ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТІРЛІГІ

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Орман, жер ресурстары және фитосанитария факультеті

 

Орман ресурстары және аңшылықтану кафедрасы

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану

 

 

 

 

Беттер саны _________________

Сызбалар мен көрнекті

Материалдар саны____________

Қосымшалар_________________

 

 

 

Орындаған: Орманбай  Ақнұр  Мамыржанқызы

 

 

 

Кафедра меңгерушісі: профессор  _________________  Е.Ж. Кентбаев

 

Жетекші: а.ш.ғ.к., қау. профессор  ________________  М.К. Байбатшанов

 

Арнайы тараулары кеңесшілері:

 

Еңбек қорғау, аға оқытушы        _________________  М.О. Байтасов  

 

Норма бақылау, аға оқытушы    ________________

 

Сарапшы__________  ________________________

                                                                            (аты-жөні)

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Орман, жер ресурстары және фитосанитария факультеті

Орман ресурстары және аңшылықтану кафедрасы

Мамандығы 5В080300-Аңшылықтану және аң шаруашылығы

 

 

Дипломдық жұмысты орындау

ТАПСЫРМАСЫ

 

ОРМАНБАЙ  АҚНҰР  МАМЫРЖАНҚЫЗЫ

 

Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану

 

 

Деканаттың 2018 жылғы                №       өкімімен бекітілген.

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2018 ж. «___» _____________

 

 

Жұмыстың бастапқы деректері:

КУӘЛІК. 13-1907-10-ММ. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Райымбек   орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі Райымбк ауылы.14.02.2005.Серия В № 0001765

ЕРЕЖЕ. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Райымбек орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі.  25.01.2005. № 15 бұйрық

ПРОЕКТ.Алматы орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің орман шаруашылығын ұйымдастыру және дамыту жобасы. Райымбек, 2005.

 

Дипломдық жұмыста қарастырылатын тараулар мен сұрақтар (көкейкестілігі, мақсат мазмұндамасы, жаңалығы, графикалық материалдар тізімі):

Алматы облысы Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері, жер бедері, климаты, өсімдігі және жануарлар әлемі.

Мекемедігі жануарлар дүниесі

Қырғауылдың экологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

Қырғауылды жер бетінде есепке алу әдістері

Мекемедегі қырғауылдың әр жылғы саны.

Мекемедегі қырғауылдың қорын пайдалану тиімділігі.

Қырғауылға аңшылық жасау

Биотехниялық  шаралар

Графикалық материалдар тізімі (қажетті жағдайда):

Ұсынылған негізгі әдебиеттер:

 

Ұсынылған негізгі әдебиеттер:

 

Бекенов А., Есжанов Б., Махмутов С. М. //Қазақстан сүтқоректілері.-           Алматы, Ғылым, 1995, 249 б.

Беркінбай О, Есжанов Б, Ташенов Б, Ж. //Териология II.  Алматы. «Жібек жолы» 2008.-162

Книга генетического фонда фауны Казахской ССР. Ч. 1. Позвоночные животные, А.: Наука, 1989.

 

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшіліері:

 

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра меңгерушісі: профессор _________________ Е.Ж. Кентбаев

 

Жетекші: а.ш.ғ.к., қау. профессор    _______________ М.К. Байбатшанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жұмысты орындау

ГРАФИГІ

 

Рет саны

Тараулар және қарастырылған сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

Ескертулер

1

Кіріспе

 05.04.18.

өткізді

2

Әдебиетке шолу

10.04.18.

өткізді

3

Мекемеге қысқаша сипаттама

15.04.18.

өткізді

4

Мекеменің құқықтары

20.04.18.

өткізді

5

Климаты

25.04.18.

өткізді

6

Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі

30.04.18.

өткізді

7

Қырғауылдың  биологиялық ерекшеліктері

02.05.18.

өткізді

8

Қырғауылды  жер бетінде есепке алу әдістері

04.05.18.

өткізді

9

Қырғауылға  аңшылық жасау

07.05.18.

өткізді

10

Мекемеде қырғауылды  қорғау шаралары

10.05.18.

өткізді

11

Еңбек қорғау

13.05.18.

өткізді

12

Қорытынды

13.05.18.

өткізді

13

Пайдаланған әдебиеттер

15.05.15.

өткізді

14

Диплом жұмысын тапсыру

20.05.15.

өткізді

 

Кафедра меңгерушісі: профессор _________________ Е.Ж. Кентбаев

 

Жетекші: а.ш.ғ.к., қау. профессор    _______________ М.К. Байбатшанов

 

 

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент:               А.М. Орманбай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

6

 

АНЫҚТАМАЛАР

7

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

8

 

КІРІСПЕ

9

1

Әдебиетке  шолу

11

1.1

Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесіне сипаттама

13

1.2

Мекеменің құқықтары

17

1.3

Жануарлар  дүниесі

18

1.4

Климаты

 

1.5 

Топырағы

20

2

ЗЕРТТЕУ ДЕРЕКТЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

24

2.1

Зерттеу деректері және әдістері

 

2.2

Қырғауылдарды есепке алу әдістері

 

3

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

3.1.

Қырғауылдың биологиялық ерекшеліктері

24

 

Мекемедегі жануарлар дүниесін қорғау

 

3.2

Мекені

26

3.3

Қоректенуі

29

3.4

Көбеюі

31

3.5

Жаулары

32

3.6

Аурулары

34

3.7

Биотехниялық  шаралар

36

4

ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

59

 

ҚОРЫТЫНДЫ

60

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

62

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

ГОСТ 7.1 — 2003 – «Библиографиялық  көшірме. Құжаттың бибографиялық сипаттамасы. Құрылудың жалпы талаптары мен ережелері»

ГОСТ 7.32-2001 Кітапхана және баспа жұмыстарының мәліметтері бойынша стандартты жүйесі. Ғылыми-зертеу жұмыстары бойынша есептер. Безендіру құрылымы мен ережесі.

ГОСТ 12.0.004-90. ССБТ Еңбектің қауіпсіз жағдайын үйрету ұйымы.

ГОСТ 427-75 Өлшегіш метал сызғыштар. Техникалық жағдайлар.

ГОСТ 1625-89 Техникалық формалин. Техникалық жағдай.

ГОСТ 1770-74 Зертханалық өлшегіш шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар. Жалпы техникалық жағдайлар.

ГОСТ 9284-75 Микропрепараттарға арналған жабын шынылар. Техникалық жағдайда.

ГОСТ 18300-87 Техникалық тазартылған этил спирті. Техникалық жағдайда.

ГОСТ 19908-90 Тигелдер, табақшалар, стакандар, колбалар, воронкалар, пробикалар және кварц шыныдан жасалған мөлдір ұштық. Жалпы техникалық жағдайлар.

ГОСТ 21240-89 Медициналық  скальпельдер мен пышақтар. Жалпы техникалық жағдайлар және сынау әдістері.

ГОСТ 24104-2001 Зерханалық жалпы жағдайында және үлгі таразылары. Жалпы техникалық жағдайлар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

Осы диплом жұмысында қолданылған терминдердің төмендегідей анықтамалары бар:

Антропогендік- адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері.

Абиотикалық- бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары

Биотикалық- ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері. Биотикалық фактордың абиотикалық фактордан айырмашылығы, мұнда әр түрге жататын азғалар бір-біріне өзара және айналадағы ортаға әсерін тигізеді.

Биотехния — жабайы аңдардың санын көбейтіп, оларды қорғаудың жолын іздестіру, аңдардан алынатын өнімнің сапасын жақсарту мақсатында зерттеулер мен іс-тәжірибелік шараларды жүзеге асыратын аң шаруашылығының бір саласы.

Коммуникация- қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі

Паразит- белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.

Эндемик- жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер мен жануарлар

Жануарлар әлемі — Қазақстан Республикасы және сондай-ақ тек қана Қазақстан Республикасы аймағында және құрлықтық қайраңдағы табиғи байлыққа қатынасты аумағында тұрақты немесе уақытша мекендейтін аңдар жиынтығы.

Популяция — генофондысы ортақ, салыстырмалы бірдей экологиялық жағдайлардағы кеңестікті мекендеп, бір-бірімен еркін будандасатын, бір ғана түрге жататын особьтардың жиынтығы.

Фауна — жануарлар дүниесі.

Флора — өсімдіктер дүниесі.

Аңшылық алқап – аңшылық жұмыстары жүргізілетін аймақ.

Биотехния – (био… және грек. techne — жасай білу, шеберлік) — жабайы аңдардың санын көбейтіп, оларды қорғаудың жолын іздестіру, аңдардан алынатын өнімнің сапасын жақсарту мақсатында зерттеулер мен іс-тәжірибелік шараларды жүзеге асыратын аң шаруашылығының бір саласы.

Аңшылық ісін ұйымдастыру – жыл бойы жоспары түрде аңшылық жұмыстарын жүргізу.

Жануар саны – жалпы бір популяциядағы тіршілік етіп жатқан жануарлар.

Оңтайлы тығыздығы – бір папуляциядағы қалыпты дарақтар саны.

Аң өсіру – құнды терісі, шипалы мүйізі үшін аңды көбейту.

Есепке алу – санақ жүргізу, тіркеу.

Санды реттеу – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және тиімді пайдалану.

Фактор — аңдарға және басқа тірі организмдерге құбылыстармен заттардың оң немесе теріс әсер етуі

Таксон – бір бірімен әр түрлі дәрежеде туыстық байланыста және оларға өз алдына жеке таксономиялық мәртебе беретіндей, жеткілікті түрді оқшауланған организмдер тобы.

Тип – жануарлар жүйесіндегі жоғарғы таксономиялық мәртебенің бірі. Тип өзіне кластарды біріктіреді.

Класс – биологиялық жүйедегі жоғарғы таксономиялық мәртебенің бірі. Ол өзіне отрядтарды біріктіреді.

Отряд – тұқымдастық пен класс арасындағы жануарлардың таксономиялық мәртебесі.

Миграция — аңдардың мерзімдік басқа аймақтарға көшіп-қонуы.Бұл құбылыс негізінен ауа-райының өзгерісі мен азық қорына байланысты болад.

Морфология — жалпы организмнің толық дене мүшесін зерттейтін ғылым.

Пастереллез — геморрагиялық септицемия (қанның улануы), адам мен жануарлардың инфекциялық кеселі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

РММ- Республикалық мемлекеттік мекеме

ХТҚО- Халықаралық табиғат қорғау одағы

ЕҚТА- Ерекше қорғалатын табиғи аумақ

БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы

БТБ- Бақылау тексеру бекеті

°С -градус Цельсий

% — пайыз

т.б.- тағы басқалар

мг/кг- килограмда миллиграмм есебі

кг -килограмм

мг –миллиграмм

мм- миллиметр

г- грамм

см- сантиметр

мг/мл-миллилитрде миллиграмм есебімен

мкм- микрометр

га — гектар   

км — километр

гр —  грамм

мин — минут

м/сек — метр секунд   

м — метр 

т.с.с. – тағы сол сияқты   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жұмыстың көкейкестілігі. Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауданында тау шатқалында орналасқан.

Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі жұмыс түрлеріне байланысты уақыттың бөлінуі санақ жүргізуге, күзетуге, биотехнологиялық шаралар жүргізуге кеткен уақыттар. Нарынқол аңшылық шаруашылығы биотехникалық іс шаралар шаруашылығының дамуындағы негізгі принципке жетуге бағытталған бұл ғылыми негізделген аңшылық фаунаның экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған және фаунаның кейбір түрлерінің санын артыруға арналған іс шаралар жиынтығы. Қажетті биотехниялық іс шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен аңшылық фаунаның басты түрлерінің санын қысқартатын фаткорларды табу керек. Бұл факорлар әртүрлі болуы мүмкін.  Биотехникалық іс шаралар аңшылық жануарлардың өмір сүру ортасындағы қолайсыз факторларды жоюға бағытталған. Қорықта жануарлардың көптеген түрлерінің тығыздығы адам игерген алқаптарда қарағанда төмен болады.  Ауланатын жануарлардың сапалық құрамын анықтауға шаруашылықты жүргізуде бағытты ескерулер тиіс. Кейбір жағдайларда аңшылық олжаларын көп алу көзделген болса, ересек аталықтардың аулану үлесі көбейеді де, өсімінің мөлшері азаяды. Ересек аталықтар мен аналықтардың қатынасы келесідей болғанда, өсімнің нормалды мөлшерін қамтамасыз етеді.

Жұмыс түрлеріне байланысты уақыттың бөлінуі санақ жүргізуге, күзетуге, биотехнологиялық шаралар жүргізуге кеткен уақыттар. Резерват аңшылық шаруашылығы биотехникалық іс шаралар шаруашылығының дамуындағы негізгі принципке жетуге бағытталған бұл ғылыми негізделген аңшылық фаунаның экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған және фаунаның кейбір түрлерінің санын артыруға арналған іс шаралар жиынтығы. Қажетті биотехниялық іс шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен аңшылық фаунаның басты түрлерінің санын қысқартатын фаткорларды табу керек. Бұл факорлар әртүрлі болуы мүмкін. Биотехникалық іс шаралар аңшылық жануарлардың өмір сүру ортасындағы қолайсыз факторларды жоюға бағытталған.

Жұмыстың мақсаты — Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану, биотехниялық іс — шараларды дұрыс ұйымдастыру.

Жұмыстың міндеттері – Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану шараларын жүргізу. Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:

  • Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесіне сипаттама; 
  • Қырғауылдардың биологиялық ерекшеліктері;
  • мекемедегі қырғауылдың қорын анықтау;
  • қырғауылдар мекендеу аймағын зерттеу.
  • жануарларға жүргізілетін биотехниялық шараларға ат салысу.

Жұмыстың жаңалығы – Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану шаралары зерттелінді.

 

 

  1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

 

Қазақстан құс фаунасы жөніндегі алғашқы мәліметтер XIX ғасырдың басында зерттеу жүргізген ғалымдар еңбегінде бар. Олар құстардың ғылымға белгісіз түрлерін ашып, сипаттама берді. XX ғасырдың 70–80 ж. жалпы Қазақстан аумағында, әсіресе, аз зерттелген Тянь-Шань, Алтай тауларын, Бетпақдала өңірі мен Маңғыстау, Бозащы шөлейтті аймақтарын мекендейтін құстарға орнитология зерттеулер толықтай жүргізілді. Құстардың қоныс аударуы (республика әуе жолымен ұшып өтетін жолдары, саны, оның маусым, тәулік ішінде өзгеруі, құсқа сақина салу нәтижелері), олардың қоректенуі, көбеюі, қазіргі кездегі құс популяциясының жағдайы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің экологиясы зерттеліп, құнды ғылыми мәліметтер алынды. Қәзіргі уақытта құстар жүйеленімі мен морфологиясына арналған зерттеулер одан әрі жалғасуда; су құстарын пайдалану, құстың ауыл шаруашылығы дақылдарына тигізетін зиянын азайту жолдары іздестірілу, шаруашылыққа пайдалы құстарды интродукциялау жолдары дамуда. Ал интродукциялау дегеніміз экологиялық түрғыдан айтқанда жануарларды жаңа жағдайда өмір сүруге бейімдеу. Біздің зерттеу обьектімізге айналып отырған  Алматы облысындағы тауықтәрізділер отряды өкілдерін интродукциялау әдістері және оның кәсіптік маңызы үлкен мәселелердің шешімін таппақ.

Жерсіндіру үрдісі (процесі) жануарлардың өмір сүрген ортасының өзгеруіне байланысты, яғни орманның оталуына, шөлді игеріп суландыруға немесе батпақты құрғату жағдайында көп жануарлар жер ауып немесе саны азайған жағдайда жүргізіледі. Жерсіндірілген деп жаңа жағдайда қалыпты көбейіп және тіршілікке төзімді ұрпақ қалдыра алатын жануарларды айтады. Жерсіндіру процесі кезінде жануарлардың тіршілік етуі ғана емес, сонымен бірге олардың марфофизиологиялық ерекшеліктері (күйі) де өзгереді. Жерсіндірілген жануарлар қоршаған ортадағы ауа температурасының өзгеруіне, жарықтың әсеріне, атмосфералық қысымға, дымқылдығына, ауадағы газдың құрамының өзгеруіне және қорегіне тәуелсіз болады. Жұмыстың басты ерекшелігі елімізде жан-жануарлардың мекен ету ареалын ұлғайту шаралары әсерінде жүргізілген жұмыстар нәтижесіне орай тауықтәрізділер отряды өкілдерін еліміз аумағына интродукциялап және аңшылық фаунасын тиімді пайдалану жолдарын енгізу.

Тауықтәрізділер отряды өкілдерін интродукциялау және қолдан көбейту, Қазақстан Республикасының биоалуандылықты сақтау бағдарламасына сәйкес келеді.

Тауықтәрізділер отряды

Galliformes- Курообразные

Жер шарында кең тараған, Антарктика мен кейбір Мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді.

Тауықтардың 6 тұқымдасы бар (қоқыс  тауықтарыкракстар,  құрлар, цесарларқырғауылдар және күркетауық). Қазақстанда тауықтәрізділердің 13 түрі мекендейді. Тауықтәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық – 22,5 кг) дейін жетеді. Тұмсығы қысқа, дөңес. Үстіңгі тұмсығының ұшы имек. Аяқтары күшті, кішкентай артқы саусағы бар, қораздарында тепкі (басқы) жақсы жетілген, топырақ қопсытуға бейім. Қанаттары қысқа, жалпақ, әдетте жерден тез көтерілуге ғана жарайды, ұзақ ұша алмайды. Қауырсыны тығыз, мамығы аз, көпшілік түрі отырықшы құстар. Полигамиялы, жылына 1 рет көбейеді, жерге ұялайды, (гоацин  мен  гокко ағашында), 3–26 жұмыртқа салады, мекиені 14–30 күн жұмыртқа басып, балапанына қамқорлық жасайды. Балапандары жұмыртқадан шыға сала мекиеніне еріп кетеді. тауықтәрізділердің қорегі – өсімдіктердің вегетативті бөлімдері, жемістері мен тұқымдары, кейде жәндіктер, құрттар.

Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтешіцесарларкүркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады.

Тауықтәрізділердің 26 түрі мен 11 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына”, алтай ұлары Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген

Біздің қазақ жерінде құстар жайлы деректердің бастауын ертедегі ғалымдар еңбегінен көруге болады. Кейіннен ел аумағында арнай түрде зерттеу жүргізген ғалымдар жұмысы  XIX ғасырдың басынан басталады. Олар құстардың ғылымға белгісіз түрлерін ашып, сипаттама берді. XX ғасырдың 70–80 ж. жалпы Қазақстан аумағында, әсіресе, аз зерттелген Тянь-Шань, Алтай тауларын, Бетпақдала өңірі мен Маңғыстау, Бозащы шөлейтті аймақтарын мекендейтін құстарға орнитология зерттеулер толықтай жүргізілді. Құстардың қоныс аударуы (республика әуе жолымен ұшып өтетін жолдары, саны, оның маусым, тәулік ішінде өзгеруі, құсқа сақина салу нәтижелері), олардың қоректенуі, көбеюі, қазіргі кездегі құс популяциясының жағдайы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің экологиясы зерттеліп, құнды ғылыми мәліметтер алынды [1]. 

Қәзіргі уақытта құстар жүйеленімі мен морфологиясына арналған зерттеулер одан әрі жалғасуда; су құстарын пайдалану, құстың ауыл шаруашылығы дақылдарына тигізетін зиянын азайту жолдары іздестірілу, шаруашылыққа пайдалы құстарды интродукциялау жолдары дамуда. Ал интродукциялау дегеніміз экологиялық түрғыдан айтқанда тіршілік иелерін жаңа жағдайда өмір сүруге бейімдеу.  Жерсіндіру үрдісі (процесі) жануарлармен құстардың өмір сүрген ортасының өзгеруіне байланысты, яғни орманның оталуына, шөлді игеріп суландыруға немесе батпақты құрғату жағдайында көп жануарлар жер ауып немесе саны азайған жағдайда жүргізіледі. Жерсіндірілген құстар қоршаған ортадағы ауа температурасының өзгеруіне, жарықтың әсеріне, атмосфералық қысымға, дымқылдығына, ауадағы газдың құрамының өзгеруіне және қорегіне тәуелсіз болады.

Жалпы тауықтәрізділер отряды жер шарында кең тараған, Антарктикамен кейбір мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және  гоациндерге  (Opіsthocomі)  бөлінеді. Осы тауықтәрізділер отрядындағы қырғауыл тұқымдасына жататын қырғауыл (Phasianus) елімізде кәсіптік маңызы бар құс. Тауық тәрізділерге жататын құстардан қырғауылдың айырмашылығы құйрығы өте ұзын келеді. Қырғауылдың мекиендері мен қораздарының тек қана ашық түсінде ғана емес, денесі ірірек және ұзын құйрығымен аяғындағы тепкімен ерекшеленеді [2].

Қырғауыл жылы жаққа ұшпайтын отырықшы құс. Сәуір-мамыр айларында 5-17 дейін жұмыртқа салып, 21-27 күнде балапан басып шығады. Жұмыртқасының орташа салмағы 30-35 гр. болады. Қауырсындары ашық түсті болады, тіршілік ету орталарына байланысты өзгеріп отырады. Қоразының ұзындығы 80-90 см, ұрғашысы 60 см жуық болады. Қырғауылдардың түрлері: алтын-қызыл, қанаттары ашық-қоңыр, басы жасыл түсті, жылтыр темір түстес, мойынның алдыңғы жағы және денесінің жоғарғы жағы көгілдір түсті болады. Жасыл-қоңыр түсті қауырсындар желкесінде ұзын болады. Өмір сүретін жерлер: судың  жағасында, қалың шөптерде, шабындық жерлердегі ағаштарды мекендейді. Қырғауыл өте сақ құс. Қалың өскен өсімдіктер арасында өзін қауіпсіз сезінеді, сондай-ақ орман ішінде, суы бар жерлерде жүреді. Оның тіршілік ету жағдайына таулы аймақтарда кіреді. Көбіне жерде жүреді, көп ұшуды қаламайды. Қауіпті жерлерде олар қашуға тырысады. Ол шөп көп жерлерде де, ашық жерлерде де тез жүгіреді. Қоректенетін жерлері тоғайлы және ашық жайылымдарға, ағаштар басында мекендеп, сол жерге түнде қонақтайды. Қырғауылдың мекендейтін жері көбінесе суға және қалың өсімдіктерге жақын орналасады. Неғұрлым өсімдіктер қалың болса, соғұрлым қырғауылдың тіршілік етуіне қолайлы болады. Кейбір жерлерде судың жағалауындағы тоғайлардың арасымен тауға 2500 м биіктікке дейін көтеріледі. Елімізде қырғауылдың 2-түрі мекендейді.  Қазақстанда қырғауылдың ең көп тараған жері – Сыр бойы десек, екінші қонысы –Іле аймағы. Мұнда Жетісу қырғауылы өседі. Біріншісінің қоразы көк жасыл, ал екіншісі болса күлгін көк қауырсынды болып келеді. Мекиендерінің айырмашылығы шамалы. Аналықтары ұя салатын жерлер бұталардың, шөптердің арасында қауіпсіз жерлерге салады.

Қырғауыл – тоқшылықтың, берекенің білгісі. Қыс жайлы болатын жылы қырғауыл 10-15 тен, кейде тіпті 20-ға дейін жұмыртқа салады. Ал қыс қатты болатынын үлкендер қырғауылдың 2-3 қана жұмыртқалағанынан білетін болған. 1944-45 жылдары, 1952 жылдары және 1968 жылы қатты суық болып қырғауылдардың саны айтарлықтай азайып кеткен. Экологиялық факторлардың әсерінен азайған алайда үлкен сұранысқа ие қырғауыл саның көбейту мақсатында Алматы облысының жеріне 1964-1968 жыдары Қырғызстаннан 300-ге жуық қырғауыл әкелініп Іле, Жоңғар Алатауларына жіберілді. Жерсіндірілген қырғауылдар мұнда тез таралып, саны тез көбейді. Сол кездегі Қазақ ССР Министерлер Советі жанындағы аңшылық шаруашылығы мен қорықтар Бас басқармасының тапсырмасы бойынша мамандардың 1968 жылдың күз айларында жүргізілген санағына қарағанда, тек Алматы төңірегінде ғана қырғауылдың саны 3 мыңға жеткен. Ал республика бойынша қырғауыл шамамен 50-60 мың болса, соның көбі Жетісу жерінде кездескен екен. Соңғы жылдары жүргізілген есепке қарағанда, қырғауылдың қоры әсіресе тіркелген аңшылық шауаршылықтарында мол екені анықталған. Аңшылар одағының мәліметі бойынша, Оңтүстік облыстарда аңшылық шаруашылықтарда 1000 гектерда 1963 жылы 30-50 қырғауылдан, ал 1970 жылы 300-400 құстан келген. Алматы облысына кейбір аңшылық шауаршылықтарында қыс айларында қалың тоғай арасынан қырғауылдың 50-80-інен тобымен жайылып жүреді. Жалпы көлемі 9 мың гектер Қарашеңгел аңшылық шаруашылығында 1972 жылдың көктемінде осы шаруашылықтың қызметкерлерінің жүргізген санағы бойынша 6300 қырғауыл кездескен (Мухин, 1973).

Қырғауылдың соңғы жылдары осынша тез көбеюіне басты себеп, барлық жерде де қырғауылды атуға тыйым салудың әсері болуға тиіс. Қазіргі кезде қырғауылды тек тіркелген аңшылық шаруашылығында арнаулы рұқсат бойынша ғана атуға болады. Оның өзінде көп емес. Мәселен, жыл сайын күзгі маусым кезінде, яғни 1 қарашадан 5 желтоқсанга дейін аңшы бір шыққанда – 2, ал маусымда 4 қырғауыл атып алуына рұқсат етіледі. Мәселен, соңғы жылдары жыл сайын бір айға созылған маусымда тек үш-төрт аңшылық шаруашылығында аңшылар Алматы төңірегінен 1000-нан астам қырғауыл атып алады. Бұл құс мекендейтін басқа жерлерінің бғрі де қорғауға алынған. Сондықтан да әрбір саналы адам сол қоныстардағы қырғауылды қорғап, оның санын молайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға тиіс [3].

Сонымен бірге, қырғауыл қорын молайтуға ерекше назар аударылып отырғанына бір ғана мысал келтірейік. Егер де бұдан бес-алты жыл бұрын аңшы аң аулауға бір рет шыққанда 3,  ал маусымда 9 қырғауыл атуға рұқсаты болса, жаңа ереже бойынша қазіргі кезде аңшыға бір рет шыққанда 2, ал маусымда 4 қырғауыл атып алуға рұқсат етілді. Сондай ақ бұл құсты браконерлерден сақтау шаралары да жүзеге асырылды. Бірақ бір қиналатын жағдай- кейбір аудандарда бұл құсты рұқсатсыз аулаушылар әлі де кездеседі.

Қырғауыл — өсімтал құс. Оның мекені жылына 7-ден 18-ге, көбіне 8-бен 14-ке дейін балапан шығарады. Олар ұясын жерге салады. Оның қорегіне байланысты қыс қатты, қар қалың, азық қоры аз болған жылдары олардың саны да азаяды және осындай қатаң қыста ол түлкі мен жабайы мысық сияқты жауларына да оңай олжа болады. Сонымен бірге, қырғауылдың көбеюіне оның мекендейтін жеріндегі қамыс қопасын өртеу, орман-тоғай ағашын кесіп алу, шамадан тыс мал жаю сияқты жағдайлар да кедергі жасайды. Сондықтан мұндай шаралардың жоспарлы жүргізілуі табиғат қорғау орындары мен алдын-ала келісіліп істелуі керек.

Қырғауылдарды, құрларды, бөденелерді, үйректерді қолда ұстап оларды аңшылық өңірлерге жібереді.Польшада аңшылық шаруашылықта және арнайы қырғауыл өсіретін жерлерде 100 мыңға дейін қырғауыл өсіріп, соның 50 мыңнын жылма-жыл аңшылық өңірлерге жіберіп отырады. Францияда аңшылық құстарды 1983 аңшылық шаруашылықта көбейтеді. 1968 жылы осы шаруашылықтарда шамамен фазаның 1 миллионнан аса жұмыртқасы мен балапаны, 1,6 миллион бөдененің және 1 миллион жабайы үйректерді дайындап берді. Олар жылына аңшылық өңірлерге 2,5 миллион қырғауыл және 0,4 миллион құрларды жіберіп отырады. РесейРесейң Краснодар өлкесіндегі Майкоп қаласындағы қырғауыл өсіретін питомник 1958 жылдан бері 100 мыңнан астам қырғауыл өсірген.

Соңғы жылдары елімізде қырғауылдарды өсіріп жіберу жұмыстары жүргізілуде. Жасанды орман флорасын құру фаунаны дамытумен қатар жүргізілуі тиіс екенін ескергендіктен қырғауылдарды орманға жіберу жыл сайынғы үрдіске айналған. Осындай жұмыстар көбіне Астана қаласының маңайында жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. НАРЫНҚОЛ ОРМАН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ СИПАТТАМА

 

2.1 Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекеменің орналасқан жері мен аумағы

 

Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Райымбек және Ұйғыр әкімшілік аудандарының территориясында орналасқан.

Мемлекеттік мекеме кеңсесі Нарынқол ауылында, Алматы қаласынан 340 шақырым қашықтықта орналасқан.

Мемлекеттік мекеменің жалпы аумағы соңғы орман шаруашылығын құру үшін 188298 га болып отыр. Ол 3 орманшылықтан құралады. Оған арналған саяжайлары мен Шәлкөде орманшылығының шоқ орманда кішкене учаскелерде кіреді.

  Асфальтты және қара жолдар, мемлекеттік телефон топтары арқылы мемлекеттік мекеме орманшылықтарымен, аудан және облыс орталықтарымен байланыс болады.

  Мекен-жайы: Алматы облысы,

                     Райымбек ауданы,

                     Нарынқол ауылы,

                    Амангелді көшесі, №78 үй индексі: 483450

 

  • 2 Табиғи-климаттық жағдайлары
  •  

Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекеме территориясы Тянь-Шань тау жүйесіне кіретін Кетмен, Теріскей Алатау және Қаратау қыраттарында орналасқан.

  Орман-өсімдік аудандастыру бойынша Орталық және Солтүстік-шығыс Тянь-Шань шырша ормандары аймағының Кеген-Нарынқол орман-өсімдік ауданына жатады.

 

1-кесте- Нарынқол орман және жануарлар дүнеиесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің құралымы

Орманшылықтар

Әкімшілік аудандар

Жалпы аумағы

Орманшылық кеңселеріне орналасқан жері

Сарыжаз

Райымбек

23274

Сарыжаз ауылы

Шәлкөде

 

Райымбек

Ұйғыр

55843

7479

Сарыбастау ауылы

Текес

Райымбек

101702

Нарынқол ауылы

оның ішінде:

Мемлекеттік мекеме бойынша

Райымбек

Ұйғыр

 

188298

180819

7479

 

 

Орман шаруашылықтың климаттық жағдайы метеореологиялық станциялармен сипатталады. Теңіз деңгейінен 2234м биіктікте орналасқан «Нарынқол» метеостанциясының (теңіз деңгейінен 3036м биіктікте) мәліметтері алынған.

Мемлекеттік орман қорының таулы аймағын орман-өсімдік аудандарына бөлуді ҚазАШИ оқытушылары (Медведев, Гуриков, 1972ж) жасап, 4 ауданнан тұратын 2 орман-өсімдік провинциясына бөлді.

Нарынқол орман шаруашылық территориясын орман-өсімдік аудандарына бөлсек, ол Тянь-Шанның оңтүстік және солтүстік-шығыс шырша орман провинциясының Кеген-Нарынқол орман-өсімдік ауданына жатады.

Кеген-Нарынқол орман-өсімдік ауданының таулары 1800-2000м биіктікте орналасқан Кеген-Қарқара тау құрама жартастарымен биіктетілуімен ерекшеленеді.

Жалпы айтқанда, орман шаруашылық орналасқан аудан климаты континенталды, жазы салқын, қысы суық.

Облыс бойынша, суық аудандардың бірі вегетативтік кезеңінің басы мен соңы +10º C орташа тәуліктік температурада өтеді. Вегетативтік кезеңнің ұзақтығы 90 күн шамасында.

Ағаш өсімдіктердің дамуына желдер үлкен әсер етеді. Жел транспирацияны жоғарлатады, ылғал булануын көбейтеді. Кейден желдер ағаштарды сындырып, қиратады. Желдің көп соғатын бағыты-солтүстік, ал қысқы кезеңде оңтүстік-шығыс бағытта көп соғады. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 2,9м/сек. Тауда биіктікке байланысты желдің күші жоғарылайды. Желдің жылдамдығы суық кезеңде күшейеді, қазан мен наурыз айларында.

Қар жамылғысының тереңдігі таудың солтүстік беткейінде (экспозиция) 65-75см, оңтүстік беткейінде 5-10см. Қар жамылғысының орташа пайда болу уақыты – 26.11, қар жамылғысының орташа еру уақыты – 10.03.

Топырақтың тоңдануының орташа тереңдігі 43см (мин-34, макс-51см). Ол тау экспозициясына байланысты. Алғашқы күзгі үсік қыркүйек айының басында, ал соңғы көктемгі үсіктер мамыр айының соңында болады.

Күнгей Алатау қыратында метеостанциялар болмағандықтан, Іле Алатау қыратының әртүрлі биіктігінде орналасқан метеостанциялар мәліметтері алынды. Сонымен қатар, теңіз деңгейінен 2100м биіктікте орналасқан шығыс Қарабұлақ шатқалында 1957-1959 жж. Ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты Д.Е. Гуриковтың бақылау деректері пайдаланылды.

Тау жағдайында ауа температурасына тау экспозициясы мен теңіз деңгейінің биіктігі көп әсер етеді. Таудағы орташа температура әрбір 100м сайын орташа есеппен 0,51º азаяды. Жазғы уақытта бұл коэффициент 0,71º-қа дейін жоғарлайды.

Атмосфералық жауын-шашын саны теңіз деңгейінің биіктігіне тығыз байланысты. Биіктік жоғарлаған сайын жауын-шашынның жылдық мөлшері, шамамен 2500м-ге дейін жоғарлайды.

Су буы жеткілікті жылы ауа ағыны тау бөгетінің әсерінен жоғары көтеріледі, биіктеген сайын ауа ағыны суып, жауын-шашынға айналады. Жауын-шашынның көбі көктем мен жаз айларында болады (жылдық мөлшердің 68-74%). Жауынның Күнгей Алатауға түсуіне Ыстықкөлде жақсы әсерін тигізеді, жазғы уақытта көтерілген су булары Күнгей Алатаудың оңтүстік қыратынан асып, салқын солтүстік қыратына жауын болып түседі.

Көктемгі және жазғы кезеңде Күнгей Алатаудың солтүстік қыратына жиі түседі. Топырақтың ылғалды болуы және ауа ылғалдылығының жоғары болуы шыршаның өсуіне қолайлы. Бірақ таудың оңтүстік бөлігінде жауын-шашын мөлшері бірден төмендейді, сондықтан шырша Күнгей Алатауда теңіз деңгейінен 1800-1900м-ден төмен қарай өспейді.

Іле мен Күнгей Алатаудың орташа жылдық ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары, әрі 50-60% құрайды.

Бірақ бұл заңдылық қысқы және жазғы кезеңде сақталмайды. Қыста тауда ауа құрғақ болады, ал жазда керісінше салыстырмалы ауа ылғалдылығы оңтүстік беткейде едәуір жоғарлайды.

Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы жергілікті жердің теңіз деңгейінің биіктігіне байланысты: биіктеген сайын вегетациялық кезең 146-дан 53 күнге дейін қысқарады., бұл әрине өсімдіктердің өсу қарқыны мен тарауына әсер етеді.

Күнгей Алатаудың теңіз деңгейінен 1900-2000м биіктікте вегетациялық кезең 140 күннен 70 күнге дейін болады. Көктемгі үсіктер жас өскіндердің табиғи өсіп шығуына зиянын тигізеді. Күнгей Алатаудың солтүстік беткейінде қар жамылғысы қараша айының II жартысынан бастап түзіледі. Қар жамылғысының еруі төменгі шырша белдеуінен басталады. Наурыздың соңында төменгі белдеуде қар еруі төменгі шырша белдеуінен басталады. Қар жамылғысының еру кезеңі созылыңқы болуы эрозиялық процестердің болмауына әсер етеді. Солтүстік беткейдің ортаңғы бөлігінде қар жамылғысының биіктігі 65-75см. Ағаштардың өсуіне желдер пайдасын тигізеді.

Тянь-Шань қыраттары солтүстік және солтүстік-батыс желдеріне бөгет жасайды. Айта кету керек, шырша белдеуінің ортаңғы бөлігінде желдің жылдамдығы 10-12м/сек, кейде жел жылдамдығы 20-24м/сек-қа дейін барады. Мұндай жылдамдықта ағаштар сынады.

Жер бедерінің пішіні мен биіктердің әртүрлі болуына байланысты жергілікті климаттық варианттардың пайда болуына септігін тигізеді. Мұндай жағдайда әрбір жазық, әрбір беткейдің өзіне тән микроклиматы болады. Қорыта келгенде, Күнгей Алатаудың солтүстік беткейінде тау биіктіктері мен экспозициясына байланысты климаттық факторлардың әртүрлі болуы өсімдіктердің өсуіне қолайлы болып табылады. Қолайлы климаттық факторларға мыналар жатады: жылы температура, жеткілікті жауын-шашын мөлшері, ауа ылғалдылығы мен самал желдер.

Орман шаруашылығының территориясы теңіз деңгейінен 3750-3800м биіктікте Күнгей Алатаудың солтүстік беткейі мен Іле Алатауының оңтүстік беткейінде орналасқан. Күнгей Алатау толқынды жер бедерімен сипатталады. Барлық орман-таулы орман түріне жатады. Топырақ өсімдік жамылғысы 3 биіктік аймағына бөлінеді: таулы-шалғынды аймақ (45%-ға жуық), таулы-орманды-шалғынды аймақ (35%-ға жуық), таулы-далалы аймақ (20%-ға жуық).

Орман шаруашылығы үшін климаттық және топырақ жағдайына байланысты ең маңыздысы таулы-орманды-шалғынды аймақ. Бұл аймақта негізгі орман шаруашылық шаралар мен орманды қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады.

Орман шаруашылығының таулары тік беткейлілігімен ерекшеленеді. Орманды аймақтың 82%-ы 21-35º-тық беткейлерде, 8%-ы 11-20º-тық беткейлерде, 9%-ы 36º және одан жоғары өте тік беткейлерде орналасқан.

Орман шаруашылық территориясы су эрозиясына ұшыраған. Топырақты эрозиядан сақтауда бұталардың ролі өте жоғары деп атап өткен жөн. Тау орманы жергілікті жағдайларда жоғары қабаттағы су ағынының реттеушісі болып саналады.

  Аудан климатының басты ерекшелігі — жер бедері, пішіні мен теңіз деңгейінен биіктіктеріне байланысты жергілікті жердің климаттық көрсеткіштерінің әртүрлі болуы мен климаттық континенталдылығы болып саналады. Теңіз деңгейінен биіктігі өзгерген сайын температура режимі, вегетациялық кезеңінің ұзақтығы, жауын-шашын мөлшері, салыстырмалы ылғалдылық және басқа да климаттық факторлар өзгеріп отырады.

Аудандағы вегетациялық кезеңінің орташа ұзақтығы 105 күнді құрайды, биіктік аймақтары бойынша 135 күнмен 70 күн аралығында ауытқып тұрады. Климат көрсеткіштері Нарынқол метеостанциясының деректері бойынша 2-кестеде көрсетілген. Кестелердегі деректер мемлекеттік мекеме территориясының климатын толық сипаттай алмайды. Кейбір жылдары орташа көп жылдық көрсеткіштерден ерекшеленетін ауа-райының құбылыстары болып тұрады.

Ағаш-бұта өсімдіктерінің өсуіне және дамуына кері әсерін тигізетін факторларға кеш көктемгі және ерте күзгі үсіктер мен бұршақ жауу жатады.

Құрамына тау етегіндегі даладан бастап мұздықтарға дейінгі барлық климаттық аймақтар кіреді. Климаты қоңыржай жылы, кеш көктем мен жазда жауын-шашын көп түседі.

Мұнда биіктік климатының 3 белдеуі айқын байқалады:

  1. Салыстырмалы ылғалды белдеу негізінен тау етегіндегі далалы аймақ жатады.

  Мұнда жазы құрғақ, әрі ыстық. Қысы салыстырмалы жәлы және қар аз түседі. Ол климаттық шұғыл континенталдығы байқалады.

  Ауаның орташа тәуліктік температурасының жиынтығы 10º С-тан жоғары болады және белдеудің оңтүстік-батыс бөлігінде 7000º-на 7400º С-қа дейін болса, ал оңтүстік-шығыс бөлігінде 3000º С-тан аз болады. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 170-180 күн аралығында болып келеді.

  Көктемгі үсіктер сәуірдің II жартысында тоқтаса, алғашқы күзгі үсіктер қазанның I жартысында басталады.

  Бір жылдағы жауын-шашынның жиынтығы орташа есеппен 500-550 мм, оның ішінде жылдың жылы кезеңінде 330-360мм болса, суық кезеңде шамамен 150-200мм болып келеді.

  Тұрақты қар жамылғысы қарашаның соңы мен желтоқсанның басында байқалады, ал наурыздың II он күндігінде қар ети бастайды. Тұрақты қар жамылғысының ұзақтығы 115-120 күн, ал оның биіктігі 20-30 см-ге тең.

  1. Ылғалды, қоңыржай ыстық белдеу негізінен тау етегі мен таудағы егіншілік аймақ жатады. Климаты әртүрлі, 10º С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жиынтығы 2100-3000ºС-ты құрайды.

  Жылы кезеңде жауын-шашынның жиынтығы тау етегінде 300мм-ден бастап, таулы жерде 400мм және одан жоғары болып келеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-620мм оның көп бөлігі жылы кезеңде түседі.

 

2-кесте«Нарынқол» метеостанциясы, теңіз деңгейінен 3036м  биіктікте (мәліметтер)

Айлар

Ауа температурасы

Жауын-шашын мөлшері,мм

Қар жамылғысы, см

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %

Желдер

орташа

макс

мин

бағыты

Жылдамдығы, м/сек

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қараша

Қазан

Желтоқсан

-14,5

-11,8

-3,0

4,5

9,5

13,2

14,8

14,3

8,8

1,8

-3,2

-9,8

2

8

19

26

28

28

31

30

30

26

24

7

-40

-35

-27

-24

-17

-3

-1

-4

-9

-22

-34

-34

6

6

11

33

53

66

73

50

35

20

13

10

10

6

6

7

77

75

67

47

46

42

39

32

36

46

63

77

ОШ
ОШ
С
С
С
С
С
С
С
С
ОШ
ОШ

3,1

2,9

3,5

3,0

2,8

2,7

2,6

2,5

2,6

2,6

3,1

3,3

 Орташа       жылдық

27

31

-40

378

54

2,9

 

Аязсыз кезең қолайлы жылы аудандарда 140-170 күнге тең, ал біршама салқын жерлерде 100 күннен кем болады.

  Тау етегінде көктемгі үсіктер сәуірдің соңы мен мамырдың басынды, ал таулы жерде мамырдың соңында тоқтайды.

  Күзгі үсіктер қыркүйектің екінші жартысында басталады. Таулы аудандарда тұрақты қар жамылғысы қарашаның басында ал басқа территориясында қарашаның екінші жартысында байқалады.

Қар жамылғысының биіктігі 25-тен 40-80-ге дейін, кейде 80см-ге дейін болады. Тұрақты қар жамылғысының ұзақтығы 120-140 күн. Ал таулы жерде 150-160 күнге дейін болады. Таулы жерлерде сәуірдің I жартысында ери бастайды.

  1. Жақсы ылғалданған биік тау белдеуі альпі және субальпі шалғынында орналасқан. 10º С-тан жоғары ауа температурасының жиынтығы 2000º С және одан жоғары болып келеді. Бір жылдағы жауын-шашынның мөлшері 600мм-ден артық болады.

Көктемгі үсіктер мамырдың соңында тоқтаса, күзгі үсіктер тамыздың соңында немесе қыркүейктің басында басталады. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 100 күннен аспайды, ал қолайсыз жылдары 50 күн болып келеді. Қар жамылғысы қазанның соңында тұрақталады, ал сәуірдің соңында тұрақталады, ал сәуірдің соңында ери бастайды.

 

  • 3 Жер бедері мен топырақтары
  •  

  Мемлекеттік мекеме орналасқан территорияның жер бедері күрделі және әртүрлі. Қыраттардың беткейлері көптеген шатқалдармен тілімделген. Беткейлердің еңістегі 35-45º және одан жоғары болып келеді. Теңіз деңгейінен минималды биіктігі 1800м, максималды биіктігі – 4245м.

Мемлекеттік мекеме территориясында келесі топырақ типтері тараған: қара қошқыл түсті таулы-орман, альпі таулы-шалғынды, субальпі таулы-шалғынды, карбонатты қоңыр және шалғынды-батпақты топырақтар.

Мекеме ормандарында таулы-орман, қара қошқыл түсті, саздауытты топырақтар кең таралған. Торфты жерлер жоқ.

Эрозияға ұшыраған, оларды бекітіп жақсартуды талап ететін учаскелер байқалған. Жайылымдарда және басқа да жер категорияларында эрозиялық процестердің пайда болуынан, олардың дамуынан сақтану үшін үй малдарын өріске шығаруды қатаң реттеп отыру қажет. Барлық орман шаруашылық шараларды орындағанда, әсіресе орманды кескенде, эрозияны болдырмау шаралары қарастырылып отыруы керек.

Биік таулы-нивалды-жартасты аймақ топырақтың болмауымен сипатталады. Мұнда қазіргі заманғы мұздану қаралған. Мәңгі қар жартастармен алма кезек орналасқан. Осы жерден өзендер басталады.

Биік таул-шалғынды және шалғынды дала аймағы мұздықтардың төменгі жағынан әртүрлі шөпті субальпі шалғынына дейін орналасқан. Бұл аймақ альпі және субальпі аймақтық белдеулеріне бөлінеді.

Жоғарғы альпі белдеуінің солтүстік беткейінде жатаған альпі шалғынының өсімдіктері өседі, мұнда альпі таулы-шалғынды топырақтар түзілген, қарашірінді қабатының аз болуымен, қаттыв шымдалуымен ерекшеленеді.

Төменгі субальпі белдеуінде таулы-шалғынды субальпі топырақтары түзілген. Олар қошқыл түсімен, қарашірінді қабатының қалың болуымен ерекшеленеді. Суды сіңіруінің жоғары болуымен сипатталады.

Солтүстік беткей топырақтары басқаша. Мұнда биік таулы-шалғын дала, биік таулы дала, биік таулы қошқыл түсті топырақтар таралған. Қарашірінді мөлшері 15%-ға деін, азот 0,6-1,3%.

Бұл аймақ жазғы жайылым ретінде пайдаланылады, орташа отын ретінде қолданылады.

Шырша мен жалпақ жапырақты орман, бұталар, әртүрлі шөптесін өсімдіктер өскен таул-орманды-шалғынды-далалы аймақта қарашіріндісі мол (16%-ға дейін), ұсақ кескінді тасты топырақтар түзілген.

Бұл аймақтың топырақтары механикалық құрамы бойынша ауыр және орташа саздауытты. Мұнда I, II жәнн III бонитеті орман өседі. Аймақтың төменгі жағындағы жерлерде жеміс-жидек, екпелер мен шырша орманы орналасқан.

Теңіз деңгейінен 800-1200м абсолюттік биіктіктегі таулы және тау етегіндегі жаздық аймақта кәдімгі және оңтүстік қара топырақтары, таулы- далалы термоксерофитті, қара-қоңыр топырақтар таралған. Топырақ түзуші тау жыныстарына лесс және лесс тәрізді саздауыттар жатады. Бұл топырақтардың қарашірінді қабаты 5-10%, азот 0,25-0,5%.

Орташа тау жер бедері 1700м-ден 3000м аралығында орналасқан. Мұнда еңістігі 35-40º беткейлер мен тереңдігі 500-700м сайлар кең тараған. Тастардың опырылып құлауы, қиыршық тастардың жылжуы көп кездеседі. Шыңдар кездеспейді, толығымен топырақ өсімдік жамылғысымен жамылған. Аласа таулы-сатылы жер бедері 1100-1700м аралығында орналасқан. Мұнда жоғары және төменгі сатылар кездеседі. Көне палеозойдың кристалды тау жыныстарын жауып тұрған борпылдақ саздауыт топырақтар мен тастардан құралған. Тау беткейлерінің еңістігі 25-30º.

Тау етегіндегі жазық негізінен 1100м-ден төмен орналасқан. Іле Алатауында еңістігі 55-60º беткейлер кең тараған. Қырат беткейлерінде орташа еңістік 23º құрайды. Шыңдарда мұздың мол шоғырлануы-таудың бір ерекшелігі болып саналады. 

 

2.4. Гидрография және гидрологиялық жағдайлар

 

Мемлекеттік мекеме территориясы Іле өзені бассейінінің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Көптеген ірі өзендер мекеме территориясын өте отырып, Текес өзенінің бассейініне жатады. Ол Іле өзеніне құяды. Территория ішінде Текес өзенінің ұзындығы 20км.

Мемлекеттік мекеме территориясында Кегшен өзеніне құятын Шалқыды су өзені басталады.

Бұзынбай өзенінің жоғарғы жағында Үлкен Қақпақ өзені басталады. Теңіз деңгейінен 3080м биіктікте Қаракөл атты биік тау көлі бар. Оның ұзындығы 1800м, ені 400м. Өзендердің ағу жылдамдығы жергілікті жердің еңістігіне байланысты және 1,3м секундтан 4,5-5,5м секундқа дейін. Өзендердің тереңдігі 0,5м-ден, 2м-ге дейін, ені 2-4м. Текес пен Баянқол өзендерінің ені 20-30м-ге дейін жетеді.

Жер асты сулары тереңде жатқандықтан, ағаш бұта өсімдіктерінің өсуіне онша әсер етпейді.

Топырақтың шымдалу деңгейі жоғары, сондықтан батпақтанған учаскелер сирек кездеседі. Территорияның гидрологиялық жағдайы ағаш-бұта өсімдіктерінің өсуіне және дамуына қолайлы жағдай туғызады.

Жалпы айтқанда, мекеме орналасқан территорияның топырақ климаттық және гидрологиялық жағдайлар шырша ормандары мен бұталарының өсуіне қолайлы.

«Қазақстан республикасындағы таулы ормандарын басты пайдалану кесуінің ережесі» (1994ж) жобасына сәйкес, ұзындығы 10км артық кіші өзендерге ені 30м жағалау қорғайтын жолақтар бөлінген. Орман шаруашылығы мемлекеттік меукемесі орналасқан территорияда келесі өзендер осы топқа жатады: Текес, Орта Қақпақ, Үлкен Қақпақ, Баянқол, Нарынқол, Сүмбе, Шибөрілі-Хасан, Сатылы-Хасан, Бұталы-Хасан, Бұзынбай, Қошқар, Қарасай, Тұйық, Қақпақ, Шәлкөдесу.

 

3-кесте. Мекеме аймағында орналасқан өзендер мен басқа су қоймаларының сипаттамасы

Өзендер мен су қоймалары

Өзеннің құюы

Ұзындығы

Текес өзені

Орта-Көкпек

Үлкен-Көкпек

Баянқол

Нарынқол

Сүмбе

Ой-қарағай

Шибөрілі-Хасан

Саталы-Хасан

Бұталы-Хасан

Шәлкөдесу

Бұзынбай

Қошқар

Көмірші

Қызылбұлақ

Қарасай

Кұдықсай

Күркілдек

Іле

Текес

Текес

Текес

Баянқол

Текес

Шибөрілі-Хасан

Хасан

Шибөрілі-Хасан

Хасан

Кеген

Үлкен Көкпек

Кеген

Кеген

Текес

Сүмбе

Сүмбе

20

13

28

25

17

12

13

6

12

15

13

12

10

8

10

6

7

7

 

 

 

 

 

2.5 Мекеме қызметінің негізгі мақсаты мен түрі

 

Мекеме қызметінің негізгі түрі мен мақсаты – орман, аңшылық және өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өзге де ресурстарын қорғау, сақтау, өсіру және тиімді пайдалануды басқарау мен реттеу.

Мекеме табиғат қорғау және табиғатты пайдалану саласында төмендегідей мақсаттарын жүзеге асыру құқығын пайдаланады.

  • орман және аңшылық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын дамыту жөніндегі мемлекеттік және басқа да жоспарлдарды жүзеге асыруға ат салысады;
  • орман, аңшылық шаруашылығын және жануарлар дүниесінің басқа да байлықтарын (ресурстарын) ұлғайта өндіруге, ұтымды, әрі үнемдеп пайдалануға, өз билігіндегі ерекше қорғаудағы табиғат аймағына мемлекеттік басшылық жасайды;
  • орман өсімдігін ресурстық потенциалын жәнежануарлар дүниесінің байлығын арттырады;
  • бірегей әрі сирек ландшафты (жер бедерін) өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық алуан түрлілігін сақтау жұмыстарын ұйымдастырады;
  • мекеме штатындағы орман күзетінің, қорықшылар қызметкерлерінің жұмыстарына іскерлікпен, бірлікпен басшылық жасайды.

Осы мақсатта мекеме:

  • өз құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
  • орман, аңшылық және өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өзге де ресурстарын қорғау, сақтау, өсіру және тиімді пайдалануды басқару мен реттеуді жүзеге асырады;
  • эклогиялық, тау және аң туризмінің дамуын қамтамасыз етеді;
  • өсімдік және жануарлар дүниесінің ресурстарын қорғау шараларын жоспарлап жүзеге асырады, орманды пайдалануды реттей отырып, өсіруді, аурудан және де басқа заңсыз әрекеттерден қорғауды ұйымдастырады;
  • ормандарды өрттен, заңсыз кесуден және басқа да орман заңнамаларын бұзудан, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау, браконерлікпен күрес жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • орман ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ресурстарын қорғау шараларын жоспарлап жүзеге асырады;
  • орман ресурстарын өсіру, орманның қорғаныс желектерін жасау, құмдарды, эрозияға ұшыраған жерлерді желектендіру, сондай-ақ орман тұқымдық және орман селекциясы питомнигінің дамын ұйымдастырады;
  • мемлекеттік табиғи қорықтардың, өзінің қарамағындағы өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызмет етуін қамтамасыз етеді, олардың желісін дамыту бойынша ұсыныстар дайындайды;
  • орман және аң шаруашылығын орналастыру, орман қоры жануарлардың ауланатын түрлерін мемлекеттік есепке алуға, аң орман мониторингін, мемлекеттік орман кадастрін жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына табиғи биоресурстарды басқаруды жетілдіруге ұсыныстар енгізеді;
  • ғылыми зерттеулер, жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ғылыми ұйымдарды, табиғи-биологиялық ресурстарды қорғау, өсіру және пайдалану саласында бағдарламалар, жоболар, құқықтық-нормативтік актілер әзірлеу үшін ғалымдар мен мамандарды тартады;
  • орман шаруашылығы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысады;
  • Қазақстане Республикасының заңдарына сәйкес өзіне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

2.6 Мекеменің құқықтары

 

  • мемлекеттік органдардан және бөзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты талап етеді және сұратып алады;
  • мекеме өзінің билігіндегі тұрақты түрде пайдалануға берілген орман қоры аумағы мен бекітіліп берілген аң жайылымдарына міндетті түрде өз ішінде орындалатын шешімдер мен бұйрықтар шығарады;
  • мемлекеттік басқарушы орган ретінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауда, жетілдіруде және пайдалану кезінде туындайтын сұрақтарды шешуге қатысады;
  • өзінің жеке басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асырады;
  • Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына орман және жануарлар дүниесін шаруашылықта пайдалануға режим орнату жөніндегі мәселелер бойынша: орман, аң және басқа да өсімдіктер ресурстары үшін төлемақылар ставкасы; орман, аң және басқа да өсімдіктер ресурстарын пайдалануға арналған лимиттер мен квоталар; орман, аң шаруашылығын жүргізуге құқық беру; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аң және орман алқаптарын бекіту жөнінде құқық беру туралы ұсыныстар енгізеді;
  • Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен келісе отырып орман, өсімдіктер мен жануарлар әлемін енгізілген тәртіппен пайдалануға рұқсат етеді;
  • орман және аң шаруашылығы ресурстарын ретті пайдалануға ұсыныстар енгізеді;
  • ормандар, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзушыларды жауапкершілікке тартады. Орман, аң шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда әкімшілік заң бұзушыларға әкімшілік іс-шара қолданады;
  • жеке және заңды тұлғалардан орман қоры мен жануарлар дүниесін және басқа да өсімдіктер ресурстарын пайдалануға арналған нормалар мен шектеулерді белгіленген ережелерді сақтауды талап етеді және бұзушыларға жол берген жағдайда, табиғатты пайдалану құқығын тоқтату туралы тыйым салады;
  • орман және аң шаруашылығын жүгізу мәселелерін қортындылайды және ұсыныстар береді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады;
  • Орман мекемесі: жеке және заңды тұлғаларға отырғызылған материалдар өсіру мен орман тұқымдарын жинап, көгалдантыратын, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелер жасап, орман шаруашылығы саласында оқу практикасын өткізу, консультациялық және техникалық көмек көрсету жөнінде ақылы қызметтер көрсетуден және ормандарды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесіп, оның ішінде тұрған хылықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесіп, жанама орман пайдалану кезінде алынған өнімдерді өткізуден қаражат түсіре алады; күтіп-баптау мақсатында ағаш кесуді және санитарлық мақсатта, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесуді, жнама орман пайдалануды жүзеге асыру кезінде алынған өнімдерді өткізу нарықтық бағамен жүргізіледі;

Орман мекемелерінің қаражаты мына төмендегілерге жұмсалынады:

  • мемлекеттік орман қорының телімдерінде орман шаруашылығының іс-шараларын жүргізуге;
  • орман шаруашылығы жолдарының құрылыстарна және оларды ұстауына, ормандарды өртке қарсы жайластыруына;
  • орман қорын күзетуіне, қорғауына,пайдалануына, ормандарды молықтыруға және орман өсіру саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарына;
  • орман мекемелерінің орман шаруашылығы қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымды жұмысшылардың, күтіп-баптау мақсатында ағаш кесуді және санитарлық мақсатта ағаш кесуіне, жанама орман пайдалануды жүзеге асыратын жұмысшылардың, сондай-ақ орман ресурстарын қайта өңдеуін жүзеге асыратын жұмысшылардың қызметтер көрсетуіне ақы төлеуіне;
  • байланыс құралдарын, көлікті және жабдықтарды, өртке қарсы, орманды қорғауына және орман өсіру жұмыстарына арналған тұқымдар мен отырғызылатын материалдарды, жанар-жағар майды, киім-кешекті, қаруды және арнайы қорғау құралдарын сатып алуына;
  • орман ресурстарын қайта өңдеуіне қажетті жабдықтар мен тетіктерді сатып алуына;
  • ғимараттарды, құрылыстарды және орман мекемелерінің жұмыс істеуіне байланысты өзге де объектілерді салуына, қайта жаңартуына және жөндеуіне;
  • орман және аңшылық шаруашылығы үшін мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруына;
  • еңбек көрсеткіштері үшін орман мекемелерінің қызметкерлерін көтермелеуіне пайдаланады.

 

2.7 Құстардың биологиялық ерекшелігі

 

Құстар — жылықанды, ұшуға бейімделген, жоғары сатылы, омыртқалы жануарлар. Терісі құрғақ, тек құйымшақ безі ғана болады. Жіліншігі мен саусақтарын мүйізтекті қабыршақтың қаптауы, қауырсындарының мүйізтекті заттан түзілуі, ас қорыту жүйесінде клоака болуы, жұмыртқа арқылы көбеюі, ұрығының даму сатысының жорғалаушыларға ұқсауы құстардың жорғалаушылардан шыққанын дәлелдейді.

Алдыңғы аяқтарының қанатқа айналуы, сүйек қуысының ауаға толуы, ұяшықты өкпесімен қоса ауа қапшықтарының болуы, жұмыртқалардың денеден біртіндеп түзілуі, қажетсіз заттарды сыртқа тез бөлуі — құстардың ұшуға бейімділігінің негізгі белгілері.

Құстардың дене температурасы тұрақты, асқорыту және тынысалу жүйелері қарқынды қызмет атқарады, сондықтан құс денесіне зат алмасу қызу жүреді.

Құстардың жүрегі төрт бөлікті, денесін оттегіне қанық таза қан айналады, үлкен және кіші қанайналым шеңбері болады.

Алдыңғы ми сыңарларында қыртыстың пайда болуы, мишық көлемінің үлкеюінен құстың міне-қылығы күрделі. Құстарда шартсыз рефлекстермен қатар шартты рефлекс оңай қалыптасады.

Құстар — дара жынысты жануарлар, іштей ұрықтанады, ұя жасап, балапандарына қамқорлық көрсетеді.

Құстар тіршілік әрекеттеріне байланысты әр түрлі экологиялық топтарға бөлінеді: шөл және шөлейт далада, орманда, су маңында, т.б. ортада тіршілік етеді.

Құстардың жылдық циклының негізгі кезеңдері:

  1. Көктемнің басында көбеюге дайындық;
  2. Жазда көбею және ұрпағын өрбіту;
  3. Жаздың аяғында түлеу;
  4. Күзге қарай қыстың қолайсыз жағдайын бастан кешіруге дайындалу;
  5. Қыстап шығу.

Құстар жыл маусымдарының алмасуына байланысты қоныс өзгертіп отырады, соған байланысты оларды келесідей топтарға бөледі.

Қыста басқа жылы жаққа ұшып кетпей жыл бойы белгілі бір орында тұрақты мекендейтін қүстар – отырықшы құстар деп аталады. Оларға шіл, құр, сауысқан, үш саусақты тоқылдақ тәрізді құстар жатады.

Жылма-жыл көктемде балапан өрбітуге келіп, жаз айының соңына таман немесе күзге қарай оңтүстікке ұшып кететін құстар жыл құстары деп аталады. Оларға үйрек, қаздар, аққулар, тырналар, ұзақтар, қараторғайлар, бозторғайлар жатады.

Сондай-ақ қорек іздеп жыл бойы (әсіресе қыста) мекенін жиі алмастыратын құстар көшпелі құстар деп аталады. Оларға: үлкен шымшық, ала қарға жатады.

Құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Көптеген құстар өсімдікпен қоректеніп, олардың жемістерін, тұқымдарын таратады.

Өлексемен қоректенетін құстар (құмайлар, жыртқыштар) табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады.

Тропиктік аймақта шірнелермен қоректену кезінде өсімдіктерді тозаңдандыратын да құстар бар (колибри).

Құстар – тірі ағзалардың қоректік тізбегіндегі негізгі буын, өйткені оларды басқа жануарлар қорегіне пайдаланады.

Құстар алуан түрлі сыртқы көрінісімен, әсем сайрағыштығымен ормандарды, шалғындарды, су қоймаларын, тыныш бақтарды жандандырып, табиғаттың сәнін келтіріп, эстетикалық роль атқарады.

Адам құстарды спорттық және әр түрлі мақсатта аулайды. Көптеген құстар өздері қоректеніп, балапандарын жемдеу арқылы ауыл шаруашылығына зиянкес бунақденелі жәндіктерді жояды. Жыртқыш құстар кемірушілермен қоректеніп әр түрлі аурулардың (оба, сарыауру және т.б.) таралуын тежейді. Қауырсыны (үкі) және мамығы (гага) үшін ауланатын да құстар бар. Құстардың саңғырығы – тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫ

 

3.1 Зерттеу әдістемесі

 

Жұмыс бағдарламасы бойынша Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану болып табылады.

Жалпы аңшылық кәсіптік құстарын санау. Орман құстарының ойнақ жерлерінде көктемдік санақ. Санақ негізгі тауық тәрізділердің қораздарының ойнақ дауыстарынан құрылған: саңырау құр, құр, ақ құр, қырғғауыл, ұлар, сұр құр.

Саңырау құрдың санағы сәуірдің басынан мамырдың ортасына дейін жүргізіледі. Санақ барлық шаруашылықтағы ойнақ жерлерде жүргізіледі. Бұл құс топ болып ойнақтайды және ойнақ шекарасының шеңберінен асып кетпейді. Ойнақ жерлері жыл сайын бірқалыпты, бір жерде жүргізіледі, егер ол жерде орманды шабу жұмыстары жүргізілмесе. Саңырау құр үй үндігіне ұқсап ойнақ уақытында қанатымен жерді сызады, қарға көріністі сызықша қалдырады. Ойнақ жерін тапқаннан соң, олардың ойнақ шекарасын анықтауымыз керек және планшетке белгіленеді. Санақшы әр саңырау құрдың ұшып келу уақытын белгілеп отырады (санақты) құсты екі рет санап қоймау үшін. Таңертең қораздардың «әндетуі» жатқадарын санайды, абриске олардың ойнақ жерлерін белгілейді.

Соңғы қорытындысында калькаға ойнақ карточкасымен ойнақ абрисы белгіленіп, орман (аймағы көрсетіліп белгіленуі керек) аймағындағы ойнаққа орын бөлінген жерлерін көрсетіп белгілеу керек.

 

3.2  Қырғауыл санау тәсілі

 

Бұл құстардың тұрақты ойнақ жерлері жоқ, ойнақ топтарын құрмайды, жиі жалғыз ойнақтайды, ойнақтаған қораздардың дайыстары (қатты) күшті және өте алысқа естіледі. Бұл құстардың санағын маршруттерінде жүргізеді.

Санақшы, белгіленген маршрутта жүре отырып, жүру машрут абресіне «әндеткен» қораз жерлерін белгілеп, қай жерде отырғанын анықтайды. Санақ маршруттың барлық мекендеу алаңында жүргізіледі.

Итсіз орман құстарын санау, ленталы санақ тәсілі.

Бұл тәсілдің негізі бірнеше адам бір қатарға тізіліп аймақты бақылап өтеді, лентада белгіленген еніндегі жерлерге кездескен құстарды санайды.

Лентаның санақ ені адам санына байланысты. Санақшылар тік бір қатарда бір бірінен арақашықтығы 15 метрде жүріп оытрады. Бақылау алаңының ені 30м метр, оң және сол жаңынан 10 метр сызықшадан ұшып шыққан құстарды санайды. Үш санақшының санақ лентасындағы жалпы ені 30 метрге тең болады. Санақшының біреуіне жүру маршруттың обресі беріледі, әр түсті карандашпен боялған.

Берілген құстар  түрінің алаңы 20 айызға дейін жері саналса, санақ мәліметтерін шаруашылық аймақ типтерінде қалған алаңдарға электронды болады.

Жыл сайын құстардың ленталы  санаудың бақылау арасында тұрақты маршрутта және бір мерзімде құрған жөн (тамыз-қыркүйек айларында).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

4.1 Қырғауылдардың биологиялық ерекшіліктері

 

Қырғауыл тұқымдастары

Қырғауыл — Phasianus  — Фазан

Кәдімгі қырғауыл – Phasianus colchicus L.

Үлкен қораздарының басы жасыл-күлгіндеу түсті болады. Денесінің жоғарғы жағы сарғыш, жасыл жылтыр түсті болса, қанатының ұшы ұсақ қара түсті болып келеді. Төменгі жағы қызғылт жасыл аралас және қанатының ұшында қара жолақтар жиі болады. Тамағы мен жемсауы жасыл түсті.

Қауырсын қанатының жабынды қауырсыны мен мойынында ақ жолақтар бар. Құйрығы ұзын, тіпті қанатынан 2 есе ұзын. Бағыттауыш қанаты сарғыш сұр, қызғылт түсті және көлденеңінен қара жолақты, қауырсынының ұшы тармақталған. Көзінің айналасындағы дақтары ашық-қызыл түсті, тұмсығы иілген қоңыр түсті, аяқтары жасыл қоңыр.

Тауықтарының жоғарғы жағы ашық қоңыр, ірі қоңыр дақтары бар, денесінің төменгі жағы біртүсті құм түстес. Тамағында күлгіндеу түс кездеседі. Құйрығы ұзын (қоразының құйрығына қарағанда қысқарақ) денесімен түстес болып келеді.

 

Сурет 5. Жетісу қырғауылы 

 

Тауық тәрізділер отряды — отряд курообразные — galliformes. Мөлшерлері әртүрлі (45 граммнан 8-10 килоға дейін) тауық бейнелі жер үсті немесе жер үсті-ағаш құстары. Антарктидадан, Еуразия мен Американың қиыр шығысындағы аралдарынан, Гренландияның көпшілік бөлігінен, Оңтүстік Американың және Арабияның оңтүстік бөлігінен басқа барлық жер шарына тараған. Тұрғылықты немесе қоныс аударушы құстар; қоңыржай және солтүстік ендіктің кейбір түрлері ұялауға ұшып келетін құстар. Түгелімен дерлік әуесқой, кейбірі кәсіби аңшылық нысаналары.

Тауық тәрізділер қазіргі кезде өмір сүретін екі жүз алпыс түрден сексен бес туыстан құралған сегіз тұқымдастыққа біріккен екі тобыр тармағына бөлінеді:

Гоациндер – Гоациновые – Opisthocomi;

Тауықтар – Куриные — Galli .

Гоациндер тек бір ғана тұқымдастан – Opisthocomidae, бір ғана туыстан – Opisthocomus, бір ғана түрден – O. Hoazin (Miller, 1906) тұрады.

Гоациндер Амозонка өзені алабының ылғалды ормандарында мекендейді.

Тауықтарға қазіргі кезде өмір сүретін алты тұқымдас кіреді.

Қырғауыл тұқымдастары — Семейство Фазановые — Phasianidae

Әртүрлі мөлшерлі (салмақтары қырық бес граммнан бес килоға дейін) жер үсті құстары.

Космополиттер, тек Солтүстік жарты шардың жоғарғы жағында (тундра және тайганың солтүстік бөлігі), Антарктидада және құрлықтан алыс мұхит аралдарында мекендемейді.

Қырық сегіз туысқа біріккен бір жүз жетпіс бес түр кіреді.

Қазақстанда алты туысқа біріккен сегіз түрі кездеседі.

Барлық  үй тауықтары Қызыл бұталы, немесе Банкив тауығынан (Gallus gallus (Linnaeus, 1758) шыққан.

Қазіргі кезде Банкив тауықтары Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген аудандарында табиғатта өмір сүруде.

Қырғауыл батыста қара теңізден шығысында Оңтүстік Жапония және Тынық мұхитының жағалауына таралған. Солтүстік шекарасы Каспий жағалауынан (Волга), Арал теңізі аралары, балқаш, Алакөл өзендері, ал Моңғолияда – 50 градус шамасында, ал Қиыр Шығыста – 52 градус. Оңтүстік шекарасы Кавказдан өтке, ауғанстанда – 33 градустен 34- градуске дейін шамасында, оңтүстігінде Памирді қамтиды. Орталық Азияда қырғауыл  ареалының, ал Шығыс Азияда 22 градуске дейін түседі.

Қырғауыл батыста Қара теңізден шығысында Оңтүстік Жапония және Тынық Мұхитының жағалауына таралған.

Батыс Европа және Солтүстік Американың көптеген мемлекеттерінде жерсінген.

Қазіргі таңда қырғауыл Қазастанның оңтүстік жартысында көптеген өзендерінің бойында кең тараған, сырдария жазығында Өзбекстан шекарасынан бастап өзен сағасына дейін мекендейді. Сырдария, мысалы, Джулек және Шиелі мен Джусалада аралығында көп тараған. Тоқтаусыз жасалған аңшылық осы аймақтағы қырғауыл санын азайтқанымен кейбір жерлерде олар бұрынғысынша көптен кездеседі.

Қызылқұм мен Жаңадария аймақтарында да қырғауыл аздап кездеседі. Бұл жерлерде кейде олар ұя салады, бірақ өте сирек.

Сырдарияға құятын Келес, Арыс өзен жағалауларында және Талас Алатауы етегінде аз көлемде кездеседі. Кейде Билікөл өзендер топтамасында және Аса өзенінің жағалауында кездеседі. Талас өзенінің бойвнда жиі ұя салады.

Бұрын Теліқұл өзені мен Сарысу аймақтарында кездессе, қазір бұл аймақтар жайлы мәлімет жоқ. Шу өзенінің сағасында, әсіресе Мойынқұм мен Қамқалы аралығында көптеп екздеседі. Іле Алатау етегінде аз кездеседі. Бұл Балқаш өзеніне құятын жерлерде, әсіресе Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері жағалауында қазіргі кезде де жиі кездеседі. Іле жағалауында кей жерлерде әдеттегідей шамада кездеседі. Іле-Түрген, Шелек және Шарын өзендері бойына жоғары қарай тау ішіне қарай таралады. Қазіргі таңда Шелек ағысындағы Бортоғай, Саты және басқа да жерлерде жиі кездеседі. Іле өзенінің ағыстарында қырғауыл саны азайып келеді. Біраз уақыт бұрын бұл құстар Алматының жақын аймақтары үшін әдеттегідей құстар болса, қазірде олар Алматыға жақын аймақтарда мүлдем жоқ. Нарынқол өңірінде биік тауларда да (биіктігі 1800 м шамасында) көп тараған. Жоңғар Алатауынынң етегінде таралуы жайлы мәлімет жоқ.

Алакөл су қоймасында қырғауыл әрқашан кездесіп тұрғанымен, кейде бұл өңірде саны азайып кетеді. А.А. Слудскийдің осы аймақта жүргізген сауалнамаларының  қорытындыларына сүйенсек, 1930 жылға қарағанда қырғауыл саны әдеттегідей болса, кішігірім өрттерден және көп қар жауған қыстардан кейін мүлдем жоғалып кеткен, 1944 жылдан бастап қайта қалпына келген. Сәтін салған күндері кейбір аңшылар күніне оншақты қырғауыл атып алған.

 1950-1951 жылдың қатты қысында қырғауыл қайта жоғалып, 1953 жылдың басында Тентек (Страутманда)  кездесе бастаған. Қазіргі таңда қырғауыл Алакөл, Тентек және Эмельде аздаған мөлшерде кездеседі.

Өткен ғасырдың ортасында қырғауыл Зайсанда кездсессе, қазір Тарбағатай сияқты аймақта жоқтың қасы. Өткен  жүзжылдықтың 30-жылдары қырғауыл Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан Волгадан Оралға дейінгі аймақтарда өте аз көлемде кездесетін. Қазақстан аймағына кейде яғ салғанымен Ганюшкино ауданында ұя салғаны жайлы мәлімет жоқ.

Бузачы (Карелия, 1883) жартылай аралында кездсеті деп жазғанымен, кейінгі зерттеулерде дәлелденген жоқ.

Қырғауыл саны өте күшті өзгереді. Тіпті ірі өзендер сағасында олар үшін барлық қолайлы жағдай бар болса да қырғауыл саны азаяды. Қалың қарлы қыс мезгілінде бұл құстар қорек таба алмайды, бұл олардың жаппай қырылуына әкеліп соғады. Су тасқындары да құстардың көбеюі кезәнде ұяларын бұзып кетеді. Қырғауыл саны құрғақ жаз айларында, әсіресе қоректері, өсімдіктер күйіп кетіп, қыста қорексіз қалған кезде азаяды. Қырғауыл санының азаюына адамның іс-әрекеті – алқаптарды өртеу, тоғайларды шауып тастау, малды көп жаю және шектеусіз аңшылық жасау әсер етеді.

Қазақстанда қырғауылдың таралуы өзен жағалаулары мен таудың төменгі белдеулерінде кезседеседі. Тауларда  қырғауыл қалың өскіндердің немесе теңіз мөлшерімен 1500 м биіктікте мекендей алады. Олар әсіресе, қалың әртүрлі шөпті аймақтарды мекендейді.

 

Сурет 6. Қырғауыл

 

Іле, Қаратал, Ақсу, Шу және басқа да аймақтардағы қырғауылдың кезесуі тоғайлы өскіндердің көптеп өсуі қырғауыл үшін өте қолайлы.

Әрі  тоғай өскіндері кейбір жерлерде адам өткісіз қалың болады. Тоғайлы өскіндердің арқасында қырғауыл сақталып қалған.

Қырғауылдар күзде күріш пен бидай алқаптарында қоректенгенді ұнатады. Шөл далаларды суару-каналдар жүргізу, күріш, мақта, дақылдар себу қырғауыл үшін өте қолайлы, себебі олар дақыл алқаптарында қоныстанғанды ұнатады.

Сырдария өзенінің жағалауында топырақтың әртүрлі ылғалдылығына қарай өсімдіктері әртүрлі аймақтарын ұнатады.

Қызылқұм шөлдерінде де қырғауыл көптеп кездеседі. Бұл өңірде олар құмдар мен өскін шөптер мен қоректенеді.

Қырғауылдың бұлай таралуы қалың өскіндердің алмасып тұруы, яғни құстарға сенімді қорған, ал ашық алаңдар жылдың көп уақытында қоректенетін мекені болып табылады. Жазда қырғауылдар үшін су ішетін суаттар қажет болғандықтан, олар өзен, арықтар жағалауын, ал тауларда, тау өзендері мен бұлақтар бар жерлерді  мекендейді.

Қырғауыл — өте сақ, үркек құс, тек қалың тоғайдың арасында ғана ол өзін сенімді сезінгенімен, әрдайым сақтанып жүреді. 2-3 қадам жүрген соң тоқтап, жан-жағына қарап, егер сезікті нәрсе көрсе тезірек жасырынуға асығып тұрады. Қырғауыл көбінесе жерде өмір сүреді, алайда жаз және күз мезгілдерінде, әсіресе, жиде және облепиха піскен кезде ағаш басынан жиі көруге болады.

Қырғауыл жерде адымдап, құйрығын түсіріп, басын көтеріп жүреді. Қауіп төне қалса, ол қашып құтылады. Тауық тәрізділер арасында ең жүйрігі қырғауыл болып табылады. Ол жүгіріп бара жатқанда басы мен мойыны алдыға созыңқы, құйрығы көтеріңкі болады. Аяқтарын алысқа сілтеп жүгіретіндіктен жүгірісі секіріске ұқсайды. Қырғауыл жүгірген кезде кішігірім кедергілерде секіріп өтіп кете алады. Ол тек ашық аладңдарда ғана емес, қалың шөптер мен бұталардың арасында да жүгіре алады.

Қырғауылар орнықты құстар, тоғайдың ішінде, таудың су жағасында, Кавказ, Орта Азияда тіршілік етеді.

Ауа райының өзгеруіне байланысты оның мекен ету ареалдары бөлініп кеткен. Табиғи ареалдарға кіретін Кавказ, Поволжье, Оңтүстік Қазақстан, ОРта Азия, Премурье. Өмір сүретін жерлер: судың  жағасында, қалың шөптерде, шабындық жерлердегі ағаштарды мекендейді. Қырғауыл – біздің елімізде ең әдемі түрлі-түсті өң беретін құстардың бірі.

Қырғауыл өте абайлы және қорқақтау. Қырғауыл тек қана қалың өсімдіктер арасында өзін қауіпсіз сезінеді немесе ол орман ішінде, су жағасында, көп ылғалды жерлерде жүреді.

Оның тіршілік ету жағдайына таулы аймақтарда кіреді. Ол көкте немесе жерде жүреді, ауада көп ұшуды қаламайды.

Қауіпті жерлерде олар қашуға тырысады. Ол шөп көп жерлерде де, ашық жерлерде де тез жүгіреді.

Қоректенетін жерлері тоғайлы және ашық жайылымдарға, ағаштар басында түнейді.

Кәдімгі қырғауылдар ірі құстардың  біріне жатады. Кішкентай басты, ұзын. Әдетте қораздарында құйрықтары ұзын 18 қауірсіндас болып келеді. Көзінің аймағында тықыр қалың қызыл түсті тері болады. Ал қауырсындары көздің артқы жағынан орналасқан.

Қауырсындары ашық түсті болады, тіршілік ету орталарына байланысты болып өзгеріп отырады. Қоразының ұзындығы – 80-90 см, ұрғашысы – 60 см жуық болады. Соның ішінде құйрығына – 42,5 см-53,6 және 29-31 см. Бұл түрі Кавказдан Приморье елге дейін таралған.

Қазіргі уақытта кәдімгі қырғауыл бұрңғы СССР жерлерінде саны азайып кетті. Оның 30-дай түрі белгілі.

Қырғауылдардың түрлері: алтын-қызыл, қанаттары ашық-қоңыр, басы жасыл түсті, жылтыр темір түстес, мойынның алдыңғы жағы және денесінің жоғарғы жағы көгілдір түсті болады. Жасыл-қоңыр түсті қауырсындар желкесінде ұзын болады. Денесінің төменгі жағы денесінің басқа жағына қарағанда ашық алтын түсті, қалың қауырсынды, алдыңғы жағында суретті болады, суреттері қара түсті сызықша сияқты болады, ал жанында және ішінде болады. Кеудесі жағындағы суреті ақ сызықша болады.

Аузы ме аяқтары сарғыштау. Ұрғашысыынң түсі ашық түсті, жылтыр болады. Денесінің жотасы құм түстес болып келеді және кеудесімен мойынында қара-қоңыр дақтары болады. Тұмсықтары мен аяқтары сұр түсті болады. Басындағы дақтар азырақ болады, қоразға қарағанда ол дақтар көзінен басталыпқұла аяғына шейін болады.

Жас қырғауылдардың түстері бірдей болады. Жалпы дене түстері ұрғашылардың түстері сияқты болады – құмды-сұр, қара-қоңыр түстес.  Бел жақтарымен, құйрықтың асты қоңыр түсті сызықшалар болады. Мойыны ақшылдау. Түсі бірден өзгеріп кетпейді, жүнді, біріншісі үлкендеу, екіншісі үлкендеу тағы басқа болады. Соңғы бірінші үлкендеу кезеңі алтыншы айдың аяғына келеді.

Қырғауыл  тауыққа қарағанда үлкендеу. Оның салмағы 720 г мен 1800 г аралығында. Кәдімгі қырғауылдың дене тұрқы тауықтың дене тұрқына келеді. Ерекшелігі тек қана ұзын құйрығында. Қырғауыл өте сақ және қорқақ құс. Ол тек қана қалың өсімдіктер арасында қауіпсізбін деп сезінеді. Егер де бір қауіп төнетін болса, ол қашуға ұмтылады. Кәдімгі қырғауыл жүгірген езде басы мен мойнын алдыға созып, құйрығын жоғары көтеріп жүгіреді. Ол тауық тәрізділер арасында ең жүйрігі болып саналадыү ол жазық далада ғана емес, бұталар мен шөптердің арасында еркін және тез жүгіреді. Кәдімгі қырғауыл аз өмірінің  көп уақытын жерде өткізеді. Қауіпті жағдайларда кәсідмі қырғауыл жүгіріп қашады, тым болмаса ұшып кетеді. Қатты қалың бұталардың арасынан, қатты дауыс шығарып жоғары қарай ұшады. 70… 150 м ұшқаннан кейін ол қайта жерге қонады. Ол аз және нашар ұшады, ол қайталап ұша беретін болса, тез шаршап, мүлдем ұша алмай қалады. Бірақ ол өсімдіктер арасына тығылуға ұмтылады.

Қырғауыл біздің мемлекетіміздегі ең әдемі және ашық түсті құстардың бірі болып саналады.

Қырғауылдың еркектерінде алтын және жасыл немесе сары және күлгін түсті, басында айдарға ұқсас кішкене қауірсындар болады. Ұзын құйрықтары сарғыш-қоңыр түсті, бірақ сарғыш-күлгін болып көрінеді.

Қырғауылдың ұрғашылары еркектеріне қарағанда кербездеу болады. Түсі қоңыр-сарғыш және мойын жағы күлгін-қызғылт болып келеді.

Түлеу басынан төмен қарай мойын денесі бір уақытта, ал құйрығы содан кейін түлейді. Үлкен қырғауылдың түлеуі ұзақ уақытқа созылады, кейде қазан, қараша айларына дейін созылады.

Түлеу кезінде олар семіреді де, салмағы көбейеді. Қысқа қарай қырғауыл қатты семіреді, бірақ аяз түсе бастағанда олар арықтай бастайды. Қысты күндері қырғауылдар қалың бұталар арасында тығылады. Қырғауылдың жаулары көп олардың ішіне: қамыс мысығы, қаңғыған иттер, түлкілер, жапалақтар, ақ үкілер, қаршыға, ителгілер, үй мысығы тағы басқалар кіреді. Салған жұмыртқалар мен басып шығарған балапандарының жартысын жоғарыда айтылған жануарлар әсерінен шығарған балапандарының жартысы өледі.

Қырғауыл аңшылық шаруашылығында маңызды құстардың бірі болып саналады. Қырғауылдың еті тауыққа ұқсас, сапасы мен құндылығымен ерекшеленеді.

 

 

4.2  Қырғауылдың түрлері —  (Phasianus colchicus)

 

Алмаз түстес қырғауыл (Chrysolophus amherstiae) —  Ол алтын түсті қырғауылдың түсі немесе сұлулығымен ерекшеленеді. Дене ұзындығы 80-90 см құйрығы 40 см-ге дейін болады. Жайылған кездегі ұзындығы 75-80 см. Қоразы қара-қоңыр түсті, алтын түсті болып жалтырап тұрады. Қауірсіндары жалтырауық. Қанаттары қоңыр-сары, құйрығы ұзын, басы төмен қараған сұр-қоңыр қара сызықтарымен.

Аналығының ұзындығы 65 см дейін құйрығының ұзындығы 30 см дейін, жайылған қанаты 60-65 см дейін жетеді. Түрі сұр-қоңыр қара дақтарымен және сызықтары болады. Аяқтарында  қауірсіндары жоқ, балықтар сияқты қабыршықты болып келеді. Жастарының сары-қоңырлас кейіннен қара түске ауысады. Қоразының аяғының артында тепкі болады, ол жылма-жылдам қатая түседі, бірақ ұрғашысында тепкі болмайды. Қоразының көзінің жан-жағында қзыл тықыр болады, желкесінде ашуланған кезде қауырсындары қарбайып кетеді.

Грузиндық қырғауыл- Қораздарының түсі қоңыр-сарғыш және сарғыш көк, кеудесі болады, денесінің жан жағы жылтыр. Қауырсындары бар. Мекендейтін, тіршілік ететін жерлері Куры бассейінінің төменгі жағы, және Аракса суында.

Солтүстік Кавказ қырғауылы – қуырсындарының түстері закавказдық қырғауылға қарағанда ашық түсті болады, алтын-сарғыш түсті, арқасында қара дақтары бар, жан-жағы жасыл түсті болып келеді. Мекендейтін жерлері Солтүстік Қара теңізден бастап Каспий теңізіне дейін. Каспий теңізінің жағалауыменАмерондық сарқырамаға дейін өтіп, солтүстікке қарай Волга даласына дейін.

Тальгин қырғауылы – қауырсындарының түсі кавказдық қырғауылға қарағанда қоңырлау болып, қауырсындары кішірек болады. Мойыны мен дененің екі жағы қызыл-қызғылт түсті болады.

Мекендейтін жерлері Каспийдің төменгі жағы, оңтүстік дельта Куры, Талым, Ленкорань.

Персиялық қырғауыл –қауырсындарының түсі ақшыл-сұр түсті болады. Жотасында, кеудесінде және денесінің екі жағында алтын түсті болады. ТМД аймағында ол мекендейтін жер Батыс Копетдіге мен Иран мен Туркмения аумақтары.

Мургабтық қырғауыл – денесінің алдыңғы жағы көбінесе алтын түсті, денесінде өте суреті көп және қауырсындарында сурет бар. Қауырсындарының жоғарғы жағы ақ болады. Кеудесінің жан-жағындағы қауырсындар көгілдір және жасыл-қара, жылтыр болады. Мекендейтін жерлері Батыс Констдага, Таджена бассейндері, Мургаба.

Амудария қырғауылы – тіршілік ететін жерлері Амудария жазығынан Керки түбегінен бастап солтүстікте Дарген-Атаға дейін. Түсі әр кезде әртүрлі болып өзгеріп отырады (гибриттік болғаннан шығар).жотасының түсі ашық-ақшыл түсті болады, Мургаб қырғауылына қарағанда. Арқаларында кейбіреуінде дақтар болмайды.

Тәжік қырғауылы – аз уақыт бұрын Амударияның жоғарғы жағынан Тәжірксанға дейін. Соңғы 35 жыл осы түрдің саны және мекендейтін жерлері азайып кетті, қазір осы түрдің ареалы Ляндж, Амудария және Вахш аймақтарында ғана бар. Тәжіксанда бұл түрдің қырғауылдары тек ғана Арал-Пайғамбар қорығында сақталған. Қауырсындары  және кеуделері бұл түрдің жылтыр қара түсті, жан-жағында сол қара түсті қауырсындары  денесіндегі жасыл түсті қауырсындарды жауып кетеді.

Хивин қырғауылы – мекендейтін жерлері Амударияның төменгі жағалаулары. Түсі тәжік қырғауылы сияқты. Денесінің жоғарғы жағы қаралау, жылтыр қызыл болады. Жотасындағы жасыл түс ашық болады. Ұрғашыларынң түсі басқа түрдің ұрғашыларына ұқсас болады.

Зеравшандық қырғауыл – мекендейтін жерлері Зеравш көлінің жазығында және Кашкадария маңында. Жотасының түсі өзгеріп отырады, амудариялық қырғауыл сияқты.

Қауырсындарының ұштарында болатын қара дақтар онша көрінбейді. 11 м жуық қоңыр-қызыл сызықшалар қауырсындарында болады, мойыны ашық қызыл түсті болады. Бел жағы сарғыш болады. Басқасының бәрі Амудария қырғауылы сияқты болады.

Сырдария қырғауылы – басы, кеудесі, қара-күлгін түсті, жан-жағы қызғылт-қоңыр түсті. Қара дақтарымен, мойнының жан-жағында ақ дақ болады. Жотасы, иығы және кеудесі жылтыр жасыл түсті болады. Ұрғашы құмдас – сары түсті үш бұрышты дақтармен қауырсындарында және денесінің бәрінде. Мекендейтін жерлері – Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында, Қырғызстанда, батыс таулы жазығында. Тян-Шань тауына дейін тіршілік ететін жерлері Нарын жазығы, Ыстық көл жазығы және оған кіретін өзендердің жазығында, Іле Алатауының жазығында.

Манчжурий қырғауылы. Түсі ақшыл сұр, көгілдір немесе жасыл түсті болады, қызыл сары түстері жоқ. Ақ түс қатты білінеді. Мекендейтін жерлері Уссури және Амур өзендері. Бұл түрдің де саны азаюда, аңшылардың көп аулауы әсерінен.

Алтын қырғауыл. Керемет құс, оның түсі ғажайып, денесі сияқты қауырсындары ұзын және алтын түсті болады. Жотасы жасыл түсті. Құйрығы алтын түсті, төменгі жағы қызғылт және қара ұзын құйрығы бар.

Ұрғашысының түсі ашықтау болады. Мекендейтін жері Тибет ормандары, Оңтүстік Батыс Қытай.

Патша қырғауылы – қырғауылдардың ішінде ең үлкен түрі болып саналады.

 

4.3 Қырғауылдың тіршілік  ету ортасы және мінез — құлқы

 

Қырғауыл өзінің  жаратылысы бойынша оңтүстіктің құсы болып саналады. Жер құсы ретінде, ол жейтін жемін жерден және аласа бұталардан қоректенетіндіктен тек ол қалың қар түсетін жерде өмір сүре алмайды. Ол қардың 10-20 см-ден көп түспейтін жерде таудың етектерінде тіршілік ете алады.

Қырғауылдың таралуы Алдыңғы және Орта Азия, Батыста Қытайға шейін, Корея мен Жапонияның Шығысында. Одан басқа қырғауылдарда басқа да жерлерге жерсіндірілген, мысалы, Европа және Солтүстік Америка.

Қырғауылдың мекендейтін жері көбінесе суға және қалың өсімдіктерге жақын орналасады. Өйткені ол жерде тығылуға және қоректенуге қолайлы. Оның сүйікті жерлері болып кіші ормандар, бұталы өсімдіктер бар қамысты жерлер, суға жақын болу керек.

Неғұрлым өсімдіктер қалың болса, соғұрлым қырғауылдың тіршілік теуіне қолайлы болады. Кейбір жерлерде судың жағалауындағы тоғайлардың арасымен тауға 2500 м биіктікке дейін көтеріледі. Қырғауыл адаммен жақындасуға үйреншікті құс. Зерттеулерге қарағанда жарты ғасыр бұрын Тәжікстанды қырғауылға жағымды аймақтарында, 1км кв.орта есеппен 20-дай қырғауыл, ал балапан басқанда 140-150-ге дейін жеткен. Тәжікстанда  уақытта санақ жүргізілгенде 1,5 млн-дай қырғауыл тіршілік еткен.

Амудария мен Чарджоу және Кирки қалаларының аралығында 75 мыңдай қырғауыл тіркелген. Қазіргі уақытта қырғауылдың саны күрт төмендеп кеткен, ал кейбір жерлерде тіпті жойылып кеткен. Бұл қолайлы оқиғаның себебі, аңшылықтардың қасақана қырғауылды атуы және қамыстар мен шөптерді өртелуі қырғауылдың жер аудандарына әкеліп соқты.

Қырғауылдың санының күрт төмендеуіне мына себептерді айтуға болады, қардың қалың түсуі, ұзақ уақыт аяз боғандықтан қырғауылдың қорегінің тапшы болуы, сонымен қатар құрғақшылық және өзендердің тасуы салдарынан қырғауылдың балапан салған ұяларын су алып кетуі.

Қырғауылдар негізінен оңтүстік Азияда тараған.  Совет Одағы Еділдің құйылысында, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Орта Азияда, Қазақстанда, Приамурье өлкесінің оңтүстік бөліміне тараған. Қырғауыл жер бетінде тіршілік ететін құс.

 Біздің Республикамызда қырғауыл Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарының территориясында таралған. Әсіресе, бұл өңірлерде қырғауыл Сырдария, Талас, Шу, Іле Қаратал, Ақсу, және Лепсі өзендерінің жағалауларында – тоғайлы, қамысты-қопалы жерлерді мекендейді. Сонымен қатар, Тянь-Шань тауының төменгі белдеулерінде (теңіз деңгейінен 1500 м биіктікке дейін) бұталы ағаштардың арасында жүреді

     Біздер соңғы жылдары жоғарыда аталған облыстардың территориясында жабайы жануарлардың биологиялық ерекшеліктерін зерртеу кезінде, қырғауылдың таралуы, мекені және саны туралы біраз материалдар жинаған едік, енді соған қысқаша тоқталайық. Жамбыл облысы жерінде Аса және Талас өзендерінің атырауларында, Билікөл маңында қырғауыл көзге шалынып қалады. Қарғауылдың көбірек кездесетін жері  — Шу өзені бойы, әсіресе Фурмановка мен Қамқалы елді пункттерінің аралығында. Бұл аймақтарды 1969 жылдың күз айларында 70-80 километр жерде 15-ке дейін қырғауыл есепке алдынды. Осы мекендерде қырғауыл саны жылма-жыл өзгеріп отырады. Мәселен, мұнда 1968 жылы қыс өте суық болды, қар қалың түсті. Сондықтан қар астынан азық тауып жей алмай олардың қырылғаны байқалды. Сонымен бірге өзен, көл маңында қамысты шауып, орман-тоғайларда ағашты кесіп және құсты шексіз аулау арқылы да адамдар қырғауыл санының азаюына әсерін тигізді.

Шу өзені бойында бұл құстың мекені – жиде, тал, тораңғы сияқты ағаштар өскен тоғайлы жерлер және көлдер жағалауындағы қамысты қопалар. Биік ағаштар етегінде итмұрын, жыңғыл тәрізді бұталар өседі. Тек қана осындай тоғайлар құсқа жақсы қорғаныш бола алады. өзендер мен көлшіктер бойындағы қамыс  арасын олар жақсы мекендейді. Қыстыгүні осы қамыс үйінділерінің астындағы қуыстар жылы болады да, қырғауылдар сонда түнейді. Шу өзені бойында жиделі тоғайлар шабындықпен, сормен алмасып отырады. Олар қырғауылдың өмірі үшін едәуір маңызы бар. Олар – құстың азықтанатын орындары, ал қауіп-қатер төнгенде жауларынан қорғанатын жақсы баспанасы.

1970 жылдың сәуір-мамыр айларында Қызылорда облысының Жалағаш және Сырдрия аудандарында – Сырдария және Жаңадария өзендерінің бұталы тоғайларында қырғауылға біраз санақ жұмысы жүргізілді. Бұл зерттеулер нәтижесінде, аталған қосныстарда бұл құстың саны едәуір өсіп келе жатқаны байқалды. Мәселен, 21 сәуір күні Жаңадария совхозының отралығына жақын сексеуіл-жыңғыл өскен бұталы орман арасында, 10 шақырым қашықтықты машинамен жүріп өткенде, 6 қырғауыл көзге шалынды. 15 мамырда Жаңадария  өзені бойындағы сексеуіл аралас өскен қамысты мекендерде, үш сағаттық бақылау кезінде 9 қырғауыл кездестірдік. Сондай-ақ 19 мамырда Сырдария бойында да төрт шақырым қашықтықты үш құс біздің алдымыздан ұшып өтті. Бұл келтірілген мәліметтер Сыр бойында қырғауыл санының өсе бастағанын көрсетеді. өйткені өткен қыста бұл аймақта қар аз түсіп, күн жылы болған еді. Соған сәйкес қырғауылдың азықтары да мол болып, көктемде олар жақсы өніп-өседі. Саны да аздап көбейеді. әрине, бұл көрсеткіш оның ерте уақыттағы санымен салыстырғанда өте мардымсыз.

Дұрыс биотехникалық шаралар жүргізілгендіктен, қырғауылдың өсімталдығынан қайтып қалпына келуде. Ақпанның соңында, наурыздың ортасында кейбір жерлерде сәуірде қырғауылдың қысқы тобы жан-жаққа құптарымен бөлініп, ұя салатын өлкелерге тарайды.

Елімізде өткен ғасырдың 30-40 жылдарына  дейін қырғауыл өте көп болған. Оған айғақ 1928-1930 жылдары Сырдарияның орта ағысынан ғанан 38 мыңға дейін бұл құс атып алынған еді. Тіпті ол кезде оның келтірілген күйіндегі еті. Қараөзек станциясынан Москваға жіберіліп тұрған. Ол уақытта күніне бір аңшы 40-60-тан қырғауыл атып алған. Ал үстіміздегі ғасырдың 60-жылдары құс «төресі атанған қырғауылдың саны өте азайып кетті. Оның себебі, біріншіден, аңшылардың қырғауылды жыл бойы аулап, қорын азайтуынан, екіншіден, бұл құстың аса көп мекендейтін жерлерін әртүрлі халық шаруашылығы қажетіне пайдаланудан болып отыр. Мәселен, 1962 жылы жоғарыда көрсетілген бес облыстың территориясынан, тек есепте тұратын аңшылардың өзі ғана 10 мыңнан астам қырғауыл атып алынған. Ал, Қазақстан бойынша есептегі аңшылар 1962 жылы 18,8 мың, 1963 жылы – 1,6 мың, 1965 жылы – 12 мың қырғауыл атып алған көрінеді (Кондратенко, Смирнов, 1973. Ашылардың осы үш жылда атып алған қырғауылдарының барлық етінің салмағы шамамен 32,5 тоннаға тең. Ал есепке алынбаған аңшылардың олжасы қаншама десеңші.

Елімізде, әсіресе Алматы облысының жерінде, қырғауылды өсіру, көбейту мақсатымен 1964-1968 жыдары Қырғызстаннан әкелініп Іле, Жоңғар Алатауларына 300-ге жуық қырғауыл жіберілді. Жерсіндірілген қырғауылдар мұнда тез таралып, саны көбейіп өсіп келеді. Мәселен, Қазақ ССР Министерлер Советі жанындағы аңшылық шаруашылығы мен Қорықтар Бас басқармасының тапсырмасы бойынша мамандардың 1968 жылдың күз айларында жүргізілген санағына қарағанда, тек Алматы төңірегінде ғана қырғауылдың саны 3 мыңға жеткен. Ал республика бойынша қырғауыл шамамен 50-60 мың болса, соның көбі Жетісу жерінде кездеседі екен. Соңғы жылдары жүргізілген есепке қарағанда, қырғауылдың қоры әсіресе тіркелген аңшылық шауаршылықтарында мол екені байқалады.қазақтың аңшылар одағының мәліметі бойынша, Алматы, Жамбыл, Шымкент және Талдықорған облыстарында аңшылық шауаршылығында осы құс мекендейтін 1000 гектерда 1963 жылы 30-50 қырғауылдан, ал осындай көлемді жерде 1970 жылы 300-400 құстан келген. Қазіргі кезде де Алматы облысына қарасты Қарашеңген және Бартоғай аңшылық шауаршылықтарында қыс айларында қалың тоғай арасынан қырғауылдың 50-80-інен тобымен жайылып жүргенін көруге болады. Жалпы көлемі 9 мың гектер Қарашеңгел аңшылық шаруашылғында 1972 жылдың көктемінде осы шаруашылықтың қызметкерлерінің жүргізген санағы бойынша 6300 қырғауыл кездескен (Мухин, 1973).

Қырғауылдардың соңғы жылдары осынша тез көбеюіне басты себеп, барлық жерде де қырғауылды атуға тыйым салудың әсері болуға тиіс. Қазіргі кезде қырғауылды тек тіркелген аңшылық шаруашылығында арнаулы рұқсат бойынша ғана атуға болады. Оның өзінде көп емес. Мәселен, жыл сайын күзгі маусым кезінде, яғни 1 қарашадан 5 желтоқсанга дейін аңшы бір шыққанда – 2, ал маусымда 4 қырғауыл атып алуына рұқсат етіледі. Мәселен, соңғы жылдары жыл сайын бір айға созылған маусымда тек үш-төрт аңшылық шаруашылығында аңшылар Алматы төңірегінен 1000-нан астам қырғауыл атып алады. Бұл құс мекендейтін басқа жерлерінің бәрі де қорғауға алынған. Сондықтан да әрбір саналы адам сол қоныстардағы қырғауылды қорғап, оның санын молайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға тиіс.

Сонымен бірге, қырғауыл қорын молайтуға ерекше назар аударылып отырғанына бір ғана мысал келтірейік. Егер де бұдан бес-алты жыл бұрын аңшы аң аулауға бір рет шыққанда 3,  ал маусымда 9 қырғауыл атуға рұқсаты болса, жаңа ереже бойынша қазіргі кезде аңшыға бір рет шыққанда 2, ал маусымда 4 қырғауыл атып алуға рұқсат етілді. Сондай ақ бұл құсты браконерлерден сақтау шаралары да жүзеге асырылды. Бірақ бір қиналатын жағдай- кейбір аудандарда бұл құсты рұқсатсыз аулаушылар әлі де кездеседі. Жамбыл облысында экспедицияда болғанымызда, Шу, Мойынқұм аудандарында олардың көбі автомашина жүргізушілері екенін байқадық, олар табиғат байлығына үлкен зиян тигізеді. Мұндай қылыққа қарсы аяусыз күрес жүргізу – облыстық аңшылық инспекциясы мен қоғамдық ұйымдардың бірден бір міндеті.

Қырғауылдар — өсімтал құс. Оның мекені жылына 7-ден 18-ге, көбіне 8-бен 14-ке дейін балапан шығарады. Олар ұясын жерге салады. Оның қорегіне байланысты қыс қатты, қар қалың, азық қоры аз боған жылдары олардың саны да азаяды және осындай қатаң қыста ол түлкі мен жабайы мысық сияқты жауларына да оңай олжа болады. Сонымен бірге, қырғауылдың көбеюіне оның мекендейтін жеріндегі қамыс қопасын өртеу, орман-тоғай ағашын кесіп алу, шамадан тыс мал жаю сияқты жағдайлар да кедергі жасайды. Сондықтан мұндай шаралардың жоспарлы жүргізілуі табиғат қорғау орындары мен алдын-ала келісіліп істелуі керек.

 

4.4 Қырғауылдың қоректенуі

 

Қырғауылдың өзі негізінен өсімдіктермен қоректенетін құс. Ол қорегін жерден теріп жейді. Сондықтан   қары қалың жерлерде тіршілік ете алмайды. Оның шөптердің 60-тан астам түрімен қоректенетіндігі анықталған. Негізгі қорегі – жиде, ақ тікен, тауық тары, немесе күрмек, қояншөп, шырмауық сияқты өсімдіктердің жемісі, дәні, сабағы. Сонымен бірге көктем мен жазда ол омыртқасыз жәндіктерді де қорек етеді. Қыс айларында қураған өсімдік сабақтары және тікен жиденің жемістерімен қоректенеді. Тамақтануға таңертең және кешкілік шығады. Бұл құстың басқа тауық тұқымдастардан айырмашылығы бар. Ол ауылшаруашылығы дақылдарының (бидай, жоңышқа, қант қызылшасы, мақта) зиянкестері, түрлі өсімдік қандаласы, шегіртке сияқты жәндіктермен және арамшөптермен қоректенеді. Сонымен қатар ол кәсіптік маңызы бар құстың бірі. Ол спорт әуесқойлары мен аңшылық шаруашылығының негізгі объектісі болып есептеледі. Тек қана күн шыққанда ғана жайылымға шығып күн батқанға дейін қайтіп оралады. Қысты күндері қысқа болғандықтан олар көп азық таба алмай арықтайды. Қырғауылдың қорегі болып кішкене жәндіктер мен өсімдіктер бөліктері болады. Қырғауыл жәндіктердің арасынан қоңызды, құмырсқаны, өрмекшілерді, ұлуды, шыбын-шіркейді аулайды. Ебін тапса кішірек бақаларды, жыландарды, тышқандарды жұтып жібереді. Мысалы, Тәжіксатнда қырғауылдың қорегіне 80 түрлі жәндіктер мен омыртқасыздар кіреді. Өсімдіктер арасынан жасыл жапырақтарды, жәндіктерді, жабайы өсімдіктердің сабағы жерге түскен дәндермен қоректенеді. Балапандары басында насекомдармен  кейіннен өсімдіктермен қоректенеді. Қырғауыл ауыл шаруашылығына зиянды насекомдармен жабайы өсімдіктер тұқымын жеп, пайда келтіреді. Қатаң қыста қырғауылдар ашаршылықтан көп көлемде өліп кетеді. Осындай ауа-райында адамның көмегіне мұқтаж болады.

 

 

 

 

4.5 Қырғауылдың көбеюі

 

 Қырғауылдар – елімізде кездесетін құстардың ішіндегі ең әдемісі. Үсті алмас сияқты жалт-жалт етіп тұратын бұл құс, әсіресе оның қоразы, өте сұлу. Мекиені көбінесе сұрғылт түсті болады. Қырғауыл қанатының ұзындығы 1,0-0,5 метр, орташа салмағы 1 килограмм келеді. Тауық тәрізділерге жататын құстардан қырғауылдың айырмашылығы құйрығы өте ұзын келеді. Қырғауылды жергілікті тұрғындар, әсіресе закарпатьеліктір «король құсы» деп аталады. Қырғауылдың мекиендері мен қораздарының тек қана ашық түсінде ғана емес, денесі ірірек және ұзын құйрығымен аяғындағы тепкімен ерекшеленеді.

Әр  қырғауылдың қоразы белгілі бір орынға барып тіршілік етіп дауыс шығарады. Дауыс шығарарда қораз жерде жүріп, ұзын құйрығын жоғары көтеріп мойынын созып дауыс шығарады. Оның шығаратын дауысы екі  не үш түрлі болады. Мысалы, «ке-ке», «ке-ке-ре», «кох-кох». Ол дауыс шығарғаннан кейін қанаттарын қағады. Одан басқа қырғауылдың қораздары ерекше ақырын «гу-гу-гу» деген дауысты бірнегше рет қайталайды.

Дауыс шығару уақытында қырғауылдың қоразы өзінің таңдаған алаңқайы ішінде өзіне жол салады. Ол жолдың ұзындығы 400-500 м-ге дейін жетеді. Қырғауыл өзінің дауыс шығарып жүретін жолында  әр жері 30-40 минут тамақтану үшін тоқтайды. Басында қоразы өзі ғана дауыс шығарады, осы  кезде мекиендері топ-тобымен 3-4-тен жүреді. Одан кейін мекиендері, қораздарына қосылып жұп құрайды. Осы кезде қораз өзінің ұя салу алаңын күзетеді. Егерде өз алаңына бөтен қораз кіретін болса, төбелесуге дейін барады. Қырғауылдың қораздарының төбелесі, кәдімгі үй қораздарына ұқсас. Жеңген қораз жеңілген қоразды артынан қуады да өзінің алаңына қайтып оралады. Дауыс шығару кезі 4 айға дейін созылады, ал кейбір жерлерде тамыз айының басына дейін созылады. Кейбір жерлерде мекиендері балапан басып шығарғанға дейін созылады. Дауыс шығару уақытының созылу себептерін бірінші басқан жұмыртқаларынан балапан шыққанға дейін қайта жұмыртқа салуға тура келеді. Аналықтары ұя салатын жерлер бұталардың, шөптердің арасында қауіпсіз жерлерге салады. Ол ұя өзінің қоразының алаңында орналасады.

Аналықтары жұмыртқасын топыраққа салады, оның шеттерін шөптің сабақтарымен және өзінің қауірсіндарымен қоршайды. Кейбір ареалдарда аналықтар жабынын дөңгелектеп салып ауызын жанынан шығарады. Ұяның қабырғасы айтарлықтай тығыз және жақсы болғандықтан жаңбыр мен бораннан өте жақсы қорғайды. Ұяның ауданы 20-23 см, тереңдігі 5-7 см. Қырғауыл өсімтал құстардың бірі болып саналады. Аналық қырғауылдың толық жұмыртқа салуы 7-ден 18 жұмыртқаға дейін, кейде 8-14 жұмыртқа салады.

Бұл жұмыртқаның түсі күрең жасыл иүсті жылтыр болып келеді. Жұмыртқаның көлемі мен үлкендігі әртүрлі болып өзгеріп тұрады. Жұмыртқаның көлемі 42-46 х 33-37 мм. Жұмыртқа салу мерзімі сәуір мен мамыр айлары аралығында жүреді. әдетте, қырғауылдың аналығы жұмыртқа басады, ол тек өзі қоректену кезінде ғана тұрады. Жұмыртқа басу уақыты 21-23 күн, ал ейбір деректер бойынша 28 күн. Жұмыртқа басу кезінде аналықтары арықтайды. Ол қысқы салмағынан 40 пайыздай төмендейді. Қораздар жұмыртқа басу кезінде  ұяға жақын жерде жүреді. Қырғауылдың балапандары дүниеге жақсы жетіліп және денесін тығыз мамықты қауырсындары болады. Шала құрғақ  балапандар тез жүгіре бастайды және өз күшімен тамақты жерден өзі шоқып қоректенеді. Олардың жетілуі басында тез жүріп, соңында баяулайды. 3-ші күні балапандардың қанат қауырсындары қатайып 30 см биіктіктен 30 см жерге дейін ұша алады. Бір айлық балапандардың салмағы 130-г-ға дейін жетеді, осы кезде олар 3-м-ге дейін көтеріліп, 30-40м-ге дейін ұша алады. Тек қана 4-5 айлық балапандар үлкен қырғауылдың денесіне ұқсайды.олар басында өздерінің ұясы салынған жерде қоректеніп, бірте-бірте алыстап, бірақ өз ұясы орналасқан алаңнан шықпайды. Балапандар бір-бірімен топтасып, ұзақ уақыт тіршілік етеді. Басында балапандар басқа балапандармен қосылмайды. Шілденің аяғында тамыз айының басында бірнеше рет балапандар бірігіп үйірімен жүреді. Осы кезде 50-ге дейін балапандарды санауға болады. Балапандарды аналықтары ертіп жүреді. Қораздары тек қана күзде үйіріне қосылады. Осы кезде қырғауылдарды жан ұясымен бірге көруге болады. Олардың құрамы 2-3  бұрынғы мекиендерімен бір қораз. Қыркүйек, қазан айларында жастары үлкендерінің денесіне пара-пар болады. Осы кезде үйірі шашырай бастайды. Дауыс шығару уақыты аяқталғаннан кейін аналықтары жұмыртқа басып, қораздары түлейді. Аналықтары балапандары үлкейген кезде барып бірақ түлейді.

 

4.6 Қырғауылды аулау тәсілдері мен құралдары

 

Қазақстандағы орман құстарын – қырғауыл, құр, кекілік, т.с.с. әуесқой аңшылықтың объектісі болып саналады. Бұрынғы Кеңес аумағында орман-тоғай құстарын жоспар бойынша аулайтын. Кейінгі жылдары тек қана спорттықө-әуесқой және трофейлік аңшылық түрі болып саналатын болды. Орман-тоғай құстарын мылтықтың немесе тұзақ және кішкене қақпандармен аулайды. Құстарды аулау күзге таман – тамыз айының аяғында басталып, қар қалың түскенге дейін созылады. Қырғауылдарды тасада тығылып отырып, олардың азықтануға шыққан уақытта атуға болады немесе итті ертіп шығып олар мекендейтін жерлерді барлап үркітіп те аулауға болады. Қырғауылдардың тасада тығылатын қалың шілік, тоғай-ағаштарының ортасындағы сүрлеулерге тұзақтар құрады. Тұзақтардың диаметрі 17-18 см болады. Негізінде тұзақтарда ұсталған қырғауылдардың денесі қауырсындары бұзылмайды да, трофейлік кескін дайындауға әбден болады. Ал мылтықпен атқан кезде бытыраның №0, №1, №2 түрлерін пайдаланады. Бірақ құстың денесі де, қауырсыны да бұзылуы мүмкін. Қырғауылдарды аулау үшін кейбір биотехникалық шаралар қолдануы керек. Ол үшін қырғауылдар қалың мекендейтін жарлерге бастырма құрып немесе үсті жабық астаулар (қырғауылдар жейтін азықтар салып қояды) және ақырлар  орнатса, ықрғауылдар сол жерлерге шоғырланып, азықтанған кезде атуға да, тұзақ құруға да қолайлы болады.

Қырғауылдарды аулау үшін белгілі жерде мекендейтін немесе белгілі мерзімде атуға арнайы рұқсат-лицензия беріледі. Осы арнайы рұқсатта – аң аулау мерзімі, саны, мергеннің аты, жөні көрсетіледі. Лицензияны арнайы басқарма арқылы беріледі. Сонда орман-тоғай құстарын аулау ретке келеді.

Қырғауыл – еті дәмді, қауырсыны, мамығы өте бағалы құс. Қазақстанда қырғауыл еті 30 жылдарға дейін жоспармен, аз мөлшерде дайындалып отырған. Бұл кезде қырғауылдың қоры мол болатын. Бірақ транспортың жеткіліксіздігінен алыстағы және қиын соқпақты жерлердегі құстар ауланбай келді. Сондықтан да ол кезде тек ауылға таяу жерлер ғана игерілгенді. Сол уақытта жылына 70-80 мың қырғауыл ауланған екен. Соңғы жылдары өнеркәсіптің күшті дамуына байланысты адамның бұрын игерілмеген өзен-көлдер маңындағы әрекеті қырғауыл санын азайта түсті. Тек бұл құсты атуға тйым салынудың әсерінен оның қоры едәуір өскендігі байқалғандығын жоғарыда айтылды. Әлі де оған қамқорлық керек.

Қырғауылды  халық щаруашылығына пайдалану үшін оны питомникте өсіруді де ойластырған жөн. Сондай ақ жаңа жерлерді игеріп, оған қырғауылды жерсіндіру бағытында әлі де қыруар жұмыстар атқарылуы тиіс. Құстың бұл түрін әсіресе, суармалы жердердегі өңделген ландшафтыға жерсіндіру және өсіру өте қолайлы. Аңшылық шаруашылығында және питомникте өсірілетін қырғауылдарды қыс қатты, қар қалың болған жылдары үстеме азықпен қоректендіруді дағдыға айналдыру керек. Сол сияқты құстың қорын молайту үшін оны қорықта өсіруді де ойластырған жөн. Мұндай тәжірибе Украинада, Қырымда, Ужгородта, Ростовта табысты аяқталды. Краснодар мен Ставрополь өлкелерінде оны жерсіндіру көптен жүргізіліп келеді. Краснодарда Майкоп қаласына жақын жерде қырғауыл өсіретін питомник бар. Бұл питомник 1958 жылы құрылған. Мұнда осы құсты  өсіру жұмысы өнеркәсіп негізінде жүргізіліп келеді. Қырғауылды осындай өнеркәсіп негізінде өсіру соңғы кезде Закарпатьеде қолға алынып отыр. Мұнда  Виноградово қаласында  жақын жерде көлемі 240 га мал жайылымы жасалды, рнда қолдан өсірілген құстар бағылады. Инкубаторға жұмыртқаны бір рет салғанда 3000 жұмыртқаны басып шығады. Осындай инкубатор Алматы қаласында 60 км таяу жерде орналасқан аңшылық шаруашылығында 1972 жылдан бастап жұмыс істеуге кірісті. Бұл шаруашылықта келешекте қырғауылды өсіру жұмысы өнеркәсіп негізінде жүргізілмекші. Дәмді ет алу үшін қырғауыл көптеген шет мемлекеттерде жерсіндірілген. Мәселен, жер көлемі шағын, халқы тығыз орналасқан Чехословакияда оның саны өскені сонша, қазірде жылына онда 1 млн қырғауыл ауланып тұрады. Мұнда осы құсты өсіретін 24 қырғауыл фермасы жұмыс істейді. Сондай-ақ Венгрияда жылына 81 мың, ал Франция, Дания, Австралияда жыл сайын 200 мыңнан 800 мыңға дейін қырғауылдың еті дайындалады.

Ал бізде  бұл бағалы құстың қорын көбейтуге мүмкіндіктер мол, бірақ оның бәрін өзіміз дұрыс пайдалана алмай отырмыз демекпін.

Қырғауыл жеріміздің көркі болумен бірге өте бағалы және пайдалы құс екенін көреміз, олай болса, оның қорын молайту үшін аңшылар мен табиғат қорғаушылар қырғауылды қамқорлыққа алып, оның өсіп — өнуіне қолайлы жағдайлар жасаулары қажет. Бұл игілікті іске өлкеміздің еңбеккерлері де өз үлестерін қосуға тиіс. Жоғарыда құс санынынң өсуіне қамысты қопаны өртеу, орман, тоғай ағашын кесіп алу кедергі жасайды дедік, сондықтан мұндай шаралардың жоспарлы жүргізуі үшін табиғат қорғау ұйымдарымен алдын-ала келісіп отыру керек. Қырғауылды қорғау – міндетіміз.

Сондай-ақ аңшылық шаруашылықтарының қызметкерлері қырғауылдың  санын көбейтуге бағытталған биотехникалық шараларды дер кезінде жүргізіп отыру керек. Кәсіптік құстар – халық байлығы,  табиғат көркі. Бірақ ол таусылмайтын қор емес. Оны өзіміз мәпелеп күтіп, қорығанда ғана санын молайтып, халық шаруашылығына пайдалануға болады.

Бұталы орман құстардың ішінде аң аулау мерзімі ашылған кезде  лицензиясыз шұбар құрға, ал рұқсат қағазы барларға құрға, қырғауылға аңшылық етуге  болады. Орманды өңірдің тұрғындары біздің аймақта жылына 14-15,5 мың құр (15,7 тонна ет) және 15-17 мың шұбар құрды (6,2-6,8 тонна ет) мергендер қанжығасына байлайды. Бұл топқа жататын құстардың арасындағы ең ірісі-меңіреу құр. Оның салмағы 5 килограмға дейін жетеді. Бізде, негізінен, Алтай тауларында тараған. Сан мөлшері көп емес, сондықтан оны атуға тыйым салынған. Ол туралы кейінірек сөз болады. Қазірде республика ормандарында аса бағалы құстар-құр, ақ құр саны да жылдан-жылға төмендей түсуде. Егер де аңшылық шаруашылығын дұрыс жолға қойып, қоры, кеміп бара жатқан құстардың санын көбейту шараларын кеңінен жүргізіп отырсақ, Қазақстанда орман құстарының жылына 500-700 мыңын аулап, дәмді, етін дайындауға мүмкіндік туар еді.

 

4.7  Мекеме аумағындағы қырғауыл қоры

 

  Мекемеде қырғауылдарға жыл сайын сынақ жұмыстары жүргізіледі. Санаққа жалпы әдістемелік нұсқауды ҚР БҒМ зоология институты жүргізеді. Санақ жұмысына мекеменің бас орманшысы, аңшылықтанушысы, орманшылық басшылары және Алматы облысының  табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануы реттеу басқармасының  қызметкерлері қатысады.

Мекеме 2013 жылы 2350 қырғауыл есепке алынған, 2014-2460 қырғауыл есепке алынған, 2015-2520 қырғауыл есепке алынған, 2016-2591 қырғауыл есепке алынған, 2017-2678 қырғауыл есепке алынған. Кейінгі бес жылда мекемеде 12599 қырғауыл есепке алынған. Орташа есеппен әр жылы мекеме аумағында 2519 қырғауыл есепке алынған (3-кесте).

 

 

 

 

 

3 кесте – Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесіндегі әр жылғы қырғауыл қоры

Жылдар

Қырғауыл саны

2013

2350

2014

2460

2015

2520

2016

2591

2017

2678

Бес жылғы саны

12599

Орташа бір жылдық

2519

 

Қырғауылдарды пайдалану тиімділігі. Мекемеде қырғауылдарды аулау он бесінші қазаннан отыз бірінші желтоқсанға дейін белгіленген, аңшы итпен бірінші қазаннан. Мекемеге 2013 жылы 348 қырғауыл аулауға лимит берілген, 2014 жылы 352 қырғауыл аулауға лимит берілген, 2015 жылы 370 қырғауыл аулауға  лимит 2016 жылы 385 қырғауыл аулауға лимит берілген, 2017 жылы 400 қырғауыл аулауға лимит берілген. Жалпы  мекемеге бес жылда 1855 қырғауыл  аулауға берілген. Мекемеге орташа есеппен жылына 371 қырғауыл аулауға лимит берілген (4 кесте).

 

4 кесте Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесіне әр жылы аулауға бөлінген лимит мөлшері.

Жылдар

Лимит

2013

348

2014

352

2015

370

2016

385

2017

400

Бес жылда

1855

Орташа бір жылда

371

 

Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мемлекеттік мекемесіне қырғауылға берілген әр жылы былай бөленген: өз аңшыларымызға 2013 жылы 178 қырғауыл; 2014 жылы -182; 2015 жылы- 170; 2016 жылы-175; 2017 жылы- 180 қырғауыл бөленген; ал шет ел аңшыларына жылына 220 қырғауыл бөліп отырған (5 кесте).

 

 

 

 

 

 

 

5 кесте — Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінде әр жылы қырғауыл аулауға бөлінген лимитті өз аңшыларымызға және шет ел аңшыларына бөлінкі

 

Лимит, оның ішінде

Лимит, оның ішінде

Жылдар

өз аңшыларымызға

Шет ел аңшыларына

2013

178

170

2014

182

180

2015

170

200

2016

175

210

2017

180

220

 

 Біздің үкіметтіміздің  қаулысымен [15] әр бас қырғауыл құны өз аңшыларымыз үшін 170 теңге , шет ел аңшыларына 1000 теңге деп белгіледі (6 кесте)

 

6 кесте- Қазақстан Үкіметі бекіткен әр бас қырғауыл құны, теңге

Аңшылар

Құны

Өз аңшыларымызға

170

Шет ел  аңшыларына

1000

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. БИОТЕХНИЯЛЫҚ ШАРАЛАР

 

Аңшылық шаруашылығының дамуындағы жүргізілетін негізгі шаралардың бірі – биотехниялық шаралар. Олар жануарлардың бастарына түскен қиын кезеңін жеңілдетуге арналған шаралар (яғни, қыста, жұт кезінде, апаттарда, өртте, т.б. жағдайларда). Ормандарда мекендейтін құстарға арналған биотехниялық шаралар (жер суару). Қыс айларында құстардың мекен ету алқаптарында тазартылмаған жиделер, тарының, дәнді дақылдардың, бауын бұталардың, ағаштардың бастарына іліп қояды. Сонымен қатар түрлі астауларға, оттықтарға, бидай, түрлі жидектер (алма, долана, жапырақтар) салады.

Күз айларында құстар ас қорытуға керекті май сиыр тастарды өзендердің жағасынан, жыралардан, тас жолдарда, төселген қиыршық тастарды жинап қоректенеді. Тасы жоқ немесе аз алқаптарда қолдан жинау керек. Құстардың жиналатын жерлеріне тамыз айынан бастап қою қажет, себебі, оларға сиыр тастар қыркүйектен қыстың аяғына дейін керек.  Тастарды немесе шымдарды үйіріп қояды.

Қырғауылдар негізінен жұмсақ қыста қорекпен жетерліктей қамтамасыз етіледі., бірақ та аса қатты қыстарда оларға көмек керек етеді. Оттықтарды, астауларды қалың бұталардан арылған,баспаналардың астына орналастырады. Астаулар жерде тұрақты тұруы керек. Оған 10 кг-дай жем салады. Сонымен қатар, қыста және көктемде қырғауылға минералды қоспалар қажет: сүйек ұнтақтарын, азықты ізбесті тас, ұнтақталған әк, ұнталқатлған жұмыртқаның қабығын қопа ретінде өскен бидай ұрықтарын. Осы қоспаларды құстық жейтін құрама жеммен араластырып беру қажет.

Астаулардың басына майда қиыр тасрады немесе ірі шымдарды үйіп қоюы  қажет, себебі олар қырғауылдың асқазанына қажет. Сонымен қатар, 50 шақты қазық дайындау қажет (тазартылмаған сұлы бауын ілу керек) майқұм (ағаштың күлі қосылған) төгу қажет. Боранды және қатты суықта қырғауылдарға қорған керек.

2017 жылы  ормандарды қорғау мекемесінің қызметкерлері 30 тоннадай дәнді дақылдар шөбін шауып, қажетті жерлерге үйіп қойды. Ол үшін 20 тарта астаулар жасалып, баспаналар құрылды, өйткені жауын, қар жауған кезінде астаулардағы жеміс-жидектер, дәнді-дақылдар зақымданбайды.

Зиянды жануарлармен күрес. Балхаш аймағында қырғауылдар мен құрлардың жаулары болып, қасқыр, шиебөрі, жабайы иттер, түлкі, қарға, сауысқан, жыртқыш құстар болып есептеледі (кесте-8).

Қырғауылдарға көп зиян келтіретін қаңғыма жабайы иттердің мөлшері басылмай тұр.  Оларға қойшылардың немесе қаладағы бос жүрген иттер азық таба алмағандықтан мекеме аймағындағы  шілікті-жылы жерлерге орнығып, қырғауылдарға тыныштық бермегендіктен, ауық-ауық жойылып отырады.

 

 

 

 

 

Кесте 7. Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінде жойылған зиянды жыртқыштар

Зиянды жануарлар түрлері

Жылдар

2013

2014

2015

2016

2017

Қасқыр

58

53

61

56

59

Жабайы иттер

15

18

13

19

17

Қарға, сауысқан

185

151

182

176

192

Бес жылда

258

222

256

251

268

 

Биотехникалық жұмыстардың жіктелінуіне байланысты Алматы облысының  табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінде мынадай жұмыс түрлері істелінді:

  • тұяқты жануарларды минералді азықтармен қосымша қоректендіру;
  • доңыздарды, еліктерді, қырғауылдарды және кекіліктерді қыстай жеммен, шөппен және сыпырығымен қосымша қоректендіру;
  • жыртқыштардың санын реттеу және оларды жою;
  • жануарлар кезде адамдардың орманда жүруін шектеу;
  • жануарлар көбейетін аймақтарды жабдықтау.

      Бұл жымыстардың бәрі мемлекеттік мекеменің  барлық қызметкерлерінің қатысуымен орындалды. Жануарларға жұмсалынған

Материалдарды мемлекеттік бюджеттің есебінен алынды.

Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің тікелей қатысуымен мынадай жұмыс көлемі орындалды:

  • тұяқтылар және қырғауылдар үшін оттықтар жасау -100 дана;
  • тұздықтар жасап оған тұз салу -200 дана;
  • бұлақтарды және суаттарды тазарту және жабдықтау -11 дана;
  • қосымша қоректендіру материалдарын салу -1000 дана;
  • сыпырғылар дайындау-2000дана
  • шөпті орып маяларға жинау -9 тонна
  • Жыртқыштармен және иесіз иттермен күрес-51 басын ату;
  • Құзғындарды және сауысқандарды ату- 200 бас;
  • Аншлагтармен көрсеткіштер жасау-10 дана.

Мемлекеттік бюджеттен аталған биотехникалық шараларға 275 мың теңге жұмсалынды.

Минералды қосымша қоректендіру. Жыл бойы мекеме жануарлардың тұзға деген мұқтаждығын толық қамтамасыз етті.

Жыл бойы-көктемде, жазда, күзде- мекеме аумағынндағы тұздықтарға (200 дана) үш реттен тұз салынды. Барлығы 10 тонна тұз салынды. Оның екі тоннасы баталы сыпырғылар мен маядағы шөпке жұмсалынды.

 

 

 

 

  1. АҢ АУЛАУ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

 

Аң аулау кезінде аңшыны нетүрлі қауіпті жағдайлар күтеді. Қауіптің бәрі тек жануарлардан ғана төнбейді.  Бақытсыз жағдайға аңшы аң аулау кезінде жай ғана қауіпсіздік шараларын жасамағандықтан ұшырайды.

Қауіпсіздік сақтау үйден басталады. Себебі үйде мылтық, оқ-дәрі және құрал саймандар  сақталады. Аңшылық керек- жарақтарға  дұрыс  қарамау аңшының  және оның  жақындарының  өміріне қауіпті. Сондықтан мылтықты  және оқ-дәрілерді балалардың  және басқа жақын адамдардың қолы жетпейтін жерге сақтау керек. Ең дұрыс  оларды  темір шкафта сақтаған длұрыс . Ол шкаф жақсы жабылуы және қабырғаға немесе еденге бекітілуі тиіс.

Мылтықты үйдің, саяжайдың , гараждың  қабырғаларына іліп қоюға мүлдем  болмайды. Егер мылтық бөлшектенбеген болса, екіге  бөліп сақтаған дұрыс, ал егер ол бөлшектенбесе оны шкафтың ішіндегі сайысына қыстырып қойған дұрыс болады.

Мылтықты  тасымалдағанда немесе сақтағанда оынң оқталмағанына көз жеткізіңіз. Оқтаулы мылтықты мүлдем сақтауға  болмайды. Себебі, біріншіден ол өмірге қауіпті, екіншіден оқ мыльықтың оқпанын бүұзады. Оқталған мылтықты бөгде  адамға беруге болмайды.

Мылтықты  тасымалдағанда ол қаптамада немесе жәшікте  болуы керек. Егер мылтықты қаптамада алып жүруге  мүмкіндік болмаса, онда мылтықтың  құндығын  екі аяқтың  арасына қысып , оқпанын кеудеге  сүйеп ұстап отыру керек. Қоғамдық өліктерде  мылтықты тек  бөлшектенген және қапталған күйінде тасымалдауға болады.

Аңшы автокөлікке отырар алдында серігіне мылтықтың оқсыз екенін көрсетуі керек. Мұндай тексеріс өте  қажет, себебі автокөлікке  отырарда немесе түсерде мылтығын серігіне  ұстатады. Мұндай қағида қоршаулардан немесе  ағаштардан  өткенде  де сақталуы керек.

Бұлақтардың немесе арықтардан бөрене арқылы өткенде  мылтықты иыққа  асып алады. Мұндай өткелдерде қол сүйеніш таяғын ұстау үшін бос болуы керек.

Аулау орнында қазбауырлап жүрген кезде алдыңғы аңшы мылтығын алға  иыққа қаратып, ал оның  соңында келе жатқан. Аңшы – бір жағына қаратып, ал ең соңында келе жатқан  аңшы –артына қаратып ұстаған жөн. Мұндай кезде мылтықты бауынан ұстауға болмайды, себебі мылтық  бір нәрсеге ілініп оның оқпаны адамға қарауы мумкін.

Ату орнына жеткен соң, аң анық көрінбесе оны атуға болмайды. Ату алдында орнықты жағдайды қабылдау керек. Ататын бағытта адам(жидек немесе саңырауқұлақ теріп жүрген) немесе үй  жануарлары болмасын.

Аң жақын қашықтықта атылатын болса, оқ алысқа ұшады, адамды жақаттауы мүмкін.

Қыста оқпанға қар түспеуін қадағылау керек. Оқпанды түскен  қардан тазаламаса, ол атқанда жарылып кетуі мүмкін. Әсіресе жылы үйге кіргенде оқпанды қардан тазарту керек, себебі жылы жерде қар ериді де, қайта суыққа шыққанда қатады. Ол оқпанның жарылуына әкеліп соғады.

Оқпанды мақтамен және шүберекпен тығыдауға болмайды, себебі асығыста олар алынбай,  мылтық атылып оқпан істен шығуы мүмкін.

Атылмай қалған оқтарды қоста лақытып тастауға  немесе қалталарға тықпалауға болмайды.

Қостағы қоқыстарды жағуға болмайды, себебі онда атылмай қалған, әлде біреулер тастаған оқ болуы мүмкін. Ол қоқысты көміп тастаған жөн.

Аңшылық шаруашылығын  дамытуда, жаңа технологиялар енгізуде, еңбек жағдайын  жақсартуда, еңбекті қорғау, санитария және техника қауіпсіздігі туралы білуіді қажет етеді.

Орман және аңшылық шарушылығына еңбек қорғау деп аңшылық шаруашылығына еңбек  етеін мамандардың  денсаулығын қорғауға, еңбекке жарамдылығын сақтауға арналған заңнамалардың және соғ,ан сәйкес әлеуметтік-экономикалық, техникалық, санитарлы-гигиеналық және ұйымдастыру шараларының жүйесін түсінеміз.

 Заңнамалар және еңбек қорғау ережесіне мыналар кіреді.

— техника қауіпсіздігіне байланысты, жұмысшылармен  ара қатынасты      реттейтін  еңбек процесстерінің  нормасын белгілейтін Қазақсатн Республикасының еңбек заңнамалары;

— техника қауіпсіздігі-қауіпті өндірісті жұмыс істейтіндерге әсер ететін факторлардан қорғайтын ұйымдастырушылық және техникалық шаралар жүйесі;

— өндірістіксанитария-қауіпті өндірісте жұмыс істейтіндерге әсер ететін факторлардан қорғайтын ұйымдастырушылық, гигиеналық және санитарлық-техникалық шаралар мен құралдың жүйесі;

—  өрт қауіпсіздігі- өртке қарсы және заттарды өрттен сақтайтын адамдар жасағы немесе табиғи нысаналар.

Қазақстан Республикасының заңнамалары мынаны қарастырған:

  • еңбек қорғаудың құқықтық негіздері;
  • еңбек қорғау ережелері және нормалар және еңбек қауіпсіздігі

стандарттарының жүйесі;

  • жас мамандардың еңбегін қорғау;
  • еңбек қорғау жағдайына мемлекеттік бақылау.

Ормант және аңшылық шаруашылығы кәсіпорындарында еңбек қорғау  жұмыстарын ұйымдастырғанда мыналар іске асырылады:

  • еңбек қорғауды ұйымдастыру әкімшілік міндеті;
  • еңбек қорғау шараларын жоспарлау және қаржыландыру;
  • кәсіпорын қызметкерлерін еңбек қорғауға үйрету;
  • жазатайым жағдайды тексеру және есепке алу;
  • зақымданушылық себебін анықтау және оған талдау жасау;
  • зақымданышылықтың алдын алу жалпы шаралар.

 

 

Кесенелер, өндіріс цехтерында өндірістік санитария және техника қауіпсіздігінің ережелері мен нормалары сақталынуы керек.

   Соның ішінде:

  • кесенелердегі өндірітік санитария;
  • қоршаған ортаның ластануы және оны нормада ұстау әдістері;
  • жарыққа талаптар;
  • электр қауіпсіздігі;
  • жеке қорғаныс құралдары;

Биотехникалық шаралар өткізгенде адамдар мен жүктерді тасығанда қауіпсіздік шараларын сақтау керек.

Аңшылық кезінде аңшылардың қосын ұйымдастырғанда қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Аңшылық қарудлармен жұмыс істегенде ережеге сәйкес оны адамға  қаратуға болмайды. Қосқа келгенде  мылтықты оқсыздардыру керек. Әйтпесе ол адам өмірне  қатер төндіреді.

Жаралы жануарға (жыртқыштарға немесе тұяқтыларға) бас жағынан келуге болмайды. Жаралы жануар аңшыға ұмтылып оны тісімен немесе мүйізімен немесе тұяғымен зақымдауы мүмкін, өлтіреде алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  Жаңа экономикалық саясат кезеңінде, жасыл экономиканы дамыту жолында еліміздің табиғи байлығын, жануарлар дүниесі генафондтын сақтап, көбейтіп қана қоймай, аймақтарда қолайлы аңшылық шаруашылығын ұйымдастыру, халықаралық аңшылық туризмін өркендету ішкі табысты, бюджетті молайтудың бірден-бір тетігі болуы тиіс. Еліміздегі 700-ге тарта аңшылық шаруашылықтары басқа міндетті жұмыстарымен бірге, өздерінің қарамақтарындағы алқаптардағы аңдар мен жануарларға мониторинг жүргізіп, биотехникалық шараларды ұйымдастырып, табиғаттың тепе-теңдігін сақтауы қажет. Аңшылық  шаруашылығында өсіп-өніп, көбейетін қырғауылдар орман, тоғайдың сәні болуымен бірге осы жаққа келген аңшылардың, туристердің нысанасына айналып, аңшылық шаруашылығын тиімді дамытуға септігін тигізетін болады. Қырғауылдарды жерсіндіріп көбейту келесі мәселелерді шешуге көмектеседі: зиян келтіруші құрт-құмырсқаларды жою (биологиялық әдіс). Санитарлық-қорғаушы аумақтың табиғи орман жағдайына барынша жақындауы. Сондай-ақ аңшылық обьект ретінде қырғауылды елімізде 15 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейін аулайды. Егер аң аулайтын иті және аушы құсы болса 1-қазаннан бастап рұқсат береді.

Қырғауылдарды елімізде жерсіндіру процесі кезінде жануарлардың тіршілік етуі ғана емес, сонымен бірге олардың марфофизиологиялық ерекшеліктері (күйі) де өзгерді. Қырғауылдар  қоршаған ортадағы ауа температурасының өзгеруіне, жарықтың әсеріне, атмосфералық қысымға, дымқылдығына, ауадағы газдың құрамының өзгеруіне және қорегіне тәуелсіз болады. Жерсіндірудің жетістігі жерсіндіретін жануарлардың түрлерін дұрыс таңдау және оны уақытылы өткізілуіне де байланысты. Жаңа ортада табиғи сұрыптан өткен және осы ортаға бейімделгендері қалады. Олар осы ортаның маусымдық және тәуліктік өзгеруіне бейімделіп ары қарай көбейіп және дамыған (өскен) түрлер. Жануарлардың мекендеген табиғи ортасында болатын кейбір қолайсыз жылдары саны азайған кездерінде санын қайта толықтыра алатын шамаға келе алатын болса, онда қырғауылдарды жерсіндіру үрдісі табысты өтті деп бағалауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.Алимбеков Б.Р, Төлегенов С.Т – Дигеразведения и охоитничьых            животных Алматы 1998г

2.Беркінбай О. Орнитология. Алматы жібек жолы 2008ж

3.Куәлік 67-1907-12-ММ. «Балхаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме» мемлекеттік мекемесі.18.02.2005. Лепсі кенті. Серия В.№ 011867  [1]

4.Балхаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекесі туралы Ереже. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануы ретеу департаменті. 25.01.2005. № 18 бұйрық. [2]

  1. Проект Организации и развития охотничьего хозяйства Балхашского лесоохотничьего производственного предприятия Алматинского лесохозяйственного производственного объединения. Т.1. Пояснительная записка. Алматы, 1994-1995.  [3]
  2. Долгушин И.А. Птицы Казахстана Алматы, Наука 1974 г 1.5 479
  3. Кузякин В.А Охотничье шакация М, 1979
  4. Романов В.С. Козло П.Г. Падайга В.И. Охоитоводение Минск: Тесей 2005. 448с
  5. Әкімбеков Б.Р. Қасұаұбаев Е.М, Омазов Д.А, Анаев М.В. Кәсіптік аңшылықты ауланатын жануарлар биотехниясы. Алматы, 2008-86 бет.
  6. Трагев В.А. Редкие и изчезаюция птицы дельиты р Или .Алматы, 1477,с 175-177.
  7. Лунов Т. Новая Энциклопедия охоты Рииол классик. М, 2005, с 245-449
  8. Правила охоты на территории Республики Казахстан Веотник охотников и рыболовов Казахстана. 2003 №1