Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы айқасында сенімді жеңіске жетті. Рингке өте жинақы әрі тактикалық дайындықпен шыққан спортшы қарсыласын бірнеше рет дәл соққымен қыспаққа алып, жекпе-жек тізгінін толық өзіне бұрды деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Бірінші раундтан-ақ басымдық танытқан Жүсіпов қарсыласына екі нокдаун жасап, төрешіні жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр етті. Бұл жеңіс боксшының келесі кезеңге еркін әрі моральдық тұрғыда жоғары көңіл-күймен өтуіне мүмкіндік берді.
Абылайханның жанкүйерлері оның бұл қарқыны әлем чемпионатында жүлделі орынға жетелейді деп сенеді.










