Ақмола облысында жоғары сынып оқушылары бесінші сынып оқушысын зорлаған

Ақмола облысындағы мектептердің бірінде жантүршігерлік оқиға тіркелді. БАҚ бесінші сынып оқушысының зорланғанын хабарлады  деп жазады   altyn-orda.kz     .

Ақпаратқа Ақмола облысы бойынша ДП өкілдері түсініктеме берді.

Белгілі болғандай, қылмыс өткен жылы болған. Оның үстіне айыпталушылардың бірі – мектеп мұғалімінің ұлы. Ақмола облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған қызға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«БҰЛ ОҚИҒА ЖӘБІРЛЕГЕН ТАРАПТЫҢ МӘЛІМЕТІНЕ СӘЙКЕС, 2022 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ АЙЫНДА БОЛҒАН. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ЭКСПЕРТИЗАҒА ТАПСЫРЫС БЕРІЛДІ ЖӘНЕ ОҚИҒАННЫҢ ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес БАСҚА МӘЛІМЕТТЕР АЙТА АЛМАЙМЫЗ », — деп атап өтті ДЕПАРТАМЕНТ.