Абылайхан Жүсіпов алғаш рет әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов өз спорттық жолындағы ең үлкен жетістіктерінің біріне қол жеткізді. Ол Дубайда өтіп жатқан  әлем чемпионатында алғаш рет финалға шығып, қазақ жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйладыдеп хабарлайды Altyn-orda.kz

Ол жартылай финалда қырғызстандық Ихтият Нишановпен күш сынасып, үш раунд бойы анық басымдық танытты.    Жекпе-жек басталған сәттен-ақ оның тактикалық дайындық деңгейі жоғары екені байқалды. Әр раундта рингті толық бақылауда ұстап, қарсыласынан айқын үстем болды.

Финалға шығу — Жүсіповтің көп жылғы еңбегі мен табанды жаттығуларының нәтижесі. Бұған дейін ол құрлықтық жарыстарда, халықаралық турнирлерде көзге түскенімен, әлем чемпионатының финалына  жолдаманы бірінші рет алған 

Абылайхан өз мәлімдемесінде бұл жеңісті Қазақстан халқына, бапкерлеріне және өзін әрқашан қолдап жүрген жанкүйерлеріне арнайтынын айтты.

Енді ел үміті — финалдағы шешуші жекпе-жек. Жанкүйерлер қазақ батырының әлем чемпионы атанатын сәтін асыға күтуде.