«Adal» партиясы өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Әділет министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Adal» партиясы өз қызметін тоқтату үшін құжаттарды тапсырды», — делінген хабарламада.
Партия 2013 жылдың 26 сәуірінде «Әділет» және «Руханият» партияларының қосылуы нәтижесінде тіркелген. 2022 жылдың сәуірінде Аdal биліктегі «Аmanat» партиясына қосылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда алты партия тіркелген:
1.Amanat партиясы
2. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы
3. Қазақстан халық партиясы
4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
5. «Ұлттық социал-демократиялық партия»
6. «Байтақ» Қазақтанның жасылдар партиясы.
Еске салайық, 30 қарашада Қазақстанда «Байтақ» жаңа саяси партия тіркеуден өткен.
24 желтоқсанда Әділет министрлігі «Ел тағдыры» партиясының құжаттарын тіркеуге қабылдағаны белгілі болды.

