Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

Тугелбаева М.А

 

 

Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

мамандығы 050610 – «Құқық және экономика негіздері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 

1.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

1.1 Инновацияның мәні,түсінігі 

1.2 Инновацияның формалары мен түрлері 

1.3 Инновациялық дамудың шетелдік тәжірбиесі

2.Қ.Р/Ң ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы өтпелі шарттары

2.2 Инновациялық дамудың басты басым бағыттары

2.3 Инновациялық дамудың институциялық базасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             КІРІСПЕ

 

 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлемдік экономиканың өнеркәсіптік өндіріс және қызмет көрсету салаларының қазіргі технологиялық өзгерістерге негізделген даму үрдістері уақыт талабынан туындайды. Экономикалық өсудің дәстүрлі бағыттарының мүмкіндіктері қанат жая бастаған шақта жаңа үрдістердің, инновациялық үдерістер жүйесінің басымдығы айқындалып отыр. Мұның өзі ХХІ ғасырдағы экономикалық өсу тағдыры ғылыми сана, инновациялық процестер, жаңа технологиялар, өнімдер мен қызмет көрсетулер үлесінде екендігін білдірсе керек. Инновациялық бағдар тек қана бүгінгі күннің емес, сонымен бірге кез келген сферадағы адамзат іс-әрекетінің болашағын да көрсетеді. Осы орайда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық фактордың маңыздылығын, негізгі мәселелерін, болашағын зерттеу қажеттілігі туындайды. Дипломдық жұмыста ұлттық экономиканы инновациялық даму жолына бағыттау мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қарастыруға талпыныс жасалды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі жаһандану жағдайында қатаң бәсекелестік күреске төтеп беру үшін бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырып, оны модернизациялау және әртараптандыру, яғни инновациялық даму жолына бағыттау кез келген елдің алдында тұрған үлкен міндет. Себебі, инновациялық дамудың өзі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің ең маңызды факторы. Ал, инновациялық дамудың мақсаты – ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізінде сапалы экономикалық өсуге жету.

Қазақстанның қазіргі кезде инновациялық даму жолына бет бұруының өзі елдің әлемдік қатаң бәсекелік күресте экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық, жалпы алғанда ұлттық шаруашылықтың кез келген саласы жағынан мықты болу мақсатынан туындауда. Себебі елдің экономикалық жағдайы мен даму болашағын бейнелейтін негізгі көрсеткіштердің бірі – ұлттық бәсекеге қабілеттілік.

Ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңыздылығын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына Жолдауында «бәсекеге қабілеттілік — Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті», – деп айтқан сөзі де дәлелдейді [1, 12 б.]. Ендеше, Қазақстан үшін өзінің бәсекелік арттықшылықтарын үйлесімді пайдалана отырып, тауарлар мен қызмет көрсетудің, техника мен технологиялардың әлемдік рыногының серпінді бөлігіне айналуы бүгін де, келешекте де өзекті мәселе болып қала бермек.

Ұлттық бәсекеге қабілеттілік ұғымы туралы қазақстандық ғалымдардың көзқарастарына тоқталар болсақ, ҚР ҰҒА академигі Я.Ә. Әубәкіровтың пікірінше, кейінгі жылдары бәсекелестік теориясында жаһандану аясының кеңеюіне байланысты жаңа аспектілер пайда болды. Егер бұрын экономикалық әдебиеттерде бәсеке тауар өндірушілер арасындағы қарым-қатынас ретінде қарастырылса, қазір бәсеке заңдылықтары қоғамдық қатынастар аясында кеңінен тарап, елдің, ұлттың, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін толығымен қамтуда [2, 10 б.].

ХХ ғасырдың 90-жылдарының соңынан бастап қазақстандық экономика қалыпты деңгейде өсті. Экономиканың өсуін көптеген экономистер елдің минералды ресурстарын экспорттаудан түсетін түсімдер арқылы, яғни әлемдік рынокта осы тау-кен, мұнай-газ салаларының өнімдеріне деген бағаның жоғарылауымен байланыстырады. Бұл, әрине, қазіргі экономикалық даму қағидаттарына біршама қайшы келеді. Қазақстан ғалымдарының айтуы бойынша: «шикізаттық даму моделі тек Қазақстанның ұлттық мүддесіне ғана емес, әлемдік даму үрдісіне де сәйкес келмейді. Әлемдік экономикада білімді, инновацияны маңызды экономикалық ресурс ретінде пайдалану негізінде экономикалық өсудің жаңа типі қалыптасты» [3, 5 б]. Яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың инновациялық жолына өту кезеңі басталып кетті.

Қазақстанда ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатқаны белгілі. Олардың қатарында 1997 жылы Елбасының ұсынысымен қабылданған «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясы, ҚР Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, сонымен қатар мемлекет басшысының ағымдағы жылдың мамырындағы «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының 12 съезінде ұсынған Қазақстан экономикасының  дағдарыстан кейінгі серпінді даму жоспарының негізгі қағидалары және басқалары бар. 

Әлемдік рынокта бәсекелік күреске төтеп беруге нық тұратын өнеркәсібі дамыған елдерде заман талабына сай технологияларға негізделген және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі көздері болып табылатын салаларды, яғни биотехнология, нанотехнология, ядролық және ғарыштық технологияларды қарқынды дамытуға қомақты қаржы бөліп, үлкен зер салуда. Себебі инновациялық экономикалық дамуды қамтамасыз ету, шиеленісіп, шешімін таба алмай жатқан қазіргі экологиялық проблемаларды шешу, күннен күнге артып келе жатқан әлем халқының қажеттіліктерін келешек ұрпақтың қамын ойлай отырып қанағаттандыру сияқты мәселелердің байыбына жетуде осы салалардың маңызы аса зор. Қазақстан үшін де аталған салаларды, сонымен қатар экономиканың басқа да басым бағыттарын дамыту арқылы индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылу ең өзекті мәселелердің бірі. Сол себепті экономика салаларын жаһандану үдерісіне сәйкестендіре дамытуға, экономиканың шикізат экспортына тәуелділігін төмендетуге және әлемдік рынокта сапалы бәсекеге қабілетті өнім ұсынысына бағытталған сервистік-технологиялық экономикаға өтуге жағдай жасау қажет.

Жоғарыда келтірілген деректер мен дәйектер зерттеу тақырыбының өзектілігіне ешбір күмән келтірмейді деп санаймыз.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Экономикалық әдебиеттерде инновацияның мәні, оның қоғам өміріндегі алатын орны мен рөлі туралы көптеген көзқарастар және байламдар жеткілікті. Бұл ұғымды сараптау және дәйектеу ХХ ғасырда орын алған зерттеулерден бастап жүргізіліп келеді. Кез келген инновациялық түсінік туралы теориялық ізденістер бірқатар эволюциялық кезеңдерден өтіп, олардың мән-мағынасы тұрақты түрде кеңейе түсуде.

Инновациялық даму мәселелерін зерттеушілердің алғашқы тобына
Й.А. Шумпетер, Н.Д. Кондратьев, Дж. Бернал, С. Кузнец, Г. Менш, Ф. Хайек,
Б. Твисс, Б. Санто, М. Портер және т.б. ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде инновациялық даму теориясына үлес қосқан А.Н. Анчишкин, А.Н. Богатырьев, П.А. Андреев,
Г. Крутиков, Р.А. Фатхутдинов, А.В. Барышева, К.В. Балдин, Ю.В. Яковец сияқты ғалымдардың еңбектері бар.

Я.Ә. Әубәкіров, А.Қ. Қошанов, Д.Қ. Қабдиев, К. Сағадиев,
М.Б. Кенжегузин, С.Н. Нысанбаев, Р.Е. Елемесов, Ф.М. Днішев, Ә.Ә Әбішев,
М.Д. Исқалиев, М.С. Төлегенова, Р.А. Алшанов, Ө.Қ. Шеденов, Е.Б. Жатқанбаев, Б.А. Кембаев, Ф.Ғ. Әлжанова, А.Н. Тулембаева, Е.З. Сулейменов, Қ. Берентаев және тағы басқа отандық зерттеуші-ғалымдар да инновациялық даму туралы зерттеулерге айтарлықтай үлес қосып келеді. Аталған ғалымдардың тұжырымдамаларына осы диссертацияда жан-жақты талдау, сараптау жүргізілді.

Біздің пікірімізше, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру күн тәртібіндегі маңызды  мәселелердің бірі болып қала береді және ол жан-жақты, түбегейлі зерттеу мен сараптау жүргізуді тұрақты түрде талап етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстанның инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелерін  айқындау.

Дипломдық жұмыстың мақсаты төмендегідей зерттеу міндеттерін белгілейді:

  • инновация ұғымы мен инновациялық даму туралы заманауи зерттеулерді сипаттау;
  • инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасау;
  • инновациялық дамудың институционалдық-ұйымдастырушылық негізін жетілдіру үшін жаңа үрдістерді сараптау;

Ғылыми зерттеу нысаны Қазақстанның ұлттық экономикасы болып табылады.

Ғылыми зерттеудің пәні – Қазақстан экономикасын инновациялық дамыту үдерісінде туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздерін инновациялық даму, бәсекеге қабілеттілік мәселелеріне қатысты экономика ілімдері классиктерінің еңбектері, шетелдік және отандық ғалымдардың іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары,  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтары, оқулықтар, басылымдар құрайды.

Дипломдық нәтижелері мен тұжырымдары жүйелік-қызметтік, тарихи-логикалық, салыстырмалы, экономикалық-статистикалық, сандық-сапалық сараптау және басқа да зерттеу әдістеріне негізделеді.

Зерттеудің ақпараттық базасын «Қазақстан – 2030» даму Стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР индустриялық-инновациялық дамуының 2003–2015 жылдарға арналған даму стратегиясы, ҚР ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Қазақстан Республикасы экономикасын әртараптандыру туралы есебі, Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы, басқа да құқықтық-нормативтік актілер, арнайы веб-сайттар, Ұлттық статистика агенттігінің ресми мәліметтері құрайды.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы ұсынылған негізгі тұжырымдардың ұлттық экономиканы инновациялық жолмен дамыту арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін әрі қарай зерттеуге ықпал етуі мүмкіндігінде болса керек. 

Дипломдық жұмыстың ғылыми және тәжірибелік қорытындылары мен байламдары экономика ғылымының дамуына өзіндік үлесін қосады және тақырыпқа ұқсас зерттеулер жүргізу барысында қолданбалы деңгейдегі әдістемелік негіз ретінде қолдануға ұсынылады.

Инновациялық даму үдерісінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға игі әсерін жүзеге асыру мақсатындағы ұзақ және қысқа мерзімді тұжырымдамаларды, нұсқаулықтарды, сонымен бірге инновациялық даму басымдықтарын айқындау кезінде пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 71 беттен, оның ішінде 17 кесте, 21 сурет берілген. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 93 мәліметтер атауын қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

  • Инновацияның мәні,түсінігі

1.1    Инновация теориясының мәндік ерекшеліктері мен даму эволюциясы

 

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өндірісте инновация формасында көрінеді. «Инновация» ұғымы алғашында белгілі бір мәдениеттің жекелеген элементтерін екіншісіне енгізуді білдірген. Ол, әдетте, еуропалық салт-дәстүрдің ерекшеліктері мен ұйымдастыру әдістерін дәстүрлі қоғамдарға енгізу түрінде көрініс тапқан еді. «Инновация» түсінігі ағылшынның «іnnovation» сөзінен аударғанда «жаңалық енгізу» ұғымын білдіреді. Ал «жаңалық» деп жаңа тәртіпті, жаңа әдісті, жаңа өнім мен технологияны, жаңа құбылысты айтамыз. Инновациялар тек техникалар мен технологияларға ғана емес, сонымен бірге басқаруды және өндірісті ұйымдастырудың формаларына да қатысты. Олардың барлығы бір-бірімен өзара тығыз байланыста болып, өндірістің тиімділігін арттыру мен өндіргіш күштерді дамытуда сапалық саты болып табылады.

Инновация туралы тәжірибе мыңдаған жылдарды қамтығанымен де, әлеуметтік ғылыми ілім ретінде қарастырылуы тек XX ғасырдан басталды. Инновация теориясының іргелі негіздерінің қалыптасуы өткен ғасырдың 10–40 жылдарын қамтиды. Осы аралықта инновация теориясының қалыптасуына күш салған ойшылдар қатарында Н.Д. Кондратьев, Й. Шумпетер, С. Кузнец,
Г. Менш және басқа да ғалымдарды атауға болады.

Н.Д. Кондратьевтің және Й. Шумпетердің еңбектерінде инновация теориясының негізі қаланған. Бұл ғалымдар осы терминнің бастапқы анықтамаларын айқындап, инновация проблемасына бастау берген. Олардың еңбектеріне кейінгі инновация теориясын зерттеушілердің көбісі сүйенген еді.

Н.Д. Кондратьевтің инновация теориясын қалыптастыруда еңбегі аса зор. XX ғасырдың бас кезінде Н.Д. Кондратьев капитализм кезіндегі ұзын толқындар туралы үлкен пікір сайыс жүргізді. Кондратьевтің әрбір ұзын толқыны бір мезетте ғылыми-техникалық дамудың барлық көрсеткіштерін, яғни идеяның пайда болуын, кәсіпкерлік белсенділікті, мамандардың біліктілігін арттыруды қамтитын төрт фазадан тұрады.

Кондратьевтің зерттеулері 100–150 жылды қамтитын ұзақ мерзімді экономикалық көрсеткіштерге (баға индексі, мемлекеттік бағалы қағаздар, еңбек ақы, сыртқы сауда көрсеткіштері, көмір, алтын өндіру, т.б.) эмпирикалық талдау жүргізуге негізделген. Осы талдаудың нәтижесінде ол ұзақ мерзімді толқындар циклының өспелі және кемімелі фазаларына әсер беретін заңдылықтарды анықтаған. Ұзын толқындар циклының өспелі фазасына ғылыми-техникалық өнертабыстар мен жаңалықтар әсер ететінін дәлелдеген. Бірінші толқынға тоқыма өнеркәсібі, шойын өндірісі, бу машинасының пайда болуы, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағдайларының өзгеруі сияқты жаңалықтар әсер берсе, екінші толқынға – жаңа аумақтарды игеруге және ауыл шаруашылығын жаңартуға мүмкіндік берген теміржол құрылысы және теміржол көлігі мен металлургия саласының дамуы, үшінші толқынға – электр қуатының, радио мен телефонның кең ауқымда енгізілуі, химия және автомобиль өнеркәсібінің дамуы әсер еткен. Ал төртінші толқынның технологиялық базасына электроника, мұнай химия, ұшқыштар жасау өнеркәсібі жатқызылды.

«Инновация» терминін алғаш рет экономикалық ұғым ретінде ғылыми айналымға XX ғасырдың 30-жылдары австриялық экономист Йозеф Алоиз Шумпетер енгізіп, өзінің «Экономикалық даму теориясы» (1912 жыл) және «Капитализм, социализм және демократия» (1942 жыл) атты еңбектерінде қарастырған болатын. Ол өз еңбектерінде қалыпты экономиканың «нормасы» мен экономикалық теорияның негізгі ақиқаты ретінде тепе-теңдік емес, керісінше кәсіпкер-новатор қызметінің нәтижесінде туындайтын «динамикалық теңсіздік» болатындығын дәлелдеп, соны қарастыру барысында дәстүрлі экономикадан бас тартады. Содан бері «инновация» термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде жалпыға бірдей ұғым ретінде қалыптасқан болатын. Техникалық инновациялардың заңдылықтары экономикалық құбылыс ретінде тек ХХ ғасырдан бастап зерттелді. Себебі, біріншіден, «өнеркәсіптік революция» кезеңінде енгізілген өнертабыстар өздерінің техникалық құндылықтарын жоғалтты, екіншіден, бәсекелестік күрестің жандануы жаңа тауарлар мен қызметтер түрлерін талап етті.

Шумпетер инновацияны «өнертабыс – жаңалық енгізу – диффузия» үдерісінің бір бөлігі және өндіріс факторларының «жаңа комбинациясы» ретінде қарастырған, ал мұның өзі қолда бар өндіріс факторлары мен өндіргіш күштердің бірігуін көрсетеді, яғни кәсіпкердің инновациялық қызметі болып саналады. Ол «жаңа комбинацияның» негізгі түрлеріне төмендегілерді жатқызды:

  • жаңа игіліктер өндірісі;
  • игіліктер өндірісін коммерциялық пайдаланудың жаңа әдістерін қолдану;
  • өткізудің жаңа рыногын игеру;
  • жаңа шикізат көздерін ашу және қолдану;
  • салалық құрылымды өзгерту (монополия құру немесе жою) [4, 159 б.].

Шумпетердің пайымдауынша, «жаңа комбинацияларды» жүзеге асыру үшін және жаңа идеяларды тиімді экономикалық шешімдерге айналдыру үшін жаңашыл, новатор – кәсіпкердің жігерлілігі, шығармашылық қабілеті қажет. Себебі, кәсіпкер – өнертапқыш емес, ол – жаңашыл-новатор.

Өнертабыс – бұл жаңа үдеріс немесе жаңа өнім туралы идея, ол инновациялық үдеріс түпкі фазасына дейін жүзеге асырылған жағдайда, яғни инновация өндіріске енгізіліп, сауда сферасына түскен кезде ғана инновация болып табылады. Өнертабыс пен новаторлықтың бір-бірімен өзара әрекеттесуі негізінде инновацияны енгізу келесі бір өнертабыстың туындауына түрткі болады, яғни, әрбір инновация өз циклына «қарама-қарсы» келіп, өзін жоққа шығарады, келесі инновация үшін алғышарттар жасайды, яғни жаңа техниканы, технологияны, білімді, ғылымды және басқаруды қажетсінеді. Сондықтан инновациялық даму бұралым тектес формаға ие, ол шексіз және белгілі бір кезең аралығында ғана өз кемеліне жетеді.

Шумпетердің пікірінше инновацияны енгізу ол – жаңа өнімді немесе үдерісті алғашқы коммерциялық енгізу, ал инновация диффузиясы – осы инновацияны әлеуметтік жүйе мүшелері арасында байланыс тетіктері арқылы тарату үдерісі.

Cонымен қатар, Шумпетер инновацияны пайданың негізгі көзі ретінде қарастырады, яғни пайда жаңа комбинацияларды атқару нәтижесінде туындап, кәсіпкерлердің жаңа инновацияларды өндіріске енгізуін ынталандырады. Шумпетер бойынша пайданың көзі тек бағаны өзгертуде немесе шығындарды үнемдеуде ғана емес, сонымен бірге шығаратын өнімдерді түбегейлі өзгертуде болса керек, яғни: «…дамусыз пайда, пайдасыз даму болмайды» [4, 160 б.].

Сонымен, инновациялар – қоғамдық прогрестің ірі қозғаушысы, ал инновациялық пайданы немесе инновациялық рентаны иелену және пайдалану – осы прогрестің негізгі ынталандырушы күші болып табылады.

Айта кету керек, Шумпетер теориясындағы инновациялық даму циклдық сипатқа ие, ал оның кезеңдері ұзақ мерзімді аралықты қамтиды және онда үнемі тоқырау, құлдырау үдерістері орын алып отырады. Ол өзінің кейінгі еңбектерінде ұзақ мерзімді толқындарды техникалық өзгерістермен байланыстырып, инновациялық «жиынтық» жасап, үлкен үш толқынды – бу машинасын (1790–1842), темір жолды (1843–1897), электр қуаты мен автокөлікті (1898–1949) пайдалану мен оның кең таралуын байланыстыра зерттеген болатын.

ХХ ғасырдың 40-70 жылдары көптеген зерттеу еңбектері ҒТП-ның даму заңдылықтарына, яғни жаңалықты өндіріске енгізу емес, тек жасау үдерісіне бағытталған. Бұл біріншіден, жалпы қоғам үшін инновацияның, ҒТП-дың маңыздылығының артуымен, екіншіден, ғылым мен өндіріс арасындағы тікелей байланыстың жоқтығымен байланысты. Бұл кезеңде айтарлықтай іргелі жаңалықтар туындамады. Себебі, осы аралықта екінші дүниежүзілік соғыстың көптеген ауыртпашылықтар әкелгені белгілі. Осы уақыт аралығында ғылыми күш-жігер әскери зерттеулерге, қару-жарақ жасауға жұмсалды.

Осы кезеңдегі инновация теориясының дамуындағы ерекшелік ретінде инновация мен экономикалық өсу арасындағы өзара байланысқа көп көңіл бөлінуін айтуға болады. Осы мәселеге әйгілі американдық экономист-статистик – С. Кузнец өзінің нобельдік дәрісін арнаған. Бұл дәрісте Й. Шумпетер мен
Дж. Берналдың идеяларын әрі қарай дамытатын, инновация теориясындағы бірқатар жаңа көзқарастар ұсынылған. Дж. Бернал инновация теориясының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы. Оның әйгілі «Қоғам тарихындағы ғылым» атты монографиясында қоғамның даму тарихының барлық кезеңдеріндегі ғылыми, техникалық және әлеуметтік жаңалықтар енгізу арасындағы байланыстар көрсетілген. Оның пікірі бойынша, «ғылымның өркендеу кезеңі – экономикалық белсенділік пен техникалық прогрестің нығаю кезеңімен сәйкес келеді» [5, 30 б.].

С. Кузнецтің ұсынған көзқарастары:

  • біріншіден, «дәуірлік инновациялар» ұғымын енгізу. Ол «дәуірлік инновациялар» ұғымын ең алғаш рет ғылыми айналымға енгізген Нобель сыйлығының лауреаты болатын. Ол бұл терминнің мағынасын келесідей түсіндіреді: «Адам білімінің дамуындағы, ұзақ мерзімді экономикалық өсудің басты көзі болған және әлемге таралған негізгі серпілістерді дәуірлік инновациялар» деуге болады [6, 105 б.];
  • екіншіден, индустриалды кезеңдегі экономикалық өсу қарқынын жеделдету дәуірлік инновацияларға байланысты. «Экономикалық өсудің негізгі көзі – ғылымды қарқынды дамыту. Қазіргі экономикалық өсудің мәнін ашатын технологиялық жаңалықтарды жаппай қолдану кезекті техникалық прогрестің негізін қалайтын ғылыми прогреспен тығыз байланысты.

Жаңалықтарды пайдалану ұзақ мерзімді уақыт аралығын қамтитын және көп мөлшерде капитал салымын қажет ететін іргелі және қолданбалы зерттеулер үшін тек қосымша экономикалық ресурс болып қана қоймай, тиімді жаңа құралдар жасауға және өндірістің әсерінен туындайтын табиғаттағы өзгерістер жөнінде қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді» [6, 110 б.];

  • үшіншіден, технологиялық жаңалықтар қоғамның басқа салаларындағы жаңалықтармен тығыз байланысты: «Қазіргі экономикалық өсуге тән сипат технологиялық жаңалықтардың және олармен қатар жүретін әлеуметтік жаңалықтардың үнемі пайда болуы экономика мен қоғамның құрылымына әсер етуші негізгі факторлар болып табылады, олар құқық саласында, институционалдық құрылымдарда, тіпті идеологияда да жаңашылдық өзгерістерге әкеледі» [6, 113 б.].

С. Кузнец Шумпетер теориясын сынға ала отырып, оның теориясында түсіндірілмей қалған инновациялық дамуға қатысты бірнеше іргелі проблемаларды зерттеген еді. Біріншіден, ұзақ мерзімді толқындар қалыптасуы үшін макроэкономикалық ауытқулар туғызатын инновациялар өте маңызды болуы керек немесе олардың көп мөлшерде шоғырлануы белгілі бір шектеулі уақыт аралығын қамтуы тиіс. Кішігірім инновациялар саны жүйелі түрде көп болғанымен, олардың ішінде экономикалық жүйенің тұрақсыздығына аса жоғары деңгейде әсер ететін инновациялар аз. Екіншіден, Шумпетер теориясы маңызды инновациялар әсерінің не себепті бірнеше ондаған жылдарға созылатындығына және оны неге одан да қысқа мерзім аралығында қарастыруға болмайтындығына жауап таппады. Үшіншіден, Шумпетер үнемі қайталанып отыратын тоқырау кезеңдеріне және маңызды жаңалықтар пайда болуының біркелкі еместігіне сенімді түсініктеме бере алмады [7, 41 б].

Шумпетердің шеше алмаған проблемаларын неміс экономисі Герхард Менш шешуге күш салды. Ол барлық жаңалықтарды базистік (олар өнеркәсіптің жаңа салалары мен мамандықтың жаңа түрлерін қалыптастырады) және жақсартушы (қалыптасқан өнеркәсіп салаларындағы техникалық жетілдірулер) деп екіге бөлді. Жақсартушы жаңалықтар базистік жаңалықтар арқылы қол жеткен жаңа мүмкіндіктерді тәжірибе жүзінде іске асыру мақсатынында пайда болады. Менштің сипаттауы бойынша, базистік жаңалықтар біркелкі енгізілмейді, олардың көп бөлігі ұзақ мерзімді толқынның тоқырау фазасында шоғырланады. Ал келесі фазаларда базистік жаңалықтар таралғаннан кейін жетілдіруші жаңалықтардың кезегі басталады және ол құлдырау фазасында жалған жаңалықтар енгізумен аяқталады.

Осы фазада ҒТП-ның дәстүрлі бағыттары өздерінің құндылықтарын жоғалтады, оған қажеттіліктердің толық қанағаттандырылуы, жаңа технологиялық мүмкіншіліктердің белгісіздігі себеп болады, ал бәсеңдеп келе жатқан тұтыну сұранысын жалған жаңалықтар арқылы белгілі бір деңгейде ғана ұстап тұрады. Менштің айтуы бойынша жалған жаңалық – бұл өнімнің сыртқы пішінін сәл ғана өзгертіп, жаңа өнім ретінде ұсыну. Тоқырау фазасында базистік жаңалықтарды енгізу ең тиімді, пайдалы инвестиция жұмсаудың бірден-бір мүмкіншілігі және «тоқырау фазасынан шығудағы бірден-бір жол».

Инновация теориясының дамуында ХХ ғасырдың көрнекті экономисі Фредерих фон Хайектің идеялары өте маңызды. Ол экономикалық дамуға тән, яғни инновациялық үдерістің негізі болып табылатын ерекшеліктерге – ақпараттың айқынсыздығы, шектеулілігі, білімнің жетілмегендігі туралы мәселелерге талдау жасаған ғалым [8, 34 б.].

Хайектің пайымдауынша, интеллектуалды немесе ақпараттық күш-қуатты неғұрлым жоғары пайда алу мақсатында қолданудың бірден-бір мүмкіндігі – рынок болып табылады. Хайек бойынша, рыноктық ақпараттың айқынсыздығы «болашаққа жол ашатын алаң», бұл алаңдағы бәсеке – тұтынушылар талғамдарының өзгерісіне сәйкес олардың қажеттіліктерін қанағаттандырудың жаңа құралдарын, әдістерін, жолдарын іздеп табу [9, 7 б.].

Технологиялық жаңалықтарды зерттеуде Б. Твисс зерттеулеріне де тоқталып өткенді жөн көрдік. Оның пікірі бойынша, «жаңа технологиялар экономикалық өсудің қарқындылығын қамтамасыз ететін жаңа салалардың негізін қалайды. Олай болса, ғылыми-техникалық жаңалықтардың-экономикалық өсудің көзі ретінде маңыздылығы үнемі артып отырады»
[10, 25 б.]. Сонымен қатар оның еңбегінде инновацияның қоғам дамуындағы ерекше рөлі сипатталған: «Ғылымды, техниканы, экономиканы, кәсіпкерлікті, басқаруды біріктіретін бірден-бір үдеріс – ғылыми-техникалық жаңалықтар үдерісі. Онда компетентті басқарушы, тиімді қызмет ететін ғалым, ақылды шенеунік және қоғамның білімді мүшесі қажет ететін білім бар» [10, 30 б.].

ХХ ғасырдың 70–90 жылдары әлемдік экономикада монополизациялану мен жаһандану үрдістерінің күшеюіне байланысты көптеген ірі компаниялар, фирмалар бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің көзі ғылыми әзірлемелерде екеніне көз жеткізе бастады. Сол себепті зерттеуші ұйымдар мен өнеркәсіптік компаниялар арасында байланыстар тұрақтана бастап, корпорациялардың ішкі құрылымдарында қолданбалы ұсыныстармен айналысатын зерттеу бөлімдері көптеп құрыла бастады. Осы мезетте жеке капитал инновация рыногында белсенді субъекті болып, ғылымды қаржыландыру бірте-бірте арта түседі.

Инновация негізі болып табылатын жаңа салалар мен жаңа кәсіпорындар пайда болды. Ол кәсіпорынның қызмет етуі барысында инновация рөлінің сапалы түрде өзгеруінің дәлелі. Инновация теориясында бұл кезең инновациялық менеджменттің қалыптасуымен сипатталады.

Ғылымның, техниканың, экономиканың дамуындағы іргелі зерттеулерді Ресей академигі А.И. Анчишкиннің КСРО-ның Мемлекеттік сыйлығына ие болған «Ғылым-техника-экономика» атты еңбегінен де көруге болады. Ол ғылыми-техникалық прогрестің тарихында базистік инновациялардың кластерлерін құраған үш негізгі дәуірлік төңкерісті атап көрсеткен. Олар:
ХVІІ ғ. аяғы–ХІХ ғ. бас кезіндегі алғашқы өнеркәсіптік төңкеріс; ХІХғ. соңы-ХХ ғ. бас кезіндегі екінші өнеркәсіптік төңкеріс; ХХғ. орта шенінен басталған үшінші өнерәсіптік төңкеріс. А.И. Анчишкиннің айтуы бойынша, ХХғ. 80 жылдары ҒТР-дың екінші толқынының белгілері көрініс таба бастады. Олардың негізгі белгілері – өндіріс технологиясын электроника, биотехнология, күрделі техникалық жүйелерді автоматтандыру, ақпараттық жарылыс, ғылыми білімдерді материалдандырудың ұлғаймалы ұдайы өндірістің басты көзіне айналуы негізінде түбегейлі өзгеруі болып табылады [11].

Инновация теориясындағы жаңа толқынды ХХғ. 70–80 жылдары әлемдік экономикадағы терең энергетикалық дағдарыспен байланысты деуге де болады. Осы кезеңде энергетикалық дағдарысқа төтеп беру үшін бесінші технологиялық укладтың негізін қалайтын базистік инновацияларға деген қажеттілік туындады. Осы аралықта бесінші ТУ-дың қалыптасуы кезінде экономикалық өсу қарқыны салыстырмалы түрде арта бастады. Нәтижесінде әлемнің ЖІӨ көлемі 15 жыл ішінде бірден 63%-ға көтерілген [12, 34 б.].

Бүгінгі таңда экономикалық дамудың тиімділігін анықтайтын өлшемдер туралы әлемдік экономика да өзгерістерге ұшырауда, яғни экономикалық өсудің негізгі факторы өндірісті интеллектуалдандыру болса, негізгі өлшемдерінің бірі – адам капиталын қалыптастырып, жетілдіруге ұмтылыс жасау болып табылады.

Венгерлік ғалым Б. Санто өзінің еңбегінде инновацияны қоғамдық-техникалық-экономикалық үдеріс ретінде қарастырады, яғни идеяларды, өнертабыстарды тәжірибеде пайдалану арқылы сапалы ерекше заттар, технологиялар жасап, оны рынокқа шығару арқылы қосымша табыс алуға болады. Б. Сантоның пікірінше, инновация − зерттеулер мен әзірлемелерден бастап, рынокқа маркетингтік зерттеулер жүргізуді толық қамтитын барлық қызмет аясында іске асырылады [13].

Инновация мәселесін зерттеуде ТМД елдерінің зерттеуші ғалымдарының да еңбектері зор.

Мәселен, А.Н. Богатырев пен П.А. Андреевтің зерттеулері бойынша: «Инновация – бұл экономикалық әсер алу мен коммерциялық пайдалануға дейін жеткізілген идеяларды, жаңалықтарды және техникалық өнертабысты жүзеге асыру кезінде орын алатын үдеріс немесе қызмет» [14].

Профессор Р.А. Фатхутдинов «инновация» мен «жаңашылдық» ұғымдарын жекелеп қарастырады, яғни жаңашылдық – бұл іргелі, қолданбалы зерттеулердің, әзірлемелер мен тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі. Олар: жаңалықтар, өнертабыстар, патенттер, өнертапқыштық ұсыныстар. Ал инновация – жаңашылдықты басқару нысанын өзгерту және ғылыми-техникалық, экологиялық әсер алу мақсатында енгізудің түпкі нәтижесі
[15, 15 б.].

Профессор А. В. Барышева, К.В. Балдин, С.Н. Галдицкая, М.М. Ищенко, И.И. Передеряев өздерінің «Инновациялар» атты еңбектерінде «инновация адамның әрекет ету саласын жаңарту, жетілдіру арқылы аламасуына әкелетін қызмет нәтижесі» деп түсіндіреді. Инновацияның өндіріс саласына әсері ұсынылатын тұтынушылық мүмкіндіктердің толығымен жойылған кезінде аяқталады [16, 29 б.]. Яғни жоғарыда аталған авторлар инновацияның рыноктық аспектісіне көңіл бөліп, оның өндіріс саласында пайда әкелуіне негізделеді.

Қазақстандық ғалымдардың «инновация» туралы зерттеулерінде де бір қатар маңызды тұжырымдамалар бар. Мысалы, Ф.М. Днішев инновацияның мәнін былайша түсіндіреді: «…адам ақыл-ойының жетістіктерін (жаңа идеяларды, өнертабысты, жаңалықтарды, т.б.), жаңа құралдар немесе жаңа еңбек өнімдерін жасау нәтижелерін, тиімді технологияларды, энергия көздерін пайдаланудың, халықаралық бірлестіктердің қаржы және сауда формаларын, еңбекті ұйымдастыру формаларын жақсартудың тиімділіктерін арттыру үшін қолдану» [3, 54 б.].

Ф.Ғ. Әлжанованың пікірі бойынша, инновацияның жаңалықты деңгейін рыноктық және ғылыми-техникалық тұрғыдан қарастыруға болады. Осы екі аспекті бір-бірімен тығыз байланысты және олар бір инновацияның бойында болуы мүмкін. Бірақ инновацияның экономикалық табиғаты рыноктық жаңалықтың ғылыми-техникалық жаңалыққа қарағанда басымдылығының жоғары екенін көрсетеді, себебі тұтынушыны ғылыми-техникалық идеяның бірегейлігі емес, оның пайдалы әсері, тиімділігі тартады. Ғылыми-техникалық аспекті инновация жаңа өнімге сіңіп, оған рыноктық сұраныс болған жағдайда ғана экономикалық фактор болып табылады [3, 57 б].

Қазіргі экономикалық жаһандану жағдайында инновация ұғымын
1992 жылы Норвегияның астанасы – Ослода қабылданған халықаралық стандарттарға («Ғылым және инновация статистикасындағы халықаралық стандарттар», яғни «Осло басқармасы») сәйкес сипаттауға болады. Бұл стандарттар технологиялық инновацияларға қатысты жасалған, яғни олар жаңа өнім мен жаңа үдерісті және олардың маңызды технологиялық өзгерістерін сипаттайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес «инновация» – тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдеріс түрінде және рынокқа шығарылған жаңа немесе жетілдірілген өнім түрінде көрінетін инновациялық қызметтің түпкі нәтижесі.

«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы № 135 Заңында «инновация» – бұл өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан маңызды болып табылатын, зияткерлік меншік объектісі болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі деген ұғым берілген [17].

Жоғарыда инновация теориясының дамуына үлкен үлес қосқан зерттеуші-ғалымдардың, яғни шетелдік экономистердің, ТМД елдері мен отандық зерттеушілердің пікірлерін қарастыра келе қысқаша қорытындыға келдік. Инновация ұғымын зерттеу барысында ғалымдар сан алуан пікірлер ұсынды. Көптеген зерттеуші ғалымдардың пайымдауларынша инновация бұрын-соңды болмаған жаңа өнім, жаңа қызмет, ғылыми жетістіктер өнімі немесе жетілдірілген өнімді жүзеге асыратын инновациялық қызметтің нәтижесі. Бірақ, инновацияның экономикалық мәнін зерттеуде бірқатар қайшылықтар туын-дайды. Мәселен, соның бірі – әлемде теңдесі жоқ жаңа өнім бола тұра, қоршаған орта мен адам өміріне қаупі болса, оны инновацияға жатқызуға бола ма?

Біздің пайымдауымызша, кез келген жаңа өнімді немесе қызметті, жаңа технология мен техниканы инновация деп қарастыру үшін қазіргі таңда оның тек рыноктық аспектісіне ғана емес, сапалы экономикалық дамуды, экологиялық, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндігі жағынан қарастыру керек. Себебі әлемдік экономика дамуының жаңа сатысында ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден-бір сара жолы инновациялық даму бағыты болып табылады.

Қазақстандық ғалымдардың пікірінше бәсекелік-жаһандық рыноктық қаты-настарға тән заңдылық, қозғаушы күш – ол әлі күнге дейін пайданы максимал-дауға деген ұмтылыс [2, 11 б.].

 

1991 жылғы Әлемдік банктің «Әлемнің дамуы туралы» баяндамасында: «Даму мақсаты… өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Өмір сүру сапасын жақсарту, әсіресе кедей елдерде, ең алдымен табысты өсіру. Ол өз қатарына жақсы білім алуды, тамақтануды, денсаулық сақтауды, кедейлік ауқымын төмендетуді, қоршаған ортаны сауықтыруды, мүмкіншіліктерді теңестіруді, жеке басының еркіндігінің кеңеюін және мәдени өмірге қанық өмір сүруді қосады», – делінген [19, 30 б.].

Ал американдық ғалым, профессор Дадли Сиирс даму мәнін қысқаша ғана сипаттайды: «Елдің дамып келе жатқандығын анықтау үшін алдымен келесідей сұрақтарға жауап алу қажет: елдегі кедейшілік қандай деңгейде? Жұмыссыздық деңгейі қалай өзгерді? Теңсіздік қаншалықты дәрежеде? Егер осы үш көрсеткіш алдыңғы деңгейімен салыстырғанда белгілі бір дәрежеде қысқартылса, онда мемлекет даму кезеңінде. Егер бірінші немесе екінші, тіпті үшінші көрсеткіштің жағдайы нашарлап кетсе, онда халықтың жан басына шаққандағы табысы екі есе өссе де, даму туралы сөз қозғаудың өзі күмәнді» [19, 30 б.].

Жоғарыда қарастырғандай, байлықтың болуы ол сапалы өмір сүрудің кепілі деген емес. Байлық адам дамуының негізгі аспектілеріне, яғни ұзақ әрі салауатты ғұмыр кешу, білім алу, жақсы өмір сүру үшін әртүрлі ресурстарға қол жеткізу және т.б. үшін алғышарттар жасауы мүмкін. Ал байлықты ең төменгі экономикалық шығындар жұмсау арқылы жасау адамдардың өмір сүруінің сапасын жақсартудың шарты болып табылады. [20, 24 б.]. Сондықтан да сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін инновациялық даму жолына түсу бірден-бір ұтымды үрдіс болып тұр.

Инновациялық даму теориясына зерттеу жүргізген Ресей экономистерінің бірі – И.Б. Гурков. Ол зерттеу жүргізу барысында инновациялық даму моделін ұсынды (2-сурет) [21, 24 б.].

 

 

2-сурет – Инновациялық даму моделі

 

И.Б. Гурков 2-суретте көрсетілген инновациялық дамудың негізгі ұғымдары арасындағы тұрақты байланыстың бар екендігін дәлелдеді. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырады және оның экономикалық жағдайын көтереді. Ол өз кезегінде инновациялық даму деңгейінің өсуіне әкеліп, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жаңа деңгейге көтереді.

Демек, біздің ойымызша, өзара тізбекті байланыс бір-біріне мультипликаторлық әсер беріп, кәсіпорынның жалпы экономикалық жағдайын жақсартады. Сонымен бірге, бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін де пайдалынылатын шикізатпен жабдықтаушы кәсіпорынға да талаптар жоғарылайды. Себебі, бәсекеге төзімді өнім шығару үшін де сапалы өңделген шикізат қажет.     

Қазақстандық профессор Н.С. Бұқтұқовтың қарастыруынша, «инновациялық даму бұл – ғылыми сыйымды өндіріс есебінен даму. Жаңа заманның ғылыми сыйымды өнімі, біріншіден, өнімнің өзіндік құнындағы интеллектуалды бөлігінің осы өнімді жасауға кеткен шығындар мен қызметтер құнынан басым болуы, екіншіден, ғылыми сыйымды өнімнің техникалық-экономикалық көрсеткіштері осыған ұқсас өнімдермен салыстырғанда бірнеше пайызға ғана емес, одан еселеп жоғары болуы. Басқаша айтқанда, басымды және алдыңғы қатарлы технологиялардың пайдаланылуы. Ендеше, жаһандану үдерісіндегі орнықты даму – бұл инновациялық даму» [22, 3 б.].

Соңғы кездері инновациялық даму туралы көптеген макро және микродеңгейдегі модельдер де қарастырылуда. Соның бірі американдық ғалым Ф. Янсеннің «Инновация дәуірі» атты еңбегінде зерттеген ТАМО моделі. Ол модельде инновациялық траектория келесідей тізбекпен сипатталған:

Т (жаңа технологиялар) → А (тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлері) → М (жаңа рыноктың қалыптасуы) → О (жаңа ұйымдастырушылық нысандарды енгізу).

Ф. Янсен өсу стратегиясын инновациялық даму барысында пайда болатын үдерістердің, яғни өзара ықпалдасатын байламдардың қалыптасуымен байланыстырады. Мысалы, «рынок үлесінің артуы» байламы → «ауқым арқылы үнемдеу» → «шығындарды төмендету» → компаниялардың құнының артуы. «Өзара ықпалдасатын байламдар» құнды жасау мен басқа да мүдделі тұлғаларды жақындастырады. Ол тізбектің құрамына: инновацияны енгізу → сату көлемін арттыру → акционерлер табысын арттыру → пайыздық қойылымды төмендету → инновациялық жобаларға инвестицияны өсіру → тағы да сату көлемін арттыру» жатады [23, 9 б].

Ресей экономистері Ф. Янсеннің ТАМО моделіне тағы бір элементті -әлеуметтік инновацияларды қосып, ТАМОS моделін ұсынды (3-сурет)
[21, 25 б.].

 

 

3-сурет – ТАМОS моделі

Қазіргі жағдайда әлеуметтік инновациялардың маңыздылығы аса зор, себебі, ол – халықтың әл-ауқатын жақсартудағы жиынтық сұранысты арттырудың маңызды алғышартының бірі. Ал, мұның өзі кез келген инновацияны жасап, өндіріске енгізудегі түпкі мақсат екендігі белгілі. Осы тектес тұжырымды қазақстандық ғалым, профессор Ә.Ә. Әбішевтың зерттеулерінен де байқауға болады. Оның пікірінше, жоғары технологиялық, индустриалық-рыноктық қоғамды қалыптастыру үшін индустиализация да, модернизация да қажет және бұл бірлікті бұзуға мүлдем болмайды. Олар бір-бірімен қатар жүріп, бірін-бірі толықтырады. Себебі кез келген технологиялық қатынастар өндіргіш және тұтынушылық күштердің диалектикалық бірлігі [24].

КСРО кезінде индустриализациялау үдерісіне көптеген мемлекеттік ресурстар жұмсалғанымен де, экономика мен қоғамды модернизациялаудың тиісті қадамдарымен бекімеді. Нақтырақ айтқанда, өндірісті дамыту мен өндіргіш күштерді қалыптастыру рыноктық тұтыну мен қоғамның тұтынушылық күштерін ынталандыру шараларымен бірлікте жүзеге асырылмады. Яғни халықтың тұтыну қабілеті төмен болды, олар жарқын болашақ үшін еңбек етуде бар күштерін салғанымен, соған сәйкес өмір сүру сапасы тиісті дәрежеде жақсы болды деп айта алмаймыз. Осы жерде Джон Мейнард Кейнстің 20 ғасырдың 30-жылдары әлемде орын алған «Ұлы тоқыраудан» шығу механизмдерінің бірі ретінде ұсынған тиімді сұраныс моделін ескере отырып, өндірісті қазіргі заманғы технологиялармен жабдықтап, индустриалық қоғамнан постиндустриалық қоғамға өту мақсатын алға қояр болсақ, тек қана өндіргіш күштерді бір жақты дамытуға ғана емес, тұтынушылық қабілеті жоғары қоғамды қалыптастыруға да көңіл бөлген жөн. Мұны Елбасының Қазақстанды экономикалық және әлеуметтік модернизациялауға бағыттауынан, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуда көшбасшы болуына ұмтылыс жасауынан да көруге болды.

Профессор Ә.Ә. Әбішевтың пайымдауынша, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан индустриалық-инновациялық даму стратегиясы мен қарқынды модернизациялау бағыты елді дамытудағы екі жеке бағыт та, міндет те емес. Олар түп негізінде бірін-бірі алға тартатын, бірегей даму бағыттары [24].

Әлемдік экономика дамуының жаңа сатысында ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден-бір сара жолы инновациялық даму бағыты болып табылады. Ал, инновациялық дамудың негізгі мақсаты – жаһандану үдерісі аясында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайту, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу арқылы халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту. Ендеше, инновациялық даму – бұл рынокта адамның өмір сүру сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретін жаңа тауарлар мен қызметтер ұсынысының артуы. Нақтырақ айтқанда, инновациялық даму – ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру негізінде қоғамның өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасайтын даму.

 

  • Инновацияның формалары мен түрлері

 

         Экономикалық  əдебиеттерде  инновацияның  көптеген  түрлерінен

технологиялық   жəне  технологиялық  емес  инновацияларға  айрықша  көңіл

бөлінеді.  Əлеуметтік  жаңалықтар,  басқару  формалары  мен  əдістерінде

болатын  өзгерістер  мен  тағы  басқаларды  техникалық  емес  инновацияға

жатқызамыз.  Ал  технологиялық  инновация-  жаңа  немесе  жақсартылған

тауарлар  мен  техникалық  процестерді  əзірлеу  мен  енгізу  болып  табылады.

        Инновацияны  жаңалықтардан  айыра  білу  тиіс,  өйткені  бұл  екеуі  мүлдем  əртүрлі  ұғым. Жаңалық-  бұл  тек  идея  немесе жаңа  технологиялық  процесс пен  жаңа  өнімнің  жобасы.  Алайда  ол  нарыққа  жетпегенше  инновация болмайды.Нарықтық  экономикада  ғылыми  зерттеулердің  тек 6-8%-ы  жаңа тауарға немесе процеске айналады.

         Ч.Фрименнің  жіктеуінше,  технологиялық  инновациялар  өнімдік  жəне

процестік  инновацияларға  айналуы  мүмкін.  Өнімдік  инновация  дегеніміз-

жаңа  материалдар  мен  жартылай  фабрикаттарды  пайдалана  отырып,  жаңа өнім  алу  немесе  технологиялық  жаңа  жəне  технологиялық  жетілдірілген өнімдерді  əзірлеу  жəне  енгізу  болып  табылады.Ал  процестік  инновацияға технологиялық  жаңа  немесе  өнімдерді  табыстау  əдістерін  қоса  технологиялық  едəуір жетілдірілген  өндірістік  əдістерді  əзірлеу жəне  енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік процесті ұйымдастырудың  жаңа  əдістерін  немесе  олардың  жиынтықтарын пайдалануда, сондай-ақ зерттеулер мен əзірлемелер нəтижелерін пайдалануда  негізделуі  мүмкін.  Əдетте  мұндай  инновациялар  өндірістің  тиімділігін арттыруға  немесе  кəсіпорындарда  бар  өнімдерді  табыстауға  бағытталған, бірақ  сондай-ақ  кəдімгі  өндірістік  тəсілдерді  пайдалана  отырып  өндіруге немесе  жеткізуге  келмейтін  технологиялық  жаңа  немесе  жетілдірілген өнімдерді  өндіруге  немесе  жеткізуге  арналуы  мүмкін.  Өнеркəсіпте технологиялық  инновацияға  мынадай  өзгерістер  жатпайды:  өнімдердегі (түсінде,  сəнінде  жəне  т.б.)  эстетикалық  өзгерістер;  оның  конструкциялық орындалуын  өзгеріссіз  қалдыратын,  осы  немесе  басқа  өнімнің  параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі əсер етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің  сыртқы  өзгерісі,  сондай-ақ  оған  енетін  материалдар  мен компоненттер. Сонымен  қатар  инновациялар  өнімнің  маңыздылығы  мен  қызмет  ету сфераларына  байланысты:  салааралық,  салаішілік,  кəсіпорын  ішіндегі инновация деп бөлінеді.    

     Салааралық  ішіндегі  инновация-  екі  немесе  одан  да  көп  сала

арасындағы байланыстың нəтижесінен пайда болған инновация.

     Салаішілік инновация- белгілі бір сала ішінде ашылған жаңалық.

 Кəсіпорын  ішіндегі  инновация-  кəсіпорын  ішіндегі  инновациялық

жаңалық, яғни кəсіпорын жұмысының сапасына тиімді əсер ететін  фактор.

     Атақты  экономист  Г.Менш  инновациялардың 4  категориясын

көрсетеді: 

1) Базистік инновациялар.Мұндай инновациялар көмегімен нарыққа бұрын    болмаған жаңа  тауарлар, қызметтер, машиналар,  технологиялар келеді.Олар

күрделі  ғылыми  зерттеулерді  жəне  аса  ірі  сомадағы  капитал  салымдарын

қажет етеді.

2) Жақсартылған инновациялар. Мұндай инновациялар нарықта бір тауарлар

мен қызметтердің белгілі бір қасиеттерін немесе параметрлерін жетілдіруге 

бағытталған.                                                                                                                     

3) Кешенді инновациялар. Мұндай инновациялар əлемдік тəжірибеден өткен 

жəне  екі  немесе  одан  да  көп  саланың  жиынтығынан  немесе  бірлесуінен

қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады.

4)  Радикалды  инновация. Мұндай  инновациялар  қоғамда  жаңа  салалардың

немесе ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді [6].

    Инновацияның  дамуына  қозғаушы  күш  нарықтық  бəсекелестік  болып

табылады.Бұл  жердегі  инновациялық  өнім  дегеніміз-түрлі  дəрежеде

технологялық өзгерістерге ұшыраған өнім.Ол мына бұйымдарды қамтиды:

1)жаңа (қайта енгізілген)- радикалдық өнімдік инновация;

2) жетілдірілген бұйымдар;

3)жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген əдістерінде құрылған 

бұйымдар- өзге де  инновациялық өнімдер [1].

Инновацияны  зерттеушілер  жаңа  өнімнің «өмірге  келу»  процесін 7

элементке жіктеп көрсетеді:

  1. Инновациялық идеяның тууы.
  2. Жаңа өнімді шығару.
  3. Өнімді өткізу нарығын анықтау.
  4. Сұранысты анықтау.
  5. Өнімді жарнамалау.
  6. Сату процесін ұйымдастыру.
  7. Өнімді өткізу.

   Сонымен  қатар,  инновациялық  өнімді  нарықтық жағдайда  өткізу  көлемін

арттыру,  оған  деген  сұранысты  жоғарылату  мақсатында  тауарлардың

бағасын  төмендету,  тұтынушыларға  қосымша  сыйлықтар  ұсыну  сияқты   жанама тəсілдерді қолданылады. Белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін-өзі өтеген

инновациялық өнім ескіріп кетпеу үшін оны келесі нарыққа немесе аймаққа

ауыстыру қажеттілігі туындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары                                мен мәселелері

 

2.1 Үдемелі индустриялы-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясындағы өтпелі шарттары

 

            Біздің еліміздің болашағы оның интеллектуалды қоры,  ғылым және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылыми жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін  жақсартуға қабілетті. Сондықтанда,  ғылымға және ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

            Ғылыми-техникалық әлеует кез-келген мемлекеттің  ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық даму, көркеюдің негізгі жолы негізгі жолы – ғылыми-техникалық және инновациялық салада көшбасы болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құрылуына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен  бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан бүкіл дүние жүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласына қолдау жасап, тиімді саясат жүргізіп отырады. Өйткені мемлекет ғылыми-техникалық және инновациялық саясат – ғылыми-техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру  жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Ал бұл бүкіл  адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі басты мақсаты. Қазір Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық зерттеулері мен  инновациялық саласы дағдарыстық жағдайда. Бірақ сол қиындықтарға қарамастан Қазақстан кәсіпкерлері шет ел жаңалықтары мен ғылыми-техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғарғы қарқынмен  қызметтеріне енгізіп келеді. Әрине  бұл инновациялар халықаралық технологиялық деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми-техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күн жаңалықтары. Сондықтан да  шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар өз ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетіміздің дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек.

     Инновациялық прогрестің инновациялық саясатпен тікелей байланысты екендігі ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда, инновациялық прогресті жаңа жағдайда мемлекеттік реттеу былай түсіндіріледі:

 — ірі инновациялық жобаларды іске асыруда белгілі бір уақытта кәсіпорын өзін-өзі  қаржыландыра алмаса, оған мемлекет тарапынан құрылған орталықтың көмегі керек болады. Бұл өз кезегінде ғылыми ізденістің тәуекелшілік элементтерімен байланысын көрсетеді;

 — Мемлекеттік үйлестірушілік қызметін керек ететін және технологиялық жүйелердің мызғымастығын анықтайтын кешенді өндірісті білдіретін, өнеркәсіптің тиімділігін арттыратын және технологиялық жылжушылыққа әкелетін ғылым мен техниканың жетістігін жариялайтын жеке басылымдар шығарылуы керек;

 — Ірі зерттеулерді ұйымдастыру және оларды қоғамның денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылым салаларын қолдану, сонымен қатар мемлекеттік деңгейде тәжірибеден өткізу мүмкіндігін қарастыру.

     Инновациялық саясаттың басты ерекшелігі – оның әрдайым мемлекет назарында болуы.  Қызықтысы ғылым мен техника нарық жағдайында басқа салалар сияқты өз алдына дербес дами беруге кейде қабілетсіз болып келеді. Алайда ғылым жеке меншік өндіріске жұмыс істеген жағдайда, оның нарықтық сұраныс пен ұсыныс заңдылығы арқылы даму мүмкіндігі жоғары екендігі сөзсіз. Мұны қазіргі күні АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдердің тәжірибелері толықтай дәлелдеп отыр. Ғылыми-техникалық саясаттың жетістіктері индустриалды қоғамды әрі қарай дамытуға жол көрсетеді.

     Инновациялық саясатты жүзеге асыру барысында  өндіріс өнімінің көлемін ұлғайту тұрғысында сападан алшақтамау бірінші кезектегі  мәселе болары сөзсіз. Тек шикізат орталығымен ғана шектеліп қоймай, «өндірістен — өндіріске» қағидасын ұстаған абзал дейді зерттеушілер. Мұның мәні – шикізат өндіре отырып одан дайын өнім шығаруға ұмтылу. «Өндірістен — өндіріске» қағидасы бүгінгі күні Қазақстан үшін ең қажетті қағидалардың бірі болып отыр. Бұл қағида өндірісте шығынды жағы өте жоғары әрі сапасыз артық өнім шығарудан сақтандырады. Осындай адамзат үшін өте тиімді және оңтайлы болып отырған инновациялық саясаттың негізгі бағыттары төмендегідей болып келеді:

 — жоғары бәсекелестікке ұмтылған, шығыны аз, керісінше,  пайдаланатын ресурстарды  қолданудың сапалы, жаңа деңгейін қалыптастыру. Ресурстарды үнемдеу арқылы өндіріс өзінің өсімін көбейтеді. Еліміздегі энергетикалық, материалдық және қазба байлықтары баршылық. Ресурстарды үнемдеудің нәтижесі ретінде халық шаруашылығының құрылымдарындағы ішкі саудада қазба байлықтарының үлес салмағы кеміп, керісінше, оларды өңдейтін өндіріс орындарының мөлшері артуы қажет;

 — елдердің техникалық артта қалуын тоқтатып, жаңа технологияларға қол жеткізу. Арнайы техникалардың сапасының әлсіздігінен инженерлік басқару технологияларының заман талабына сәйкес болмауы дамуды біршама тежейді. Енді осы саланы инновациялау керек. Бәсекелестікке ұмтылған әрбір мемлекет саясаты технологияларды игеруді басты міндет деп санайды.;

 — өнім өндірмейтін салалардағы құрылымдық алға жылжу, яғни технологиялық негізде қамтамасыз ету;

 — мемлекеттің қатысуымен маманданған венчурлік қорлар құру және венчурлік капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;

 — инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау нысандары мен әдістерін әзірлеу;

 — инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық, салалық және  өңірлік сипаттағы маманданған субъектілерін құруға енетін инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;

 — инновациялық сала үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау;

 — өнеркәсіптің базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптастыру.

Елiмiздегi инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету 1-шi суреттегi жүйе бойынша iске асады. (Сурет 1)  / 4, 56 б. /

1-шi сурет бойынша инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау үшiн ең бiрiншi құқықтық нысандары елiмiзде жоғарыдағы стратегия бойынша орындалуда. Ал мемлекеттiк қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшiн оған көп мөлшерде қаржы керек. Осы мәселе қазiр елiмiзде күрделi мәселенiң бiрi болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негiзделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкi, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 —  Инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету

 

 

Жапонияда инновацияларға II дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады.Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрайды. /7/

Инновациялар саласындағы мемлекеттің 2 қызметін атауға болады

                                                 Мемлекет

 

 

 

Құқықтық- нормативтік жағынан                             Бюджеттен немесе басқа  

қамтамасыз етеді                                                     көздерден қаржыландырады

 

Ал мемелекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-н құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52%- ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді сәйкестендіру болып табылады.

Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдері алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі индустриалды-инновациялық процестерді басқару негізінде тұрақты экономикалық өсуге жету. Ертеректе, технологиялық инновациялар кез­-келген ұлттық экономикаға тән және автиматикалық режимде жүретін табиғи процесс деп қарастырылатын.

    Казір бәсеге потенциалды қабілеті бар, соның ішінде экспортқа бағытталған, шикізаттық емес, бағыттағы экономика салаларында жүзеге асатын өндірістер Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық саясаттың негізгі басымдықтары болып келеді. Ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту үшін жағдайлар жасауға ерекше назар аудару керек.

     Экономиканы модернизациялау мен диверсификациялау негізінде елдің тұрақты дамуын, өнімнің бәсекеге қабілетті түрлерін өндіру мен экспорттың өсуіне жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында 17 мамыр 2003 жылы Елбасы 2003-2015 жылдарында Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясына қол қойды. Аталған Стратегияны экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі индустрия мен сауда, білім мен ғылым, көлік пен коммуникация, еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау, энергетика мен минералды ресурстар, Қазақстан Руспубликасының қаржы Министрліктері мен табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігімен, Ұлттық банкпен бірлесе отырып жасады.

     Стратегияның басты мақсаты – шикізаттық бағыттамадан алшақтауға мүмкіндік беретін, экономика салаларын диверсификациялау жолымен тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда қызметті-технологиялық экономикаға көшу үшін жағдайларды дайындау. /6-49-51/

     Өңдеу өнеркәсібінде орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерінде қамтамасыз ету,2015 жылғы еңбек өнімділігін 2000 жылмен салыстырғанда кем дегенде 3 есе көбейтіп және ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2 есе кеміту, өңдеу өнеркәсібінде негізгі қорлардың өнімділігін көтеру, жеке секторды ынталандыратын және бәсекелес артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын дайындау және кәсіпкерлік климатты жасау, ғылыми сыйымды және экспортқа бағытталған жоғары технологиялық өндірісті қалыптастыруды  ынталандыру, сапаның әлемдік стандарттарына көшу  және әлемдік пен аймақтық экономикамен интеграцияны дамыту Стратегияның басты міндеттері болып табылады.      

Стратегияны іске асыру мерзімі 3 кезеңге бөлінген:        

— 1-ші кезең (2003-2005жж.), мұнда Стратегияны іске асыру бойынша дайындық сипатындағы жұмыстарды жүргізу көзделген. Бұл кезеңде салық салу механизмін жеңілдету бойынша қазіргі ҚР заңшығарушылық актілеріне  толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы, Казақстанның Метрикалық конвенциясына қосылу мен Халықаралық электротехникалық комиссияға ену көзделіп отыр. Ғылымды, білімді дамыту және кәсіби кадрларды даярлау бойынша реформаларды жүргізу, оларды индустриалды-инновациялық дамуға бағыттау, стандартизация мен сертификацияны жетілдіру мен Қазақстанның ХТМ ену үрдісін аяқтау көзделген

—  2-ші кезең (2006-2010жж.), бұл кезең экономиканың барлық салаларында Стратегияны іске асыру бойынша іс-шараларды белснеді жүргізумен сипатталады. Ғылыми-инновациялық құрылым қалыптасады. Жеке сектордың қаржы ресурстары бір бағытта жұмыс істеп, инфрақұрылым кәсіпорындарды ұлғайту, қайта құру мен жаңа өндіріс салу мәселелерін кешенді шешеді. Экономиканың диверсификациялау саласындағы прогреске қарағанда, экономиканың дамуы мұнай мен газды өндіру мен экспорттау арқасында орын алады.

—  3-ші кезең (2011-2015жж.) Стратегияны іске қосудағы ең өнімді кезең болмақ. Бұл кезеңде жаңа аялар мен нарықтарды енгізілген қуаттарды игеру мен Қосылған құн тізбегінің дамуы орын алады. Тауар мен кызмет өндірісі мен экспортының өсуі мен темпі мұнай мен газ өндірісінің өсуін озады. Экономика мен экспорт құрылымының диверсификациясы пайда болады.

 Стратегияның орындалуы оны іске асыру бойынша шаралар жоспарының көмегімен жүргізіледі, олар үш жылдық мерзімге Қазақстан Республикасының Үкіметімен әзірленіп бекітіледі. /6-49-51/

Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының сәтті іске асуы ел экономикасының диверсификация, модернизация  және өнімнің бәсекелес түрінің өндірісі мен экспорт өсуіне жағдай жасау негізінде ұзақ мерзімді тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.

Индустриалды-инновациялық саясаттың белсенді жүргізілуі ел экономикасына мынадай өзгерістерді көздеп отыр. (1-кесте)

Әлемдік экономиканың ғаламдану тұрғысынан Қазақстан экономикасы бірнеше проблемалармен ұштасады. Негізгі проблемаларға: шикізаттық бағыттама, әлемдік экономикамен төмен деңгейде интеграциялану, ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының төмендігі, ел ішінде салааралық мен аймақаралық экономиканың интерграцияның төмендігі, ғылым мен өндірістің арасында әрекеттің болмауы жатады.

 

Кесте 1-Индустриалды-инновациялық саясатты жүргізуді ескере отырып, ЖІӨ динамикасының болжамы

 

Көрсеткіштер

Физикалық көлемінің орта жылдық өсуі

Млрд.теңге,2000 ж.бағасы бойынша

 

2001-2005жж

 2006-2011жж

2011-2015жж

2005

2010

2015

ЖІӨ

7,5

9,5

10,3

3592,7

5660,1

9233,3

Өнеркәсіп

10,0

9,8

9,0

10,3

1044,4

1668,8

Тау-кен өнеркәсібі

10,2

13,3

8,4

434,1

810,4

1213,0

Мұнай өндіру

11,6

14,2

8,6

383,7

745,2

1125,7

Басқа тау-кен салалар 

7,0

7

7

50,4

90,6

121,3

Өңдеу өнеркәсібі

8,6

6,9

9,8

523,9

731,4

1167,2

Металлургия мен металл өңдеу

4,4

6,1

6,9

172,6

232,0

323,9

Ауыл шаруашылық өнімдерді өңдеу

9,3

10

10

206,6

332,8

535,9

Химиялық өнеркәсіп

21,3

7

10

16,0

22,5

36,2

Машина жасау

8,1

3,5

15

26,4

31,4

63,2

Ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық

2,0

45

55

2,2

14,2

123,6

Басқа салалар

8,1

6,2

6,1

100,0

98,5

81,4

Электр қуатын,газ,мұнай өндіру мен бөлу

3,4

8

7,5

86,4

127,0

182,3

Ауыл шаруашылығы

4,8

5

5

266,6

340,3

434,3

Құрылыс

16,0

20

20

282,7

703,4

1750,4

Тауар өндірісі

9,7

11,2

11,8

1593,8

2712,6

4747,3

Қызмет өндірісі

7,4

8,0

9,0

1791,4

2631,4

4054,9

Көлік қызметі

8,5

9,5

10

391,2

615,9

991,8

Байланыс қызметі

10,5

9

10

63,2

97,2

156,6

Сауда қызметі

8,6

9

9

488,7

751,9

1156,8

Білім беру қызметі

5,5

8

9

143,8

211,2

325,0

Ғылым мен ғылымиинновациялық қызмет

4,0

12

25

29,2

51,5

157.0

Басқа қызметтер

6,2

6

7

675,4

903,8

1267,7

Қаржылық делдалдық

 қызметтер

 

 

 

-23,7

-23,7

-23,7

 

 

Стратегия елде ғылым мен инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми инновациялық саясат жүргізуді жөн көріп отыр. Қойған мақсаттарға жету қаржы нарығын әрі қарай дамыту мен фискалды, білім беру монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясаттарды жетілдіру қарастырылған. Стандарттандыру саясаты шеңберінде экономика мен бесқарудың барлық салаларында әлемдік стандарттарға көшу көзделген.    

Cтратегияны сәтті жүзеге асыру адами, өндірістік және табиғи капиталды тиімді қолдануға, экономиканың тұрақты өсуіне алып келетін, сапалық өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. /7-11-13/

Экономикалық ғылымдар және экономикалық даму тәжiрибесi көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиiмдi модернизациялауды қамтамасыз етедi. Бұл әсiресе Қ.Р-сы үшiн өте маңызды, өйткенi 1991 жылдан бастап елiмiзде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндiрiстiң техникалық деңгейi құлдырады, ғылыми өнiмдердiң шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциялымыз қысқарып кеттi, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелiмiн жойылды, елiмiз өзiнiң iшкi сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды.  Осының салдарынан ЖIӨ көлемi де 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейiн азайды.

Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына кемiнде 8,8-9,2 % қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемi шамамен 3,5-3,8 есе өседi. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсiбiнде орта жылдық өсу қарқыны 8-8,4 % дейiн, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы жұмыс өнiмдiлiгiнiң өсiмi кемiнде 3 есе және ЖIӨ энергияны тұтынуы-2 eceгe төмендейдi. /5/

Бiрақ та бiздiң экономикалық өсуiмiз толықтай шикiзат түрiнде болып отыр, ал бұл әлемдiк тәжiрибе бойынша ел экономикасына тиiмсiз. Ол өзiмен бiрге көптеген шығындарды ала келедi, әсiресе жергiлiктi экологиялық мәселелердi туғызады және көп мөлшердi жымысшы күшiн қажет етедi. Әлемдегi дамыған елдердiң барлығы шикiзатты және өндiрiстi экономикадан толық құтылып, сервистiк-технологиялық экономикаға көшiп отыр. Шикiзат және өндiрiстiк экономика дамушы және даму жағынан артта қалған елдерге өтуде.

Елбасымыздың жолдауы бойынша Қазақстан әлемдегi алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы керек. Ендi осы мақсатты жүзеге асыру үшiн индустриялы-инноваиялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикға  өту үшiн 2003-2015 жылға арналған стратегиялық жоспар жасалды /10/.

Стратегияны iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi. Стратегияны iске асыру:

ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту;

ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру;

ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады);

 Стратегияны iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6% салыстырғанда мұнай өндiру — 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi.

Өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия және металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %-тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11%-тi құрайды.

Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы және зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды.

Сонымен қатар елiмiзде  ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы бөлу өте аз, оның көлемi  0,9% құрап отыр. Ал индустриалы-инновациялы саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесi 0,6%-ға дейiн кемидi екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖIӨ-нен бөлiнетiн қаржы 1,7%-ға дейiн өсудi жоспарлап отыр.

Егер мұны дамыған елдермен салыстырсақ ғылымға бөлiнетiн қаржы Францияда 45%, АҚШ пен Германияда – 36%, Жапонияда – 20% құрап отыр.

Елiмiзде стратегия жүзеге аспағандағы және асқандағы ЖIӨ-нiң құрылымының болжамы ( % ), ( Сурет 2 ).   / 8,  95-100 б. / 

 

 

Сурет 2 — Инновациялық қызметке бөлiнетiн ЖIӨ көлемiнiң стратегияны жүзеге асырғанда және оны жүзеге асырмағандағы үлесi. (%)

 

 

 

2.2 Инновациялық дамудың басты басым бағыттары

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ағымдағы жылдың мамыр айында «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының 12 съезінде Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі серпінді даму жоспарының негізгі қағидаларын ұсынып, 2010 жылдан бастап Қазақстанда бес жылдық инновациялық индустриализациялаудың бастау алатынын атап айтты. Сонымен қатар аса зер салуды қажет ететін маңызды жеті бағытты атады. Оның ішінде агроөнеркәсіп кешені және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді; құры-лыс индустриясы мен құрылыс материалдарының өндірісін; мұнай өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымын; металлургия және дайын металл өнім-дерінің өндірісін; химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібін; энергетика саласын; көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту көзделген [60].

Қазіргі таңда әлемдік экономикада аса маңызды үш инновациялық бағыт қалыптасуда. Олар информатика, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау. Бұл аталған салалардың әрқайсысы, сарапшылардың бағалауы бойынша, ХХІ ғ. экономикалық дамудың басты көзіне айналады.

Осы бағыттағы жобаларды, жаңа технологияларды жүзеге асырудың мультипликаторлық әсері мен оның қоғам өмірінің барлық салаларына тигізетін әсері жоғары. Себебі, осы салалардың жоғары тұтыну сұранысына және қолданбалы, іргелі зерттеулерді жүргізу үшін мүмкіндіктері мол.

Аталған салаларды жеткілікті дәрежеде дамыту экономикалық өсудің негізі — адамның өмір сүру сапасын жақсарту мәселелесін шешудің сара жолы. Олай болса, денсаулық сақтауды қазіргі «жоғары технологиялық» қоғамдағы экономикалық өсуді «жеделдеткіштердің» бірі ретінде қарастыруға болады. Денсаулық сақтау саласы маңызды деген бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі. Біріншіден, демографиялық жағдайды. Егер Қазақстанның демографиялық мәселесін (адам өлімінің туылуға қарағанда жоғары болуы, адам өмірінің қысқалығы) қазірден бастап қолға алмаса, ертеңгі күні жұмысқа қабілетті жұмыс күшіне деген тапшылық туындайды.

Денсаулық сақтау саласының маңыздылығының артуы экономиканың негізі — тұрақты төлем қабілеті бар сұранысты қалпында ұстаумен байланысты. Төлем қабілеті бар сұраныстың болуы — зейнетақының, сақтандыру қорларындағы қаражаттардың тұрақты дәрежеде болуының кепілі. Денсаулық сақтау бірқатар мамандандырылған материалдық өндіріс салаларына, ғылым және білім инфрақұрылымына иек артады. Бұл саланы жеке сектор да, мемлекет те, тұтынушы халық та қаржыландырады. АҚШ-та денсаулық сақтау осыдан 30 жыл бұрын мемлекеттің басым саласы ретінде қарастырылмаған болса, қазіргі таңда бұл салаға бөлінетін қаражат ғарыш саласының жалпы ғылыми бюджетінен асып түсіп, іргелі зерттеулері бойынша ғарыш және қорғаныс салаларынан да басым болып отыр. Ғалымдардың айтуы бойынша, келешекте дамыған елдерде денсаулық сақтау мәселесіне бағытталған инновациялар қарқынды өсе береді.

Ал, қоршаған ортаны қорғау мәселесінің шиеленісуі сапалы экономикалық өсу концепциясын қалыптастыруда қиындықтар туғызады. Бүгінгі таңда экономикада орнықты дамуға өту және инновациялық үдерістерді ынталандыру сияқты екі ірі ғылыми-қолданбалы мәселелер өзекті тақырыпқа айналды. Бірінші мәселенің туындау себебі, бір жағынан, экологиялық шиеленістердің үдеуі, табиғи ресурстардың сарқылу проблемаларына қатысты болса, екінші жағынан, осы аталған проблемаларды шешудің теориялық және тәжірибелік деңгейде нақты әдістерінің, тәсілдерінің болмауы.

Экологиялық зардаптарды жою, қоршаған ортаны ластаудан қорғау талаптарының жылдан жылға қатаң қадағалануы энергетика, биотехнология, химия, нанотехнология сияқты ғылыми бағыттардың қалыптасуын, дамуын жеделдетті. Осы бағыттарды дамыту барысында экономиканы диверсификациялау және модернизациялау мүмкіндіктері кеңейетін болады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің студенттеріне оқыған дәрісінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев былай деді: «Біз жаңа ғасырдың талаптарына тез бейімделуіміз және қатал бәсекелестікке әзір болуымыз керек. Қазақстанның әлем рыногында негізгі бәсекелестік басымдылығы жоғары, білікті, жинақы адамдық капитал, сондай-ақ ұдайы жаңашылдықты енгізу болып табылады» [58]. Бұл қоғамның тұрақты ұстанымы болса керек.

Экономиканың басым бағыттарына дұрыс таңдау жасау оңай іс емес. Іріктелген басым бағыттар қазіргі технологиялық укладтардың қалыптасуына және келесі укладтың құрылуына негіз болып, ортақ экономикалық кеңістікті, іскерлік белсенділікті дамыту жағдайларын жақсартуы керек. Сонымен қатар өндірістің сыртқы және ішкі бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырып, жұмыспен қамтуды арттыру, нақты жалақыны көбейту және мамандардың біліктілігін жоғарылату сияқты әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпалын тигізуі қажет.

Қазақстанның технологиялық болашағы туралы сөз қозғаған кезде, оның жаҺандану аясында технологиялық дамудың барлық бағытында бірден көшбасшы болады деген қате пікірден арылып, оның әлемдік ғылым мен технологиялар рыногында халықаралық әріптестік және еңбек бөлінісі қағидасын ұстана отырып, өз орнын табуына әрекет жасауымыз тиіс.

Бәсекелік артықшылықтарына сүйене отырып, инвестиция салуда ұлттық экономиканың ең тиімді басым салаларына инвестиция тартудың маңызы зор. Үкіметтің 2007-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, өнеркәсіптік саясат тек жоғары технологиялық өндірісті дамытуға ғана емес, сонымен қатар жүйелі өндірісті және республиканың жекелеген аймақтарында индустриалық-инновациялық парктер қалыптастыруға бағытталған. Өйткені, Қазақстан эконо-микасының барлық салаларындағы ұдайы өндірістік мәселелер ауқымын толық қамтуға мемлекеттің мүмкіндіктері жеткіліксіз. Сол себепті орнықты экономи-калық дамуға қол жеткізу мақсатында ұлттық экономиканың барлық салала-рына қозғаушы күш болатын және мультипликаторлық әсері басым экономи-калық өсу нүктелері мен негізгі бағыттарын дамыту аса маңызды. Зерттеуші ғалым Қ. Берентаевтың пікірі бойынша, мемлекеттің тікелей қолдау объектісін, басым бағытын анықтау үшін ең алдымен келесі ерекшеліктерге зер салған жөн:

  • ішкі және сыртқы рынокта тауарлардың белгілі бір түрлеріне деген төлем қабілетті сұраныстың өсуін қамтамасыз ету келешегінің болуы;
  • бәсекелік артықшылықтарға ие болуы;
  • келешекте ұдайы өндірістік үдерісті өз бетінше қаржыландыруды қамтамасыз ете алу жағдайының болуы;
  • экономиканың басқа да секторларының немесе ұлттық шаруашылықтың тұтастай дамуына мультипликаторлық әсерінің бар болуы.

Қазақстан экономикасының барлық салаларында туындап отырған мәселелердің көптігіне байланысты, оның кез келген саласын басым бағыт ретінде ұсынуға болады.

«Қазақстан-2030» Стратегиясында, ҚР 2003-2015 жылдарға арналған индустриалық-инновациялық даму бағдарламасында және Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында жоғарыда аталған ерекшеліктерге сәйкес мультипликаторлық әсері басым салалардың экономиканы әртараптандыруға негіз болатын, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге септігін тигізетін және бәсекелік артықшылыққа да ие болатын басым бағыттар анықталған. Мысалы, «Қазақстан-2030» Стратегиясында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өсуге қол жеткізу, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, инфрақұрылымды дамыту, азаматтардың білім деңгейін көтеру, олардың денсаулықтарын қорғау, кәсіби мемлекет құру сияқты стратегиялық бағыттары белгіанленген [61].

Әлемде «үлкен жетілік» елдерінің үлесіне ғылыми сыйымды өнімдердің 80–90 пайызы және оның бүкіл экспорты тиесілі. Жалпы әлемде
50 макротехнология бар деп есептелінеді. Оған белгілі бір өнімді жасауға қажетті барлық технологиялық үдерістердің (ҒЗТКЖ, өндірісті даярлау, жобаны сервистік қолдау) жиынтығы жатады.

Бүгінгі таңда әлемнің өнеркәсібі дамыған елдері ресурстарын макротехнологияларға құюда. Себебі, 10-15 жыл ішінде олардан түсетін табыс, болжам бойынша, аса жоғары болады деп күтілуде. Мысалы, 1996 жылы барлық макротехнологиялар сомасы 22,6 млрд. АҚШ долларын құраса, алдын ала болжауға байланысты 1996 жылмен салыстырғанда 2010 жылы ол 4,1 есеге, ал 2015 жылы 13,3 есеге артады деп жоспарлануда (6-кесте).

 

 

 

 

 

 

6-кесте – Макротехнолиялардың әлемдік рыногының болжамдық көрсеткіштері

 

млрд. АҚШ долл.

Технологиялар
Жылдар

1

2

3

4

 

1996

2010

2015

Авиациялық

4,0

18-22

28

Ғарыштық

0,9

4

8

Ядролық

0,6

6

10

Кеме жасау

0,4

4

10

Автомобиль жасау

0,2

2

6-8

Көліктік машина жасау

0,6

4

8-12

Химиялық машина жасау

0,6

3

8-10

Жаңа материалдар

7

12

14-18

Мұнай өндіру және өңдеу

6,4

8

14-22

Газ өндіру және оны тасымалдау

0,6

7

21-28

Энергетикалық машина жасау

0,5

4

12-14

Микро және радиоэлектроникалық

0,05

4

7-9

Компьютерлік және ақпараттық

0,05

4,6

7,8

Коммуникация және байланыс

0,2

3,8

12

Биотехнология

0,4

6

10

БАРЛЫҒЫ

22,6

90,4-94,4

175,8-206,8

Ескерту – [62]

 

Бүгінгі таңда ғылыми сыйымды өнімдердің әлемдік рыногының көлемі 2300 млрд. АҚШ долларын құрайды. Олардың 700 млрд. АҚШ доллары АҚШтың, 530 млрд.-Германияның, 400 млрд.-Жапонияның үлесіне тиесілі [58].

Қазақстанның машина жасау, металл өңдеу салаларындағы күш-қуаттың және бай шикізат қорының, жоғары білікті мамандардың бар болуының және қолайлы геосаяси мүдделерінің арқасында республикада макротехнология (ядролық энергетика, ғарыштық технология, энергетикалық машина жасау, металлургия, кеме жасау) саласында бірқатар ұлттық басымдықтарды қалыптастыруға болады. Егер осы салалар байыпты дамитын болса, онда Қазақстанның әлемдік ғылыми сыйымды өнімдер рыногында беделін бәсекелік сапа, баға, сервистік қызмет көрсету арқылы арттыру мүмкіндігі туындайды.

Біз төменде 2004-2005 жылдары Ғылым қорының гранттары бойынша байқауға ұсынылған жобаларды көрсетпекпіз (7-кесте).

 

 

 

 

 

7-кесте – 2004–2005 жылдары Ғылым қорына байқауға ұсынылған жобалар

 

Басым бағыттар

2004 ж.

2005 ж.

Мұнайхимия, химия және жаңа материалдар

84

117

Жаңа техника, жабдықтар және технологиялар

52

107

Биотехнология

26

76

Қоғамның әлеуметтік-экономиклық және рухани-өнегелілік дамуын ғылыми қамтамасыз ету

12

75

Металлургия және тау-кен ісі

45

71

Ақпараттық және ғарыштық технологиялар

35

61

Материалдарды өңдеу

10

19

Келіп түскен барлық ұсыныстар

264

526

Ескерту – Ғылым қорының мәліметтеріне сүйене отырып құрастырылды.

 

7-кестеден 2005 жылы Ғылым қорының гранттары бойынша байқауға тапсырыс берілген жобалардың ішінде мұнайхимия, химия және жаңа материалдар бағытында 117 жоба ұсынылған, ол 2004 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге, ал жаңа техника, жабдықтар және технологиялар тиісінше – 107 және 2,1 есеге, биотехнология – 76 және 2,9 есеге артқанын көруге болады.

Біздің пайымдауымыз бойынша, жоғарыда анықталған басым бағыттармен қатар өнеркәсiптi жаңғыртудың басым бағыттарының бірі ретінде елдің отын-энергетикалық кешенінiң (ОЭК) және экономиканың басқа да базалық салаларының инвестициялық және өндiрiстiк әлуетiн тиімді пайдалануды да қарастырған дұрыс. Себебі, Қазақстанның отын-энергетикалық кешені – ұлттық экономиканың ірі салаларының бірі. Қазақстанның ірі тау-кен металлургиялық компаниялары Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциация, «Миттал Стил Теміртау», «Қазақмыс» АҚ, «Қазцинк» АҚ, Өндіру, байыту және металлургиялық өңдеу бойынша кәсіпорын, энерго және жылу өңдейтін кәсіпорындар, маркетингтік, қаржылық, өткізу, сыртқы экономикалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар инфрақұрылымға ие. Қазақстанның металлургия саласында бірқатар жетілдіру шараларын қажет ететін мәселелер бар. Мысалы, елдің минералды шикізат қоры көп болғанымен, руданың құрамы жағынан, сонымен қатар оларды тасымалдау шектеулілігіне байланысты жағдайлар бәсекеге қабілеттілікті көтеруге кері әсер етуі мүмкін. Түсті және сирек кездесетін металлдарды өндіру технологиясы қазіргі экологиялық, экономикалық, минералды шикізатты кешенді пайдаланудың топтарына толық сәйкес келмейді. Металлургиялық зауыттардағы қолданыстағы технологиялар газ тектес зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы және улы қалдықтардың көп мөлшерде болуымен сипатталады. Сонымен қатар улы қалдықтар шлак, шлам түріндегі өнеркәсіптік өнімдер зауыттар маңында жылдан жылға жинақталуда. Дамыған елдерде жыл сайын пайда болатын қалдықтар мөлшері жан басына шаққанда 15 тоннаны құрайды. Ал шикізатты бағыттағы экономикасы бар елдердегі қалдықтар 100 тоннаға дейін барады. Қазақстанда бұл сандар 60 тонна мөлшерінде. Жалпы республикада 20 млрд. тоннадан астам қалдық көмілген, оның ішінде 230 млн. тоннасы радиоактивті болып табылады [38].

Ол үшін, біздің ойымызша, дәстүрлі технологияның орнын тиімді жоғары, экологиялық таза, қалдықсыз технологиялармен алмастыруға бағытталған зерттеулерді көбейтіп, минералды және ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеу және қайта өңдеу үдерісін тереңдетуді, металлургияда түпкі пайдалануды игеруді, мұнай және газды терең өңдеуді, қалдықтарды жою және қайталама шикізатты қолдану мәселелерін шешу қажет.

Экономикада жоғары технологиялық салалар мен өндірісті дамыту негізінде инновациялық-технологиялық және құрылымдық өзгертулерсіз, әсіресе, минералды-шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды қайта өңдеу сфераларындағы жаңғыртуларсыз республика дамыған елдерге шикізаттық қосалқы болып қалуы әбден мүмкін.

Үкіметтің экономиканы әртараптандыру жоспары бойынша шикізат экспортынан мүлдем бас тарту мүмкін емес, себебі мұнайдың әлемдік тұтыну көлемі кейінгі 30–35 жыл ішінде 1,5 есеге өссе, кейінгі жылдары ол төмендей қоймайды. Сол себепті, еліміздің экономикадағы шикізат секторы мен өңдеуші секторлары арасындағы теңсіздік өңдеуші салалар жағына басымдық беруді қалайды. Сонымен қатар шикізатты сатудан түскен табыстатрды жаңа технологиялық өндірісті дамытуға жұмсау күн тәртібінде тұр.

Қалай дегенменде Қазақстан аумағында Менделеев кестесіндегі барлық элементтердің бар болуы және олардың өндірісте қолданылуы мемлекетіміз үшін потенциалды артықшылық. Осы артықшылықсыз өнеркәсіптің негізгі салаларын дамыту да мүмкін емес. Сол себепті табиғи шикізатты қайта өңдеу өндірісін қарқынды дамыта отырып, алдымен ішкі рынокқа кейін халықаралық рынокқа шығаруымыз керек. Қазіргі таңда экономикалық дамудың «локомотиві» жаңа қызмет салаларындағы ғылыми сыйымды әрі жоғары технологиялы өндіріс екендігінде дау жоқ. Бірақ технологиялық үдеріс «ескі», шикізаттық салаларда да жүріп отырады. Ендеше, біз технологиялық прогресті қай сала бойынша салыстырмалы артықшылығымыз бар және қандай нақты ғылыми-технологиялық жетістіктеріміз бар сол бағыттарға «байластыруымызға» болады. Сонымен қатар құрылымдық өзгерістерді де осы салаларды кешенді түрде дамытуға бағыттауымыз керек, яғни жаңа технологиялар негізінде оларға қызмет көрсетуші салаларды дамыту арқылы [63, 21 б.].

Олай болса, Қазақстан өзінің бәсекелік басымдықтарын нығайтып, мұнай-газ, тау-кен ісі, металлургия кешендерін дамыта отырып, осы салалармен қатар оларға қызмет көрсетуші бағыттарды, мысалы әртүрлі құрылғылар мен машина жасау, мұнайды терең өңдеу өнідірісін жетілдіру, мұнай-химия өнеркәсібін өркендету және басқаларын жаңа технологияларды енгізу, трансферттеу негізінде дамытуға елеулі мүмкіндіктері бар. Бірақ Қазақстанның қазіргі өнеркәсіп саласының құрылымы 2008 жылдың қорытындысына сәйкес кен өндірісінің өңдеу өнеркәсібіне қарағанда әлі күнге дейін басым екендігін көруге болады (8-кесте).

8-кесте – Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісі[60]

                                                                                                                              млрд. теңге

 

2008 жыл

үлес салмағы,

%-бен

ӨНЕРКӘСІП – БАРЛЫҒЫ:

10188,4

100

Кен өндіру өнеркәсібі, о.і.:

6271,1

61,6

Отын-энергетикалық пайдалы
қазбалар өндіру

5748,5

56,4

Өңдеу өнеркәсібі, о.і.:

3378,4

33,2

тамақ өнімдерін өндіру, сусындарды  қоса

692,4

6,8

тоқыма және тігін өнеркәсібі

24,4

0,2

мұнай өнімдерін өндіру

207,3

2,0

химия өнеркәсібі

110,9

1,1

металлургия өнеркәсібі

1408,3

13,8

машина жасау

297,5

2,9

Электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу

538,9

5,3

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМІ, БАРЛЫҒЫ о.і.:

1316,4

100

өсімдік шаруашылығы

679,7

51,6

мал шаруашылығы 

636,7

48,4

 

Жоғарыда бейнеленген 8-кестеден 2008 жыл қорытындысы бойынша елдің өнеркәсіп құрылымында кен өндіру 61,6%, оның ішінде шикі мұнай және табиғи газ өндіру 52,6% екенін көруге болады. Ал өңдеу өнеркәсібінің үлес салмағы 33,2%, оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру, сусындар  қоса – 6,8%, тоқыма және тігін өнеркәсібі – 0,2%, мұнай өнімдерін өндіру – 2%, химия өнеркәсібі – 1,1%, металлургия өнеркәсібі – 13,8%, машина жасау – 2,9% құрайды. Статистикалық мәліметтер Қазақстан экономикасында өңдеуші өнеркәсіп саласының кен өндіру саласына қарағанда өнеркәсіп өндірісіндегі үлес салмағының екі есеге төмен екендігін дәлелдейді. 

Ауыл шаруашылығы 2008 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында
1316,4 млрд. теңгені құрады. Демек ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі өнеркәсіп өндірісімен салыстырғанда 7,7 есеге, соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінен 4,8 есеге төмен. Бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасының негізгі табыс көзі кен өндірісіне келетіндігін дәлелдейді және ішкі тұтыну рыногын қамтамасыз етуде дайын өнімдерді сырттан импорттауға толық дерлік тәуелді екендігін сипаттайды.   

Минералдық ресурстар академиясының президенті, академик
Ғ. Бекжановтың пікірі бойынша, Қазақстанның жер қойнауындағы мол байлық ел экономикасының басым салаларын өркендетуге жағдай туғызады. Табысты реформалардың сенімді негізіне айналған осынау аса маңызды салаға назарды күшейтіп, оны ғылыми-технологиялық дамытуды жаңа тұрғыда қолға алу керек. Тек еліміздің экономикадағы шикізат секторы мен өңдеуші секторлары арасындағы теңсіздікті жою үшін өңдеуші салалар жағына басымдық беруді қалайды.

Келесі маңыздылығы жағынан кем түспейтін салалардың бірі – ауыл шаруашылығы. Себебі, халықтың күнделікті тұтыну тауарларын, яғни азық-түлікке деген сұранысын елдің азық-түлік өнеркәсібін дамыту арқылы ғана қамтамасыз етуге болады. Қазақстанның 47% халқы әлі ауылдық мекендерде өмір сүреді. Қаламен салыстырғанда ауылды аймақтардың күн-көріс жағдайы, өмір сүру сапасы, табыс деңгейі бірнеше есе төмен екендігі, т.б. әлеуметтік қамсыздандыру мүмкіндіктері де аз екендігі баршаға мәлім.

Қазақстан Республикасы Кеңес Одағы кезінен бастап агро индустриалды республика болғаны белгілі. Сондықтан ауыл шаруашылығы – халықтың еңбек бөлінісіндегі мамандандырылған салаларының бірі.

Кезінде Қазақстан жерінде 3 млн. астам қызметкерлері бар ірі агроөнеркәсіп кешені құрылған болатын. Оның құрамында ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеу бойынша жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, химия және басқа да салалар болған. Бұрынғы Кеңес Одағы елдерін түрлі минералды тыңайтқыштармен жабдықтаған. Мысалы, фосфат тыңайтқыштары 1200 мың тонна, азот 450 мың тонна, калий 10–12 мың тонна өндірген. Ал 500–600 мың тонна фосфат тыңайтқыштары басқа республикаларға жөнелтіліп отырған [64, 430 б.].

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, қазіргі әлем халқының өсу қарқыны (дамыған елдерде жылына 0,4%, ал дамушы елдерде 1,6%) 2025 жылы 8 млрд. адамнан артуы мүмкін. Адамзаттың азық-түлік өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін болжам бойынша 4000 млн. тонна бидай қажет болады. Ол үшін астық өнімділігі 4,5 т/га болуы тиіс. Астықтың қазіргі өндіріс көлемінде ол әрине мүмкін емес. Сол себепті қазірден бастап минералды тыңайтқыштар өндірісін белсенді дамыту қажет. Қазақстанның минералды-шикізат қорымен минералды тыңайтқыштардың әлемдік рыногын жаулап алуына болады. Бүгінгі таңда Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша Қытай елі көптеген дамыған елдерді басып озып алға шығуда. Тыңайтқыштар өндіру бойынша қазір азиялық елдер негізгі өндірушілер болып саналады. Олардың әлемдегі үлесі 2000 жылы 38,6%-ды құраған [64, 430 б.].

Профессор М.Д. Исқалиевтің пікірінше Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу, сатумен байланысты әлемдік рынок кеңістігінде өз орнын табатын кезде келді. Өйткені, азық-түлік өнімдеріне деген сұраныс көршілес алыс-жақын шетелдерде барған сайын өсіп барады. Қазақстанның осы көршілес елдерге сапалы өнім шығарып сатуға толық мүмкіндігі бар [65, 33 б.]. Атап айтқанда осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мемлекет алдында тұрған ауыр міндет.   

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына енуді алға мақсат етіп отыр. Бірақ ДСҰ-ға ену барысында пайда болатын артықшылықтар мен қатар кемшіліктер де жеткілікті. Ол алдымен отандық өндірушілердің бәсекелік күреске төтеп беруі және азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Агро өндірісінде бәсекеге қабілетті артықшылықтары бар салаларды көптеп дамытуға болады. Себебі елімізде азық-түлік тауарлары (сүт, ет тағамдары, шырын жасау, астық, қымыз және шұбатты экспортқа шығаруға болады) табиғи таза болуымен қатар, емдік қасиеттерге де ие.

Ауыл шаруашылығында туындап отырған бәсекеге қабілеттілік мәселелері едәуір. Қазақстанда «4–5 сиырдың беретін сүтін дамыған елдерде бір-ақ сиырдан сауады. Ал егін түсімі елде гектарына 10 центнер болса, Қытайда гектарына 40 центнер, Еуропа елдері 60–70 центнерден жинайды. Демек, осы өнімдердің өзіндік құны отандық астықтың құнымен салыстырғанда бірнеше есе арзан». Академик К. Сағадиевтің пікірі бойынша, ауыл мен ауыл шаруашылығын ғылым, яғни биотехнология жетістіктерін пайдаланып, гектарына кем дегенде 30 центнер түсім беретін астық тұқымын және ең аз дегенде 5 мың литр сүт беретін сиыр түрін өсіру арқылы көтеруге болады
 [33, 300 б.].

Қазақстанның транзиттік мүмкіндігін халықаралық сауда белсенділігін арттыруда тиімді пайдалану керек. Қазақстан тоғыз жол торабында, яғни құрлықтағы жол арқылы халықаралық сауданы Еуропа және Азия тасымалдау көпірін қосатын ортада орналасқан. ҚР көлік және байланыс министрлігінің бағалауы бойынша Қазақстанның осы мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланса, кем дегенде жылына түсетін таза табыс 1 млрд. АҚШ долларын құрайды екен. Бүгінгі таңда тауарларды сақтау және жеткізуде логистикалық тізбектің, инфрақұрылымдардың дамымауы елдің транзиттік мүмкіншілігін дұрыс пайдаланбауға әкеледі. Олай болса, «көліктік логистика» кластерінің маңыздылығы жоғары. Себебі Қазақстан Қытайдан Еуропаға, Ресейге тауар тасымалдау бағытында үлкен транзиттік басыдыққа ие болып отыр.

Сонымен осы аталған және басқа да басым салаларды іске қосу негізінде елдің инновацялық дамуға көшуін, халықтың өмір сүру сапасын, қауіпсіздік деңгейін арттыруды, денсаулық сақтау және оқу-ағарту жүйелерін жаңғыртуды, қоғамның экологиялық жауапкершілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді жеделдетуге болады.

Қазақстанның инновациялық және технологиялық сипаттарын жылдам дамыту үшін институционалдық, инфрақұрылымдық және қаржылық қамтамасыз ету мәселесін шешу де аса маңызды.

 

 

                       2.3 Инновациялық дамудың институционалдық базасы

 

     Инновациялық жүйе әрқайсысы тиiсiнше осындай элементтердi қосып алатын төмендегідей негiзгi кiшi жүйелерге бөлiнедi:

  1. Ғылыми әлеует коммерциялық пайдалану деңгейiне дейiн iргелiк әзiрлемелердi «жетілдiрудi» жүзеге асыратын қолданбалы зерттеулердiң дамыған саласын құру жолымен инновациялық даму үшiн сөзсiз қажеттi фактор қалыптасады;
  2. Мемлекеттiк ғылыми ұйым – ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар;
  3. Ұлттық компаниялар жанындағы ғылыми ұйымдар, iрi кәсiпорындар жанындағы зертханалар;
  4. Жеке ғылыми-зерттеу және жобалық институттар;
  5. Ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiктер;
  6. Ғылыми кадрлар және дербес өнер тапқыштар;
  7. Материалдық-техникалық база.

     Инновациялық кәсiпкерлiк төмендегілерді қамтиды:

  1. Бизнес-серілер;
  2. Кәсiпорындар;
  3. Инновациялық менеджерлер;
  4. Инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қызмет көрсететiн және жағдайларды қамтамасыз ететiн өзара байланысты өндiрiстiк, консалтингтік, білiм және ақпараттық құрылымдардың кешенi айқындалатын көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылым;

     Инновациялық инфрақұрылым төмендегідей элементтерден тұрады:

 1.Ұлттық технологиялық парктер;

 2.Өңiрлiк технологиялық парктер;

 3.Технологиялық бизнес-инкубаторлар;

 4.Ғылым қалашықтары.

     Қаржылық инфрақұрылым төмендегідей элементтерден тұрады:

 — мемлекеттiк даму институттары;

 — венчурлiк қорлар;

 — кәсiпорындар;

 — жеке кәсiпкерлер;

 — екiншi деңгейдегі банктер.

     Қазiргi уақытта, өзiнiң коммерциялық қолданысын табуға инновациялық әзiрлемелердi және шығармашылық идеялардың аз үлесi ғана ие болады. Проблема, бүгiнгi күнi елде iс жүзiнде тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк база мен жобалық-конструкторлық институттар бұзылуында және ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн экономиканың нақты секторына енгiзудiң тиiмдi тетiгінiң болмауында болып тұр. Ғылымның институционалдық құрылымында соңғы жылдары болып жатқан қайта құрулар ғылыми-зерттеу институттарының меншiк нысандарындағы өзгерiстерге қарамастан жалпы алғанда инновациялық дамудың талаптарына жауап бермейдi. Ғылымда түпкілiктi нәтижелі өндiрiске жаңа өнiмдердi енгiзуге, жаңа коммерциялық тиiмдi технологияларды енгізуге әлсiз бағдар сақталып отыр. Бiрқатар салалық ұйымдар өзiндiк мәртебесi бойынша ғылыми болып қағаз жүзiнде қала отырып, iс жүзiнде зерттеушілiк қызметтi жиып қойды және тек шаруашылық құрылымға айналды.

          Қазақстанның ҰИЖ инновациялық инфрақұрылымының негiзгi ұйымдық институттары ұйымдық құрылымы бар, инновациялық дамудың барлық кезеңдерi мен процестерiне жәрдемдесу үшiн қажеттi және жеткілiктi қаржылық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлген технологиялық парктер (технопарктер) және технологиялық бизнес-инкубаторлар болады. 

     Шетелдiк тәжiрибе көрсететiндей инновациялық саладағы шағын және орта кәсiпкерлiк  өнеркәсiптi дамыған елдердiң инновациялық әлеуетiнiң алғашқы бұқаралық және неғұрлым серпiндi құрылым. Шағын және орта инновациялық фирмалар экономиканың пайда болатын салаларында, рыноктың жаңа сегменттерiн ашатын, жаңа өндiрiстi дамытатын, өндiрiстiң ғылыми сыйымдылығын және бәсекеге қабілетiн арттыратын және сонымен, жаңа технологиялық тәртiптi қалыптастыруға жәрдемдесетiн технологиялық көшбасшылар болып табылады.

     Шағын инновациялық кәсiпорындарды дамыту мен қолдаудың пәрмендi тетiктерiнiң бiрi бизнес-инкубация процесi болып табылады, яғни табыстың мүмкiндiгiн айқындау әлi күрделi, оларды дамытудың әлi ерте, қауіптi кезеңiнде инновациялық жобаларға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ технологиялық компанияларды жедел дамыту үшiн процесс. Инновациялық жүйенi қалыптастырудың бастапқы барысында инновациялық кәсiпорындарды дамытудың бастапқы барысында жинақталған, инновациялық инфрақұрылымның бөлiгi болуы тиiс, «технологиялық бизнес-инкубаторлардың» жүйесiн Қазақстанда құру инновациялық кәсiпкерлiктi дамытуда мемлекеттiң басты мiндеттерiнiң бiрi болады.

     Технологиялық бизнес-инкубаторлар дербес бiрлiк және технологиялық парктердiң бөлiгі ретiнде көрiнiс бередi. Бұдан өзге, инновациялық компанияларды қаржыландыру желiсi бойынша технологиялық бизнес-инкубаторлар қаржыландырылатын жобаларды басқару және оларды ағымдағы мониторинг бойынша ҰИЖ агентiнiң функциясын орындайтын болады. Осы функцияларды iске асыру үшiн технологиялық бизнес-инкубаторлар бiлiктi менеджерлердiң, бухгалтерлердiң, экономистердiң және заңгерлердiң штатына ие болады. Бұл ретте, технологиялық инкубаторлардың қызметi инкубацияланатын шағын инновациялық компаниялар үшiн тегін болады. Технологиялық бизнес-инкубаторлардың бiрiншi кезеңдегі оларда орналастырылған инновациялық кәсiпкерлер мен инновациялық фирмаларға, ҒЗТКЖ-ға мемлекеттiк гранттарды алушыларға қызмет көрсетумен байланысты шығындарын тиiстi даму институттарын капиталдандыру жолымен мемлекет өтейтiн болады. Инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту көзқарасынан технологиялық бизнес-инкубаторлар мынадай функцияларды орындауы тиiс:

  1. Жаңа технологиялық компанияларды ұлғайту және оларды «Start-up» кезеңiнде қолдау, өйткенi инкубаторлар кәсiпорынды басқаруда тұрақты көмек көрсететiн болады, қаржыландыруға қол жеткiзуге және кәсiпорынды бизнестi жоспарлау, бухгалтерлiк және заңгерлiк мәселелерiнде маркетингтiң жоспарларын жасау кезiндегi көмектi қоса алғанда, қажеттi қызмет пен технологиялық көмектiң кешенiн қамтамасыз етедi.
  2. Компания иелерiн инновациялық менеджмент негіздерiне оқыту.

     Тәжірибе көрсететiндей, технологиялық инкубаторлар кәсiпорындарға кез-келген басқа жерде бастайтын кәсiпорындармен салыстырғанда, олардың дамуын 7-12 есе жылдамдата отырып, «жедел мәре» бередi. Инкубаторлар бұған арнайы дайындалған мамандардың, рәсiмдердiң және әдiстердiң көмегiмен қол жеткiзедi. 2007 жылға дейiнгi кезеңде технологиялық парктердiң құрамынан Қазақстанның әртүрлi өңiрлерiнде және Қазақстанның жетекшi техникалық, аграрлық және медициналық жоғарғы оқу орындарының жанынан кем дегенде 12 арнайы технологиялық бизнес-инкубаторлар және технопарктер жанындағы 8 оқу орталықтарын құру болжануда.

     Жетекшi технологиялық жоғары оқу орындары жанынан бизнес инкубаторлар мен технопарктер құру қазақстандық әзiрлеушiлер ұсынатын барлық инновациялық бастамаларды бiрте бiрте қамтуға алып келедi деп болжанады, бұл жыл сайын 300-ден астам жобаларды құрайды.

     Инновациялық процестi басқарудың көзқарасынан технологиялық бизнес-инкубаторлардың желiсiн құру:

 — технологиялық бизнес-инкубаторлардың аумағында жоғары технологиялық кәсiпорындардың ҰИЖ гранттық қаржыландыруы үшiн қажеттi материалдық ресурстарды жинақтауға;

 — инновациялық циклдың ұзақтығын қысқартуға мүмкiндiк беретiн басқару шешiмдерiн жедел қабылдауға;

 — инфрақұрылымды ұстап тұруға жүк-құжаттама шығыстарының деңгейiн азайтуға;

 — инвестициялық шешiмдердi қабылдауда бюрократиялық рәсiмдердiң санын қабылдауға;

 — инновациялық кәсiпорындардың басқару құрылымын оңтайландыруға;

 — инновациялық жүйеде бiлiмдi алмастыру және беру үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бередi.

     Бизнес-инкубаторларда жұмыс үшiн компаниялар мен инновациялық кәсiпорындарды iрiктеу өтiнiш берушiнiң жеке басына, ғылыми дәрежелерi мен атақтарының болуына қарамастан жобалар мен идеялардың конкурсы ретiнде конкурстық негізде жүргізiлетiн болады. Бизнес-инкубаторлар өткiзетiн және ұйымдастыратын осы жобаларды рәсiмдеу, ғылыми-техникалық сараптама жасау, экономикалық есептерiн жүргiзу әлемдiк практика көрсететiндей, құрылатын технопарктерде орналастыру қажеттілігі кезiнде және ҰИЖ қаржыландыру үшiн мәлiмделген жобалардың 5-10 %-ы iрiктеуге алып келедi.

     Технопарктердi деңгейлер бойынша олардың ҰИЖ элементтерi мен қатысушыларына бөлу Қазақстанның инновациялық дамуының жағдайы үшiн мейлiнше қолайлы болып табылады:

 — ұлттық ғылыми-технологиялық парктер;

 — өңiрлiк технологиялық парктер.

     Ұлттық ғылыми-технологиялық парктер нормативтiк құқықтық актілердiң ережелерiне сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму үшiн басымдықты болып табылатын салаларды, өңiрлердi, білiм беру салаларын қарқынды (жедел) дамытуды қамтамасыз ету үшiн құрылады.  Ұлттық ғылыми-технологиялық парктердiң аумақтарындағы инновациялық қызметтi ынталандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтар мәртебесi берiледi.

     Өңiрлiк технопарктер инновациялық әлеуеттi, өңiрдiң инновациялық қабiлеттiлiгiн айқындау, ашу және дамыту, өңiр экономикасының инновациялық өнiмдерге қажеттiлiгін қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Мемлекеттiк бюджеттiң қаражатын пайдалануды жоспарлау мақсатында ұлттық сол сияқты өңiрлiк технопарктердi құру мен дамыту кезiнде Технопарктердi құру мен дамытудың бағдарламасы қалыптасады.

     Таяудағы екi жыл «Ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағын дамытудың негізгi бағыттары екiншi кезектегi құрылысты жалғастыру болып табылады.

     Арасында Биотехнологиялар паркi, Ядролық технологиялар паркi, Жаңа материалдар паркi, Агротехнологиялар паркi және т.б. бар 2005-2006 жылдары құрылатын басқа ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi дамытудың нақты бағыттары тиiстi құжаттарды әзiрлеу және бекiту барысында айқындалатын болады. Мұндай құжаттар Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы үшiн басымдықты ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi құрудың мүмкiндiктерi мен мақсатқа сай болуының тұжырымдамалары, техникалық-экономикалық негіздемелерi, ұлттық технопарктердi дамыту жөніндегі iс-шаралар жоспары болып табылады.

     Осы немесе өзге салалардың басымдықтарының негiздемелерi технологиялық дамудың әлемдiк үрдiстерiне, сондай-ақ Қазақстанның қолданыстағы ғылыми және өндiрiстiк жасап шығаруларына негiзделе отырып, ұлттық ғылыми-технологиялық тұжырымдамалары мен техникалық-экономикалық негiздемелерiн жасау жұмыстары барысында әзiрленетiн болады. Осы жұмысқа тиiстi салаларда ғылыми-технологиялық парктердi құру және басқару тәжiрибесi бар озық шетелдiк компаниялар тартылатын болады.

     Ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi дамытудың нақты бағыттарын айқындау, оларды технологиялық толтыру бойынша жұмысты ұлттық ғылыми-технологиялық парктердi құру мен дамытуға жауапты тиiстi уәкiлеттi орган ұлттық технопарктердi құру және дамыту жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi тiкелей жүзеге асырушы ұйым ретiнде «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-мен, сондай-ақ өзге де мүдделi органдармен бiрлесiп жүргiзетiн болады.

     Ұлттық және өңiрлiк деңгейдегi барлық технопарктер үшiн 2006-2007 жж. кезеңiнде дамудың келесi кезеңдерi мынадай бағыттардағы Тұжырымдамада, технопарктердiң әрқайсысын дамыту бағдарламаларында көзделген iс-шара болады:

 — технопарктердi дамытудың анағұрлым тиiмдi нысандарын айқындау жөнiндегi қажетті талдамалық, зерттеу, маркетингтiк жұмыстарды жүргiзу;

 — физикалық инфрақұрылымды, оның iшiнде құрылыс, зертханалық, зерттеу базаларын құру;

 — технопарктердегi жобаларға жәрдемдесудiң ұйымдық жүйесiн қалыптастыру, оның iшiнде қаржыландыру үшiн оларды ресiмдеу және дайындау;

 — технопаркке жобаларды тарту, енгiзу, дамыту жүйелерiн құру, оның iшiнде технопарктердi мамандандыру салаларындағы өндiрiс пен зерттеу саласындағы отандық және шетелдiк жетекшiлердiң қатысуымен;

 — оның аумағында технопарктер мен жобаларды дамыту процестерiнiң ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн дамыту;

 — бiлiм беру орталықтарын ұйымдастыру, олардың қызметiнiң әдiстемелерiн әзiрлеу, оқытушылар құрамын даярлау;

 — технопарктердiң тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн отандық және шетелдiк серiктестермен тұрақты байланыстар орнату;

 — өңiрлiк технопарктер желiлерiн құру және дамыту жөнiндегi қызметін iске асыруды, тұжырымдамалық құжаттарды әзiрлеу сатысынан бастап және технопарктердiң ағымдағы қызметiне iлесумен аяқтайтын технопарктердi қалыптастыру процестерiнiң идеологиялық бiртұтастығымен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн тиiсті уәкiлеттiк органдармен бiрлесе отырып, «Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы» акционерлiк қоғамы жүзеге асырады.

Инновациялық дамудың көзқарасы тұрғысынан қаражатты тиiмдi пайдалану, нақты айтсақ ғылыми әзiрлеменiң жылдамдығын нарықтық өнiмге дейiн жеткiзу оны коммерциялау ең бiрiншi маңызға ие. Сондықтан осы бағдарлама негізiнен қолданбалы ғылыми-технологиялық зерттеулерді дамытуға, қолдауға және ынталандыруға бағдарланған болады.

     Қазiргі кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттi орган болып табылады. Бұл министрлiктен өзге ғылыми-техникалық қызметпен салалық министрлiктер де айналысады. Уәкiлеттi органның функциясына бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми зерттеулердiң барлығына дерлiгіне тәуелсiз ғылыми-техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастыру кiредi. Сараптау кезінде бағдарламаның ғылыми негізділігі, ғылыми ұжымның оңтайлы мөлшерi мен құрамы, зерттеулердiң бас ұйымы жобалауының негізінде мақсаттарға жетудің нақтылығы, орындасушы ұйымдарды тарту қажеттілігі және тағы басқалар тексеру мен бағалауға түседі.

     Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, осының шеңберінде ғылыми ұйымдар ҒЗТКЖ жүргізуге мемлекеттік тапсырыс алатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру арқылы заңнамалық бекітілген бағдарламалық-мақсаттағы қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру ұсынылатын бағдарламалар мен ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық тәуелсiз сараптама мiндеттi жүргізіле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады.

     Қазiргi заманғы кезеңде бағдарламалық-мақсаттық әдiс шеңберiнде төмендегідей  ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру мен iске асыру жүзеге асырылады:

 -табиғи және әлеуметтiк жүйелер туралы қағидаттық жаңа бiлiмдердi және экономиканың жүйелiк қайта құрылуының, қоғамның, мәдениеттiң және ғылымның өзiнiң тұрақты дамуының ғылыми негіздерiн әзiрлеудi алу мақсаты бар ғылымның және ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарының сол шектеулi саны бойынша iргелiк зерттеулер;

 — өнеркәсiптiк-технологиялық және әлеуметтiк экономикалық дамудың бас басымдықтарында ғылыми-техникалық әлеуеттi шоғырландыруға қабілеттi мемлекеттiк ғылыми-технологиялық саясатты iске асырудың маңызды құралы ретiндегi республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар;

 — ғылыми-техникалық қызметтiң нақты және кешендiк-салааралық бағыттарын, қолданбалы және ендiрмелi зерттеулер мен әзiрлемелердi, өңiр үшiн басым ғылыми зерттеу бағдарламаларды бiлдiретiн қолданбалы (салалық, салааралық және өңiрлік ғылыми-техникалық) бағдарламалар;

 — айқындалған басым бағыттар шеңберiнде «тәуекелдiк» пен перспективалық iргелiк және қолданбалы зерттеулердi ынталандыру және өңiрлердегі ғылыми зерттеулердi дамытуға ықпал ету мақсаты бар Ғылым қорының жобалары.

     Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi — ЖҒТК) мақұлдаған iргелiк ғылыми зерттеулердiң 5 басым бағыттары айқындалған. Басым бағыттар шеңберiнде iргелiк және қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын iске асыруды ғылыми және ғылыми-өндiрiстік орталықтар мен Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң басқа да ғылыми ұйымдары, бағдарламаның басқа әкiмшiлерi жүзеге асырады. Орталықтардың қызметi, ғылыми бағыттардың үйлестірушiлерi ретiнде ғылыми ұйымдарды жетелейтiн әлеуеттерді сақтауға және одан әрi дамытуға, пәнаралық өзара әрекеттi, материалдық және кадрлық резервтi шоғырландыруға, ғылымның өндiрiспен және біліммен ықпалдасуын жүзеге асыруға бағдарланған. Бұл ретте Ұлттық ғылыми орталықтар қолданбалы зерттеулердiң басым бағдарламаларын іске асыру жөніндегі бас ұйымдар болып айқындалған. Оның жекелей алғанда Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Ұлттық ядролық орталығы, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Радиоэлектроника және байланыстар жөнiндегi, минералдық шикiзатты кешендiк қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталықтары. Сонымен қатар, ұлттық ғылыми орталықтар үшін «бас ұйымдар» мәртебесi заңды түрде бекiтiлмеген, ел экономикасының қажеттілігіне  сүйене отырып, ғылыми бағыттарды үйлестiру бойынша оларға жүктелген функциялар толық көлемде iске асырылған емес.

     Ғылыми зерттеулердiң жоғарыда аталған бағдарламаларын орындауға ғылыми-зерттеу институттарымен қатар көптеген жоғары оқу орындары да қатысуда. Бұл ретте iргелiк және қолданбалы бағдарламаларды iске асырудағы жоғары оқу орындардың үлесi орта есеппен тиiсiнше 12 — 20%-ды құрайды. Одақтас мемлекеттiң орталықтандырылған жоспарлық жүйесi жағдайында республиканың ғылыми-техникалық кешенi жекелеген және едәуiр тар ғылыми проблемаларды шешуге бағдарланды. Iрi ғылыми зерттеулер, әзiрлемелер және ғылыми мектептер Ресей Федерациясында, Украинада және Беларуссияда басымдықпен шоғырланды.

     Қазақстанның тәуелсіздiк алғаннан кейiнгі алғашқы жылдары қабылданған ғылыми-зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландырудың бағдарламалық-мақсаттық әдiсi елдiң ғылыми әлеуетiн сақтауға және оны ғылымның мүлде жаңа бағыттарына сәйкес келетiн ғылыми зерттеулердi орындауға бағыттауға мүмкiндiк бердi. Соған қарамастан, мемлекеттiк тапсырыс нысанындағы қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру ел дамуының қазіргі заманғы кезеңiнде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру шеңберiнде алға қойылған мiндеттердi толық түрде жүзеге асыруға және ашық ұлттық инновациялық жүйенi құруға мүмкiндiк бермейдi. Қаржыландыруды гранттар нысанында емес мемлекеттiк тапсырыс нысанында бөлу зерттеушiлер үшiн iшкi ынталар жасамайды және жартылай заңды енгiзу компанияларын туындатады. Бұдан өзге, iргелiк ғылымға негізiнен Білiм және ғылым министрлігі, ал қолданбалы ғылымға министрлiктердiң тиiстi салалары жетекшілiк ететiнiне байланысты республикада елдегi барлық ғылыми зерттеулердi үйлестiретiн бiрыңғай органның жоқ екенiн атап кету керек.

     Инновациялық кәсiпкерлiк экономикалық қызметтiң ерекше түрi ретiнде инновациялық процестің негiзгi қозғаушы күшi болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң субъектілерiне инновациялық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар жатады. Инновациялық кәсiпорынның қызметi технологиялық немесе өнiмдiк инновацияларды пайдаланудың нәтижесiнде пайда табудан көрiнедi. Дамыған елдерде кәсiпорындардың 70%-на жуығы рыноктың жаңа сегменттерiн игеру мақсатында өнiмнiң ассортиментiн кеңейтумен байланысты инновацияларды жүзеге асырады. Осы ретте ҒЗТКЖ-ға арналған шығыстар инвестициялардың 30%-на жуығын құрайды.

     Инновациялық кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi төмендегілерге:

 — жаңа ғылыми идеяларды әзiрлеуге немесе iздеуге және оларды бағалауға;

 — қажеттi инвестициялық ресурстарды iздеуге;

 — жобаны немесе кәсiпорынды басқарудың тиiмдi модельдерiн құруға;

 — ақшалай табыс алуға негізделген.

        Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек. Елiмiздiң ұлттық инновациялық жүйесiн 3-шi суреттен көруге болады: (Сурет 3 ) / 4, 84 б. /

 

       
   
     
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3 — Ұлттық инновациялық жүйе

 

          Елiмiздегi инновациялық саланы мемлекеттiк қолдауды ҚР-ның  “Инновациялық қызмет” туралы Заңынан көрумізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей:

  • Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламарды жасау.
  • Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.
  • Инновациялық инфрақұрылымды құру.
  • Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру
  • Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.
  • Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қаматамасыз ету.
  • Отандық инновацияларды шетелге шығару. /10/

Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi.

 Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi. / 15, 205 бет /

Елiмiзде ғылыми-техникалық инновациялық бағдарламаларды дамыту үшін арнайы даму институтары құрылған. Оның ішінде 3 қаржылық және 2 қызмет көрсету институтары бар.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде экономикада кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын кәсiпкерлiк  рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек.

Әйтсе де бұл инновациялық жобаларға көптеген қаржы қажеттiлiгi туындап отыр, ол қаржыларды ЖIӨ-нiң құрамынан көп мөлшерде ала алмаймыз, өйткенi елiмiзде бұдан басқа салаларға қаржы сұранысы туындап отыр, әсiресе әлеуметтiк салаларға. Сондықтан қаржы тартудың бiрден бiр көзi инвестиция тартуды ынталандыру болып табылады.

Қазақстандағы инновациялық қызмет  индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы қабылданғаннан кейін ғана дами бастады. Әрине бүгінгі күнге дейін республикамызда инновациялық қызметтің дамуына қажетті жағдайлар жеткіліксіз түрде жасалынып отыр. Әйтсе де, инновациялық кор мемлекеттік қаржыландырудың арқасында көптеген инновациялық жобалар жасап, оларды іске асырып  отыр.

Мысалы, былтырғы жыл ішінде ішінде даму институттарының тікелей атсалысуымен елімізде жалпы құны 100 млрд.теңге шамасындағы 37 өндірістік нысан іске қосылған. Солардың ішінде Қазақстанның тұңғыш байланыс серігі «KazSat» ғарыштық жобасы мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы тоқыма өндірісін, «Солтүстік- Оңтүстік» электр желісі құрылысының екінші кезегін, «Қазхимволокно» АҚ химиялық өндірісін, отандық қағаз өндірісін, ТМД бойынша алғаш рет ашылған биоэтанол өндіру зауытын, құрылыс индустриясы мен тамақ өнеркәсібі саласындағы бірқатар өндірістерді айрықша атап көрсетуге болады.  Қазақстандағы инновациялық қызметті талдауда статистикалық мәліметтерді пайдалануды жөн көрдім.

3-суреттегі графикке назар аударатын болсақ, инновациялық өнімдердің құрылымында ең  үлкен үлесті жетілдіруге ұшыраған өнімдер алып отыр.Яғни бұл белгілі бір өнімдердің сапалық сипаттамаларын жақсартуға, ең жоғары тиімді компоненттерді немесе материалдарды, бір немесе одан да көп техникалық қосалқы жүйелерді жартылай өзгертуді (кешенді өнім үшін) пайдалану арқылы өндірістің экономиалық тиімділігін  арттыруға арналған қолда бар өнім болып табылады. Бұл әрине инновациялық қызметті белсенді жүргізуге, сондай-ақ сыйымды өндірісті жедел дамытуға, кәсіпкерлік қызметтің инновациялық сипатын күшейтуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз алдына мемлекеттің экономикалық саясатын дамытып, экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге өз үлесін қоса алады. Бұндай тауарлар  Қазақстанда барлық инновациялық өнімдердің  64,3%-ын алып отыр. Қайтадан  немесе елеулі технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімдер инновациялық  өнімдердің 28,6 %-ын алып отыр. Яғни бұл технологиялық  сипаттамалары ескірген немесе шамаланған пайдалануда болған тауарларға жаңа, не осыған ұқсас бұрын бұрын шығарылған өнімдерден елеулі айырмашылығы бар өнім.

 

Сурет 4 — Қазақстандағы 2009 жылы инновациялық өнімдердің құрылымы[9]

 

Осылардың ішінде ең аз үлесті (7,1%) өзге де инновациялық өнімдер алып отыр. Бұл біздің республикамызда өндірістің күрделі салалары бойынша инновацияның даму деңгейінің әлі төмен екендігін көрсетеді.

 

Сурет 5 – ҚР инновациясындағы зерттеулер мен ғылыми-техникалық қызметтердің үлесі

 

2-кесте мен 5-суретте Қазақстандағы ғылыми-техникалық қызметтің даму тенденциясы көрсетілген. Көріп отырғанымыздай, индустриялық-инновациялық стратегия 3 жыл ішінде зерттеулер мен әзірлемелердің саны 29348-ден 41624-ке немесе 2007 жылға қарағанда 2009 жылы 41%-ға өскен оның ішінде негізгі үлесін қолданбалы зерттеулер(практикада қолданылады) алып отыр. 2009 жылы ол 52%-ды құраған.Үлесі жағынан соңғы орында  іргелі зерттеулер тұр.Оның үлесі 2007 жылы 13%-ды құраған.

Сонымен қатар отандық зерттеушілеріміздің санында да үлкен өзгерістер бар екенін байқауға болады. 2007-2009 жылдар аралығында олардың саны 9899-дан 11910-ға дейін өсіп,120,31%-ды құраған.Бұл санның ішінде 2009 жылы ғылым докторларының үлесі 10%, ал ғылым докторларының саны 25%-ды құрады.Бұндай өсуді экономикалық өсудің интенсивті, экстенсивті түрлерінің қайсысына жатқызуды әлі өмір көрсетеді деп ойлаймын.

Өзіміз зерттеп отырған инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпорындар саны да аталмыш жылдар аралығында өсіп отыр. Осы жылдары олардың саны 42%-ға өсті.Осы талдалған мәліметтерге жүгіне отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: 2003-2015 жылғы индустриялық-инновациялық стартегияның 3 жылы ішінде оң прогресстік нәтиже бергендігін көрсетіп отыр.

Кесте 2 — Қазақстандағы ғылыми-техникалық қызметтің сипаттамасы[9]

Көрсеткіштер

2007

2008

2009*

2009 жылы 2008 жылға %-нен

ЖІӨ,барлығы,млрд.теңге

4612

5870,1

7457,1

161,68

Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыста болған бағаларда,млн.теңге

11643,5

14579,8

21527,4

184,88

ЖІӨ-ге,пайызбенен

0,25

0,25

0,28

112

Зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдардың саны

273

295

390

142,85

Зерттеулер мен әзірлемелермен айналысатын персонал саны(жыл соңына),адам

16578

16715

18912

114,07

соның ішнде:

 

 

 

 

зерттеушілер

9899

10382

11910

120,31

ғылым докторлары

979

1013

1106

112,97

ғылым кандидаттары

2781

2739

3018

108,52

Зерттеулер мен әзірлемелердің негізгі қаражаттары,млн теңге

9037,3

12396,6

14584,2

161,37

Зерттеулер мен әзірлемелер саны

29348

34946

41624*

141,83

Ескертпе: Қазақстанның 2009 жылғы қысқаша статистикалық жылнамалығынан алынған

 

Қазіргі кезде Республикамыздың экономикалық дамуында жоғарытабысты ауылшаруашылығы облысына инновацияларды енгізу, өңдеуші тиімді кәсіпорындар құру мен осындай кәсіпорындармен жұмыс жасайтын субъектілерге қолдау көрсетуге баса назар аударылуда. Осының нәтижесінде, өңдеу өнеркәсібі өндірушіден тұтынушыға дейінгі баға саясатын дамытуы керек.Ол үшін қажетті деңгейде маркетингті дамыту,кәсіпорынның қосылған құны жоғары тағам өнімдерінің қауіпсіздік жүйелерін құру және шетелдік нарықтарға жаңа жоғары сапалы өнімдерді шығару қажет.

Жұмыскерлердің санына келетін болсақ, зерттеулер мен әзірлемелермен айналысатын респонденттердің жартысына жуығы(65%) алдыңғы жылмен салыстырғанда өзгермегендігі туралы, 27%-өскендігі туралы, ал 8%-қысқарғандығы туралы мәлімдеді.

Инновациялық қызметке кететін шығындарды бағалау өте маңызды. Ғылыми мекемелердің технологиялық даму деңгейі көбінесе ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге бөлінетін шығындармен анықталады. 2008 жылдың І жартыжылдығында зерттелген кәсіпорындардың жартысына жуығы (48%) зерттеулер мен әзірлемелерге инвестицияларды бөлгендігі туралы, соның ішінде 55%-ы оларды ұлғайтты,ал 3%-ы қысқартты. Қарастырылып отырған жылы инновациялық-белсенді кәсіпорындардың 31%-ы cатылған өнімнен түскен табыстың 5%-ын, 40%-ы -5%-дан 25%-ға дейін және 29%-ы- 25%-дан көп бөлігін инновацияға бөлді.

Инновациялық белсенді ғылыми кәсіпорындардың жартысынан көбі(66%) мәлімдегендей  инновациялық қызметті қаржыландыру көзін мемлекеттік және жергілікті бюджеттен, 37%-ы өз қаражаттарынан, 11%, 14%, 21% сәйкесінше инновациялық қор, мемлекеттік гранттар және тағы басқа қаржыландыру көздерінен қаражаттар алды.

Қазiргi уақытта Қазақстанда негізiнен шетелдiк капиталдың қатысуымен iрi корпорацияларда, ұлттық компанияларда, екiншi деңгейлi банктерде, қаржылық-өнеркәсiптiк топтарда менеджменттiң жоғарғы деңгейi бар. Сонымен қатар, технологияларды, теорияларды және құқықтық қорғаудың тәжiрибесiн және зияткерлiк меншiктi пайдалануды коммерциялизациялаудың iскери қағидаттарын кәсiби меңгерген, инновациялық және жоғарғы технологиялық жобаларды басқара алатын кәсiби инновациялық менеджерлер — мамандардың институты мүлдем жоқ. Кез келген елде және бизнестiң кез келген түрiндегi инвестордың негiзгi тәуекелi барабар емес менеджментпен байланысты болғандықтан бұл тәуекелдi барынша азайту басқару және кәсiпкерлiк мәдениеттi көтерумен, барлық деңгейдегi менеджерлердi сапалы оқытумен және қайта даярлаумен, оларды қажетті қолдаумен (консалтинг және ақпараттық) қамтамасыз етумен қол жеткізіледі. Ұлттық экономиканың дамудың инновациялық қорына көшуi барлық қоғамның инновацияларды қабылдауынсыз және инновациялық процестердi басқару мен инновацияларды iске асыруды жүзеге асыруға қабiлеттi кадрлар жеткілікті санының болуынсыз мүмкiн емес. Қолда бар ғылыми-технологиялық әлеуетке қарамастан Қазақстанда инновациялық қызметтің мынадай инновациялық өнімді құру және инновациялық өнімді рынокқа жылжытумен байланысты делдалдық қызметтерді орындау сияқты негізгі түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерліктің болмауы елдегі төменгі инновациялық белсенділік себептерінің бірі болып табылады.

     Инновациялық инфрақұрылым субъектілерi орындайтын негiзгі функциялардың тiзбесi:

 — инновациялық даму субъектісiн ұйымдық-құқықтық қалыптастыру процесiне жәрдемдесу жөнiндегi қызметтер;

 — бизнес-қызметтердiң кешенi (кешендiк консалтинг);

 — ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету;

 — жалпы пайдалану — зертханалық, өндiрiстік жабдығына қол жеткiзудi қамтамасыз ету;

 — бiлiм беру қызметтер кешенi;

 — технологиялар трансфертi;

 — өкілдiк қызметтер (серiктестік байланыстар орнату).

     Қазiргi сәтте Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын мемлекеттiк бюджет (республикалық, жергiлiктi бюджеттер, мемлекет қатысатын ұйым қаражаты) қаражатының қатысуымен құрылған, сондай-ақ мемлекет құрған сервистік даму институттарының қатысуымен құрылған жұмыс iстеп тұрған субъектілер құрайды. Қолданыстағы инфрақұрылым оның субъектілерiнiң арасындағы өзара әрекет етудiң қажетті деңгейiн қамтамасыз етпейдi және Ұлттық инновациялық жүйеге (бұдан әрі – ҰИЖ) қатысушылардың қызметiнiң процесiне және өзара iс-әрекетiне қажеттi сервистердiң барлық тiзбесiн ұсынатын кешендiк ұйымдардың жүйесi болып табылмайды. Қазақстанда ұсынылған инновациялық инфрақұрылымның сапасы мен саны Қазақстанның инновациялық даму ерекшелiгiн, нақты алғанда төмендегілерді:

 — инновациялық әлеуетке ие өңiрлердi аумақтық шоғырландыру және өңiрлердiң инновациялық инфрақұрылымды жеткiлiксiз қамтуы;

 — қолдау инфрақұрылымын салалық та, өңiрлiк инновациялық даму процестер ретінде де құру қажеттілігін;

 — Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының бiрiншi кезеңiндегі, бiр өңiрде инновациялық инфрақұрылым объектілерiнiң көп санын қажет етпейтiн инновациялық бастамалардың салыстырмалы төменгi санын;

 — шығындардың орындылық қағидатының қажеттілiгiн және олардың мемлекеттiк бюджеттiң мүмкiндiгiне сәйкестігін;

 — инновациялық инфрақұрылым ұйымдарының олар жекелеген функцияларды қайталаумен болдырмау үшiн мейлiнше оңтайлы нысандарын таңдауды;

 — ҰИЖ-дың барлық элементтерi мен қатысушыларының өзара iс-қимыл процестерiн ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiнiң нақты болмауын және оны құрудың аса қажеттілiгiн қанағаттандырмайды.

     Дамыған инновациялық жүйелерi бар барлық елдердегі инновациялық қызметтi қаржыландыру ағыны төмендегідей компоненттерден қалыптасады:

 — ҒЗТКЖ-ға мемлекеттік гранттар жүйесi, олардың нәтижелерiн патенттеу және басқа да мақсаттар;

 — венчурлiк капитал;

 — ҒЗТКЖ-ға арналған корпоративтiк шығындар мен олардың нәтижелерiн енгізу;

 — жекелеген инвесторлардың шығыстары.

     Қазiргi уақытта Қазақстанның ҒЗТКЖ-ның қаржылық инфрақұрылымы келесідей  көздерден жүргiзiледi:

 — Ғылым қорын қоса алғанда, ғылыми зерттеулер бағдарламаларына арналған республикалық бюджет қаражаты;

 — ұлттық компаниялар мен кәсiпорындардың қаражаты;

 — жеке инвесторлардың қаражаты;

 — «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-тың қаражаты;

 — венчурлiк қорлардың қаражаты.

     ҒЗТКЖ-ды бюджеттік қаржыландыру республикалық бюджеттiң, Ғылым қорының қаражатынан жүзеге асырылады. Бұдан өзге, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-тың (бұдан әрi – ҰИҚ) (елдегі инновациялық белсенділікті жандандыру мақсатында 2003 жылы құрылған және басқалармен қатар «қорлар қорының» функциясын орындайтын мемлекеттiк даму институты) инвестицияларының бағыттарының бiрi қолданбалы ҒЗТКЖ-ды конкурстық негізде гаранттар беру жолымен қаржыландыру болып табылады. Инновациялық жобаларды қаржыландыру құрылған мемлекеттiк даму институттары арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiң күш салымы инновациялық процеске кәсiпкерлер мен жеке капиталдың қатысуынсыз жеткілікті түрде тиімді емес. Қазiргі кезде кәсіпкерлердің отандық ғылыми әзiрлемелердi iздестiруде, бағалауда және жылжытудағы қызығушылығының әлсiздiгі байқалып отыр.

     Венчурлік қорлар венчурлiк инвестициялаудың негізгі тетiгi болып табылады. Венчурлік инвестициялауды дамытудың бастапқы кезеңiнде қызметi инновацияларды құруға немесе коммерцияландыруға бағытталған жеке отандық және шетелдiк капиталды тарту мемлекеттiң тiкелей үлестік қатысуымен венчурлiк қорларды құру кезiнде мүмкiн болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттiк қаражат бұл қорға кiретiн жеке инвесторлардың тәуекелдерiн төмендетедi. Венчурлiк индустрияны қалыптастырудың бастапқы кезеңiндегi мемлекеттiк жәрдемдесудiң мұндай нысаны барлық елдерде дерлiк өзiнiң тиiмділігін көрсеттi. Мемлекеттiң венчурлiк қорларды құруға қатысуы ҰИҚ арқылы жүзеге асырылады. ҰИҚ-тың инновациялық саясатының негiзгi бағыттарының бiрi құрылатын венчурлiк қордың жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу (49%-ға дейiн) жолымен отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлiк қорлар құру болып табылады. Осы Бағдарлама қызметi компанияның/жобаның тiршiлiк ету кезеңiнiң бастапқы кезеңiне арналған инновацияларды құру және коммерцияландыруға бағытталған компаниядағы инвестицияларды венчурлiк инвестициялау ұғымын ғана шектейдi. Осыған байланысты осы бағдарламада төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:

     Венчурлiк инвестициялау — идеяларды жаңа өнiмнiң тұсаукесер үлгiлерiн құруға және оның коммерциялық әлеуетiн бағалауға дейiн жеткiзуге байланысты қолданбалы ҒЗТКЖ-ның зерттеулерi (1); бастапқы сериялық өндiрiс және өнiмдi бiрiншi сату (2); өндiрiстi ерте ұлғайту және өнiмдi өткiзудiң жаңа рыноктарына шығу (3) кезеңдерiнде инновацияларды құруға және/немесе коммерцияландыруға бағытталған инвестициялау.

     Венчурлiк қор — венчурлiк инвестициялауды жүзеге асыру мақсатында заңды тұлға құрумен де, құрмай да жасақталған заңды және/немесе жеке тұлғалардың бiрiктiрiлген капиталы.

     Қазақстанда ҰИЖ-ды қалыптастырудың негiзгi қағидаттары:

 — мемлекеттiң ҰИЖ-ны қалыптастыру мен дамыту процесiндегi белсендi рөлi;

 — мемлекеттің жеке капиталмен серiктестiгi;

 — жүйенiң ашық сипаты.

     Мемлекеттің белсендi рөлi бiрiншi кезекте ҰИЖ-ды қалыптастыру үшiн қажет. Шетелдiк тәжiрибенi талдау көрсетiп отырғандай әлемнiң бiр де бiр елiнде рынок, жеке сектор ҰИЖ-ды дербес қалыптастырған жоқ. Барлық елдерде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлетiн арттыру үшiн мемлекет жүйеге белсендi қатысушының рөлiн өзiне алуға тура келдi. Мемлекеттiң белсендi рөлi ҰИЖ-дың барлық элементтерiнiң өзара iс-қимылдарын мемлекеттiк деңгейде үйлестiрудi жүзеге асыруға; дамудың ұлттық, салалық және өңiрлiк басымдықтарының келiсушiлігін қамтамасыз етуге; ресурстарды басым бағыттарға шоғырландыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Мемлекеттiң жеке капиталмен серiктестiгi инновациялық даму процесiнде жеке сектордың ресурстарын тарту үшiн қажет. Мемлекет жеке секторды алмастыруы тиiс емес, ол ҰИЖ-ды қалыптастыру мен дамыту процесiнде ұйымдастырушы, катализатор және үйлестiрушi ретiнде ғана көрiнедi, бiрақ оның басты мақсаты — жеке капиталды инновациялық процестерге белсендi қатысуға тарту болып табылады. ҰИЖ-дың қалыптасуына қарай оның жұмыс iстеуiндегi және одан әрi дамуындағы мемлекеттiң рөлi қысқаратын болады. Ұлттық инновациялық жүйенiң ашық сипаты оның тиiмдiлiгін қамтамасыз ету үшiн шешушi маңызы бар. Ашықтық дәстүрлiк ғылыми ортада да, дара өнер тапқышта туындаған iшкi және сыртқы инновацияларды қабылдау жүйесiнiң қабілетiн білдiредi. ҰИЖ кез келген қызықты өнертабысты, кез келген коммерциялық перспективалық әзiрлеменi iске асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл өндiрiс пен ғылыми зерттеулердiң жаһандану процестерiнен барынша нәтиже алуға, инновациялық қызметке елдiң барлық талантты адамдарын тартуға мүмкiндiк бередi.

     Ақпараттық алмасу дамыту процесiнiң және әсiресе, бiлiмдердi, технологияларды, ақпараттарды беру процестерiне негiзделген инновациялық дамытудың шешушi факторының бiрi болып табылады. Қазақстанда жалпы жүйе құру қажет. Ол Қазақстанның мемлекет iшiндегі, дәл сондай шетелдiк серiктестерге индустриялық-инновациялық дамуы процестерiнiң жалпы кешенiн ашып көрсететiн болады — «Виртуалдық технопарк» инновациялық дамытудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi (бұдан әрi — «Виртуалдық технопарк» БАЖ). Ақпараттық жүйе әрiптестер мен инвесторларды iрiктеу мақсатымен ұсынылатын және талап етiлетiн технологиялар бойынша ақпаратты жинауға, талдауға және пайдалануға мүмкiндiк беретiн iргетасын бiлдiруi тиiс. Инновациялық дамудың «Виртуалдық технопарк» БАЖ даму және ұйымның инновациялық дамуына iске қосылған басқа да институттардың қызмет көрсетуiн бiлдiретiн көп деңгейлi дерекқорды бiлдiредi деп жоспарлануда.

      Елдiң инновациялық дамуын тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк органдар инновациялық қызметті дамыту саласында — Индустрия және сауда министрлiгi және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында — Білiм және ғылыми министрлiгi өз құзыретi шегiнде төмендегідей функцияларды жүзеге асыратын болады:

     1) ғылымның ел экономикасының инновациялық дамуының ғылыми-техникалық қамтамасыз етуiнiң басым бағыттары, iргелiк және қолданбалы ҰИТКЖ-н қаржыландыру жөнiнде бюджет бағдарламасын әкiмшiлiк ету, ғылыми-техникалық өнiмдердiң рыногын қалыптастыру;

     2) орта және жоғарғы оқу орындарын қоса алғанда кәсiптiк, инженерлiк, ғылыми, басқару кадрларын дайындау және қайта дайындауды жүзеге асыратын инновациялық қызмет үшiн кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесiн қалыптастыру;

     3) инновациялық өнiмдердi шығаратын кәсiпорындарды қоса алғанда, инновациялық инфрақұрылымды кейiннен қалыптастыру, инновациялық кәсiпорындарды және өндiрiстердi құрайтын және ықпал ететiн ұйымдар, технологиялық парктер, бизнес инкубаторлар, арнайы конструкторлық және технологиялық бюро және т.б.;

     4) отандық өндiрiстiң ішкi және сыртқы рыногына жоғары технологиялық өнiмдердiң кіру жүйесiн қалыптастыру. Отандық өндiрушiлердiң экспорттық және жоғарытехнологиялық өнімдері үшін жеңiлдiк жүйелерді, жағдайларды жасау;

    5) инновациялық даму үшiн тікелей әсер ету, оның iшiнде, жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеушiлер, өнертапқыштар және бастамашылардың мүдделерi мен зияткерлiк меншігін қорғайтын заңнама базасын қалыптастыру.

     Инновациялық қызметтi дамытуға арналған қаражаттан басқа ғылыми-техникалық бағдарламалардың және маңызды жобалардың шеңберiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қолданбалы ғылыми зерттеулердi қаржыландыру сақталады. Салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша орындалған қолданбалы ғылыми әзiрлемелердiң бiраз көпшiлiгi ҰИҚ және технологиялық парктер арқылы одан әрi коммерциялизацияланатын болады.

     Қолданбалы ғылыми зерттеулердiң шығыстары 2005 жылы 7972,4 млн. теңгенi құрайды, 2006 жылы — 7972,4 млн. теңгенi құрайды, 2007 жылы — 7175,16 млн. теңгенi құрайды және 797,24 млн. теңге жеке капитал қаражаты есебiнен.

     Осы ретте, республикалық бюджеттен инновациялық инфрақұрылымды дамытуға, инновациялық жобаларды және инновациялық қызметтi дамыту жөніндегі басқа iс-шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ қолданбалы ғылыми-зерттеулердi, оның iшiнде ғылыми-техникалық бағдарламалар арқылы қаржыландыруға бөлiнетiн жыл сайынғы қаражат көлемi тиiстi жылға бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

          Бағдарламаларды iске асырудан күтілетiн нәтижелер

     Бағдарламалар іс-шараларын іске асыру экономиканың барлық салаларында инновациялық процестерді күшейтетін ұлттық инновациялық жүйені құруға мүмкіндік береді.

     Бұл ретте 2015 жылы:

 — ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің 2005 жылы ЖІӨ 0,8%-дан 2015 жылы 1,7%-ке дейін үлес салмағын көбейтуге;

 — Қазақстанның инновациялық және ғылыми-зерттеулер қызметiнiң тiкелей шетелдiк инвестицияларын 2003 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 15-20 рет ұлғайтуға;

 — ҒЗТКЖ-ның қолданбалы бюджеттiк қаржыландыру жүйесiн оңтайландыруға қол жеткiзiлетiн болады.

     Қаржылық инфрақұрылымның мынадай негiзгi элементтерi қалыптастыра бастайды:

 — берілетін гранттардың жүйесiн кеңейту;

 — озат шетелдiк венчурлiк қорларды инвестициялау үшiн отандық, дәл солай шетелдiк капиталдың қатысуымен венчурлiк қаржыландыру жүйесi;

 — венчурлiк қорлар мен жас технологиялық компаниялардың (IРО рыногы) құнды қағаздарының рыногы.

     Инновациялық инфрақұрылымның негiзгі элементтерiн қалыптастыру келесілерден  құрылатын және басталатын болады:

 — ұлттық технологиялық парктер мен аймақтар құру: ақпараттық технологиялар паркі; ядролық технологиялар паркi; биотехнологиялар паркi; индустриялық мұнай-химиялық паркі; жаңа материалдар паркі; агроөнеркәсiптiк технологиялар паркi;

 — 7 өңiрлiк парктер құру;

 — iрi технологиялық университеттер мен технопарктер жанынан 12 технологиялық бизнес-инкубаторлар және технопарктер жанынан 8 оқу орталықтарын құру;

     ҰИЖ-iң құрамына кiретiн құрылымды дамыту тиiмдiлiгiн талдау, инновациялық даму болжамдарын айқындау мақсатында көрсеткiштер (мақсатты индикаторлар) жүйесi әзiрленетiн болады. Қазiргi әлемде инновациялық жүйелердi дамыту деңгейiнiң бірқатар индикаторлары қолданылады. Төменде жалпы және Қазақстанның жағдайына бейiмделген индикаторлар келтiрiлген:

  1. Адам ресурстары. Адам ресурстарының саны мен сапасы жаңа бiлiмдi құрайтын да, оны таратуды айқындайтын да басты фактор болып табылады.
  2. ҒЗТКЖ инвестициялары. ҒЗТКЖ қаржыландыру экономиканы құруда басты орынды алады, бiлiмге негiзделген мұндай экономиканың серпiлiсi мен бәсеке қабiлеттiлігі бiрiншi кезекте бiлiмдi және ақпаратты құруға, таратуға және пайдалануға байланысты болады. Осы тәсiлге сәйкес бiлiм өндiрiстiң факторы болып, ал бiлiм инвестициялары экономикалық құралдардың көмегімен ынталандыруы мүмкiн.
  3. Ғылыми және технологиялық өнiмдiлігі. Инновациялық жүйенi дамытудың көрсеткiшi, бiлiмнiң өзiнiң нарықтық көрiнiсiн инновация түрiнде білдiретiн және экономикалық тиiмдiлiк әкелуi мүмкін бiлiмнiң табыстылығын бiлдiредi.
  4. Экономиканың бәсеке қабiлетiне және жұмыспен қамтуға ҒЗТКЖ-ның ықпалы. Экономиканың бәсеке қабiлеттiгі тауарлар мен қызметтер қабiлетiне ресурстардың аз жұмсалуымен бағаланады. Өндiрiс дәстүрлi факторлардың өнiмдiлiгiн арттыру арқасында осы инновацияларды енгiзу көмегiне қол жетуi мүмкiн.

     Осындай мақсатты индикаторлардың негiзiнде елдiң өндiрiстiк әлеуетiнiң барынша жылдам дамуын қамтамасыз ететiн инновациялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттік қолдауды шоғырландыруды көздейтiн және мемлекеттiк ресурстардың тiкелей және жанамалық нысанда бөлiнетiн мемлекеттiк инновациялық саясаттың стратегиялық басымдықтарын айқындайтын болады.     ҰИЖ-i тиiмдi дамыту экономиканың еңбек өнiмдiлiгiн және бәсекеге қабiлеттiлiгін арттырады, бұл өз кезегiнде Стратегияны iске асырудан күтiлетiн нәтижелердiң орындалу қарқынына әсер етедi. Сондықтан бұл көрсеткiштер ҰИЖ-дi дамытудың пысықтайтын мақсатты индикаторлары болып табылады.

     Сонымен қатар экономикалық қызмет түрi бойынша инновациялық қызметтiң ерекшелiгiн ескере отырып, сондай-ақ ҰИЖ салалық және өңiрлiк құрылымды дамытуды сипаттайтын салалық және өңiрлiк мақсатты индикаторлар әзiрленетiн болады. Бұл көрсеткiштер жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн салаларды, өнеркәсiптiк орталықтарды, ұлттық технопарктердi, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үрдiстерiн талдау үшін, сондай-ақ ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi құру саласындағы әлеуеттi басымдықтарды айқындау мақсатында пайдаланылатын болады.

Қазіргі кезде Республикамыздың экономикалық дамуында жоғарытабысты ауылшаруашылығы облысына инновацияларды енгізу, өңдеуші тиімді кәсіпорындар құру мен осындай кәсіпорындармен жұмыс жасайтын субъектілерге қолдау көрсетуге баса назар аударылуда. Осының нәтижесінде, өңдеу өнеркәсібі өндірушіден тұтынушыға дейінгі баға саясатын дамытуы керек. Ол үшін қажетті деңгейде маркетингті дамыту, кәсіпорынның қосылған құны жоғары тағам өнімдерінің қауіпсіздік жүйелерін құру және шетелдік нарықтарға жаңа жоғары сапалы өнімдерді шығару қажет. Алайда осындай кәсіпорындарды құруға не бөгет болып отыр? Осы сұраққа жауап беру үшін өндірісті инновациялық дамытудың ажырамас бөлігі болып табылатын отандық инновациялық кәсіпорындардың жағдайын қарастырып, талдау қажет.

 Осы зерттеулер бойынша 2008 жылдың І жартыжылдығында зерттелген 547 кәсіпорынның  56%-ы инновациялық қызметпен айналысты. Инновацияларды жүргізудің негізгі мақсаттары ретінде респонденттер:

  • кәсіпорын мәртебесінің өсуі ( 44%респондент);
  • инновациялық өнімнің бәсекеқабілеттілігін арттыру (36%);
  • қоғамға және ұйымға байланысты әлеуметтік жауапкершілік (34%);
  • табысты өсіру (20%);
  • сұранысты, айналым өсімін және инновациялық өнімді өткізуді өсіру (18%);

—    өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету. (13%) (2-сурет)

Зерттеудің маңызы- инновациялық циклдің бағыты мен қазіргі жағдайын бағалау.Ол кәсіпорындардың ғылыми-техникалық әлеуетін, зерттеу базасы мен персоналдың біліктілігін ғана емес,сонымен қатар қаржылық ресурстармен қаншалықты қамтамасыз етілгендігін көрсетеді. Қазіргі кездегі инновациялық циклдің фазасын респонденттердің 34%-ы «ғылыми-техникалық дайындық» деп сипаттаса, 27%-ы «жаңа өнімді(технологияны) игеру» деп анықтады. Кәсіпорындардың 3/1-і (39%) өздерінің инновациялық қызметінің қазіргі фазасын «іргелі зерттеулер» деп анықтады (3-сурет). /9-5-8/

Cуреттен көріп отырғанымыздай, инновациялық белсенді кәсіпорындардың біршама бөлігі үшін негізгі бағыт ретінде қолда бар технологияларды жетілдіруді қарастырады. Зерттелген кәсіпорындардың басшыларының көзқарастары бойынша, инновациялық қызметтің негізгі түрлері келесідей:

  • ғылыми-зерттеу жұмыстары (бұл жайлы кәсіпорындардың 83%-ы мәлімдеді);
  • ғылыми-техникалық қызметтер (47%);
  • жаңашылдықты енгізу (35%);
  • конструкторлық жобалау жұмыстары (29%);

 

Сурет 6 — 2008 жылдың І жартыжылдығындағы инновацияларды жүргізу мақсаттары, инн-қ-белсенді кәсіпорындардың жалпы санына %-нен

 

 

Сурет 7- 2008 жылдың І жартыжылдығындағы инновациялық қызметтің бағыттары, инновациялық-белсенді кәсіпорындардың жалпы санына %-нен

 

  • «ноу-хау»,технологиялар және өндірістік меншіктің басқа түрлерін сатып алу(66%);
  • инновациялардың басқа түрлері(9%).

Инновациялық-белсенді кәсіпорындардың басым бөлігі(90%) алдыңғы кезеңмен (2007 жылдың ІІ жартыжылдығы) салыстырғанда инновациялық өнімдеріне деген сұраныстың қысқармағаны, ал  45%-ы осы көрсеткіштің өскендігін мәлім етті.

Инновациялық өнімге деген сұраныстың өзгермеуі 2008 жылдың І жартыжылдықта ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемін бағалау балансын біршама қысқартты. Ол 7 пайыздық пунктке қысқарып, +31%-ды құрады. Инновациялық өнімге деген сұраныстың қысқаруы тапсырыстар портфеліне де теріс әсерін тигізді. Тапсырыстар портфелінің өзгерістерін бағалау деңгейінің балансы өткен жылдың ІІ жартыжылдығымен салыстырғанда 9 пайыздық пунктке қысқарып, +23%-ды құрады.

Инновациялық қызметке кететін шығындарды бағалау өте маңызды. Ғылыми мекемелердің технологиялық даму деңгейі көбінесе ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге бөлінетін шығындармен анықталады. 2008 жылдың І жартыжылдығында зерттелген кәсіпорындардың жартысына жуығы (48%) зерттеулер мен әзірлемелерге инвестицияларды бөлгендігі туралы,соның ішінде 55%-ы оларды ұлғайтты, ал 3%-ы қысқартты. Қарастырылып отырған жылы инновациялық-белсенді кәсіпорындардың 31%-ы cатылған өнімнен түскен табыстың 5%-ын, 40%-ы -5%-дан 25%-ға дейін және 29%-ы- 25%-дан көп бөлігін инновацияға бөлді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

    Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет.

         Инновациялық даму және инновация түсініктері жөнінде зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектерін, зерттеулерін зерделеу негізінде, атап айтқанда инновация терминін айналымға енгізген ғалымдардың бірі ретінде
Й. Шумпетердің еңбектеріне, басқа да шетелдік, отандық зерттеуші ғалымдардың ой-пікірлеріне қысқаша сараптау жүргізу барысы бойынша инновация ұғымы туралы келесідей тұжырымға келдік.

      Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, Қазақстан инновациялық қызмет құрылымы жағынан экономикасы дамыған елдерден айтарлықтай айырмашылықта болып отыр. Мәселен, өнеркәсібі дамыған елдерде инновациялық белсенділік жоғары технологиялық салаларда байқалса, Қазақстанда инновациялық технологиялар өңдеуші өнеркәсіп салаларында енді ғана бастау алып келеді. Дамыған елдердегі инновациялардың экономикалық ортасы да инновациялық қызметті жүргізуге қолайлы инвестициялық ахуалмен, дамыған рыноктық институттармен, ғылым мен жаңа технологиялардың тығыз байланысының жоғары деңгейімен сипатталады.

Қазақстан ірі ғылыми әлуетке ие мемлекет. Бірақ, әзірше елдің ғылым саласы заман талаптарына ілесе алмай келеді және ғылым өндіріс саласынан алшақ болғандықтан, инновациялық қуаты әлсіздігін көрсетіп отыр. Мұны шетелдік және қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін салыстыру арқылы көруге болады. Мысалы, Ресейде 2002 жылы ол 9,1%, Португалияда – 25%, Түркияда – 33%, Эстонияда – 36%, Венгрияда – 47% құраса, дамыған елдерде 50%-дан асады, ал Қазақстанда ол 5%-ға да жетпейді                   

Мәселелерді шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму иеституттарын құру көзделiп отыр. Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өңдiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрамында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамуының құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек. /17/

Экономиканы мелекеттiк реттеу әдiстерi мен саясатын жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiне импортты алмастыратын және экспортқа бағытталған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiншiлiк беретiн факторлар келтiрiлген.

2003 жылы Индустриялық-инновациялық стратегиямызды iске асырудың алғашқы жылы болды. Елiмiзде даму институттары құрылып, олар қазiрдiң өзiнде өңдеушi салаларды жаңғыртуға нақты ықпал жасай бастады. Даму банкi жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит бөлiп отыр.

Мұны жақсы нышан деу керек, бiзде тәуелсiздiк алған жылдар iшiнде 2003 жылы тұнғыш рет өңдеушi өнеркәсiптiң өсу қарқыны өндiрушi өнеркәсiптiң өсу қарқынынан асып түтi. Машина жасауда бұл көрсеткiш 20 пайыздан артық болды. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу көлемi өткен жылы нақтылы есептегенде 9,5 пайыздан аса ұлғайып отыр.

Дипломдық жұмысты орындай келе отандық экономиканың болжау мүмкіндігі бар болашағы үшін үдемелі ұдайы өндіріс үдерісін дербес қаржыландыру, ынталандыру мәселелерін қажетті деңгейде ұстап тұру іс-әрекеттері мүдделі тараптардың  – мемлекеттің және жеке бизнестің күнделікті бақылауында болуы тиіс. Мультипликаторлық әсері бар өндірістік кешендердің жұмысына, әсіресе, инновациялық тұрғыдан қарастырғанда, мейлінше басымдықтар берілуі қажет. Мемлекеттің инновациялық кәсіпкерлікті ынталандыру жөніндегі күш-жігері шоғырлануға тиіс бағыттарын жүзеге асыру жолдары ретінде төмендегілерді айта кету керек:

  • барлық шаруашылық субъектілердің инновациялық қызмет жүргізуі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында салық жүйесін жетілдіре түсу;
  • білімнің мамандандырылған желілерін құру;
  • инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру үшін институционалдық, қаржылық және құқықтық қолдау жүйесін жетілдіру;
  • шетелдік инвесторлармен бірлескен инновациялық кәсіпорындар құруды ынталандыру;
  • инновациялық тәуекелдерді сақтандыру тетіктерін жасау және басқалары.

Индустриалық-инновациялық даму стратегиясында анықталған міндеттерді жүзеге асыруда кедергі келтіретін факторлардың қатарында даму институттарымен қаржыландырылып жатқан жобалардың көп бөлігі сыртқы рынок талаптарына емес, ішкі рынок қажеттіліктеріне арналған. Сол себепті елде күні бүгінге дейін дамымай отырған консалтингтік қызметтер рыногын өркендетуді, басым жобаларды маркетингтік бағалау жүйесін жетілдіруді қажет етеді.

Қазақстанның индустриалық-инновациялық стратегиясын басшылыққа ала отырып, қолға алынған жүйелі іс-әрекеттерді тиімді жүзеге асыру арқылы ғана қазіргі, негізінен, экстенсивті даму тенденциясын интенсивті өркендеу үрдісіне жедел ауыстыру мүмкіндігі туындайды.

Сонымен, инновациялық саясаттың ең басты ерекшелігі — әлеуметтік-экономикалық даму бағытын ұстана отырып, қолға алынған жобаларды тиімді жүзеге асыру арқылы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтып, халықтың әл-ауқаты деңгейін жақсартудағы рөлінің жоғары болуы.

 Елбасымыздың 2008 жылғы 5-ші ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру —  мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты халыққа  Жолдауында айтылғандай Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдарындағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орны алу мен 30 корпоративтік көсбасшыларды қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру  міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек. /14/

Әрине дамыған елдер қатарына қосылу үшiн сол елдердiң даму жолын зерттеп, олардың ұлттық экономикамызға тиiмдi жақтарын ала бiлуiмiз қажет. Бiздiң елiмiзге әсiресе Оңтүстiк Азияның бiрнеше жаңа индустриялы елдерiнiң ұстанған саясаты ыңғайлы болып отыр. Яғни “Азия айдаһары мен жолбарысы” атанған елдер қысқа мерзiмдi аралықта индустриялы-инновациялы саясатты тиiмдi жүргiзу арқылы үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Яғни , инновация – экономикалық өсуде негiзгi қозғаушы күш болмақ. /15/

Отанымыз Қазақстан Республикасы алдағы кезеңде тиiмдi реформалар жүргiзу арқылы және индустриялы-инновациялы саясатты iске асырып тұрақты экономикалық өсу арқылы әлем таныған, алдынғы қатарлы дамыған елдер қатарына “Азия барысы” деген  атаумен қосылатындығына сенiмiм мол. Ол үшiн әрбiр Қазақстандық азамат осы шара үшiн аянбай еңбек етуi керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан». – Астана, 2007. – 70 б.
  2. Аубакиров Я.А. Конкуренция – закономерность рыночных отношений // «Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы». Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 2 бөлім. – 9–14 бб.
  3. Кенжегузин М.Б., Днишев Ф.М., Альжанова Ф.Г. Наука и инновации в рыночной экономике: мировой опыт и Казахстан. – Алматы: ИЭ МОН РК, 2005. – 256 с.
  4. Шумпетер Й.А. Теория экономического развития. – М.: Прогресс, 1982 – 453 с.
  5. Бернал Дж. Наука в истории общества. – М.: ИЛ, 1956. – 735 с.
  6. Кузнец С. Современный экономический рост: результаты исследований и размышлений. Нобелевская лекция // Нобелевские лауреаты по экономике: взгляд из России / под ред. Ю.В. Яковца. – СПб.: Гуманистика, 2003. – 20 с.
  7. Глазьев С.Ю. Теория долгосрочного технико-экономического развития. – М.: ВлаДар, 1993. – 310 с.
  8. Хайек Ф. Дорога к рабству. – М.: Экономика 1992. – 175 с.
  9. Агеев А.И. Предпринимательство: проблемы собственности и культуры. – М.: Наука, 1991 – 106 с.
  10. Твисс Б. Управление научно-техническим нововведениями. –
    М.: Экономика, 1989. – 271 с.
  11. Анчишкин А.И. Наука – техника – экономика. – М.: Экономика, 1986. – С. 24.
  12. Яковец Ю.В. Эпохальные инновации ХХІ века. – М.: Экономика, 2004. – 444 с.
  13. Санто Б. Инновация как средство экономического развития / пер.
    с венг.; общ. ред. и вступ. ст. Б.В. Сазонова. – М.: Прогресс, 1990. – 296 с.
  14. Богатырев А.Н., Андреев П.А. и др. АПК России: приоритеты развития инновационных процессов в условиях рыночной экономики (теория, методология, практика). – М.: Колос, 1994. – 210 с.
  15. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент: Учебник для вузов. −
    5-е изд. – СПб.: Питер, 2006. – 448 с.
  16. Барышева А. В., Балдин К.В., Галдицкая С.Н., Ищенко М.М., Передеряев И.И. Инновации: Учебное пособие. – М.: «Дашков и К», 2007. –
    382 с.
  17. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы № 135 Заңы // Егемен Қазақстан. – 2006. – 31 наурыз.
  18. 18Чулок А.А. Анализ эффективности инноваций на микро-
    и макроуровне // Инновации. – СПб. – – № 5 (72). – С. 27–30.

 

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан». – Астана, 2007. – 70 б.
  2. Аубакиров Я.А. Конкуренция – закономерность рыночных отношений // «Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы». Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 2 бөлім. – 9–14 бб.
  3. Кенжегузин М.Б., Днишев Ф.М., Альжанова Ф.Г. Наука и инновации в рыночной экономике: мировой опыт и Казахстан. – Алматы: ИЭ МОН РК, 2005. – 256 с.
  4. Шумпетер Й.А. Теория экономического развития. – М.: Прогресс, 1982 – 453 с.
  5. Бернал Дж. Наука в истории общества. – М.: ИЛ, 1956. – 735 с.
  6. Кузнец С. Современный экономический рост: результаты исследований и размышлений. Нобелевская лекция // Нобелевские лауреаты по экономике: взгляд из России / под ред. Ю.В. Яковца. – СПб.: Гуманистика, 2003. – 20 с.
  7. Глазьев С.Ю. Теория долгосрочного технико-экономического развития. – М.: ВлаДар, 1993. – 310 с.
  8. Хайек Ф. Дорога к рабству. – М.: Экономика 1992. – 175 с.
  9. Агеев А.И. Предпринимательство: проблемы собственности и культуры. – М.: Наука, 1991 – 106 с.
  10. Твисс Б. Управление научно-техническим нововведениями. –
    М.: Экономика, 1989. – 271 с.
  11. Анчишкин А.И. Наука – техника – экономика. – М.: Экономика, 1986. – С. 24.
  12. Яковец Ю.В. Эпохальные инновации ХХІ века. – М.: Экономика, 2004. – 444 с.
  13. Санто Б. Инновация как средство экономического развития / пер.
    с венг.; общ. ред. и вступ. ст. Б.В. Сазонова. – М.: Прогресс, 1990. – 296 с.
  14. Богатырев А.Н., Андреев П.А. и др. АПК России: приоритеты развития инновационных процессов в условиях рыночной экономики (теория, методология, практика). – М.: Колос, 1994. – 210 с.
  15. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент: Учебник для вузов. −
    5-е изд. – СПб.: Питер, 2006. – 448 с.
  16. Барышева А. В., Балдин К.В., Галдицкая С.Н., Ищенко М.М., Передеряев И.И. Инновации: Учебное пособие. – М.: «Дашков и К», 2007. –
    382 с.
  17. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы № 135 Заңы // Егемен Қазақстан. – 2006. – 31 наурыз.
  18. Чулок А.А. Анализ эффективности инноваций на микро-
    и макроуровне // Инновации. – СПб. – – № 5 (72). – С. 27–30.
  19. Тодаро М.П. Экономическое развитие. – М.: «Юнити», 1997. – 671 с.
  20. Жатканбаев Е.Б. Человеческие ресурсы как важнейший фактор конкурентоспособности страны // Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы. Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конферен-циясының материалдары. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. – 4.2. – 23–25 бб.
  21. Максимов Ю., Митяков С., Митякова О., Фалеева Т. Инновационный мультипликатор и экономический рост // Инновации. – СПб. – 2004. – № 5. – С. 23–27.
  22. Буктуков Н.С. Место науки в индустриально-инновационном развитии экономики // Наука и высш. шк. Казахстана. – 2005. – 1 октября.
  23. Янсен Ф. Эпоха инноваций / пер. с англ. — М.: Инфра-М, 2002.- 234 с.
  24. Абишев А.А. Технологическая модернизация национальной экономики // Национальная экономика в векторе глобального развития. Материалы международной научно-практической конференции, 9-10 декабря 2006 года. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006г. – C. – 18–22.
  25. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Жарлығының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 сәуірдегі № 319 қаулысы // http://zakon.kz.
  26. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева «Стратегия вхождения Казахстана в число наиболее конкурентоспособных стран мира»: приоритеты и пути их релизации. – Алматы: КИСИ, 2006, –
    С. 25
  27. Жылжақсынова Ш.П. Білімге негізделген экономиканың ұлттық бәсекелік қабілеттілік артықшылықтарын қалыптастырудағы маңызы
    // Социально-экономические и правовые проблемы в условиях вхождения Республики Казахстан в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира. Материалы научно-практической конференции, 11 мая 2007 года. – Алматы: «Status A.Ltd.», 2007. – C. – 395–398.
  28. Михеев В. «Новая экономика» Восточной Азии // Федерализм. – – № 1. – С. 50–60.
  29. Адам даму туралы есеп. Қазақстандағы адам дамуына арналған жаңа технологиялар. Қазақстан 2006 жыл. БҰҰ. – Алматы «S-Принт», 2007. –
    158 б.
  30. Алшанов Р.А. Новый экономический курс Казахстана: цифры и факты // Казахст. Правда. – 2008. – 15 февраля.
  31. 33Сагадиев К. Экономика Казахстана: очерки актуальных проблем. – Алматы: Б. и., 2004. – 312 с.
  32. 38Сасыкбаев К.А., Жолдасбаева А. Классификация и перспективы использования текстильных отходов для производства нетканых материалов
    // Вестник им. Х. Дулати. Природопользование и проблемы антропосферы. − 2004. − №3. – C. 115 – 112.
  33. 58Лекция Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева в Евразийском Национальном Университете имени Л.Н. Гумилева // Офиц. сайт Президента Республики Казахстан. – Астана, 2006. – 26 мая
    // http://akorda.kz.
  34. 60Назарбаев Н.А. Казахстан 2030 // http://www.kazembassy.com.ua.
  35. 61Швецов Д. Роль и место России в инновационной сфере мирового хозяйства // Вестн. МГУ. Серия «География Мирового Хозяйства», Москва – 2003. – 19 сентября – C. 29 – 32.
  36. 62Елемесов Р.Е. Глобализация и стратегии национального экономического развития // Қазақстан және Орта Азия экономикасын жан-жақты жедел модернизациялау: қазіргі заман және болашағы. «Қазақстан — 2030» Стратегиясының 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары – Алматы: «Қазақ университеті», 2007. – 20–21 бб.
  37. 63Елешев Р.Е. Современное состояние производства и применения минеральных удобрений, основные направления агрохимических исследований в мире // О состоянии и тенденциях развития мировой и отечественной науки: нац. докл. по науке / отв. ред. Журинов М.Ж. – Астана; Алматы, 2005. – 480 с.
  38. 64М.Д. Исқалиев. Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі көқарас: Монография. – Алматы: КазГосИНТИ, 2004. – 299 б.
  39. 65«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың  2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығы
    // http://zakon.kz.
  40. 1 60!!!!Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
  41. 2Е.З.Сулейменов,Н.В.Васильева «Инновационная деятельность в РК»:аналитический обзор.- НЦ НТИ РК-Алматы 2009, С 7-53.
  42. 3/4!!! Шумпетер Й. Теория экономическая развития. – Москва; Прогресс. 1998. – 454 с.
  43. 4Купешова Сауле Телеухановна  /   “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан,” – диссертация, Алматы, 2002 г.
  44. 5Инновационный менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова. – Алматы: Қазақ унивеситетi. – 1998. – 60 с.
  45. 6 Соколова М.С. Управление наукой и техникой в Республике Корея // Инновации №9-10, 2002 г.
  46. 7Карибджанов Е.С. Модели экономикаческого развития Юго-Восточный страны – Алматы: 2000 г.
  47. 8Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
  48. !!!!9!!Б.А.Алдашов, Е.В.Ткач «Инновационная инфраструктура: понятие,основные элементы и направления развития»//НПЖ «Транзитная экономика» №2-2007,С110-114.
  49. !!!10! Әбдiжапар Сапарбаев  “Инновация – негiзгi қозғаушы күш”  // Егемен Қазсқстан, 24 наурыз, 2004 ж.
  50. 11 Н. Ә. Назарбаев.  “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.

 

  1. 13Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны //Саясат №2, 2005
  2. !15!!!!!!!!!Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2005 ж.