Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде ондатрдың (ondatora zibeticus) таралу ареалы және оның санына әсер ететін факторлар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Комерциялық емес акционерлік қоғамы

 

 

Бақанас орман  және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде ондатрдың (ondatora zibeticus)  таралу ареалы және оның санына әсер ететін факторлар

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 Мамандығы 5В080300 –  «Аңшылықтану және аң шаруашылығы»

 

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті

 

«Орман ресурстары және аңшылықтану» кафедрасы

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде ондатрдың (ondatora zibeticus)  таралу ареалы және оның санына әсер ететін факторлар

 

 

Беттер саны:

Сызбалар мен көрнекті

материалдар саны:

Қосымшалар: 

 

 

 

Орындаған: Сейлхан Азат Сейлханұлы

 

2018 ж. «____»   _________________   қорғауға жіберілді

 

Кафедра меңгерушіс: _______________                   Е.Ж. Кентбаев

 

Жетекшісі        _____________________                   Т.Н. Кыдыров

 

 

 

Арнайы тарау кеңесшісі:

 

Сарапшы: _______________    ____________    _____________________

                              (тарау)                              (қолы)                                           (аты-жөні)                                                                                                        

 

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті

 

«Орман ресурстары және аңшылықтану» кафедрасы

 

Мамандығы 5В080300 — «Аңшылықтану  және аң шаруашылығы»

 

 

Дипломдық жұмысты орындау

 

ТАПСЫРМАСЫ

 

Сейлхан Азат Сейлханұлы

 

 

Дипломдық жұмыс тақырыбы: Бақанас орман  және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде ондатрдың (ondatora zibeticus)  таралу ареалы және оның санына әсер ететін факторлар

 

Университеттің  201   жылғы «   » _________ №____өкімімен бекітілген.

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 201   ж. «     » _________

 

Жұмыстың бастапқы деректері:

Куәлік 8-1907-02-ММ. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» Бақанас ауылы. 03.02.2005. Серия В. № 0118677.

ЕРЕЖЕ. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі. 25.01.2005. № 18 бұйрық..

ПРОЕКТ Организации и развития охотничьего хозяйства Баканасского лесоохотничьего производственного предприятия Алматинского лесохозяйственного производственного объединения. Т. 1. Пояснительная записка. Алматы, 1994-1995.

 

Дипломдық жұмыста қарастырылатын тараулар мен сұрақтар (көкейкестілігі, мақсат мазмұндамасы, жаңалығы, графикалық материалдар тізімі):

Бақанас орман шаруашылығының орналасқан жері, жер бедері, климаты, өсімдігі және жануарлар әлемі.

Ондатраның биологиялық ерекшеліктері.

Мекемедегі ондатра санының әр жылғы өзгеруі.

Мекемедегі ондатра қорын пайдалану тиімділігі.

Графикалық материалдар тізімі (қажетті жағдайда):

Мекемедегі ондатралардың әр жылғы саны.

Ондатра аулаудың әр жылғы мөлшері.

 

Ұсынылған негізгі әдебиеттер:

Афанасьев А.В. Ондатра в Казахстане // Вестник КФАН СССР. № 3. 1944.

Книга генетического фонда фауны Казахской ССР. Ч. 1. Позвоночные животные, А.: Наука, 1989.

Слудский А.А. Ондатра в Казахстане // За советскую пушнину, № 20. 1936.

Слудский А.А. Гельминты ондатры, акклиматизированной в КазССР // Вестн. АН КазССР. № 6. 1947.

 

 

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшіліері:

 

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра меңгерушіс: _______________                   Е.Ж. Кентбаев

 

Жетекшісі        _____________________                   Т.Н. Кыдыров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жұмысты орындау

 

ГРАФИГІ

 

Рет саны

Тараулар және қарастырылған сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

Ескертулер

1

Кіріспе

05.04.18.

өткізді

2

Әдебиетке шолу

10.04.18.

өткізді

3

Зерттеу деректері және әдістері

15.04.18.

өткізді

4

Мекемеге қысқаша сипаттама

20.04.18.

өткізді

5

Ондатраның экологиялық және биологиялық ерекшеліктері

25.04.18.

өткізді

6

Мекемедегі ондатра санының әр жылғы өзгеруі

30.04.18.

өткізді

7

Ондатра аулау әдістері

02.05.18.

өткізді

8

Мекемедегі ондатра қоры

04.05.18.

өткізді

9

Еңбек қорғау

07.05.18.

өткізді

10

Қортынды және өндіріске ұсыныстар

10.05.18.

өткізді

11

Пайдаланған әдебиеттер

15.05.18.

өткізді

12

Диплом жұмысын тапсыру

19.05.18.

өткізді

 

 

Кафедра меңгерушіс: _______________              Е.Ж. Кентбаев

 

Жетекшісі:        _____________________            Т.Н. Кыдыров

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент:  __________________      А.С. Сейлхан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Нормативтік сілтемелер

7

Анықтамалар

8

Белгілеулер мен қысқартулар

9

Кіріспе

10

Әдебиетке шолу

12

1 Өзіндік зерттеулер

14

1.1 Зерттеу деректері және әдістері

14

1.2  Мекемеге сипаттама

14

1.2.1 Мекеменің заңды мекен жайы, құқығы, міндеті және қызметі

16

1.2.2 Ауа – райы және жер бедері, өсімдік әлемі, гидрологиясы

18

1.2.3 Жануарлар дүниесі

24

2 Ондатраның экологиялық және биологиялық ерекшелігі

28

2.1 Ондатрдың қоректенуі

32

2.2 Ондатрларға әсер ететін факторлар

33

2.2.1 Жаулары

35

2.2.2 Аурулары

38

2.3 Мекемедегі ондатр қоры

38

2.4 Ондатрды аулау құралдары және әдістері

39

3 Биотехниялық шаралар

42

4 Еңбек қорғау

46

Қортынды

48

Ұсыныстар

49

Пайдаланылған әдебиеттер

50

Қосымша

52

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нормативтік сілтемелер

  Осы жұмыста төмендегі стандарттарға нормативтік сілтемелер қолданылған:

МОСТ 7.32-2001 Ғылыми-ізденіс туралы есеп. Рәсімдеудің құрамы мен дұрыстығы

МОСТ 15.011-96 Патентік ізденіс, мазмұны мен жүргізу жолдары

МОСТ 3345-88 Фармакопиялық формалин. Техникалық шарттары

МОСТ 5556-81 Дәрілік гигроскопикалық  мақта. Техникалық шарттары

МОСТ 5962-67 Этилдік спиртті тазалау. Техникалық шарттары

МОСТ 6038-79 Глюкоза. Техникалық шарттары

МОСТ 6259-75 Глицерин. Техникалық шарттары

МОСТ 6417-72 Фенол. Техникалық шарттары

МОСТ 6709-72 Тазартылған су. Техникалық шарттары

МОСТ 8074-82 Айқын құрал-жабдықтар. Түрлері, негізгі шамалары мен өлшемдері. Техникалық шарттары

МОСТ 9284-75 Затты айқындауға арналған әйнек. Техникалық шарттары

МОСТ 9421-93. Дәрілік дәке. Техникалық шарттары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анықтамалар

Жануарлар әлемі – Қазақстан республикасы және сондай-ақ тек қана Қазақстан республикасы экономикалық аймағында және құрлықтық қайраңдағы табиғи байлыққа қатынасты аумағында тұрақты немесе уақытша мекендейтін аңдар жиынтығы.

Қасакерлік жолмен аң аулау —  Табиғатта мекендейтін жануарларды еш рұқсат қағаздары немесе лицензиясыз аулау.

Жануарлар әлемін пайдалану – жануарлар әлемі нысанымен, олардың пайдалы қасиеттерімен мекендеген ортасынан ерікті немесе еріксіз түрде пайдалану.

Аңшы  — Қазақстан республикасы заңымен бекітілген түрде аң аулауға рұқсаты бар, жеке тұлға.

Күй ойнағы – шағылысу кезіндегі құстардың мінез-кұлқына байланысты қозғалу немесе іс-әрекетінің ерекшеліктері.

Полигамды аң – Көп жұпты аң.

Ареал – түрдің белгілі бір жер территориясына таралуы.

Эндемиг – Жануарлар әлемінің бір түрі тек сол жерде ғана кездесуі.

Биотехниялық шаралар – жануарлардың қорғаныс, қоректену және ұялау жағдайын жақсартуға бағытталған іс- шаралардың жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Белгілеулер мен қысқартулар

Осы жұмыста келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылған:

ОШММ – Орман шаруашылық мемлекеттік мекеме

РГКП – Республиканский гасударственный козенный предприятие

ЕҚТА – Ерекше қорғалатын табиғи аймақ

ҚР – Қазақстан Республикасы

БҒМ – Білім және ғылым министірлігі

Гр – Грамм

См – Сантиметр

Т.б. – Тағы басқа

Мг – Милиграмм

М – Метр

Га – Гектар

Км – Километр

т – Тонна

оС – Температураның цельсия бойынша көрсеткіші

% — Пайыз көрсеткіші

УАЗ – Уралски автомобильный завод

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жұмыстың өзектілігі – Ондатра дене тұрқы 35 см, құйрығының ұзындығы 28 см шамасында, салмағы 1,5 кг, құрлықта да, суда да тіршілік етуге бейімделген  аң. Мойны қысқа, артқы аяқтарының саусақтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын, суда жүзген кезінде денесін бағыттап отырады. Түгі қалың әрі тығыз, қою қоңыр түстен кейде ашық қара түсті де болады. Ұйығып шағылысу кезінде аталықтарының шап безінен мускус (жұпарзат) зат бөлінеді.

Ондатрлардың негізгі  отаны – Солтүстік Америка. Қазақстанға 1935 жылы әкелініп, Сырдария және Іле өзендерінің бойына (570-тей дарабасы) жіберілді. Қазіргі таңда Республикамыздың барлық өзен-көлдерінде 950 мыңдай Ондатралар мекендейді деген ұғым  бар  (2005). Бұл кеміргіштер өзен жағасы биіктеу болса, иірлендіріп ін қазады, керісінше аласа, батпақты келсе, үйшік салады.

Ондатрды Қазақстан суларына жерсіндіру табысты аяқталды. Өмір сүруіне қолайлы жағдайда тап болған аңдар тез көбейіп, біздің суларымызда оның саны артты. Соның нәтижесінде 1943-1944 жылдары Қазақстанда 6 жерде: Балқашта, Сырдарияда, Торғайда, Алакөлде, Қорғалжында және Зайсанда ондатр шаруашылығы құрылды. Республикамызда ондатр терісін дайындау 1956 жылға дейін өсе берді. Мәселен, 1949 жылы 900 мың, 1954 жылы 1400 мың, ал 1956 жылы тіпті 2 миллионнан астам ондатр терісін дайындауға мүмкіндік болды. Соңғы жылдары бұл бағалы аңды аулау жылдан-жылға төмендеп кетті. Қазірде Республикамызда бар болғаны 60-70 мыңдай ғана ондатр мемлекетке тапсырылады. Оның себептері өзен көлдерінің су деңгейлерінің өзгеруі немесе құрғап қалуы: ірі су құрылыстарының салынуы және ондатр аулауды ұйымдастырудағы кемшіліктер. Егерде, ондатр санын көбейтуге әсерін тигізетін биотехникалық шараларды жүзеге асырсақ, Қазақстан суларынан жылына 100-150 мыңдай бұл бағалы аң терісін дайындауға әбден болады.

Келешекте ондатр санын өсірудің және оның құнды терісін молырақ дайындаудың бірден-бір тиімді жолы — бұл аңды арнаулы фермаларда ұстап өсіру болып табылады. Екінші жолы — көктем мен жаз өсімдіктері мол, суы терең кейбір жеке көлдерді қоршап, онда ондатрды қолдан өсіріп алып, күзде олардың біразын аулап алу.  

Жұмыстың мақсаты — Алматы облысы Бақанас орман шаруашылық мемлекеттік мекемесіндегі ондатр қоры және оның маңызын зерттеу.

Жұмыстың міндерттері — Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Бақанас орман шаруашылық мемлекеттік мекемесінде ондатр экологиясы және шаруашылық маңызын анықтау. Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:

  • мемлекеттік мекемесіне сипаттама;
  • Бақанастағы ондатр экологиялық және биологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
  • мекемедегі ондатр қорын анықтау;
  • ондатр аулау құралдарын және әдістерін зерттеу;
  • ондатр қорын пайдалану тиімділігін анықтау.

 

Жұмыстың жаңалығы — Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінде сулы аймақ територясында мекен ететін ондатр жайлы ғылыми және нақты деректер жиналып, салыстырылып қорытындыланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

 

          Қазақстанға алғаш рет ондатрлар 1935 жылы Қызылорда облысының Телікөл көліне қоныстандырылды. Сол жылдан бастап Қазақстанда ондатрлар аулана бастады.

          1943-1944 жылдары Қазақстанда алты мемлекеттік кісіптік ондатр шаруашылығы құрылды:

          —        Балқаш  — Алматы облысында,

          —        Торғай – Қостанай облысында,

          —        Сырдарья – Қызылорда облысында,

          —        Алакөл – Талдықорған облысында,

          —        Қорғалжын —  Ақмола облысында,

          —        Зайсан – Шығыс Қазақстан облысында.

          Қызылорда облысы.  Бұл олбысқа ондатр 1935 жылы мамырда жіберілді Телікөлге. Кейінгі жылдар осы көлден ондатрлар ауланып басқа жерлерге қоныстандырылды: Көксуға, Бескөлге, Құралыкөлге. Бұл облыстан жылына жүздеген мың ондатр аулауға болады.

          Алматы облысы. Алғаш рет 1935 жылы ондатрлар Іле өзенінің төменгі жағына жіберілді. 1943 жылы Алакөлге жіберілді. Қоныстандырылу жақсы өтті, ондатрлар басқа Іле сағаларына және Балқаш көліне тез тарап кетті. Одан кейін ондатрлар Іленің бойымен жоғары көтеріліп барлық бастауларына тау шатқалдарына жетті.

          Жамбыл облысы.  Бұл облысқа ондатрлар өздері өзендердің бойын жағалап келді: Іле өзенінің төменгі жағымен.

          Шығыс Қазақстан облысы. 1943 жылы ондатрлар Аягөз ауданына және 1944 жылы Зайсанға жіберілді. Кейіннен басқа  жерлерге өздері тарап кетті.

          Солтүстік Қазақстан облысы. Бұл облысқа ондатрлар көрші Ресей жерінен ауып келді. Бірақ ондатрлардың таралуын тездеті үшін 1944 жылы Желенді көліне ондатрлар жіберілді. Қоныстандырылу жақсы өтті.

          Көкшетеу облысы. Бұл облысқа 1945 жылы Серімбай, Шағлы көлдеріне және Шағлы өзеніне ондатрлар жіберілді.

          Ақмола облысы. 1944 жылы ондатрлар Қорғалжынға жіберілді. Кейіннен олар Қона және Нұра өзендеріне өздері тарап кетті.

          Қостанай облысы. Бұл облысқа бірінші рет 1936 жылы Торғай өзеніне ондатрлар жіберілді – Сарықопа көлінен Ақшығанақ шатқалына дейін. Ондатрлар Торғай өзенінің бойымен Ақтөбе облысына да тараған.

          Оңтүстік Қазақстан облысына Шу өзені арқылы ондатрлар кірген.

          Қарағанды облысына Нұра өзені арқылы енген.

          Павлодар облысына ондатрлар көрші Ресей жерінен Омбы және Жаңасібір облыстарынан енген [1-20].

          Ондатр (лат. Ondatra zibethicus) –  кеміргіштер отрядына жататын терісі аса бағалы аң. Қорек талғамайды, негізінен суда өсетін өсімдіктермен қоректенеді. Жылына 2-3 рет балалап, 25-30-ға дейін ұрпақ әкеледі. Дене тұрқы 35 см, құйрығының ұзындығы 28 см, ал салмағы 1,5 килограмға дейін барады[].

Ондатр құрлықта да, суда да қатар тіршілік ете береді. Мойны қысқа, артқы аяқтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын болғандықтан, жүзген кезде денесін бағыттап отыруға бейімделген. Түгі қалың да тығыз, қызғылт-сары, қоңыр кейде қара түсті болып келеді.[3]

Ондатраның шыққан жері – Солтүстік Америка саналады. Бұл аңды алғаш рет А. А. Слудский есімді ғалым Қазақстанға РФ-ның Вологда облысынан алып келіп, Іле және Торғай өзеніне 760 дарасын жіберген. Қазір олардың саны республика бойынша бір миллионнан асып отыр. [11]

Негізгі жаулары: жыртқыш аңдар мен құстар, әсіресе түлкі, қасқыр, сарғыш күзен, саз құладыны, су бүркіті, балықтардан жайын, шортан. Мәселен су маңында мекендейтін түлкі азығын кей жылдары 20-25% ондатрдан тұрған []

          Ондатр ағзасында ішкі паразит құрттардың оннан аса түрлері кездеседі. Әсіресе бұл аң альвеококкоз аурумен ауыратыны байқалады. Оны осы аурумен аттас паразит жұқтырады [18].

          Снымен қатар Ондатраға ең қауіпті аурулардың бірі туляремия ауруы. Өзен мен көлдерде оның су егеуқұйрықтарымен бірге тіршілік етуі осы аурудың таралуына себебін тигізеді. Ол кенелер (Laelaps multispinosus, L. Muris, Haemolaelfps glasgowi) арқылы тарайды [23].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР

 

1.1 Зерттеу деректері және әдістері

 

Менің зерттеу нысанам жартылай суда жартылай құрғақта мекендейтін кеміргіш ондатра болды.

Жұмыс «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Бақанас орман  және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде» жүргізілді.

Олардың мекен ету ортасына байланысты, ондатрларды санау үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады: жер бетінде және су жағасындағы індерін санау; ал зерттелетін аумақтан алғашқы деректерді алу тәсіліне байланысты, санақтар түгелімен және таңдауымен деп бөлінеді. Түгелімен санағанда, тілімде зерттегенде кездескен жануарлардың бәрін немесе олардың тіршілік іздерінің белгісін есепке алады.  Таңдау мен есепке алу кезінде аумақтың  тек бір бөлігі зерттелінеді, алынған деректерді аумақтың барлық көлеміне көбейтеді.

 

1.2 Мекемеге сипаттама

“Қоршаған ортамыздың жомарттығына, адам баласы, зейін қойып балапандарын жауынан  қорғап шырылдаған құстай аса қамқорлықпен қорғауыуы керек!”, “Табиғат бәріміздің анамыз”, — деп әдемі айтылған сөздер адам жүрегін тебірентеді.

Жалпы табиғат ана бар тіршілік иелерінің бастауы және адамзат баласын еріксіз ойландырып толғандыратын қасиетіде құдіретті күшті құбылыс иесі екендігін естен шығармауымыз керек. Адамзат табиғатты қадірілеп оғған зиян тигізбеуі керек, сондай ақ оны өзіміз аялы қамқорығымызға ала білсек қана ол бізге таусылмас қазына болып қала береді және тіршілік көзі екендігін есімізден шығармауымыз керек. . Жабайы табиғатты қорғау дегеніміз су,топырақ, өсімдіктер және жауарлар әлемін тағыда басқа оның компоненттерін тиімді пайдалану үшін бағытталған іс – шаралардың жиынтығы. Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне  жалпы 1 558 997 га. жеркөлеміндегі табиғаттың сарқылмас байлығы тиесілі (Сурет 1,2).

Табиғатты қорғау мемлекеттік мекеме инспекторлары –Балқаш аудан орталығы мен елді мекендердің көшелері мен бау – бақшаларын көгалдандыру кезінде алма, қарағаш, тал, өрік және тағыда басқа көптеген ағаш түрлерін  еккен. Біздің ормандарда торанғы, жиделі, жынғыл, сексеуіл және басқада ағаштардың түрлері өседі. Негізінен құмды далалы аймақтарда жынғыл, сексеуіл, шенгел өседі. Ауданымыздың орман – тоғайларын қорғап, оның ресурстарын тиімді пайдалануда орман шаруашылық мекемесінің алатын орны ерекше екендігін ескереді. [12].

 

 

Сурет 1. Бақанас ОШММ- ің Картасы

 

 

2- Сурет. Бақанас ОШММ Орманшылықтарына тиесілі жер көлемі.

Аудан өңірінде өсетін орман – тоғайдың ауа — райы өте таза. Өсіп тұрған өсімдіктердің жапырақтары көміриқышқыл газын сіңіріп ауадағы микроптарды жоятын заттарды бөліп шығарады. Орманды қорғау, тиімді пайдалану маңызды істердің бірі. Қандайда болмасын табиғат байлықтарын түз тағыларын болсын, олардың өздері бейімделген ортасынан ажыратпай қорғап, қорын молайту, ісі бүгінгі күннің өзекті  мәселесі. Кәзіргі таңда туған өлкедегі жабайы жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат жоқ, себебі жабайы жануарлардың сан мөлшері күрт төмендеп кетті. Тек қана мал шаруашылығына, елді мекендерге, шабуыл жасайтын жыртқыш аң қасқырға аулауға рұқсат етіледі. Жабайы жануарлардан басқа табиғи байлықтарды қорғау ерекше орын алады. “Жас орманшылар” “Мөлдір бұлақ”, “Жас өлке танушылар”, бағдарламалары қолға алынғалы бері, табиғатты қастерлеуге, аялауға көп  көңіл бөлінуде, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге табиғатқа жанашырлық тәлім тәрбиелік іс шараларымен маңызды. Шет елдерде шығарылатын шикізаттардың басты көздерінің және жеңіл өнеркәсіптік шикізаттарының бірі – асыл терілі аңдардың бағалы терлері. Сондықтанда елімізде терісі бағалы жабайы жануарларды өсіру, көбейту және олардың қорын рационалды түрде тиімді пайдалану мәселелеріне үлкен мән берілсе демекпін. Біздің орман шаруашылығында да өте бағалы және тиімді шикізаттың бірі аң терісі болып саналынады. Қазіргі уақытта  Қазақстан республикасының байлығының бұл түрі –терісі бағалы жабайы жануарлар өте нашар бағаланып келеді, осы мәселенің дұрыс шешілуін ұсынар едім. Терісі бағалы аңдар яғни жабайы жануарлар түрлерін арнаулы фермаларда өсірлсе. Мысалы алатын болсақ үй қоянындары өте өсімтал тез көбейетін жануар, көп пайда келтіреді. Бұл аңның терісімен қоса ет өнімдерін де падалануға болады. Осы сияқты бағыттарда жұмыстар ұйымдастырылып, басқада аңдарды жабайы табиғат аясында өсіріп пайдалануға әбден болады.

 

 

1.2.1.Мекеменің заңды мекен жайы, құқығы, міндеті және қызметі

 

          Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылы ақпан айының 03-ші жұлдызында  №8-1907-02-мм куәлікке сәйкес Балқаш ауданы, Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі болып қайта тіркелді.

Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орманды күзетуде, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ресурстарын қорғауды қамтамасыз етуде, өзінің тұрақты пайдалануындағы орман қоры аймағын, бекітіліп берілген аң алқабында рұқсат беруге тікелей бағынышта құқықты және міндетті кәсіпорын болып табылады. Орман шаруашылық және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің  заңды мекен жайы:

                   Қазақстан Республикасы,

                   Алматы облысы,

                   Балқаш ауданы ,

                   Бақанас ауылы ,

                   Жетісу көшесі, № 6 үй.

          Мемлекеттік мекеме Алматы обылысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына бағынышты болып саналады, және есеп берілу ережелеріне сәйкес болуға тиіс кәсіпорын.

          Мемлекеттік мекеме өзіндік – құқығы бар нысанасындағы заңды тұлғалық кәсіп орын болып табылады, Мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрлерімен мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкалары ,сондайақ заңнамаға сәйкес банкте есеп шоты болады.

          Мекеме өз атынан азаматтықы- құқықтық  қатынастарға түседі, егер оған заңдарға сәйкес уәкілдік берілсе, Мемлекеттің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар (Сурет- 3).

 

 

Сурет3. Бақанас Орман Шаруашылығы Мемлекеттік Мекемесі.

Жер көлемі 1 558 997 гектар  жерді құрайды және мемлекеттік орман қоры алып жатыр.

Балқаш ауданы, Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде 37 адам жұмыс атқарса оның ішінде 24 адамы, орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекторлары болып есептелінеді. Мемлекеттік мекемеде бір директор, бас орманшы сондайақ бір аңшылықтанушы (охотовед) – және егерлер қызыметтерін атқарады.

Жабайы жануарларды заңсыз аулаған (броконер) жағдайда төменде келтірілген жабайы жануарлар түріне байланысты айып-пұлдар салынады. Салынатын айыппулдар бір айлық орташа көрсеткіші бойынша 1кг ет есебі бойынша салынады. Мысалға; қабан шошқасы –50 айлық көрсеткіш,  қырғауыл – 15 айлық көрсеткіш, борсық –25 айлық көрсеткіш, кекілік – 5 айлық көрсеткіш, егер бір қабан заңсыз атылса оған төленетін айып – пұл мөлшерін мына төмендегідей болады, қабан – 950 х 919 – орташа көрсеткіш = 873050 теңге айып – пұл салынады. Қалған аңдарға да айып – пұл осылай есептелінеді.

 

 

1.2.2. Ауа – райы және жер бедері, өсімдік әлемі, гидрологиясы

 

Қазақстан республикасының жер көлемі бірнеше табиғи аудандарға бөлінуіне байланысты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің жері екі орман өсімдіктерінің белдеуіне бөлінеді:

  • шалғынды-дала орманы- (оңтүстік-жиделі ормандар) ауданы, бұл Іле өзенінің бойындағы орналасқан орманды аймағына кіреді.
  • шөлейтті (Іле жайылымы, Солтүстік Іле сексеуілді шөлейтті аймақ), Шығыс-Іле орман өсімдіктер аймағын қамтиды.

Шаруашылықтың жоталы аймағының ауа-райы ең биік жерінде 800-400 метрде, жылдық орта температурасы –1С. Жылда түсетін жауын-шашын 615 мм. Мамыр және тамыз айларындағы ылғалдылығы 63-68 аяз болмайтын күндердің орта шамасы 125 күн, Солтүстік-шығыс аймақтарынан соғатын желдің екпіні 1-3 сек.  Жалпақ жапырақты өсімдіктердің  негізін жиде,теректер құрайды, тал, терек және жабайы өрік, ылғалды аймақтардың басқа өсімдіктері өседі.  Орман ағаштарының  шалғын және шалғынды далада орналасуы, көптеген түрлері  шөптердің және шөптесін өсімдіктер кездесе келіп отырады. Орманның  шөлейт жерлерге орналасқан бөлімінің ауа-райы тез өзгереді және құрғақ болып келеді. Маусым және тамыз айларының ішінде ауа – райының орташа қызулығы  +25 градусқа дейін жетеді. Өсімдіктің өсу ұзақтығы 224 күн, ал күннің жоғары  қызулығы +41 градус, төменгі қызулығы – 43 градус, жалпы жауын – шашын түсуі – 127мм.

Орманның бұл тұсында бұталармен  аласа тұқымы және түрі бар. Шөптерден: Шеңгел, тораңғы тағы басқа өсімдіктер өседі. Желдің бұл жердегі  екпіні оңтүстік-шығыс бағытында 1 – 3м/сек .

Жоғарыда айтылған қысқаша суреттеуден кейін, мынадай қортынды жасауға болады. Орман шаруашылығы жерінде ауа-райы орман өсімдіктері үшін қаталырақ. Келтірілген себептерді қортындыласақ орман ағаштарын отырғызудың негізгі тәжірибиесі қиынға соғуы мүмкін.

Айта келетін жәйіт, орман шаруашылығының аумағында сексеуіл, терек және тал ағаштарының өсуі жақсы.  

Климаты:

          Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі териториясы, Балқаш ауданы — Алматы облысы аумағының солтүстік батысында орналасқан. Солтүстігіңде – Балқаш көлі арқылы Қарағанды облысы жерімен, батысында-Жамбыл облысы, оңтүстігіңде — Іле ауданымен, шығысыңда — Алматы облысының орталығы Талдықорған жерімен шектеседі. Ауданның жалпы жер көлемі — 37,4 мың км. Халық саны — 30082 адам (01.01.2008.). Халықтың тығыздығы – 1 км2 1,2 адамнан келеді. Халықтың 90%-ы — қазақтар, 10%-ы — басқа ұлт өкілдері құрайды. Қазіргі уақытта ауданда 15 ауылдық округтер және 28 елді мекен бар. Аудан орталығы — Бақанас.

Балқаш ауданының жері Балқаш көлінің оңтүстік өңірін алып жатқандықтан — Балқаш өңірі деп аталады.

Балқаш өңірі әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін, табиғаты жағынан Қазақстандағы көрікті жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуан дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.

Аудан Онтүстік Балқаш маны құмды жазығының кең-байтақ жерін алып жатыр. Оған Іле өзенінің алқабы мен оның Балқаш көліне құяр жеріне дейінгі аймағы кіреді. Бұл аймақ Іле аңғары деп те аталады. Іле аңғары топырақтың ұзақ эрозияға ұшырауынан пайда болған, ежелгі қазан шұңқыр кайнозой эрасында қалыптасқан. Балқаш өнірін солтүстігінде Балқаш көлі, батысында — Шу-Іле таулары, оңтүстігінде – Іле Алатауы, онтүстік-шығысында — Жетісу жотасының биік емес батыс сілемдерімен (Малайсары және Құланбасы), шығысында Балқаш маңы жазықтары қоршап жатыр. Жер бедерінің биіктігі теңіз деңгейінен 350 м-ден 600-700 метр биіктікте жатыр.

Аудан аумағын оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай мол сулы Іле өзені кесіп өтеді. Іле өзенінің батыс жағалауында — Тауқұм, шығыс жағалауыңда — Сарыесік-Атырау құмды шөлі жатыр. Бұлардан басқада әртүрлі көлемдегі құмды массивтер (жерлер) Бақанастың тақыр сипатты жазығында және Іле өзенінің қазіргі кездегі атырау жерінде шашырап орналасқан.

Балқаш ауданы қоңыржай климаттық белдеуде жатыр. Климаты құрғақ континентті. Климаттың континенттілігі температураның тез ауысуынан, ауаның құрғақ жауъш-шашынның аз болуынан байқалады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері солтүстікте — 130 мм, оңтүстікте — 200 мм-ге дейін жетеді. Аумақтың ылғалдану коэффициенті 0,1. Яғни, булану түсетін жауын-шашыннан 4 есе артық деген сөз. Соңдықтан ауыл шаруашылығы дақылдары қосымша суаруды қажет етеді. Қыс желтоқсаннан наурызға дейін созылады. Арктикалық ауа массалары Солтүстік Мұзды мұхиттан құрғақ, суық ауа әкеледі. Бірақ, арктикалық ауа массаларын оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын Орта Азия мен Ирандық тропиктік ауа массалары ауыстырып, күн қайтадан жылынады. Қардың қалыңдығы кейде 15-20 см жетеді. Орта температурасы + 10 градустан жоғары болатын кезең 180-200 күнге созылады. Ең жоғары температура +42-+ 43° С. Ең төмен температура -33 -34°.

Аудан аумағындағы ең ірі өзен — Іле. Іле өзенінің басты тармақтары — Жиделі, Топар, Көкөзек. Өзен негізінен мұздық және қар суымен қоректенеді. Жылдық орташа су ағыны Үшжарма ауылы тұсында 479 м3/сек, Балқаш көліне құяр жерде 329 м3/сек. Желтоқсан айында қатып, наурызда мұзы ериді.

Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабыңдықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер  өзара үйлесімдік тауып, далаға ерекше нәр беріп тұрады. Өсімдік жамылғысы негізінен жусанды, бұталы өсімдіктерден және сексеуіл тоғайларынан тұрады. Көктемде жаңбырлы кезеңдерде мамыр айының ортасында солып қалатын эфемерлі өсімдіктер өседі. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жеке, құрақтар өседі. Кұмды, сазды, сортаң топыракты тыңайткыштармен қоректендіре отырып, аудан жұртшылығы мәдени өсімдіктерді өсіреді. Бау өсімдіктерінен: жүзім, алма, алмұрт, өрік, қара өрік, шие, қарақат, бүлдірген, құлпынай, ал бақшаларда — қияр, қызанақ, бұрыш, сәбіз, қызылша, асқабақ, картоп, жуа, сарымсақ, орамжапырақ, қауын, қарбыз өсіреді. Сондай-ақ сәңдік және ауаның хош иісін алатын гүл бақшаларымен де айналысады.

Жануарлар дүниесінен — қырғауыл, елік, жабайы шошқа, қырда — қарақұйрық, қоян, түлкі, қасқыр, жабайы мысық, қарсақ, бауырымен жорғалаушылардан-— тасбақа, кірпі, кесіртке кездеседі. XX ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған.

30-шы жылдардың аяғында бұл өңірге терісі бағалы ондатр жіберілген болатын. Ондатр өсіретін және дайындайтын шаруашылық құрылды. Балықтардан -сазан, жайын, ақ амур, майшабақ кездеседі.

Ауданда 1,828 млнга ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер болса, 29,4 мың га — егіс алқаптары. Шаруашылықтардың егісін суландыру негізінде ауданда Ақдала суландыру жүйесі салынған. Ақдала жазығы Қапшағай бөгенінің пайдалануға берілуіне байланысты дәнді-дақылдар (негізінен күріш) егілетін ірі өңірге айналды.

Қорыта келгенде, Балқаш ауданы өнеркәсіпке қажетті әртүрлі ауыл шарауашылық өнім мен шикізат алуға болатын табиғи ресурсқа бай. Бұл аймақтаға жоғары жаздық температура мен вегетаниялық мерзім ұзақтығы жылу сүйгіш ауыл шаруашылық дақылдар өсіруге қолайлы. Іле өзінінің атырауында құс шаруашылығымен балық шаруашылығын дамытуға болады.

Жер бедері және геоморфологиялық құрылысы:

Балқаш ауданы, Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің географиялық орны Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан. Ауданның орналасқан жер көлемінен Іле өзендері ағып өтедіде, Балқаш көліне барып құйылады. Шөлді-шөлейтті оңтүстік аймақтарда кең көлемді құмды топырақ пен  сазды топыраққа қарағанда өсімдіктердің алуан түрлігіне бай келеді. Ауданның алап жатқан жер көлемінде сондай ақ «Қызыл кітапқа» енгізілген өсімдіктер әлемі де бар, оларға тораңғы, сексеуіл және шырғанақтар жатады. Қарой, Ақкөл және Көктал орман шаруашылықтары бар. Жер көркі оның баурайында өсіп-өнетін шөптесін өсімдіктердің сәніне де байланысты. Көрікті өсіп тұрған ағаш, жайқалып өсіп тұрған шөптесін өсімдіктерден артық  жер ажарын кіргізетін еш нәрсе жоқ. Төбешіктерде қарағаш, алтерек ,шетен, ырғай, тал, алма, өрік, ал шөл мен шөлейтті жерлерінде тораңғы, сексеуіл, жиде, жыңғыл ағаштары және осындай жерлерде шеңгел, шарғанақ, тіріскен, жантақ сияқты бұталар бар. Далалы аймақтарда негізгі өсімдіктердің бірі болып – жусан, өленшөп, жантақ, және бидаиық болып табылады. Жазықтық жерлерде өсетін шөптердің снанында есеп жоқ, солардың негізгілері болып: қияқ, изен, еркек шөп, өлең шөп, көкпек, шытыр, желкек, бидайық, аюжүн, мысық құйрық, теңге жапырақ, селеу, шайшөп, кекіре, бүлдірген, адыраспан, қызғалдақ және сол сияқты эфемерлі шөптесіндер және тағыда басқа көптеген түрлері бар.

Топырақтары:

          Аймақтың оңтүстік шөл зонасы, тарамдалған жер бедерінің топырағы және өсімдік жабыны шалғындықтар және шалғынды – сортаң, батпақты, тақыр, жерлер және құмдауыт жерлерден тұрады. Шалғынды топырақ жер бедерлері Іле өзенінің ағысы бойымен солжақ жағалаулары жатыр.

Аймақтың осы жерлерінің бетін су жарған, топырақ құрамы эрозияға ұшыраған, бұндай жерлер мекеменің әсіресе (Айдарлы) бөлімшесінде көптеп кездеседі.

Жердің үстіңгі қабатының топырақ бөлігі күлгін-бурыл түсті болып келеді, хлорлы-күкіртті-натрилі сонымен қатар корбанаттары өте аз болып келеді.

Жер бедерінің топырақ қабатына “Союзгипрлесхоз” ғылыми-зерттеу иниституты 1978 жылы ғылыми зерттеу жүргізген. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен мәліметтері бойынша шөлейтті алқаптар осы аймақтың 5066 га жерін алып жатқандығы айқындалды.

Топырақ қыртыстарының зерттеуінің қортындылары бойынша, топырақ құрамы тым тұздалып кеткендігі, бірақ осы аймақтарда өсетін сексеуіл ағашының осындай тұзданылып кеткен топырақты жерлерде өмір сүруге бейімделіп алғандығын анықтады.

Мемлекеттік мекеменің аймағында келесідей алқап түрлері кездеседі:

  • сулы (өзен, көлдер) аймақ;
  • далалы аймақ;
  • жиделі аймақ;
  • шалғынды –далалы аймақ;
  • орманды (қара, ақ сексеуіл) аймақ;
  • қызыл түсті корбонаты аймақ;
  • шалғынды-батпақты аймақ;
  • шалғынды аймақ;
  • шөлейтті күлгін топырақты аймақ;
  • құмды аймақ ;
  • сорлы аймақ.

Гидрология және гидрологиялық жағдайлары:

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің териториясының гидрологиялық жағдайы бойынша ірі өзендер болып Іле, Балқаш, болса ал Іле өзенінен бастау алатын кішігірім өзендер Топар, Жиделі, Көктал, Кешпе өзендері ағып өтетіндігін айтып өткен жөн.

Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің жер аумағындағы, жер үсті сулары, жер қыртысының бедеріне, ауа-райына және жер қабаттарына байланысты.

Мемлекеттік мекеме териториясынан ағып өтетін өзендердің барлығы, Іле өзенінің аңғарларынан бастау алады. Ал Іле өзені болса көршілес жатқан Қытай  мемлекетік республикасының жерінде орналасқан Тянь-Шань тауларынан бастау алады.

Осы ауданның  басты өзендерінің мінездемесі келесі кестеде келтірілгені Іле, Тянь-Шань тауынан бастау алады, (1-кесте) берілген.

 

1-кесте. Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің жерінен ағып өтетін негізгі өзендердің мінездемесі:

Өзендер

Қайда құяды

Ұзындығы, км

Іле өзені

Балхаш көлі

1380

Жиделі

Іле өзені

750

 

Аймақттағы ірі өзендердің бірі Іле өзенінің ені өте ауқымды 200метрден 600 метрге дейін жетеді, ал тереңдігі 1метрден кей жерлері 8 метрге дейін жетеді. Ағысының  жылдамдығы 0,7-0.8м /сек. Ағып жатқан зеннің суы  айтарлықтай тұнық  емес (5000 м /л сырт сулары).

Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің ауданынан ағып өтетін өзендердің барлығының 2 су көздері бар, біріншісі көктемгі және жазғы қар сулары, ал екіншісі таудың шыңындағы су мұздақтарының еруінен пайда болатын сулар (шілде-тамыз айлары). 

Жер үсті суларының жақсы дамыған жерлері, жазық аймақтарда және орманды жерлерінде, жер бетіндегі салалары нашар дамыған. Аймақтың шөлейт және шөлді жерлерінде жербеті сулары жоқтың қасы деуге болады.

          Өсімдіктер әлемі:

          Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің орман тоғайлы жерлерінің өсімдіктер биоалуан түрлілігі әр түрлі. Ол жерлерден шоқ-шоқ болып өсіп тұған тоғайлы жерлерді жиі кездестіруге болады, олар өзен жағалауында, көлдердің сағаларында өседі, елді мекен ойпаттарында көк терек пен талдар жайқалып тұрады. Ағаш-бұталар өсіп тұрған жерлердің арасында шөптесін өсімдіктер жақсы өседі. Әсіресе арпабас, бидайық, қоңырбас, күгін тісті ит қонақ, жоңышқа, сары гүлді сиыр сілекей, қояншөптер жер бедерінің төсін құлпыртып сән береді. Мұндай жерлерде күріш, жұпар иісті жабайы құлпынай, пісте жақсы өседі.

          Шоқталып өскен жиделі, теректі, ағаштардын арасында саңырау құлақтар өте жақсы өседі. Сондайақ құмды, сортаң топырақты жерлерде торанғыларды да кездестіруге болады.

          Бақанас ауданы басым көпшілік жерлері құмды боғандықтан сексеуілмен жиделі тоғайлардан тұрады, ал өзен жағалауларында бұталы тоғайымен қамыстар өседі. Оңтүстік бөлігі құрғақ шөптер және де құмды жерлер кең көлемді.

          Іле өзенінің сол жақ жағасында шөптесін өсімдіктер кең етек жайған. Олар: сүйексулар және қияқ шөптер сондай ақ сексеуілдер және бір жылдық эфимерлі өсімдіктер кездесіп тұрады.

          Іле өзенінің жағалауында Балқаш көліне жақындау жерлерінде тросниктерде өсіп жатыр. Ал өзен жағасындағы бұталы тоғай орманды жерлерде бірнеше басқада ағаш түрлері және өсімдіктер кездеседі.

Жалпы табиғатты қорғау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. “Жас орманшылар”, “Мөлдір бұлақ”, “Жас өлке танушылар”, бағдарламалары қолға алынып, табиғатты көркейтуге, аялауға көп көңіл бөлініп  келеді. Осындай жерлерде өсетін орман-тоғайдың ауасы таза және адам ағзасына қолайлы. Өсіп тұрған ағаштардың жалпақ жапырақтары ауадағы микрорды жойып тастайтын  қышқыл заттар бөледі. Аймақ териториясында көбінесе ебелек пен қаңбақ аралас  бөтегелі – жусанды және адыраспанды өсімдіктер кеңінен етек жайған. Ыза су айдынымен суарылатын шалғындықтарда әртүрлі дәнді- дақылды өсімдіктер жеткілікті, осындай су айдынды кей жерлерде қоға мен қамыс өседі, сексеуілді бұталары да кездеседі. Осы өңірдің бұл бөлігінен орта есеппен гектарына 4,5 центнер құрғақ шөп массасы түсетіндей көктемгі-күзгі және қыстық мал жаылымдары көп. Шөлді, далалы аймақ (мұнда тауетегі жазықтығы, ұсақ адырлар, өзен аңғарлары және көл айналасындағы ойпаттар) жоғары континентілігімен ерекшеленеді.

Жер ажарын көрікті ағаштар әдемі шөптенсін өсімдіктерден артық не кіргізсін. Далада топырағы құнарлы жерлерде тал, көк терек, жиде, өрік, алма, қарағаш сияқты ағаш түрлері кездеседі. Шөлді және шөлейтті жерлерде тораңғы, жиде, жыңғыл, секеуіл сияқты ағаштар және шырғанақ, шеңгел, жантақ, тіріскен  сияқты бұталар өседі.

 

1.2.3. Жануарлар дүниесі

          Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде, әдебиеттердегі деректер бойынша және өзімнің байқауымша, сұрау мәліметтері бойынша көптеген жануарлар, бауырымен жорғалаушылар және қосмекенділер сияқты тіршілік иелері кездеседі. Солардың ішіндегі бірнешеуін сипаттай кетсек.

Кәсіптік жануарлар:

  1. Елік — Carpreolus  pygargus Pallas,  Шөптесін өсімдіктермен, бұталардың және ағаштардың сабақтарымен және қабықтарымен қоректенеді. Жылына бір рет бірден үшке дейін бұзау табады. Кәсіби аңшылық нысаналары.
  2. Қарақұйрық — Gazella subgutturosa Gildenstaedt,  Шөптесін өсімдіктермен, бұталардың ағаштардың жапырақтармен, сабақтарымен жемістерімен қоректенеді. Жылына бір рет бір-төрт бұзау табады. Алтын – Емел ұлттық табиғи бағында мекендейді. Қазақстанның қызыл кітабына енген.
  3. Жабайы шошқа – Sus scrofa Linnaeus, 1758. Шөптесін өсімдіктердің және бұталардың жер асты және жер үсті бөліктерімен, жидектермен, жемістермен, жәндіктермен, өлекселермен және т.б қоректенеді. Жылына бір рет балалайды, 2-10 торапайдан. Кәсіби аңшылық нысаналары.
  4. Құм-қоян — Lepus tolai Pallas, 1778. Шөптесін өсімдіктермен, сабақтармен, бұталрдың қабықтармен қөректенеді. Жылына үш рет балалайды, 4-5 баладан. Кәсіби аңшылық нысанасы
  5. Ондатр – Ondatra zibethichus Linnaeus, 1776. Қазақстанға жерсіндірілген жануарлар. Су жағасының және су өсімдіктерімен қоректенеді. Жылына 1-3 рет балалайды, 6-7 баладан. Құнды кәсіпшілік аңы.
  6. Кіші қосаяқ – Allactaga elater Lichtenstein, 1825. Негізінен ұрықтармен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Жылына үш ретке дейін балалайды, төрт балаға дейін. Жергілікті егістіктердің және жайылымдардың зиянкестері; оба және басқа ауралардың эпизоотиясына қатысады. Дала жыртқыштарының жемтіктері.
  7. Қара егеуқұйрық — Rattus rattus Linnaeus,1758. Taғам талғамайды, негізнен азық-түліктермен қоректенеді, шаруашылық және үйлердің маңында жиналады .Жыл бойы көбейеді, 7-8 күшіктерден. Азық-түліктердің және өнеркәсіп өнімдерінің өте зиянды жануарлары. Көптеген аулардың қоздырғыштарын тасыйды.
  8. Дала тышқаны – Sicista subtilis Pallas, 1773. Жәндіктермен және ұрықтармен қоректенеді. Жылына бір рет балалайды,сегіз балаға дейін. Кейбір жерлерде дәнді дақылдарға зиянын тигізеді.
  9. Жыңғыл құм тышқаны – Meriones tamariscinus Pallas, 1773.Өсімдіктердің жер асты және жер үсті бөліктерімен, ұрықтарымен қорнектенеді; қыста қор жинайды. Ауыл шаруашылық егістіктерінің және жайылымдардың зиянкестері. Көптеген аурулардың қоздырғыштарын тасыйды.
  10. Секіргіш қосаяқ – A. sibirica Forster, 1778. Маусым кезінде екі рет балалайды, төрт баладан. Жергілікті егістіктің және жайлымның зиянкестері. Обаның және басқа аурулардың табиғи ошақтары.

Құстар:

  1. Көк сүңгуір – A. ferina (Linnaeus, 1758). Ұя салуға ұшып келетін құстар. Өсімдік (су өсімдіктерінің сабақтары, тамырлары  және ұрықтары) және  жануар (хирономид, дернәсілдері, қоңыздар, өрмекшілер, моллюскалар және  сүліктер) тектес  азықтармен  қоректенеді.  Ұяларында  4-15 жұмыртқадан, одан орташа  есеппен 4,5 балапан  қанатына  көтеріледі. Әуесқой және кәсіби  аңшылық  нысанасы
  2. . Алакөз сүңгуір – Aythya nyroca (Guldenstant, 1770). Ұя салуға ұшып келетін құстар. Негізінен өсімдіктермен қоректенеді (су өсімдіктерінің жапырақтары, ұрықтары және қабықтары),  инеліктердің, су қоңыздарының және хирономидтердің  дернәсілдерін жейді. Ұяларында 6-14 жұмыртқадан. Әуесқой аңшылық нысанасы.
  3. Айдарлы сүңгуір – fuligula  (Linnaeus,  1758). Ұшып  өтетін  құстар. Негізінен  жануар  тектес жануарлармен қоректенеді  (моллюскалар, су жәндіктерінің  дернәсілдері, шаян тәрізділер, майда  балықтар),   сондай-ақ  су  өсімдіктерінің  тамырларымен  және  сабақтарымен де  қоректенеді.  Әуесқой  және кәсіби  аңшылық  нысанасы.
  4. Үлкен бейнарық – Mergus  merganser  Linnaeus, 1758. Ұя  салуға  ұшып  келетін  құстар. Негізінен  балықтармен  қоректенеді, сондай-ақ  су  кірпілерін, жәндіктерін  және олардың  дернәсілдерін, моллюскаларды да  жейді. Әуесқой  аңшылық  нысанасы.
  5. Кіші бейнарық – M. Albellus Linnaeus, 1758.  Қыстайтын   құстар. Су жәндіктерінің дернәсілдерімен, су  қоңыздарымен,  қандаламен, майда  балықтармен  қоректенеді. Ұяларында 5-11 жұмыртқадан.  Әуесқой  аңшылық  нысанасы.
  6. Секпілтөс бейнарық – M. Serrator Linnaeus, 1758.  Ұшып  өтетін  құстар. Балықтармен, су жәндіктерімен, бақалармен  қоректенеді. Әуесқой  аңшылық нысанасы.
  7. Сусылдақ – Bucephala clangula ( Linnaeus,  1758). Қыстайтын  құстар.Жануар  тектес азықтармен  қоректенеді  ( хирономид, инеліктердің  дернәсілдері, қоңыздар, шаян  тәрізділер, моллюскалар, майда  балықтар ), кейде  жебе жапырақтың баналарын  және шалаңдардың  түйнектерін  де  жейді. Ұяларында  5-13 жұмыртқадан, одан  орташа  есеппен 5 балапан  қанатынан  көтеріледі. Әуесқой  және  кәсіби  аңшылық  нысанасы.
  8. Ақбас үйрек – Oxyura leucocephala  ( Scopoli, 1769), Ұя салуға  ұшып  келетін  құстар.  Су  өсімдіктерінің  сабақтарымен  және  ұрықтарымен,  хирономид  дернәсілдерімен,  шаян  тәрізділермен  және  моллюкалар  мен  қоректенеді.Ұяларында  5-10 жұмыртқадан. Қазақстанның  Қызыл  Кітабына  енген.
  9. Қызылқасқа сутартар –  Gallinula  chloropus  ( Linnaeus , 1758). Ұя  салуға  ұшып келетін  құстар.  Су жәндіктерімен,  өрмекшілермен, моллюскалармен  қоректенеді. Ұяларында  6-12 жұмыртқадан. Экологиялық  маңызы  бар.
  • Сутартар – Rallus  aquaticus  Linnaeus, 1758. Ұя  салуға ұшып  келетін  құстар. Майда жәндіктермен,  құттармен,  моллюскалармен  кейде  ұрықтар  мен де қоректенеді.Ұяларында  6-24  жұмыртқадан.  Эколгиялық   маңызы   бар.
  • Кішкене тартар –  Porzana  parva (Scopoli, 1769).Ұя  салуға  ұшып  келетін  құстар.  Су  жәндіктерімен  және  олардың   дернәсілдерімен,  өрмекшілермен,  кейде өсімдік  сабақтарымен қоректенеді.  Экологиялық   маңызы   бар.
  • Қасқалдақ – Fulica atra  Linnaeus, 1758. Ұя  салуға ұшып  келетін  құстар. Су өсідіктерінің   сабақтарымен  және  ұрықтарымен,  су  жәндіктерімен және  олардың  дернәсілдерімен  қоректенеді.  Ұяларында  5-12  жұмыртқадан.  Әуесқой  және  кәсіби  нысанасы.

Жыртқыштар:

  1. Қасқыр – C.Lupus Linnaeus, 1758. Тұяқтылармен, қояндармен, кеміргіштермен, құстармен, үй жануарларымен қоректенеді.
  2. Ши бөрі – Canis aureus Linnaeus, 1758. Кеміргіштермен, қояндармен, құстармен және басқа майда жануалармен, өлекселермен, өсімдіктермен қоректенеді.
  3. Түлкі – V. Vulpes Linnaeus, 1758. Кеміргіштермен, қояндармен, құстармен, өлекселермен, кейде өсімдіктермен қоректенеді.
  4. Қарсақ – Vulpes corsac Linnaeus,  Кеміргіштермен, құстармен, бауырмен жорғалаушылармен, жәндіктермен және өлекселермен қоректенеді.
  5. Борсық – Meles meles Linnaeus, 1758. Жәндіктермен, жауын құрттармен, майда сүтқоректілермен, құстармен, жемістермен, жидектермен  қоректенеді.

Жалпы өңірде құстардың 328  түрі  тіркелген,  ол дегеніміз Қазақстан фаунасының 67,2 % құрайды. Оның 16 жергілікті құстар, 8 қыстайтын, 110 өңірге ұя салуға келетін, 44 ұшып өтетін құстар болып табылады. Осы құстардың 26 әуесқой аңшылық нысаны 18 әуесқой және кәсіби аңшылық нысаналары болып табылады. Ал 31 түрі Қазақстанның  Қызыл  Кітабына енген, 110 түрінің экологиялық маңызы, ал 3 түрінің экологиялық және эстетикалық маңыздары бар. Екі түрі зиянды құстар болып табылады.

Сонымен, өңірде 428 жуық жануарлар тіркелген болса, ол дегеніміз Қазақстан фаунасының 58,9%. Оның 76-сы сүтқоректілер, 328 құстар, 18 қосмекенділер, 6 бауырмен жорғалаушылар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ОНДАТРАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

ОНДАТР ТУЫСЫ – ONDATRA LINK, 1795

 

Ондатрлардың отаны – Солтүстік Америка, онда тундраның оңтүстік шекарасынан Америкның оңтүстігіне дейін (Луизиана) мекендейді.

Еуропаға бірінші рет 1905 жылы жерсіндірілген.

Қазақстанға ондатрлар 1934 жылы жерсіндірілді.

 

Ондатра  — Onratra zibethicus Linnaeus, 1776 [25]

Ондатр – жартылай суда өмір сүруге бейімделген тоқалтіс тұқымдастарының ірі өкілі.

Ондатр құрлықта ебедейсіз.

Дене құрылысы суда жүзуге бейімделген.

Дене тұрқы 28-36 см.

Құйрығының ұзындығы 22-28 см.

Салмағы 1100-1500 г.

Білек тәрізденіп, қысқа және жуан болып келген мойын біртіндеп денеге ауысады.

Еріндері күрек тістерінің артынан жұмылып, оған су астында өсімдіктерді қиюға және оны жүзген кезде алып жүруіне мүмкіндік береді.

Алдыңғы аяқтары онша үлкен емес; тырнақтарының өткір болуы ін қазуына көмектеседі. Саусақтарының арасында жүзу жарғақтары жоқ. Жүзген кезде көп көмек беретін артқы аяғы өте үлкен, саусақтарының арасында жүзу жарғақтары бар.

Құйрығы суда жүзгенде машинаның рулі сияқты қызмет атқарады.

Жүні тығыз, үлпілдек, ұзын қылшықтар мен түбіттен тұрады

(4 сурет).

Ондатрдың түлеуі ұзақ мерзімге созылады.

Жоғары сортты сапалы тері жылына екі-үш ай (желтоқсан-ақпан) ғана болады.

Жағасында қамыс, құрақ, қоға өскен республикамыздың барлық суларында ондатр мекен етеді (5,6,7 суреттер).

Жары биік, топырағы жұмсақ, маңында өсімдіктері мол өзен-көлдерде бұл жануар інде тұрады.

Судың тереңдігіне қарай іннің ауызы су деңгейінен 20-80 см төмен су астынан шығады, ал ондағы ұя қуысы су  деңгейінен әлде қайда жоғарыда орналасқан. Бұл аң  жатағының көп тараған түрі үйшік – хатка. Олар үйшіктерін жүзіп жүрген үйіндінің, суға батқан қамыс, құрақтың түбірлерінің үстінде судың үстінен бастап, бір жарым метр тереңдікке дейін салады (6 сурет). Үйшігінің ішінде суға қарай шығатын жолдары және қуыстары болады. Оның үстіңгісін балшықпен сылап, ұя үшін пайдаланады. Семьясымен тұратын үлкен үйшігінен басқа, ондатрлар оның жанынан қоректендіру үйшігін немесе «жемханасын» салады (8 сурет). Оларда бір-екі аң сиятындай қуыс және тек суға шығатын жол бар. Онда ондатрлар, негізінен, қыста қоректенеді.

 

Сурет 4. Ондатр: 1- құйрығы, 2- суда жүзуі, 3- ін аузы, 4- қоректену іні (хатка), 5- су асты жүру жолы, 6- алдынғы және артқа алақандары, 7- баласын тасу көрінісі

 

Сурет 5. Іле өзенінің жайылмасы

 

 

Сурет 6. Топар су жайылымдарының аәғарлары

 

Сурет 7. Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы

 

 

Сурет 8. Ондатр үйшігі

2.1 Ондатрдың қоректенуі

 

Ондатр – қорек талғамайтын аң. Негізігі  азықтары – су өсімдіктері. Әсіресе, қамыс, құрақ, қоға, шалаң, сары тұңғиық, лалагүл, ақ айрауық сияқты өсімдіктерді ұнатып жейді.

Жалпы алғанда, республика өзен-көлінде бұл аң өсімдіктердің отызға жуық түрімен қоректенеді.

Азығын үнемі апарып жейтін орны – «қоректену алаңы» болады.

Ондатра жартылай суда өмір сүреді, өзендермен көлдердің су тоғандардың жағалауларында әсіресе батпақты жерлерде өмір сүреді. тереңдігі 1-2 метр , иреленген жағалауы бар қалың өсімдікті жерлерді таңдайды.

Олар тәулік бойы белсенді, әсіресе таң атар және кеш батар уақыттарда. Олар жағалаудағы өсімдіктермен қоректенеді. Көктемде ондатра өсімдіктердің жапырақтары мен өзектерін жейді, жаз және күз мезгілдерінде сабақтармен тамырлармен қоректенеді (Сурет 9), ал қыс мезгілінде тек өсімдік тамырларымен қоректенеді. Сол сияқты ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктермен де қоректенеді. Қорек аз мезгілде малюскалармен, бақалармен тіпті усақ балықтармен де қоректенеді. Жоғарыда айтылғандай қоректенуі жыл мезгіліне қарай ауысады. Көктемде негізгі қорегі қияңөлең, қырықбұын,қамыс және тағыда басқа өсімдіктердің сабақтары кейде жылауық талдың қабықтары. Жаз бен күз мезгілдерінде шөптесін өсімдіктердің барлық түрлерімен қоректенеді. Қыс мезгілінде қорегіне тамырлар, күзгі өркендер және ұсақ жануарлар кіреді [12].

Азығын үнемі апарып жейтін орны – «қоректену алаңы» болады.

Ондатрдың өніп-өсуге қатысуы көктемде басталады.

Оңтүстік облыстарда суларында аңдардың шағылысуы наурыз айында болса, солтүстік облыстарында сәуір айында байқалады.

Тіршілігіне қолайлы жағдайлар болса ондатр жылына екі-үш рет көбеюге қатысып, жиырма бес – отызға дейін өсім береді.

Көктемде туған жас ондатрлар сол жылы шілде-тамыз айларында өніп-өсуге қатыса береді.

Буаздық мерзімі бір айға созылады.

Бірінші және екінші балалауы арасында ай жарымдай уақыт өтеді.

Балалары қызыл шақа болып, көзін ашпай туады (салмағы 16,5-20,0 г), бірақ тез өседі. Бір ай өткен соң олар үйшіктерінен шығып, өз бетінше қоректене бастайды.

Табиғат жағдайында ондатрлар төрт-бес жыл өмір сүреді.

 

 

Сурет 9.– Ондатрдың азық алаңы

 

 

 

2.2 Ондатрларға әсер ететін факторлар

 

Ондатр санының көбеюіне немесе азаюына көптеген жағдайлар әсер етеді. Мұны баяндар алдында әуелі аңның сандық мөлшерінің өтпелі деңгейі, мүмкіндік шегі деген мәселелерге тоқталық. Әрбір биологиялық түрге жататын жануарлардың түр ретінде сақталуына қажетті ең аз сандық мөлшері болады. Оны біз түр сақталуының өтпелі деңгейі делік те, барлық қолайлы жағдайлар туған кезде таралуының табиғи шегіне жеткен ең көп сандық мөлшерін мүмкіндік шегі деп аталық.

Егер белгілі бір жерде тіршілік ететін белгілі бір түрге жататын жануарлардың жалпы санының шамасы өтпелі деңгейден аз болса, онда олардың саны табиғи жағдайда бірте-бірте азая түседі. Өйткені жануарлар санының арту қарқыны (көбею қарқыны) осы жануарлар санының кему қарқынынан (өлуінен) төмен болады. Нәтижесінде мұндай жануарлар түр ретінде жойылып кетеді. Мысалы, өткен ғасырда құлан, осы ғасырдың басында жолбарыс Қазақстан территориясында жойылып кетті. Өтпелі деңгейден аз санды жануарлардың жойылып кету себебі еркектерінің, не ұрғашыларының ұрпақ беруге қабілетінің кемуіне байланысты төл санының азаюынан, түр аралық күреске шыдай алмауынан, ауа райының қолайсыздығынан, әсіресе адамның қырып-жою әсерінен т. б. болады.

Қазақстанда 1935—1936 жылдар аралығында ондатр өтпелі деңгейде болды. Бұл жылдары олардың көбею қарқыны мен әр түрлі себептерден болған өлім-жітімге ұшырауы тең дәрежеде болды. Сондықтан олардың саны өспеді. Өтпелі деңгейде тұрған жануарларға қамқорлық жасалса немесе басқа да қолайлы жағдайлар туғызылса, олар көбейе бастайды. Мұны ондатр санының көбеюінен көреміз.

Жануарлардың саны өтпелі деңгейден жоғары немесе мүмкіндік шегінен аз болған кезде жануарлар экологиялық резерв дейтін механизм әсерінде болады. Экологиялық резервтің сыртқы көрінісі төлшілдіктің артуынан, төлдердің өмір сүргіштігінен, тумалар арасында еркек төлдерге қарағанда ұрғашы төл үлесінің көп болуынан, ұрғашыларының жыныстық пісіп жетілуінің тездеуінен т. б. байқалады.

Мұндай жағдай 1937—1938 жылдар аралығында аралдағы бөкендер мен қарақұйрық және Қазақстандағы басқа ондатрлардың арасында да кездесті. О.Э.Цаплюктің (1968) мәліметі бойынша ересек ондатрлардың арасында қысыр қалушылық жоқ, олардың барлығы да күйге түскен екен. Қысыр қалушылық бола қалған күннің өзінде 5 проценттен аспайды.

Экологиялық резервтік механизм әсері жануарлардың мөлшері қандай әсерлерден азайғанына қарамастан әр уақытта байқала береді. Сондықтан аңшылық шаруашылық арқылы ондатр санын кемітіп отырса, өсімталдығы артады. Мысалы, олардың қазіргі өсімталдығы жоғары дәрежеде деп айтуға болады.

Жануарлардың мөлшері азаюының да шегі бар. Жануарлардың саны түр сақталуының өтпелі деңгейіне жеткен жағдайында экологиялық механизм әсері онша болмайды. Сондықтан мұндай жағдайда жануарларға адамның көмегі қажет-ақ.

Ондатара санын арттыра беруге бола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін мынадай бір биологиялық заңдылықпен танысайық. Біз жоғарыда әрбір түрге жататын жануарлардың сандық шамасының белгілі бір жоғары мүмкіндік шегі болады дедік. Міне, осы мүмкіндік шекке жеткен соң, санның артуына кедергі келтіретін факторлар күшейеді. Ондай факторлар жетерлік. Айталық, қоректік заттардың қоры жеке жануар басына шаққанда азаяды. Басқа түрге жататын жануарлармен қорек үшін таласқа түседі, жауы, паразиттері мен ауруға шалдықтырушылары көбейеді, сонымен қатар осы көбейген жануарлардың санының артуын тоқтатын эколого-физиологиялық процесс әсер ете бастайды.

 

 

2.2.1 Жаулары

 

Негізгі жаулары – ондатр алқаптарында мекендейтін жыртқыш аңдар мен құстар:

  • түлкі,
  • қасқыр,
  • борсық,
  • қарсақ,
  • үйсіз иттер,
  • жабайы шошқа (7 сурет),
  • құндыз,
  • ақкіс (8 сурет),
  • мәлін,
  • сасық күзен,
  • сарғыш күзен,
  • саз құладыны,
  • су бүркіті,
  • кезқұйрық,
  • дала бүркіті,
  • ала қарға,
  • қара қарға,
  • бозшағала;

сондай-ақ бауырмен жорғалаушылар және балықтар:

  • су жыланы,
  • өрнекті қара шұбар жылан,
  • жайын (9 сурет),
  • шортан(10 сурет).

 

7 – Сурет – Жабайы шошқалар

 

 

 

8 – Сурет — Ақкіс

 

9 – Сурет — Жайын

 

10 – Сурет — Шортан

2.4 Аурулары

 

Ондатрлар жұқпалы аурулармен ауруы мүмкін [26]:

  • Туляремия,
  • Токсоплазмоз,
  • Бруцеллез,
  • Псевдотуберкулез,
  • Лептоспироз,
  • Листериоз.

 

Қазақстанда ондатрдан бір кокцидия табылған [27]:

          —        Eimeria ondatraziberthicae (Martin, 1930) Levine et Ivens, 1965

          Қазақстанда ондатрдан құрттар тіркелген [28]:

  • Plagiorchis arvicla,
  • Echinostoma miuagawai,
  • Plagiorchis eutamiatis,
  • Guinqueeserialis quinqueeserialis ,
  • Opistorchis felineus,
  • Aprostatandrya macrocephala
  • Raenia polyacantha
  • Alveococus multilocularis,
  • Trichocephalus suis,
  • Contracoecum spiculigerum,
  • Macracanthorhynchus hirudinaceus.

 

 

2.3 Мекемедегі ондатр қоры

          Меммлекттік мекемедегі ондатрларға жыл сайын санақ жұмыстары жүргізіледі. Санаққа жалпы әдістемелік ұсқауды ҚР. БҒҰ. зоология институты жүргізеді. Санақ жұмысына мемлекеттік мекеменің бас орманшысы, аңшылық танушысы, орманшылық басшылары және Алматы обылыстарының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері қатысады.

          Меккемеде 2013 жылы 11802 ондатр есепке алынған.

          2014 — 11889

          2015 — 11898

          2016 — 11897

          2017 — 12002 ондатр есепке алынған.

          Жалпы соңғы бес жылда қорық аумағында 59488 ондатр есепке алынған .

          Орташа есеппен әр жылы Меммлекттік мекеме аумағында 11897 бас ондатр есепке алыған. (кесте 2)

 

Кесте 2.   Бақанас ОШММ — гі әр жылғы ондатр қоры

Жылдар

Ондатр саны

2013

11802

2014

11889

2015

11898

2016

11897

2017

12002

Бес жылда

59488

Орташа бір жылда

11897

 

 

2.4 Ондатрды аулау құралдары және әдістері

 

          Көбеюінің әр түрлігіне және жастардың өсу үрдісіне байланысты ондатрды аулау мерзімі біздің елімізде бірінші қазаннан отыз бірінші желтоқсанға дейін рұқсат етіледі.

          Бірінші сортты ондатр сол желтоқсан айында алуға болады.

          Сол мезгілге дейін тек екінші және үшінші сортты ондатрлар ауланады.

          Қ.Р типтік аңшылық ережесіне қарай аң аулау мерзімдері (кесте-3)

Аңның түрлері

Аң аулау мерзімдері

Елік

       1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін

Қабан

       15 тамыздан 31 желтоқсанға дейін

Борсық

       1 қыркүйектен ұйқыға кеткенге дейін

Ондатр

       1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін

Түлкі,құм қояны

       1 қарашадан 15 ақпанға дейін

Қырғауыл

       1 қарашадан  15 желтоқсанға дейін

Қаз, үйрек

      20 тамыздан 20 желтоқсанға дейін

 

          Қыста мұз жеткілікті түрде қайтпайтын болғандықтан ондатарлар ауланбайды [5].

          Қазіргі кезде ондатрлар тек өзі аулайтын құралдармен ғана ауланады. Күзгі кезде ондатрларды ашық суда аулау үшін № 1 қақпан қолданылады, ал қыста кәсіпшілік кезінде — № 0 қақпан қолданылады.

          Егер ондатрды аулау ашық суда жүгізілсе онда қақпандар азық жолдарына, дәретханаларына және үйшіктеріне — судан шығар жерлеріне қойылады. Қақпанға ұзындығы бір метрдей шынжыр байланады, оның басында диаметірі үш — төрт сантиметрлік сақина кигізіледі. Ол сақинаны сынған қамыстың, қоғаның сабағына кигізеді. Қақпан құрағанда оған түскен ондатр бірден суға секіретіндей етіп құрады. Суда № 1 қақпанмен бірден суға батады да өледі. Бұндай әдісте ондатрлар қақпандағы аяқтарын бұраудың және қиюдың  алдын алады және басқа аңдар олардың терілерін бұза алмайды.

          Қалың қамыс өскен жерде оны орып, қолдан жасалған су ағымдарында жасанды столдар жасап, соған қақпан құрады. Кәсіпшілік желімдерінде тұсау жасап одан ақырындап қақпандарды жылтыратады. Әдетте тәулік бойы ондатрлар түспеген қақпандар шешіліп, қайта құрылады.

          Егер кәсіпшілік мұз бетінде жүргізілсе онда қақпандар қоректік үйшіктерде немесе індерінде құрылады. Ол үшін үйшіктерін немесе індерін бұзады. Қақпанның шынжырын сыртқа шығарады және сақинасын қамыстың бір бумасына кіргізеді. Тесікті ұқыптап жабады және үйшікті қармен жабады, қатып қалмас үшін. Інді су бетінен жоғары жерден ашады, шымды және жерді кесіп, ондатра жолының үстінен. Қақпанды құрып болған соң  сол шымен тесікті бекиді. Ондатр кешкісін және ертенгісін тіршілік етеді, сондықтан қақпандарды күн шыққан соң тексеру керек. Жұмысты үдету үшін көптеген аңшылар бүкіл қақпанды немесе оның бір бөлігін күн батарда қарап шығады. Қақпанға түскен аңдарды алып, ол қақпанды қайта құруға және ертеңгісін оны қайта қарауға болады. Қыста ондатралар күні бойы тіршілік етеді, сондықтан күніне қақпандарды екі-үш рет қарауға болады. Құрылатын қақпандардың саны ол су қоймаларының ашықтығына және сол суқоймаларындағы ондатрлардың тығыздыына байланысты.

          Мұзсыз кезде бір аңшы елуден- жүз елуге дейін  қақпанды қарай алады.

          Қыста тек елу қақпанды қарай алады.

          Ашық суда кәсіпшілік еткенде бір аңшыға күндік норма жүз бас ,ал қысты күні отыз бас.

          Ондатр кәсіпшілігінде еңбекті екі — үш адам бөліп алуы  тиіс.

          Бірі ондатраны аулайды.

          Екіншісі оның терісін сыпырады және оны өңдейді. Сондықтан кәсіпшілікті бір жан ұя алған дұрыс. Ол еңбек өнімділігін және ұлпан терінің сапасын арттырады.

          Ондатрды тірілей аулау; тірілей аулау үшін аулайтын жәшіктерді қоланылады. Оны үйшікке, қоректік столына және ін алдына құрады. Тірілей аулауды текқана көктемде немесе күзде жүргізеді.

          Шаруашылықта  өткізгіштік   мүмкіндігі   есептелген. Шаруашылықтың өткізгіштігі деп жыл бойғы аң аулау күнінің санын айтады. Былайынша айтқанда шаруашылықтың жыл бойы аналықбасқа әсер етпей белгілі бірсанды аңшыларды қабылдай алу мүмкіндігі деген сөз.

       Шаруашылықтың өткізгіштік мүмкіндігі аңшылық алқаптың сапалық және санды құрамына шаруашылықтың аңшылық базаларына және дем алыс орындарына, егерлердің техникамен жабдықталуына байланысты.

          Шаруашылықтың өткізгіштік жобасы аңшылық жануарлардың есеп деректеріне, оларды мерзімдік және жылдық аулау мөлшеріне, сондай-ақ бір аңшының бір күнде аң аулау мүмкіндіндігіне негізделіп жасалынады.

          Алматы обылысында бір аңшыға бір күнде 30 ондатр аулау мөлшері бекітілген.

          «Қазақстан Республикасының аумағында аңшылық ережесіне» сәйкес [43]Республика көлемінде ондатраларға аңшылық бірінші қазаннан-отыз бірінші желтоқсанға дейін рұқсат етіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Биотехниялық шаралар

 

  Биотехниялық жұмыстардың жіктелуіне байлансты Бақанас орман шаруашылық мемелекеттік  мекемесінде мынандай жұмыс түрлері істелінді:

-тұяқты жануарларды мениралды азықтармен  қосымша қоректендіру;

-доңыздарды, еліктерді, қырғауылдарды және кекіліктерді қыстай жем — шөппен және сыпырғымен қосымша қоректендіру ;

-жыртқыштардың санан реттеу және оларды жою;

-жануарлар кезде адамдардың орманда жүруін шектеу;

-жануарлар көбейетін аймақтарды жабдықтау;

    Бұл жұмыстардың бәрі мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлерінің  қатысуымен орындалды.Жануарларға жұмсалған материалдарды мемлекеттік бюжеттің есебінен алынды.

  Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің тікелей қатысуымен мынадай жұмыс көлемі орындалды:

  • тұяқтылар және қырғауылдар үшін оттықтар жасау — 100 дана
  • тұздықтар жасап оған тұз салу — 200 дана;
  • бұлақтарды және суаттарды тазарту және жабдықтау — 11 дана;
  • қосымша қоректендіру материалдарын салу — 1000 дана;
  • сыпырғылар дайындау — 2000 дана;
  • шөпті опырып маялярға жинау — 9тонна;
  • жыртқыштармен және иесіз иттермен күрес — 51 басан ату;
  • құзғындарды және сауысқандарды ату -200 бас;аншлактармен көрсеткіштер жасау — 10 дана.

  Мемлакеттік бюжеттен аталған биотехниялық шараларға 275мың теңге жұмсалынды.

Орман пайдаланудың бар түрі арнайы ережелерге, нұсқаларға және қағидаларға бағынады, осылар арқылы оларды ұйымдастыру мен өндіру тәртібі анықталады.

Орман пайдалану – орманды пайдаға асыру мен оны пайдаланудың басқа түрлеріндегі өндіріс тәртібін және ұйымдастырылуын белгілейтін шаралар, ережелер мен жұмыс тәртібінің ғылыми негізделген жүйесі болып табылады.

Орманның еңбек құралы ретіндегі өзіне тән ерекшелігі – бұл оның кесу жүргізілгеннен кейінгі қата түлей (жаңара) алу қабілеті болып табылады, ол табиғаттың адам пайдалана алатын көптеген байлықтар ішінде осы қасиетімен айырықшаланады.

Орманды үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету орман пайдалану ережелерінің негізі болып саналады. Бұл жағдайда орманның ерекшелігі мен оның орналасуын, сүректі тұтынатын жерлерден алыстығын, орманның арналуын ескеру қажет. Орманды үздіксіз пайдалану принципі шаруашылықты жүйелі түрде күшейтуге және орман өнімділігін неғұрлым толық көлемде пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан осы принцип біздің де, шетелдің көптеген елдерінің де орман пайдалану негізіне алынған.

Ағаш және бұталарды орман көшетжайынан қазып алып, көгалдандыру зерзатына әкеліп отырғызу, күрделі әрі қиын жұмыс болып саналады. Өйткені бұл жағдайда өсімдіктер ауырып, жерсінуі қиындайды. Орман көшетжайында көшетті өсіру барысында бөрікбасын қалыптастырып қырқу, қазып алу, тамыр жүйелерін отырғызуға арнап ықшамдап кесу, оларды көгалдандыру зерзатына тасу және отырғызу жұмысы өсімдіктің өсуі мен дамуын бір жылға баялатады.

Орман көшетжайынан тікпені қазып алу кезінде өсімдік тамыры зақымданады. Осының кесірінен өсімдіктің маңызды бөлшегі — майда тамырлары жойылады. Ағаш отырғызу мерзімі аумақтың климаттық жағдайына,  көшеттің жасы мен көлеміне  байланысты болады.

Жасыл құрылыс тәжірибесі көрсеткендей, орман көшетжайынан көгалдандыру зерзатына ауыстырып отырғызуда, өсімдіктің жақсы өсіп тез жерсінуіне ең қолайлы мерзім көктемде жапырақ шыққанға дейін, ал күзде жапырақ түскен соң.

Еліміздің солтүстік аудандарында ағаш отырғызуға қолайлы мезгіл көктем болып саналады. Бұл кезде топырақ кеуіп, бүршік қалыптасады. Күзде отырғызу арқашан сәтті бола бермейді. Өйткені ауыстырылып отырғызылған көшет жаңа ортада тамырланып үлгермейді. Өсімдік әлсіреп, қысқы аяздардан үсіп кетеді. Еліміздің солтүстік  аудандарында жалпақ жапырақты ағаштарды күзде 20-25 қыркүйекте бастап, қараша айына дейін  отырғызу керек. Күзде дұрыс мерзімде отырғызылған ағаштар мен бұталарға дұрыс күтім жүргізгенде ғана жақсы тамырланып,  қысты көтереді. Барлық ағаш түрлері күзде отырғызуға төзімді болмайды. Күзгі отырғызуға төзімсіз ағаштарға: емен, қайың, терек және тал жатады. Қылқан жапырақты ағаштарды тамыз айының соңынан бастап, қыркүйек айының аяғына дейін отырғызу керек.

 

Орманды пайдаға асыру – орман пайдаланудың маңызды бір бөлігі болып табылады. Орманды пайдаға асыру деп, ағаштарды құлату, бұтақшаларды кесу, түбірден ағаш тасу жолына дейін сүйреп тасу, ағаш таситын жылжымалы составтарға тиеу, ағаштарды тасып шығару, бөлу, сұрыптау, қатарлап жинау және дөңгелек ағаш материалдарына тиеп жіберу бойынша өндірістік процестерінің жүйелі қатарын түсіну қабылданған. Қазақстанның табиғат жаңдайлары мен ерекшеліктерінің көп түрлілігі орман пайдалну бойынша жұмыстарды әртүрлі формаларда ұйымдастыруға әкеледі.

Орман ағаштарын пайдалану мөлшері, әр жыл сайын орманның жағдайына, оның запасына, өнімталдығына қарай бөлінеді. Оларды білмей тұрып орман ағаштарын кесуге ешбір болмайды, өйткені бірде көп, бірде кем кесіп алынуы мүмкін. Пайдаланылатын тиісті мөлшерден ағаш көп кесілсе де, аз кесілсе де орманға пайда емес. Аз кесіле өте пісіп кеткен ағаштар көп жиналып өздігінен қурап құлап, өрттің шығуына себепкер болады, сау, жас ағаштарға кесірін тигізеді. Ал артық кесілсе келешекте ормнның өнімділігін азайтып жібереді, орманды тоздырады.

Көріп отырсыздар орманды дұрыс пайдаланудың ерекше мәні бар. Орманды пайдаланғанда кесілген ағаштың орнын толтырып отыру жағын көздеу керек. Сонда ғана орманның бір қалыпты өсіп, ұлғая түсуі қамтамасыз етіледі.

Республика бойынша орман ағаштарының жалпы запасы қандай екенін төмендегі кестеден байқауға болады.

Республиканың барлық орман ағаштарының 48,5 пайызы Шығыс Қазақстан облысының үлесіне тиеді.

1956 жылы республика бойынша жалпы орман ағаштарының запасы – 255781,9 млн. т/м болса, соның 239683,3 млн. т/м мемлекеттік орман шаруашылығы комитетінің орман қорынікі болады. Егер 1966 жылы жалпы орман қорының запасы 1956 жылға қарағанда 41931,1 млн. т/м, яғни 14 пайыз көбейді, оның ішінде мемлекеттік орман қорының запасы – 47856,7 млн. т/м немесе 16,5 пайыз өсті. Ал басқа шаруашылықтардың орман қорының запасы бұл мерзімнің ішінде 56,7 пайыз кеміді.

Өткен 12 жылдың ішінде (1956-1965 жылдары арасында) мемлекеттік орман қорының запасы әсіресе Шығыс Қазақстан, Алматы, Целиноград, Орал, Семей облыстарында көбірек көбейген.

  Минералды қосымша қоректендіру.Жыл бойы мемлекеттік мекеме жануарлардың тұзға деген мұқтаждығын толық қамтамасыз етті.

  Жыл бойы көктемде,жазда,күзде — мекеме аумағындағы тұздықтарға (200 дана) үш реттен тұз салынды.Барлығы 10 тонна тұзсалынды.Оның екі тоннасыбаталы сыпырғылармен маядағы шөпке жұмсалынды.

  Мекемедегі болашақтағы мақсат — олжануарларды мына сияқты минералды заттармен қамтамасыз ету,себебі табиғатта олар жетіспейді:

Қасақылардеген кім және олар мен қалай күресу  керек? Заңсыз, рұхсатсыз, өз бетімен аң аулаушыларды қасақылар деп атайды. Қасақылар — халық меншігіне қол сұғушылар, ұрылар, қоғамдық тәртіпті бұзушылар, қоғамымызға жат қылықты көпшілікке уағыздап, жұртты еліктіріп, халық қазынасын талан-таражға салушылар.

Қасақылыққа бой ұру бірнеше жағдайларға байланысты. Оның түрлі себебі бар. Кейбір адамдарда аң аулау — ғасырлар бойы атадан балаға ауысып келе жатқан табиғи ерекшелік, дәстүр. Бұл адамдар аң аулауға икемді, қабілетті. Аулау кезінде олардың көңіл күйлері, психологиялық жайы, сезімі адам қызығарлықтай болады. Олардың көпшілігі арнайы рұхсатпен аңшылық ережелеріне сай аң аулайды. Табиғатты сүйе де, тани да біледі. Өйткені табиғат құбылыстарынан, жүгірген аңнан, ұшқан құстан рухани күш-жігер алады.

Ал енді осындай ғажап адамдармен қатар өмірде аң аулау инстинктінің құлы болатындар да кездеседі. Міне, бұлар заңсыз аң аулау ережелерін    бұзып, қасақылық жолға түседі.

Әрине, қасақылықпен күресудің жолы тек «қой, қой» ғана емес. Олармен күресу үшін жан-жақты жұмыстар жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау қажет. Бұл жұмыстар мен шаралар «Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы» Заңында нақты көрсетілген. Бұл заңның ауқымы кең, талабы зор. Бұл заң атына сай жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы алуан түрлі жұмыстар жүргізуді нұсқап, олардың орындалуын талап етеді. Заңның әрбір бап-тармақтарының өзі орасан зор жұмыстар жүргізуді меңзейді. Бұл  заңда «Азаматтарды жануарлар дүниесіне адамгершілік көзқарас рухында тәрбиелеу» деген сөйлем бар. Бұл сөйлемнің заңға сай қойып отырған талабы болашақ азаматтардың жабайы жануарларға аяушылықпен қарау көзқарасын қалыптастыруды нәрестелік кезеңнен бастауды, балалар бақшасында, мектепте тәрбиелеу жұмыстарын табиғат қорғау ісімен байланыстыра жүргізуді ұсынып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

 

Аң аулау кезінде аңшыны көптеген қауіпті жағдайлар күтеді. Қауіптің барлығы тек жануарлардан ғана төнбейді. Бақытсыз жағдайға аңшы аң аулау кезінде жай ғана кауіпсіздікті сақтамағандықтан ұшырайды.

Қауіпсіздікті сақтау үйден басталады. Себебі үйде мылтық, оқ – дәрі және құрал – саймандар сақталады. Аңшылық керек – жарақтарға дұрыс қарамау аңшының және оның жақындарының өміріне қауіпті. Сондықтан мылтықты және оқ – дәрілерді балалардың және басқа жақын адамдардың қолы жетпейтін жерге сақтау қажет. Ең дұрысы оларды темір шкафтарға сақтаған жөн. Ол шкаф жақсы жабулы және қабырғаға немесе еденге бекітілуі тиіс.

Мылтықты үйдің, саяжайдың, гараждардың құбырына іліп қоюға мүлдем боломайды. Егер  мылтық бөлшектенетін  болса, екі бөліп сақтаған дұрыс, ал егер бөлшектенбесе оны шкафтың ішіндегі қыстырғыштарға қыстырып қойған дұрыс болады.

Мылтықты тасымалдағанда немесе оның оқталмағанына көзіңізді жеткізіңіз. Оқтаулы мылтықты мүлдем сақтауға болмайды. Себебі біріншіден ол өмірге қауіпті, екіншіден оқ мылтықтың оқпанын бұзады. Оқталған мылтықты бөгде адамға беруге болмайды.

Аңшы автокөлікке отырар алдында серігене мылтықтың оқсыз екенін көрсетуі керек. Мұндай тексеру өте қажет, себебі аңшы автокөлікке отырарда немесе түсерде мылтығын серігіне ұстатады. Мұндай қағида қоршаулардан немесе құлаған ағаштардан өткенде де сақталуы керек.

Бұлақтардан немесе арықтардан бөрене арқылы өткенде мылтықты иыққа асып алады. Мұндай  өткелдерде қол сүйеніш таяғын ұстау үшін бос болуы керек.

Ату орынына қазбауырлап жүрген кезде алдынғы аңшы мылтығын алдыға қаратып, ал оның соңынан келе жатқан аңшы – бір жағына қаратып, ал ең артынан келе жатқан аңшы – артына қаратып ұстаған жөн. Мұндай жағдайда мылтықты оқпанынан қорғаныс қапсырмасының алдына ұстауы қажет. Мұндай кезде мылтықты буынынан ұстауға болмайды, себебі мылтық бір нәрсеге ілініп оның оқпаны адамға қарауы мүмкін.

Ату орынына жеткен соң, доңыз анық көрінбесе оны атуға болмайды.

Ату алдында орнықты жағдайда қабылдау керек. Ататын бағытта адам (жидек немесе саңырау құлақ теріп жүрген) немесе үй жануарлары болмасын.

Аң жақын қашықтықта болса да,  оқ алысқа ұшады, адамды жарақаттауы мүмкін.

Қыста оқпанға қар түспеуін қадағалау керек. Оқпанды түскен қардан тазаламаса ол атқанда жарылып кетуі мүмкін. Әсіресе жылы үйге кіргенде оқпанды қардан тазарту керек, себебі жылы жерде қар ериді де, қайта суыққа шыққанда қатады. Ол оқпанның жарылуына әкеліп соғады.

Оқпанды мақтамен және шүберекпен тығындауға болмайды, себебі асығыста олар алынбай оқталмауы мүмкін, мылтық атылып оқпан істен шығуы мүмкін.

Атылмай қалған оқтарда қоста лақтырып тастауға немесе қалталарға  тықпалауға болмайды.

Қостағы қоқыстарды жағуға болмайды, себебі онда атылмай қалған, әлде біреулер тастаған оқ болуы мүмкін. Ол қоқысты көміп тастаған жөн [28].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас орман шаруашылығы  мемлекеттік  мекемесінің  өңірі алты  аумақтан  тұрады: сулы, шабындық, орманды  аумағы; далалы  аумақ; тау  етегі, шөлді – далалы  аумақ; шөлді  аумақ.

Бақанас өңірінде Орташа есеппен әр жылы Меммлекттік мекеме аумағында 11897 бас ондатр есепке алыған. Жалпы соңғы бес жылда қорық аумағында 59488 ондатр есепке алынған .

Бақанас өңірінде 428 жабайы  жануар  тіркелген, оның  жетпіс  алтысы  сүтқоректілер, үш  жүз  жиырма  сегізі  құстар, он  сегізі  қосмекенділер, алтауы  бауырмен  жорғалаушылар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫСТАР

 

Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекеме териториясының сулы батпақты алқаптарында ондатралар көптеп тіршілік етуіне жағдай жасау үшін төмендегі мәселелерді алға қойған жөн деп ойлаймын.

  1. Қасақылық жолмен аулауға жол бермеу, яғни қасақылыққа қарсы күресті күшейту. Қасақылық жолмен ондатраның басым көпшілігі қырылады және қасақылық жолмен аулауда жас құрамына мүлде назар аударылмайды
  2. Ондатара мекен ететін су жағалауларына ерекше назар аударып, өзен, көл жағалауларындағы қамыс, қоғаларды өрттен сақтау. Қамыс, қоғалардың өртеніп кету салдарынан ондатраның қорегі азайып, жауларынан жасырынатын жерлері болмайды.
  3. Қыс мезгілінде су деңгейін қадағалап отыру, су деңгейінің төмендеп кетпеуіне жол бермеу. Бұндай жағдайларда ондатра үйшігінің аузу жабылып өлім-жетімге ұшырайды.
  4. Аудан орталығына өкімет тарапына асыл терілі аң терісін қабылдайтын зауот салып, елімізге бір шама пайда әкелу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

  • Афанасьев А.В. Ондатра в Казахстане // Вестник КФАН СССР. № 3. 1944.
  • Афанасьев А.В., Слудский А.А. Материалы по млекопитающим и птицам Центрального Казахстана // Изв. АН КазССР. Сер. Зоол. 1947. вып. 6.
  • Бородин Л. Ондатра в Кировской области // Охотничий промысел. № 4.
  • Бергер Н.М. Акклиматизация пушных зверей в Западной Сибири // Зоол. Журнал. Т. 23. вып. 5. 1944.
  • Богачев Б. Хозяйственное использование ондатры. М., 1935.
  • Богачев Б. О разведении ондатры в СССР // Охотничий промысел. № 4. 1939.
  • Гроссман И. Организация ондатрового хозяйства в СССР // Пушное дело. № 3. 1929.
  • Кучерской В. Акклиматизация ондатры в СССР (к вопросу о выпуске ондатры в Казахской АССР) // Охотник Сибири. № 3. 1937.
  • Лавров Н.П. К вопросу о разведении ондатры в СССР // Союзпушнина. № 1. 1930.
  • Лавров Н.П. Ондатра. М., 1947.
  • Слудский А.А. Ондатра в Восточно-Сибирском крае // Охотник Сибири. № 3. 1934.
  • Слудский А.А. Емкость ондатровых угодий // Охотник Сибири. № 4. 1934.
  • Слудский А.А.Миграции ондатры и причины, их вызывающие // Охотник Сибири. № 5-6. 1934.
  • Слудский А.А. Ондатра в Казахстане // За советскую пушнину, № 20. 1936.
  • Слудский А.А. Пушные звери Казахстана. А., 1939.
  • Слудский А.А. Промысел ондатры в Казахстане // советский охотник. № 5. 1939.
  • Слудский А.А. Первичная обработка шкурок ондатры балхашскими ондатраловами // советский охотник. № 3. 1941.
  • Слудский А.А. Эктопаразиты ондатры, акклиматизированной в КаССР // Изв. АН КазССР. Сер. Параз. Вып. 4. 1946.
  • Слудский А.А. Гельминты ондатры, акклиматизированной в КазССР // Вестн. АН КазССР. № 6. 1947.
  • Страутман Е.И. Ондатра в Казахстане. А., 1963.
  • Методы учета основных охотничье-промысловых и редких животных Казахстана. А., 2003. С.19-33.
  • Книга генетического фонда фауны Казахской ССР. Ч. Позвоночные животные. А.: наука, 1989.
  • Горегляд Х.С. Болезни диких животных. Минск: Наука и техника, 1971. 304 с.
  • Сванбаев С.К. Кокцидии диких животных. А.: Наука, 1979. 212 с.
  • Слудский А.А.Млекопитающие Казахстана. А.: Наука, 1978. Т. 1. Ч. 3.
  • Замахаев В.А. Охотничьи промыслы и техника добывания промысловых животных // Охотоведение. Т. 1. Киров, 1971. с.146-176.
  • Правила охоты на территории Республики Казахстан // Вестник охотников и рыболовов Казахстана. 2003. № 1.
  • Ставки платы за использование видами животных, являющихся объектами охоты // Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2002 года № 429.
  • Лучков Г.Б. Новая энциклопедия охоты. М.: РИПОЛ КЛАССИК, 2004. 640 с.
  • Гусев В.Г. Настольная книга охотника. М.: Цитадель, 2002. 447 с.
  • ПРОЕКТ Организации и развития охотничьего хозяйства Баканасского лесоохотничьего производственного предприятия Алматинского лесохозяйственного производственного объединения. Т. 1. Пояснительная записка. Алматы, 1994-1995.

32   Куәлік 8-1907-02-ММ. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» Бақанас ауылы. 03.02.2005. Серия В. № 0118677.

  • ЕРЕЖЕ. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі. 25.01.2005. № 18 бұйрық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША