәсіп салаларында өнімнің өзіндік құнына бұл факторлардың тигізетін әсері бірдей емес, сондықтан өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әртүрлі әдісін қолдануға тура келеді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесінде шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты басты роль атқарады. Әдетте, өнімдер жай және күрделі болып бөлінеді. Жай өнім — бұл жеке бөлшектерден, түйіндерден, детальдардан тұрмайды.

Жай өнім болып: көмір, руда, мұнай, газ, цемент, тері, ет және т.б. саналады.

Бұл аталған өнімдердің өзіндік құнын есептеу аса күрделі әдістемелерді пайдалануды талап етпейді. Бұндай жай өндірістерде бір ғана өнім түрі калькуляцияланады.

Күрделі өнім деп жекелеген бөлшектерден, түйіндерден, детальдардан тұратын өнімдерді айтады.

Мысалы, машиналар, станоктар, құрал-жабтықтар, автобустар және т.б. Күрделі өндірісте негізгі өнімнен басқа, дайын өнім ретінде оның бөлшектері, түйіндерден, детальдары да калькуляцияланады. Бұл соңғылары калькуляциялау әдістемесіне қосымша қиындықтар туғызады.

Калькуляциялау әдістемесін анықтауда өндіріс циклының ұзақтығы бірнеше сағат құраса, ал басқаларында бірнеше күн, мысалға, тоқыма өнеркәсібінде, химия зауыттарында, тері фабрикасында т.б., ал үшіншілерінде ол — бірнеше айларға созылуы мүмкін, ал төртіншілерінде — тұтас маусымға созылуы мүмкін.

Өндірістік циклы ұзақ өнеркәсіп салаларында өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесін жасау бірнеше айға немесе маусымға созылуы мүмкін және олар бірнеше сағаттар немесе күндер құрайтын сомалармен салыстырғанда біршама күрделі болып келеді. Оның күрделілігі, ең алдымен, үлкен аяқталмаған өндірістің шығысты тарату мәселесінің және басқа да арнайы жағдайларының әсерінен болуы мүмкін.

7 БЕС шығынды есептеудің үш негізгі әдісін қарастырады. Одан басқа іс жүзінде жай (процестік) әдісі қолданылуы мүмкін.

 

3.2 Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым (процесстік) әдісі

 

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әдісі біртекті өнім шығаратын кәсіпорында пайдаланылады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс болмайды және шалафабрикаттарды өзі өндіреді.

Егер де кәсіпорын өзінің есептік саясатында қарастырса, онда бұл әдісті қолдануға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылғын өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің натуралды көлеміне немесе шартты — натуралды көрсеткішіне жай бөлу арқылы табады. Кейбір салаларда шығындар әрбәр технологиялық процесс бойынша есептелінуі мүмкін.

Сонымен, көмірді өндіру өнеркәсібі бірнеше кезеңнен тұрады: дайындық жұмыстары, көмммірді алу, шахтыға тасымалдау және сыртқа шығару, сорттау, өңдеу, вагонға тиеу. Міне сондықтан бұл жердегі шығындарды есептеу мен калькуляциялаудың жай әдіс, процесстік деп аталуы да осыдан шыққан. Мұнда кәсіпорын барлық шығындарды өндірілетін өнімнің бір түріне, ал аяқталмаған өндіріс болмаған жағдайда — шығарылған өнімге жатқызады, ал біртекті өнім шығарылатын жерде калькуляциялаудың барлық баптары бойынша өндірістегі шығындарды негізделген нормалау арқылы оңайлатады. Көптеген кәсіпорындар жұмыс практикасында өндірістің қарапйым әдісінің дұрыстығын және прогесшілдігін дәлелдеп берді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің қарапайым төрт нұсқасы бар.

Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен айқындалады. Бұл өндірістерде аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар және өнімнің құрамдас бөліктері болмайды.

Екінші нұсқаны аяқталмаған өндірісі бар кәсәпорындар қолданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлудің қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа 1 текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады. Аяқалмаған өндірісті, әдетте, инвентарлық әдісін пайдалана отырып, бағалайды.

Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен электр энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай жағдайларда шығындар тұтас алғанда өндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады.

Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің өзіндік құнын анықтамай-ақ шығындар есебін бөлістік немесе процесстік бойынша жүргізетін кәсіпорындар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіп қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік әдәстері үйлесімді пайдаланылады.

 

3.3 Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі

 

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі аз сериалы және жеке — дара өндірісі бар кәсіпорындарда, жөндеу және эксперименттік жұмыстарда пайдаланылады. Барлық тікелей шығындарәрбір тапсырыстар бойынша белгіленген номенклатура баптарының кескінінде есепке алынады. Тапсырыс кәсіпорынның өндірістік бөлімшесінде арнайы бланкілерде ашылады, содан соң ол орындаушы — цехқа және бухгалтерияға түседі. Әрбір тапсырысқа өзіндік код беріледі, онда жұмысшыға есептелген жалақы, барлық құжаттардағы материалдардың шығысы, өндіріске кеткен шығын есебін жүргізетін карточкаға көшіріліп жазылады. Тапсырыстың өзіндік құны оларды әзірлеумен байланысты шығындар сомасынан тұрады.

Осы тәсілдің кейбір ерекшеліктері бар, атап айтсақ:

  • барлық шығарылған шығындар туралы мәліметтерді шоғырландырып және оларды жеке жұмыс түрлері мен дайын өнім партияларына жатқызу;
  • уақыт аралығындағы емес, аяқталған әрбір партия бойынша шығындарды шоғырландыру;
  • тек бір ғана шотты жүргізу, “аяқталмаған өндіріс”. Осы шотта өндірістің әрбір тапсырысы бойынша шығындардың жекелеген есебін ұйымдастыру үшін карточкаларды енгізуді ұсынады.

Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау үшін жартылай фабрикатсыз әдісі пайдаланылады.

Тек дайындау цехында жартылай фабрикатты әдісі пайдаланылады, демек, аталған цехтар бойынша жеке калькуляция жасалады. Әдетте, жартылай фабрикаттық әдісте тапсырысты жасау процесі цехтан цехқа өтеді, бірақ ондағы жасалған операциялар бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.

Цехтар шығындары әрбір табыстың кескінінде, калькуляциялаудың берілген номенклатурасы бойынша, ал негізгі материалдар, шикізаттар, технологиялық отындар мен энергиялар — белгіленген топ кескініде аналитикалық есемте көрініс табады.

Ал үстеме шығыстары олардың өндірілген орны бойынша есептелінеді және ай сайын қабылданған тарату тәсәлі бойынша әрбір тапсырыстың өзіндік құнына жатқызылады.

Ақаудан алынған жоғалтулар, әдетте, өздерінің тапсырыстарына есептен шығарылады. Орындалмаған тапсырыстар, аяқталмаған өндірістер ретінде танылады.

Тапсырыс орындалып біткен соң және техникалық қабылдануы тапсырыс берушіге ұсынғаннан кейін өндірістік бөлім кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырыстың біткені туралы хабарлама жасайды, содан соң тапсырыс бойынша шығындар жасау процесі тоқтатылады. Кейбір кәсіпорындарда тапсырысты  орындағаннан кейін қоймаға өткізсе , сол қоймаға накладнойды өткізу тапсырыстың жабылғаны.

Сондай-ақ, кез келген тапсырыстың өзіндік құны бұрмаланбауы үшін артық немесе пайдаланбаған материалдық құндылықтар қоймаға тапсырылады, ол кезде 20 — “Материалдар” бөлімшесінің шоттары дебеттеліп, 900 немесе 920 шоттары кредиттеледі. Бұл әдісті қолдану барысында іс жүзіндегі өзіндік құн тапсырыс аяқталғаннан кейін анықталады, бұған дейін барлық шығындар аяқталмаған өндіріс деп қарастырылады. Тапсырыстық әдістің кемшіліктері мынада: күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды әзірлеу кезінде материалдық және еңбек шығындарын нормалауды ұйымдастыру қиын, нормативтік калькуляцияларды жасау және өндіріс шығындарын алдын ала бақылау жасауп отыруды қиындатады. Осы кемшілікті жою үшін өндірістің ұзақ циклінде ірі бұйымды әзірлеу кезінде олардың торабына жеклеген тапсырыс ашуды ұсынады, яғни олардың әрбір конструкциясы аяқталған болып саналады.

Кіші сериялық өндірісте тапсырыс саны ағымдағы айда шығарылатын болып жоспарланған санымен сәйкес келеді. Нақты бір бұйымды немесе бірнеше бұйымды әзірлеу үшін пайдаланған барлық тораптар мен детальдар есепте бөліп көрсетіледі.

Тораптар мен детальдардың бірінші түрі бойынша олардың шығындарының есебі тапсырыстық әдіспен, ал сериялық немесе жаппай өндірістік тәртіпте дайындалған бұйымдар — екінші, яғни нормативтік әдіспен ұйымдастырылады. Сөйтіп, бұйымның жалпы құны тапсырыс ескерілген жекелеген тәртіпте дайындалғандан шығындардан және нормативтік әдісі бойынша жалпы немесе сериялық өндіріс тәртібінде есептелген тораптар мен детальдардың жалпы құнынан немесеөзіндік құнынан құралады.

Кәсіпорынның экономикалық қызметінің қызметкерлері жекелеген және кіші сериялық өндіріс жағдайында өндірістегі шығындарды есепке алудың нормативтік әдісін ің элементтерін мүмкін болатын жерде қолдануды ұсынуы тиіс.

Тапсырыстар бойынша шығындар топтастырылып, өндіріс есебінің карточкаларында әрбір тапсырыстың өзіндік құны есептелінеді.

Мысал, өнімнің өзіндік құнын тапсырыстық әдіс арқылы есептеу.

 

Кесте 3. Өнімнің өзіндік құнын тапсырыстық әдісі.

Көрсеткіштер

Смета бойынша

Нақты шығын

1

2

3

4

1

Тапсырыс көлемі (мың квт. сағ.)

295158

295158

2

Жалпы өндірістік шығындар (мың тг.)

103330

104224,7

 

Қосымша матириалдар

2708

1551,1

 

—       электр қуаты

5375

5325,9

 

—       еңбек ақы қоры

2500

2978,5

 

—     әлеуметтік салық

46250

46507,4

 

—       амортизациялық аударым

10834

10693,1

 

—       жөндеу қоры

12858

12247,3

 

—       жөндеу қоры

15126

15126

 

—       басқадай шығындар

7679

9731,4

3

Сатып алынған электр қуаты (мың квт. сағ.)

36216

36216

4

Толық өзіндік құн (2 жол / 3жолға)

135546

140440,7

5

1 квт. сағ. қызметтің өзіндік құны (4 жол / 1 жолға)

0,4592

0,4758

6

1 квт. сағ. сату құны

0,5216

0,53

7

Тауарлы өнім құны (6 жол х 1 жол)

153934,4

156433,7

8

Табыс (7 жол – 1 жол)

18408,4

15993,04

9

Рентабельдік [(8 жол / 7 жол) х 100%]

11,96%

10,22%

 

3.4 Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлістік әдісі

 

Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлістік әдісі өнімді жаппай өндіретін кәсіпорындарда қолданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен технологиялық өңдеуден өтеді. Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсіпорындарында: металургиялық, химиялық, мұнай өңдеу және басқа да салаларда қолданылады.

Дайын өнім немесе жартылай фабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялық процесті бөлістік әдіс деп атайды. Бөлістік әдісте өндіріске кеткен шығндар олардың әрбір кезеңі, фазасы, аусымы, яғни бөлісі бойынша есептелінеді. Әрбір бөлістен кейін жартылай фабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде — дайын өнім алынады. Бөлініс тізбесі пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс процесстерінің арасындағы үзіліс — іркілістер; шығарылатын жартылай фабрикаттардың, өнімнің сипаты мен басқа да өзіне тән жағдайлары ескеріле отырып, технологиялық процестер туралы деректердің негізінде белгіленеді. Бұл орайда, бөлініс жөніндегі шығындарды жоспарлау мен есепке алуды, аяқталмаған өндірісті есепке алу мен бағалауды ұйымдастыру, өзі өндірген жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау мүмкіндігі ескеріледі.

Тікелей шығыстар әдетте, бөлістер бойынша, ал әрбір бөлістердің ішінде — шығарылатын өнім түрлері бойынша есепке алынады.

Үстеме шығыстар бөлістердің арасында таратылады, ал олар әрбір бөлістердің ішінде — шығарылатын өнім түрлерінің арасына таратуға қабылданған коэфициенттердің базасында жасалуы мүмкін.

Бөлістік әдісін қолданған кезде нормативтік элементтері — нақты шығындардың ағымдағы нормадан жүйелі түрде ауытқуын, сондай-ақ нормалардың өзгеру есебін және олардың себебін табуды қолдану керек.

Еңбек шығындарын, ресурстардың шығыстарын құжаттауда және жедел есеп беруінде энергетикалық, материалдық және басқа да шығындардың нықты шығысын ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар өндіріс тапсырмаларына немесе нормасына негізделген шығындар да көрініс табуы керек. Белгіленген технологиялық процесстің ауытқуынан, жумсалған материалдық шығыстардың құрамының өзгеруінен, шығарылған өнімнің ассортиментінен, олардың сорттылығынан болған қосымша шығындар немесе үнемдеулер дер кезінде көрініс табуы керек.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың бөлістік әдісінің екі нұсқасы пайдаланылады: жартылай фабрикаттық және жартылай фабрикатсыз.

Жартылай фабрикаттық нұсқа әрбір бөлістер бойынша есептік калькуляция жасайды және оған үстеме шығысын қосып есептейді. Жартылай фабрикатсыз нұсқасында бірінші қайта жасауға жұмсалған материалдық және еңбек шығындарына одан кейінгі қайта жасаулардан туындаған өңдеу шығындарын қосып, содан соң өнімнің өзіндік құны анықталады.

Бөлістік әдісі кезінде өндірістегі шығындарды есепке алу өндіріс есебінің карточкаларында немесе әрбір қайта жасауға ашылатын ведомостарында жүргізіледі.

Алғашқы шикізаттан өндірістің бір процесінде әртүлі сорттағы немесе маркадағы өнім түрі алынады, сондықтан олардың өзіндік құнын анықтау үшін түзету пайдаланады.

Қарапайым, тапсырыстық және бөлістік әдістерінің негізгі кемшілігі мынада: өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезеңінің соңында ғана немесе тапсырыс орындалғаннан кейін анықталады, ал мұның өзі кәсіпорынның басшылығының есеп беру кезеңі ішінде өндірістегі іс жүзіндегі шығындардың жоспар бойынша белгіленген нормаларға сәйкестігін қадағалап отыруға мүмкіндік бермейді. Бұдан басқа шығындарды есепке алудың әдістерінің барлығында бүкіл шығарылған өнімнің өзіндік құны, сол өздерінің жоспарланған кезіндегі орташа деңгейімен салыстырылады және соның нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша жүргізілген ұйымдық — техникалық шараларға жұмсалған шығындардың шын мәніндегі деңгейін әрдайым дәл көрсете бермейді.

Бұл кемшіліктерді жою үшін нормативтік әдісін қолданады, бұл кезде өнімнің бір өлшемінің және бүкіл шығарылымның өзіндік құны нормативтік өзіндік құнмен салыстырылады. Ал нормативтік өзіндік құнның жоспарлы өзіндік құннан айырмашылығы: осы кезеңде жұмыс істеп тұрған өндірістік технологиялық процестің, сондай-ақ материалдық, еңбек және басқа шығындардың прогресшіл нормаларының негізінде анықталады. Нормативтік калькуляциялауға технологияны жетілдіру және өндірісті ұйымдастыру жөніндегі ұйымдық — техникалық жоспарлы шараларын жүзеге асыру дәрежесіне қарай нормалардың өзгерістері енгізіледі. Шығындарды есепке алу былайша құрылған: шығындар нормасынан материалдық, еңбек және басқа да шығындардың ауытқуларын ескеріп, оларға тікелей өндіріс процесінде ықпал етуге бар мүмкіндігін жұмылдырады.

 

Мысалы, кәсіпорында үш саты болады. Жоспарланғаны және нақты өндірілгені — 3000 бұйым. Бекітілген нормалар бойынша I сатыға 18000 теңгеге шикізат пен материалдар босатылды, ал шикізат өңдеу шығындары — 6000 тг, II сатыда өңдеуге жұмсалғаны — 5600 тг, III сатыда — 8000 тг. Сатылар бойынша өзіндік құны:

 

I саты — (18000+6000) / 3000 = 8-00

II саты — 5600 / 3000 = 1-87

III саты  — 8000 / 3000 = 2-66

Жиыны – 12-53

 

Өнімнің нақты өзіндік құны – 12 тг 53 тиын (37600 / 3000).

 

 

 
   

 

 

Сызба №1 Өндірістік шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлістік әдісі бойынша сызбасы.

 

  • Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын

калькуляциялаудың нормативтік әдісі

 

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісін негізінен жаппай өндіріспен шұғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Дегенмен де, оны кіші сериялық және жекелеген кәсіпорындарда пайдалануға болады. Өндірістегі шығындарды есепке алу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік әдістері бойынша жұмыстардың технологиялық және нормативтік карталар жасаудан басталады. Ол карталарда материалдардың, жалақының жұмсалуы және өнім дайындауға қажетті басқа да шығындар айқындалады. Нормативтік карталар негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляциялары бойынша жасалады. Оларды жасау кезінде қолданыста жүрген жаңа технологияны, жалақы жөніндегі уақыт пен баға нормаларын, материалдар мен сатып алынған жартылай фабрикаттардың жұмсалу нормаларын негізге ала отырып, бастапқы массасы, таза массасы, қалдықтары, материалдар мен сатып алынған жартылай фабрикаттарға қолданылып жүрген баға көрсеткіштері және өндіріске қызмет көрсету мен басқару жөніндегі шығындардың бекітілген тоқсандық сметасы ескеріледі.

Нормалардың және шығындар сметаларының өзгеру тәртібін рәсімдеп, сондай-ақ кәсіпорынның мүдделі цехтары мен бөлімдерінің технологиялық процесстерін және басқа да нормалары мен сметаларын өзгерту туралы тәртібін өзгерту арқылы жүзеге асырады. Нормативтік әдіс кезінде қоймалық және таразылық — өлшеу шаруашылығын тәртіпке келтірудің, материалды сақтау және өндіріске босату, цех бойынша ғана емес, сонымен бірге өнімнің жекелеген түрлері бойынша және тұтастай алғанда судың, будың, электр энергиясын тұтынылуын анықтау үшін цехтарға есептегіштер мен құрылғыларды орнатудың маңыздылығы зор.

Нормативтік әдіс кезінде әрекет етіп тұрған норма мен оның ауытқуы шығындар есебінде бөліп көрсетіледі. Бұндай шектеулер өндірісті ұйымдастыру мен технологиядағы кемшіліктерді дер кезінде жөндеуге, ресурстардың тиімсіз пайдаланылуына жол бермеуге септігін тигізеді.

Нақты шығындарды нормамен салыстырғанда ресурстардың үнемделуі немесе артық жұмсалуы, нормадан ауытқуы табылады, ал ол өз кезегінде кәсәпорынның ұйымдық — техникалық жұмыстарында біршама кемшіліктердің бар екенін баяндайды.

Нормадан ауытқуларға құжатталған және құжатталмаған болып келеді.

Құжатталған ауытқулар алғашқы мәліметтері бойынша ашылған дабылдары жатады, сондай-ақ есептеу жолымен анықталған ауытқулар.

Құжатталмаған ауытқудың жалпы сомасы мен оның құжатталған бөлігініңарасындағы айырмасынан шығады. Әдетте, олар құжатталған ауытқулардың дұрыс есептелмеуінің нәтижесінен, ақау өнімдерін шығарғаннан, нарядтарды артық жазғаннан, кем шығудан, жартылай фабрикаттардың жоғалтулары мен бұзылуынан, аяқталмаған өндірісті дұрыс бағаламауынан шығады.

Егер де өндірісте құжатталмаған ауытқулар бар болса, онда ол нормативтік есептің дұрыс ұйымдастырылмағанын куәландырады.

Ауытқу теріс те және оң да болуы мүмкін.

Теріс ауытқулар өндіріс процессінің дұрыс ұйымдаспағандығынан туындайды.

Оң ауытқулар жекелеген учаскелердің жетістіктерін баяндайды және норма шығындарын үнемдеуді жүзеге асырады. Кейде оң ауытқулар шын мәніндегі қаражаттың үнемделгендігін көрете бермейді, ол тек норманың шын арттырылған деңгейін пайдаланғандығын көрсетеді.

Өндірісте материалдар қатаң белгіленген лимиттер шегінде беріледі. Материалдардың берілуін лимиттеу ай басындағы цехтарда жұмсалған материалдардың деңгейін ескере отырып, материалдардың шығынын қолданыста жүрген прогресшіл нормалардың негізінде нысаналы түрде жүзеге асырады.

Материалдың жоспардан тыс босатылуына құжаттар жасау, материалдарға жедел бақылау жасау және оларды жоспардын тыс босатуға алып келген себептерін талдауды қамтамасыз ету керек.

Ақауға шығарылған өнімнің орнын қалыпқа келтіру үшін қажетті материалдарды алуға ақау туралы актілер негіз болады. Онда бұйымның, бөлшектік коды, өнімнің ақауға шығарған тапсырыс нөмірі көрсетіледі. Өндірісте шикізат пен материалдардың сандық есебі жоспарлау бөлімінде, ал құндық есебі бухгалтерияда жүргізіледі.

Нормалардан ауытқуларды есепке алу шикізат пен материалдарға, олардың жұмсалуын нормалауға және өндірістік процессіне байланысты ұйымдастырылады. Нормалардан ауытқуға материалдарды ауыстыру, оларды пайдалану және т.б. осы секілді факторлар әсер етеді. Материалдар шығыны бойынша нормалардан ауытқуларды анықтау үшін материалдарды құжаттау, түгелдеу және басқа да шаралар жүргізіледі.

Құжаттау әдісі материалдарды ауыстыру салдарынан туындайтын ауытқуларды, сондай-ақ жеке — дара материалдардың нормадан артық жұмсалғанын анықтау үшін пайдаланады. Жеке — дара материалдардың шығынын, сондай-ақ материалдарды ауыстырылуымен байланысты ауытқуларды арнайы құжаттармен рәсімдейді.

Әрбір келіп түскен материалдар партиясын салыстырып көру әдісі өндіріске босатылған, қымбат тұратын материалдың әрбір партиясы бойынша олардың нормадан ауытқуын анықтау үшін қолданылады.

Қолданып жүрген нормадан ауытқуды партиялардың шығыс нормасын шығарылған өнімнің нақты шығысымен салыстыру арқылы анықтайды. Егер де бұл аталған әдісті қолдану қиындық тудырса, онда оның орнына инвентарлық әдісті қолданады.

Инвентарлық әдісте материалдардың нақты шығсын белгіленген норма шығысымен салыстыру арқылы айлық, он күндік, бес күндік, бір ауысымдық ауытқуларымен анықтайды. Материалдардың іс жүзіндегі шығынын анықтау үшін: ауысымның, бес күндіктің, он күндіктің басына немесе әр айдың бірінші жұмыс күнініе жұмсалмаған материалдарды түгелдеу жүргізеді. Ауытқуларды анықтау, есепке алу үшін кәсіпорынның жоспарлау — диспетчерлік бюросы материалдарды жұмсау картасын жүргізеді. Онда материалдар жұмсаудың ағымдық нормасы, сол материалдардан жасалған бұйымдардың саны көрсетіледі. Бұйымдардың саны жұмысшылардың жасап шығарған есеп мәліметтерінің негізінде анықталады.

Есеп деректері бойынша оқтын — оқтын қолданып жүрген нормалардан материал шығындарының ауытқуы туралы цехтар есеп беріп отырады.

Жалықыны ауытқулар есептелген норма мен нормадан ауытқу бойынша есекереді. Бухгалтерия есептелген жалақы сомасының жұмысшылардан алынған өнім саны мен сапасына сәйкестігін байқап отырады. Жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқығаны үшін үстеме ақы төлеу өндірістік емес шығындар және жалақы қордың артық жұмсаудың басты себептерінің бірі болып табылады. Жалақы бойынша нормадан ауытқуын талдау үшін және дәл есебін шығару үшін  номенклатуралық себептерін және жалақы бойынша нормадан ауытқуды, кінәлілерді табу керек. Сондықтан бухгалтерия оқтын — оқтын ауытқулары туралы, олардың себетері мен кінәлі тұлғалары көрсетілген рапорт жасап отыруы керек.

Үстеме шығындарды есептеу мен тарату нақты шығынның сомасын анықтауды, әрбір баптар бойынша бекітілген сметадан ауытқуын табуды, демек, ондағы артық жұмсалатын шығындардың алдын алатын қажетті шараларды дер кезінде қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл үшін материалдар шығысына, штаттық кестеге және лауазымды қызметкерлердің окладына жасалған лимиттік картаның, материалдық активтердің, негізгі құралдардың нормасының негізінде ағымдағы жедел бақылауын ұйымдастырады.

Кәсіпорында құндылықтарды сақтау мен есебінде, өндірісті ұйымдастыруында болған кемшіліктер және басқа да өндірістік емес сипаттағы шығыстар толығымен ашылып көрсетіледі. Өндірістік емес сипаттағы шығыстар өнімді шығарумен байланысты болса, онда олар оның өзіндік құнына қосылады, ал егер де олар өнімді шығарумен байланысты болмаса, онда олар өнім түрлерінің арасына таратылып, үстеме шығыстардың құрамында өнімнің өзінді құнына қосылады.

Кәсіпорынның экономикалық қызметі тарапынан бақылау жасау материалды, энергияны, аспаптар мен керек — жарақтарды тұтынудың бекітілген нормалары мен лимиттерін; түрлі жұмыстар мен қызметтерді тұтыну мен олардың құнының белгіленген лимиттерін; басқарудың белгіленген ұйымдық құрылымын; сондай-ақ қызметтердің және қызмет көрсетуші адамдар жалақысының окладтарын қатаң сақтауды қамтамасыз етуге тиіс.

Машиналар мен жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды өнім түрлері бойынша таратады, бірақ ол кезде өнімді әзірлеу кезінде қолданған құрал-жабдықтың жұмыс істеген сағатының деңгейі, яғни өндіріске қажет болған машина/сағатының саны ескеріледі. Машиналар мен жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды тарату кезінде сметалық ставкасын пайдалану керек, ал олар, әдетте, бұйым әзірлеу үшін қажет технология бойынша құрал – жабдықтардың жұмыс істеген машина/сағатының саны бойынша белгіленген, шығын коэфициенті бойынша, және бір машина/сағатының жоспарлы өзіндік құны бойынша есептелінеді.бұйымдарға сметалық ставкаларды есептеп шығару неғұрлым оңай: жабдықтардың жұмысымен байланысты шығындар мен механикаландырылған және механикаландырылмаған жұмыстар бойынша бөлек — бөлек алғанда, өндірістк жұмысшыларының негізгі жалақысының арақатынастарының негізінде анықталады. Машиналар мен жабдықтарды күтіп ұстау мен пайдалану жөніндегі нақты шығындар сметалық ставкалар бойынша белгіленген шығындарға тепе-тең дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасына бөлінеді.

Үстеме шығыстардыбұйымдардың арасына тарату өндіріс жұмсышыларының негізгі жалақысының сомасына тепе-тең етіп бөледі.

Ірі сериялық және жаппай өндіріс жағдайында шығындардың жиынтық есебі шығындардың калькуляциялық баптары бойынша машиналардың типтері немесе бұйымдардың біртекті топтары бойынша жүргізіледі. Басқарудың цехсыз құрылымы кезінде жиынтық есеп тұтастай кәсіпорын бойынша, ал цехтық құрылымы бар болса, онда цехтар бойынша жүзеге асырылады.

Шығындардың есебін алу айдың басындағы қолданылып жүрген нормалар және сол нормалардан ауытқыған сома бойынша жеке — дара жүргізіледі. Мұның өзі ауытқудың пайда болу себептерін және оған кінәлі тұлғаларды ашуға мүмкіндік береді. Нормадан тыс ауытқулардың себептері және кінәлә тұлғалар арнайы кодтар бойынша есепке алынады. Олар өнім түрлері мен шығын баптары бойынша есепке алынады, ал олардың иесізденген жағдайында ауытқудың сомасы жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына пропорционалды жолмен нормативтік шығындар бойынша таратылады.

Нормадан ауытқу әртүрлі себептер салдарынан болса, онда олардың кінәлі тұлғалары мен себептері көрсетілген дабыл қағатын құжаттарымен рәсімделеді.

Сонымен қоса, ауытқулар әртүрлі өзгерістермен байланысты болады, атап айтқанда, материалдық, еңбек, энергетикатық шығыстарының көтерілуінің немесе төмендеуінің, ауыстырылуының салдарынан орын алуы мүмкін. Әдетте нормадан болатын барлық өзгерістер есеп беретін айдың бірінші күніне туралап жасалады, сондықтан олар әрекет етіп тұрған норманың енгізілген кезеңінен бастап нормативтік калькуляцияда көрініс табуы керек.

Ай басына қалған аяқталмаған өндірісі ай барысындағы шығындары және шығарылған өнімге есептен шығатын шығыстары есептік айда әрекет етіп тұрған біріңғай нормасы бойынша жасалатындықтан, ағымдағы норманың өзгеруіне байланысты есептік айдың басына аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына қайта бағалау қажеттілігі туындайды. Қайта есептеудің нәтижесі норманың өзгеруімен байланысты ауытқудың сомасын құрайды. Аяқталмаған өндірісті қайта есептеу түгелдеу кезінде тікелей шоттардың мәліметтері бойынша, ал егер де түгелдеуді жүргізу мүмкін болмаған жағдайда индекстің көмегімен жасалады. Нормалардың өзгеруі осы бап бойынша аяқталмаған өндірістің қалдық сомасына нормативтік калькуляцияның жекелеген баптары бойынша есептелінеді.

Нормалар есептік айдың барысында өзгеруі мүмкін, сондықтан ол нормативтік калькуляцияда көрініс таппауы мүмкін. Бұл кезде нормалардың өзгерген жағдайы хабарланып, сол өзгерістердің көшірмесімен рәсімделеді, мысалға: өндірістік бөлімінде — материалдардың шығыс нормасының өзгерісі, еңбек пен жалақы бөлімінде — жұмыстың кесімді бағасының және өнімділік нормасының өзгерісі, жоспарлау бөлімінде — үстеме шығыстарының баптарының нормасының өзгерісі.

Нормалардың өзгеруі және шығыстардың жаңа нормативін белгілеу аяқталмаған өндірістің қайта бағалануына әсер етеді. Нормадан ауытқуын анықтау үшін өндіріске кеткен шығынның есеп нормасынмен де, нақты жұмсалған шығынмен де, есептеп шығарады, яғни бөліп есептеу жолымен анықтайды. Есептелген нормадан ауытқу және норманың өзгерістері өнімнің өзіндік құнына және аяқталмаған өндірістің қалдығына жатқызылады. Өнекәсіптің жаппай өндірістің сипаттағы және қысқа өндірістік циклдағы кейбір салаларында нормалардың өзгерулері мен нормалардан ауытқулар сомасы туралы өнім шығарылымының өзіндік құнына, ал аяқталмаған өндіріс нормативтік өзіндік құны бойынша толығымен жазылады. Нормалардың өзгертулері мен нормалардан ауытқулар сомасы өндіріс есебі ведомостарында көрсетілген индекстердің көмегімен тауарлы өнімді шығару мен аяқталмаған өндіріс арасында бөлінеді. Оларды нормалардың өзгерулері мен нормалардан ауытқулар сомасының калькуляциясындағы баптары бойынша бөліп алғандағы нормалар сомасына проценттік қатынасымен анықтайды.

Өндірістегі шығындардың жиынтық есебі шығындардың жиынтық есебі ведомосында жүргізіледі. Біртектес бұйымдардың жекелекген түрлері немесе тобы калькуляциялау объектілері болатындықтан, біртектес өнімнің бірін немесе бірнеше түрлерін жасауға жұмсалған шығындарды есептеу үшін ведомоста осыған ұқсас шоттар ашылады.

Шығарылған өнімнің нормативтік өзіндік құнын анықтау үшін біртектес өнім өндіруге жұмсалған шығындарды топтап есепке алу кезінде, бұл топқа кіретін өнімнің әрбір түрінің нормативтік құны және сол мәліметтің жиынтығы калькуляциялық баптар бойынша өндіріс есебінің ведомосына жазылады.

Бұйымның бір түрі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есептеген кезде есептік норма бойынша өндірістік есеп ведомысындағы өнім шығындарының нормативтік құны шығыстың әрбір бабының нормативін шығарылған өнімнің нақты санына көбейту арқылы алынады.

Өнімнің нақты өзіндік құнын анықтаған кезде есептік айдағы ауытқуларды нормативтік өзіндік құнға қосады немесе одан ауытқуларды шегереді.

Мысал, өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны  — 140 тг, өнім – 600 дана, ағымдағы айда артық шығындалған сома – 1400 тг, үнемділік сомасы – 800 тг, ай басындағы аяқталмаған өндіріс – 100 дана, өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны – 142 тг.

Барлық өнімнің және өнім бірлігінің нақты өзіндік құнын анықтау керек. 

Мұнда:

  1. Нормативтік өзіндік құн – 84000 тг (140 тг х 600 дана)
  1. Нормадан ауытқуы — үнемділігі – 800 тг, артықшылығы +1400 тг.
  2. Норманың өзгеруі +200 тг болады, өйткені аяқталмаған өндірім ескі норма бойынша 14000 тг (140 тг х 100 дана), ал жаңа норма бойынша 14200 тг (142 тг х 100 дана).
  3. Сонымен өнімнің нақты өзіндік құны:

84800 тг (84000 + 1400 – 800 + 200)  болады.

Өнім бірлігінің нақты өзіндік құнын есептеу үшін норманың өзгеруінің және нормадан ауытқулардың индекстерін есептеп шығару қажет.

 

                            Нормадан ауытқулар сомалары немесе          

                            норманың өзгерулер сомалары

 
   

Индекс =                                                                                      х 100%,

                                                             Нормативтік құны

             

                  Ан + Ө н

 
   

И(%) =                                         х 100%.

              Нө.қ

Белгілеулер:

И(%) – нормадан ауытқу және норманың өзгеру индекстері;

Ан – нормадан ауытқу сомалары;

Ө н– норманың өзгеру сомалары;

Нө.қ–өнімнің нормативтік өзіндік құны.

 

  • Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың

және шығынды есепке алудың халықаралық практикада

қолданылатын әдістері

 

Кәсіпорынның басқарушы есебі, есептің бір бөлігі ретінде, жіктеумен, жазумен, таратумен, талдап қорытумен, ағымдағы және жорамалдаған шығындар бойынша есеп берумен байланысты жүргізіледі. Басқарушы есебі салағы, сала ішіндегі салаға, қызмет түрлеріне, кәсіпорынға лайықтап шығындарды есепке алудың және өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын есептеп шығарудың жүйелі әдістерін талдап енгізуді көздейді. Мұнда цехтар, функционалдық бөлімшелер, жауапты адамдар, қызмет түрлері, бұйымдар, кезеңдер және басқа да көрсеткіштер бойынша шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару жүзеге асырылады. Басқарушы есеп келесі кезеңдерге өнімнің өзіндік құнын, стандарттық немесе өзі қалайтын өзіндік құнды болжайды, түрлі кезеңдер ішіндегі элементтер мен баптар бойынша өзіндік құнды салыстыруды жүзеге асырады және түрлі жағдайлардағы өнімнің өзіндік құн бойынша бар нұсқауларға талдау жасап, кәсіпорынды басқару органдарына өзіндік туралы деректер береді, бұл деректер осы органдар үшін ағымдық және болашақ операцияларды бақылауды жүзеге асыру құралы болып табылады.

Кәсіпорынды басқарудың екі нұсқасын кездестіруге болады.

Бірінші нұсқада тек есептік функция орындалады: жауапкершілік орталығы бойынша өндіріске кеткен шығындардың есебін жүзеге асырады және өнімнің, жұмыстың қызметтің өзіндік құнын калькуляциялайды.

Ал екінші нұсқада таза есептік функциямен қатар өндіріске кеткен шығындардың сметасын жасауды, сондай-ақ, норматив пен норманы әзірлеуді жүзеге асырады, яғни кәсіпорынның барлық нормативтік шаруашылығын жүргізіп, жасалаған шығындарды талдап, оларды стандартпен салыстырып, өнімнің өзіндік құнын болжайды. Бухгалтерия жұмысын осылайша ұйымдастыру кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Шетел кәсіпорындарына тап осындай нұсқа өте жиі кездеседі және ол басқарушы есеп аталады.

Сөйтіп өндірістік есеп қаржылық есебін қеңейтеді және ол негізінен фирманың ішкі операцияларын жүргізу кезінде қолданылады. Бұл жерде қаржылық есеп есептік саясат аясында Халықаралық есеп стандартына сәйкес ұйымдастырылса, басқарушы есеп іс жүзінде ондай тәртіппен белгіленбейді. Халықаралық есептің тәжірибесі мынаны көрсетіп берді: кәсіпорынның әрбір саласында, сала ішіндегі саласында шығындарды есепке алуды ұйымдастырудың қалыптасқан ерекшеліктері, оның үстіне, көптеген кәсіпорындар мен фирмалардың капиталмен еркін маневр жасауына мүмкіндік беретін көпсапалы профилі бар екенін ескерген жөн, демек, өндірістік есептің қатаң тәртібін белгілеу іс жүзінде өте қиын болып табылады.

Стандарт-кост жүйесі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есепке алу. Стандарт-кост жүйесі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есепке алудың әдісі есептің басқа жүйесінен дербес, оқшаланған болып табылмайды. Шын мәнінде, ол бөлістік, тапсырыстық, бөлшектік жай және басқа да өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өзіндік құнын шығару әдістерімен ұштастыруды табуды көздейді. Негізінен алғанда, стандарт-кост жүйесі машина жасау кәсіпорындарына қолдау үшін әзірленген. Алайда бұл әдісті басқа салаларда да пайдалануға болады. Одан басқа, стандарт-кост өнімді сатудың, негізгі құралдың жөндеуіне кеткен шығынның, күрделі құрылыстың материалдық ресурстарды дайындаудың есебін ұйымдастыру кезінде пайдаланылуы мүмкін.

 

Кесте 4.Қаржылық және өндірістік есебін салыстыру

кестесін келтіріп көрейік

 

 Салыстыру аясы

Қаржылық есебі

Басқару есебі

1

2

3

Ақпаратты пайдаланылатын негізгі тұтынушылар

Шаруашылықтан тыс ұйымдармен жеке тұлғалар

 

Фирма ішіндегі әртүрлі деңгейдегі басқарушы тұлғалар

Бухгалтерлік есеп жүйесінің түрлері

Екі жақты жазба жүйесі

Екі жақты жазба жүйесімен шектелмейді, яғни нәтиже беретін кез келген жүйесі пайдаланады

Таңдау еркіндігі

Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған белгілерін міндетті түрде басшылыққа алу

Нормаулар мен шектеулер жоқ: бірден-бір өлшем — жармдылығы

Пайдаланылатын өлшемдері

Шаруашылық жағдайының фактісі пайда болған тұсында әрекет етіп тұрған ақша бірлігінің бағамы бойынша

Кезкелген лайықты ақшалай немесе натуралды өлшемі : адам/сағаты, машина/сағаты және т.б Егер доллар мен жүзеге асырылса, онда доллардың іс жүзіндегі немесе болашақтағы құныпайдалануы  мүмкін.

Талдаудың негізгі обьектісі

Шаруашылық бірлігі тұтас алынады

 

Шаруашылық бірлігінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелері

Есеп беру жиілігі

Тұрақты негізде,кезеңдігі бойынша

Қажет болған жағдайда, тұрақты емес негізде жасалуы мүмкін

1

2

3

Сенімділік дәрежесі

Обьектілігі талап етіледі: кезеңдігі бойынша өткен жағдайлар мен фактілерді сиппаттайды

Жоспарлау мақсатына тікелей байланысты болып келеді; бірақ қажет кезде дәл деректерге пайдаланылады; табиғаты жағынан футуристік болып келеді

 

 

Стандарт — кост жүйесінің негізгі ерекшелігі мынандай: өндіріске жұмсалатын шығындар өндіріске жұмсалмай тұрып есептелінеді.

Шығындар стандартын есептеу үшін натуралдық және құндық көрсеткіштер пайдаланылады. Одан басқа, арнайы шоттарды қолдана отырып, нақты жұмсалған шығындар мен стандарттық өзіндік құнның арасындағы айырманы көрсетеді.

Сөйтіп, стандарт — кост жүйесі шығындарды нормалауға болатын стандарттар нормаларын әзірлеуді, бұйымдардың стандарттық калькуляциясын жасауды және стандарттардан ауытқуларды бөліп көрсетуді, өндірістегі іс жүзіндегі шығындарды есепке алуды көздейді. Стандарт — кост жүйесі өндіріс шығындарын жедел бақылап отырудың басты құралы болып табылады.

Шетел фирмаларының тәжірибесі көрсеткендей, олардың басым көпшілігі стандарт-кост жүйесін толық көлемінде пайдаланбайды: олар аяқталмаған өндірістің қалдығын бағалау үшін пайдаланбайды, бухгалтерлік есеп жүйесінде стандарттық құны бойынша калькуляция баптары калькуляцияланбайды. Көптеген фирмалар шығындар стандарттары мен стандарттық калькуляцияны шығарылған өнімнің негізгі номенклатурасы үшін ғана әзірлейді. Соның өзінде, бұл стандарттар көбіне тек натуралдық өлшемдермен ғана белгіленеді.

Стандарт — кост жүйесінің жұмыс істеуі негізіне фирманың өзі белгіленген және өндіріс процесі барысында өзгеріп отыратын стандарттар топтамасы жатады.Барлық стандартты үш топқа бөлуге болады:

  • теориялық стандарттар – бұл кезкелген фирманың ұмтылыс жасайтын идеалы немесе жетілдірілген стандарты;
  • ағымдық стандарттар – стандарт белгіленген мерзіміне өндіріс шығындарының мөльшерін көрсететін стандарттар;
  • базистік стандарттар – өндіріс процесінде болған өзгерістерге дейін жылдан жылға өзгермейтін стандарттар.

Материалдарға, энергия тарифтеріне, қызметтерге жасалған баға өзгерістері базистік стандартты өзгертпейді, ол тек қана стандарттық өзіндік құнмен нақты құнның арасындағы ауытқуды анықтайды.

Шығыстарға жатқызылатын баптар бойынша фирманың келесі қызметі олардың стандартын әзірлейді: технологиялық қызметі материалдардың барлық түрлері бойынша стандартын белгілейді; жабдықтау қызметі — қызметтердің, жұмыстардың, материалдардың барлық түрлері бойынша стандарттық бағасын; өндірістік — өндірістік операциялар бойынша өнімділік стандартын; қызметкерлерге еңбек ақы төлеу қызметі — процесстер, өндірістік операциялар, мамандықтар, қызметкерлер категориясы бойынша еңбек бағасын қоюды және сағаттық мөлшерлемені жасайды. Осындай жолмен әзірленген жеке — дара стандарттар өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнының карталарын жасауға және оларды шолып талдауға септігін тигізеді. Бұйымның картада анықталған стандарттық өзіндік құны технологиялық процессті, еңбек ақы мөлшерлемесін, қызмет пен жұмыстың, материалдардың нормасының өзгеруін, сондай-ақ өндіріс барысында жеткілікті деңгейде негізделмеген стандарттың орын алу мүмкіндігін де қарастырады. Жыл соңында әрекет етіп тұрған стандарттар толығымен қайта қаралып, қайта бекітіледі.

Нормалардың қатаң сақталуын бақылауды цех қызметкерлері жүзеге асырады: мастер, техниктер, бақылаушылар. Бұл қызметкерлер өндіріс барысында ауытқулардың пайда болуын қалпына келтіреді және олардың пайда жол бермейді. Нормалаудың шын мәнінде қатаң бақыланған жағдайында және бақылау жүйесі қажет керек — жарақпен қамтамасыз етілген жағдайда стандарт-кост жүйесі ойдағыдай нәтиже.

Егер де кәсіпорын ауытқудың есебін құжатталған түрде жүргізетін болып шешсе, онда бұл мақсат үшін арнайы синтетикалық шоттар енгізеді.

Стандарт — кост жүйесі қолданатын жекелеген фирма шеңберінде өнімнің өзіндік құнын жоспарлаумен тығыз байланыстырады, өйткені ол өндіріс барысындағы шығындарға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Директ — костинг жүйесі бойынша өндіріс шығындарын есепке алу. Соңғы жылдары индустриалды дамыған елдердің өнеркәсібінде директ — костинг деп аталатын өндіріске кеткен шығындарды есепке алу жүйесі кең тараған. Есептің бұл жүйесінде өндіріс шығындарының есебі тұрақты, айнымалы, өндіріс көлеміне пропорционалды өзгеретін шығындар болып бөлінеді. Өнімнің өзіндік құнына тек айнымалы шығындар енгізіледі. Тұрақты шығындар жеке шоттарда жинақталып, қаржылық нәтиженің шоттарымен тікелей жабылады.

Директ — костинг жүйесін пайдалану идеясы біз үшін жаңалық емес. 30 — шы жылдардың басында көптеген отандық кәсіпорындар өндірілетін бұйымдарға кеткен шығындарды тек жұмсалатын материалдар, еңбек ақы төлеу және басқа тікелей шығыстар бойынша есепке алатын; үстеме шығыстар сол бұйымдарды өткізуден түскен табыстардың азаюына есептен шығарылатын.

Шығындарды өндіріске толық жатқызу жүйесі мен директ-костинг жүйесінің соңғы нәтиже арасындағы негізгі айырмашылық мынау: бұл жүйеде өнімнің өзіндік құны ауыспалы шығыстар бойынша анықталады. Мұндай есептеу жүйесі тұрақты шығындардың осы есептік кезеңде дайын өнім қорымен ара қатынаста болмауына, аяқталмаған өндіріс көлемінде белгіленбеуіне әкеліп соғады.

Директ — костинг жүйесіндегі кірістік есеп екі көрсеткіштен тұрады:

 

Өткізуден түскен табыс –   Ауыспалы шығындар = Жалпы кіріс

 

Жалпы кіріс – Тұрақты шығындар = Таза кіріс

 

Сонымен, директ — костинг жүйесінің негізі стандарт — кост жүйесінде жасалған, бірақ үстеме шығыстардың ауыспалы және тұрақты болып бөлінуіне байланысты соңғы шығыстар өткізуден түскен табыстан шығарылып тасталады, демек, өнімнің өзіндік құнын қалыптастыруға қатыспайды.

Директ — костинг жүйесін пайдалану белгілі қиындықтар туғызады: үстеме шығыстарды ауыспалы және тұрақты шығысқа дәлме — дәл етіп бөлу қиын; өзіндік баға шығару және баға қалыптастыру үшін өнімнің толық өзіндік құнын ешбір жүйесіз белгілеуге тура келеді. Сөйте тұра, бақылау және талдау мүмкіншіліктерін күшейтеді, өнімнің барлық түрінен түсетін жалпы кірісті жылдам анықтап, осы орайда оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік туғызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім. 

 Әрбір кәсіпкерліктің алдында тұрған мәселе, бұл табыс табу екені бәрімізге белгілі, сондықтан да өндірістік шығындар осы жағдайға тікелей әсерін тигізеді. Ал шығындардың есебі өндірістік есеп арқылы жүзеге асады. Өндірістік есеп — Типтік шоттар жоспарының 90-93 шоттарының синтетикалық шоттарында көрсетіледі және де жұмыс пен қызмет көрсетулерді, өнімнің калькуляциялық өзіндік құнын қалыптастырады,  ААҚ-ң тікелей және жанама шығындарын есепке алады.

Бұл есептің мәліметтері коммерциялық құпия болып табылады және де шектеулі ортаға арналған, сонымен қатар табысты, шығынды, бағаны жоспарлау үшін, фирманың қаржылық жағдайын бағалау үшін, қызметтің ағымдағы және келешектегі жағдайын болжау үшін қоданылады. 

Есепті кезеңнің аяғындағы Типтік шоттар жоспарының бөліміндегі қалдық есебі қаржылық есеп шотына аударылады.

Жоғарыда жазылған диплом жұмысының көрсеткіштеріне және осы жұмысты орындау барысында пайдаланылған мәліметтер тек мені ғана емес кез- келген экономикадан хабары адамды ойландыратыны сөзсіз. Осыған сәйкес “МЭБҚ” ААҚ – ның өндірістік шығындар, өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы және оларды экономикалық тиімді пайдалануын зерттей келе, келесідей қорытындыға келдік:

  • Өнімнің , қызметтің, жұмыстың өзіндік құнына және алымдарға толық жатқызылатын шығындар БЕС – 7жатады;
  • Өзіндік құнға апрылатын, құжатпен дәлелденген және нормативтік актілермен белгіленген нормалар шегіндегі алымдарға жатқызылатын шығындар;
  • Таза табыс есебінен жабылатын және алымдарға жатпайтын шығындар.

Кез- келген кәсіпорынның басты мақсаты өндіріс шығындарын азайту арқылы, өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, табыстылықты ұлғайтып отыру. Осы дипломдық жұмыста жоғарыдағы мәселелер талқыланып, оларды жүзеге асыруда тиімді әдістер ұсынылды. Бұл ұсыныстар “МЭБҚ” ААҚ-ның жұмыстарын, өндірілетін өнім көлемін арттыруға ықпал етеді деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Закон Республики Казахстан «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007г. №234-III.
  2. Кодекс Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет», от 12 июня 2001г. №209-II. Издательский дом «БИКО», -Алматы, 2003г.
  3. Стандарты бухгалтерского учета РК. 1996- 2003гг..
  4. Аренс Э.А., Лоббек Дж.К. Аудит. М:, Финансы и статистика, 1995г.
  5. 5. Ажибаева З.Н. Аудит. –Алматы, «Экономика», 2006г.
  6. 6. Данилевский Ю.А., Шапигулов С.М., Ремизов Н.А., Старовойтова Е.В. Аудит. М., ИД ФБК ПРЕСС, 2000г.
  7. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности. -Алматы, «Каржы-Каражат», 1998г.
  8. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами, Алматы, Экономика, 2000г.
  9. 9. Ержанов М.С., Ержанова С.Ш. Учетная политика на казахстанском предприятии. Алматы 1997г.
  10. Ержанов М.С., Ержанова А.М.. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов. -Алматы: 2003г.
  11. Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов. -Алматы: БИКО, 2000г.
  12. Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. –М:, Проспект, 2000г.
  13. Рахимбекова Р.М., Кеулимжаев К.К., Айтхожина Л.Ж. и др. Финансовый учет на предприятии. –Алматы: 2003г.
  14. 15. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. — Алматы, 2002г.
  15. 16. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Б. Принципы бухгалтерского учета Под ред. Соколова Я.В.. -М., Финансы и статистика, 2000г.
  16. 17. Подольский В.И. Аудит. -М., 2000г.
  17. 19. В. К. Радостовец, В, В, Радостовец, О. И. Шмидт, Ғабдулин Т.Ғ. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп».- Алматы: ТАК «Қазақстан – орталықаудит», 2002 ж.
  18. В. К. Радотовец, В. В, Радостовец, О. И. Шмидт «Бухгалтерский учет на предприятий».- Алматы:НАК «Центраудит — Казахстан», 1998г. (2002 г.)
  19. Приказ Министра финансов РК от 18.09.02 г. «Об утверждении типового плана счетов бухгалтерского учета».
  20. Хорнгерн Ч. Т., Фостер Д. «Бухгалтерский учет: управленческий аспект».- М.:Финансы и статистика, 2000 г.
  21. Друри К. «Введение в управленческий и пройзводственный учет».- М.: Аудит, 1994 г.
  22. Сергеева О. А. «Методы учета затрат на производство и калькулирование себестоимости продукций, работ и услуг».- Алматы: ИД БИКО; 2002 ж.
  23. В. В, Радостовец, О. И. Шмидт «Методы учета затрат на производство и калькулирование себестоимости продукций, работ и услуг».-Алматы: ИД БИКО, 1998 ж.
  24. «Бухгалтерлік есеп және аудит» журналы — 2000 ж. № 4,5.
  25. «Файл бухгалтера» журналы — 2003. № 10,11.
  26. «Бухгалтерский учет» журналы — 2002. № 6.
  27. «Бухгалтерский учет и аудит» журналы — 2002. № 1.
  28. Мамыров Н. К., Мұса А. О., Құдайбергенов Е. Қ, Әбішев Ж.Ш., Төленов І. М. «Орысша- қазақша қазіргі экономикалық терминдердің түсіндірме сөздігі».-Алматы: Экономика, 1999 ж.
  29. Вахрушина М.А «Бухгалтерский управленческий учет».- М.: Финстатинформ, 1999г.
  30. «Управленческий учет» Под ред. Шеремет А.Д. — М.: ФБК- Пресс, 2000г.
  31. «Управленческий учет» Под ред. Палия В. — М.: ИНФРА, 1997 г.