Курстық жұмыс: “Байсерке Агро” ЖШС өндірісінің көмекші және қызмет көрсету процесстерін ұйымдастыру

                             Мазмұны

 

     Кіріспе                                                                                                                3

 

  1. “Байсерке Агро” ЖШС – ң тарихы және өнім өндірісіне сипаттама 4
  2. “Байсерке Агро” ЖШС – ң жалпы құрылымы 6
  3. “Байсерке Агро” ЖШС – ң басқару құрылымы 8
  4. Кәсіпорынның негізгі өндірісін ұйымдастыру 10
  5. “Байсерке Агро” ЖШС – ң технологиясына сипаттама 13
  6. “Байсерке Агро” ЖШС өндірісінің көмекші және қызмет көрсету процесстерін ұйымдастыруының сипаттамасы                                               15
  7. “Байсерке Агро” ЖШС – ң маркетинктік қызметі 16
  8. “Байсерке Агро” ЖШС – дағы табыс құрылымын талдау 18
  9. “Байсерке Агро” ЖШС – дағы шығынның құрылымын талдау 19
  10. “Байсерке Агро” ЖШС – ң техника – экономикалық көрсеткіштерін талдау 21
  11. “Байсерке Агро” ЖШС – да категория бойынша еңбек ақы қорын талдау                                                                                                                      23                                   

 

Қорытынды                                                                                                            24

 

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Кіріспе           

Көпшілік өндірісте және халық қажеттілігінде нан өнімдері  маңызды роль атқарады. Көпшілік өндіріс — өндірістік процестің күнделікті қайталануын және оның үздіксіз жаңартылуын көрсетеді.Өндірістік процесс бұл – бүтіндей алғанда бәрінен бұрын көпшілік өнім өндірісі және біріккен өнім, бөлінген өнім, қажеттілік және айырбас болып табылады, осы процестер бір – бірімен тығыз байланысты.

         Тауарлық бидайды сатып алу – қажеттілік сферасының бастапқы                сатысы.Бидай өзінің натуралдық түрінде дайын өнім болып саналмайды.Ол спирт суларын жасауда, крахмал, консервы өндірістерінде шикізат болып есептеледі. Қалдықтар аралас жем өндірісінде шикізат қызметін атқарады. Өз кезегінде ұн мен жарма да нан зауытында, кондитерлік зауыттарда және макарон өндірістерінде шикізат болып табылады. Нан өнімдерін өндіруде бірінші және ең маңызды жағдайды – тауарлық бидайдың концентрациясы және сақталуы құрайды. Өндірісте нан қабылдайтын пунктердің соңғы және аяқтаушы сатысы – ол бидайды жинағаннан кейінгі өңдеу процесі. Жинаудан кейінгі өңдеу мен мемлекеттік запастарды ұзақ сақтау – ұн,жарма, бидайды өңдеудің алдын – ала жағдайын құрайды.  Осы соңғы сатылар біріккен өндірістік процесте бидайдың тұтынатын қнімге айналуын арнайы кәсіпорындарда жүзеге асырылады. Сондай кәсіпорындардың бірі “ Байсерке Агро”  ЖШС.

   Байсерке Агро ЖШС –ң  басты тапсырмасы  қоғамдық тұтынушыларды өз өнімдерімен қанағаттандыру, түскен пайданы еңбек ұжымының мүшелері мен кәсіпорын меншігінің экономикалық — әлеуметтік жақсартуға пайдалану болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. “Байсерке Агро” ЖШС – нің  тарихы және өнім  

                                          өндірісіне   сипаттама

 

Байсерке агрокешені оңтүстік астанадан 15 шақырым жердегі Алматы обылысы   Іле ауданының Байсерке ауылында орналасқан. Ол 2001- жылы 7-желтоқсанда құрылған.Содан бері жұмысын үзбей  істеп келеді.

  • шаруашылық қызметі — өндірістік.
  • меншік түрі – жеке.
  • көлемі бойынша кәсіпорын – орта
  • өзіндік капиталы – ұлттық
  • жауапкершілік сатысы – шектеулі
  • өндіретін өнім түрі – ұн өнімдері мен жануарларға арналған азық

Кәспорынның  бүгінгі таңда жарғылық капитал мөлшері – 77500 теңгені құрайды.РНН – 600800057614.Бидайды сақтауға лицензиясы бар. “Байсерке Агро” ЖШС   ұн  тарту, жарма және макарон өрімдерінің ассортиментіне кеңінен өндіретін ірі тауар өндіруші ретінде Қазақстан және ТМД елдерінде кеңінен таныс.”Байсерке Агро” ЖШС-нің негізгі қызметі ауыл шаруашылығы шикізаттарын қабылдау, тазалау, кептіру,қайта өңдеу,сақтау және қайта қортып олардан халық тұтынатын тағам түрлерін (ұн,жарма,макарон тағамдары)және үй жануарларына арналған жем дайындайды. Сонымен қатар қойма үй —  жайларын  жалға береді

       Агрокешеннің Қазақстан, ТМД және алыс шет елдерге азық – түлік жіберу        

        үшін қолайлы автокөлік кіретін және темір жолдары бар.

Осы қазіргі уақытта кәсіпорында мына төмендегідей цехтар мен өндірістер жұмыс істейді:

  • тәулігіне 120т өнім өндіретін диірмен
  • тәулігіне 5т макарон шығаратын цех
  • тәулігіне қуаты 100т күрделі құрама жем зауыты

 

 

 

  • өнімділігі тәулігіне 80т жарма цехы
  • қуаттылығы жылына 70 000т жүгері сорттау зауыты
  • механикаландырылған мұнара
  • Австриялық “PITKUS” кептіргіші
  • жанар – жағар май қоймасы (ГСМ )

Кәсіпорынды электр жүйесімен  үздіксіз  қамтамасыз етіп  отырған-АПК ГРЭК болып табылады. Кәсіпорынға су өзінің насостық станциясы арқылы жүргізілген.Ондағы негізгі су қолданушы цехтар: диірмен және макарон цехы. Жанар жағар майды “PETOLEOM INC” ЖШС жеткізеді.Жанар жағар май орталық қоймадан аралас жем өнірісі зауытына, бидай кептіргіштерге жіберіледі.Диірменге шикізат болып 3 –класстық бидай жатады.Паспорттық өнімділігі тәулігіне 120 тонна, айына қажет шикізат 3600 тонна. Бидайың негізгі жеткізушілері:”Генерал” ЖШС, И “ Иманалиев”, ИП “ Горбунова “болып табылады,запастар цехтың өнімділігімен және бір айға қажет материалдардың минимумымен есептеледі.

    “Байсерке Агро”ЖШС аумағында халықтық санитарлық – эпидемиологиялық жағдайын жақсарту туралы 08.07.1994ж.. 110-ХШ негізінде үнемі дезинфекциялау жұмысы жүргізіліп отырылады.Кәсіпорында жұмысшылардың кәсіптік біліктілігін арттыруға байланысты аттестациялар жүргізіліп отырылады және өзінің біліктілігін шет елдерде арттыруға мүмкіншіліктері бар.   

     Қазіргі кездегі “Байсерке Агро” ЖШС- нің алдында тұрған көкейкесті мақсаттарының бірі – қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа құрал – жабдықтарды лизинг тәртібімен алу.Сондықтан бүгінгі таңда осындай мақсаттарға жету үшін “Байсерке Агро” ЖШС – нің ұжымы  талмай қызмет етуде. Бүгінгі таңда “Байсерке Агро”ЖШС шығарған ұн және макарон өнімдері тек ғана Іле аудены емес,сонымен қатар Алматы облысының көптеген аудандарында үлкен сұранысқа ие болып отыр. 

 

 

  1.    “Байсерке Агро”ЖШС –ң  жалпы құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.   “Байсерке Агро” ЖШС – ң басқару құрылымы

 

Енді кәсіпорынның  басқару құрылымына тоқтай кететін болсақ,кәсіпорынды директор басқарады.Оның қызыметі келесідей:

-кәсіпорын мүлкіне иелік етеді,

-ұжым атынан келісімдерге қол қояды,

-өзінің атынан басқа тұлғаларға сенім білдіреді,

Заңгер кәсіпорынның құқықтарын қорғайды және кәсіпорынның заңға сәйкес жұмыс істеуін қадағалап отырады.

Директордың орынбасары өндірістік – жоспарлау диспетчерлік және тағы басқа жұмыстарды басқарып отырады.

Бас механик пен бас энергетик қызметі келесідей болып келеді:

-кәсіпорын ауқымында түрлі қызмет көрсетеді,

— энергетика және жылу жабдықтарымен бірқалыпты қамтамасыз етуді ұйымдастырады,

— кәсіпорында электр мен жылу энергиясын таратуды жолға қояды ж .т.б.

Есеп беру бөлімі келесідей қызмет атқарады:

  • материалдық және қаржы ресурыстарының түсімдері мен олардың жумсалуын қадағалап отырады,
  • жұмыс күштерін есепке алады,
  • кәсіпорынның қызыметі жөніндегі қорытынды есептерді дайындайды

Кадырлар бөлімі:

  • қызметкерлерді жұмысқа алу және жұмыстан босату тәртібін сақтау,
  • жұмыскерлердің жұмысқа келгенін тіркейді,
  • кадрларды оқытады және қайта даярлайды,
  • жұмыс тәртібі мен еңбек тәтібінің сақталуын қадағалайды.

Өндірістік цех басшысының ең басты қызметі:

  • өнімді цехқа бекітіліп беріген мөлшерде,
  • дер кезінде,
  • жоғарғы сапада өндіру қызметімен айналысады.

 

 

  1. Кәсіпорынның негізгі өндірісін ұйымдастыру

 

“Байсерке Агро”ЖШС – ң негізгі өндірістік цехтарының бірі – макарон цехы. Бұл цех макаронның қысқа кесілген жоғарғы сортын Гост номері  “875 – 92” МАКИЗ – 02  Челябиндық  ғылыми — өндірістік “ТЕКО” моделі бойынша шығарады.“ТЕКО” фирмасы төмендегілерді қамтамасыздандырады:

  • макарон өнімдерін дайындауға керекті әртүрлі өнімдер;
  • өнімді қайнатқанға дейінгі және қайнатқаннан кейінгі өз түрін сақтауы;
  • өнімнің барлық түрлерінде біртекті құрамының болуы;
  • өнімді пісіруге аз уақыттың кетуі;

Өнімнің  матрицасы тұтынушыларға керекті өнімді таңдауға ыңғайлы жасалған.Макарон цехының шикізаты ол —  кәсіпорынның өзінде тартылған жоғарғы сорт ұны. Жоспарланған запас айына 150 тонна.Ұн қоймада 10 күн жатқаннан кейін ғана өндіріске жөнелтіледі.

Макарон бұйымдарын дайындау кезінде пайдаланылатын шикізаттар нормативтік – техникалық құжаттарға, медико – биологиялық талаптарға және санитарлық нормаларға сәйкес.“Байсерке Агро” ЖШС – де астықтың сапасына және оның өнімдерінен жасалған азық – түліктерді тексеруді жүзеге асыратын өндірістің техникалық зертханасы бар. Зертхана 2003жылы “НАЦЭКС” ААҚ Алматы филиалында аттестациялаудан өтті.Онда оның қызмет істеуіне қажетті барлық жағдайлар бар. Кәсіпорын Италияндық “La  Parnigiana” жабдығында ұнның жоғарғы сорттарынан макарон тағамдарын дайындайды. Айлық өнімділігі 150 т. “Байсерке Агро” ЖШС бір-бірімен жалғасқан 65 000 т механика-ландырылған қоймалық үй-жайлары бар. Өндіріс және  азық-түлік         өнімдерін  қабылдау, сақтау  жүктедің  барлық түрлерін  жіберу      және   жеткізумен   қатар барлық  жеке тұлғалар   мен   заңды    тұлғаларға қызмет көрсетеді.Кәсіпорындағы жетіспеушіліктерінің бірі    макарон өнімдерін сақтайтын қойманың болмауы. Дайын өнім  жарма қоймасында сақталады.

 

Кесте 1.    Негізгі өндірістік қордың құрылымы мен  қозғалысын 

                                                         талдау 

Негізгі қорлар құрамы

2004 жылы

Мың.теңге

2005 жылы

мың.теңге

Өсу қарқыны       

        %

Өнеркәсіптің өндірістік қоры

292809,5

309382,3

105,7

Соның ішінде ғимараттар,үйлер

199354,2

210982,4

105,8

Барлығы  ғимараттар мен үйлер

199354,2

21,982,4

105,8

Жер

6607,2

6607,2

Жұмыс машиналары мен жабдықтар

64384,9

65762,5

102,1

Өлшеуіш құрылғылар

Транспорт

9365,6

12631,6

134,9

Өзге де

13097,6

13398,6

102,3

Барлығы

активтік бөлім

86848,1

91792,7

105,7

 

Кәсіпорында негізгі өндірістік қордың құрылымы ұлғайған сайын,оларға кететін шығындар көлеміде арта түседі.Мысалы,өнеркәсіптің өндірістік қоры 2004 жылы 292809,5 тг болса,2005 жылы 309382,5 тг болып,соның нәтижесінде 16572,5 тг-ге артып отыр.Бұл дегеніміз 105,7 %-ға өскенін көрсетеді.Транспорт қызмет көрсетуінің өсу қарқыны 2004-2005 жылдары бойынша есептегенде 134,9 %-ға өскенін көріп отырмыз.

 

 

Кесте 2.     Өндірістік қуат пен жабдықтарды тиімді пайдалануға              

                                                   талдау

Көрсеткіштер

Өлшем бірлік

2004 ж

2005 ж

Өсу қарқыны %

Өнім шығару көлемі натуралдық

бағалық

 

Тонна

Мың теңге

 

8153,2

105890,7

 

20527,8

364703,7

 

252

344,4

Жылдық өндірістік қуат

Тонна

8140,5

20563,2

253

Орташа жылдық бағасы

Мың теңге

234708,4

229257,7

97,7

Қуатты пайдалану көрсеткіштері:

Экстенсивті

Интенсивті

Интегралды

 

 

 

 

 

0,79

0,50

0,40

 

 

0,81

0,75

0,61

 

 

103

150

153

Кәсіпорынның жұмыс уақыты

Жоспарлы

Кесімді

 

 

Сағат

 

 

270480

232650

 

 

285200

250420

 

 

105

108

Ауысым ұзақтылығы

Нормалық

Кесімдік

 

Сағат

 

8

6,33

 

8

6,46

 

102

Ауысым    коэфиценті

 

 

 

0,86

 

0,88

 

102

Қор беру

Теңге

0,45

1,59

253,3

Активті бөлім

 

 

Мың теңге

 

86848,1

 

91792,7

 

105,7

Машина және жабдықтарға қор беру

 

 

 

Теңге

 

 

1,22

 

3,9

 

220

      

 

   

  1. “Байсерке Агро” ЖШС – ң технологиясына сипаттама

 

Байсерке Агро” ЖШС Солтүстік Қазақстаннан жеткізілген азық – түлік бидайынан алынатын үш түрлі сорттан жоғарғы дәрежеде тартылған бидай ұнын шығарады.Диірменнің ай сайын шығаратын өнімі 3500 т құрайды. Диірмен кешенді үш сортты бидайдан мына төменде көрсетілгендей сапамен өнім шығарады.

      Кесте 3.    Бидай тарту, өнімдердің өндірілуі және сапа  

                                                          нормалары

 Тартылған ешімдер

Жалпы шығарылатын өнім 75%

 Күлділігі %көл емес

Елеуіште қалғаны % көп емес

 Елеуіштен өткені %

Желімділік % 

Жоғарғы сортты ұн 

 10%

0.55 

43\5 

— 

30-33% 

 1 сортты ұн

 60%

 0.75

 35\2

 43\75 кем емес

 36-37%

 2 сортты ұн

 5%

 1.25

 27\2

 38\60 кем емес

 25%

 

“Байсерке Агро” ЖШС макорон бұйымдары В тобының, 1- класына жатқызылады. Өнімдер мемлекеттік стандарт 875-92 талаптарына сәйкес санитарлық нормалармен рецептураларды және технологиялық нұсқаулықтарды сақтай отырып белгіленген  тәртіппен дайындалады.                                                  Кәсіпорынның макорон бұйымдары В тобының талаптарына сәйкес келеді; біртүсті, ұнның сортына сәйкес, сырты жылтыр, формасы атауына сәйкес келеді. Фабрика әртүрлі үлгідегі 10 түрлі макарондар шығарады. Әсіресе тұтынушылар тек біздің фабрикада шығарылатын қысқа кесілген макарон бұйымдарын сұрайды. Оларға ыңғайлы болу үшін макарон нан 20 кг дейінгі әртүрлі орауларда шығарылады. Фабриканың ай сайынғы өнңмділігі 150т.

 

 

Кәсіпорын аралас жем зауыты құрамында құнарлылығы тиімді, күрделі, біртекті құрамынан тұратын тазаланған және үгітілген әртүрлі жем өнімдерін шығарады. Аралас жем цехында аралас жемге белокпен витаминдер қосылмайды, сол себепті өнімнің өзіндік құны азаяды. Тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша белгіленген тәртіп бойынша аралас жемнің тәжірибелік партиялары шығарыпады. Ай сайынғы өнімділігі 3000 т құрайды.

  Қазақстанда жарманы шығаратын 2 – кәсіпорын бар және оның біреуі “Байсерке Агро” ЖШС. Арпа жармасы Гүлдің қабығын ішінара жемістің және ұрықтың қабықтарын тазалау арқылы арпа жармасын тегістеп және жылтырату арқылы алынады.

   “Байсерке Агро” ЖШС  жарма зауыты жарманың   2 түрін шығарады. Компанияның басшылығы тарапынан өндірісті механизациялау және автоматтандыруға үлкен көңіл бөлінеді.

Макарон және диірмен цехтарының ішкі қойма жұмыстарын кешенлі механизациялауда шешу үшін пакетті жасайтын қондырғы қондырылған. Дайын өнімдер қоймасында механикалық жұмыс дәрежесінің қорытындысы бойынша қазіргі кезде 90% құрайды. Кәсіпорынның барлық механикалық мұнараларында вагондарды бидай тасмалдаушыларды тиеп түсіруге арналған қондырғы орналастырылған. Өнім сапасын жақсартуды көптеген мәселелерін шешу біздің кәсіпкерлік қызметіміздің бір бөлігі болып табылады.

   Кәсіпорында маркетингтік қызметпен коммерциялық директор айналысады. Дайын өнімді жан – жаққа тасмалдаумен менеджерлер айналысады. Кәсіпорынның басты бәсекелесі “Алтын Диірмен” корпорациясы. Бәсекелестердің басты айырмашылықтары олардың жабдықтарында. Жоғарыда айтылған кәсіпорындарда Германия өндірісіндегі “Бюллер” жабдығы тұрса, “Байсрке Агро” ЖШС – де түрік өндірісіндегі жабдықтар орнатылған.

 

 

 

  1. “Байсерке Агро” ЖШС өндірісінің көмекші және қызмет                                

             көрсету процесстерін  ұйымдастыруының сипаттамасы

 

Кәсіпорында  техникалық  қызметпен  айналысатын  бөлімді көмекші  деп  атап  көмекші өндіріс құрады.

     Көмекші өндіріс – құрамы өндірістің спецификалық бөліміне тәуелді көмекші цехтардан, негізгі өндірістік цехтарда орналастырылған көмекші учаскілер мен қызметтерден және шаруашылық қызметтерден тұрады.

     Көмекші өндіріс пен қызмет көрсетуші шаруашылықты құру – зауытішілік мамандану және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың бір формасы.    Технологиялық жабдықтарды жақсы қолдануға  шарт жасалады және өндірістік еңбек пен өнім сапасы көтеріледі.Одан басқа жаңа өндіріске дайындықта да маңызды роль атқарады сонымен бірге жаңа өнім түрлерін шығаруға және өндіріс процесін автоматтандыру мен механикаландыру дәрежесін көтеруде де маңызы зор.Қызмет көрсету — өндірістік және өндірістік емес болады.

     Өндірістік қызмет – бұл өндірісті құрал – саймандармен,әр түрлі энергия көздерімен және де жөндеу қызметтерімен қамтамасыз ету.

     Өндірістік емес қызметке – негізгі өндірістің транспорттық, қоймалық, зертханалық қызметтері және дайын өнімді тасмалдау мен материалды –техникалық қамсыздандыру жатады.Өндірістік кәсіпорында жөндеу, құрал – саймандық, транспорттық, және қойма шаруашылықтарының зор.

Кәсіпорын өндірісінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін оның жұмысының дәрежесі жоғары болуы керек. Жаңа өнімді өндіруде,оның сапасын жоғарлатуда, өндірісті ұйымдастыуда, технологияның, техниканың жұмыс істеуінде де олардың маңызы  зор.

 

 

 

 

  1. “Байсерке Агро” ЖШС – ң маркетинктік қызметі

 

Нарықтық экономика шартында кәсіпорын жоспарының маңызды бөлімі болып шикізат табылады.Кәсіпорын нарық жағдайында өзін — өзі ақтау және өзін — өзі қаржыландырудың негізгі бағыты – тұтынушыларға және бәсекелестерге өнім өндіру және өзгеріп жатқан нарық коньектурасына икемді қалыптасады.Кәсіпорында маркетингтік  қызметті және тасмалдау бөлімін коммерциялық директор басқарады. Негізгі дайын өнімдерді тасымалдау нарығы болып — Алматы қаласындағы “Ақсай нан” ЖШС, Алматы обылысындағы Жаркент және Алакөл аудандары, Талдықорған қаласы, Алматы қаласы дүкендері мен сауда орындары (Алтын –Орда, Саудакент және тағы басқа), болып табылады. Екінші сорттағы ұндар толығымен Ауғанстан мен Тәжікстанға жіберіледі.

“Байсерке Агро”   ЖШС-нің негізгі бәсекелесі   Қапшағай     және Шамалған      қаларындағы   “Алтын Диірмен” корпорациясы.

                   Кесте 4  Өнімді шығару мен өткізуді талдау             

Көрсеткіштер

Өлшем бірлік

     2004 ж

      2005 ж

Ауытқулар

+/-

Өсу қарқыны

%

1

Өндіріс көлемі

натуралдық

Тонна

8153,2

20527,8

+12374,6

252

2

Өндіріс көлемі бағалық

Мың  тенге

105890,7

364703,7

+258813

344,4

3

Өткізілген өнім көлемі

Мың  тенге

260286,8

417912,4

+157625,6

161

 

           

 

           Кесте 5  “Байсерке Агро” ЖШС  өнімінің  ассортименттін        

                                                       талдау                                                                        

     Атауы

2004 ж

2005 ж

Ауытқулар

        +/-

Ұн 1 сорт (тонн)

2275

1430

     62,9

Ұн жоғарғы сорт (тонн)

350

176

     50,3

Макарон (кг)

4500

3552,4

     78,9

Жарма (кг)

79500

100925

     126,9

 

    Іскерлік      маркетинг   жүейесі   мен   өнімді    сату және  кәсіпорынның   қазіргі  заманға  сай технологиялық құрал    жабдықтардың     “Байсерке Агро” ЖШС   ұн   өнімдерін    өндіретін    кәсіпорынға  тұтынушылық       және  өндірістік     жеңісін     жоғары       деңгейді    үстауға  жол     ашуда .

              “Байсерке Агро” ЖШС   ұн      өнімдерін    өндіретін   кәсіпорын      өз       фирмасының       жеке       машинапаркі    және       техникалық          жөндеу    базасы   орталықтандырылған           жеткізу     жүйесі    боиынша тұтынушыларға        ұн     өнімдерін    мезгілінде  жеткізіп      тұрғызуға        толық        мүмкіншілік    туғызады .   

     Қолайлы     бағаның     қойылуы      және тұтынушыларға     қарым     қатнас   концепциясы   серіктестер    мен     сатып       алушылардың     өзара   сенім      деңгейлігінің     ынтымақтастығымен   қамтамасыз     етеді  .     Бәсекелестік      ішкі    рынокта       өндірістік     баға      саясаттын  талдау     негізінде    мүмкіншілігінің           барынша  ұн    өнімдерінің      бағасын        төмендету  стратегиясы      жүргізіледі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. “Байсерке Агро” ЖШС – дағы табыстың құрылымын талдау

 

Нарықтық экономика жағдайында әрбір кәсіпорынның  қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады.Табыстың көрсеткіштер жүйесі төмендегідей болып келеді.

  Кесте 6.   Кәсіпорындағы пайданың құрылуы

                     2004-2005 жж өнімді өткізуден түскен пайда мен шығын.

Көрсеткіштер атауы

2004 ж

2005 ж

Ауытқулар

 

 

+,-

%

Өнімді өткізуден түскен табыс

260286.6

417912.4

+157625.6

161

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

214224.5

350761

+136536.5

164

Жалпы табыс

46062.2

67151.4

+21089.2

146

Жалпы кезең шығыны

27867

34329.9

+6462.9

123

Негізгі қызметтен түскен табыс

18195.3

32821.5

+14626.2

180

           

 

Көрсеткіштер бойынша өнімді өткізуден түскен табыс 2004  жылға қарағанда 2005 жылы  157625,6 теңгеге дейін өскен.Оның себебі 2005 жылы тауар шығару көлемі ұлғайтылды.  Ал жалпы табыс деңгейі  21089,2 теңгеге дейін көтерілді.

 

 

  1. “Байсерке Агро” ЖШС – дағы шығынның құрылымын

                                            Талдау

 Кәсіпорында пайдамен бірге шығын да жүреді.  Әр кәсіпорынның өз өндіріс шығындарын есептеу жүйесі бар.

      Кесте 7.   Өндірістегі шығынның құрылуы  2004-2005 жыл

                                         аралығы

 Шығын элементтері

    Өткен жыл                 

       2004 ж 

Есепті          2005  жыл                             

 Ауытқулар     +\- 

 Мың теңге

 Мың теңге

 

Шикізаттар мен материалдар 

 173521,8

81 

287273,3 

81,9 

 165,6

Жанар – жағар май 

 1285,3

 06

 1403

 0,4

 109,2

 Электроэнергия

 4070,3

 1,9

 7716,7

 2,2

 189,6

 Еңбекақы

 20940,7

 9,8

 33039,8

 9,4

 157,8

 Салықтар

 2570,7

 1,2

 4910,6

 1,4

 181,5

 Амортизация

 8783,2

 4,1

 13328,9

 3,8

 151,8

 Өзгеде шығындар

 3052,5

 1,4

 3088,7

 0,9

 101,2

 Қорытынды

 214224,5

 100

 350761

 100

 163,7

 

Кестенің нәтижесіне келетін болсақ есепті жылы шикізат пен материалдарға кеткен шығындар өткен жылға қарағанда 165,6 % — ға өсіп отыр. электроэнергияға 189,6 %, салыққа 181,5 % өсіп отыр.Ал еңбекақы шығындарына келетін болсақ,2004 жылы 20940,7 тг құраса, 2005 жылы 33039,8 тг болып отыр. 2004-2005 ж.ж. кәсіпорын шығындар қорытындысына келетін болсақ, 2005 жылы “Байсерке Агро” ЖШС-нің жалпы шығыны 2004 жылға қарағанда 210716 теңгеге азайып отыр.Әрине, шығынның азайғаны әрбіб кәсіпорын үшін қуанышты жағдай.

 

 

Кесте 8.  2005 жылдың тамыз айындағы шығындар есебінің

                                              мысалы

 

№ 

Өнімнің атауы 

 Өнімнің шығуы %

Өлшем бірлігі

Мөлшері   

Бағасы 

Барлығы 

 1

 Ұн  жоғ\сорт

 8,86

Кг 

131208 

25,89 

3396975,12 

 2

 Ұн  жоғ\сорт

 0,32

 дана

 4767

 70,96

 336550,2

 3

 Ұн  1 сорт

59,66 

 кг

883819 

 18,66

16492062,54 

 4

 Ұн  2 сорт

 5,51

 Кг

 81620

 15,81

 1290412,2

 5

Жем 

 23,42

 Кг

 346886

 3,21

 1113504,06

 6

 Бидай қалдықтары 2 категориялық

 0,77

 Кг

 1443

 3,11

 4487,73

 7

 Бидай ұны

 0,01

Кг 

 122

9,34 

 1189,48

                                                                           1449865                             22668079,6

 

Сонымен, кестеге сипаттама беретін болсақ 3  класс бидайының

 тамыз айына шығынын есептегенде 19879432,1 теңгені құрап отыр.

Қайтаөңдеуге кеткен шығындарды есептейтін болсақ 2788647,5 теңгені құрап отыр.Жалпы алғанда шығындар 22668079,6 теңге болып  отыр.Сонымен көріп тұрғанымыздай кәсіпорынның ең көп өндіретіні 1-ші сорт ұны, 2- ші орында жоғарғы сорт ұны, 3 — ші орында 2 – ші сорт ұны болып отыр.

 

 

  1. “Байсерке Агро” ЖШС – ң техника – экономикалық

                                   көрсеткіштерін талдау

 

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлік

2004ж

2005ж

Ауытқулар

   +/-

Өсу қарқыны   

     %

1

Өнімді өткізуден түскен табыс

Мың теңге

260286,8

417912,4

+152625,6

161

2

Өнімнің Өзіндік құны

Мың теңге

214224,5

350761,0

+136536,5

164

3

Жалпы табыс

Мың теңге

46062,3

67151,4

+2108901

146

4

Кезең шығындары

Мың теңге

27867,0

34329,9

+6462,9

123

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

Мың теңге

18195,3

32821,5

+14626,2

180

6

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

Мың теңге

14775,6

25870,5

+11034,9

175

7

Салық салғанға дейінгі табыс

Мың теңге

18182,3

32754,8

+14572,5

180

8

1 жұмыс істеушіге негізгі қызметтен түскен пайда

Мың теңге

123,7

211,7

+88

171

9

Таза табыс

Мың теңге

18182,3

32754,8

+14572,5

180

10

Қызметкерлердің орташа тізімі

Адам

147

155

+8

105,4

11

Еңбек ақы қоры

Теңге

25823,2

38903,3

+13080,1

151

12

Орташа айлық жалақы мөлшері

теңге

14,639

20,915

+6,276

143

13

Сату рентабельділігі

   %

6.9

7.8

+0.9

113

14

Өнім рентабельділігі

   %

7,5

8,5

+1

113,4

 

Сонымен кәсіпорынның көрсеткіштеріне сипаттама беретін болсақ, 2005 жылы  2004 жылға қарағанда, өнімді өткізуден түскен табыс 157625,6 теңгеге өсіп отыр. Бұған өнімді сатудың көлемінің ұлғаюы себеп болып отыр. Жалпы табысты есептейтін болсақ, 2005 жылы 67151,4 теңгені  құрап, ауытқуы 21089,1 теңгеге өсіп отыр.Негізгі қызметтен түскен табыс 2004 жылы 18195,3 теңге болса, 2005 жылы 32821,5 теңгені құрап отыр. Ал, өсу қарқыны 180 %  — ға көтерілді.Кәсіпорында осы жылдары корпоративтік салық бойынша шығындар болмағандықтан, салық салғанға дейінгі табыс пен салық салғаннан кейінгі табыс бір – бірімен тең болып отыр.

   Кәсіпорындағы таза табыс 2004 жылы 18182,3 теңге болса, 2005 жылы 32754,8 теңгеге өсіп отыр. Екі жылдағы айырмашылық 14572,5 теңгені құрап отыр.Өндірістік жұмыскерлер саны 8 адамға өсіп жылдық еңбек ақы қоры 13080,1 теңгеге өсті. Жұмыскерлердің орташа айлық жалақысы 6,276 мың теңгеге көтерілді.2005 жылдың қортындысына қарағанда “Байсерке Агро” ЖШС – і 32821,5 теңге пайда көріп отыр. Кәсіпорынның баланстық пайдасы 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 14626,2 теңгеге өсіп отыр.

      “Байсерке Агро” ЖШС – нің техника – экономикалық көрсеткіштерін талдай келе, кәсіпорынның жыл сайын жан – жақты дамып, өндірісін ұлғайтып, көптеген пайдаға кенеліп отырғанына көзіміз жетіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. “Байсерке Агро” ЖШС – да категория бойынша еңбек ақы

                                          қорын талдау

      Кесте 10   Категория бойынша еңбек ақы қорын талдау       

Көрсеткіштер

2004 ж

2005 ж

Ауытқулар +/-

Өсу қарқыны %

Еңбек ақы қоры барлығы

25823,2

38903,3

+13080,1

150,7

Жұмысшылар

124

128

+4

103,2

Соның ішінде қызмет етушілер:

 

23

 

27

 

+4

 

117,4

A) Басқарушылар

3

3

B) Мамандар

20

24

+4

120

C) Басқа да

 

“Байсерке Агро” ЖШС-де қызметкерлерді еңбектің түпкі нәтижесіне ең қолайлы ынталандыруға , олардың еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуге, тиімділік деңгейін анағұлым арттыруға жағдай жасалынған. Кәсіпорында негізінен 2004 жылы  жұмысшылар саны 147 адам болса, ал 2005 жылы 155 адамға көбейген. Олардың ішінде:

  • жұмысшылар 128 адам;
  • басшылар 3 адам;
  • мамандар 24 адам.

Кәсіпорында жұмысшыларға жалақы мерзімді түрде төленеді.Еңбекақы ай сайын кешіктірілмей беріліп тұрады.Он екі айда бір рет төленетін бір айлық демалыс беріледі. Қызметкерлерге жарты бағасын төлеп, курорттарға демалуға мүмкіндік берілген. Кәсіпорында жұмысшыларға барлық жағдай жасалған.

 

 

                                                       Қорытынды

 Жалпы   ,   қазіргі   уақытта    болып    жатқан  нарықтық    қатнастар   кәсіпорындардың   шаруашлықты  жүргізумен   субьект    ретінде      құық    жағдайларын   едәуір    нығайтып  ,  олардың       көптеген     өндірістік

және  қаржылық     мәселелер        өз    бетінше   шешуіне   мол   мүмкіншілік      ашты .  

        Кәсіпорында   бұрынғыдай    жоғарығы   жақтың  жол    ітеумен   емес  ,    контрагентерді       жабдықтаушы    ,  сатып   алушы   ,    мердігер   ,   банк    және    тағы басқаларды      қазіргі   кезде  өз  қалауы   бойынша  алады .    Олардың   өздеріне  іскер  серіктерді   қаншалықты   дәл   және  қатесіз   таңдаумен  нарықтық   қатнастар   негізінде   мүмкіндігіне    тез    және

дұрыс  бағдар    беру ,  оны  ұстауына    қарай  жұмыстарының  тиімділігі  әр  түрлі    болады .

             Нарық   жағдайында    кәсіпорынның   өміршендігінің  кепілі   мен  жай —   күйінің   орнықтылығының     негізгі    оның

қаржы   тұрақтылығы      болып   табылады .  Ол  ақша   қаражатын

еркін  орын    алмастыра     отырып     қолданып   ,    тиімді   

пайдалану   жолымен     өнімді    өндіру    мен  сатудың   үздіксіз

процесін    қамтамасыз     ете      алатын       өзінің       қаржы ,  ресурстары  жағдайын     көрсетеді  .

               ҚР  нарығында    “Байсерке Агро”   ЖШС – нің макарон   өнімдері және жарма, аралас жем   өнімдерін    шығаруда  мамандандырылған     қызмет   көрсетуде  .  Бұл    үшін   кәсіпорынның      сапалы   өнімдерін   нарық   жағдайының   маңызды   факторы   ретінде    нарық     сегментінің    

кеңеюіне,    кәсіпорынның  гүлдеүіне ,  пайданың     өсуін   қамтамасыз   етіп     отыр.

          Біз бір орында тұрмаймыз, өнімнің әр бір түрін жақсарту үшін жаңадан жоспарлар ойлап табылады және әзірленеді.