Курстық жұмыс: «Балбөбек» бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбиелеу

Мазмұны

 

Кіріспе. 3

I ТАРАУ  «Балбөбек» төл бағдарламасы. 8

1.1.«Балбөбек» бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің жаңарту негізі. 8

1.2 Мектепке дейінгі оқу – тәрбие жұмысын бақылау мен басшылық. 8

1.3 «Балбөбек» Халық педагогикасының негізінде. 9

II ТАРАУ   Білім мен тәрбие беру жұмыстарының жаңарту жолдары. 12

2.1 Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру. 12

мазмұнының жаңаруы.. 12

2.2 Мектепалды даярлық  және бастауыш сынып оқушыларының. 14

ақыл- ойын дамытудың сабақтастығы. 14

2.3 “Балбөбек” бағдарламасының тәлімдік шуағы. 16

2.4 Мектепалды даярылық ісіне бағдар болар бас қосу. 17

 

Қорытынды……………………………………………………………………………………18

 

Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………………..20

 

Қосымшалар…………………………………………………………………………………..25

Кіріспе

 

          Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ұл бәсекелестігі алдымен оның біліктілігі деңгейіне байланысты екендгі, сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, сөйтіп халықаралық деңгейге жету мақсаты қойылып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша халықаралық тәжірибедегідей, орта білім  берудің нәтижеге бағытталған моделіне көшу көзделуде. Ол м 2008-2009 оқу жылынан бастап жүзеге асса, ал оған дайындық қызірден бастап жүруге тиіс екендігі сөзсіз. Дайындықтың мақсатты, жүйелі жүруін қамтамасыз ету үшін институт жанынан «Балалар әлемі» ғылыми-әдістемелік зертханасы ашылды. Зертхана 4 бағытта жұмыс жасайды: «12 жылдық білм беру, оқулық теориясы». «Мектепалды даярлық». Әр бағыт іштей төрт мәселелер төңірегінде жұмыс жасайды. Сол дайындықтың негізгі мақсаттарының бірі мектепке дейінгі  тәрбие мен бастауыш мектептің байланысын қамтамасыз етуге жағдай жасау болып табылады. Бұл екі кезеңнің жалғасы олардың байланысымен анақталады, яғни бала мектепке дейінгі соңғы кезеңнен бастауыштың алғашқы кезеңне қалай ететіндігімен анықталады. Бұл өтпелі кезең бала үшін оңай емес. «Осы байланыс қалай жүзеге асуда немесе жүзеге аспак?» — деген сауалдың жауабын іздеудегі проблемалар қандай? Алдымен бұл байланыстың негзі – баланы мектепке психологиялық дайындау болып табылады деп есептеуге болатынын  айта кетуіміз керек. Психологтар: «Баланы мектепке психологиялық дайындау мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының байланысының феномені» — дейді.

          «Баланы мектепке психологиялық дайындау» ұғымының нақты анықтамасы әзір жоқ және мектеп жүйелі оқытуға дайындықтың сенімді, кең ақпаратты өлшемдері де әлі құрылмаған.

          Шетелдік психологтар «мектептік кәмелеттікті» баланың мектептегі оқуға қатысуға қаблеттілігі дамыған кезең немесе «мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті білім, дағды, қаблет, мотивация және басқа деңгейлерді игеру»- деп атайды. Бірінші анықтама жалпы йтылса, екіншісінде психологиялық дайындық араласып кеткен. Оқу, жазу, есептеу сияқты білім, дағдының формальды деңгейі мектепке психологиялық дайындаудың белгісі бола алмайды. Оны игергенмен бала бағдарламасын меңгеруге қажетті ақыл-ой қызметінің механиздерін білмеуі мүмкін.

          Ал, ресейлік психологтар баланы мектепке психологиялық дайындауды ұжымда мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті психикалық даму деңгейінің болуы деп түсінеді. Яғни оқу бағдарламасы баланың «таяудағы даму зонасына сәйкес» келуі керек.

          Кейінгі кезде психологтар Л.а.Венгар мен С.В.Мухинаның көзқарасын қолдауда, «мектепке дейінгі жастағы балада» мектептік» қасиеттер таза күйінде, яғни оқушыға лайықты психолологиялық белгілер болуы мүмкін емес, өйткені олар оқу әрекеті барысында ғана қалыптасады»-дейді. Осыдан келіп, Л.А.Венгер мектептегі оқуға психологиялық дайындық балада «мектептік» қасиеттердің қалыптасуынада деп есептейді. Психологияда осылайша бір ұғымның болмауынан баланы мектепке психологиялық дайындау туралы әртүрлі авторлар (Л.И.Божович, И.В.Дубровина, Н.Г.Салмина, И.Шванцара, т.б.) оның құрылымдарын ұсынады.

          Түрлі көзқарастарды қорыта келе, мектептегі оқуға психологиялық дайындықтың компоненттеріне психомоторлық (функционалдық), интеллектуалдық, эмоционалды-еріктік, тұлғалық (соның ішінде мотивациялық), әлеуметтік-психологиялық дайындықты жатқызуға болады деген пікірлер бар екендігін айтуға болады. Осы дайындықтар мектепке дейінгі ересектер тобында белгілі-бір деңгейде қалыптасып келеді де, мектептегі жүйелі оқу әркетіне араласқанда өзінің дамуын жалғастырады. Осы жағдай баланың бірінші сынып оқушысы болып қалыптасуына негіз болады. Сондықтан «психологиялық дайындық және кіші мектеп жасының бірізді байланысының феномені» — деп көрсетіледі. Сонымен осы тұстағы проблемаларға нелерді жатқызамыз? Теорияны практикаға алып келуде қандай қиындықтар бар? Психологтар, практик психологтар мыналарды айтады:

          Біріншіден, екі жас кезінде (мектепке дейінгі, кіші мектеп) психологиялық бірлікте қарастыруға ықпал ететін интегративтік сипаттаманың әлі де аз жасалуы (2 жас бір кезеңге – балалық шаққа жатады, сондықтан бірінен бірінеөткендігі кризис, Д.Б.Элькониннің терминологиясымен айтқанда аз. Сол өтпелі кезең болмай, баланың дамуына ыңғайлы, оңтайлы жолмен өту керек. Осы жағдай тәжірибеде дұрыс етіп жытар ма, міне, зерттелетін мәселе-осы). 2 жас кезеңінің байланысы бала  дамуында үздіксіз болатын екі жақты процесс екендігі ескерілуі керек.

          Екінші мәселе деп психологтар баланың мектепке психологиялық дайындығының бірыңғай тұжырымдамасыныңы болмауын атайды.

          Үшінші мектепке дайындықтың психодиагностикасын жүргізудегі мәселелер. Психодиагностика күрделі, көпкомпонентті құрылым, сондықтан әдістемені ғана қолдану мүмкін емес, оның үстіне психологтың (егер білікті маман болса) өз көзқарасы да болады. Сондықтан психолог алдында үлкен таңдау тұрады. Ол оның жоғары оқу орнындағы әзірлігіне, біліміне, дағдысына байланысты.

          Төртіншіден баланы мектепке психологиялық дайындау жұмысына психолог қана емес, ата-ана да, тәрбиеші де қатысады (қазір көбіне осы жұмысты соңғылары атқаруда деуге болады). Ал олардың психолог ((мектеп психологы) дайындау керек. Бұл қалай жүзеге асуда, ол қаншалықты компоненті жағдайда өтуде? Бұл да мәселе.

          Осы мәселелердің бәрі кадр мәселесіне келіп тіреледі. Жаңа тұрпатты педагог (жолдауда аталғандай) дайындаудың бір қыры осы мәселелерді шешуде деп түсінеміз. Бұл мәселелерді шешуде ЖОО-ң жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын талдай қарасақ, мәселелі жағдайларды бұл тұста да кездестіреміз.

          Өзіміздің қызметімізде басшылыққа алып жүрген жаңа классификатор бойынша 050101- «мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие», 050102- «бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және 050103 – «педагогика және психология» мамандықтаның стандарттарында мектепке баланың психологиялық дайындығы маңызды мән беріле (акцент түсіріле) айқын аталмаған. Теориялық мәселелері мен практика байланысының көрініс әлсіз. Студенттер жүйелі түрдегі психологияылқ дайындықтың теориясы мен практикасын ұштастыра біртұтас меңгермейді, Бір курста жас ерекшелік психологиясы, екінші бір курста психодиагностика жұмыстарының негіздері, үшіншіден консультация т.б. оқытылады. Теориялық білім практикалық дағдымен интеграцияланбай қалады. Болашақ маман «Фрагментті»  міндеттерді ғана шешеді. Студент күтілетін нәтижеге қол жеткізе алмайды.

          Бұл мәселелерді шешу үшін мыналарды ұсынымаыз:

          1.Жалпыға міндетті мемлекеттік стандартта (ЖОО)  баланы мектепке психологиялық даярлау мәселесі пән ретінде нақты енгізіліп, үш мамандық (050101, 050102, 050105) өз аспектісінде толық, жүйелі, бір-бірімен байланыстылықты қарасытыра алатын, нәтижесінде студеттің психодиагностика жасау  дағдысын, машығын қалыптастыруға қол жеткізетін жағдай жасау керек. Сонда ғана халақаралық тәжірибедегі деңгейге қол жеткізуге болады (тек оқу, есеп, жазу мес, жалпы оқу дағдысы мен машығын қалыптастыру).

          2.Болашақ маман  өз ісіне берілген болуы тиіс. Ол мектеп қабырғасында таңдылап, бейінді оқыту арқылы 10-12 сыныпта (12 жылдық бойынша) мақсатты дайындалу керек. Міне, осы кәсіби бағдар кезінде әр мектеп, балабақша тәрбиешісінен бастауыш сынып мұғалімнің жаңа тұрпатына (яғни жаңа стандартта оқитын) өздері тапсырыс жасап, даярласа, өтпелі кезеңде ақсап қалған мектепке дейініг педагог  даярлау ісі жанданар еді. Сонымен қатар ЖОО-ға қабылдау кезіндегі мәліметтер сан жағынан да, сапа жағынан да өзгегер еді.

          3.ЖОО стандарттары студентке бакалавр дәредесін, беруге арналған, яғни «мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие», «бастауыш оқыту педагогикасы менәдістемесі бакалавры» дәрежесі беріледі. Одан соң магистратурада оқу мүмкіндігі бар. Міне, осы жағдайды пайдалану үшін әр оқу орнына «бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» магистратурасын ашу мүмкіндігі туып отыр. Мәселе, осы мамандық бойынша доктордың болмауы оған кедергі келтіретіндігінде, яғни бұл да – мәселе. Сондықтан әр пән бойынша педагогика ғылымының кандидаты бар оқу орындарына магистратура ашуға рұқсат берілсе. Ал 12 жылдыққа көшудің басы-мектепке дейінгі және бастауыш буын бойынша қазір ғалымдар өте қажет.

          4.Кадр мәселесінен кейінгі мәселе оқулық, құралдарының сапасы болмақ екені аян. Баланы мектепке психологиялық дайындау яғни мектепалды даярлыққа қажетті вариативті оқулықтарға да жол ашу керек деп ойлаймыз.

          5.Кадрды қайта даярлау мәселесінде мектепалды даярлық курстарында «Мектепке баланы психологиялық дайындау» тақырыбы теориялық та, практикалық та жағынан терең, нәтижесінде тәрбиеші де, мұғалім де, психолог та бұл мәселемен айналыса алатын дәрежеде даярлануына назар аудару керек.

Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2007 жылы 1 наурыздағы жолдауы.

 

     Он жетінші бағыт- Бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату.

     Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар денгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек.

     Біріншіден, 3 ауысымдық оқытуды жою керек. Таяудағы үш жылдың өзінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Қазақстанның өңірлерінде 100 жаңа мектеп салу қажет.

     Екіншіден, оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек.

     Үшіншіден, он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет.

     Төртіншіден, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша

сағаттар немесе пәндер енгізу керек.

     Сонымен қатар ғылыми жаратылыстану бейініндегі арнаулы сыныптар жүйесін құруды қарастырған жөн. Үкімет осы бағытқа қажетті инвестициялар тартудың тетіктерін әзірлейтін болсын.

     Бесіншіден, мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тарту қажет. Кез келген ортасанатты мектептің балалардың ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежесіне қол жнткізуіміз қажет.

     Алтыншыдан, жұмыстың жоғары нәтижелеріне қол жеткізген мектептерге гранттар тағайындау жөнінде мемлекеттік конкурстар жүйесін енгізу туралы ойластырған жөн, айталық, оларды аз қамтылған отбасындағы оқушыларға арналған степендиялардықаржыландыру түрінде беруге болар еді. Бұл олардың одан әрі неғұрлым беделді әрі озық білім беру мекемелерінде білім алуларына жағдай жасайды.

     Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сыйақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн.

Онсегізінші бағыт- Оқу орындарын халықаралық стандарттар деңгейінде аттестациялауды енгізу, жоғары тбілім беру саласында нақтылы және инженерлік ғылымдарды басым дамыту.

     Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.

     Екіншіден, ғылымды құрылымдық реформалау шеңберінде бірқатар академиялық ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірген тиімді, мұның өзі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын университеттер құруға негіз болар еді.

     Үшіншіден, Үкімет оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы және инженерлік ғылымдардың ғылыми –қолданбалы  орталықтарын дамыту үшін тиісті нормативтік құқықтық база әзірлеуге тиіс.

     Төртіншіден, Білім және ғылым министірлігі мен Үкіметтің өзге де тиісті құрылымдары ғылыми-техникалық оқыту бағдарламасын әзірлеп, ақша қаражатын тиімді пайдалану мен ғылыми және қолданбалы зерттеулердің қосарластығын еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлықжәне технологиялық жұмыстардың салааралық үйлестірілуін нығайту қағидаттары бойынша оның іске асырылуын бақылауға алуы керек.

     Бесіншіден, біздің шетелдердің мемлекеттік даму институттарын белсендірек тартып, сонымен қатар жеке меншік сектор инвестицияларының математикалық және ғылыми білім беру ісіне құйылуын көтермелеп отыруымыз қажет.

     Алтыншыдан, біз үшін барынша мүдделілік туғызып отырған білім беру салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек тарту өзіміздің білікті  оқытушылар құрамы мен инженер-педагог кадрлардың санын ұлғайту жөніндегі стратегиямыздың құрамдас бөлігі болуы керек.

     Жетіншіден, ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың  жаңа нысандарына бағдарланған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр.

Зерттеудің мақсаттары:

Балабақшадағы тәрбиелеу мен білім беру жұмыстары тұжырымдамаға сәйкес түбегейлі жаңарту.

Зерттеудің міндеттері:

Тұлға ретінде баланың жеке басының іс әрекетін дамыта оқыту теориясы негізінде, белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тәрбиелеу білім беру жұмыстарын жетілдіру.

Зерттеудің әдістері:

«Балбөбек» бағдарламасы бойынша тәрбие жұмысында жаңа заман мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық санымен психилогия қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері, ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесін дұрыс қалыптастыру.Бағдарламаға сәйкес әдіс-тәсілдерді қолдану.

Теориялық қолданылымы: Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдылары мен іскерліктері арқылы оның өзбеттілігін, мақсаттылығын, шығармашылығын, логикалық пайымдауын дамытып, балаларға көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздің логикалық қоры мен ойлауын дамыта отырып, геометриялық материялдармен, конструкторлармен, үлестірме шаблондармен қабілеттерін  арттыра түсу.

Практикалық қолданылымы: Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, логикалык сөздік қорын, ойлауын дамыту құралы ретінде: жұмбақтарды, қызықты есептерді, логикалық жаттығуларды, сан-алуан сөзжұмбақ, анаграмма, метаграмма, ребустарды, логикалық ойындарды пайдалана отырып баланың шығармашылық қабілетін шыңдау.

 

I ТАРАУ  «Балбөбек» төл бағдарламасы.

1.1.«Балбөбек» бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің жаңарту негізі.

       Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту ісі егеменді еліміздің саяси, әлеуметтік, қоғамдық даму талаптарының туындап отыр.

       Бұрынғы  одақтық бағдарламаларда баланың жеке тұлға ретінде дамуына нақты әсер ететіндей емес, жалпы ұжымдық мақсатқа жету жолдары ғана көзделген. Әрі баланың өз ой-пікірін, сезімін еркін дамытып, үлкендермен, құбылыстармен қарым-қатынаста болуына, ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына ойдағыдай көңіл бөлінбей келгені белгілі.Сондықтан Қазақстан Республикасын «Білім туралы» Заңы, «Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің тұжырымдамалары» басшылыққа алына отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңартуға негізгі тірек бола алатын, қазақ халқын елдік рухани ерекшелігіне бейімделген жаңа «БАЛБӨБЕК» бағдарламасы жасалды.Аталмыш бағдарламаның басты жаңалықтарының бірі-тақырыптық жүйеде топтастырылып, баланың мінез-құлқын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне үйлесімді қалыптастыру көзделген имандылық-инабаттылық тәрбиесі бөлімінің енгізілуі, әрі тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру.

 

 

 

1.2 Мектепке дейінгі оқу – тәрбие жұмысын бақылау мен басшылық

 

     Оқу мен тәрбие егіз.  Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибиесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру.  Тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім – тәрбие.

     Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр.  Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микросаясатының басты басымдылығы.

      Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынадай:

  1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту.
  2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешу әдістері, қызметтің әр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту.
  3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру.
  4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып абтылатын коммуникативтілікті дамыту.

Сабақтастылықты қамтамасыз ету құралдары үздіксіз білім беру                      технологиясы болып табылады.        

Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсізді алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан экономикада сілкініс жасады, Әлемдік өркениетпен ықпалдасуда, жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда.

Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын және елдің экономиялық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің  аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын қоғамдық даму деңгейінің өлшемдері ретінде қазіргі білім беру жүйесінің адам капиталының ролі мен мәні артуда.

Білім беру саласының жәй күйін талдау бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу  мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламаларымен нашар қамтылған деп атап көрсеткендей – ақ. Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны фактология қалып отыр, пәндік тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар моральдік тұрғыдан ескірген,- деп жақындаған көпшілік талқысына ұсынған білім министірлігінің Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы жобасында анықтан – анық көрсеткендей біздер  балабақша әдіскерлер қарап отырмауымыз керек. Бұл орайда тұжырымдама жобасы біздердің алдымызға мақсат міндеттерқойып отыр: — білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізде Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің  заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіруді жүктейді.

Білім берудің деңгейлері әрине, тағы да балабақшадан басталмақ. Мақсаты – мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзету бағдарламаларымен қамтхуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

Тәрбие мен оқыту мазмұны бірінші деңгейге қызыметтің өзіндік түрлерін және баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуге тиіспіз.

 

 

1.3 «Балбөбек» Халық педагогикасының негізінде.

          «Балбөбек бағдарламасы» бойынша өткізілген «Қыс қызықтары» деген тақырыптағы сабақтың мақсаты: балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, әңгіме, жаңылтпаш, өлең-тақпақтар, мақал-мәтелдер айту арқылы сөздік қорын байту, көңіл-күйлерін көтеру. Кеңістікті, уақытты бағдарлай білу, заттардың көлемін ажыратып санау, сандарды ажыратуды есте сақтау. Сурет бойынша әңгіме құру, тілдерін дамыту, ойлау белсенділігін арттыру, ұқыптылыққа, құрдастарының жауаптарын тыңдауғы, қажетіне қарай көмек беруге тәрбиелеу, саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, тапсырманы аяғына дейін орындауға тәрбилеу.

          Аудиокасеттаға жазылған жағымды әсем әуен (психологиялық треннинг), магнитті тақта, оған ілінетін суреттер: көшет егіп жатқан адам, көбелектер, сарғайған жапырақтар қажетті құралдар ретінде пайдаланылады.

          Қыс мезгілі бейнеленген сурет: қар жамылып, жаңалаштанған ағаштар (суреттің жоғары жағында), қыстапқалатын құстар (үкенді-кішілі көлеміндегі құстар суреттің төменгі жағында, ағаш бұтақтарының әр жерінде орналасқан), қарадан қарадамды жасаған балалар, ребусты шешуге арналған карточка: қар суреті, адам бейнесі, шырша пішінді қағаздар, желім, қайшы, салфеткалар көрнекілікке қолданылады.

          Сабақтың технологиясы: психологиялық треннинг, көркем сөз, «суретшінің кестесін тап» — магнитті тақтада жұмыс, ребусты шешу,  түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, мадактау, қорытынды.

          Сабақтың барысы: «Балалар, 1,2,3-дегенде көздеріңді жұмып, көз алдарыңа қар жауып  тұр, қар жер бетін жапқан, үйдің шатырларында, ағаштардың бұтақтарында да қар жатыр, аяқ асытындағы қарлар сықыр-сықыр етеді деп елестетіңдер. 1,2,3-дегенде көзді ашыңдар. Әр баладан тәрбиеші көз алдарыңа не елестетіндер?»- деп сұрайды. Қыс туралы өлең-тақпақтар оқылады (балалар), қыс мезгілі айларын айту, қыс ерекшеліктерін атап айту.

Жұмбақ жасыру:

«Кезек-кезек қызмет етеді.

Жаңылмастан жетеді.»

(апта күндері)

(Апта күндерін ретімен атау.)

 

          Есік қағылады. Хат тастаушы келіп картина ұсынады. Сол картина бойынша «суретші қатесін тап» деген ойын ойналады. Қыс мезгілі бейнеленген суреттегі қателіктер-көбелектер (жазда ұшады), көшет  отырғызған адам  (көктемде), сарғайған жапырақтар (күзде)-магнитті осы суреттер алынған соң, қыс мезгілі бейнеленген картина шығады.

          Ал, енді балалар осы картинада не бар, оны ребус арқылы табыңдар? Карточканы көрсету: ҚАР+АДАМ (қарадам).

          Қысқа төзімді қандай құстарды білесіңдер?

          Құстарды санау: неше сауысқан, неше қарға, неше торғай?

          Көлемін ажырату: қайсысы үлкен, қайсысы кіші?

          Геометриялық пішіндермен құстардың орналасуын қағаз бетінде көрсету: қарға оң жақта төртбұрышпен белгілеу, сауысқан сол жақта – ұшбұрышпен белгілеу, торғайлар жоғарыда – тікбұрышпен белгілеу, шымшықтар төменде – дөңгелекпен белгілеу.

          Картинаға қарап, балалардың киімдері туралы айтып беру: қысқа тон, ұзын тон, биік – аласа, қалың т.б.

          Балалар картина бойынша әгіме құрайды: қарадам, көңілді балалар,  қар қалың жауған, құсатар, аяз т.б. сөздерді қолдану арқылы картина бойынша алыста-жақында не бейнеленген айту. Аяқтары тоңған құстардың қимылын көрсету. Секірген, қанатын жайған, жем шоқыған, аязды күні бауырына тұмсығын тыққан құстар қимылдарын көрсету. Аязды күндері құстарға қиын, оларға қамқорлық көрсетуді ұмытпаған жөн, торғайларға жем шашу қажет.

          Құрастыру: құстарға жем салғышты бүктеу тәсілі арқылы қағаздан жасау. Төрт бұрышты қағазды 16 шаршы шығатындай бүктеу арқылы жасау.

          Тиым сөздер айту:

          1.Құстардың ұясын бұзуға болмайды.

          2.Торғайларды таспен атуға болмайды.

          Жаңылтпаштар айту:

Қыста боран болар, қар болар.

Қыздар шөлі, орамал оранар.

х х х

Қырда қыру, қызыл ала бұзу.

Тауда тарғақ, тарғыл ала торпақ.

Құстар туралы өлең-тақпақтар айту:

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстімен жоғалар.

Боран соқсақар борар.

Бұтаға келіп қорғалар.

Қысып кетсе сары аяз,

Көзден жасы сорғалар.

Ала қанат сауысқан,

Жауыр атқа жабысқан.

Ойда жауыр көрінсе.

Ойбайлатқан сауысқан,

Қырда жауыр көрінсе

Қиқандатқан сауысқан.

х х  х

          Торғай, торғай, тоқтаған

          Торғайды торғай жоқтаған

          Бір торғай ұшса боранда.

          Бәрі жабылып жоқтаған.

          Тәрбиеші сабақты қортындылаған соң, балалар бір-біріне жақсы тілектер айтысады.

 

 

 

 

 

 

 

II ТАРАУ   Білім мен тәрбие беру жұмыстарының жаңарту жолдары.

2.1 Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру

мазмұнының жаңаруы

                   Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларды қорғау — әлеуметтік мәні зор, халықтық іс болып табылады.

          Балалардың өмірі мен денсаулығын қоғау, оларды тәуелсіз, мемлекетіміздің білімді, білікті, мәдениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалақтар осыны дәлелдейді.

          «Бала тәрбиесі  — бесіктен басталады » — деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5-6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.

          Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынға қарасты алты балабақшаның алдына қойған мақсаты  «Білім туралы» заңның балабақшаларға арналған жоспарының орындалуын қадағалау.

          Егеменді елеміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге елеулі үлес қосып сәбилерге ұлттық тәлім-тәрбие бере отырып 6 жастағыларды мектепке дайындау ісі отбасылар мен балабақшаларда берілетін білім мазмұнын жаңарту, оның біртұтас жүйелігінің сақталуын қамтамасыз  етуді мақсат етеді. Сондықтан да 5-6 жасар балаларды мектепке даярлау мәселелері ата-нанлар мен ұстаздар қауымын ерекше толғандырады. Бағдарлама мазмұнын іске асыруда білім беру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Неге десеңіз мектеп қабырғасын аттаған балаларды байқағанда балабақшамен қамтыған балалар мен балабақшаға бармаған балалар арасындағылардың айырмашылығы бірден көзге түседі. Балабақшамен қамтыған балалар тәрбиешінің айтуы, нұсқау бойынша жұмыс жасап, іс-әрекетте белсенділік көрсетіп, өз құртастарының арасында өзін-өзі еркін ұста, әрі бақылау алатындығы байқалады. Ал үйден келген әр бір баланың психологиялық дамуына, жаңа ұжымға, қызығушылығында кемдік орын алады. Олардды мектеп шеберлігі үлкен роль атқарады.

          Балабақшада тәрбиелеу негізінен оқу ойын және еңбекке негізделіп жүргізіледі. Олай болса бала тәрбиесіндеақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек және дене тәрбиесі бірін-бірі толықтырып жалғасып жатуы тиіс. Балабақшалар жыл бойы осы бағытта негізге ала отырып, өздерінің алдына мақсат қойып, сол міндеттерді шешу үшін еңбектенеді, яғни балабақша бағдарламаны негізге алып тәрбиенің әр саласында тынымсыз жұмыс істейді. Оқу жылының басынан бастап мектепалды топтарында балаларға білім беруде, суретті әліппе, математика, сауат ашу кітаптары бойынша сабақтар жүргізіледі. Ал білімдерін пысықтау барысында оқу бағдарламасына қосалқы ретінде ребус, кроссворд, мақал-мәтел, сөзжұмбақтар кеңінен пайдаланылады. Жылдан жылға материалдық техникалық базамыз, әдіскерлік құрал жабдықтарымыз молдап түсуде.

          Балалар мекткпалды топтарын  бітіргенде толықтай бағдарламы меңгеріп шығады. Буынға еркін бөліп оқуға, жазбаша, аузыша есеп шығаруға ойларын жеткізе білуге дағдаланады. Әр тоқсан және жыл аяғынды балаларға байқау тест өткізіледі. Сәуір айында облыстық білім басқармасынан келген тексеруде балалар білімі жақсы көрсеткіш береді.

          Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін «Білім беруді дамыту тұжырымдамаснда» 5-6 жастағы бала міндетті түрде мектепке дайындықтан өтіп баруы тиіс делінген. Онда баланы оқыту, бағдарламының үйлесімділігі, оны шаршаудан қорғау мақсатында оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, денсаулығына назар аудару, баланың оқуға, білімге деген құштарлығын арттыру көзделеген.

          2003-2004 оқу жылында 5-6 жастағы 3453 баланың 18 пайызы ғана балабақшада тәрбиеленсе, 2004-2005 оқу жылдында 3356 баланы міндетті мектепалды даярлықтан өткізуіміз тиіс еді. Аталған жағдайларда сараптап қарасақ, қаламыздағы алты балабақшаның сиымдылығы 1020 орын, қазіргі таңда 1,5-6  жасқа дейінігі 670 бала, барлығы 1195 бала оқып тәрбие алады. Тұжырымдамада көрсетілгендей, ббаланың дем алуын, оқуын, тамақтануын қамтамасыз ететін болсақ, қаламызда балаларды дайындауға тағы 1-2 балабақша немесе мектепалды даярлық сыныбы қажет. Себебі қазіргі таңда қаламыздағы бес балабақша бала мен толық және 5 жасқа дейінгі 200 бала, 5-6 жастағы 150 бала орын алуға кезекте тұр. Кадр мәселесіне келсек, кәсіпорын педагогтары 1999 жыл сайын балаларды мектепке дайындап, олар дайындаған балалар мектеп, гимназияларда жақсы оқушы атанып жүр.

          Білім негізі – бастауышта қаданады десек, оған барар жол балалақша қабырғасында мына төмендегідей проблемалар шешілуі тиіс.

          1.Балаларды толықтай мектепалды бағдарламасымен қамту үшін жабылған балабақшаларды қайта ашу немесе  мектеп жасынан арнайы талапқа сай топтар ашу (ойын бөлмесі, тамақтану, демалуын қамтамасыз ету).

          2.Топтағы бала санын реттеу.

          3.Мектепалды даярлық пен бастауыш білім арасында сабақтастық болатындай жүйелі бағдарлама жасау.

          4.Мектепалды топтарды оқыту үшін жан-жақты жетілген кадрларды жаярлау, қабылдау.

          Қорыты кле айтарым: қазіргі кезде қала балабақшаларында 5-6 жастағы балаларды мектепке дайындауға біраз жағдай жасалған. Балабақша педагогтары балалар бойына барлық адагершілік, имандылық қасиетті, білуге құштарлықты дамытуға күш жігерін аямайды деп сенім білдіремін.

 

 

 

 

2.2 Мектепалды даярлық  және бастауыш сынып оқушыларының

ақыл- ойын дамытудың сабақтастығы.

          Бүгінгі таңда мекепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқыту технологиясының жетілгенінің бір көрнісі балалның жасына қарамай кез-келген білімді игеруге мүмкіндік бар. Сондықтан да, бұларды оқытатын ұзтаздарыд оқытудың мақсат-міндеттерінің, мазмұнының бірізділігінен гөрі оқыту әдіс-тәсілдері, оқыту құралдарының сабақтастығы тоғалдырады. Міне осы мәселенің жетімсіздігінен аталған жастағы балалардың үйлесімдщі дамуы зардап шегіп, бала дамуының кейбір кезеңдерін асыға аттап кету бой көтеруде. Олай дейтініміз қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үрдісі балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне емес, білім беру жүйесінің ұйымдастырушылық жағына бағынышты болып отыр.

          Мәселен, мектепте даярлық сынптан, балабақшадан келген балаларға оқу, жазу, санау дағдыларын тексеруге тапсырмалар берілгенде олардың мектепке даярлығы бірінші сынып бағдарламасын ертерек меңгеріп келеді деген мағынада қарастырылады. Тәжірибелі ұстаздар мектепке дайындықпен келген оқушының пәндік дағдылары мен іскерліктері (оқу, жазу, санау) оқудың алғашқы күндері ғана балаға жеңлдеу түсетінін жақсы біледі. Оқу мақсаты оқушыдан өзбеттілікті, мақсаттылықты, шығармашылықты, логикалық пайымдауды қажет еткен кезде бала қинала бастайды, ұзстаздың көмегін қажет етеді. Ендеше пәндік дағдаларға қарап бала оқуға дайын деп айтуға қателік болар еді.

          Даярлық сынып пен бастауыш сынып сабақтастығы неден көрінуі тиіс, қалай жүзеге асуы керек деген сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, сабақтастық дегенге тоқталайық.

          Сабақтаастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, екіншіден, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділіг. Осының барлығы бір ғана түптілікті мақсатқа – баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.

          Бұл анқтамадан төмендегідей қорытынды шығаруға болады.

Даярлық сыныпта:

-осы кезеңнің маңыздылығын сақтау;

-баланың жеке-тұлғалық, танымдық қасиеттерін дамыту; ъ

-қоршаған ортамен баланы қарым-қатынасқа жаярлау;

-оқи алу өзбеттілігін, оқу еңбегін ұйымдастыруға дағдыландыруды жүзеге асыру;

-оқушымен жеке жұмыс, даярылық сыныпта баланың толық мәнді қалыптаспаған қаблеттерін жетілдіру бағытындағы арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру;

-оқушының ойын арқылы оқу әрекетін дамыту қажет.

          Даярлық сыныптарда баланың көрнек-әрекеттік және көрнекі-бейнелік ойлау түрлерін жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген әріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп елемей, тез арада сөздік-логикалық ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік қалыптасуы нақ осы көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет.

          Көрнекі-әрекеттік ойлау – нақты заттарды пайдаланып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қаблеті дамытылады. Көрнекі-әрекетті ойлауды жетілдірудің негізі жолдарының бірі, балалардың алдына белгілі мақсат қоя отырып, геометриялық матеиралдармен, конструкторлармен, үлестірме шаблондармен жұмыс жүргізу көзделеді.

          Көрнекі –бейнелік ойлау –заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, әртүрлі бағыттарын, әртүрлі әдіс-тәсілдерін табу қаблеті дамиды. Жетілдіру жолдары: сызбалармен жұмыс, тізбелік құру үстелге қойып ойналатын арнайы ойындар (дойбы, шахмат, текшені лақтыру арқылы ойналатын ойындар), танымдық сұрақтар (газетті пайдаланудың түрлді тәсілін көрсет, нағыз адам болу үшін қандай әрекеттер жасауға болады, оқиға жақсы аяқталу үшін, мәселені шешудің қандай жолдарын ұсынасыңдар т.с.с.).

          Сөздік-логикалық ойлау – сөз немесе белгі арқылы бейнелееген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың ьойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қаблеті дамиды. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік-логикалық ойлауын дамыту құралы ретінде жұмбақтарды, қыызықты есептерді, логикалық жаттығуларды, сан-алуан сөзжұмбақ, анаграмма, метаграмма, ребустарды, логикалық ойындарды т.б. пайдалануға болады.

          Қорытындылай келе, баланың жан-жақты үйлесімді дамуы-ойлаудың әр түрініңөзінідік маңыздылығын ескере отырып дәріс беруде деп айтсақ артық емес. Осы шағын мақаланы әріптестерімен сабақтастықты дамыту жолында үлкен ой салу мақсатымен ұсынып отырмын.

 

 

 

 

 

2.3 “Балбөбек” бағдарламасының тәлімдік шуағы.

Ғасырлар қойнауларынан бүгінгі күнге дейін келіп жеткен ұлттық асыл қазыналарымыздың бірі – халқымыздың ұрпақ тәрбиесі туралы тұжырымдары, тәлім – тәрбие дәстүрлері.

Тәрбиенің осы ұлттық желісін негізге ала отырып, уақыт талабына сай жасалған «Балбөбек″ төл бағдарламасына және оның оқу — әдістемелік ешені – бүгінде балабақшалардағы тәлім – тәрбие жұмыстарын ұлттық дәстүрлерге сай ұйымдастыру да басшылыққа алынуда.

Бұл бағдарлама ғасырлар елегінен өкізіліп, әбден екшелген ізгі салт – дәстүрлер мен ұлттық сана – сезімді баланың бойына жас ерекшклігін ескере отырып ұялатуды мақсат етеді.

Бағдарлама мазмұнындағы әр тарауға халықтық педагогика ұғымынан алынып, кестеленіп, әдеби көркем ой желісімен нақтыланған атау берілген.

Бағдарламада бала тәрбиелеуді демократияландыру мен ізгілендіруге ерекше көңіл бөлінген. Осы бағдарламаны тәжірибелік байқаудан өкізу үшін бірнеше балабақшалар арнайы ғылыми кеңесте эксперимент алаңы ретінде бекітілген. Енді сол түпнұсқа  бағдарлама негізінде оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастырған балабақша қызметкерлерінің пікірлеріне көңіл аударып көрелік:  Өскемен қаласындағы № 15 – ші «Мерует» балабақшасының менгерушісі «Балбөбек» бағдарламасының мазмұны өте жақсы, отбасы мен балабақша арасындағы сабақтастықты жақсартты,- деген пікір айтады. Ал Алматы қаласының тәрбиешілері «Балбөбек» бағдарламаның тақырыптық жүйесінің маңыздылығы, сабақтарды кешенді өткізудің тиімділігі туралы; Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Ж.Қалжанова мектепке дейінгі тәрбиегеарналған мақаласында бұл бағдарламаның тәлімдік тақырыптарына талдау жасап,  тәрбиелік мәні, маңызының құндылығы туралы өзіндік ұсыныс пікірлерін білдірді. «Балбөбек» бағдарламасының орысша нұсқауы бойынша жұмыс жүргізіп отырған балабақша қызметкерлері де оң пікірлерін ортаға салуда.

«Балбөбек» бағдарламасында ғылыми ой – тұжырымпдар, мектепке дейінгі тәрбие саласының көрнекті ғалымдарының теориялық идеялары ескерілген. Есімі қайта оралған арыстарымыз А.Байтұрсынұлының ұрпақ тәрбиесі туралы пікірлері, М.Жұмабаевтің «Педагогика» атты еңбегіндегі тәлім – тәрбие сабақтастығы, бала тәрбиесі туралы сындарлы ойлары бағдарлама.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Мектепалды даярылық ісіне бағдар болар бас қосу.

 

          Үсітіміздегі жылыдың қыркүйек айында Қостанай қаласында Қазақстан қаласында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Орта білім департаменті, Қостанай облыстық білім департаменті (Тәй-тәй( білім орталығы бірлесіп ұжымдастырумен «Мектепалды даярлыққа – жыл: түйінді мәселелер және болашағы» атты халықаралық конференциясы болып өтті.

          Бұл бас қосуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған білім мен тәрбие беру ісін арттыру бағдарламасын іске асыру және мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектеп сабақтастығын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

          Соның ішінде республикамызда 1999 жылдан бері мектепке дейінгі ұйымдар және мектеп қабырғасынад ашылып, балабықшаға қамтылған 5-6 жасар балаларды мектепке дайындау жұмысын іске асыра жатқан мектепалды даярылық топтары мен сыныптарының 5 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері, проблемалары мен болашағын айқындау сөз болды.

          Конференцияға ЮНИСЕФ, ЮНЕКО өкілдері ҚР орта білім департаментінің бастығы С.Б.Есбосынова, бас мамандар Г.А. Саймасаев және  Ж.Ғ.Нұрмұханбетова, Ресей (Ресей білім институты мектепке дейінгі тәрбие лабораториясының меңгерушісі, профессор Доронова Т.Н.), Өзбекстан, Қырғыстан, Тәжікстан республикаларының өкілдері, «Аруана», «Алматыкірап» баспаларының қызметкерлері, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетніңі Философия және социология кафедрасының профессоры соц.ғыл докторы, Т.Ж.Қалдыбаева, пед.ғыл докторы, профессор Ю.С.Мануйлов және т.б. көрнекті ғалымдар қатысты. Үш күнге созылған конференцияның алғашқы пленаралық мәжілісі оған қатысушыларды облыстың әкімі С.В. Кулагиннің құттықтауымен ашылады. Қазақстан Республикасының Білімі және ғылым министрлігінің бірінші веце-министрі Г.Н.Гамарник «Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш мектеп бағдарламасының білім беру сапасын арттыру» деп аталатын баяндамасында ҚР мектепалды дайындығының бес жылдық даму кезеңіне шолу жасап, облыстардың бәрінде балаларды мектепалды дайындықпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. 1999 жылдан басталған міндетті мектепалды бағдарламасымен балалардың 38,1 %-ы қамтылса, бұл көрсеткіш 2004 жылы 63 %-ға көтерілген. Бұл жұмыс «Балбөбек» және 5-7 жас аралығындағы мектепалыд дайындық бағдарламалары, сондай-ақ аймақтық авторлық бағдараламалары негізінде іске асырылуда. Республикамызда мектепалды дайындық үш түрлі жүйе арқылы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: балабақшадағы мектепалды дайындық топтары, мектеп және мектеп-балабақша кешендеріндегі мектепалды дайындық сыныптары, мектеп базасындағы шағын орталықтар (мини центр). Аталаған мектепалды білім беру ошақтарының нормативті-құқықтық базасы әзірленіп, оқу-әдістемелік материалдармен және оқу құраладарымен қамтамасыз етілгені айтылады. Осы бес жыл ішіндегі мектепалды дайындығының тәжірибесіне талдау жасау негізінде мына төмендегі бірқатар проблемалар йқындалады:

-мектепалыд дайындық бағдарламасын іске асыруға тек үкімет тарапынан біржақты қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

-мектепалды дайындықты ақпараттандыру процесінің баяу дамуы;

-мектепалды білім беру бағдарламасын жүргізуге педагог кадрлардың дайындығның аздығы;

-тәрбиешілердің орнына мұғалімдердің мектепалды дайындығын жүргізумен айналысуы;

-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу-тәрбие жұмысынан шет қалуы және т.б.

          Халықаралық конференция Қостанай облысының білім беру ұйымдарының негізінде өткізілгендіктен облыстық білім беру департаментінің директоры Г.Г. Шек «Қостанай облысындағы оқу-тәрбие мекемелеріндегі мектепалды даярлық сапасын басқарудың трансдисциплинарлық үлгісі» атты баяндамасында осы өлкедегі жүргізілген жұмыстарға жан-жақты тоқтала келе бұл жұмыстың сапалы жүруіне басшы ретінде басқарудың  трансдисциплинарлық (тасымалдау тәртіп-аралық) үлгісі ретінде өзара келісім мен бір-бірін толықтыру негізінде бірлесе әрекет етуге құрылған басқару, қамтамасыз ету, атқарушы құрылымдарын таңдап алғандарын көрсетті.

          Сондай-ақ пленарлық мәжілісте Париждегі ЮНЕСКО Штаб квартирасының ерте балалық шақ департаментінің директоры Су Янг Чой «Ерте балалық кезеңдегі күтім мен білім беру: Әлемдегі жағдай» тақырыбына арналған сөзінде 2004 жылға әлемдік даму көрсеткіштері бойынша мектепалды білім берумен балаларды жалпы қамту деңгейінің коэффициентін төменгі (24), орташа (40), жоғары (90) пайызбен көрсете келіп, соның ішінде Қазақстанның көрсеткіші 13 пайызекндігін хабарлады.

          Профессор Т.Н.Доронова Ресеймен салыстырғанда Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру ісіне үкімет тарапынан жақсы назар аударылып отырғандығын баса көрсетті және авторлық «Радуга» бағдарламасын тарату жөнінде, ондағы дамытушы ортаны ұйымдастыру, құру мәселелерінің маңыздылығын ескеру жөнінде сөз қозғады.

          Сондай-ақ, Өзбекстан, Қырғыстан және Тәжікстан республикасының білім министрліктерінің мектепке дейінгі білім беру бас мамандары да сөз алып, өз республикаларындағы осы мәселенің қойылысы, проблемалары мен перспективалары жөнінде ой бөлісті.

          Конференцияға қатысушылар Қостанай қаласының №10, №27 , №44, №51, №54, №61, №69 мектепке дейінгі мекемелерінде, №23, №22 орта мектептерінде, №4 мектеп-балабақшасы мен №5 бастауыш мектебінде, Лисаков қаласының «Мұрагер», «Улыбка», «Ивушка», «Дельфинчик» балабақшаларында, Рудный қаласының №28 балабақшасы мен №9 бастауыш мектебінде, Қостанай ауданының №3 мектеп-гимназиясы, «Капелька» баланы дамыту орталығы «Дружба» орта мектебі, «Росинка» мектепке дейінгі мекемелерінде болып олардың жұмысымен танысты.

          Жалпы облыс бойынша мектепке дейінгі мекеме 72 болса, онда 8726 бала тәрбилеуде, бұл-22,6 пайызды құрайды. 149 мектепалды топтарында 3819 бала, ал мектеп қабырғасындағы 746 мектепалды сыныптарда 8465 бала (69,1 пайыз) мектепалды дайындығынан өтуде.

          Аталған мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен мектепке дайындау жұмыстары «Балбөбек» және 5-7 жас аралығындағы мектепалды дайындық бағдарламарымен, әрі осы бағдарламалар негізінде әзірленген 5-7 жас аралығындағы балалардың психологиялық және  дене дайындығын дамытуға арналған «Батыр» (Н.Н.Папертная), мектепалды орыс топтарына мелекеттік тілді үйретуге арналған «Айналайын» (Р.К.Әлімбаева), «Мектепк дейінгі және бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудегі сабақтастық» (М.В.Белякова), «Мектепалды топтары мен сыныптарында 5-7 жастағы балаларға экономикалық білім беру» (Л.А.Бутко, Т.Э.Патопова, Т.Н.Ульянов), «Мектепалдындағы қызықты математика курсы» (Л.Ю.Елфимова) сияқты аймақтық бағдарламалар және т.с.с. әдістемелік нұсқаулар арқылы ұйымдастырылуда. Ондағы негізгі мақсат балалардың қайткен күнде де оқу-тәрбие ортасына жеңіл бейімделуін қамтамасыз ету. Облыстық мектепалыд даярлық мамандары мектепке дайындау жұмыстарын республикалық және әлемдік деңгейде танымал «Тәй-тәй», «Ортаның ықпалы» (Ю.С.Мануйлов), «Сенсорлық даму» (М.Монтессори), «Қолды жазуға дайындау» (Е.Н.Потапова), «Практикаға бағдарланған технология» (Е.А.Ямбург), «Денсаулықты сақтау технологиясы» (В.Ф.Базарный), «Балабақша-қуаныш үй» (Н.М.Крылова, В.Т.Иванова) сияқты бағдарламалар мен әдістемелерді қолдана отырып, іске асыруда.

          Педагогтар шығармашылығымен дайындалған аймақтық бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдар мазмұны және мектепалды дайындықты жүзеге асырып жатқан үш түрлі жүйедегі оқу-тәрбие үрдісінің сауатты, ғылыми негізде ұйымдастырылып, жүргізіліп жатқан жұмыстарының артықшылығы байқалып тұр.

          Оның көрінісі ретінде осы 5-7 жасар баларды мектепке дайындау сапасын арттыруға терең көңіл бөлгенін, тәрбиешілердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызылғанын және ата-аналармен тығыз байланысты жанжандыру арқылы балабқша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық мәселесі шешімін тапқанын ерекше айтуға болады. Оған дәлел егер 1999 жылы бастауыш мектеп түлектерінің оқу сапасы 37 пайыз болса, ал 2004 жылы бұл көрсеткіш 52 пайызға көтерілді.

          Конференцияға қатысушылар облыстық 21 білім беру мекемелеріндегі мектепалды дайындық жұмыстарының сапалылығын балаларға арналған дамытушы ортаның жабдықталуын, педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы озық тәжірибелермен танысып, әріптестерімен ортақ проблемаларды шешу жөнінде пікір алысты, педгог ғалымдардың кеңестерін тыңдады.

1960 жылға дейін Алматы қаласында бір де бір қазақ балабақшасы болмаған. Бәшен Баймұратқызы қазақ балабақша ашу жөнінде мәселе көтеріп, сол кездегі оқу министрі Әди Шәріповтың қабылдауында болып, сұраныс жасайды. Сол кісінің қолдауымен және біраз ақын жазушылар Шона Смаханұлы, Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза-Али, Әнуар Дүйсенбаевтер мерзімді баспасөз беттерінде қазақша балабақшалардың қажеттігін дәлелдеген мақалалар жарияланған соң алғашқы балабақшалар дүниге келе бастайды.

          Өзінің еңбекшіл, тынғылықты ісімен көзге түскен жас ғалым Бәшен апай жаңадан ашыла бастаған қазақ тілді балабақшалар оқу-тәрбие жұмысын ғылыми негізде жаңартуға лайықты үлес қосуға кіріседі.

          Алғаш №110 орыс балабақшасының қабырғасында ашылған қазақ ттілінде екі топ басқа балабақшалардың ашылуына ұйтқы болады.  Осы бастамадан соң №161 (меңгеруші Хамиева Фарида), №163 (Шымырбаева Несібелі), №204 (Наурызбаева Гүлбазар), «Ертөстік», №203 аралас балабақша (Ғұсманова Қуат) т.б. қазақ тілді балабақшалардың ашылуы мектепке дейінгі тәлім-тәрбие жұмысын жақсартуға, тәрбие мазмұнын ғылыми-зерттеулер негізінде анықтап, тәрбиешілер мен ата-аналар басшылыққа алатын оқу-әдістемелік құралдарын жасауға негіз жасады.

          Бәшен апай халық жазушысы Қыдыр Мырзалиевпен бірлесіп «Баланы балабақшадан мектепке шығарып салу» атты ертеңгілік-әдістемелігін жазып шығарды. (1961 ж.).

          Мектепке дейінгі тәрбие бөлмінің жас ғылымдарымен бірге мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой, еңбек, адамгершілік тәрбиесін жақсарту,  ана тілінде сөйлеуге үйрету бағытында жан-жақты ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенген қазақ тілінде тұңғыш рет ғылыми әдістемелік еңбектер, оқу құралдарын жазып, бастырады.

          Сол себепті Бәшен апайды қазақ тілінде балабақшаларддың тұңғыш негізін қалаған, мектепке дейінгі педагогика  салсасында тұңғыш рет қоғаған педагог-ғалым деп бағалаймыз.

          Республика көлемінде ашылған балабықшалар, оның ішінде қазақ балабақшаларының санын, ондағы тәрбие жұмысының мазмұнын анықтау мақсатында «Айналым журналын» ұйымдастырып, әр облыс бойынша мәліметтер жинақталады. Іс сапарға шығып балабақшаларддың тәжірибелерімен танысып, озық тәжірибелерді жинақтап, тәжбиешілерге тартылуына басшылық жасады.

          1959 жылы мамыр айында «Республикадағы қазақ балабақшаларының жағдайы және оны жақсарту шаралары» деген мәселе бойынша Бәшен Баймұратқызының тікелей араласып, басшылық жасауымен республикалық семинар кеңес өткізіледі.

          Мектепке дейінгі тәрбиеге арналған Одақтық бағдарлама 1984 жылы қазақ тіліне аударылып, республикалық ерекшеліктермен толықтырылып, өңделіп балабақшаларға ұсынылады. Соның негізінде «Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету», «Мектеп жасына  дейінгі балалардың тілін дамыту әдістері», «Мектеп жасына дейінгі балаларддың тілін дамыту», «Баланы мектепке дайындау жөнінде», «Отбасында баланы мектепке дайындау», «Балалар әдебиетінің хрестоматиясы , «Баланы алты жастан оқыту», орыс мектептерінің 1-ші сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқулығы, орыс тілінде балабақшада қазақ тілін тереңддетіп үйрету бағдарламалары, әдістемелік үйрету бағдарламалары, әдістемелік құралдары басылып шықты.

          Ғылымның ұзық жылдар тынымсыз еңбектеніп жүзеге асырған ғылыми еңбектері кезінде бұрынғы Одақ көлемінде және шет елдерде де әділ бағасын алды. Мысалы: (1967ж.) «Біздің кірап» (ІІ-кітап 2-4 жасқа дейін) жарыққа шыққан (1974ж.) ІІ кітап 5-7 жасқа дейін Бүкіл Одақтық  халық шаруашылық көрмесінде қола медальін және бірінші дәрежедегі диплом алды.

Жаңа заманның болашақ азаматтарын тәрбиелеу, мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие-тәлім мазмұнын халықтық педагогикаға негіздей жаңарту  бағытында 1992 жылы 16 қарашада Білім министрлігінің №437 бұйрығы бойынша Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының мектепке дейінгі тәрбие зертханасына қазақ балабақшаларына арналған бағдарлама және оқу-әдістемелік кешенін дайындауға тапсырыс берілген. Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын жаңартуға ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылыми мен тәжірибе жетістіктерін жүзеге асырар саяси, әлеуметтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, алға қойған міндеттерді жүзеге асыру, мектепке дейінгі тәрбилеу мен  білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту мақсатында Бәшен Баймұратқызы мен зертхана меңгерушісі Мәлипа Сансызбайқызы Сәтімбекованын басшылығымен қазақ балабақшаларына арналған ұлттық «Балбөбек» төл бағдарламасы (1994ж.) дайындалып, 1996 жылы 29 қарашада Қазақстан Республикалық Білім министрлігі алқасында№11/1/1 шешімімен бекітілді. Бекітіліп іске қосылған бұл бағдарлама орыс тіліне аударылып басылды.

          Ұлттық негізде жасалған «Балбөбек» бағдарламалары бұл күндже қазақ, орыс тіліндже жұмыс істейтін балабақша тәжірибесіне енгізіліп, тәрбиешілер ұстанатын мемлекеттік құрал мүддесін өртеуде. Бағдарлама негізінде оқу-әдістемелік құралдар кешені жарық көрді.

          Бәшен апай бағдарламаны жүзеге асыруда, қазақ тілді балабақшаларға білікті мамандар дайындау, жетекшілік, сарапшы міндеттерін атқаруда да айтарлықтай қызмет атқарды. Соның ішінде өзі ұзақ жылдар басшылық жасаған зертханадағы ғылыми қызметкерлер Ә.Әмірова, Ф.Жұмабекова, С.Бәтібаевалардың ғалымдар легіне қосылуна тірек болып, ғылыми жетекшілік, кеңесшілік жәрдем көрсетіп отырады.

          Құрметті еңбек демалысында бола тұра, бүгінгі күні де балабқша мәселелеріен қол үзбей жәрддем көрсетуде.

          Бәшен Баймұратқызының мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту бағытында жүргізілген зерттеулерінің нәтижесінде «Сәбилердің сөздік қоры мен сөз игеру ерекшеліктері» атты тақырыпта қорғаған диссертациясын оның сыртында балабықшаларда тәрбиелеу мен оқыту жұмысын ұйымдастыру туралы 80-гше жуық ғылыми еңбектерінің жарық көруі ғалым-ұстаздың мектепке  дейінгі педагогиканы дамыту ісіне қосқан.

          .

 

 

 

 

 

2.5Әдіс тәсіл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша.

          «Білім – ержүрек адамның тәжісі мен даналықтың алатын алқасы» — деп  халқымыз тегін айтпаса керек. Сол білімділік пен тәрбиелік пен тәрбиеліктің мектеп табалдырығын әлі аттамаған сәбиге ананың сүтімен тәлім-тәрбие орны балабақшадан басталады. Сол ортадағы мейрім мен үлкен қамқорлыққа толы қызмет көрсетуші тәрбиеші ұстаздардың үйреткенін жастайынан санаға құйған сәбилердің саналы да тәрбиелі ұрпақ болып қалыптасуына бұл мекеменің берері де мол. Жалпы балабақшадағы тәлім-тәрбие барлық тәрбиенің бастауы аталуы орынды. Өйткені әр азаматтың салауаты тірлігі мен өмірден өз орнын табуының негізгі балабақшада қаланады.

          Күннен күнге құрлысы молайып, еліміздің сәулетті қалаларының біріне айналып келе жатқан мұнайлы қаламыз Атырауда періште сезімді бүлдіршіндерді тәрбиемен сусындатып, қолдан келген қамқорлықты жасап, өзіндік жолмен шындап келе жатқан «Әлия Молдағұлова» атындағы №9 балабақшамыздың бұл іске қосар толайымды табысы баршылық.

Балабақшамыздың алдына қойған мақсаттарының бірі – жас ұрпақты елінің қалаулысы, жұртының мақтанышы  болуға тәрбиелеу болса, осынау қасиетті міндетті тәрбие мен білім шаңырағында 45 қызметкер аянбай еңбек етіп, ат салысып келеді.

          Олардың арасында бес жоғары санатты, алты бірінші санатты ұлттық тәлім-тәрбие беру ісінің үздіктері еңбек етеді:

          Бұл  аталған мамандар «Білім негізі — балабақшадан» деген қағиданы бетке ұстап, әр балаға жеке мән беріп күнделікті жұмыстарын тиянақты атқаратын өз ісінің шеберлері.

 

 

№9 «Әлия» балабақшасындағы ұлттық тәрбие-білім беру моделінің құрылымы мына төмендегідей:

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жыл  өткен сайын өмірдің ағымымен түрлі технологиялар мен жаңа ақпараттық көздерін пайдаланған балабақшамыздың да білім беру, оқу-әдістемелік бағыты да жжоғарлап, толысып отыр.

Соның бірі Дистанциялық білім беру. Ол мектепке дейінгі  педагогиканың жетістіктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мүмкіншіліктері шектелген балаларға (психикалық дамуы тежелген) инклюзивтік тәрбие білім беру балабақшамызда орындалып отыр.

          «Әлемде екі қиын іс бар, ол – мемлекет басқару және бала тәрбиесі» деген аталы сөз де бар. Бүгінгі әлеуметтік-психологиялық жағдайын зерттеуді, еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыруды талап етеді.

          Жаңаша  философиялық басқару, өнерлі басшылық жасау – менеджмент десек, стратегиялы, жедел, бейімдеу және өзара ұйымдастыру жаңа стандартқа сай басшылық ету түрлерін ьбасты назар аударып отырамыз.

          Білім беру менеджменті педагогикалық менеджмент болып табылады. Оның негізінде маркетинг қызметі және педагогикалық мониторинг жатыр. Біздің балабақшамыздың маркетинг қызметінің дәрежесі:

          -Тәрбие-білім беру қызметіне сұранысты зерттеу, ақпарат жинау, қорытындылау;

          -Сұраныстың мақсаты мен міндетін анықтау;

          -Сұранысқа жағдай жасау және қорытындылау;

          -Мақсат  пен міндеттің сәйкестігін бақылау. Балабақшамыздың ашылғанына 35 жыл толып отыр. Осы мерейлі жылымыз құтты болсын! Ұжымдастарға айтарым: бала тәрбиелеу жолында аянбай тер төгіп, ұрпақ бойына білім нәрін  сепкен еңбектеріңіз еленіп, алғысқа бөлене берулеріңізге тілектеспін.

Жас жеткіншек өсіріп сүйікті елге,

Білімі бар дария жиып терген.

Ерге сыйлы қадірмен ұжымдастар,

Көріне бер шығармашыл биіктерден-

Дей келіп, өскелең ұрпақтың саналы да салауатты болуына талаптанып жатқан ұжымның әлі де игілікті істерді атқара беретініне сенімім мол.