АҚСУ – ЖАБАҒЫЛЫ  

АҚСУ – ЖАБАҒЫЛЫ

 

    Орта  Азия  мен  Қазақстандағы  ең  байырғы  қорық – Ақсу  Жабағылы  1927  жылы  ашылған .  Еренқабырға  тауының  батыс  баурайын  ала  ұзыннан – ұзақ  созылып  жатыр .  Жер  бедерінің  биіктік  белдеулері  әр  тұсында  әрқилы .  Өзіндік  ажар – айшығымен  көз  тартады .  Шөл – шөлейт ,  далалық ,  шалғынды  белдердің  соңы  биік  аршалы  беткейлерге  ұласады .  Арынды  өзендері  ақ  көбік  атып ,  күркіреген  сарқымаларға  құлайды .

    Ақсу – Жабағылы – жер  бетінен  жоғалып  барва  жатқан  немесе  өте  сирек  кездесетін  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесі  топтастырылған  қорық .  Мұнда  арқар  мен  тауешкі ,  бұғы  мен  елік ,  сілеусін  мен  қар  қабыланы ,  қасқыр  мен  түлкі ,  аю  мен  жайра ,  сусар  мен  ақ  тышқан  т . б .  тағы  аңдар  бар .  Құс  баласы  да  жыртылып  айырылады .

    Алып  таулы  өлке  Еренқабырға  екі  жарым  мың  шақырымға  созылып ,  өн  бойын  Солтүстік ,  Орталық ,  Ішкі  және  Батыс  бөліктерге  бөледі .  1920  жылы  шілдеде  Ташкент  университетінің  профессоры ,  гидробиолог  А . Л .  Бродский  осы  өңірге  іссапармен  шығады .  Жабағылы  мен  Ақсу  өзендері  арналары  басын  алатын  Батыс  Еренқабырға  бөктерін  еркін  аралайды .  Адам  аяғы  баспаған  өсімдіктер  мен  жануарларәлемі  ғалымды  таң  қалдырады .  А . Л. Бродский  Түркістандағы  мұражай  мен  көне  ескерткіштерді   және  табиғат  пен  өнерді  қорғау  комитетіне  арнайы  хат  жазады .  Хатта  Батыс  Еренқабырға  аймағын  қорыққа  айналдывру  жөнінде   ұсынысын  білдіреді .  Артынша  әр  сала  бойынша  құрылған  комитет  ғалымдары  бірнеше  жыл  бойы  тиянақты  зерттеу ,  бағдарлау  ісін  бастайды .  Нәтижесінде  қорық  ашу  ұсынысын  бірауыздан  қолдайды .  Сөйтіп ,  1926  жылдың  шілдесінде  Қазақ   АССР  Халық   Комиссарлар  кеңесі  осы  мақсатта  қаулы  қабылдап ,  Мәскеуге  жолдайды .  Келер  жылы  шілдеде  қаулы  бекиді .

    Қорық  директоры  болып  Орыс  географиялық  қоғамының  мүшесі ,  білікті  маман  ,  табиғат  жанашыры  Борис  Петрович  Тризна  сайланады .

    Қорық  көлемі  әр  жылдарда  ұлғайтылып   отырған .  Бүгінгі  таңда  75043  гектар  аймақты  алып  жатыр .  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Түлкібас ,  Төле  би  аудандары  жерінде  орналасқан .  Негізгі  өзендері —  Жабағылы ,  Үлкен  Ақсу ,  Кіші  Ақсу ,  Ақсу ,  Балдарбек ,  Бала  Балдарбек .  Бұғылтөр  мұзарт  шыңы  алыстан  « мен  мұндалайды » .  Бұғылтөр ,  Құлөлді ,  Айнакөл ,  Қызөлген ,  Көкүйірім , Жасыл  атты  шағын  көлдері  бар .

    Теңіз  бетінен  үш  мың  метрлік  биіктіктегі  адам  аяғы  жетпес  Қасқабұлақ  қазаншұңқырына  тарихи  « сурет  галереясы »  сақталған .  Күңгірт  түсті  жылтыр  тастардың  бетіне  қашап  салынған  жабайы  аңдар  мен  үй  жануарларының ,  көне  замандағы  аңшылық  құрған  адамдардың  бейнелері  ап – айқын  көрінеді .  « Сурет  галереясы »  әлі  күнге  толық  зерттелмеген  .  Тарихи  таңбалар  сыры  ашылу  сағатын ,  сәтін  күтеді . 

    Ақсу – Жабағылы  қорық  қана  емес ,  ғылыми  зерттеу  мекемесі  де .  Алғашқы  ғылыми  қызметкері  —  ботаник  А . П.  Масальский .  Ол  өзі  жұмыс  істеген  бес  жылдың  ішінде  қорықта  өсетін  өсімдік  түрін  бірнеше  сатыға  жіктелген  кестеге  түсірді .  Сол  жылдары – ақ   Сиверс  жабайы  алма  ағашы  қорықтың  алтын  қорына  енгізілді.  Сарғыш  түстен  қызғылт – сарыға ,  алқызыл  түстен  қанық  қызыл  бояуға  ауысатын  дәмі  тәтті ,  қышқылтым  алмалары  жылдың  шілде – тамыз – қазан  айларында  пісіп  жетіледі .  4  градусқа  дейінгі  суыққа  төзімді .  Әрі  ұзақ  сақталады ,  бұзылмайды .  Зиянкес  насекомдарға  бой  алдырмайды .

    Ақсу – Жабағылыны  « Қызғалдақтар  патшалығы »  деп  те  атайды .  Мұнда  өсетін  қызғалдақтың  алты  тұқымдасының  төртеуі – көптеген  жаңа  мәдени  сорттардың  түп  атасы .  Қорық  қызғалдақтары  Қазақстан ,  Ресей ,  Өзбекстан  Қызыл  кітаптарына  енгізілген .  Таулы  өңірін  сәуір  айынан  тамызға  шейін  құлпыртып ,  алқызыл  кілемге   айналдыратын  қызғалдақтың  ең  әйгілісі —  Грейга  қызғалдағы .  «Қызғалдақтар  королі » .  Бір  шаршы  метр  жерде  жиырма  шақтысы  бірден  өсетін  өте  өсімтал  гүл .  Грейга  1877  жылы  Голландияда  бірінші  сатылы  сортты  қызғалдақ  дипломына  ие  болған .  Бүгінде  бұл  тұқымдастан  200 – ге  тарта  жаңа  мәдени  сорты  алынды .  Грейга  қызғалдағы  әлемдік  гүлдестелердің  бес  пайызын  құрайды . 

    Балдарбек  және  Бала  Балдарбек  өзендері  бастаулары  маңында  өсетін  қызғалдақтардың  түсі  өзгеше .  Ашық  сары  түсті ,  қанық  сары  түсті  болып  келеді .

 

*****

    Ақсу – Жабағылыда  құстың  238  түрі  кездеседі .  Қазақстан  қызыл  кітабына  енгізілген  ұлар ,  кекілік  те  қорықта  бар .  Омыртқасыздар  тобына   жататын  30 – дан  астам  түр ,  жиырма  отрядқа  жіктелген  1200  түрлі  ұсақ  насекомдар  анықталып ,  тіркелді .  Түсі ,  сұлбасы  бір – біріне  ұқсамайтын  қандаланың  100  түрі ,  қоңыздың  700  түрі  кестеге  тіркелген .

 

*****

    Қорықта  жыртқыш  аңдардың  ішіндегі  үлкені  Еренқабырға  қоңыр  аюы ,  мекендейді .  Шамамен  80  шақты .  Аю  қыс  мезгілінде  үңгірде  жатып  балалайды .  Көбіне  екі  қонжық  ,  аракідік  біреу  туады .  Үшеу  сирек.   Келесі  ұшырасатын  жыртқыш  аң  —  қар  барысы .  Жаз  айларында  2 – 5  күшігін  ертіп ,  биік  тау  беткейлерінде  мекендейді .  Ал  қыста  азық  үшін  етекке  түседі .  Тұяқтылар  отряды  жануарлары  негізгі  азығы .  Мамандардың  айтуынша ,  қар  барысының  әзірге  10  жұбы  бар .  Тас  сусары  мен  Түркістан  мәліні  де  ерекше  қамқорлықты ,  қатарын  көбейтуді  қажет  ететін  сирек  аңдар .

 

*****

    Тұяқтылар  отрядынан  Сібір  тау  ешкісі  бар .  Шамамен  жалпы  саны  1200 – 1500 .  Онан  бөлек  марал ,  елік ,  арқар ,  жабайы  қабан ,  т . б .   ұсақ  аңдар  мекендейді .

    Ақсу – Жабағылы  қорығында  Ресей ,  Қазақстан  Қызыл  кітабына  енген  омыртқалылар  тобының  20 ,  сирек  өсімдіктердің  40  түрі  сақталған .

 

****

    Қорық   мұражайында  50 —  жылдардан  бері  Зерафшан  аршасы  сақталған .   Діңіндегі  сақиналар  оның  жасының  394 – те  екенін  айғақтайды .  Мұнда  600  мыңдаған  жыл  жасаған  аршалар  да  бар .  Неше  сан  дәуірдің  қилы – қилы  оқиғасына  куә  болған  арша  жайлы   К . Д .  Мұхамедшин ,  С . К .  Сартбаев  сынды  ғалымдар  егжей– тегжейді  зерттеп  жазды .  Кезінде  Ескендір  Зұлқарнайын  —  Александр  Македонскийдің ,  Шыңғыс  хан  мен  Темірланның  атты  әскері  тұяғы  дүбірінен  діріл  қағып ,  жер  сілкінісі ,  сел ,  құрғақшылық  ,  қарлы – боранды  жылдарды  бастан  кешкен  аршалар  бұл .

    Аршаны   « өмір  ағашы »  деп  атайды .  Бір  гектар  көлемдегі  арша  ағаштары  тәулігіне  30  килограмдай  фитоцид —  тіршілік  нәрін  бөледі .  Үлкен  қаланың  ауа  жайын  ұсақ  микробтардан  сүңгіден  өткізгендей  тазартады .  Арша – санитар .  Ұзақ  жасайтын  аршалар  нақ  Алматы  көшелеріне  отырғызылатын  ағаш  түрі .  Қазандықта  орналасқан  қала  ауа  жайы  бір  демде  жақсарып  шыға  келер  еді .

 

*****

    Қорықта  емдік  шөптердің  200 – ден  аса  түрі  бар .  Жүрек ,  жүйке ,  асқазан  ауруларын ,  қан  айналымын  реттейтін ,  тәбет  ашыратын ,  адам  ағзасын   қуаттандырып ,  жұмысын  сауықтыратын  қасиетті  өсімдіктер  барлық  жерден  кездеседі .  Қазақстан  Қызыл  кітабына  енгізілген  шипалы  өсімдіктің  30  түрі  Ақсу – Жабағылыда  өседі .