Абай облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

Абай облысының Мақаншы ауылында мектеп оқушысы із-түзсіз жоғалып кетті.

2011 жылы туған Қайсар Қайратұлы 9 сәуір күні сағат 14:30 шамасында жасыл түсті электросамокатпен еркін күрес жаттығуына кетіп, сол күйі үйіне оралмаған, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Әкесі Қайсардың спортмодульге бара жатқанын айтқан, бірақ содан бері оның қайда екені белгісіз.

 Іздеу жұмыстары ауқымды түрде жүргізілуде:

  • Жедел іздестіру топтары құрылды

  • Іске полицейлер, мұғалімдер, әкімдік пен еріктілер жұмылдырылды

Жасөспірімнің жүрген жерін көрген немесе ол жайлы қандай да бір мәліметі бар адамдардан 102 нөміріне немесе ең жақын полиция бөлімшесіне хабарласу сұралады.

Ерекшеліктері:

  • Жасы: 13

  • Жасыл түсті электросамокатпен жүрген

  • Спортзалға бет алған

Ақпарат көзі: Altyn-orda.kz